Реферат Орындаған: Қалы Ә. Т дшс-13 тобының студенті Қабылдаған: Жармағанбетов Е. Е



Дата25.11.2023
өлшемі45,29 Kb.
#128187
түріРеферат

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты




«Саяси элита және саяси көшбасшылық»
Тақырыбына реферат

Орындаған: Қалы Ә.Т


ДШС-13 тобының студенті

Қабылдаған: Жармағанбетов Е.Е

Арқалық-2023
Кіріспе

Сан алуан субьектілерінің оған ықпалы әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады. 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі, осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды. Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды. 
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге жол ашады.

Элиталар мен көшбасшылар әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік – саяси ғылымдар зерттеулерінің маңызды объектісі болып есептеледі. Біздің заманымызға дейінгі 430 жылдың өзінде Ежелгі Грекияның белгілі саяси қайраткері Перикл «саясатты аз ғана адамдар жасайды, алайда ол жөнінде бәрі де пікір айтады» - деген екен. Қоғамда көптеген адамдар мен әлеуметтік топтардың әдетте саяси өмірге күнделікті тікелей қатынаса алмайтыны белгілі жайт. Мұнымен саяси элита деп ғылыми анықтама алған және өз арасынан дайындығы әрі беделі бар көшбасшылар ұсынатын кәсіби саясаткерлер, адамдардың ерекше жігі шұғылданады.осымен байланысты саяси элитаға және саяси көшбасшыға қызығушылық таныту, осы күрделі де маңызды әлеуметтік құбылысты пайдалануға талпыныс жасау көнеден тамыр тартады. Мысалы, Платонның пікірі бойынша, қоғамды жан дүниесі аса дамыған, адамгершілікті меңгерген философтар рухындағы ақсүйектер билеуі тиіс және басқа бөлігі яғни, көпшілік дана философтарға бағынуы керек.


Саяси элиталар мен саяси көшбасшылар – саясаттың сас маңызды белсенді субъектілері. Бұл субъектілір өз қызметінде нақты мақсаииар мен мүдделерді көздейді. Практикада халықтың көпшілік бөлігінің саяси үрдіске қатынасуы әдетте сайлаумен ғана шектелгендіктен нақты билікті саяси элиталар мен (элита ұғымы француз тілінен аударғанда – «ең жақсы», «сұрыпталған», «қалаушылар» ) және көшбасшы –лидерлер (ағылшын тілінен аударғанда лидер сөзі – «алда жүретін», «жол бастаушы», «жол көрсетуші», «басшы» деген мағына береді) қоғам дамуының мақсаттыр мен болашағын айқындауды қалыптастырады. Олар қоғамды басқарады, стратегиялық маңызды шешімдер өабылдайды және оларды жүзеге асыруда мемлекеттік билік ресурстарын пайдаланады. Басқару міндеттерін атқара отырып, олар, сонымен қатар, билікте болып, оны ұстап тұруға көмектесетін тұлғалық айрықша ерекшеліктер мен кәсіби сапаларды меңгерген.
Осымен байланысты аталмыш элитаға және көшбасшыға басқа адамдарға жетекшілік ету құқы не беретінін, олардың өздерінің саяси қызметінде нендей уәждерді басшылыққа алатынын анықтау қажет.
Демек, саяси элиталар мен саяси көшбасшылыдың арасында қоғамдық – саяси өмірдегі және қоғамдық саясаттағы ерекше рөліне не себепші болып отыр деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, саяси элитаның мазмұнын ашу керек.
Дүние жүзінің әлеуметтану және саясаттану әдебиеттерінде саяси элитаға берілген анықтамалар мен әр түрлі көзқарастар бар. Сондықтан отандық және шетелдік саяси ғылымда саяси элитаның не екендігі жөнінде түсінік те толық бірлік жоқ. Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, «саяси элита», «басқару элитасы», «контрэлита», «бюрократия» ұғымдарн ажырата білу керек. Алғашқы ұғым көлемі жағынан ауқымды, себебі ол басқарушы элитамен қатар контрэлита яғни саясатта белсенді атсалысатындарды, билікті қоға алуға тырысатындарды, бірақ дәл сол уақытта нақты басқару рулінен шеттетілгендер мен саяси оппозицияда қалғандары да қамтиды.
Саяси элитаны анықтау мен оның ауқымын белгіле үшін келесі өлшемдерді ұсынған жөн деп санауға болады:

  • Қоғамның саяси элитасын жария саяси қызметпен кәсіби айналысатын барлағының күресінің түпкі мақсат білік саналатын адамдар құрайды;

  • Олар қоғамнан біршама өзімен – өзі болуымен қатар, сол саяси тәртіптің қалыптасқан «ойын ережесін» ұстайтын, қайсыбір де мысалы, билеуші жіне оппозициялық бөліктің мәнді ерекшеліктерін сақтайтын, сонымен қатар, әртүрлі саяси элита фракцияларының мүдделері, құндылықтары және мақсаттары ортақ біріккен тығыз топты құрайды;

  • Осы адамдарды саяси қайраткерлер ретінде олардың өзіндік заңдылығын қоғамдық мойындауы да бар.

Билеші элитаны саяси элитаның жетекші бөлігі ретінде оның саяси бағытты айқындауы, осы маңызды саяси – басқарушылық шешімдер қабылдауы және саяси ресурстарды бақылауы айшықты белгісі болып табылады. Қарапайым санада осы билеуші элита әдеттегі саяси элитамен ағат ұқсастырылады, әрине бұл да дұрыс емес. Билеуші элитаға саяси элитаның, тікелей билікте тұрмаса да, оған қолдау көрсететін бөлігі жанасады.

Контрэлита – бұл билеуші элитаға қатысты оппозиция рөлін сол сәтте атқаратын саяси элитаның бөлігі. Кейде оның да билеуші топқа кейбір басқару және кадрлық шешімдер қабылдауға жеткізетін қысым жасау ресурстары болады.


Әйтсе бюрократияның жоғары өкілдері билеуші элитаның құрамына енетіні сөзсіз, оның еркін орындайтын соңғысын бюрократиялық аппаратпен шатастырмау керек. Дәрежесі кіші, орташа және жоғары қызметтегі шенеуніктер билеуші элитаға тән белгілірді иеленбеген. Олар салыстырмалы түрле қосымша рөл атқарып, билеуші элитаға қабылданған саяси бағыт пен шешімдерді өмірде жүзеге асырушылар ғана.
Осымен байланысты, жалпы саяси элита деген не, оның құрамына кімдер кіреді, оның құрылымы қандау деген сұрақтар туындайды?
Саяси элита – бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратын жіне шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ. Қоғамнаң саяси элитасының құрамына биліктік функцияны және уәкілді құқықты иеленген жоғарғы дәрежелі қызметтегі кәсіби саясаткерлер кіреді. Саяси элитаның құрамына сонымен қатар, қоғам дамуының стратегиясын дайындауға, саяси бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатынасуға кәсіби дайындығы бар жоғары мемлекеттік қызметкерлерді жатқызуға болады. Саяси элитаның басты сипаттарын баса көрсетеміз деп, оны көбінесе «елдің саяси басшылығымен», «саяси шешім қабылдау орталығымен» ұқсастырады. Жылдар өткен сайын саяси элита қызметкерлерінің құрамы өзгереді. Алайда қызмет құрылымы шбір өзгеріске ұшырамайды десек те болады. Бұған мемлекеттер басшылары (монархтар, президенттер), биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот органдарының, жоғары елшілік корпустардың және т.б. жетекшіері жатады. Әртүрлі елдерде берілген әр қилы баға бойынша саси элитанңы саны 2−4 мың адамнан аспайды.
Дегенмен саяси элитаның ішкі құрылымы болатынын естен шығармау қажет. Саяси элитаның құрылымы: жоғары,орташа және төменгі деп үш деңгейге бөлінеді.
Жоғары саяси элита өзіне жетекші саяси басшыларды, сонымен қатар заң шығарушы, атқарушы және со билік тармақтарында жоғарғы қызмет орындарына отырғандарды (президенттің тікелей төңірегіндегілер мен премьер – министр, оның орынбасарлары және жетекші министрлер, парламент спикері, депутаттық фракциялардың жетекшілерін) қамтыған. Бұлар миллиондаған адамдардың тағдырына қатысты аса маңызды саяси шешімдер қабылдайтын саны жағынан мейлінше шектеулі ғана адамдар (100-200 немесе 200-400 адам).
Орташа саяси элита көптеген саналатын сайланған лауазымды адамдардан: губернаторлардан, парламенттік депутаттардан, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар көшбасшыларынан, сонымен қатар кәсіподақтардың басшыларынан қалыптасады. Әйтсе де дамыған демократиялық институттары бар елдерде партиялар мен кәсіподақтар көшбасшылары элитаның жоғары жігінің қатарына кіре алады. Жалпы орташа саяси элита өзінің саны жағынан халықтың 5% құрайтын аса маңызды адам топтарынан, сондай-ақ аймақтық деңгейдегі билік органдарының өкілерінен тұрады.
Саяси элитаның төменгі жігін жергілікті жердегі саяси қайраткерлер – басшылар, жергілікті билік органдарының депутаттары және аймақтық деңгейдегі партия қайраткерлері қалыптастырады. Сонымен қатар, саяси элитаның төменгі жігі өзіне қызметші – басқаршыларды, мемлекеттік орталық және аймақтық деңгейдегі шенеуніктерді қосқан. Негізінде ол әкімшілік – бюрократиялық аппараттың көптеп саналатын өкілдерін қамтиды.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Д. Жамбылов Саясаттану, «Жеті жарғы» баспасы, Алматы қ-сы 2005ж.

  2. А. С. Рахымбаева Саясаттану; «Фолиант» баспасы, Астана қ-сы 2006ж.

  3. Д. Р. Шалабаев Саясат және саяси мәдениет, «Саясат» баспасы, Алматы қ-сы 1998ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет