Х.Досмухамедов атындығы Атырау университеті
6В06102 «Бизнес -аналитика және IT-жобаларды басқару» 101топ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Әсем қала-Атырау»
Дайындаған: Бекболатова К.Б.
Тексерген: Турмуханова Г. Б.
27.09.2024
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
Атырау — Қазақстан Республикасының батыс өңірінде, Каспий теңізінің жағасында орналасқан әкімшілік орталық. Бұл қала еліміздің мұнай-газ өнеркәсібінің негізгі орталығы, сондай-ақ, тарихи және мәдени байлығымен де ерекшеленеді. Атырау табиғатының әсемдігі, тарихи ескерткіштері мен түрлі мәдени шаралары қалаға туристер мен зерттеушілерді тартады, сондай-ақ мәдениеті мен тарихы, табиғи сұлулығы арқылы ерекшеленеді. Атырау қала халқының ұлттық құрамының түрлілігімен, салт-дәстүрлері мен мәдени байлығымен мақтана алады.Атырау обылысы – Қазақстанның батысында орналасқан, обылыс аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ, 1938 жылы Гурьев облысы деген атаумен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Орталығы — Атырау қаласы.Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.Атырау қаласы Қазақстанның батыс бөлігінде, Атырау облысының орталығы болып табылады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің сағасында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Географиялық координаттары: 47.1167° солтүстік ендік, 51.9333° шығыс бойлық.Атырау — Қазақстанның батысындағы маңызды көлік торабы, сондықтан ол өнеркәсіптік және экономикалық тұрғыдан стратегиялық маңызы зор. Қаланың географиялық орналасуы оның мұнай-газ ресурстарына жақын болуына мүмкіндік береді.
ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Жайық бойындағы бұл оқиға Астрахан әскерлері басшылығын елең еткізді. Ағаштан тұрғызылған қорған қамал жаудан және өрттен қорғануға қорғаныс бола алмайтынына көздері жеткен патша үкіметі,теңіз маңы және Жайық бойының қорғанысын күшейту мақсатында, 1645 жылдың 18 ақпанында М.Гурьевке қаланы қамал етіп тұрғызуға рұқсат береді. Рұқсат қағазында қала қамалын Астрахан қаласының үлгісіндей етіп тұрғызу көрсетіледі.
Тас қала-қорғанның құрылысы 1647 жылдың 6 маусымда басталып кетеді. Тұрғызылып жатқан қала 1649 жылы казактар атаманы И.Кондырев бастаған казактар тобының шабуылымен тоналады. Жайық бойындағы тас қала-қамалдың құрылысы 15 жылдан соң 1662 жылы аяқталып, Гурьевтердің үлкен қаржылық шығынына шығады. ХVІІ ғасырдың аяғына таман және ХVІІІ ғасырдың басынан бастап, тас қала-қамалы ірі шекаралық қамалға айналады. 1798 жылдың 11 желтоқсанындағы Патша жарлығымен Гурьев қаласы Орал әскери басшылығының қарауына беріледі.
1865 жылы уездік қала болды.
1917 жылға дейін және одан кейінгі 15 жыл бойы Орал әскери облысының орталығы
1925 жылдан Бөкей губерниясындағы Гурьев уезінің орталығы
1929 жылы Гурьев округінің орталығы
1930 жылы аудан орталығы
1938 жылғы қаңтар айының 15-інен облыс орталығы.
1992 жылы ақпан айының 21-і күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Гурьев қаласын Атырау қаласы деп атау жөнінде қаулы қабылдады.
Атырау қаласының мәдениеті бай. Мұнда ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдениет үйлесімділік тапқан. Қалада түрлі мәдени іс-шаралар, көрмелер мен фестивальдер өткізіледі. Атыраудағы мәдениет үйлері, театрлар мен мұражайлар қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударады. Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы орналасқан. Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс жасайды.
Атырау облыстық өлкетану мұражайы, Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан.[16] Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайы, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер т.б.жұмыс істейді.
«Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхана», Атырау облыстық балалар кітапханасы, Облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы, №1,2,3 Атырау қалалық орталық балалар кітапханалары қала тұрғындарына өз қызметтерін көрсетуде.
Атырау обылысында аймақ экономикасының басым және аса мән беріліп жатырған бағыттарының бірі туризм саласын дамыту. Әлемнің 50-ден астам елінен 1000 астам шетелдік және бірлескен компаниялары қызмет етуі Іскерлік туризмінің қарқынды дамуына ықпал етуде.
Атырауда туризм саласын дамыту үшін қолайлы аудан ретінде толық қарастыруға мүмкіндік бар. Болашақта емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, спорттық, экологияық, экстрималдық түрлерін дамытуға мүмкіндіктер бар. Спорттық туризмді дамытуда балық аулаудың өзіндік үлгісін ұсына аламыз.
2019 жылы ІІІ тоқсанда ішкі туризм бойынша 130 685 келушіге (2018 жылғы деңгейге 29 312 адамнан астам), келу туризмі бойынша — 57 251 келушіге (2018 жылғы деңгейге 7 837 адамнан астам) қызмет көрсетілді.
Облыста мәдени-танымдық туризм (өлке тарихымен, оның салт-дәстүрімен танысу), спорттық-әуесқойлық (аң аулау және балық аулау), этнографиялық, экологиялық және сауықтыру туризмі дамытыла бастады. Атырау облысының бірегей табиғи және мәдени әлеуетіне, әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне туризмнің икемді ықпалдасуына, жер бедерінің және табиғатының әркелкілігіне негізделген, туристердің кез келген сұранымын қанағаттандыруға қабілетті қазіргі заманғы туристік индустрия неғұрлым серпінді дамып келе жатқан және салаға салынған капиталдың қайтарымы бойынша тиімді табиғи жүйе құраушы факторы болып табылады. Қазіргі кезде Атырау қаласында шолу экскурсиясы бағдарламасы әзірленген және жұмыс істейді, онда көптеген қызықты тарихи, мәдени көрнекті жерлердің, ескерткіштер мен ойын-сауық нысандарының, сондай-ақ өңірде өмір сүріп жатқан түрлі халықтардың ас мәзірлерін қамтыған мейрамханлар мен дәмханалар қамтылған. Сонымен қоса, туристер шығармашылық орталыққа бара алады, онда апта сайын қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетіледі.
Сондай-ақ жаз мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін Атырау қаласының дәл орталығынан ағып өтетін және қаланы екі құрлыққа: Еуропа мен Азияға бөлетін Жайық өзені бойынша экскурсиялық теплоходпен серуендеу мүмкіндігі қарастырылған.
Жазғы кезеңде қала қонақтары «құзға шығу», «жылқы мен түйемен серуендеу» түрінде ойын-сауық қызметтері ұсынылатын, Жайық өзенінің жағалауындағы турбазаларға бара алады.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Каспий теңізінің жағалауында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың бірегей түрлері бар және мұнда әуесқойлық спорттық балық аулауға рұқсат етілген, бұл туристер үшін аса қызығушылық тудырады.
Атырау облысы — қарқынды дамып келе жатқан өңір.
Мұнда мұнай-химия кластерінің инновациялық жобаларынан басқа энергетика, өнеркәсіп әндірісі, агроөнеркэсіптік кешен, құрлыс индустриясы, машина жасау секілді салалар да үздіксіз дамуда.
Өңірде 600-ден аса ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Тау-кен өндіру өнеркәсібі өңір экономикасының базалық саласына жатады.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің негізін "Теңізшевройл" ЖШС, "Ембімұнагаз" АҚ, "Атыраумұнаймаш" ЖШС, "Шеврон Мұнайгаз Инк." компанисы және тағы да басқа әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі компаниялар құрайды.
Тарихи ескерткіштері.Атырауда тарихи ескерткіштер көп. Олардың арасында:Сұлтан Бейбарыс кесенесі — 13 ғасырда салынған, тарихы бай ескерткіш.Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы — қала тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған.
Атырау облысында 196 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 176 - орта, 8 - негізгі, 12 бастауыш білім беру нысаны тіркелген. Сонымен қатар, 5 жекеменшік мектепте мыңнан астам оқушы білім алады.
Өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде 11 мыңнан астам педагог қызмет атқарады. Олардың 89,0%-ы жоғары білімді, 11,0 пайызы орта арнаулы білімді, 1375-і - бірінші санатты, 1528-і - екінші санатты мамандар.
Облыс аумағында 2025 жылдың аяғына дейін 128 мектеп жаңғыртылады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Атырау қаласында көліктің барлық түрлері де дамыған.Атыраудағы экологиялық таза автобустар.Қоғамдық көлік. Атырау қаласының маршрут желісі күні бүгінге 51 маршрут жұмыс атқаруда. 2013-2015 жылдары аралығында қалаішілік маршрутында қызмет көрсететін «АйсТрансХолдинг» ЖШС-і өз қаражаты есебінен 51 дана автобус сатып алды. Қоғамдық көліктер GPS – мониторинг жүйесін қолданады, ол онлайн режимінде қалалық қоғамдық көліктердің маршруттары, аялдамалар және көліктің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттарды ұсынады.
«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылып, оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. 2020 жылы «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС-і экологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға лас шығарынды шығармайтын 160 жаңа автобус алды. 2021 жылдан бастап автобустар санын 140-тан 250-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл саптағы 220 автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктері үшін толық бейімделген
Қалада троллейбус жүйесі 1996 жылдың 09 қыркүйегінде ашылып, 1999 жылдың 29 сәуірінде оның қозғалысы тоқтатылды. Бір ғана маршрутта 5 троллейбус қызмет көрсетті.
Темір жол көлігі. Атырау арқылы өтетін темір жол вокзалынан 13 бағыт бойынша 24 поезд кесте бойынша жолаушылар тасымалын қамтиды. Темір жол Атырауды Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Астана сияқты ірі қалаларымен, сондай — ақ РесейдіңТәжікстанның қалаларымен және Өзбекстан астанасы-Ташкентпен байланыстырады.
Атырау архитектуралық құрылысы жағынан үшке бөлінеді. Жайықтың оң жағасындағы ескі қалада негізінен 20 ғасырдың басында салынған бір қабатты ағаш және кірпіш үйлер кездеседі. Орталық бөлігінде екі қабатты тас үйлер, 4 – 5 қабатты тұрғын үйлер мен мекеме жайлары бар. Өзеннің сол жағалауында кеңес өкіметі жылдары Ембімұнай кенті мен мұнай айыру зауытының қалашығы пайда болды. Жайыққа салынған көпір (1965) Еуропа мен Азия құрлықтарында жатқан қаланың екі бөлігін байланыстырады.
Атырау қаласының заманауи сәулетіне Исатай мен Махамбет алаңы, Иманғали мешіті, XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі, (бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат), Marriott қонақ үйі, Алмагүл ықшам ауданы, соңғы үлгіде салынған спорт, мәдениет сарайларын айтуға болады.
Қазір Атырау қаласында 6 саябақ бар. Жеңіс саябағы, «Алмагүл» ықшам ауданындағы саябақ, «Балықшы» ықшам ауданындағы саябақ, ретро паркі, №1 және №2 ықшам ауданындағы, және «Тұрғындар қалашығындағы» саябақтар. Саябақтардың аумағы 10 гектарға жетеді. Олар жасыл желектерден, аллеялардан, абаттандырылған жолдардан, орындықтар мен серуендеу алаңдарынан тұрады. Сонымен қатар танымал тұлғаларға ескерткіштер, субұрқақтар, мүсіндер және т.б. бар.
«Жеңіс» саябағы — Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған мәңгілік алау арқылы таныс. Кіре беріс қақпадан кейін әскери техниканың нақты үлгілері қойылған. Мұнда ұшақ, танк, зеңбірек, бронетранспортер т.б. көруге болады. Жеңіс саябағындағы "Тағзым Аллеясы" алаңында Ұлы Отан соғысының атыраулық қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылған. Парктің орта тұсында аспанға бағытталған найзаның жанында орналасқан Мәңгілік алау бар. Сондай-ақ, парк құрамында «Естелік қабырғасы» бар. Ол бірнеше ондаған ірі гранит плиталардан тұрады, олардың үстінде Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған Атырау облысы тұрғындарының есімдері жазылған. Саябақта қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткіш орнатылған.
Ретро Парк саябағы — өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы неоклассикалық үлгіде салынған. Оның негізгі аумағын парк аллеялары құрайды. Бұл саябақ Жайық өзенінің жағалауы мен «Тұрғындар қалашығының» аралығында орналасқан. Саябақта әртүрлі павильондар, амфитеатр, түрлі түсті жарықпен әрленген су бұрқақтары, ретро стиліндегі дәмхана т.б. бар. Орта тұсында жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер, жасанды тоғандар және басқа да сәулет туындылары орналасқан. Саябақта "Дос-Мұқасан" музыкалық ансамбліне орнатылған ескерткіш бар.
Жастар саябағы — Жайық өзенінің Еуропа бөлігіндегі жағасында орналасқан. Саябақта жүгіру, велосипед, жаяу жүргіншілер жолы салынған. Мұнда көлеңкелі конструкциялы жазғы мобильді кафелер, балалар мен ересектерге арналған алаңдар, спорт жабдықтары, аттракциондар бар. Аумағы – 6,5 гектар.
Атырау — Қазақстанның батысындағы әсем және стратегиялық маңызды қала. Оның географиялық орналасуы, тарихи мұрасы, мәдениеті мен экономикалық әлеуеті қала тұрғындары мен туристер үшін тартымдылық тудырады. Атырау мұнай-газ өндірісінің орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар мәдени алмасу мен ұлттық дәстүрлердің сақталуына үлес қосатын жер ретінде танымал.
Қаланың табиғи сұлулығы, тарихи ескерткіштері мен мәдени іс-шаралары тұрғындардың және қонақтардың өміріне ерекше мән береді. Атырау — әртүрлі мәдениеттердің тоғысқан орны, мұнда әр адам өзіне қажеттісін табады: табиғатқа жақын болу, мәдениетпен танысу немесе өнеркәсіптік даму.
Осылайша, Атырау қала ретінде дамып, өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік әлеуетін арттыра отырып, Қазақстанның болашағына зор үлес қосады. Атырау — тек қана жұмыс немесе демалыс орны емес, сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейдегі маңызды мәдениет орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: |