Реферат өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу жағдайлары Орындаған: Саилауова М



Дата22.11.2022
өлшемі21,7 Kb.
#51851
түріРеферат
Байланысты:
уип 13 апта


Абай Мырзахметов атындағы университет

РЕФЕРАТ

Өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу жағдайлары


Орындаған: Саилауова М
Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бүл нормалардың бүзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат - адам мен азаматтың қүқығын, заңды мүдделерін бейбіт өмірі мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті үйымдардың қүқығы мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны конституциялық қүрылысты және Қазақстан Конституциясы аумағының түтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Жаза арқылы адамның және азаматтың қүқығы, бостандығы, заңды мүдделері, адамзаттың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі, үйымдардың меншіктері, қүқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық қүрылымы мен мемлекеттің заңмен қорғалатын басқа мүдделері әртүрлі қылмыстық қастандықтан қорғалады. Жаза үғымына Қылмыстық кодекс мынадай анықтама береді: «Жаза дегеніміз — сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық қүқық бүзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды қүқықтары мен бостандықтарынан осы Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады» (39-бап).
ҚР Қылмыстық кодексінің 40-бабының 2-тармақшасына сәйкес, қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға: 1) айыппүл; 2) түзеу жүмыстары; 3) бас бостандығын шектеу; 4) бас бостандығынан айыру; 5) өлім жазасы түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру сотталған адамды түзеу мекемелерінде жазасын өткеруге жіберуді көздеп, осы арқылы оны қоғамнан оқшаулауды білдіреді. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру - алты айдан он бес жылға дейінгі, ал аса ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру (бүдан әрі - ӨББА) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. ӨББА он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін (ҚР ҚК 46-б.).
ӨББА жазасына сотталғандар камераларға орналастырылып, олармен тәрбие жүмыстары белгілі бір тәртіпке сәйкес, камераларда үстау талаптары ескеріле отырып, үйымдастырылады. ӨББА сотталған адамдармен жүмыс үйымдастыруда психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың бағыты ТМ әкімшілігінің өкілдеріне, басқа да сотталғандарға және өздеріне қатысты басқыншылықты ескерту және алдын алумен, өз кінәсін түсінуге, өзіндік рухани және адамгершілік мәселелеріне көз жеткізуіне байланысты тәрбие жүмыстары жүргізіледі. ӨББА сотталғандар ТМ келгеннен кейін карантин бөлімшелерінің камераларына бір адамнан орналасады. Сотталғандарға карантин бөлімшесінде болған кезеңінде әр сотталғанның жеке психологиялық ерекшеліктерін белгілеу және оларды одан әрі үстау үшін үсыныстар дайындауға психологтың жеке бақылауы белгіленеді. ӨББАсотталғандармен тәрбие жүмысы жеке нысанда жүргізіледі. Мәдени- бүқаралық және спорттық іс-шаралар өткізілмейді. Спорттық жабдықтарды және қүрал-саймандарды пайдаланбай жеке дене-шынықтыру жаттығулары өткізіледі. ӨББА-ға сотталғандар орта білім алуға тартылмайды. Оларға дербес білім алу жағдайы жасалады. Әлеуметтік-қүқықтық оқыту дәріс түрінде жергілікті радио байланыс арқылы жүргізіледі. Әрбір ӨББА сотталғанға жасақ бастығы жаза өтеудің бір жылдық жоспарын жасайды. Жоспарды ТМ бастығының тәрбие жүмысы жөніндегі орынбасары, тәрбие жүмысы бөлімінің бастығы, психолог, психиатр келісіп, ТМ бастығы бекітеді. Жоспарда тәрбие жүмысының барлық бағыттары, сондай-ақ қосымша, жеке бағдарламалар: 1) өз бетінше білім алу; 2) маскүнемдіктен және нашақорлықтан емделу; 3) отбасылық байланысты үстану; 4) діни салттарды жүзеге асыру; 5) әдеби іс-әрекет көрсетіледі [3].
Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бүзғаны үшін жазалауы болмаған кезде жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру он жылдан кейін жүргізіледі.
ӨББА-ға сотталғандар, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған сотталғандар жазасын төтенше қауіпсіз мекемелерде басқа сотталғандардан бөлек өтейді (ҚР ҚАК 141-б.).
Сотталғандармен жүргізілген тәрбие жүмыстарының негізінде, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бүзбаса, жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру он жылдан кейін жүргізіледі. Бүл жерде айта кетуіміз керек, төтенше қауіпсіз мекемелерге келген бойда барлық сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларына орналастырылады. Ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бүзушылар деп танылған және жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылады.
Өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға қаражат жүмсауына, кездесулердің саны мен түріне, сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер алуға қүқығы бар, бүл қүқықтары ҚР ҚАК 138-бабына сәйкес жүзеге асырылады [2].
ӨББА сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын үйымдастыру мәселелері ҚР Қылмыстық-атқару қүқығының 127-б. 4-т. айтылған. Сонымен қатар өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші, сондай-ақ ҚАЖ-дың емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алулары үшін жағдайлар жасалады. Сотталғандарға дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандарға оқытушылар жеке тәртіпте әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді 
ҚР ҚАК 141-бабының 2 тармақшасына сәйкес, сотталғандардың күн сайын үзақтығы жазаның дағдылы, қатаң және жеңілдетілген жағдайларына байланысты белгіленетін сейілдеуге шығуға қүқығы бар [2].
Өлім жазасын қолданбау сот шешеді жағдайға байланысты тағайындап немесе өмірге қажеттілігі аса ауыр қылмыс жасағандар альтернативті өлім жазасын қолданып өмір бойы бас бостандығынан айырылу жаза түрі өз бетімен Қылмыстық кодексте қарастырылған.
Өлім жазасына баламалы жаза тағайындау барысында өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасын сот тағайындайды.
Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын әйелдерге, кәмелет жасқа толмағандарға және 60 жасқа толған ер адамдарға сот тағайындамайтындығын айта кетуіміз керек.
Сонымен қатар өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталғанға мерзімінен бүрын шартты түрде босату көзделген. Сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бүл жазаны одан әрі өтеуін қажет етпейді деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемінде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзімінен бүрын босатылуы мүмкін. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бүрын босатылуы мүмкін (ҚР ҚК 72-б.) 
Әдебиет

  1. ҚР Қылмыстық кодексі, 2014.

  2. ҚР Қылмыстық-атқару кодексі, 2014.

  3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жүмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы: ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы №508 Бүйрығы.

  4. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын үйымдастыру қағидаларын бекіту туралы: ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бүйрығы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет