ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ»
Қабылдаған: Ақпарова Жанна
Орындаған: 202-группа Сарсенова Айдана
Құрылтай
шақыру –
ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы
білесіздер. Бабаларымыз
маңызды мәселелерді осындай алқалы
жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға
келген.
Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген.
Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның
көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан
кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы
құрылтайлары
жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы
бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші
құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды.
Егемендік кезеңінде Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы
өткізілді. Бұл жиында сырттағы қандастарымыз
Атамекенге
шақырылды. Ұлы көш Тәуелсіз Қазақстанға бет алды.
Қазақ
құрылтайларының бәрі ел дамуына зор өзгеріс әкелген.
«Кеңесшіл ел кемдік көрмейді» деген нақыл сөз содан қалса керек. Біз
бабалар жолын ұстанып, Құрылтай шақыру дәстүрін жаңғырттық.
Елдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдейік деп, бүгін бас қосып
отырмыз. Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысын Ұлытауда өткізуге
ұйғарым жасалды.
Ұлық ұлыстың бастауында тұрған Жошы хан
кесенесінің іргесіне ақ шатыр орнаттық. Мұның зор символдық мәні
бар. Елдің бірлігі, ұлттың тұтастығы дегеніміз –
осы.
Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның
рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру
жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы –
жақсы ырым.
Бәріміз бабалардың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын деп
тілейміз.
Ұлы
даланың төрінде тұрған Ұлытау талай тарихи оқиғаның куәсі
болған. Ел тағдырын айқындаған көптеген маңызды кеңестер
дәл
осында өткен.
Киелі өлкеде Алтын орда әміршілері мен Қазақ
хандарының ізі қалған. Біз ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапсын деп
осы жерге келіп отырмыз.
Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер.
Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес
облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік
береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл
-
ауқаты жақсара түседі
деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер
бой көтереді, туристік әлеуеті артады.
Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы –
Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты.
Енді, Ұлттық Құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне
тоқталсам.
Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға барлық облыстың, сан түрлі
саланың, әр буынның өкілдері қатысып отыр. Біз көпті көрген ел
ағаларының ақыл
-
кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы
бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын
жастардың тың идеяларын қолдаймыз.
Құрылтайға
Парламент депутаттары, саяси партиялар мен Қазақстан
халқы Ассамблеясының мүшелері де шақырылды. Үкіметтік емес және
кәсіби ұйымдардың өкілдері де шет қалған жоқ. Құрылтай құрамына
өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелерін қостық.
Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп
сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар. Бірақ, Құрылтайдың орны
бір бөлек.
Құрылтай –
кең ауқымды жиын. Бірақ, бұл жұмыстың сапасына кері әсер
етпеуі керек. Отырыстарды мұқият ұйымдастыруымыз қажет. Бұл жерде
шын мәнінде халықтың үні естілуге тиіс. Кез келген адамды Құрылтайға
қатыстыруға
болмайды.
Жұрттың
мұң
-
мұқтажын,
талап
-
тілегін
жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын,
қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатынына кәміл
сенемін.
Ұлттық
құрылтайдың алғашқы отырысы мазмұнды болды деп айтуға
болады. Халықтың көкейінде жүрген көптеген келелі мәселелер
айтылды. Тың ойлар ортаға салынды. Оларға көңіл аударамыз.
Ұсыныстарды Құрылтайдың хатшылығы жинақтап, маған береді.
Жазбаша пікірлеріңіз болса, жіберіңіздер. Құрылтай жұмысынан сырт
қалған адамдардың ұсыныстарына да көңіл бөлеміз. Ой
-
пікірлердің
ешқайсысы елеусіз қалмайды. Оның бәрін зерделеп, маңызды
бастамаларды міндетті түрде бірге жүзеге асырамыз. Жалпы, жұмысты
жүйелі, ұйымдасқан түрде жүргізуіміз керек.
Ұлттық
құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз
Жаңа Қазақстанды
құру жолындағы бірліктің символына айналды.
Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде
барлық рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз
ұлт
бірлігін көрсеткен. Қаныш Сәтбаев «Еліміздің Ту тіккен жері –
Таңбалы тас» деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден
бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды
жаңғыртты. Бірақ, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын.
Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен
Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды
тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол
арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз.
Тамыры
терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз.
Референдум арқылы Ата заңымызға енгізілген түзетулер күшіне енді.
Біз басқа да заңдарды Конституцияға сай өзгертуіміз қажет.
Халық
шынайы жаңғыру болады деп күтіп отыр. Сол үшін референдумда
бастамамызды қолдап, сенім мандатын берді.
Енді, конституциялық
реформаны жедел әрі толық жүзеге асыруымыз керек. Қазірдің өзінде
маңызды өзгерістер болып жатыр.
Мен референдумға дейін партия қатарынан шықтым. 5 маусымнан
кейін бұл шешім конституциялық нормаға айналды. Мемлекет
басшысы барлық саяси күштерден дербес тұруы керек. Президенттің
әрбір іс
-
әрекеті тек мемлекет мүддесіне арналуға тиіс.
8 маусымда үш жаңа облыс құрылды. Өңір басшылары Ата заңның жаңа
талаптарына сәйкес тағайындалды. Мәслихат депутаттары дауыс беріп,
әкімді
мен ұсынған азаматтардың ішінен таңдады.
Конституциялық өзгерістер, осылайша, кезең
-
кезеңімен қолданыла
бермек.
Жаңарған Конституция толыққанды қолданысқа енуі үшін әлі
көп жұмыс істеуіміз керек. Біз 20
-
дан астам жаңа заң жобасын әзірлеп,
қабылдауымыз қажет. Сайлау туралы, саяси партиялар туралы және
басқа да бірқатар заңдарды өзгертеміз.
Бұл елді табысты жаңғырту
тұрғысынан өте маңызды. Заңдарды қабылдау үшін бірнеше ай, тіпті,
жарты жыл уақыт қажет болуы мүмкін. Бірақ, реформаны созып, арқаны
кеңге салуға болмайды. Жұрт нақты өзгерістердің қазір болғанын
қалайды. Сондықтан, депутаттарымыз негізгі заң жобаларын осы кезден
жинақтай беруі керек.
Сосын күзгі сессия басталғанда бірден іске
кіріскен жөн. Басты заңдар жыл соңына дейін қабылдануға тиіс. Сонда
ғана жан
-
жақты жаңғыруды жоғары қарқынмен жалғастыра аламыз.
Жалпы, конституциялық реформа саяси жүйенің тепе
-
теңдігін
орнықтырады. Осы іс
-
шаралар халқымыздың мемлекетті басқару ісіне
қатысуына
мол мүмкіндік береді. Бұл –
өте дұрыс.
Мен мұны толық
құптаймын. Себебі, сол арқылы жанашыр азаматтар ортақ іске
жұмылады. Барлық шешімдер ел мүддесі тұрғысынан қабылданады.
Билік пен қоғамның әріптестігі Әділетті Қазақстанды құру ісінде
айрықша рөл атқаруға тиіс.
Осы орайда, референдум жаңа қоғамдық
мәміленің негізін қалыптастырды. Біз ұлтты ұйыстыратын парасатты,
тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән беруіміз қажет.
Бұл –
Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті. Сондықтан, мынадай бағыттарға
назар аудару қажет деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |