«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
РЕФЕРАТ
Пән: Қазақстан тарихы
Тақырып: Темір мемлекеті және оның шапқыншылығы
Орындаған: Зейнелханова Ақниет Мартқызы
Топ: ДБ1-301с
Тексерген: Рахметуллин Еркин Ерланович
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Тарих сахнасына шыққан кезі
2.2. Әмір Темір жорықтары
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлан) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның Қашғария облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.
Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км²-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиһангер (1356 — 1376), Әмір Шейх (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шахрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты.
Әмір Темір тарих сахнасына шыққан кезде Шағатай мемлекеті ыдырау кезеңін кешіріп жатқан еді, мемлекет шағатай әулетінен құдіретті әмірлердің қол астына кірген. Олардың арасында Сырдария маңында Жалайыр, Хорезмде қоңырат, Бұқара аймағында сұлдыз, Белх аймағында Қаравносты және Шыңғыс Түркістанда дулаттарды айтуға болады. Әмір Темірден бұрын Мауеранахр аймағындағы саяси билік, барластардан Әмір Қазағанның қол астындағы Қараунастарға өткен. Әмір Темір сияқты батыл және болошақты болжай білетін көрген тұлғаның арқасында барластар бүтін Түркістан мен Алдыңғы Азияның билеушісі болды.
Шағатай мемлекетінің соңғы билеушісі Қазан ханның мемлекетінде орталық билікті ықпалды ету мақсатында қабылдаған алғышарттарды сылтау ете отырып, Түркістандағы ауыл бектері көтеріліске шыққан. Қараунас тайпасының бегі Қазаған соңғы Шағатай билеушісі қазан занды өлтіріп, билікті өз қолына алған (1346). Осы жылдары Шыңғыс Түркістанда да дулат бектері билікті өз қолдарына алған болатын. Бірақ екеуі де Шыңғыс ханның тегінен шыққан бір шахзаданы хан атағымен таққа шығарып, соның атынан мемлекетті басқарған еді. Дәл осындай жағдай Илхан Мемлекетінің соңғы билеушісі Әбу Саид Бахадыр ханның өлімінен кейін, Илхан нояны мен бектері де Шыңғыстың немесе Хулағудың тегінен шыққан бір шағзаданы таққа отырғызып, соның атынан билік күресін бастаған болатын. Бұл жағдай Шыңғыс хан отбасының Түркістанда орныққандығымен байланысты болуы мүмкін. Міне, Әмір Темір осындай бір ортада керемет әскер қолбасшысы және мемлекет қайраткері болып өсті. Осы дәуірде қауіп-қатерге ұшырап, үміті үзілген және 1360-1370 жылдар арасында осы дау-дамайдың кесірінен әртүрлі тараптарға жақтасуын жиі-жиі өзгертіп, соңында билікті өз қолына алған. Әмір Темірдің билікті қолға алу күресі Шыңғыс ханның алғашқы дәуірлеріне ұқсас. Өйткені Шыңғыс хан да бір ру басшысының ұлы және өзінен әлде қайда күшті нояндарға қарсы күресін жүргізген. Шыңғыс бұл күрес барысында «коржу» деп аталатын әскер құрған. Шыңғыс хан бұл әскерді құру барысында нағыз жігіт, яғни адамгершілігі бар, турашыл адамдарға көңіл бөлген. Шыңғыс ханның бұл ойын: «Бір қауіпке тап болғанда руына, бағынышты болған бекке, орналасқан қалаға немесе бекініске қиянат жасаған адамдар Шыңғыс ханға және Монғол мемлекетіне де қиянат жасайды» деген сөзінен анық көруге болады. Шыңғыс ханның аз уақыт ішінде құрған мемлекеттің негізгі ұстанымы осы болуы мүмкін. Әмір Темір де осы күрес кезінде Шыңғыс хан сияқты адамгершілігі мол кісілермен достық және туыстық қарым-қатынас жасай отырып, билікті өз қолына алған.
Әмір Темір билік күресі барысында Шығыс Түркістан билеушісі Тұғлық Темірмен дос болуының нәтижесінде ата жұрты Кеш қаласының билеушісі болды. Әмір Қазағанның Тұғлық Темір мен Мауеранахр үшін күрес жүргізу барысында Әмір Темір әуелі Тұғлық Темірдің тарапында болған, кейіннен кейбір себептерге байланысты Хусейннің тарапына өткен және онымен туысқан (қарындасы Олжай Теркен ағамен тұрмыс құрған) болған. Мауеранахр және Қорасанда Хусейнмен бірге ұзақ уақытқа күрес жүргізілген.
1365 жылдан кейін Әмір Темір мен Хусейннің арасы шиеленісіп, қақтығыс, күрес барысында Хусейн жеңіліске ұшырап, қайтыс болған. Осы кезеңде Әмір Темір соңғы Шағатай билеушісі Қазан ханның қызын (Хусейннің жұбайы) Сарай Мүлк хатунмен үйленген және Шыңғыс хан отбасында таққа отырып, Белх қаласында өткен құрылтайда Темірге «қыран иесі», кейіннен «күреген» деген атақтар берілген. Қол жеткізген жетістіктері нәтижесінде қалыптасқан Кеш қаласында түрік мемлекеті дәстүрі бойынша екі ай той болған. Күресте өзіне қолдау көрсеткен тайпаларды мәртебесіне қарай барлас, сұлдуз, найман, жалайыр, қыпшақ, түркімен және арулат ретінде тізіп шыққан. Сондай-ақ осы той барысында мемлекеттің әкімшілік, әскери және қаржы істері қайтадан қарастырылған.
Әмір Темір әскери әрекеттерін шыңғыс хан немесе басқа да түрік билеушілері секілді географиялық кезекпен (Шығыс-Батыс) жасамаған. Оның күрес аймағы Еділ өзенінің Бағдат, Шам, Измир қалаларына, Дешті-Қыпшақ Үндістанға дейін созылған. Жорықтары:
Хорезм жорығы (1371-1379 ж.ж.)
Монғолдар (Қашқар және Ыстық көл) және Дешті-Қыпшаққа жасаған жорықтары (1375-1380 ж.ж.)
Хорасан жорығы (1380-1384 ж.ж.)
Үш жылдық жорығы (1386-1388 ж.ж.)
Тоқтамысқа қарсы жасалған бірінші жорық (1388-1391 ж.ж.)
Бес жылдық жорығы (1392-1396 ж.ж.)
Тоқтамысқа қарсы жасалған екінші жорық (1395-1396 ж.ж.)
Үндістан жорығы (1398-1399 ж.ж.)
Жеті жылдық жорық (1399-1404 ж.ж.)
10. Қытай жорығы (Осы жорық кезінде 1405 жылы 18 ақпанда 69 жасында қайтыс болған)
Бұл жорықтардың барысы мен нәтижесінде қысқаша тоқталар болсақ:
Әмір Темір алғашқы жорығын Шағатай хандығының мұрагері ретінде Шыңғыс ханға қарсы жасады. Ол көзі тірісінде мемлекетін ұлдары арасында бөлістіре келіп, Хорезм аймағын Шағатайға берген еді. Бірақ кейінгі өзгерістердің нәтижесінде Хорезм аймағы сол жылдары қоңыраттардың қолына өтті. Темір қоңыраттарға қарсы бірінен кейін бір төрт рет жорық жасап Хорезмді өз қолына кірітті.
Алтын Орда билігі үшін болған күрестердің нәтижесінде Ұрыс ханның жиі Тоқтамыс Темірді паналаған. Әмір темір Ақ Орда мен Алтын Орданың бірлесуі өзінің мемлекеті үшін қауіп төндіретіндігін ойлап, әлсіз Тоқтамысты Ұрыс ханнан төрт рет жеңіліп қалғанына қарамастан Темір өз ойын жүзеге асыруды жалғастыра берді. Нәтижеде, Тоқтамыс алтын Орда билігін өз қолына алды. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін Темір мен Тоқтамыстың арасы алшақтаған. Осы кезде Темір Тоқтамысқа қарсы жасаған үш жорығынан кейін мемлекеттің ыдырауына себеп болған.
Әмір Темір сол жылдары Хорасанның бес саяси құрылымы тарапынан өкілеттігін пайдалана отырып, ол жерлерді оңай жаулап алған. 1386 – 1388 жылдар арасында жасаған жорықтарының нәтижесінде Кавказ бен Грузияны өз қол астына алды.
Темір 1392 – 1396 жылдары арасында қазіргі Иран, ирак, сирия және Анадолыдағы саяси құрылымдарға қарсы жорықтарға ұйымдастырылған. Бұл аймақтарда әлі де Анадолы бірлігі үшін:
Осман империясы,
Сивас-Кайсери билеушісі сот Бурханеддин,
Эрзинжандағы Муттахартен,
Шығыс Анадолыда Қарақойлылар,
Марашта Дулқадырлар,
Конияда Қараманұлдары,
Оңтүстік-шығыс Анадолыда Аққойлы мемлекеттері күрес жүргізіп жатқан еді.
Бұл мемлекеттердің арасында Қараманұлдары, Дулқадырлар және Муттахартен Темірдің дос және одақтастары болған. Ал қалғандары Темірге қарсы Сирия және Мысыр билеушісі Мәмлүк мемлекеті мен Алтын Орда түрік мемлекеті арасында одақ құрғанымен, бұл саяси одақтасу іс жүзіне аспай, біраз уақыт өткеннен кейін бір-бірімен соғысып, Темірдің ісін оңайлата түскен.
1398-1399 жылдары Темірдің Үндістанға жасаған жорығы ол жердің байлықтарынан пайдалануға бағытталған еді. 1399-1404 жылдары арасында жасаған жорықтары Орта шығыс және анадолының Темір билігіне өтумен аяқталған.
Темірдің жорықтары, басты дұшпандарының әлсіз және жалғыз болуымен тікелей байланысты, жаулары мен шарттарды үнемі өзіне қолайлы кезеңдерге таңдап отырған. Сонымен қатар ол жорықтары барысында қауіпті жағдайларда кері шегінген. Уақыт пен негіздің саяси болуына көңіл бөлген. Жауларының жасаған саяси және әскери қателіктерін пайдалана білген.
Әмір Темірдің жетістіктерінің нәтижесінде Түркістанда монғол билігінің орнына түрік билігі, Шығыс империясының орнына Темір империясы құрылған.
Темірдің жорықтары барысында бір аймақты жаулап алғаннан кейін сол аймақты әрі қарай жылжу немесе жаулап алған жерлерді кеңейту әрекеті байқалмайды. Бұл оның стратегиялық тұрғыдан мықты маман екендігін көрсетеді. Темірдің қол жеткізген табыстарының негізгі себептерінің бірі де осы ерекшелігі болуы керек. Алтын Орда және Анадолы жорықтарында осы ерекшелігін анық байқауға болады.
Әмір Темір қол жеткізген жеңістерінен соң Түркістанды, Самарқанды кеңейту үшін тер төккен. Мемлекеттің, әсіресе, астанасы болып табылатын Самарқанд қаласын ғылыми мен сауда орталығына айналдыру мақсатында жаулап алған жерлерінің халқын, байлығын, ғылым және өнер адамдарын Түркістанға жіберіп отырған.
Мұсылман ортада өскен және мұсылмандықты ұстанған Темір түрік және сонғол салт-дәстүрлерін енгізген, әсіресе Шығыс ханның заңдарын енгізуге көп көңіл бөліп, мұсылман бола тұра монғол заңдарын мойындағын. Мемлекет билігі түсінігі бойынша Темірдің де Оғыз қағанның «шатырымыз көк, туымыз күн болсын», Шыңғыс ханның «аспанда бір ғана күн мен ай болса, жер бетінде қалай екі билеуші болды» деген ойын, яғни жаһан билеуші түсінігін ұстанғандығы байқалды. Темір жорықтарында осы ұстанымда болып, «Әлем екі билеушіге жететіндей кең емес. Тәңір біреу болса, сұлтан да біреу болуы тиіс» деген пікірді ұстанған. Әмір Темір сенген жиһан билеушісі түсінігін күнделікті өмірге енгізу мақсатында жорықтар ұйымдастырып, әскер құрамының алғы шегінде, яғни басында болған. 35 жыл бойы үздіксіз күрескен Әмір Темір артына 36 ұл, 18 қыз қалдырып, 69 жасында қайтыс болған. Темір орта бойлы, қарапайым киінетін, басында қалпағы бар мықты адам ретінде сипатталады. Шыңғыс ханмен орта тұтастарының көп болуына қарамастан, құрған империясы өзі қайтыс болғаннан аз уақыт өтер-өтпестен ыдырап кетті.
Жаһан билігі үшін жасаған жорықтарында қалалар қирап, жазықсыз жандардың қаны судай аққан. Алтын Ордаға қарсы соғыста қол жеткізген жеңістің нәтижесі осы бір түрік мемлекетінің ыдырауына, Патшалық Ресейдің өркендеуіне, Осман империясының Балқандарда тұрақтауына және Византияның ұзақ уақыт өмір сүруіне себеп болған. Үндістанға жасаған жорығында үндістерден гөрі үнді мұсылмандар көбірек зардап шеккен тарихи шындық. XV ғасырда түрік билеушілері арасындағы бұл күрес бір түрік қағанының ұлдары арасындағы билік таласынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Қарастырылып жатқан осы кезеңде Осман империясы, Мәмлүктер, Алтын Орда мен Темір империясы түріктік жаһан билігі үшін күрес жүргізген. Сонымен қатар, марқұм ұстазымыз профессор Фуад Көпрүлүнің «әрбір тарих оқиғаға өз кезеңі тұрғысынан қарау қажет» деген сөзін ескере келе, Әмір Темірдің жорықтарын да өз кезеңі және оның жаһан билігі түсінігі тұрғысынан алып қарастырған жөн болар еді.
Темір өзінің мемлекеттік билігінде негізінен түрік монғол ақсүйектерінен арқа сүйенді. Олардың басын қосып, араларында орын алған өзара қырқысты тоқтатпайынша еш қашан берік және мықты мемлекет құра алмайтынын жақсы түсінді. Билеуші топ өкілдерінің көңілін басқа жақа аулау керек болды. Сондықтан да ол өзінің өзге елдерге жаулап алу жорықтарын бастады. Осындай жорықтар Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Кавказдан бөлек Иран, Үндістан және Алдыңғы Азия елдеріне де ұйымдастырылды.
Темір сол дәуірдегі сауда керуендерінің негізгі жоларына өзінің бақылауын орнауын мақсат етті. Бұл оның мемлекетінің экономикасына оң әсерін тигізетінін ол жақсы түсінді. Сондықтан ол Иранды, Иракты, Араб елдерін, Закавказьені және Алдыңғы Азия елдерін жаулап алуды жоспарлады. Себебі, осы мемлекеттер арқылы Шығыс пен Европаны қосатын негізгі сауда керуен жолдары өтіп жатты. Ал Солтүстік өңір арқылы өтетін сауда керуен жолдарының өмір сүруін тоқтату мақсатында осы жолдың бойында орналасқан Үрпгініш, Сарай Берке, Астрахан, Азов қалаларын қиратты. Европаға бағытталған бүкіл сауда керуендер Ирандық трасса өтетін болады деп жоспарлады.
Темірдің Иранға жасаған қарсы саясаты жаулап алу ғана болып қоймай, сол мемлекетте орын алған көтерілістерді басып жаншумен қатар жүрды. Темірді сол елдегеі көшпелі Монғол Татар билеушілері қорғады. Себебі, олар Ирандағы халық көтерілісін өз күштерімен баса алмайтынын түсінді. Бірінші тарауда Темір мемлекетінің нығайту үшін күрес жолында сербедерлер көтерілісі нәтижесінде құрылған Сербедер мемлекетін құлатқандығын айтып өткенбіз. Олар астанасын Самарханд қаласы деп еблгілеген болатын. Орта Азияда өзінің билігін нығайтқаннан кейін, Темірдің бірінші жорығы Қорасанға бағытталды. Осы жылдың көктемінде ол херт меликтернің Курт мемлекетін бағындырды. Қорасан билеушісі Али Муаяйяд Темірден сербедерлерге қарсы күресте көмек беруін сұрады. Бұл Темірдің осы мемлекетке басып кіруіне сылтау ғана болды. Көтерілісті аяусыз басып, сол өңірге билікке өзі тағайындаған адамдарын бекітіп кетеді. Олар хераттық Гийасы ад-дин Курт пен Али Муаяйяд еді.
1383 жылы себзебарде Темір билігіне қарсы сербедарлардың көтерілісі бұрқ ете түсті. Осы жылдың қараша айында Темір Себзеварды алып, бекінісін қиратты. 2000 мың көтерілісші жазаланды. Оларды тірідей қамал қабырғаларына көміп, дуал тұрғызды. Сол жылы Темір Систан мен Кандахарды бағындырды. 1384 жылы Темір Гурганды бағындырып, Әмір Валидың мемлекетін қиратады. Солтүстік Иранда Дамганнан Сұлтаниеге дейінгі өңірді бағындырады.
Ішінара қырықысып жатқан Жалайырлар мемлекеті тарапынан Темірге ешқандай қарсылық ұйымдастыралмады. Бұл мемлекетті Темірге дейін Тоқтамыс та 1385 жылы жорық жасап тонаушылыққа ұшыратқан болатын. Ал Темір 1386 жылы жорық ұйымдастырп, Тебризді басып алады да ондағы ең таңдаулы қолөнершілерді бірге Самарқандқа алып кетеді.
1387 жылы Закавказьеге жорық жасағаннан кейін Темір Музафаррид мемлекетіне жорық жасап, Исфаханды бағындырып оған ауыр кантрибуция жариялайды. Темірдің қала халқына салған ауыр салған салығына қарсы көтеріліс болды. Бірақ ол аяаусыз жаншылды. Иранның оңтүстік өңірін бағындыру 1393 жылға дейін созылды. Ал оған дейін Темір 1392 жылы Гурганда орын алған халық наразылығын басып, Мазендарандағы сеийдтер мемлекетін жойды. Осылайша 1393 жылы Иранның бүкіл териториясы Темір империясының құрамына кірді.
Темір өзін қолдаған ақсүйектерге, әскери қолбасшыларына, әскерлеріне көптеген сойырғалдар беріп, биліктерін орнатып берді. Солтүстік Иран мен Әзербайжанға Орта Азиядан алып келген түркі тілді көшпелі тайпаларды қоныс аударып, өзінің бөліп беруді жоспарларды. Шахрухқа Хорасан және Гурган, Мезендеран және Систанды орталығын Херат етіп беруді, Мираншахқа орталығын Тербиз деп бекітіп, Батыс Иранды, Әзербайжанды, Арменияны қалдыруды ойлады.
Парсы халықтарымен Кавказ халықтарын жаулап алу жылдарын 1392-1398 жылдар аралығы қамтыды.
1398 жылы Темір әскері Үндістанға басып кірді. Сол жылы үндістер алынбайтын қамал деп есептейтін Мератх қамалын алады. Келесі шешуші шайқастарының бірі Ганг өзенінің бойында орын алды.
Осы жылдың соңына таман Әмір Темір әскері Делиге жақындады. 17-желтоқсанда ол мұсылман қолбасшы Махмұд Тұғлақ бастаған әскермен шайқасады. Қорғанушыларды қамалға қуып тығып, қаланы алады. Темір әскерлері қаланы тонап, бар байлығын Самархандқа алып кетеді. Бұл соғыстан кейін қаланы қалпына келтіруге жүздеген жылдар кетті.
1400 жылы ол әскерін Сириға бақыттайды. Сириялықтардың әмірлері бастаған Алеппо шайқасы тарихта белгілі. Бұл соғыстада Темір әскері үлкен жеңіске жетеді. Елдегі бар байлық Самарқанға жөнелтіледі. Сирияны басып алғаннан кейін оның әскері түрік сұлтаны Баязид әскерін бағындырады.
1387 жылы Қытай императоры Тай-Цзуға (1368-1398) жіберілген Әмір Темірдің Молла Хафиз бастаған елшілерге жіберілді. Мұның алдында Шығыс Түркісан мен Орта Азияға келген Қытай елшіліктеріне жауап ертінде барған болатын. Елшілікпен бірге үлкен сауда керуені де сапар шекті. «Мин-ши» атты Қытай деректемесінде Темірдің Иранға жорығы кезінде (1392) жіберілген, Қытай императорына шамамен 1394 жылы жеткен хатының мазмұны берілген. Құжаттан екі мемлекеттің де өзара қайшылықтарын соғысқа ұластырмай шешуге, уақыт ұтуға деген ұмтылысы байқалады. Хатта Әмір Темір тарапынан Мин империясына білдірілген достық, өзара сауда қатынасын қолдау ниеті білдірілгендігі жайлы айтылады. Әмір Темір өзінің Иранға жасаған жеті жылдық жорығының қарсаңында Қытай мен, Моғолстанмен бейбіт қарым-қатынас жасауды көздеді. Темір мемлекетіне, әсіресе Самарқанда Қытайдан әкелінген фарфор, шәй, жібек, атлас, бағалы тастар көпшілік сұранысына ие болды. Темір кейін олардың ұрпақтары Халит Сұлтан, Шахрух, Ұлықбек тұсында Қытаймен елшіліктер алмасып сауда қатынасы дамыды.
Темірдің осындай жеңісті жорықтарынан хабардар болған сол заманның күшті Мысыр, Византия секілді мемлекеттері өз еріктерімен оған 1404 жылы үлкенсалық төлеп тұрғанын мәлімдейді.
Өмірінің соңғы жылдарында Әмір Темір империясына Мауеранахр, Хорезм,
Закавказье, Парсы елдері, Пенджабы және өзге де өңірлер кіреді. Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа аттанған тұста Отырарда қайтыс болады.
Әмір Темірдің Иранмен, Үндістамен, Қытаймен жүргізген сыртқы саясаты өте күрделі мәселелердің бірі болды.
Әмір Темірдің XIV ғасырдың 70-90 жылдары Моғолстанға, Ақ Ордаға және Алтын Ордаға жасаған басқыншылығы. Әмір Темірдің билікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағңы тақ таласы шайқалтқаны мен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе бет келтіреді. Бірақ онымен соғыспас бұрын Әмір Темір өзінің солтүстік пен шығыстағы ең жақын көршілері Ақ орда мен Моғолстанды алды. Ол бұл істе өзіне Ақ Ордадан қашып келген Тоқтамысты пайдалануға ұмтылып, оны әскерімен жасақтап,1374-1376 жылдарда үш рет Ақ Ордаға аттандырды. Әмір Темір Әмір Темірдімәліктің 10 000 әскерін 1376 жылы Сығанақ түбінде талқандағаннан кейін, Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, оны Дешті Қыпшақтың билеушісі деп жариялады. Бірақ 1377 жылы Темір Мәлік көп әскермен келіп, Сауранның түбінде Тоқтамыс әскерін талқандады. Әмір Темір Тоқтамысты өзінің әскер басыларымен бірге Ақ Ордаға тағы да аттандырды. Ақ Орданың басты қаласы Сығанақты басып алды. 1371 жылы Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Ол бұл жолы Алмалыққа дейін жетті. Мұның артынша Әмір Темірдің өзі бастап жорыққа шығып, Ыстықкөл өңіріне дейн келіп, көптеген тұтқын мен олжа түсіріп қайтты. 1375 жылы Әмір Темірдің әскері тағы да Моғолстанға жорыққа аттанып, Шарын өзен шатқалына Қамар әд-Динмен шайқасты. Қамараддин жеңілгеннени кейін Әмір Темір әскері моғолдарды Іле өзеніне дейін қуып, Самарқандқа олжамен оралды. Әмір Темір Моғолстанға жорығын 1377 жылда жалғастырып, Қамар әд-Дин әскерін Қаратау етегінде және Ыстықкөлде таяу маңындағы Бұғым шатқалында талқандады. Бұдан кейін Қамар әд-Дин Алтын Ордадағы билікті қолына алған. Тоқтамыс пен Әмір Темірге қарсы одақ құрды. Мұндай одақ Еңкей төре мен Қызық қожа хан тарапынан да қолдау тапты. 1389 жылы Әмір Темір әскері Тарбағатай өңірінде Еңке төренің әскерін талқандады.
Шығыс Түркістанды паналаған Қызық Қожа Әмір Темірден жеңіліс тауып, оған тәуелділігін мойындады. Молғалыстанды талап, тонап онның билеушілерін қуып шыққан Әмір Темір Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа бет бұрды. 1391 жылы Әмір Темір 200 000 мың әскерімен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды. Жайық өзенінен өтіп, 18 маусымда Тоқтамыс әскерімен Құндызша деген жерде шайқасқа түсіп талқандады. Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы жорығын 1395 жылы жалғастырып, Солтүстік Кавказда Терек өзені аңғарында оның әскерімен шайқасқа түсті. Жеңілген Тоқтамысты Әмір Темір әскері Елекке дейін қуып, содан кейін Алтын Орда қалаларын ойрандады. Алтын Орданың Еділдегі астаныс Сарай –Берке, Еділ бойымен қырындағы ірі қалалар – Астрахан, Каффа, Азақ т.б. қалалар қиарды. Бұл соққы Алтын Орданың саяси құлдырауы мен ыдырауын тездетті
XVI ғасырдың 70-ші жылдары Орта Азияда Ақсақ Темір құрған мемлекеттің дүниеге келуі кездейсоқ оқиға болған жоқ. Оны ХІІІ – XVI ғасырларда Шағатай ұлысында орын алған әлеуметтік-этникалық және саяси-әтникалық үрдістердің даму нәтижесінде деп қарастыруымызға болады. Өйткені Мауенахр алқабында ежелден жалғасын тауып келе жатқан процесс монғолдардың келуіне байланысты белгілі бір кезеңге тоқтағанымен ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жандана бастады. Елдің экономикалық дамуы бірқалыпты келіп, жаулап алушы Монғол тайпаларының билікке әсері біршама бәсеңсіп, жергілікті халықпен сіңісіп кетеді. Ассимилияцияға моғол аристократиясы да ұшырайды. Осының көрінісі ретінде Кебек ханның 16 ғ. Бірінші жартысында астанасының Орта Азияға көшіруін және әлеуметтік тірек терінде жергілікті ірі феодалдарға сүйенгенін айтуымызға болады. Монғол феодалдарының бұл саясаты өз кезегінде феодалдар арасында заңда қарсылық түсінді.
16-ғасырда шағатай ұлысында орын алған саяси дағдарыс аймақтардың бөлектенуіне, оқшаулануына алып келді. Жетісуда моғаолстан мемдекеті құрылса Мауренахрда бірнеше дербес әмірліктер құрылды. Шамамен 1340-1370 жылдар аралығанда ешбір Орта Азияда мықты бір орталыққа бағынған хандық немесе мемлекет болмады. Бұл құбылыс жергілікті ақсүйектерге, діни қызметкердерге, ірі саудагерлерге бір орталыққа бағынған мықты мемлекеттің қажеттігін тағы да дәлелдеп берді. Осылайша, осы өңірді тарих сахнасына Әмір Темір келіп, жоғарыда аталған әлеуметтік топтардың қолдануына сүйенді. Орта Азиядада бір орталыққа бағынған, бір экономикалық тұтастыққа негіздеген мемлкет құрады. Ал осы мемлекеттің құрылуы сол дәуірлердегі басқа да мемлектеттердің тарихында ерекше орынға ие болдды. Әмір Темірдің жүргізген сыртқы саясаты мемлекеттердің әлеуметтік, экономикалық құрылмына, саяси ақуалына белгілі бір дәрежеде әсер етті.
XVI ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясымен Орталық Азия аймағында «Ақсақ Темір» , Ирандықтарға Тимурләнг, европалықтарға Тамирлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабулдарының арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жорықтардан соң Алтын Орда күйреді. 1370-1390 жылдар аралығында Едіге Әмір мен Тоқтамыс арасындағы қақтығыс шебер пайдаланып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда, Моғолстанға 10 астам жорық жасады. Әмір Темірдің алтын Ордаға жасаған жорықтарының нәтижесінде Ресей халқы тәуелсіздігін алды. 1390-жылдары Дағыстан, Грузия, Ирак мемлекеттері Әмір Темір империясының құрамына енді. 1380 жылы Үндістан басып алынды, Сирия және Лубланды мәмлүктері бағындырылды. 1402 жылы жазда Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |