Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цирфлық ресурстар арқылы түсіндіру.
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып,дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.
|
Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.
|
1 минут
00:00 – 03:00
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме! ..
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Металдарды алу.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Сенің меңгеретінің:
кеннен металл алу
металдарды алудың әдістері:
пирометаллургиялық;
гидрометаллургиялық;
электрометаллургиялық.
|
Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру
|
|
Дескриптор:
-металдардың табиғатта таралуын біледі және мысалдар келтіреді;
металдарды алудың әдістерін біледі және химиялық реакция теңдеулерін жазып, ажырата алады.
|
Презентация
Слайд 1
Слайд 2
|
8 минут
03:00 – 11:00
11:00-14:00
|
Жаңа сабақ
|
Табиғатта металдар бос күйінде сирек кездеседі, негізінен, олар химиялық қосылыстар түрінде таралған. Бос күйінде (саф) алтын, платина сияқты металдар кездеседі.
Белсенділігі төмен күміс, мыс, сынап, қорғасын бос күйінде де, сондай-ақ қосылыс түрінде де кездеседі.
Металдардың жер қыртысында таралуы да әртүрлі. Ең кең тараған металл-алюминий, одан кейін темір, әрі қарай кальций, натрий, калий, магний, титан. Қалған металдар өте аз мөлшерде таралған
Адам ағзасына қажетті металдардың маңызы.
Fe2+, Fe3+ темір иондары-қан гемоглобинінде кездеседі;
Co2+, Co3+ кобальт иондары-қан түзуе қатысады;
Na+, K+ натрий, калий иондары-организмдегі су алмасуды реттейді;
Ca кальций жетіспесе-қаңқаның дамуы баяулайды;
Mg магний жетіспесе-бұлшық ет сіңірі тартылады;
Fe темір аз болса-қаназдық болады.
Кен -құрамында металдар мен олардың қосылыстары болатын, өндірісте металл алуға жарамды минералдар мен тау жыныстары.
Полиметалл кені-кен құрамында екі немесе бірнеше металдардың қосылысы болады. Мысалы: мыс-мырыш, қорғасын-күміс т.б.
Металлургия-табиғи шикізаттан металдарды өндіру әдістері туралы ғылым. https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/metaldar-men-olardyng-qujmalaryn-alu-adisteri-qazaqstandahy-metaldardyng-mangyzdy-ken-oryndary?mid=f215fc50-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
Пирометаллургия металдарды жоғары температурада тотықсыздандыру арқылы алатын әдістерді қамтиды. Тотықсыздандырғыш ретінде сутек, белсенді металдар, көміртек және көміртек (ІІ) оксиді қолданылады.
Сутектермия әдісі белсенділігі төмен металдарды алу үшін қолданылады, яғни металдарды олардың оксидтерінен сутек арқылы тотықсыздандырады. Мысалы: мыс, вольфрам, молибден.
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/metaldar-men-olardyng-qujmalaryn-alu-adisteri-qazaqstandahy-metaldardyng-mangyzdy-ken-oryndary?mid=f215fc56-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
Металдарды олардың қосылыстарынан басқа белсендірек металдармен тотықсыздандыру металлотермия деп аталады. Бұл процестер де жоғары температурада жүреді. Тотықсыздандырғыш ретінде алюминий, магний, калий, натрий және т.б. металдар қолданылады.
Металдарды олардың тұздарының судағы ерітіндісінен гидрометаллургиялық әдіспен алады. Ол үшін кендегі металды ерітіндіге ауыстырады, содан соң ерітіндідегі металды бөліп алады.
|