Қарсы мінез қҰЛЫҚ кодексі



бет1/7
Дата01.11.2022
өлшемі43,08 Kb.
#46622
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7


БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ



2020 жыл

БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ КОДЕКСІ


ПРЕАМБУЛА



Осы Кодекске қол қойған, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - «ұйымдар» немесе «білім беру мекемелері»):
  • 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығын, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар екендігін;

  • 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес ешкімді азаптауға немесе қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға душар етуге болмайтындығын;


  • 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес «Осы Пактіге қатысушы мемлекеттер әрбiр адамның бiлiм алуға құқығын танитындығын, олар бiлiм - адамның жеке басының толық кемелденуiне және өзiнiң қадiр-қасиетін сезiнуiне бағытталып, адам құқықтары мен негiзгі бостандықтарына деген құрметті нығайтуы тиiс екендiгімен келiседi. Бұдан әрi, олар бiлiм баршаға еркiн қоғамның пайдалы қатысушылары болуына мүмкiндiк туғызып, барлық ұлттар мен нәсiлдiк, этникалық және дiни топтар арасындағы өзара түсiнiстiк, төзiмділiк пен достыққа ықпал етiп, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бейбiтшiлiктi қолдау жолындағы жұмысына жәрдемдесетiнiн құптайтындығын»;

  • 1989 жылғы Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес «қатысушы мемлекеттер баланы заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың тарапынан физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, қараусыздықтың немесе немқұрайдылықтың, қатыгез қарым-қатынастың барлық түрлерінен қорғау мақсатында барлық заңнамалық, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушылық шараларын қабылдайтындығын»;

  • 2007 жылғы «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерінде және білім беру ұйымдарының жарғысында белгіленген шектерде оқу процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеуде және орналастыруда, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыруда тәуелсіздігін; білім беру ұйымдарының құзыретіне ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекіту кіретіндігін (43б.), ал «білім алушылар мен тәрбиеленушілер ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымдарының жарғысы мен білім беру қызметін көрсету туралы келісім шартта көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті екендігін (47б.).

  • 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагог өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқылы екендігін мойындай отырып,

  • білім беру процесі барлық қатысушылардың өзара құрметіне негізделуі керектігіне;

  • білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылар үшін жайлы және қауіпсіз орта құру білім сапасын арттырудың, азаматтық қоғамның жауапкершілігі жоғары мүшесі, тәуелсіз толыққанды жеке тұлғаны қалыптастырудың кепілі болатындығына;

  • білім беру процесіне қатысушылардың әрқайсысының артықшылықтары мен ерекшеліктерін құрметтеу, білім беру ұйымдарында әр адамға құрмет көрсету және достық қарым-қатынас жағдайын жасау тәрбие мен білім берудің міндетті шарттары болып табылатындығына сенім білдіре отырып,

Төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Кодексті ішкі нормативтік құжат ретінде бекітуге және оның білім беру
процесінің барлық қатысушыларының төменде көрсетілгендей сақталуын қамтамасыз етуге
міндеттенеді:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет