Реферат Тақырыбы: XIX ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы Тексерген: Хамытхожаева Динара Орындаған: Шералиев Самат Тобы: 105а жм алматы 2023 Жоспары



бет1/4
Дата17.03.2023
өлшемі182,59 Kb.
#75042
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
тарих срсп 8



Реферат
Тақырыбы: XIX ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы

Тексерген:Хамытхожаева Динара


Орындаған:Шералиев Самат
Тобы:105А ЖМ
Алматы 2023
Жоспары

  1. Кіріспе

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың кезеңдері
2.Негізгі бөлім
Әлеуметтік демографиясына қатысты
3.Қорытынды
4.Әдебиеттер тізімі


Кіріспе
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы екі он жылдығында отандық тарихтың, оның ішінде Қазақстанның ұлан-ғайыр оңтүстік өңірін қамтитын бұрынғы Түркістан өлкесі, Сырдария облысы тарихтың аса күрделі де ауыр кезеңдердің біріне жатады.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстікшығыс аймақтарының 60-70-жылдары Ресей империясының отарына айналуына байланысты 1887 жылдың бірінші қаңтарында патша үкіметінің шешімімен Сырдария облысы құрылып, оның құрамына Қазіргі Қазақстан Республикасының Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының аумағы және Өзбекстанның Ташкент аймағы енген болатын.Бұл жыл тарихиәлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы жыл болды. 1905 жылдары бірінші орыс революциясы және оның Ресей империясының Түркістан сияқты отарлық аймақтарына тигізген әсері Орта Азия мен Қазақстанды түгелге дерлік қамтыған. 1967 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс оларға жалғасқан 1917 жылғы қос революция мен азамат соғысы және оның нәтижесінде Кеңес үкіметінің жеңіске жетуі осы кезеңнің басты саяси оқиғалары болды .
Жоғарыда аталған кезеңнің 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын уақыты аса өткір әлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы болды. Дәл осы жылдары Кеңес үкіметі толық жеңіске жетіп, келешек тоталитарлық Кеңес Одағы аталған мемлекеттің негіздері қаланды, оның таптық ұстанымдары мен коммунистік идеологияға негізделген билік жүйесінің саясат, экономика және идеология салаларындағы негіздері құрылды. Қазақстанның оңтүстік аймағының Ресей империясының отарына айналуы мен оның салдары жөнінде көптеген зерттеулер жазылды. Олардың қатарына К.К.Паленнің, В.Задорскаяның, Г.Александрованың, А.И. Добромысловтың, П.Г. Галузоның, М.Шоқайдың т.б зерттеушілердің еңбектерін бірінші кезекте атаған жөн. Кеңестік тарихнама тарихының 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын кезеңі зерттеушілер тарапынан үлкен ықыласқа ие болды. Зерттеушілердің 80-жылдардағы есеп мәліметтеріне сүйенсек, елде қазан революциясының жеңіске жету тарихына, оның ішінде Қазақстан кеңес үкіметінің орнау тарихына арналған тек қана кітаптар мен басқада қорытынды еңбектердің саны 15 мыңдай болған .
Өзбекстанның бір топ ғалымдары (Р.М.Абдуллаев, С.С.Ағзамходжаев, И.А.Акимов т.б.) жариялаған көлемді кітапта Түркістан өлкесінің XX ғасыр басындағы тарихтың күрделі мәселелерін ұлттық тәуелсіздік тұрғысынан қарастырды. Атап айтқанда, Түркістан автономиясының құрылуымен күштеп таратылуы, Бұқара және Хорезм Республикалары тарихының саяси және әлеуметтік — экономикалық қырлары ұлтаралық территориялық межелеу мәселелері тарихи шындыққа сай зерттелген. Алайда, бұл еңбекте 1924 жылға дейін Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген, қазақтың байырғыдан бергі ата қонысы болған. Сырдария және Жетісу облысы тарихи мәселелеріне жеткілікті мән берілмеген. Сонымен қатар Алаш және Түркістан автономиялық тағдырындағы ұқсастық пен олардың әрқайсысына тән ерекшеліктер жөнінде нақты айтылмаған.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі рухани өмірдегі жетістіктерінің бірі қазақтардағы ақтаңдақтардың орнын толтыруда біршама игілікті істер атқарылды. Соның өзінде жарты ғасырдан астам идеологиялық шырмауда болып келген тарих ғылымында жабулы тақырыптар әлі де баршылық. Жалпы тарихи географиялық аймақты арнайы да тереңдете зерттеу осы аймақтың өзіндік ерекшеліктерін анықтап қоймай, қазақ даласының сол кезеңде дамуына мүмкіндік бергені сөзсіз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты жөнінде ғалымдардың бірлі жарым мәселе көтеріп, ғылыми еңбектер жазғанымен шын мәнінде толық зерттелмей, яғни ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Бұл отарлау саясатының бір түрі миссионерлік саясат жөнінде жазылған тарихи еңбектер Қазақстанда жоқтың қасы деуге болады .
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты Жолдауында еліміздегі әлеуметтік демографиялық ахуалға ерекше берілгені баршаға аян. Осы жолдаудың негізінде қабылданған мемлекеттің көптеген басқа да бағдарламалары бар. «Халықтың денсаулығы», «Білім», «Қазақстан
Республикасының ана мен бала денсаулығын қорғау», «Қазақстан
Республикасының денсаулық тәрбие мен спортты дамыту» тағы басқа көптеген жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар еліміздегі халықтың әл — ауқатын, денсаулығын тұрмысын жақсартуға, жұмыссыздықтарға қарсы күресу бағытталған. Қазақстанның тарихи демографиясының кейінгі кезде тез қарқынмен дамуы және аймақтар халқының өсіп-өнудегі ерекшеліктері зерттеп, талдау, демографиялық және көші-қон саясаты үшін зор маңызы бар. Кеңес үкіметі кезінде барлық халықтар біртұтас кеңес халқы, олардың арасында ерекшелік жоқ, сондықтан олардың арасындағы демографиялық даму да бір тұтас болуы керек деген түсінік ғана болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет