ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті
Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Мәліметтер қоры(МҚ)
Орындаған: ИО-21 Балтабай А.Н
Тексерген :Ысқақ.А.Т
Қарағанды-2022
Жоспар:
Кіріспе
Мәліметтер қоры (МҚ) туралы негізгі түсініктемелер
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе
1.2 МҚБЖ-ні ұйымдастыратын бағдарламалық өнімдер
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі мысалында мәліметтер қорының кестелерімен жұмыс
2.1 Кесте құрылымы
2.2 Формалар құру
2.3 Access құралдары көмегімен Web парақтар құру
Қорытынды
Қолданылған Әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын мұқабалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін артыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда т.б. Мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.
Қазіргі күні ақпараттық технологияларды бағдарламалаушылар алдында көп көлемді және әр түрлі ақпарат ағындарымен жұмысты ұйымдастыра алатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарлама құру мақсатында көптеген жаңа мәселелер туындайды. Осындай сұраныс бойынша ұйымдастырылған жүйелер кең қолданыста. Өз іс-әрекетінде жетістіктерге қол жеткізген кез келген мекеме қызмет ету үшін ақпаратты уақытында өңдеуі қажет.Мәліметтер қоры әр түрлі мекемелер үшін құрастырылады. Бұл жерде басты мәселе мәліметтер тиімді қолдану үшін олар жүйеленіп, ұйымдастырылып және топталған болуы қажет. Бұнда мәліметтер қорына жету күрделі бағдарламалауды қажет етпейтін қарапайым сұраныстар арқылы жүзеге асады. Сол сияқты есеп алуда қиындық туғызбайды.Бағдарламалаушының алдында келесі мәселелер тұрады: мәліметтер қорын басқаратын жан-жақты жүйені құру және жүйенің мүмкіндіктерін көрсету, олардың өңделуін ұйымдастыру болып табылады.
Осыған орай, курстық жұмысытың басты мақсаты – компютерлі дүкен мәліметтер қорын құру, яғни жұмысын аутоматтандыратын жүйені құру болып табылады. Осындай жүйені құрастыру барлық компьютерлік дүкен жайлы ақпаратты жинақталған және ұйымдастырылған электрондық күйде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, қажет болған жағдайда сұраныс, сұрыптау ұйымдастыру арқылы қажет ақпаратты өңдеп есеп беруге болады. Осыған қоса келесілерді алуға болады:
Бір компьютерлік дүкен туралы ақпаратты алуға;
Сұраныс ұйымдастыруға;
Қандай да критерийлерге сай сұрыптау жұмыстарын жүргізуге;
Кез келген бағанға байланысты фильтр әдістерін қолдануға;
Жаңа жазбаны (дүкенге түскен жаңа тауарларды) қосуға;
Барлық немесе анықталған ақпаратты WEB парағынан көрсету және т.с.с. Операцияларға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалармен тығыз байланысты. Елбасы ақпараттық инфрақұрылымды құрудың бірден-бір факторы - халықтың компьютерлік сауатынның деңгейін арттыру екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" заңының 3-бабындағы бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерiнде "бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру", 8-бабындағы "оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру" деп нақты көрсеткен[2].
Жоғарыдағы мақсаттарға сай келесі міндеттер қойылады:
Қазіргі ғылыми технологиялық прогрестің жетістіктері баяндау;
деректер қоры, оны басқару жүйелері және түсінігі, деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер мүмкiншiлiктерiн анықтау;
Деректер базасы жүйелерін мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде қарастыру.
I. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
1.1 Мәліметтер қорына кіріспе
Кез келген ұйым жақсы жұмыс істеу үшін мәліметтеді аутоматты жинақтап олармен манипуляция және өңдеуге мүмкіндік беретін дамыған ақпараттық жүйесі бар болуы қажет.Қазіргі таңдағы қарқынды дамыған ақпараттық жүйелер (АЖ) - ол өз құрамында келесілер бар мәліметтер қоры:
Есептеуіш жүйе;
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры (МҚ);
Қосымша бағдарламалар тізімі (МҚ қосымшасы).
Мәліметтер қоры ақпараттың сақталуын және де ынғайлы әрі тез енуді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры әртүрлі ақпараттын қандайда бір ережеге сүйеніп ұйымдастырылғаның көрсетеді.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтер қорын құруға және оны қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиыны. Қолдануына қарай мәліметтер қорын басқару жүйесі дербес және копқолданушылық деп бөледі. Дербес мәліметтер қорын басқару жүйесі бір компьютерде жұмыс істейтін локальді МҚ құруға арналған. Оған келесілер жатады Paradox, dbase, foxpro, Access және т. Б.
Көпқолданушылық мәліметтер қорын басқару жүйесі «клиент-сервер» архитектурасында жұмыс істей алатын ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданушылық мәліметтер қорын басқару жүйесіне келесілер жатады Oracle, Informix, sybase, Microsoft SQL Server, interbase және т.б..Қолданушылар мәліметтер қорын қолдап, құра және анықтай алатын, сонымен қатар оған бақыланатын қатынауды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз ету.
МҚБЖ – бұл қолданушының қолданбалы бағдарламасымен және мәліметтер қорымен өзара байланысатын бағдарламалық қамтамасыз ету және ол төмендегі мүмкіншіліктерге ие:
Мәліметтерді анықтау тілі (DDL – Data Definition Language) арқылы жүзеге асырылатын мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді. DDL тілі қолданушыларға мәліметтер типін көрсету құралдарын және олардың құрылымын, сонымен қатар мәліметтер қорында сақталатын ақпарат үшін шектеу тапсырмасының құралдарын ұсынады;
Мәліметтерді манипуляциялау тілі (DML – Data Manipulation Language) арқылы жүзеге асырылатын, мәліметтер қорындағы ақпаратты алуға, жоюға, жаңартуға және қоюға мүмкіндік береді. Барлық мәлімет пен оның сипатының орталықтанған сақтаушысының болуы DML тілін сұраныстарды ұйымдастырудың жалпы құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Кейде оны сұраныстар тілі (query language) деп атайды. Сұраныстар тілінің болуы қолданушыларға тек тұрақталған сұраныстар жиынымен ғана емес, сонымен қатар басқа бағдарламалық қамтамасыз етуді басқарудың қиын мәселелерін тудыратын үнемі өсетін бағдарламалар санымен жұмыс істеуде пайда болатын файлдық жүйеге тән шектеулерді жояды.
Процедуралық емес тілдің кең таралғаны құрылымдалған сұраныстар тілі (Structured Query Language - SQL) болып табылады. Ол қазіргі кезде арнайы стандартпен анықталады және фактілі кез келген реляционды МҚБЖ-лар үшін міндетті тіл болып табылады;
Мәліметтер қорына визуальді сұраныстарды ұйымдастыруға арналған, мысал ретіндегі (по образцу) сұраныстар тілі (Query By Example, QBE).
Төменде көрсетілген құралдар көмегімен мәліметтер қорына бақыланатын қатынауды ұсынады:
Қолданушылар тарапынан мәліметтер қорына санкцияланбаған қатынаудың алдын алатын қорғанысты қамтамасыз ету жүйесі;
Сақталатын мәліметтің қарама-қайшы емес жағдайын қамтамасыз ететін мәліметтер тұтастығын қолдау жүйесі;
Мәліметтер қорына олардың бірігіп қатынау процесін бақылайтын қосымшаның параллельді жұмысын басқару жүйесі;
Мәліметтер қорында сақталатын ақпарат сипатынан тұратын қолданушыларға қол жетерлік қаталог.
Жоғарыда көрсетілген функционалды мүмкіндіктерге байланысты МҚБЖ пайдалы құралға айналды. Бірақ соңғы қоданушылар үшін жүйенің ішкі ұйымы қаншалықты күрделі және қарапайым екені маңызды болмаса да, МҚБЖ-нің қажет мәліметтен артық мәлімет ұсынатыны жұмысты қиындатады деген қарсы пікірлер естуге болады.
МҚБЖ-де артық мәліметтерді «жою» проблемасын шешу үшін кез келген қолданушыға мәліметтер қоры туралы жеке «бейнесін» құруға мүмкіндік беретін көрсетулерді (view) құру механизмі қарастырылған.
Қолданушыларға керекті мәліметтерді көрсету арқылы жұмысты жеңілдетуден басқа, көрсетулер тағы көптеген қасиеттерге ие:
Қауіпсіздіктің қосымша деңгейін қамтамасыз етеді. Көрсетулер кейбір қолданушылар көруге болмайтын мәліметті алып тастау мақсатымен құрылады. Мысалы, бөлім менеджерлеріне немесе бухгалтерияның есептеу секторының қызметкеріне персоналдар туралы барлық мәліметті, соның ішінде олардың еңбекақысы туралы мәліметті көруге мүмкіндік беретін көрсетулер құруға болады. Сонымен қатар, басқа ұйымның қолданушылары үшін еңбекақы туралы ақпарат алып тасталған тағы бір көрсетулер құруға болады;
Мәліметтер қорының сыртқы интерфейсін баптау механизмін ұсынады. Мысалы, келісім-шарт бөлімінің қызметкерлері Айлық арендалық төлемақы жолымен оған қысқа және қарапайым атауды – rent қолдана отырып жұмыс істей алады;
Мәліметтер қорының сыртқы интерфейсін өзгеріссіз сақтауға мүмкіндік береді, тіпті оның құрылымына өзгеріс енгізу барысында – мысалы, жолды жою немесе қосу, байланыстарды өзгерту, файлдарды бөлу, оларды қайта құру немесе жаңа атау беру барысында. Егер файлға кейбір көрсетуде қолданылмайтын жол қосылса немесе алынып тасталынса, онда осы өзгерістер берілген көрсетуге еш әсер етпейді. Осылай көрсетулер мәліметтің шынайы құрылымынан бағдарламаның толығымен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің маңызды кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар бірнеше жалпы сипатқа ие. Негізінен функционалды мүмкіндіктің шынайы көлемі нақты МҚБЖ-ға тәуелді. Мысалы, МҚБЖ-де персоналды компьютер үшін параллельді біріккен қатынас қолдау таппайды, ал мәліметтер тұтастығы мен қалпына келтіруді қолдау мен қорғау режимін басқару тек өте шектелген дәрежеде болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі заманғы көп қолданушылық МҚБЖ жоғарыда тізілген барлық функционалды мүмкіндіктерді және т.б. Ұсынады. Қазіргі заманғы жүйелер кодтың миллиондаған жолдарынан және құжаттың көптеген томдарынан тұратын күрделі бағдарламалық қамтамасыз етуді қарастырады. Жалпы сипаттық талаптарды қанағаттандыра алатын бағдарламалық қамтамасыз етуді алуға ұмтылу нәтижесі осындай болады. Сонымен қатар, қазіргі кезде МҚБЖ-ні қолдану жүз пайыздық қолайлық пен дайындықты ұсынады, тіпті аппараттық және бағдарламалық қателік барысында да. МҚБЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі үнемі дамуда және қолданушылардың барлық жаңа талаптардан қанағаттандыру үшін тағы кеңейе түсуі керек. Мысалы, кейбір қосымшаларда енді графикті, видео, дыбысты және т.б. Сақтау талап етіледі. Нарықтың бұл бөлігін қамту үшін МҚБЖ даму керек, сонымен қатар уақыт өте оған басқа жаңа функцияларды орындау талап етіледі. Сондықтан, МҚБЖ-нің функционалды бөлшегі ешқашан өзгеріссіз қалмайды.
Мәліметтер қорында ақпараттарды ұйымдастырунына байланысты мәліметтерді көрсету келесі негізгі модельдерге бөлінеді:
Иерархиялық;
Реляциялық;
Желілік;
Объекті бағытталған.
Дербес компьютерлерге арналған мәліметтер қоры көбісі реляциялық болып табылады. Курстық жұмыстың мәліметтер қоры ұйымдасуына байланысты реляциялық болғандықтан. Жұмысты жазу барысында әңгіме осы реляциялық мәліметтер қоры жайында болмақ. Бірақ төменде осы модельдердің барлығы қарастырылады.
Қосымша бағдарламалар, немесе қосымша мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеуге арналған. Қолданушы мәліметтер қорын және оның ақпараттарын басқаруды осы қосымшалар көмегімен іске асырады, ол мәліметтер қорының қосымшалары деп аталады.
Кей кезде мәліметтер қоры термині колданушылар арасында тек қана мәліметтер қорын ғана бейнелемей, сонымен қатар мәліметтерді өндейтін қосымшаны қосады.
Негізінен, XX ғасырдың 50-жылдарының басында мәліметтер қорын басқару теориясы жеке пән ретінде дами бастады. Осы уақыт аралығында, онда маңызды ұғымдардың анықталған реті орныға бастады. Солардың біразын қарастыра кетсек.Пәндік аймақ – сала бойынша басқаруды ұйымдастыру мақсатын оқытуға арналған басқару процесінің кезекті аутоматтандырылуы.
Объект – мәліметтер қорында сақталатын ақпараттық жүйенің элементі.
Объектілер класы - қасиеттері бірдей жиынтықтан тұратын объектілердің жиынтығы.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі. Әрбір объект атрибуттардың жиынымен сипатталады.
Мәліметтердің кілттік элементі – мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Мәліметтер жазбасы — мәліметтердің байланысқан элементтері мәндерінің жиынтығы.
Бастапқы кілт —кестедегі әрбір жолды бірден анықтауға мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші кілт – мәні бірнеше жазба (объекттің даналалары) үшін қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілттер жазбаны іздеу операциясы кезінде қолданылады.
Керісінше, альтернативті кілт – бастапқы кілтпен сәйкеспейтін, кестедегі әрбір жолды анықтайтын атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Кесте – типтес (бір типтегі) жазбалардың жиынынан құралған реттелген құрылым.
Қорда мәліметтін сақтау процедуралары кейбір жалпылама принциптерге жүгінуі тиіс. Олардың ішінде алдымен мыналар аталады:
Мәліметтердің тұтастығы мен қайшылығы, бұл мәліметтердің физикалық тұтастығы, мәліметтер дұрыс қолданбауды болдырмау, мәндердің үйлесімділігін қолдау, құрылым жағынан бұзылуынан және рұқсатсыз қатынаудан қорғау; артық мәліметтердің аздығы - қорда мәліметтердің кез келген элементі бір ғана түрде сақталуы тиіс деген сөз, ол жасалған операцияларды қайталау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |