Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Кафедра: Су ресурстары,жерді пайдалану және агротехника.
Пәні: Су шаруашылық құрылымдары мен жүйелерін пайдалану
Реферат
Тақырыбы: «Кіре беріс саңылаулар өлшемдерін анықтау жолдары
»
Орындағандар: Адилхан С.А
Тобы: АП-19-4к
Қабылдаған: Даулетбаев Б
Шымкент 2023
Кіре беріс саңылаулар өлшемдерін анықтау жолдары
Жоспары:
Кіріспе
Су ресурстарын басқарудың негізгі проблемалары
Трансшекаралық су объектілерін басқарудың күрделі проблемалары
Арал теңізінің экологиялық апаты;
Су шығымын есептеу және өлшеу әдістері
Су шығынының көрсеткіш
7. Пайдаланылған әдебиеттер:
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің басты табиғи компоненті болып табылады. Сонымен бірге, су ресурстары қоғам дамуының лимиттеуші факторларының бірі. Қазіргі қолда бар су ресурстары мен оларға деген қажеттілік арасындағы теңгерімнің бұзылуы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы кедергі болып табылады.
Елдің анағұрлым өткір су проблемалары суға деген тапшылықтың өсуі, жер үсті және жер асты суларының ластануы, орасан зор, нормативтен тыс су шығындары, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі бар проблемалар, мемлекетаралық су бөлу проблемалары, климаттың өзгеруі салдарынан су ресурстарының сарқылу қаупі болып табылады.
Су ресурстарын басқарудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:
1) Ұйымдық ортаның жетілмегендігі және секторлық бытыраңқылық
Су ресурстарын басқаруды үйлестіру мәселелері экономика салаларын дамытудың әзірленетін стратегияларында шешімін таппай отыр. Біртұтас су шаруашылығы саясатын жүзеге асыру үшін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға жеткілікті өкілеттіктер берілмеген, бұл су саласын дамытуды ұзақ мерзімдік жоспарлауға, су объектілерін пайдалану мүдделерінің, теңгерімін сақтауды оларды қорғаумен бір кешенде қамтамасыз етуге, сондай-ақ шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықты тартуға теріс әсерін тигізеді.
2) Қазіргі бар заңнаманы іске асыру тетіктерінің тиімсіздігі
Қолданыстағы су секторының құқықтық базасы, негізінен алғанда, ынтымақтастық және салааралық өзара іс-қимыл жасау проблемаларының бүкіл кешенін қамтымайтын және шешімдерді дайындау мен қабылдаудың нақты тетіктері кірмейтін жалпы сипаттағы ережелер ғана енгізілген. Халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындау жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылады.
3) Қазіргі заманғы басқару құралдарын қолданудың шектелуі
Су пайдаланудың құқықтық, экономикалық және ғылыми-әдістемелік құралдары жетілдірілмейді, бұл су пайдалаушыларды суды ұқыпты және тиімді пайдалануға және су объектілерінің ластануының алдын алуға ынталандыруға ықпал етпейді. Жұртшылықтың басқару шешімдерін қабылдау процесіне әсер ету деңгейі аса төмен.
4) Экожүйелік шектеулерге мән бермеу
Экономиканың су секторын дамыту әлеуметтік, экономикалық және әсіресе, экологиялық талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Су шаруашылығы қызметінде табиғат қорғау талаптарына мән бермеу Қазақстанның барлық өзен бассейндерінде дерлік дағдарыстық жағдайдың туындауына әкелді. Ормандардың, жайылымдардың құлдырау, мұздықтардың азаю, су жинау аумақтарындағы интенсивті эрозия проблемалары декларацияланады, бірақ бассейндерді дамыту сценарийлерін модельдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз бола алмайды. Ел экономикасының дамуының су қорының жай-күйіне айтарлықтай тәуелділігіне қарамастан, су экожүйелерін және олар қоғамға беретін тауарлар мен қызметтерді экономикалық бағалау жүзеге асырылмайды.
Экожүйелердің құлдырау себептерінің бірі Қазақстан өзендері бассейндері суларының сапасын басқару жүйесінің жетілмегендігі болып табылады. Сулардың сапалық сипаттамаларының мониторингін: "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (жер үсті суларының фондық мониторингі), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармалары (өнеркәсіптік ағындар сапасының мониторингі), аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары (ауыз су қажеттілігіне арналған сулар сапасының мониторингі), Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық басқармалары (жер асты сулар сапасының мониторингі) жүзеге асырады. Осы ұйымдар ақпаратының басым бөлігі сулардың сапасын жақсарту бойынша шешімдер жоспарлау және қабылдау үшін қол жетімді емес әрі жеткіліксіз, жұртшылық үшін қолжетімдік шектелген.
5) Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жүйесінің жетілмегендігі
Осы салада жауапкершіліктің ведомствоаралық шашыраңқылығы байқалады (Төтенше жағдайлар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер) және сулардың зиянды әсерінің салдарларының алдын алу мен оларды жою кезінде кешенді көзқарас жоқ.
Қазіргі уақытта сулардың зиянды әсерінің мәселелерін шешуде жүйелі көзқарас жоқ. Осы құбылыстар бойынша жүйелендірілген дерекқор жоқ, олардың көптеген түрлері бойынша заңдылықтар зерттелмеген, олармен байланысты ықтимал залалдың тәуекелдері мен ауқымы бағаланбаған. Судың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты арнайы жобалау және өндірістік бөлімшелер таратылған, ал жаңалары құрылмаған. Сондықтан, осы проблема жеткілікті түрде өзекті болып табылады.
6) Су шаруашылығы инфрақұрылымының жұмыс істеуі
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының іс жүзінде тозуы 60 % асады. Стратегиялық маңызы бар құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігі төмендеген. Ірі су тораптарының бөгеттері едәуір авариялық жай-күйде, олардың бұзылуы апаттық топан судың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Үлестіруші желілердің пайдалы іс-қимылдары коэффициентінің төмендігі, сулардың үлкен шығыны, жер асты суларының көтерілуі және қатар жатқан жерлердің сортаңдануы байқалады.
7) Азаматтық қоғамның және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ) әлсіздігі.
Су пайдаланушылар қауымдастығының (әрі қарай - СПҚ) және су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерінің (бұдан әрі - СПАТК) даму практикасы олардың қалыптасу кезеңінде екендігін және су ресурстарын жоспарлау, бөлу және басқару процестеріне іс жүзінде қатыспайтындығын көрсетеді. Олар су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту, сондай-ақ аумақтар мен халықты сулардың зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша шешімдер әзірлеуге және жауапкершілікті бөлуге қатыспайды.
8) Ұлттық ақпараттық жүйенің дамымағандығы
Мүдделі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ақпаратқа қол жетімділігі қамтамасыз етілмейді, басқарудың барлық деңгейлерінде қабылданатын шешімдердің объективтілігі төмендеуде. Экономиканың су секторында жоғары және орта буынды кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Білім беру стандарттарындағы қазіргі бар олқылықтар білікті мамандардың және оқыту қаражатының жетіспеушілігіне әкеледі.
9) Трансшекаралық суларды басқару және халықаралық ынтымақтастық проблемалары
Трансшекаралық су объектілерін басқарудың күрделі проблемалары трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелерінің жеткіліксіз реттелуі, су ресурстарының жай-күйінің мемлекетаралық мониторингі жүйесінің және су ресурстарын пайдалану туралы шынайы деректер алмасудың, трансшекаралық өзендердің су шаруашылығы объектілеріндегі авариялық жағдайлар туралы өзара хабар берудің жоқтығы болып табылады. Бірлескен табиғи ресурстарды пайдалануды регламенттейтін құқықтық және әдістемелік негіз, сондай-ақ трансшекаралық экологиялық залалды бағалауда және өтеуде келісушілік жоқ. Трансшекаралық ластану проблемаларын екіжақты шешуге ұмтылыстар әзірше іс жүзіндегі нәтижелерге - трансшекаралық өзендердің ластану деңгейін төмендетуге әкелген жоқ. Осының бәрі республиканың су ресурстарын қалыптастырудың және су объектілері ластануының артуының жоғары деңгейімен қоса алғанда, халықтың және экономика салаларының тұрақты су пайдалануына және елдің экономикалық қауіпсіздігіне нақты шақырулар болып табылады.
Халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерді орындау деңгейі әрқашан жеткілікті жоғары емес екендігін атап өткен дұрыс. Проблема қаржыландырудың тапшылығында ғана емес, Қазақстанның конвенциялар мен келісімдер бойынша міндеттемелерін ескеретін сектораралық іс-қимылдарды жоспарлау рәсімдері мен әдістемелерінің жоқтығында.
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторының санамаланған проблемаларының қоршаған ортаға, ресурстық әлеуетке және халықтың денсаулығына залал келтіретін келеңсіз төтенше экономикалық және әлеуметтік салдарлары болуы мүмкін. Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесінің жетілмегендігінің аса көрнекті салдарлары баршаға аян, олар:
Арал теңізінің экологиялық апаты;
халықтың қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуінің төмендігі;
Каспий теңізінің қайраңында мұнай өндіру кезінде орын алуы мүмкін технологиялық апаттарға байланысты мұнай-газ секторының экологиялық проблемалары;
су тапшылығы мен сулардың ластануы, ауыл шаруашылығы жерлерінің тұздануы (шөлейттенуі);
республиканың көптеген су экожүйелерінің қанағаттанғысыз сапалық жай-күйі;
гидротехникалық құрылыстардың физикалық тұрғыдан тозуына байланысты техногендік апаттардан болатын тәуекелдер мен ықтимал залал.
Қазақстанда СРББ-ға өту үшін барлық алғышарттар бар, бірақ, процесті дамытуды қамтамасыз ету үшін институционалдық, заңнамалық және ақпараттық шаралардың үлкен кешенін атқару қажет. Белгілі бір жағдайлар жасалған, атап айтқанда, су ресурстарын басқарудағы негізгі рөл су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бассейндік органдарына берілген, бірақ тиімді жұмыс үшін олардың институционалдық әлеуетін едәуір арттыру талап етіледі. Халықаралық ынтымақтастық дамуда, бірақ Қазақстанның халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерін орындау үшін, ең алдымен, су ресурстарын басқару проблемаларын ұлттық деңгейде шешу қажет.
Су шығымын есептеу және өлшеу әдістері - арнаның (ағыстың) көлденең қимасы арқылы белгілі бір мерзімде ағып өткен су көлемі.Ірі су көздері - өзендер, каналдар үшін су шығымы секундына текше метрмен (м3/сек), ал кішігірім су көздері - бастау, бұлақтар, жылғалар үшін секундына литрмен (л/сек) өлшенеді.Су шығымы негізінен қарастырылып отырған өзен ағындысының жүргісін анықтайды, себебі ағын су көлемінің өзгеруіне байланысты судың деңгейі, ағыс жылдамдығы, тереңдігі және ұзына бойы еңістігі де өзгеріп отырады.Гидрологиялық жүргінің әр түрлі фазаларында өлшенген су шығындары, белгілі бір уақыт аралығы үшін (тәулік, ай, маусым, жыл және т.б.) су ағындысының көлемін есептеуге негіз болады. Гидрологиялық имараттарды жобалау, құру және пайдалану кезінде су ағындысын есептеу - ең негізгі элемент.Су шығымын өлшеудің негізгі әдістері:
-аудан-жылдамдық;
-гидравликалық;
-көлемдік;
-иондық араластыру
Аудан-жылдамдық әдісі арнаның қимыл қима ауданы мен ағыс жылдамдығын өлшеуге негізделген.Қимыл қима ауданы арнаның терендігін өлшеу арқылы анықталады да, ағыс жылдамдығы зырылдауық немесе қалтқы көмегімен өлшенеді.Гидравликалық әдісті негізінен гидротехникалық имараттардың саңылауларынан, су қашыртқыдан өтетін су өтімін өлшеу үшін және құрғап қалатын кішігірім өзендердегі су шығымын анықтау кезінде қолданады.Көлемдік әдіс өлшеуіш ыдысқа белгілі бір уақыт мөлшерінде құйылатын су көлемін өлшеуге негізделген.Мұнда су шығымы Q=w/t формуласымен анықталады.Бұл әдісті кішігірім (қайнар, жылғалар, арықтар) су көздерінің шығымын өлшеу үшін және зертхана жағдайында қолданады.Араластыру немесе иондық тасқын әдісі белгілі бір ерітіндіні ағын сумен араластыруға негізделген.Мысалы, ас тұзын ағын сумен араластырған соң ерітіндінің электр өткізгіштігі анықталады. Мұндай әдісті негізінен ағыны қатты тау өзендеріңде колданады, өйткені тау өзендерінде көлденең қиманың ауданы мен ағыстың жылдамдығын өлшеу қиынға түседі.
Су шығынының көрсеткіші - гидрологиялық бекетте бақыланған өзеннің белгілі деңгейлері үшін күн сайынғы шығынын анықтау.Су шығыны мен су деңгейі арасында белгілі бір төуелділік Q = f(Н) бар.Су шығынының көрсеткішімен бірге w = f(Н) жөне v0 = f2(Н) көрсеткішін де қоса бейнелейді. Q = f(H) көрсеткіші өлшенген су шығындары бойынша, арнада мұз бен өсімдіктің жоқ кезі үшін салынады.Мұндағы Q - су шығыны, м/с; л/с; w - қимыл қиманың ауданы, м2; v - ағыстың орташа жылдамдығы, м/с.Күн сайынғы су шығынының деректерін пайдалану арқылы онкүндік, айлық, жылдық орташа су шығынын есептеп табуға болады.Орташа, жоғары, төменгі су шығындары сипатты шығындар деп аталады.Жыл ішіндегі су шығынының өзгеруінің кестесі гидрограф деп аталады.Жанама суалғышта бас құрылым кейде өзеннің жағасына жақын бөгетке немесе қисықсызықты ену каналының соңына жайғастырады, бөгетті айналып өтуін құрайды. Тасындыларды бөгеттің тесігі арқылы шаяды, түпкі шайғыш жағасы арқылы және қондырғысы, қисықсызықты ену каналының аралығында орналасқан.Кәдімгі бұндай суалғыш торап типі төмен арынды бөгетке жатады.Ағынды реттеу кезінде жоғарғы арынды бөгет салынады, қақпалы реттегіш бөгетті суағардың біріккен конструкциясын, суағардың үстінде орналасқанын пайдаланады.Бұндай суалғыш торап типі тасынды шөгінділер режимін реттеу және олардың зиян фракцияларымен күресуде нашар жағдай туғызады.Қабылдаған кіреберіс табалдырықта түпкі тасындылармен күресу үшін тасындылар режиміне әсері болмайды.Кәдімгі жоғарғы бьеф, ал кейін және кіреберіс табалдырықта тез құйылып толады, және әкету кезінде жеңіл және түпкі тасындылардың көп саны түседі.Бұдан басқа, бөгет тесігі арқылы тасындыларды шаю үшін ең үлкен өтім жіберу қажет, бұл суқабылдағышқа кіреберіс алдында судың айналу қозғалысын шақырады, осыған байланысты шаю уақтысында суалуды тоқтату мүмкін.Бұндай суалғышта әкетуге тасындылардың түсуі аздап азаюы мүмкін,егер басты құрылымның алдында тасынды ұстағыш (ағын бағыттағыш) түпкі табалдырық немесе науа (лоток), 20-30º бұрышпен өзеннің арын осіне қарай бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |