Техносфера Орындаған: Гульмурзаев Б



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі3,98 Mb.
#114421
  1   2   3   4

Техносфера

Орындаған:Гульмурзаев Б


Мазмұны

I.Кіріспе
Техносферадағы тіршілік қауіпсіздігі.Өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі.
II.Негізгі бөлім
А) Техносфера ұғымы.
Ә) Техносфераның жағымсыз көрсеткіштері.
Б) Техносфера көлемі мен құрылымы.
В) Өндіріс факторлары.
Г) Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
Д) Өндірістік қажу,оның түрлері мен себептері.
Кіріспе

Техносферадағы тіршілік қауіптері. Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап жағдай нақты түрде өзгерді. Адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде онда елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуды (Европа, Солтүстік Америка, Жапония). Биосфера – атмосферанының төменгі қабатынан, гидросферадан және литосферанынң жоғарғы қабатынан тұратын, техносфераның әсеріне шалдықпаған жердегі тіршіліктің орналасқан аймағы. Техносфера – адамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін техникалық құралдардың көмегімен тікелей немесе жанама әсерінен түрленген биосфера аймағы.

Қауіп дегеніміз – үрдістердің, объектілердің, заттардың және де олардың жекелеген қасиеттерінің белгілі-бір жағдайда адамның денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға және әлеуметтік-экономикалық жүйеге, техникалық объектілерге тікелей немесе жанама жағымсыз әсері. Қауіптілік химиялық немесе биологиялық белсенді компоненттері бар жүйе және оның негізгі сипаттамалары адам тіршілігінің жағдайына сай келмейді. Қауіп – табиғи және антропогендік болып бөлінеді.
Табиғи қауіп стихиялық құбылыстармен, климаттық жағдайлармен, жергілікті рельефпен шартталады. Адам өзінің материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мәселелерін шешуде қоршаған табиғи ортаға техникалық құралдармен, өндірістік тастанды қалдықтармен т.б. өмір сүру ортасына антропогендік қауіп төндіруде. Техникалық құралдармен туындаған антропогендік қауіптерді техногендік қауіптер деп атайды. Қауіптің негізгі көздері келесілер: адам, объектілер (машина, станоктар, құралдар, ғимараттар, жер, жол, энергия т.б.), еңбек өнімдері – технологиялар, операциялар мен әрекеттер, табиғи-климаттық орта (жауын-шашын, су тасқыны, күннің белсенділігі және т.б.), флора мен фауна. Ішкі қауіпке – адамның жеке ерекшеліктерінің әлеуметтік және психологиялық сапасына кері әсері жатады. Тәуекелділік – қауіптілік кезіндегі адамның нақты іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет