Реферат тақырыбы: Электротехниканың негізгі заңдары. Орындаған: Бәкір г тобы: ФӨТҚА-01-22



Дата16.10.2023
өлшемі189,8 Kb.
#115927
түріРеферат

«
Инженерлі пәндер»кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Электротехниканың негізгі заңдары.

Орындаған:Бәкір Г
Тобы:ФӨТҚА-01-22
Қабылдаған:Даулетбаева Д

Шымкент 2023



Жоспар


  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

2.1 Электротехниканың негізгі заңдары
2.2 Электр энергиясын генерациялау,өндіру,беру,тарату

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер



Электротехника - бұл электр және магниттік құбылыстарды зерттеумен және оларды практикалық мақсаттарда қолданумен айналысатын ғылым мен техниканың саласы. Халық шаруашылығының салаларын электрлендірусіз ғылыми-техникалық прогреске жету мүмкін емес. Электр қуаты техниканың барлық салаларының даму негізі,өнеркәсіп,көлік, ауыл шаруашылығы, коммуналдық тұрмыстық міндеттелген объектілер мен құрылыстың даму базасы болып табылады.




Электротехниканың негізгі заңдары
1.ОМ ЗАҢЫ – кернеудің түсуі кедергі арқылы ететін токтың көбейтіндісіне тең.

U=IR



I=U/R



R=U/I


2.ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫ- электр тоғының жылу әрекетін сипаттайтын заң. Бұл заңға сәйкес, өткізгіште тұрақты тоқ өткенде бөлінетін жылу мөлшері Q (джоуль) тоқ күшінен I (ампер), өткізгіш кедергісінен R (ом) және оның өтетін уақытынан t (секунд) тәуелді:

Q = I2Rt




3. КИРХГОФ ЗАҢДАРЫ
Бірінші заңы тізбектің түйініне бағыталған тоқтардың қосындысы (оң) мен түйінінен шығатын тоқтардың қосындысы (теріс) арасындағы байланысты анықтайды, яғни ∑I = 0.

Сурет 1 - Тоқ түйіні

Тізбектің кез келген нүктелерінде (түйінде) топтасатын тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең. Мысалы, мына түйін үшін (сурет 1) былай жазуға болады: I1 + I2 + I3= I5 + I4 немесе I1 + I2 + I3 – I4 – I5 = 0.

Екінші заңы электр қозгаушы күштердің қосындысы мен электр тізбектің тұйык контурының кедергілеріне түсетін кернеулерінің қосындысы арасындағы байланысты анықтайды ±∑U = ±∑E. Контурды айналудың еркін бағытымен сәйкес келетін тоқтар оң деп, ал сәйкеспейтіндері - теріс деп есептеледі.

Сурет 2 - Ток контуры

Сызба үшін (сурет 2) Кирхгофтың 2 заңы келесідей: (R1+R2+R3+R4)I = E1 – E2


4. ЛЕНЦ ЗАҢЫ - электромагнитті индукцияның барлык жағдайын қамтитын негізгі ереже және индукцияның пайда болатын ЭҚК бағытын аныктайды.Ленц заңына сәйкес бұл бағыт барлық жағдайларда ЭҚК- н пайда болған тоқ индукцияның ЭҚК пайда болуы өзгерісіне қарсыласады деп алынады. Бұл заң электромагнитті индукцияға энергияның сақталу заңын сапалы қалыптасуы заңы болып табылады.

5.ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ ЗАҢЫ, Фарадей заңы - магнитті және электр құбылыстары арасындағы байланысты айкындайтын заң. Контурдағы электромагнитті индукцияның ЭҚК сандық түрде тең және осы контурмен шектелген беттік арқылы өтетін магнит ағынының жылдамдығының таңбасы бойынша қарама - қарсы. Өрістің ЭҚК шамасы магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді.

Электр энергиясын өндіру және жеткізу
Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің елде 220 В кернеу кеңінен қолданылады.




Қорытынды

Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Электротехника и электроника учебник / А. Н. Горбунов ; под ред. А. В. Кравцова. - Алматы :Эверо, 2012
2. Балабатыров С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері.- Алматы: 1995.
3. https://ulagat.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет