Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.
Алғашқы аурушаңдық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы. Жалпы аурушаңдық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.
Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады, жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады.
Аурушаңдықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі.
Халық аурушаңдығын бағалау үшін 1000, 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурушаңдықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.