Реферат та қырыбы : Ұ лы Дала Алтын Ордалық кезеңдері XVI-XV



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі343,64 Kb.
#123018
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
WORD A (1)






<<С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ <<КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДЕЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
МЕДЕЦИНАЛЫҚУНИВЕРСИТЕТІ>> ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА >>




РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңдері (XVI-XVғғ).


Орындаған: Уразбаева Асия
Тобы: М23-027
Тексерген: Сатыбалды Асхат

Алматы,2023
I Кіріспе
1)Монғолдар Қазақстан аумағын жаулап алуы
2) Монғол шапқыншылығының Қазақстанга тигізген зардаптары.
3) Қазақстан Алтын Орда құрамында
ІІ Негізгі бөлім
а) Алтын Орданың құрылуы
ә) Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауы.
б) Алтын Ордадағы басқару жүйесі және саяси тарихы

Деректер алынды :
1.Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
2.Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. — Алматы, 1999
Ырыспайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.- Алматы, 2000
4.Қазақстан тарихы. Д.Бабаев. Алматы «Рауан» 1996.
5.Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Қ.М.Байпақов, Б.Е.Көмеков, К.А.Пищулина. Алматы «Мектеп», 2001.
Монғолдар Қазақстан аумағын жаулап алуы.
XIIғ аяғы мен XIII ғ.басында Моңғолия жерінде қият -бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүрдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды.Ол 20 жылға созылған қиян кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді.Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша)белгілі болса,енді мемлекеттің нығаюына байланысты. Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық саяси мәнге ие болды.Қытай деректерінде бүкіл Монғолия халқын «татарлар» деп аталған,осы атау араб,парсы,орыс және батыс еуропалық деректерге ауысқан.
XII-XIII ғғ соңында моңғол қоғамында феодалдық қатынастар процесі жүріп жатты.Бұл қоғам екі топқа- ақсүйек нояндар және еңбекші халық араттарға бөлінді.
1206 жылы көктемде Темучин жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғысхан деген атпен моңғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды.Шыңғысхан тұсында Моңғол империясының астанасы Қарақорым болды. Моңғол мемлекеті әскери әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді.Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық 10 «жүздіктен» тұрады.Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленеді.Моңғолдардың әскери басымдылыққа жетуіне Шыңғысханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар моңғолдарға бағынды. 1211 ж Шыңғысханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзегенің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғысханның негізгі мақсаты батыс елдерін Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды,Шығыс Еуропамен басып алу болды.Батыста моңғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгендігімен,ұзақ тұрақтамады.Бұл жылы моңғол әскерін Жетісуға Шыңғысханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттардарды. Жошы Торғай даласында Қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде моңғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегінді.
1218 жылы Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы қайта басталды. Осы жылы найман,қаңлы,керей тайпалары орналасқан Жетісу жеріне алғаш соққы берілді.Бұл кезде Жетісуды наймандардың ханы Күшлік хан билеп тұрған еді.Оған қарсы Шыңғысхан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді.Моңғолдар халыққа ислам дінін жария түрде оқуға рұқсат етіп,Күшліктің мұсылмандарды қудалауына халық наразылығын өз пайдасына пайдаланды. Шыңғысхан Жетісу халқын өз жағына тарту үшін тонаушылық пен қырғынғы тыйым салды. Көп елді мекендер, оның ішінде Баласағұн қаласы соғыссыз берілді, ал Күшлікті Бадахшан қаласында моңғолдар ұстап өлтірлі.
Шығыс Түркістан мен Жетісу басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіру үшін «Отырар апаты» оқиғасы себеп болды. 1218 жылы жаз басында Шыңғысхан тапсырмасымен құрамында көпестері және моңғол басшылары бар 450 адамнан тұратын керуен Отырарға жол тартады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп,оларды өлтіруге бұйырып, керуен тоналады. Бұған ашуланған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхамедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтан келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болды.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. 1219 жылы Ертіс өзені бойында әскери жорық басталды.Отырар қоршауға алынды.Шыңғысхан әскерін үш топқа бөліп оның бір бөлігін Отырарды алу үшін Шағатай мен Үгедей ұлдарына қалдырып, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды.Шыңғысхан өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан Ерлікпен шайқасты , қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды.Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Караджа хиджаб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып , оларды қалаға кіргізді , кейін оның сатқындығы үшін өлттірілді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде алынған жер ұлыстарға бөлінді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұрты-Монғолияның өзін, сонымен қатар монғолдың 129 мың адалдық әскерінің 101 мыңын иеленді.Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның шығыс бөлігі , Жоңғариямен Шығыс Түркістан аймағы қарады.Үгедей ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы болды. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахр қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертіспен Тарбағатай аймағында орналасты.
Қазақсытанның аумағы монғолдың үш ұлысынығ құрамына: үлкен бөлігі-Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан-Шағатай ұлысына,Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі-Үгедей ұлысына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет