Реферат соөЖ тақырыбы: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу»



бет1/3
Дата22.02.2023
өлшемі33,26 Kb.
#69914
түріРеферат
  1   2   3


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
«Өнер, мәдениет және спорт» институты
Реферат

СОӨЖ тақырыбы: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу»
Мамандық : Көркем білім, графика және жобалау 216-3 топ
Пәні: Философия
Курс: 2
Орындаған: Қасымбек Бану
Қабылдаған: Джанкадыров С. С.

Алматы 2023



Кіріспе

Платон «Үңгір туралы аңызда» идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Сондықтан, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол - Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау ол Диада шексіз көптіктің бастауы, үлкен мен кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды камтиды.


Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея бір жағынан шексіз, екінші жағынан шектелген.
Платонның ойынша, материя мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық жағдайдан космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген - Демиург. Ол идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды.
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тән жақтарымен бірге басқа заттарға оны жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процесінде заттардың жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл аркылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатты қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы кала береді. Бірақ осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді.
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын көрсету -философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет