Реферат тақырыбы: Адамның эмбрионалды дамуы



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#129529
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универститеті



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Адамның эмбрионалды дамуы.

Орындаған: Ералы Нұржамал


Топ: Биология – 13
Қабылдаған: Айнагулова Г.С.
Астана, 2023 ж.

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Адамның эмбрионалды дамуы;
2. Ұрықтану;
3. Зиготаның бөлінуі;
4. Ұрықтың 3 қабатының пайда болуы;
5. Эмбрионалды дамудың негізгі компоненттері;
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Жалпы эмбриология – ұрықтың қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Жануарлар әлемінің түрлі типтер мен кластар өкілдерінің жеке жаму процесін салыстыру арқылы, эмбриогенездің ерте кездік сатылары барлық жануарларда және адамда ұқсас.


Адамның эмбрионалды дамуы
Адам эмбриологиясы - жұмыртқаны ұрықтандыру сәтінен бастап туылғанға дейін адам ағзасының дамуын зерттейтін ғылым. Бұл пән эмбрион мен ұрықтың дамуының әртүрлі кезеңдерінде адам ағзасының мүшелері мен тіндерінің қалай қалыптасып, дамитынын түсінуге мүмкіндік береді. Эмбриология сонымен қатар әртүрлі ауытқулардың дамуы мен пайда болуына әсер ететін факторларды зерттейді.
Адам эмбрионының даму процесі ұрықтану, зиготаның бөлінуі (алғашқы ұрықтандырылған жұмыртқа), үш ұрық қабатының пайда болуы (эктодерма, мезодерма және энтодерма), мүшелер мен мүшелер жүйесінің қалыптасуы және ұрықтың түпкілікті қалыптасуы сияқты бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды.
Эмбриопатия – ұрықтың сыртқы фактор әсерінен түрлі ауруға шалдығуы.
Медициналық эмбриология осы эмбриопатияларды зерттейді.

Ұрықтану


Ұрықтану – екі жыныс клеткаларының қосылуы. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нәтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында, ата – аналарының екеуінің де тұқым қуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомдары болады. Зигота бөліне бастайды да, көп клеткалы ұрыққа айналады.
Әдетте жұмыртқа жасушасына бір ғана сперматозоид еніп, ядросымен қосылады. Егер екі не одан да көп сперматозоид енсе, ұрықтану жүрмейді. Бірақ құстар мен бауырымен жорғалаушыларда бұл құбылыс болып тұрады, және ұрықтану жүре береді.
Ұрықтану зигота түзу үшін аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқасының бірігу процесін қамтитын бірнеше сатыдан тұрады:
1. Капацитация. Бұл ұрықтандырудың алғашқы кезеңі. Сперматозоидтар . капацитация процесі арқылы өтеді, нәтижесінде олар қозғалмалы болады және жұмыртқаға ене алады.
2. Контактты әрекеттесу. Жатыр түтігінің ішіндегі қышқылдық орта әсерінен сперматозоидтардың көп бөлігі өліп қалады. Овоцитке жеткен 200-300 сперматозид жұмыртқа жасушасын қоршап алады да, қабығымен әрекеттеседі. Ұрықтандыру үшін сперматозоид 3 кедергіден өтуі керек: сәулелі тәж, мөлдір зона, овоциттың плазмолеммасы.
3. Зиготаның пайда болуы. Сперматозоид жұмыртқаға енген кезде олардың генетикалық материалы біріктіріліп, зиготаның пайда болуына әкеледі. Зигота - болашақ ағзаның алғашқы жасушасы және екі ата-ананың хромосомаларының жиынтығын қамтиды.
4. Жұмыртқа жасушасының қабығының бітелуі. Бір сперматозоидтың жұмыртқаға сәтті енуінен кейін, басқа сперматозоидтардың жұмыртқаға енуіне жол бермейтін тосқауыл пайда болады. Бұл зиготадағы полиплоидияның (артық хромосома) алдын алу үшін маңызды.
Зиготаның бөлінуі
Зиготаның бірінші бөлінуі жатыр түтігінің ампуласында ұрықтанудан 30 сағаттан кейін басталады. Пайда болған екі бластомерлердің өлшемдері әртүрлі. Олардың екінші бөлінулері асинхронды өтетіндіктен, 2 және 4 бластомерлі сатылары арасында 3 бластомерлі ұрық сатысы пайда болады. Үшінші бөлінулер айналымы кезінде бөлшектенудің синхронды еместігі одан да қатты байқалады, ақырында 8 бластомерлі ұрық пайда болады. Осы кезге дейін, арасында куыстары бар, бос орналасқан бластомерлерден тұратын ұрық, бұдан былай тығыздала бастайды, яғни компактизацияға ұшырайды. Бластомерлер жақындасып, арасындағы қуыстар кішірейеді. Эмбриогенездің 3-тәулігі бойы өтетін мұндай өзгерістер бластомерлер арасында мамандандырылған жасушааралық саңылаулы және тығыз контакттардың қалыптасуына жағдай тудырады. Өз ретінде бұл құрылымдар ұрықтың бұдан былайғы даму процестеріне қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет