Реферат Тақырыбы: Эстетикалық тәрбие Орындаған: Мухатаева А. С. Тексереген: Тайтелиева Л. Р. Алматы 2022-2023



бет1/3
Дата12.06.2023
өлшемі101,02 Kb.
#100664
түріРеферат
  1   2   3

«Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ

Реферат


Тақырыбы: Эстетикалық тәрбие
Орындаған: Мухатаева А.С.
Тексереген: Тайтелиева Л.Р.

Алматы 2022-2023




Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1. Эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері 2.2. Эстетикалық тәрбие берудің жүйесі, формалары мен әдістері 2.3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі түрлері

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Кіріспе

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірлік қажеттіліктері мен мұраттарынан туындайды. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселелердің біріне айналып отыр. Біздің қазіргі кездегі жаңа қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп пен тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды[1].
Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.
«Эстетика» грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика – өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
Адам мен әлемдегі әсемдік пен сұлулық туралы қазақ халқының ұлттық көркем мәдениетін зерттейтін философиялық пән эстетика термині ежелгі грек тілінен «сезінуші», сезімді қабылдау деп аударылады. Қазақ халқының қалыптасу барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Қазақ эстетикасының бір арнасы Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өрнегі болған. Көне түрік жазуындағы Қожа Ахмет Ясауидың «Даналық кітабында» Ахмет Иүгинекидің «Ақыл сыйында», т.б. эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттелген.
Орыстың ұлы ойшыл демократы, жазушы В.Г.Белинский: «Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы... Онсыз, бұл сезімсіз данышпан да, талант та, ойда жоқ деген болатын.
... Эстетикалық сезім – ізгілік негізі адамгершілік», - деп түсіндіреді.
М. Горький: «Эстетика дегеніміз – болашақтың этикасы» - деген тұжырым жасайды.
Эстетика ұғымын алғаш рет ғылымға ХУІІІ ғасырдың орта шенінде енгізген неміс философы Александр Баумгартен (1714-1762ж) болды. Ол эстетиканы грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» - сезім, сезімнен қабылданған деген мағынаға ие. Ол «Эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарды. Содан бастап «Эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.
Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алады[2-3].
Эстетика – сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезімін тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді.
Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
А.В.Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда ол білімнің жансыздығы деп есептелген.
Кезінде орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой әрбір адамның бойында өзіне ғана тән көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына және де соны әр адам міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса, ал ұлы педагог К.Д.Ушинский – «барлық балалар бірі қалмастан әуесқой - суретші» - десе, В.А.Сухомлинский «әрбір бала - ақын» деп жазған.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға халық ағарту ісінің қайраткерлері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, П.П.Блонский, С.Т.Щатский, В.Н.Щатская, А.И.Буров секілді өкілдері қатысты.
Ал, қазақ ағартушысы – демократтары Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және т.б. ақын-жырау, жазушыларымыз халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырып, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген.
В.Н.Щатская «Эстетикалық тәрбиенің негізі, мақсаты мен мәні» атты мақаласында «Эстетикалық тәрбие дегеніміз – айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу... Көркемөнерде, өмірде әсемділікті жасауға шамасында қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу», - деп сипаттама берді.
Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемділікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдауды қарастырады. Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастардың негіздері қаланады[4].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет