Торыбай Аяжан 5 срсп



Дата16.11.2022
өлшемі19,7 Kb.
#50496
Байланысты:
Сын 5 срсп


Торыбай Аяжан


5 СРСП

1.Түркі тектес өзге халықтар сияқты қырғыз халқы ауыз әдебиетінің де әр алуан жанрдағы үлгілері көп. Қырғыз халық фольклорында аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары, күлдіргі әңгімелер, мысалдар кең орын алады.


Қырғыз ауыз әдебиетінде, әсіресе, батырлық дастандар халық арасында көп тараған.Мәселен, «Құрманбек», «Ер Төстік», «Жаңыл- Мырза» атты батырлық дастандар көпшілікке ертеден мәлім. Сондай-ақ «Олжабай мен Кішімжан», «Кедей», «Қожаш» деп аталатын лиро- эпикалық дастандар бар.
Қырғыз әдебиеті XIX ғасырдың орта кезінен бастап белгілі бір дәрежеде дамыды. Дәл осы кезеңде өмір сүрген Қалығұл ақын мен Арыстанбек ақынның «Тар заман», «Ақыр заман» атты ұзақ толғаулары сақталған. Мұнда жергілікті манаптар мен орыс әкімдерінің қыспағына түскен қарапайым халықтың ауыр өмірі тарихи шындық тұрғысынан бейнеленгенСондай-ақ Молда Қылыш Шамарқановтың (1866-1917) «Қыз бен жігіт», «Керметау», «Жынды су», «Алдамшы», «Қара Қошқар», «Бүркіт тойы», т.б. өлең-жырлары да халық арасына кең тарағаны мәлім. Әрине, қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы. Бұл жыр дүниежүзілік әдебиет пен мәдениеттің алтын қорына қырғыз халқының қосқан елеулі үлесі деуге болады.
«Манас» эпосын ауыз әдебиеті шеберлерінің бір емес, көптеген ұрпағы жасағанын ескерген жөн. Мұнда батыр Манас басқарған жеңімпаз, ақылды, ер жүрек қырғыз батырларының сыртқы жауға қарсы жорықтары баяндалады.
«Манас» эпосы негізінен үш үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде халық қаһарманы Манас, екінші бөлімде Манастың баласы Семетай, ал үшінші бөлімде Манастың немересі Рейтекенің өмірі, басынан кешкен қызықты оқиғалары, адамгершілік қасиеттері, ерлік істері суреттеледі.«Манас» эпосының сюжеті аса күрделі, шым-шытырман оқиғаларға бай болып келеді. Бұл эпос көптеген дастандарды қамтиды. Оларда достық, отансүйгіштік, ерлік, ел қорғау идеялары көтерілген. Манастың қалмақ ханы жіберген Албасты Қожарт алып, Кучку, Жолай сияқты палуандарды жеңіп шығуы, түрлі өлкелерден ізгі ниетпен келген Ажыбай, Шумақ, Сырғақ, Серек және Алмамбет сияқты батырлармен достасып, халықты ауған және қалмақ хандарының зұлымдығынан азат етуі зор шеберлікпен баяндалады.

2. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат - түрік» атты зерттеуі тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге ол ежелгі түркі тілдері мен мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып-білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы - біздің жыл санауымыздың бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген.Сол мысалдардан да «тәңір» лексемасының жиі қолданылғанын, түркі мақал-мәтелдерінің тілінде де тәңірлік концептінің сақталғанын байқауға болады.


М. Қашқари еңбегінде өмір және өлім секілді бір-біріне қарама-қарсы ұғымдардың мәні ашылып, талдау жасалады. Өмірдің мәңгілік емес екенін білген орта ғасырлық түркі халықтары, жалған дүниені arguš ažun деп атаған. Қорыта айтқанда, М. Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрік» сөздігінде лингвистикалық, этнографиялық мағұлматтар ғана емес, орта ғасырдағы сан алуан түркі халықтарының дүниетанымы, олардың сенімдері мен өмір салты, тілі, діні, мәдениеті жөніндегі құнды мәліметтерді кездестіреміз. Сөздік тілін зерделей келе сөздікте жиі ұшырасатын түркілік дүниетанымды танытатын ұғымдардың бүгінде қазақ халқында да өз маңызын жоймағанын, әлі де концептуалды дәрежеде сақталып тұрғанын айтуға болады.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің “Жан туралы” дейтін еңбегін жүз рет, “Табиғи гармониясын” қырық рет, “Риторикасын” екі жүз рет оқыған көрінеді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің екінші ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта жұмыс істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.
Фарабидің қоғамдық-философиялық, жаратылыстану туралы ғылыми көзқарастары орта ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі мәдениет, философиялық және ғылыми ой-пікірлердің даму нәтижесі болып табылады. Фараби ұлы грек ойшылы ойлап тапқан логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ерекше, батыл философиялық көзқарастары қоғамдық пікірлермен қарама–қайшы келіп, грек философия ғылымын толығымен түсінуге кедергі болды. Және де көптеген адамдар оның еркін, өткір білдіретін философиялық көзқарастарынан діннен алшақтағаны жайлы пікірлерін айта бастады. Бірақ та бұл тек Фарабидің ой еркіндігі мен өз ойын, өз ұстанымдарын нақты жеткізуі еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет