Реферат тақырыбы: Оқытуды саралау технологиялары



бет1/4
Дата21.04.2023
өлшемі56,92 Kb.
#85078
түріРеферат
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕП


«Физика» КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Оқытуды саралау технологиялары.


.


Орындаған: Нарзилдаева М.С.
Тобы: Еп-20-2К
Қабылдаған: Малгайдарова Г.Т.

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1. Оқытудағы сараланған тәсілдің мәні.
2.2. Деңгейлік саралау технологиясы
2.3. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі және пайдалану.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп саналды. Ендеше бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің озығында, тозығында қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізуге шұғыл бетбұрыс жасалды. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере, педагогикалық мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқытумен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерге де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ ол мақсат жеке тұлғаға өздігінен дамуға жағдай жасау сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы – жаңа технология негіздерін пайдалану болып табылады. Сондай педагогикалық оқыту технологиясының бірі – оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын профессор Ж. Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту» технологиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет