Реферат пәні: Бейнелеу өнері әдістемесі Тақырыбы: Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы



Дата08.02.2023
өлшемі24,55 Kb.
#66207
түріРеферат

Атырау инженерлік – гуманитарлық институының колледжі

РЕФЕРАТ
Пәні: Бейнелеу өнері әдістемесі


Тақырыбы: Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы



Мамандығы:

01120100 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктілігі:



4S01120102 - Мектепке дейінгі тәрбие мен


оқыту ұйымдарының тәрбиешісі

Орындаған: 2 курс студенті Маденеева Н.


Оқытушы: Калиева А.Т.

Атырау 2022




Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы
Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерінін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әр сабақ мазмұнды, біотұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланысты болуы керек.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс, қорытынды және үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады.
Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақыт мөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.
Сабақ үнемі бір сарынды жоспарландай түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырылып отыруы міндетті. Оған бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық құрылымының әр түрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды. Өйткені оқушылар заттан қарап сурет салу сабақтарында графика және кескіндеме жұмыстарымен шұғылданса; сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында әр түрлі өрнектер бейнелеп безендіру жұмыстарымен, қаріп, көркем жазу ережелерімен танысады; өнео туралы әңгіме сабақтарында сәулет, графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолөнерлермен танысады.
Оқытудың ұжымдық түрі әсіресе, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында пайдалануға болады. Ол мысалы: түрлі-түсті қағаздардан ұжымдық көркем композиция құрастыру, немесе оригами тәсілімен бүктеліп жалалған әр түрлі гүлдерден гүлшоғының композициясын орындау.
Бұл оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймайды, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.
1. Сабақтың тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген бейнелеу бойынша -“Ғарышка саяхат”, сәндік сурет және көркем құрастыру бойынша- “ Анамызға сыйлық жасаймыз”, өнер туралы әңгіме саьағы бойынша- “Бейнелеу өнерінің түрлерімен танысайық” т.б.
2. Сабақтың мақсаты негізгі үш: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық тақырып бойынша алынады. Мысалы: Заттан қарап бейнелеу-ұлттық натюрморд, тақырыптық мақсаттар негізінде қойылады. Бұл мақсаттардың мазмұны сабақтың тақырыбына байланысты болып келеді. Мысалы: Жоғарыда көрсетілген затқа қарап бейнелеуге байланысты “Ұлттық натюрморт” тақырыбын қарастырсақ, бұл сабақтағы білімбілік мақсат-бейнелеу өнеріндегі натюрморд жанры жөнінде түсінік беру, ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқтар туралы мәлімет беру, натюрморт бейнелеу ереже заңдылықтарын үйрету.
Тәрбиелік мақсаты- өнертанушылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты- ой-өрісін бейнелеудегі іскерлік дағдысын, өнер шығармасына деген эстетикалық талғамын дамыту.
“Анамызға сыйлық жасаймыз” тақырыбындағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы. Білімбілік мақсаты: оқушыларға дизайн өнері туралы түсінік беру, қағаз, қатырма қағаздармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ата-анасын сыйлауға, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың дизайн жасаудағы шығармашылығын, іскерлік икемділігін, ой-өрісін дамыту болып табылады.
3. Сабақтың түрі. Сабақтың түрі сабақтың тақырыбына байланысты анықталады, сонымен қатар, сабақты жоспарлаудағы мұғалімнің әдістемелік шешіміне байланысты.
Бейнелеу өнері пәнінің мазмұнында тақырыптарға байланысты: заттан қарап бейнелеу, тақырыптық бейнелеу, сәндік сурет және көркем құрастыру, мүсіндеу, өнер туралы әңгіме сабақтарының түрлері қарастырылады, сонымен қатар жоспарлау әдістемесіне байланысты: аралас сабақ, біріккен сабақ т.б. Мұғалім сабақты жоспарлауда оқушылар қызығушылығын арртыру, материалды жеңіл меңгерту мақсатында дәстүрден тыс сабақ түрлерін де жоспарлайды: ойын сабақ , саяхат сабақ т.б.
4. Сабақтың әдісі- сабақтың мақсат-міндеттеріне байланасты таңдап алынады, олар: ауызша / түсіндіру, әңгіме, пікірлесу, сұрақ-жауып /, көрнекелік /суретшілер шығармаларының репродукциялары, технологиялық сызба, диафильмдер т.б./ тәжірибелік / жаттығу,байқау, тәжірибе, құрастыру, бейнелеу / репрудуктивті / білімді қайталау, кеңес беру, сұрақ қою т.б / проблемалық мәселе қою/ бағдарламалық / жұмыс кезеңдерін бірізді жоспарлау / т.б.
Сабақты оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты. Педагогикада оқыту әдіс-тәсілдерін сабақта пайбалануға таңдап алуда мынадай талаптарға сүйену керектігін айтады:
1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі.
2. әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
3. Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі.
4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне / жас және дербес ерекшеліктеріне / сәйкестігі.
5. Әдістердің мұғалімдердің мұмкіншіліктеріне сәйкестігі / тәжіребесі, білімді қабілеті, жалпы білімдарлығы т.б. / .
6. Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық қорына сәйкестігі.
7. Әдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкестігі / төңіректегі өндіріс обьектілері /.
5. Сабақтың көрнекілігі. Сабақта берілетін жаңа материалды, білімді, жұмыс істеу
ереже заңдылықтарын оңай меңгертуде, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арртыруда көрнекіліктердің рөлі зор. Көрнекіліктер жазық, көлемді және экрандық бейнелі, дыбыстық болып бөлінеді. Жазық көрнекіліктерге суретшілер шығармаларының репродукциялары, сурет салу кезеңдерінің иллюстрациялары, технологиялық карталар т.б. Көлемді көрнекіліктерге бейнелеуге арналған заттар немесе көркем құрастырылған бұйымдар үлгілері жатады.
Экрандық бейнелі көрнекіліктерге диафильм, кинофильм, компьютерлермен көрсетілетін бейнелер жатады. Сабақ жоспарында сол сабақта көрсетілетін көрнекіліктер тізімі жазылып көрсетіледі.
6. Сабақты ұйымдастыру. Оған сынып оқушыларын тәртіпке келтіру, сабақта жоқ оқушыларды есепке алу, құрал-жабдықтарының дайындығына шолу жасау кіреді.
Сабақ барысында қажетті жабдықтар, көрнекіліктер, оқушылардың жұмыс орындары алдын ала әзірленіп немесе бейнелеуге қойылатын көлемді көрнекіліктер талапқасай орындарға қойылады. Бұл жұмыстарға сыныпкезекшілері қатыстырылады. Сабақта көрсетілетін суретшілер шығармаларының репродукциялары тақтаға алдын ала ілінбегені жөн, ерте ілінген көрнекіліктер оқушылардың көңілін алаңдатады.
7. Үй тапсырмасын тексеру. Егер үйге белгілі бір машықтық тапсырма орындау тапсырылған болса, онда оқушылардан жұмыс дәптерлерін немесе сурет альбомдарын алдарына ашып қою сұралады, мұғалім сыныптыпты арлап жақсы және кейбір кемшіліктерімен орындалған жұмыстарды жинап алып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін салыстыра отырып сынып оқушыларына көрсетеді. Жұмыстарды талдауға оқушылардың өздерін қатыстырған жөн. Жұмыстар бағасы сынып журналына түсіріледі.
8. Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып оның қысқаша мақсат-міндетін түсіндіреді. Тақырыпты пайдаланып оқушыларға танымдық білім беру мақсатында қысқаша кіріспе әңгіме өткізеді. Жаңа тапсырманы орындау ережелерін кесте, сұлба арқылы көрсетіп немесе тақтада иллюстрациялап түсіндіреді. Бейнелеуші нәрсенің көлеміне талдау жасап бейнелеу кезеңдерінің бір ізділігін көрсетеді. Жаңа материалдың игерілуіне көз жеткізу үшін мұғалім сыныпқа сұрақтар қойып отыр-ғаны жөн. Жаңа сабақ тақырыбына байланысты белгілі суретшілер, мүсіншілер, қолөнер шеберлерінің шығармаларының репродукцияларын көрсетіп, талдау жасап таныстырады. Репродукцияларды көрсетуде эпипроектор, эпидиаскоп, компьютер т.б. техникалық құралдарды пайдалану сабақтың сапасын арртырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятады. Суретшілер шығармаларын таныстыруда мұғалім тек өзі баяндамай, оқушылардың шығарма туралы пікірлерін тыңдап ортаға салғаны жөн, ол оқушылардың сөздік қорын, өз пікірін баяндай білу дағдысын қалыптастырады, өнер туындысын тану, бағалай білу қабілетін дамытады.
9. Машықтық жұмыс. Жаңа сабақ материалын түсіндіріп болған соң оқушылар өз бетімен машықтық жұмыс орындауға кіріседі. Жұмыс барысында мұғалім сыныпты аралап оқушылардың іс-әрекетін қадағалайды, қажет болған жағдайда кейбір оқушыларға ескертулер жасап немесе қосымша түсіндіріп, кей жағдайда өзі оқушы жұмысына түзетулер жасайды.
Бастауыш сынып оқушылары көбінесе қосымша ескертпелерге, түсіндірулерге қарамастан бейнені қағаз бетіне өте кішкентай етіп немесе бейнені қағаздың бір жағына қарай ығыстырып орындайды. Осындай жағдайда мұғалім талапқа сай орындап отырған оқушының жұмысы мен қате орындала бастаған жұмысты сыныпқа көрсетіп, екі жұмысты бір-бірімен салыстыра отырып жетістік пен кемшіліктерді көрсетеді. Бұл салыстырмаға оқушылардың өздерін қатыстырған жөн. Осындай салыстырма көрсетулерден кейін оқушылар өз жұмыстарындағы кемшіліктерін іздеп түзетеді.
Мұғалім сыныпты аралап қадағалау барысында оқушылардың жұмысты орындаудағы көп жіберіліп отырған қателіктерді саралап, сол қателіктерін жасамау жолдарын тақтада иллюстрациялап көрсетеді. Сонымен қатар мұғалім сынып оқушыларының әрбіреуінің жекелеген мүмкіндіктерін ескеруі қажет, олардың ішінде бейнелеуге мейлінше бейімді немесе кейбір оқушылардың бейнелеу іскерлігі төмен болып келеді. Сондытан да сыныппен жұмыс кезінде мұғалім соңғыларымен көбірек қосымша жұмыстанады, психологиялық көмек көрсетеді, яғни баланың сурет салудағы өзіне сенімсіздігін жою үшін оның жұмысындағы кейбір кішкене жетістіктерін мадақтап көтермелейді. Мұғалімнің машықтық жұмыс кезіндегі осындай іс-әрекеті сынып оқушыларының жұмысты тегіс үлгеріп аяқтауларына мүмкіндік жасайды.
10. Қорытынды және үйге тапсырма. Сабақтың бұл кезеңінде қысқаша сұрақтар немесе дидактикалық ойындар арқылы жаңа білімнің меңгерілу деңгейі тексеріледі. Оқушылардың аяқталған жұмыстарынан тақтада шағын көрме ұйымдастырылады. Онда жақсы орындалған жұмыстардың жетістіктері мадақталып, нашар орындалған жұмыстардың кемшіліктері көрсетеді. Мұғалім осы жұмысты өткізу кезінде әр оқушының жеке басына құрметті көзқарасты әрдайым ұстануы керек. Әсіресе 1-2 сынып оқушыларымен жұмыс кезінде осы психологиялық мәселеге мұқият көңіл бөлгені жөн.
Көрме нәтижесінде кейбір оқушылардың бағасы сыныпқа жарияланып, қалған оқушылардың жұмыстары жинап алынып сабақтан тыс уақытта тексеріліп бағасы есепке алынады.
Үйге тапсырма жаңа сабақ тақырыбына сәйкес жоспар бойынша беріледі немесе кей жағдайда қосымша жұмыс дәптерімен жұмыс істеу тапсырылады. Мұғалім үй тапсырмасы жөнінде мағлұмат береді, берілген тапсырма оқушыларға түсінікті болуы тиіс. Сынып бөлмесі жинастырылады, егер акварель, гуашь бояуларымен жұмыс істелген болса, оқушының жұмыс үстелі шүберекпен сүртіліп тазартылады.
2. Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
Заттан қарап бейнелеу барысында бейнелеуші нәрсенің немесе көріністің құрылысына, түстік ерекшелігіне, көлеміне терең талдап жасап ойланады. Және оның көркемдік ерекшеліктерін сезініп таниды. Заттан қарап бейнелеу сабақтарында мұғалім оқушылардың алдына қойылатын мақсат, міндеттерді сыныптарға байланысты дәл көрсетіп беру керек. Сонымен қатар бейнеленуші заттар мен көріністерге мұқият қарап талдау жасау жүйесін түсіндіріп берген жөн. Ол:
- Бейнеленуші эат немесе көрініс көз деңгейінен қалай орналасқан (жоғары немесе төмен);
- Көріністе қанша зат бар және олардың бір- біріне өлшемдік қатынасты, бір- біріне алыс, жақын орналасуы қандай;
- Бейнелеуші заттың көлемі қандай геометриялық денелерге ұқсайтын бөліктерден тұрады және қандай тағы да қосымша ерекшеліктері бар ( ою- өрнектері, тұтқасы, бедерлері т.б.);
- Заттардың немесе көріністің түстік ерекшеліктері және оларға жарық, көлеңке бағыты, реңі қандай.
Заттан қарап бейнелеу кезінде 1-2 сынып оқушылары бейнеленетін заттың немесе құбылыстың ерекше бөліктеріне көп көңіл бөліп, оның тұтас бейнесін ұмытып, жұмысты ерекше бөліктерін бейнелеуден бастайды.Өйткені бұл жастағы балалар қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды әлі де бір- бірімен байланыссыз жек- дара қарап қызықтайды.Заттан қарап бейнелеу тапсырмаларының негізінен екі түрі бар. Олар: ұзақ мерзімге есептелген (1-2 сабаққа ) және қысқа мерзімді (5-15 минут). Қысқа мерзімді суреттер сабақтың басында немесе сабақтың ортасында, сабақтың аяғында, сол сабақтың жоспарланған мақсат, міндеттеріне байланысты өткізіледі. 3-4 сыныптарда заттан қарап қысқа мерзімді сурет, долбарлар орындауға толық бір сабақты жоспарлауға болады. Бұл сабақтарда оқушылардың көзбен мөлшерлеу қабілеттері, жалпы бейнелеу икемділіктері дамиды.
1-2 сыныптарда заттан қарап бейнелеуге көлемі қарапайым бір немесе екі заттан тұратын заттар қойылады. 3-4 сыныптарда екі, үш заттардан құралған натюрморттар бейнелей бастайды. Бұл жұмыстарда перспектива, жарық, көлеңке, композиция заңдылықтрын меңгеріп оқиды. Нәрсе бетіне жарық, көлеңе реңін түсіру арқылы оның көлемін көрсету міндеттері қойылады. Натюрморттарды ұйымдастырып қоюда оған қатысты заттардың түсі, көлемімен қатар олардың мағыналық, мазмұндық қатынасын да ескерген жөн. Мысалға, 3 сыныпта «Алғашқы оқу құралдары», «Ұлттық дастархан» тақырыбындағы натюрморттар секілді. Оқу натюрморттарын мазмұндық тақырыпта құрастырып қою. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық жұмысқа тәрбтелейді.
Заттан қарап бейнелеуге таңдап алынған заттар оқушының көз деңгейінен төмен қойылады.
3. Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны қоршаған ортаның өмір шындығы, әдеби шығармалар желісіне байланысты сюжеттер немесе белгілі бар берілген тақырып бойынша оқушылардың өз қиялдарынан құрастырып бейнеленген суреттерге негізделеді.
Тақырыптық бейнелеу сабақтары оқушылардың бейнелеу құралдары арқылы әдеби шығармалардан, қоршаған орта өмір шындығынан алған сезімдік толғанысын, ой- пікірін немессе өзінше қиялды елестетуін, жазықтық бетінде көркемдеп бейнелеу дағдыларын қалыптастырады.
Тақырыптық бейнелеу шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге, қоршаған орта туралы өзіндік ой- пікірді толықтыруға тәрбиелейді.
Тақырыптық бейнелеу мазмұны бағдарламаның заттан қарап бейнелеу тарауында меңгерген біліммен немесе сол тақырыпқа байланысты алдын ала өткен топ серуенмен ( қала алаңдары, еңбек орындары, табиғат аясыт.б.) байланысты болса нәтижелі болады.
Тақырыпқа байланысты поэтикалық шығармаларды, ертегілерді оқыған кезде ондағы әр образға еніп, өте мәнерлі оқу, тіпті кей жағдайда оқушылардың өздерін жекелеген кейіпкер ретінде ойнату олардың сол тақырыпқа қызығушылығын арттырып, образдық елестетіне қиялына әсер етеді.
Тақырыптық бейнелеу тапсырмалары бірінші қарындашпен орындалып, содан соң акварель немесе гуашь бояуымен орындалады. Тақырыптық бейнелеу сабағының тағы бір ерекше мүмкіндігі – ол сабақты ана тілі, дүниетану, саз, еңбекке баулу т.б. пәндермен тығыз пәнаралық байланыста өтізуге болады.
Тақырыпқа байланысты музыка, өлең тыңдау оқуш. бейнелі ойлауын дамытып, эстетикалық қабілеттерін ұштайды, шығармашылық көркем туындыдан ләззат алады.
Тақырыптық бейнелеу туған ел табиғатына, ел тарихына, өз ауылының, қаласының, жалпы елінің ұлы тұлғаларына, еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш көзқарасын қалыптастырып, отаншылдық тәрбие беретін құрал деп те айтуға болады. Мысалы, 2 сыныптағы «Менің Қазақстаным», «Көктем келді», «Наурыз - ұлы той», 3 сыныптағы «Мен Отанымды қорғаймын», 4 сыныптағы «Батырларымыздың ерлігіне арнап сурет сал» тақырыптарын атауға болады. Бұл сабақтарда тақырыпқа байланысты туған еліміздің шұрайлы табиғат көріністері, еліміздің рәміздері, тарихи жәдігерлер, ұлы тұлғалар т.б. бейнеленген суретшілер шығармаларын, фотосуреттер, кинофильмдер көрсетіп мұғалімнің өзі әңгімелеп, оқушылардың пікірін, ойын туындайды.
Тақырыптық бейнелеу барысында педагог өз жұмысының нәтижесін, тәрбиеленуші оқушылардың ішкі жандүниесін, әрбіреуінің мінез- құлқын танып, олардың образдық ой – қиялы, жеке дарындылығы қалай дамып келе жатқандығын қадағалай алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет