Реферат тақырыбы: «Еңбек өнімділігін талдау» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сержанов Е. Ж



бет1/7
Дата27.07.2023
өлшемі28,51 Kb.
#104839
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРСП титулдық беті (копия) (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Бизнес және құқық» жоғары мектебі
«Есеп, аудит және қаржы» кафедрасы
«Экономикалық талдау және статистика» пәнінен
студенттік өзіндік жұмысы бойынша


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Еңбек өнімділігін талдау»


Орындаған:


3 курс ЭИ20-07 тобының студенті Сержанов Е.Ж.

Қабылдаған


э.ғ.к., профессор Бейсенбаева А.К.
Алматы – 2023 ж.


Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1 Еңбек өнімділігі туралы жалпы түсінік
2.2 Еңбек өнімділігін өндіру және жоғарылату
2.3 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
2.4 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек.
Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады. Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады.
Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады.
Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады. Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет