Реферат Тақырыбы: Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана сезімін қалыптастыру



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі32,45 Kb.
#15359
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚХА және ӘГП кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:.Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана сезімін қалыптастыру

Дайындаған Гик-18-1 тобының студенті: Сүйіндік Т.Т.

Тексерген: Жуматова Г.И.

Қарағанды-2020ж

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» түсініледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

           Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы.



Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі .

Индивидтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейі оның тұлға ретінде дамуы деңгейінің айнасы. Яғни, әр бір адам белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті болады, ол не төмен, не жоғары деңгейде болуы мүмкін.

Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті келесі алгоритмде қарастыруға болады: индивидтің құқықтық багажы – оның құқық нормаларын сақтауға дағдысы, заңды бұзбауға дағдысы, жемқорлыққа қарсы құқықтық белсенділігі. Ол дегеніміз индивидтің тек өз іс-әрекетін ғана құқықтық норма шеңберінде ұстауға ұмтылысы емес, сонымен қатар, жемқорлыққа қатысты кез келген заңбұзушылыққа қарсы тұруға дайындығы.

Осы арада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің келесі функцияларын атап өтуге болады: танымдық функция (қоғамның түрлі жүйелерінде болып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы процесстерді зерттеу және түсіндіру), ол индивидтің жемқорлық көріністерін құқықтық тәжірибеде біліп, түсінуімен сипатталады. Осы функцияны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді зерттеп, түсіндіру жүзеге асады. Реттеуші функция (өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетің құқықтық талаптармен салыстырмалы түрде қарастыру), үлгілеу функциясы (ұғыну, мәнін түсіну негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет моделін қалыптастыру).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты елімізде негізінен оған қарсы тұрудың басты құқықтық-ұйымдастырушылық әрекеттері қамтамасыз етіліп жатыр. Сөзсіз, негіз құраушы заңнама нормалары да баршылық, олар ұдайы жетілдіріліп, толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде. Кеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдады да халықаралық конвенцияларға қосылды. Жемқорлықпен күресуге арнайы мамандырылған органдар құрылған

Жемқорлық қылмыстарының алдын - алу мәселесі қазір барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарының күн тәртібінен орын алған. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресуді ғана емес, оның алдын-алу проблемаларын жүйелі түрде жүргізуді мемлекет басшысы әркезде тапсырма ретінде беріп жүр. Мемлекеттік қызмет істері, мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсарту, лауазымды тұлғалар мен құқыққорғау жүйесі, сот қызметі секілді барлық ықпалды органдарда жемқорлықтың алдын - алу бағытында жұмыстар жасалып жатыр. Осы бағытта ұлттық заңнама да жетілдірілуде.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:

  • Бұл адамның саналы және адамгершілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті

  • Тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті

  • Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы

  • Ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция.

ТҰЛҒАНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА- СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БҰЛ ҮЗДІКСІЗ ПРОЦЕСС, ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарлы сіңіру

  • Тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру

  • Қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдістерді дамыту

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚХА және ӘГП кафедрасы

Конспект

Дайындаған Гик-18-1 тобының студенті: Сүйіндік Т.Т.

Тексерген: Жуматова Г.И.

Қарағанды-2020ж



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет