Реферат. Қылмыстық құқық



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі145,41 Kb.
#144286
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат



Мейрам Əділет. АТДҚ
Реферат
Құқық негіздері
Қылмыстық құқық
Астана 2023


Жоспар:
1.Кіріспе.
1.Негізгі бөлім.
2.1 Қылмыстық құқық материалдың құқықтық негізгі саласы ретінде.
2.2 Қылмыстық жауапкершілік: түсінігі, оның пайда болу негіздері.
2.3 Қылмыстың құрамы: қылмыстың обьектісі; қылмыстың субьектісі;
қылмыстың обьектік жағы; қылмыстың субьектік жағы.
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған əдебиеттер тізімі.


Кіріспе:
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев
2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан əрі
дамытуға ерекше мəн берді. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған
елдің болашағы күмəнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі
жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы
іспеттес. Тəуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да
дамып, əлемге əйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері
дамушылық көрінісі айқын.Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес
біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, əлеуметтік, зайырлы мемлекет
болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық
нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық
нормалары барлық қоғамдык катынастардың реггеуші тетігі, кез-келген
қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, əділ заң нормалары арқылы жүзеге
асырылуы қажет. Заң талаптарын, құқық нормаларын құрметтеу жəне оны
бұлжытпай жүзеге асыру əрбір азаматтың қасиетті борышы.
Құқықтық
мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан əрі
жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр.
Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі —
қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық
ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде
қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды
белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас
бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын
жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр. Қазақстан
Республикасы Конституциясында сəйкес біздің мемлекетіміз демократиялық
құқықтық, əлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің
өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюна құқық саласы, құқық қорғау
органдарының маңызы ерекше. Құқықтық мемлекетті орнатуда, оның
тетіктерін одан əрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын
міндеті зор. Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми
негізде зерттеу, орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған
мүмкіндік жасайтын мəн - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң
ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет