Ұрық бүйрегінің құрылымдық қызметтік ерекшеліктері



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі28,24 Kb.
#74092
  1   2   3   4   5

ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ НЕСЕП ТҮЗІЛУ МЕН НЕСЕП ШЫҒАРУ ҮРДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Педиатрия факультетінің студенттеріне арналған
мамандыққа қатысты мәселелер бойынша материалдар
Ұрық бүйрегінің құрылымдық қызметтік ерекшеліктері

  • Метанефрос (қалыптасып біткен бүйрек) ұрықтық дамудың 5-аптасында пайда болады. Нефрондар әлі толық дамымайды (капсуладағы шумақ және оның сүзілу беткейі өте аз, түтікшелер өте қысқа, Генле ілмегі әлі дамымайды), олардың жетілуі ұрықтық дамудың барлық кезеңдерінде жалғаса береді.

  • Түбек тостағаншаларына нәруызсыз сұйықтықтың жинақталуы ұрықтық дамудың 11 – 12-ші аптасында байқалады. Несеп гипотоникалық, мөлшері аз: 5 айлық ұрықта – 2,2 мл/сағ., туылыуға жақындағанда – 26,7 мл/сағ. болады.

  • Ұрық бүйрегінің несеп түзуі төмен болады, бұл қызметті ұрық жолдасы атқарады.

1. Жаңа туылған балалар бүйрегінің құрылымдық қызметтік ерекшеліктері.

  • Нефрондар толық дамымайды, қызметін әлі толық атқара алмайды (5 – 7 жаста толық дамиды).

  • Бүйрек артерияларындағы қан ағысы минуттық қан көлемінің (МҚК) 5%-ын құрайды (ересек адамдарда – 25%). Қанның көп бөлігі бүйректің милы қабаты арқылы (ересектерде – қыртысты қабат арқылы) ағады.

  • Сүзгі аппараты қызметін атқара алады: өткізгіштігі мен сүзгі тосқауылының аумағы аз, қан ағысы төмен болады (инулин клиренсі – 1,73м2-ге 60 мл/мин тең).

  • Қайта сіну аппараты да қызметі жағынан дамыған (проксимальді түтікше ұзындығы ересектердікіне қарағанда 10 есе қысқа болады), сондықтан да амин қышқылдарының, иондар мен судың қайта сіңу қарқындылығы төмен болады, бірақ та нәруыз бен глюкоза толығымен қайта сіңеді.

  • Қаннан түтікше саңылауына өтетін заттардың мөлшері аз болады.

  • Несептің қоюлануы төмен болады. Осмостық қоюлану қызметі тіршілігінің алғашқы жылында қалыптасады.

  • Бүйрегінің гормондарға сезімталдығы төмен (мысалы АДГ-ға) және ересек адамдардың бүйрегімен салыстырғанда жүйкелік әсерлерге сезімталдығы жоғары болады.

  • Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік ауытқуларының қалпына келуі де төмен деңгейде жүреді.

  • Жаңа туылған балаларда бүрек қызметінің дамымағанды жүктеме түскенде байқалады: су көп берілсе – ісік, тамақ көп берсе – гиперазотемия туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет