Реферат тақырыбы: Дәрумендер Орындаған: Елеубекова Ж. Е



Дата12.05.2023
өлшемі52,34 Kb.
#92418
түріРеферат

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы техникалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дәрумендер




Орындаған: Елеубекова Ж.Е





Саран 2022

Жоспар:

1. Дәрумендер және олардың маңызы мен пайдасы
2. Дәрумендер көп және жетіспеген жағдайда болатын құбылыстар
3. Қорытынды

1. Дәрумендер және олардың маңызы. Дәрумендер — ерекше органикалык, заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады.


Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.
Дәрумендер латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріп термен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жаңсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз ала-бүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.
В дәруменінің түрлері өте көп; В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытңыда болады. В дәрумендерінің’ тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. В2 дәрумені жілік майында ңызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бүл дәрумен жетіспесе, ңан аздық ауруының тууына себеп болады. В12 дәрумені жүрек қан тамырларының жүмысына және бауырдың серрозит ауруына әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жүңпалы ауруларға қарсы тұ-руыи арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсар-тады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бүл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістер-ді, ашыған орамжапыраңты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бүл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруы мен ауырғанда ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспай, аяң сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бүл аурудан сақтану үшін баланың таза ауада, күншуақта көбірек болуы және ішетін тамаң қүрамында ңажетті дәрумендері жеткілікті мөлшерде болу керек.
Біздің дәрі-дәрмек жасайтын өндірістеріміз тәттімен қап-талған дайын дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді- дә-рігердің рұңсатынсыз өз бетімен ауру және дені сау адам-дардың ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, оны көп мөлшерде пайдаланса, ңатты ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келуі мүмкін.
К дәрумені қанның құрамындағы қан құюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондыңтан, бұл дәрумен жетіспегенде жараңаттанған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К дәрумені орамжапырақта, қызанда, бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.
Дәрумендер және олардың пайдасы.
Дәрумен – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төлнашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады
Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік. 
А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.
А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.
В1 дәрумені ашытқы, бауыр, сәбіз, сүт, саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады, сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. 
В2 дәрумені ашытқы, бауыр, жұмыртқа, сүт, ірімшік, қара нан, ет, балық, көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам жүдеп, шаршап, ерні, өкшесі жарылып, көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адам ағзасына оның қажеттілігі одан сайын арта түседі. Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал.
Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар.
В6 жетіспесе, қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ, ұйқышыл, кейде бет, мойын терісі қабынып, кейде қояншық ауруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе, ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді.
В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. Бұл дәрумен екіқабат әйелдерге және жемсау (зоб) ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады.
С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр, жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің, қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды. 
С дәрумені суда жылдам ериді. Сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. 
С дәрумені итмұрында аса көп. Соған орай күзде көп жинап алып қысқа сақтауға болады. Суға езіп, тұнбасын ішеді. Негізінде адамға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде С дәрумені қажет.
Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.
Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. Оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.
Осы аталған дәрумендермен қоса Е, К, РР, Р деген дәрумендер де ағзаға үлкен әсер етеді.
Е дәрумені жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Күнделікті пайдаланған тағамдардың ішінде өсімдік майында көп болады.
К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. Ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне адамға 0,2-0,3 мг К дәрумені қажет.
РР дәруменінің ағзада жетіспеуі пеллагра деген дертке ұшыратады. Оның негізгі белгілері іш өту, тері қабынуы, т.б.
РР зат алмасуға қажетті ферменттердің құрамына кіреді. Адам ағзасының бұл дәруменге деген қажеттілігі күніне 15-30 мг. Ол бауырда, ашытқыда, қозықұйрықта көп кездеседі. Бұл дәрумен қарын сөлін өндіруге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, қызыл қан түйіршіктерінің түзілуіне, сүт қышқылының алмасуына тікелей әсер етеді. 

2. Дәрумендер көп және жетіспеген жағдайда болатын құбылыстар.


Дәрумендердің тапшылығының себептері;
Дәруменнің ағзада жетіспеушілігі (мүлдем жетіспеушілігі– авитаминоз; төмендеуі – гиповитаминоз) түрлі ауруларды қоздырып, адамның жалпы жағдайын төмендетіп, аурулар туғызуы мүмкін. Дәрумендер жетіспеушілігінің түрлі себептері бар: 1. Адам ағзасына олардың жеткіліксіз мөлшерде түсуі; 2. Ағзадағы дәрумендердің түрлеріне қарамастан, асқорыту жүйесінің аурулары салда-рынан олардың қорытылып, сіңуінің бұзылып, нашарлауы. Дәрумендер жетіспеушілігі көбіне «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген мезгілі» – көктем айларында кездеседі.
Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену Пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану Бери-Бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
3. Дәрумендер жіктелуі. АДЕКВСР-дәрумендерінің физиологиялық қасиеттері.
Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады.
Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады.
Майда еритін витаминдер;
А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
Суда еритін витаминдер;
С витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.
В1 витаминi (тиамин ) организмде дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе көміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығыздалған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда организм В1 витаминін көп қажет етеді. 
В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады. 
В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.
В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.
В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.
Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.
К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.
Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.
РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруына акеледі.

3. Қорытынды


Дәрумендер – адам ағзасы үшін қажет, химиялық структурасы әртүрлі биологиялық белсенді заттар. Олар адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Дәрумен жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды.
Дәрумендер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәрумендерсіз біздің орга-низміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Дәрумендер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.
Дәрумендерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді.
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топ-қа бөледі:
1) суда еритін дәрумендер: оларға – В тобының дәрумендері мен С (аскорбин қышқылы);
2) Майда еритін дәрумендерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.
Дәрумендердің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы организмге қажет дәрумендер мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте дәрумендер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық, психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау мен әйелдердің жүктілік және бала емізу кезінде.
Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылып, иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Авитаминоз белгілері: ұйқышылдық, үнемі шаршап жүру, безеудің пайда болуы, көру қабілетінің төмендеуі, шаштың түсуі, ашуланшақтық, тырнақтың сынуы және т.б.
Кез келген дәруменді (әсіресе В және Д дәруменін) организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Дәрумендерді бірден көп мөлшерде қабылдау да организмге кері әсер етеді, яғни уландырады.
Сонымен дәрумендер деп химиялық табиғаты әртүрлі органикалық заттарды айтады. Дәрумендер латынша vita — өмір, тіршілік; vitamin — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организм-ге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда дәрумендердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті дәрумендер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әртүрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын және реттейтін де дәрумендер.
Сөйтіп дәрумендер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.
Тамақты сақтағанда және өңдегенде дәрумендер бұзылады. С дәрумені бұзылмай сақталуы үшін – жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен қапталған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн.
Піскен тамақта дәрумендердің бұзылмай сақталуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет