Реферат Тақырыбы: Лайма ауруының қоздырғыштары. Сипаттамасы. Морфология және мәдени қасиеттері. Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары. Экология және эпидемиология. Патогенез және клиникалық көрініс
“Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті” КеАҚ
Микробиология,вирусология, иммунология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Лайма ауруының қоздырғыштары. Сипаттамасы. Морфология және мәдени қасиеттері. Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары. Экология және эпидемиология. Патогенез және клиникалық көрініс. Иммунитет. Микробиологиялық диагностика. Емдеу және алдын-алу.
Орындаған:Бурабаева Қ.Қ
Факультет:Жалпы медицина
Топ:214А
Тексерген: Урекешов Б.С
Лайм ауруы (Лайм боррелиозы; иксод кене боррелиозы; жүйелі кенелік боррелиоз; созылмалы көшпелі эритема; кенелік эритема) АХЖ-10 (Аурулардың халықаралық жіктелуі) бойынша – Лайм ауруы. Нозологиялық түрі ретінде Лайм-ауруы 1975 жылдан бері белгілі. АҚШ-тың Коннектитут штатының Лайм қаласындағы бір топ тұрғындарында иксод тұқымдас кенелердің шағуына байланысты артропатияның қабынған түрлері байқалған. Оларды жинақтап, суреттеген А.Стиир деген ғалым. Бірақта, 1922, 1944 жылдары бір қатар ғалымдар кене шағу себебіне байланысты эритема, ауырсыну, парестерялармен қатар неврологиялық бұзылыстар болу мүмкіншілігін айқын көрсеткен болатын. 1982 жылы У.Бургдорфер Zxodes dammini деген кенелерден – борролиз деген қоздырғышты бөліп алды. Оның құрметіне қоздырғышы – Borrelia burdborferi деп аталатын болды. Жүйелі түрінде боррелиоздың зерттеуі 1984 жылы басталды. 1991ж нозологиялық түрлерінің ресми тізіміне енгізілген. Қазіргі күнде кенелік инфекциялардың ішінде Лайм ауруы 1-ші қатарда. Лайм ауруы - спирохетта тұқымдастың боррелия деген қоздырғышымен шақырылатын; трансмиссивты жолмен тарайтын, патогенезінде токсико-инфекциялық және аллергиялық реакцияларымен өтетін, клиникасында эритема түріндегі тері зақымымен, интоксикациямен және ОНЖ, тірек-қимыл аппаратын және жүрек-тамыр жүйе мүше жағынан әр түрлі клиникалық көріністерімен созылмалы және латентті түрінде өтетін табиғи-ошақты зоонозды инфекция болып табылады.
ЖОСПАР
Кіріспе