эцщнҚазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Филология» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Реферат Тақырыбы: Салалас сөйлемдердің салыстырылымы
Орындаған:Құлжанова Жұлдыз Топ: Фи-20-1к1
Шымкент 2023
Мазмұны: Кіріспе
Салалас құрмалас сөйлем
Жалғаулықты салалас құрмалас
Жалғаулықсыз салалас құрмалас
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
1 Кіріспе Синтаксистің басты объектілерінің бірі - құрмалас
сөйлем. Сондықтан да сөйлем синтаксисін, әдетте, жай сөйлем және құрмалас
сөйлем синтаксисі деп екі топқа бөледі. Сөйлем деп аталатын бір бірлікке
топтастырылғанымен, әрқайсысының өзіне тән белгілері болады. Алдымен, олар құрылымдық жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлем - бір ғана ойды білдіріп,
тиянақталған интонациямен айтылатын синтаксистік бірлік. Құрмалас сөйлем
синтаксисінің негізгі объектісі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара
тіркесіп, бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен
тәсілдері болады. Құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай
сөйлемдердің өзара тіркесіп, қүрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді.
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез келген
жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге тағы да
болмайды. Құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышта өзара шарттас болып келетін күрделі мағыналық бір бүтін болып табылады.
Жай сөйлемнен кіші тілдік құрылымның ешқайсысы да құрмалас сөйлемге
дербес компонент бола алмайды. Бірақ құрмаласқа енген әрбір жай сөйлемдерді
мағыналық қатынастары бар сөйлемдер деп ұғыну керек. Өйткені күрделі ойды
білдіру үшін тіркесетін сөйлемдер өзара мағыналық бірлікте болғанда ғана
тіркесе алады. Мұның өзі басты фактор болуға тиіс. Әдеттегі жай сөйлемдерге
қарағанда, негізгі бір айырмашылығы - осы [1,233]. Құрмалас сыңарларының
дербес жай сөйлемдерден ерекшелігін М.Балақаев былай түсіндіреді: Құрмалас
сөйлем мағыналық және тұлғалық жақтарынан алғанда жалпы алғанда, тұтас бір бүтін болғанымен, ол жеке сөйлемдерден құралады. түседі. Әдеттегі жай сөйлемдерге қарағанда негізгі бір айырмашылығы–осы
Ендігі бір мәселе жай сөйлемдердің барлығы құрмалас сөйлем компоненті
бола ма деген сұрақ төңірегінде топтасады. Құрмалас сөйлемге байланысты
туындап жүрген қиындықтардың көпшілігі осы мәселеге қатысты екендігіне шүбә жоқ. Өйткені ортақ бастауышты сөйлем, әр компоненттің субъект-предикаттық қатынасқа негізделуі не оны саралай қолдану сияқты тіл біліміндегітартысты мәселелердің барлығы осыған қатысты.
Егер құрмалас сөйлемді кемінде екі жай сөйлемнің салаласа не сабақтаса
байланысуы деген қағидаға сүйенсек, құрмалас құрамындағы атаулы сөйлемдер
де, бөлшектелген сөйлемдер де, осы секілді күрделенген сөйлемдер мен
телінбе компонентті құрылымдар да сол талапқа жауап береді.