Реферат Тақырыбы: бақ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі. Орындаған: Искенова Ақерке



бет1/2
Дата10.05.2022
өлшемі23 Kb.
#33942
түріРеферат
  1   2

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Реферат


Тақырыбы: БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

Орындаған: Искенова Ақерке

Қабылдаған Нахипбекова С.

Тобы: ЖМ – 007

Түркістан 2020ж.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі.

Кез-келген демократиялық қоғамының даму деңгейі оның бұқаралық ақпарат құралдарына деген көзқарасымен де, мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас жүйесімен де анықталатыны белгілі. Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға, оны тереңдетіп дамытуға БАҚ-тың рөлі зор. Ол үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дәл сол болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың бұқара белгілі билік орындарының лауазымды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дәл осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз ете алса, онда елде сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің міндеті – халықаралық қатынас барысында және ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Әсіресе мемлекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт және достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-ның негізгі рөлі журналиятік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер мен фактілерді жұртщылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу үшін БАҚ тәуелсіз болуы және шын мәнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет.

БАҚ-ның ерекше міндеті – әрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық және шығайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.

Журналистердің әр түрлі ой – пікірлерге қарамастан адамдардың әлеуметтік маңызы зор толық және шынайы ақпарат алу құқығын жүзеге асыруына ат салысуы қажет. БАҚ қызметкерлері атқаратын кәсіби қызметтерінің нәтижесі тек елдің заңнамасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың адамгершілігі, ақыл-ойы мен денсаулығына залал келтіретін ақпараттар таратуға шек қоятын журналистік этика ережелеріне де тәуелді. Журналистер сөз бостандығы мен тәуелсіз ой-пікірді жариялауға міндетті.

Баспасөз бостандығы бүкіл халықтікі, сондықтанда қоғамдық маңызы бар қандай да бір ақпараттарды жариялау әлдебір саяси, коммерциялық т.б жекелеген топтардың ықпалына түспеуі қажет. БАҚ олардың ішкі редакциялық іс-әрекеттері ықпал етілмейтіндей қалыпта жариялауға кепілдік берілуі керек. Журналистер өз жұмысында тек өзі қызмет ететін БАҚ аудиториясының ғана мүддесін білдіруі тиіс. Жалған ақпарат тарату ақпартатты әлейі бүркемелеу арқылы ақша табу кәсіби қылмыс ретінде қаралуы тиіс. Журналистік қызмет жасырын, жалған ақпаратпен сыйыспайды. БАҚ жұмысы тиімділігінің өлшемі – өзінің экономикалық іс-қимыл қорытындылары мен танымдылығы және сол БАҚ-ына қатысты оқырмандардың сенімі.

Еліміздің егемендіктен кейін қол жеткізілген елеулі жетістігі – жариялылық. Алайда бұрынғы идеялогиялық тәуелділіктің орнын экономикалық тәуелділік басты. Кімдер ақша төлесе – БАҚ беттері мен эфирде солар музыкалатты. Бұл құралды қалталылар тиімді пайдаланып келеді.

Десек те, заң бойынша бәрі басқаша болуы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңында тап осылай бапталған. БАҚ құрылтайшылары қаржыландыру көздерін ашық көрсетуі тиіс. Жариялылық болуы керек немесе ұлттық қауіпсіздікке зиян шектірері анық. Дегенмен, сыбйлас жемқорлық мәселелері көбіне көп шетелдік БАҚ-ның хабарламаларында көп жазылып, айтылып келеді. Жергілікті БАҚ жоғарыдан тапсырма болмаса, бұл тақырыпты қозғалай бермейді. Өйткені, ондай материалдарды ішкі цензура жариялауға қарсы тұрады. Тек интернет жүйесінде ғана ондай өткір – сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар сиректе болса бой көрсетіп тұрады. Мемлекеттік мекемелердегі шенеуніктер БАҚ-пен байланыс жасаудан қашқақтайды.

БАҚ-ның өз басына жетерлік проблемалары бар. Журналистер де азаматтық қоғамның мүшелері. Күнделікті өмірде қоғамның өзге мүшелері секілді оларда сыбайлас жемқорлықтың түрлі жолдарымен кездесіп отырады. Өзге адамдар сияқты оларда өзінің жеке проблемасын шешу үшін біреуге пара беруге, не болмаса пара алуға мәжбүр болатын жайттарда кездеседі. Батыстық түсінік бойынша БАҚ тек оқырманға ғана тәуелді. Ерекше жайттар мен жақсы жаңалықтарды БА-ның өзі сатып алуға дайын жүреді. Сондықтан жақсы жаңалықтар табу үшін журналистердің өзі сізге қызығушылық білдіруі мен сіз туралы жазуы – батыстық пиардың негізін құраушы ерекшеліктер болып табылады. Ресей медиа – нарықтарын зертеушілердің пікірінше БАҚ ақшаны өзі алмайды, жанында клиенттермен келіссөз жүргізіп алатын тәуелсіз пиарлық агенттіктер ұстайды. Қалғандары мүмкіндігінше жұмыс істей береді, бірақ барлығына ортақ ереже бір: көшедегі адамнан ешкім ақша алмайды. Егер сіздің өз байланыстырыңыз жоқ болса, онда үстінен қосымша табыс түсіретін қосымша делдал іздеуге тура келеді. Қазақстандағы жағдай көп ретте Ресейдегі жағдаймен ұқсас және саяси процестердің дамуымен бірге оның жолдары да жетілдіріле түседе. БАҚ өкілдері арасында жемқорлық іс – әрекеттердің пайда болуына себеп болған жайттардың бірі – журналистің қарапайым күнкөріс көзін қанағаттандыра аламайтын төменгі табысы. Жұмыс істеуге жағдай жасалмауы, төменгі жалақы БАҚ-дағы жемқорлықтың басты себептері болып табылады.

Журналистік этика тек моральдық – адамгершілік мәселелеріне ғана емес кәсіби қызметке де тікелей қатысты. Барлық журналистік этика кодекстеріне ортақ проблемалардың бірі - кодекстің заңдық күші болмайтындығында, сондықтанда көптеген журналистер кодекс қағидаларын орындауды міндетті деп есептемейді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте – жариялылықтың маңызы зор. Мұны тек қана бұқаралық ақпарат құралдары ғана істейді.Ендеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы БАҚ-ына артылар жүкте осал емес. Алайда, жемқорлық тақырыбына қалам тартатын журналистің тіршілігіде адам қызығарлық емес. Алдымен еш жерден толымды ақпарат ала алмай бір шаршайды. Екіншіден, тілшіге тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Ол билік өкілі емес. Сондықтан мазаны алып тықақтай беретін журналистен мың сылтау тауып құтыла салады. Ал, тіпті қаламына бірдеңе ілініп сын мақала жазған күнде де оған назар аударып, құлақ қойып жатқан да жан табыла қоймайды.Мүмкін газет материалдарына жүрдім-бардым қарауына өзімізде кінәлі шығармыз. Керек уақытында табандылық пен талап етушілік жағынан кемшін тұстары тағы бар.

Сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізетін тағы бір жол – қолында билігі бар жандардың барлығында өз табысын жария етуге мәжбүрлеу. Олар өздерінің табысын халықтан жасырмау. Бұл бағытта да БАҚ-ның рөлі зор. Тек оны анықтап, жариялату қиыннның қиыны. Басқаша айтқанда, жергілікті БАҚ жергілікті билікке тәуелді. Десек те, БАҚ шамашарқы жеткенше дабыл қағып қалуда. Мысалы, Қазақстанда базарлардың жаппай өртену БАҚ-да тарқатыла жазылды. Сондықтан, қайсы бір облыстық қалалық және аудандық деңгейлердегі биліктегілер тарапынан сыбайлас жемқорлық торын құрып, мемлекет қаржысын талан – таражға салғандығы әшкереленді. Парламент сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиевтің Егемен Қазақстан газетінде Тоғышар санаға сілкініс керек атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада БАҚ-ның, жұртшылықтың және Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күресінің негізгі бағыттары нені айқындауы керектігі туралы өте тартымды айтылған. Нұр Отан партияның 2015-2025 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының мән-мағынасы талданған.

«Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру жөніндегі бағдарламасында өте дәл әрі анық әрі нақтылы айқындалып отыр. Бағдарламада айтылғанда «сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болуы керек. Әр қазақстандық әр отбасы сыбай жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екенін түсінуі керек. Сондықтан бала күнінен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек деп өте орынды айтылған пікірлер. Ендігі күні бұл қағидаттар әрбір Қазақстан азаматтарының өмірлік қағидаттарына өмір сүру заңы есебіндегі ұстанымына айналуы керек. Бұл үшін күнбе-күнгі тәрбие мен түсінік жұмыстары өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені, біз ендігі арада ұлттың өкениетті дамуына кедергі келтіретін жағдай ретінде бұл құбылысқа қарсы құлшынысты күшейтіп, жемқорлықты, мінез-құлақтан жоюға тиістіміз.

Отан тағдыры үшін аса қажетті бір саналық критерийге жету үшін бұған әуелі әр отбасы және білім беру салалары зор мүдделік танытулары қажет. Және де жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын мектеп тәрбиесінен бастағанды абзал санай отырып, сол тәрбие мен білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені құру үшін педагогика, психолгия, құқықтану, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ әлеуметтану салаларының ең үздік мамандарын тарту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүргізу мен білім берудегі негізгі мазмұн «заң», «әділдік», және «тең құқық» сияқты іргелі түсініктермен тығыз ұштасуға тиісті. Ең әуелі әрбір қазақстандықтың қоғам мен мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықтың қауіпін түсіну, сонан соң сыбайлас жемқордың жағымсыз бейнесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық әрекеті мен моралінен бас тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өмір салтын қалыптастыру, құқықтық нигилизмді жеңу басты міндет болуы керек. Осындай дәйекті де жүйелі әрекеттер болғанда ғана қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік» сенім қалыптасары анық. Жалпы халықтың партия саналатын «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың аса маңыздылығы мен өзектілігі және қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдыру қажеттілігіне дер кезінде баса көңіл бөлуі құптарлық іс-әрекет.

Жасыратындығы жоқ, себебі қолында билігі мен байлығы, құрығы мен қаржысы бар ықпалды сыбайластарға не істей алар екенбіз, дегендей қоғамдайалаңдаушылық болды. Өйткені, бір кездері «егер де бір мекеменің қатардағы біреуі парамен қолға түссе, сол мекемеені басқарып отырған басшы өз орнынан өз еркімен кетуі керек» деген де пікірлер айтылды. Ол бірде орындалса, бірде орындалмай жатты. Ал мұның өзі өз кезегінде келіп, қоғамнын жемқорлыққа қарсы күресу сенімін әлсіреткені де рас тұғын.

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа идеялогиясын ұсынып отыр. Ол – адал еңбек идеологясы! Адал еңбекті құрметтеу аясын барынша кеңейту арқылы өскелең ұрпақтың санасына адал еңбек, маңдай теріңмен ғана тапқаның асыл құндылық болатындығын сіңіруіміз керек. Мұны әр бала қз отбасында көріп, сезініп өсуі жөн. Дарақылық салынып, арамнан тапқан дүниесін шайқап жеп жүрген ата-аналарын көріп өскен отбасы балаларының мінез-құлқында ерте қалыптасар дүниеге деген қызығушылық күні ертең сол дүниенің құлы болуға ықпал ететіндігін де ойлайық. Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ар ен иман арқылы жүзеге асырылуы қажет деген ойды алға тарта отырып, отбасы мен қоғамда дәстүрлі халықтық қанағатшылдық құндылықтарды дәріптеу, қанағат пен ынсап, имандылық, ысырапшылдыққа жол бермеу, материалдыққа қарағанда рухани байлыққа басымдық беру мәселесін көтеруі де, сөз жоқ, тоғышар санаға да сілкініс әкелері анық. Сонымен қоса, «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» идеялогиялық брендін іргерілету мәселесі де біздің алдағы бар жұмысымыздың өзегіне айналуы керек.

Қазіргі уақытта қоғамды экономика және мемлекеттік қызмет пен басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық көбірек алаңдатып отыр. Қарапайым қағидаға сүйенер болсақ, экономика әркімнің тіршілігі мен күнкөрісі болса, мемлекеттік қызмет пен басқару саласы – сол әркімнің өз болашағына деген сенімінің тірегі болуы тиіс. Ал енді мемлекеттік қызмет пен басқару саласы сияқты мемлекет тірегінің әлсіреуінің кез-келген көрінісіхалықтың билікке деген сенімінің әлсіреуі екендігін, мұның ел тәуелсіздігіне тигізер залалы мен қаупі боларын ұғынар кез келді.

«Нұр Отан» партиясының бұл бағдарламасының туындауына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы себепші болды. Жолдаудың «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөнінде міндеттерді шеше алмаймыз» делінген болатын.

Олай болса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық жолдауын және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жоспарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үдете түсуге қолғабыс тигізу қазақстандық БҚ-ның жауапты да міндетті ісі болып табылады. Жемқорлыққа қарсы насихат, ашу-ыза тудырар ақиқатты ақпарат Елбасы тарапынан өткір қойылып отырған тапсырманың орындалуына іске асырылуына кепілдеме бере алады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет