Ғылым және ғылыми зерттеу Alcím Таным>Білім>Тәжірибе>Дәлел>Жүйе>Ғылым



бет1/7
Дата30.09.2024
өлшемі1,57 Mb.
#146197
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-дәріс

Ғылым және ғылыми зерттеу

Alcím

Таным>Білім>Тәжірибе>Дәлел>Жүйе>Ғылым

  • “Ғылым” деп адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы қызметінің түрін айтамыз.
  • Білімнің бәрі ғылым болмайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана ғылым саналады.
  • Ғылым кәдімгі қарапайым білімді теріске шығармайды, олардың екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылымға айналады.
  • Ғылым дегеніміз - адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы.
  • Яғни танымның нәтижесінде қоршаған орта туралы білімнің тәжірибе негізінде дәлелдермен бекіген әрі жүйеленген түрі ғылым деп саналады. Ғылымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету және табиғат, қоғам, ойлау заңдылықтары мен танымның объективтік заңдылықтарын ашу. .

Ғылым

  • Ғылым - білім алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығын көрсететін адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі.
  • Тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпараттардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге берілетін нұсқаулардың стихиялы жиынтығы ғылым емес, ғылым солардың жүйесі болуға тиіс.
  • Ғылым табиғат (материалдық) дүниесі мен қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді.

Ғылым тарихы

Ежелгі грек ғалымы (Демокрит, б.з.д. 460-370 жж.; Аристотель, б.з.д. 384- 322 жж.) табиғаттың, қоғамның және ойлаудың даму заңдылықтарына алғашқы сипаттама берген.

Кейбір тарихшылар математика мен ғылыми таным жалпы Ежелгі Грецияда өз бастауын алған деп санайды. Әсіресе, осы кезеңде Фалес Милеттің еңбегі ерекше орын алады. Ол геометриялық бекітуді дәлелдеу қажеттілігі туралы алғашқы сұрақтарды тудырып, бірқатар дәлелдерді орындады.

Грек философиясы ғылым дамуының бастапқы кезеңінде табиғаттың, ғарыштың және бүкіл әлемнің мәнін түсінуге деген ұмтылысымен ерекшеленді. Гректің алғашқы философтары әлемнің пайда болуына әсер еткен жағдайды, оның құрылымын және оның бастамалары мен себептерін түсінуге тырысты. Сондықтан, оларды «физиктер» деп атады, грекше «фюсис» сөзі - «табиғат» деген мағынаны береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет