Реферат: Минералдар Орындаған: хе 31 тобының студенті Турсбек Анаргуль Тексерген: Шащанова Р. Б. Қарағанды 2012 жыл



Pdf көрінісі
Дата03.11.2022
өлшемі356,72 Kb.
#47318
түріРеферат


Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факультеті
Реферат:
Минералдар
Орындаған: ХЕ – 31 тобының студенті
Турсбек Анаргуль
Тексерген: Шащанова Р. Б.
Қарағанды 2012 жыл


Жоспар:
Кіріспе
1. Минералдар туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім.
1. Минералдардың түрлері, типтері
2. Минералдық агрегаттар
3. Моосттың қаттылық шкаласы
Қорытынды.
1. Минералдардың қолданылуы


Жер қыртысының минералогиялық құрамы. Минерал дегеніміз,
табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі
физика - химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физика -
химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы
жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи
қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де
кездеседі. Минерал деген термин латын тілінде “минера”— руда деген
мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минералардың жалпы
саны ~ 2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының
құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар
деп атайды. Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде
жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ
күйінде (көмір қышқыл газы) болады. Қатты заттар жоғарыда айтылғандай
көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде
аморфтық (грекше “аморфос” — пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы,
опал) түрінде де кездеседі. Кристалдық заттар (аморфтық заттармен
салыстырғанда) өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын
бөлшектер (иондар, атомдар) белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір
ретпен орналасып, өзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді (ішкі
кристалло-химиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты). Ал аморфты
заттарды құрайтын бөлшектер ретсіз орналаскан. Сондықтан олардың өзіндік
пішіні болмайды. Мұндай заттардың қай бағытын алсаңызда, барлық
жақтарында олардың физикалық қасиеттері бірдей болады. Осындай заттар
изотропты (біркелкі қасиетті) заттар (шыны, қатайған желім, кейбір
қорытпалар) деп аталады. Әрбір жеке бағытта физикалық қасиеттері әр түрлі
болып келетін заттарды анизотроптық заттар деп атайды. Мұндай қасиет
барлық кристалдарға тән ортақ қасиет болып саналады. Кристалдардың
анизотропты қасиеті әр түрлі оптикалық, техникалық құралдар жасауда
пайдаланылады. Минералдар көпшілік жағдайда кристалдық агрегаттар
түрінде жиірек, ал көп жақты болып жақсы жетілген жеке кристалдар түрінде


сирек кездеседі. Олар тау жыныстарының әр түрлі жарықтары мен
жарықшақтарында және сол секілді тау үңгірлері мен қуыстарында өсіп
жетіледі. Кристалдардың сыртқы пішіндері минералдың ішкі кристалло-
химиялық құрылыс ерекшеліктері мен химиялық құрамына қарай
қалыптасады. Кейбір кристалдардың барлық жақтары бірдей болып,
изометриялық пішінде кездеседі (мысалы, куб және т. б.). Ал басқа бір
кристалдар бір бағытта ғана ұзынша созылып қалыптасса, үшінші бір
жағдайда олар екі бағытта да созылып өзіндік пішінге ие болады.
Кристалдардың сыртқы пішіні минералдарды анықтауда пайдаланылады.
Кристалдар жан-жағынан әр түрлі жазықтықтармен шектеледі. Олар
кристалдың жақтары деп аталады. Жақтардың өзара қиылысқан сызықтарын
кристалдың қырлары деп атайды. Ал қырлардың қиылысу нүктелері
кристалдың ұштарын кұрайды. Мысалы, куб пішінді кристалдың 6 жағы, 12
қыры және 8 ұшы (бұрыштық төбесі) болады. Сонымен, кристалдардың
табиғи жағдайда пайда болуын, өсіп-даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым
кристаллография деп аталады. Оны минералогиянның негізгі бір саласы
десек те болады.
Минералдық агрегаттар ішіндегі ең көп тараған түрлері мыналар: 
1. Түйіршікті агрегаттар — минералдардың ұсақ түйіршіктерінің бір-біріне
қосылып, бірігіп өсуі. Олар ыстық су ерітінділерінен немесе балқыған ыстық
магмадан минералдық көп түйіршіктердін, бір мезгілде кристалданып,
қалыптасуына байланысты құралады. Бірақ кристалдардың қатаюы кезінде
олар бір-біріне кедергі келтіріп, жетілген кристалдық пішіндер құрай
алмайды. 
Кристалдық түйіршіктердің азды-көпті жетілген пішіндерінің
ерекшеліктеріне қарай әр түрлі агрегаттық пішіндер қалыптасады: 
а) изометриялық түйіршіктерден құралған агрегаттар
б) жапырақ пішінді немесе қабыршақтардан құралған агрегаттар; 


в) ине (немесе қылтанақ) тәрізді агрегаттар және т. б. 
2. Друзалар — азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір
шетімен қадалып, қатар өсіп-жетілуімен сипатталады. Олар бос кеңістікте,
тау жыныстарының ашық жарықшақтары мен қуыстарында және тау
үңгірлерінде құралады. Мысалы, кварц минералы друзалар түрінде жиі
кездеседі (тау хрусталі). 
3. Қосақтар — белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосақтала өскен, кемінде
екі кристалдан құралған агрегаттар. Мысалы, гипс минералының қосағы
“Қарлығаш кұйрығы” деген атпен белгілі. Полисинтетикалық қосақтар көп
кристалдардың қосақтар түрінде бірігіп өсуінен құралады. 
4. Дөңгелек пішінді агрегаттар. Олардың қатарына секрециялар,
конкрециялар және оолиттер жатады. Секрециялар — тау жыныстарының
дөңгелек пішінді қуыстарында минералдық заттардан құралады. Олар осы
айтылған үлкенді - кішілі қуыстарды перифериялық шетінен бастап ортасына
қарай біртіндеп толтырады, былайша айтқанда концентрациялық зоналар
түрінде қалыптасады. Секрециялық пішіннің орталығы бос қуыс күйінде
қалуы да мүмкін. Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер,
ал ірі түрлерін жеодалар деп атайды. Конкрециялар — белгілі бір
кристаллизациялық орталықтан оның шетіне қарай тарала өсіп минералдық
заттармен толып, дөңгелек пішінді болып құралады. Олар көбінесе бір
орталықтан шашырай таралған радиальды сәуле тәрізді болып қалыптасады
(мысалы, марказит, фосфорит). Олиттер — дөңгелек пішінді
концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ (10 мм-ге дейін) дене
түрінде кездеседі. Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп
бөлінуі кезінде құралады (мысалы, лимониттер мен пиролюзиттер). 
5. Сауыстанған агрегаттар — үлкенді - кішілі үңгірлер мен қуыстарда
ыстық су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде
біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі пішінде
(бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай және т. б.) кездеседі. 


6. Топырақ тектес және тығыз агрегаттар — экзогендік әрекеттерге
байланысты құралады. Оларды құрайтын минералдық заттар жай көзбен
көрінбейтін өте майда және өте тығыз түйіршіктерден тұрады (мысалы,
халцедон). Топырақ тектес агрегаттарды құрайтын минералдық
түйіршіктердің арасындағы байланыс өте әлсіз, сондықтан олар оңай
ұнтақталады (мысалы, каолин). 
7. Үгілу процестеріне байланысты, тау жыныстары жарықшақтарының
тік қабырғаларының ішкі бет жақтарын түгелдей жауып, өзіндік жұқа қабық
(пленка) құрайтын немесе әр түрлі құбылмалы бояулар түрінде кездесетін
агрегаттық пішіндер де болады. Солардың бір түрі — дендриттер, Олар
минералдық заттардың жұқа жарықшақтарда кристалдануынан пайда
болады; сыртқы пішіндері өсімдік жапырақтарының қалдықтарына өте ұқсас
болып келеді. Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың
көпшілігі өзіндік физикалық қасиет ерекшеліктеріне қарай, макроскопиялық
жолмен (жай көзбен-ақ) анықталып, бір-бірінен оңай ажыратылады. Ол үшін
ең алдымен әрбір жеке минералдың физикалық қасиеттерін білу керек. Кейде
бұл қасиеттерді анықтамалық белгілер деп те атайды. Сонымен бірге
минералдардың физикалық қасиеттерін жете білу — оларды өндірісте,
тұрмыста толық қолдана білу үшін өте қажет. Минералдардың ең басты
физикалық қасиеттеріне түрі мен түсін, сызылу түсін (дағын), жылтырлығы
мен мөлдірлігін, сынғыштығын, иленгіштігін, серпімділігін, жымдастығын,
кристалдың құрылыс ерекшеліктерін, сыртқы пішінін және т. б. қасиеттерін
жатқызуға болады. 
1. Түсі. Минералдар химиялық құрамына, құрылыс ерекшелік-теріне
және қоспаларына қарай әр түрлі бояуларға боялады. Қейбір минералдардың
түрі мен түсі тұрақты болып келеді (мысалы, пирит — ашық сары, малахит
— жасыл, азурит — көк және т. б.). Мұндай жағдайда минералдар өзіндік
бояу түсіне қарай ажыратылады. Бірақ, көбінесе бұл белгі тұрақты емес
(мысалы, дала шпаттары — ақ, сары, қызыл, жасыл, күңгірт-сұр түсті болып,


ал кальцит — ақ, сары, жасыл, көгілдір, кейде қара түсті болып та кездеседі).
Сондықтан минералдарды бір-бірінен тек бояу түсіне ғана қарап ажыратуға
болмайды, оның қосымша басқа белгілеріне де көңіл аудару керек. Практика
жүзінде, минералдардың түсі тұрмысымызда көп кездесетін, күнделікті
өмірде жиі қолданылатын таныс заттармен салыстыра отырып анықталады
(мысалы, сүт түсті — ақ, сабан түсті — сары, кірпіш түсті — қызыл). Кейде
жылтырлығы металл тектес минералдардың түсін анықтағанда, минералдың
бояу түсіне қосымша кең таралған металдардың атын қосып айтады (мысалы,
қорғасындай сұр, жездей сары, темірдей қара, қалайыдай ақ, мыстай қызыл-
сары және т. б.). Минералдардың бояу түсін дәл анықтау үшін, әрқашанда
оның таза жаңа сындырылған бетін байқап қарау керек. 
2. Сызылу түсі (дағы). Кейбір минералдардың сызылу түсі (ұнтақталған
күйдегі түсі) оның кесек қалпындағы түсімен сәйкес келмейді. Сондықтан
минералдардың сызылу түсін де ажырата білу керек. Минералдың сызылу
түсі таза фарфор сынығының бетіне сызып көру арқылы анықталады. Егер
анықталатын минералдың қаттылығы фарфор (6) сынығынан артық болса,
онда ол минерал ұнтақталмайды, сондықтан фарфор бетінде тек сызықтың ізі
ғана сақталады. Ал керісінше, егер оның қаттылыры фарфордың
қаттылығынан кем болса, онда ол минералдың ұнтақталған ізі (дағы) фарфор
бетіне жұғады. Мысалы, ақ бормен қара тақтаға жазғанда, бордың ұнтағы ақ
сызық болып тақтада із қалдырады. Демек, сызылу түсі дегеніміз
минералдың өте майда тозаң түріндегі (ұнтақталған кездегі) жұққан ізінің
(дағының) бояу түсі деп түсінеміз. Сызылу түсін анықтау кейбір минералдар
үшін өте қажет. Мысалы, темір тотықтарының кесек қалпындағы түстері
көбінесе қоңыр-қара болып келеді, ал сызылу түстері қара (магнетит), қызыл
(гематит) және сары (лимонит) болып ажыратылады. 
3. Жылтырлығы. Минералдардың жылтырлығы олардың жарық сәулесін
жұту, сындыру немесе шағылыстыру қабілеттеріне қарай анықталады.
Олардың шағылыстыру қабілеті неғұрлым күшті болатын болса, онда


соғұрлым жылтырлығы да жоғары болмақ. Жылтырлық қасиетіне қарай
барлық минералдарды үш топқа, яғни металдық, шала металдық және
металдық жылтырлығы жоқ минералдарға ажыратура болады. Металдық
жылтырлық көбінесе металдарға тән қасиет. Мөлдірлігі жоқ минералдардың
жылтырлығы металдық болып саналады (мысалы, жеке кездесетін металдар
және сульфидтердің көпшілігі). Шала металдық жылтырлық сыртқы беттері
көмескіленген, күңгірт бояулы металдарға ұқсас болып келеді (мысалы,
графит, гематит). Үшінші топқа жататын (металдық жылтырлығы жоқ)
минералдар: шыныша (мысалы, тау хрусталі, кальцит, галит және т. б.);
сабынша (мысалы, кварц сынығы); құбылмалы (мысалы, слюдалар, гипс);
жібекше (мысалы, асбест); алмазша (мысалы, алмас, сфалерит); топырақша
(мысалы, каолинит) жылтырлықтар болып қосымша топтарға жіктеледі. 
4. Мөлдірлігі деп, минералдардың жарық өткізгіштік қасиетін айтады.
Олар мөлдір (тау хрусталі), шала мөлдір (халцедон) және мөлдір емес (пирит)
минералдар болып бөлінеді. 
5. Сынғыштығы. Минералдардың сынғыштығы оның қаттылығымен
байланысты. Бұл қасиеттің минералдарды анықтаудағы ролі шамалы.
Алайда, кейбір минералдарды анықтағанда бұл қасиетті де ескеруге болады.
Минералдың үлгісін балғамен ұрып сындырғанда, оның сынықтарының ұсақ
бөлшектері әр түрлі пішінде байқалады. Мысалы, ұлу қабыршақтары секілді
болып (кварц) немесе тікенек тәрізді болып (алдамшы мүйізше — роговая
обманка), кейде кәдімгі саз балшық жыныстар секілді (каолинит) немесе ұсақ
түйіршіктер түрінде шашырай сынады. 
6. Жымдастығы. Минералдардың белгілі бір бағытта параллель жақтар
құрап, жекеленген жұқа қабаттарға бөлшектеніп жіктелу қасиетін
жымдастық деп атайды. Минералдардың жымдастығы өте жақсы жетілген,
жақсы жетілген, орта, нашар жетілген және жымдастығы жоқ немесе
жетілмеген минералдар болып ажыратылады. Өте жақсы жетілген
жымдастық жұқа қабаттарға оңай және тез бөлшектеніп, жеке пластинкалар


түрінде жіктелетін минералдарда (слюдалар, гипс) байқалады. Жақсы
жетілген жымдастық балғамен ұрып қалғанда минералдың ірілі-ұсақты жеке
бөлшектерінің тегіс пішінді параллель жақтар құрап, ыдырауынан байқалады
(кальцит). Орта дәрежелі жымдастық минералдардың бөлшектеніп ыдырауы
кезінде олардың кейбір жақтары тегіс пішінді болып, ал кейбіреулерінің
қалай болса солай сынатындығынан көрінеді (пироксендер). Нашар жетілген
жымдастық минералдардың сынық бөлшектерінін, көпшілігі жетілмеген
пішінде, ал тегіс пішінді бөлшектері бірен-саран ғана болған жағдайда
байқалады (апатит, оливин). Жымдастығы жетілмеген минералдарда
жымдастық жоқ болады немесе өте сирек байкалады (кварц, пирит). 
7. Қаттылығы. Сыртқы күштердің механикалық әсеріне (тырнап сызу,
қысу және т. б.) минералдардын, қарсыласу (қарысу) дәрежесін қаттылық деп
атайды. Әдетте, қаттылықты анықтау үшін бір минералды екінші
минералмен сызып көреді. Неміс ғалымы Моостың ұсынысы бойынша
минералдардың салыстырмалы қаттылығын анықтау үшін эталондық үлгі
ретінде он минерал таңдап алынған. Осы минералдардың ішіндегі ең
жұмсағы — бірінші болып нөмірленген де, ең қаттысы оныншы болып
нөмірленген. Моостың қаттылық шкаласы Бұл шкаладағы әрбір үлкен
нөмірлі минерал өзінен кейіңгі кіші нөмірлі басқа минералдың бетіне сызық
түсіре алады. Моос шкаласын пайдаланып, белгісіз бір минералдыц
қаттылығын анықтау үшін оның тегіс жағын таңдап алып эталондық
минералдың біреуімен сызып көреді (мысалы, кварцпен делік). Егер кварц
анықталатын минерал бетінде сызық қалдыратын болса, онда келесі
орындағы минералмен (ортоклазбен) сызып қарайды. Анықталатын минерал
ортоклазбен сызылмай, керісінше, оның бетінде сызық қалдырса,
анықталатын минералдьщ қаттылығы жетіден төменде, алтыдан жоғары,
яғни 6,5 деуге болады. Практика жүзінде минералдардың қатгылығын
анықтау үшін, күнделікті өмірде жиі қолданылатын заттарды пайдаланады.
Мысалы, қарындаш ұшының қаттылығы—1, тырнақтың — 2—2,5, қола
монетасының (тиын ақшаның) — 3,5—4, шынының — 5, болат пышақтың —


6. Шартты түрде барлық минералдарды қаттылығына карай (шамамен) төрт
топқа бөлуге болады: 
1) Жұмсақ минералдар (тальк, графит, гипс) тырнақпен оңай сызылады. 
2) Қаттылығы орташа минералдар (ангидрит, кальцит, халькопирит және т. Б
шыныға сызық түсіре алмайды, ал тырнақпен сызылмайды. 
3) Қатты минералдар (кварц, дала шпаттары және т. б.) шыныға сызық
қалдырады, ал кварцта сызық қалдыра алмайды. 
4) Өте қатты минералдар (топаз, корунд, алмас) кварц бетінде сызық
қалдырады. 
8. Меншікті салмақ туралы ұғым бізге физикадан және химиядан да
белгілі. Алайда еске түсіре кетелік. Заттың салмағын оның көлеміне бөлу
арқылы меншікті салмақты анықтайды. Демек, меншікті салмақ дегеніміз,
әрбір заттың жеке-дара бірлік көлеміне келетін салмақтың сыбағалы мөлшері
деп білеміз. Минералдардың меншікті салмағы 1—23,0 аралығында
байқалады. Олардың дәл шамасы тек лабораторнялық жағдайда ғана
анықталады. Ал шамамен айтқанда (алақанға салып, салмақтап көру арқылы)
барлық минералдар ауыр-жеңілдігіне қарай, 4 топқа бөлінеді: 
1) жеңіл минералдар (меншікті салмағы — 2,5 - ға дейін); 
2) салмағы орташа минералдар (меншікті салмағы 2,5—4-ке дейін); 
3) ауыр минералдар (меншікті салмағы 4—10-ға дейін); 
4) өте ауыр минералдар (меншікті салмағы оннан жоғары қарай).
Минералдардың шығу тегі (генезисі). Минералдар шығу тегіне қарай
эндогендік және экзогендік (жер бетілік) болып екіге бөлінеді. 
Эндогендік минералдардың түзілуі ең алдымен магмалық әрекеттерге
байланысты:


1. Магманың (негізгі құрамы кремнийден тұратын жоғары температуралы
балқыма) алғашкы үлесінен бірінші кезекте түзілген минералдар (алғашқы
магмалық) жетік пішінді кристалдар түрінде құралады. 
2. Магманың қалған үлесінсн екінші кезекте пайда болған минералдар, әдетте
ірі кристалдар құрайды (пегматиттер). 
3. Магмадан бөлініп шыққан ыстық су мен су буы және газ аралас
ерітінділерден пневма-гидротермалық (латын тілінде “пневма” — газ,
“гидротерма” — ыстык су деген мағынада) минералдар құралады. 
4. Магмалық әрекеттердің ең соңында (жер қыртысының жоғарғы
қабаттарында) тау жыныстарының үлкенді-кішілі жарықтары мен
жарыкшақтарын бойлап. әр түрлі тереңдікте (жоғары, орта және төмен
температуралы) гидротермалық минералдар тобы түзіледі. Экзогендік
минералдар сулы ортада тұнбалар түрінде және эрозиялық-денудациялык
үгілу (физикалык, химиялық және биохимиялық) процестеріне байланысты
түзіледі. Осындай жолдармен пайда болған алғашқы магмалық немесе
шөгінді минералдар кейінірек, жердің ішкі терең қабаттарында
термодинамикалық жаңа жағдайда (үлкен қысым, жоғары температура) азды-
көпті өзгерістерге (құрамы мен құрылысы және құрылымы жағынан)
ұшырап, жаңа типті минералдар (метаморфтық) құралады. Минералдардың
жіктелуі. 
Жер қыртысында кездесетін барлық минералдар химиялық құрамына
және ішкі кұрылыс ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға жіктеледі:
1. Жеке элементтер тобына бір ғана химиялық элемент түрінде жеке-
дара кездесетін минералдарды (алтын, платина, күміс, алмас, графит, мыс,
күкірт және т. б.) жатқызады. Олар табиғатта сирек кездеседі (күкірт пен
графиттен басқалары). Мұндай минералдардың қоғам өміріндегі маңызы
орасан зор. Сондықтан өте қымбат бағаланады. 


2. Күкіртті қосындылар (сульфидгер) тобына жатаын минералдар
(галенит, сфалерит, борниг, халькопирит, пирит, арсенопирит, пирротин,
пентландит, киноварь, антимонит, молибденит жәнет. б.) түсті металдардың
рудасы болып саналады. Олардың маңызы өте зор.
3. Галоидты қосындылар (галогенвдлер) фторлы-, бромды-, иодты-
сутекті қышқылдардың тұздары (галиг, сильвин, карналлит, флюорит)
түрінде кездеседі. Олардың ішінде хлорлы қосындылар кең таралган. 4.
Оксидтер (тотықтар) және гидрооксидтер (сулы тотықтар) — химиялық
элемснттердің оттегі мен гидроксильдік топ (ОН) қосындысы түрінде
кездеседі. Олардың кейбіреулері ғана (кварц, диаспор және т. б.) тау
жыныстарын құраушы минералдар, ал көпшілігі рудалық минералдар
(уранинит, касситерит, псиломелан, пиролюзит, корунд, ильменит, гематит,
магнетит, лимонит, куприт және т. б.) қатарына жатады. 
5. Карбонаттар тобына жататын минералдар (сидерит, кальцит, малахит,
азурит, церуссит, смитсонит және т. б.) көмір қышқылының тұздары болып
саналады. Олардың кейбіреулері шөгінді және метаморфтық тау
жыныстарын құрайтын минералдар (доломит, магнезит, кальцит) ретінде
белгілі. 
6. Сульфаттар күкірт қышқылының тұздары (ангидрит, англезит, барит,
алунит, ярозит, гипс және т. б.). Олар суда жақсы ериді, сондыктан химиялық
шөгінділер түрінде жиі кездеседі.
7. Фосфаттар фосфор қышқылының тұздары (фосфорит, монацит,
ксенотим, апатит вивианит) түрінде түзіледі. 
8. Силикаттар тобына жататын минералдар (оливин, гранат, дистен,
эпидот, берилл, пироксендер, амфиболдар, слюдалар, хлориттер, тальк,
серпентин, дала шпаттары, нефелин және т. б.) жер қыртысында кездесетін-
барлық минералдардың үштен бірін қамтиды және олардың жалпы
массасының ~85%-ін құрайды. Силикаттардың, құрамы мен құрылысы басқа


топтағы минералдармен салыстырғанда өте күрделі. Олардың негізгі құрамы
кремний тотығынан тұратын тетраэдрлер [SіО4]4- тобынан құралады. Егер
кремний алюминий мен азды-көпті мөлшерде орын алмасатын болса, онда
олар алюмосиликаттар деп аталады. 
Барлық силикаттар (өзіндік кристаллохимиялық құрылыс
ерекшеліктеріне қарай) мына төмендегідей топтарға ажыратылады: 
1. Кешенді анионы оқшауланған тетраэдрден тұратын силикаттар
(мысалы, оливин, гранат, циркон, топаз және т. б.) 
2. Тетраэдрлердің жеке топтарынан түзілген силикаттар (берилл,
турмалин және т. б.) өзара түйықталып жалғаса келе, жекеленген арал
пішіндес құрылым құрайды. Олардың төрт түрі бар: 
а) екі тетраэдрден тұратын қоспа топ— [Sі2О7]6~ б) үш тетраэдрден
тұратын сақиналы топ— [SізО9]6~
в) төрт тетраэдрден тұратын сақиналы топ — [Si4012]8- г) алты
тетраэдрден тұратын сақиналы топ — [Sі6018]12- 3. 
Үздіксіз тізбек құрайтын тетраэдрлерден түзілген силикаттар. Олар: 
а) жеке тізбекті силикаттар (пироксендер) — [SіО3]2- 
б) қос тізбекті (ленталы) силикаттар (амфиболдар) — [Sі4О11]6- болып
ажыратылады.
4. Тетраэдрлердің үздіксіз қабаттарынан тұратын силикаттар (слюдалар,
тальк, хлориттер және т. б.) [Sі^Оз]2 жымдастығы бір бағытта өте жақсы
жетілген, қабатталған қабыршақтар немесе жапырақтар түрінде түзілген
минералдар құрайды. 
5. Тетраэдрлердің үздіксіз каркасынан (қанқасынан) тұратын силикаттар
мен алюмосиликаттар (альбит, олигоклаз, андезин, лабрадор, битовнит,
анортит, микроклин, ортоклаз, нефелин және т. б.). Силикаттар тау
жыныстарын құраушы минералдар деп те аталады.


Минералдар алмасуының бұзылуы минералдық дистрофиялар деп
аталады.
Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге
қатынасып,ферменттердің,гормандардың,витаминдердің,пигмпенттердің,
белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар ,
сондықтан зат алмасу үдерісінің біразына қатынасып қышқыл – негіздік
ортаны қажетті деңгейде ұстауды маңызды рөл атқарып, организмнің 
қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады.
Микроөртеу тәсілін гистоспектрографиямен сабақтастыра қолдану 
тіндердегі кальцийді, темірді, магнийді, кремнийді және басқа 
элементтерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық 
тәсілмен организмге изотопы енгңзңлген элементтердің жиналатын жерін 
білуге болады. Сонымен қоса, белокты қоспадан босап, тінге жиналған 
элементтердің біразын анықтау үшін дәстүрлі гистохимиялық тәсілдер 
қолданылады.
Кальций, калий, мыс және темір алмасуы бұзылуының практикалық 
маңызы зор. Организмдағы минералды зат алмасуының бұзушылықтары
мына себептерден пайда болады :
- үлкен мегаполистардағы тұруы,
- кернеулi өмiр, стресстер,
- қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерi,
- дұрыс қоректенбеу, диеталар,
- қызбалық,
- шылым тарту,
- алкогольді шектен тыс пайдалану.
Бұның барлығы қазiргi адамның организмінде дисбалансқа алып
келедi. Эссенциялық микроэлементтердiң созылмалы дисбалансы
(белоктардың алмасуының ауытқуы , май ,көмiрсутектер, витамин және


ферменттердiң өндiруi, эндокрин және жүйке жүйелерiнiң иммунитеттiң
әлсiреуi) организмнің функцияларының өзгерiстерiне септігін тигізеді.
Минералдардың өндірісте қолданылуы олардың түрлі бағалы
қасиеттеріне негізделген. Өте қатты минералдар (алмас, корунд, гранат,
т.б.) абразивтер
 
ретінде, пьезоэлементтік
 
қасиеті барлары
радиоэлектроникада қолданылады; қатты әдемі түстілерінен зергерлік
бұйымдар жасалады. Минералдардың физикалық қасиеттері олардың
кендерін
іздеуге, кентастарды байытуға
мүмкіншілік
береді. Қазақстанда кездесетін
минералдардан Менделеев кестесіндегі
элементтердің 60-тан астамы өндіріледі. Қазақстанның әр жерінен жиналған
минералдардың таңдаулы коллекциялары Қазақстанның геологиялық
мұражайларына қойылған. Бандунгтегі (Индонезия) геологиялық мекеменің
мұражайында Семізбұғы кенінің корунд минералы сақтаулы.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ энциклопедиясы «6 том»
2. «Минералдар түрлері» оқулығы
3. Интернет ресурсы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет