Реферат Тақырыбы: Қр азаматтық құқық негіздері Орындаған: Маутканова Асель Semey 2022



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі53,39 Kb.
#43091
түріРеферат
  1   2   3

ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

Реферат

Тақырыбы: ҚР Азаматтық құқық негіздері


Орындаған: Маутканова Асель

Semey 2022

Мазмұны:
1.Қылмыстық құқық ұғымы.


2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері.


3.Қылмыс ұғымы және белгілері.


4.Қылмыстардың жіктелуі.


5.Қылмыстық жауапкершілік: тұжырымдамасы, оның пайда болу негіздері.



Қылмыстық құқық ұғымы
Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын – заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы.

Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық – қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.


Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.


Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. Сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.




Қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық — бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.


Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай – ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы – Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым – қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.


Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет