Реферат Тақырып: Диффузды эндокринді жүйе Орындады:Қоңқыбаев Сәкен факультет: Педиатрия топ: 105 Қабылдады: Сулеймен. Г



бет1/6
Дата26.02.2023
өлшемі50,81 Kb.
#69963
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6



Астана Медицина Университеті” КеАҚ




Биостатистика, бионформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Реферат
Тақырып:Диффузды эндокринді жүйе
Орындады:Қоңқыбаев Сәкен
факультет: Педиатрия
топ: 105
Қабылдады:Сулеймен.Г

Астана қ.2022ж


Мазмұны

Кіріспе
1.1.ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕге кіріспе
1.2.APUD жайлы түсінік?
1.3. Эндокриндік жүйе
Негізгі бөлім
2.1 Эндокриндік жүйе қызметі

2.2 Ішкі секреция бездері

2.3 Аралас бездер әрекеттесуі.

3 Қорытынды

4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ: АПУДОЦИТТЕР
Жеке орналасқан гормон өндіруші жасушардың жиынтығын диффузды

эндокринді жүйе деп атайды. Бұл эндокриноциттердің көп бөлігі әр түрлі мүшелердің шырышты қабықшасында және бездерде орналасады. Әсіресе, ас қорыту жүйесінің құрамында көбірек анықталады. Диффузды эндокринді жүйенің жасушаларына көбінесе кеңейген базальды, жіңішке апикальды бөліктердің болуы тән. Көбінесе жасушалардың базальды бөліктерінде тығыз аргирофильді секреторлық түйіршіктер анықталады. Жасушалардың өндіретін заттары паракринді және эндокринді ықпал жасай алады. Кейінгі жылдарда диффузды эндокринді жүйені APUD- жүйе деп те қабылдайды. APUD сөзі ағылшын тілінде Amine Precursor Uptake and Decarboxylation сөзтіркесінің басты әріптерінен құралған аббревиатура. Қазақ тіліне аударсақ ол аминдердің бастапқы құрамын сіңіру және декарбоксилдеу болып шығады. Аминдер түсінігіне катехоламиндер (адреналин, норадреналин) және индоламиндер (серотонин, дофамин) жатқызылады.


APUD – жүйесінің эндокриндік жасушаларының моноаминоергиялық және пептидергиялық ықпалдарының механизмдерінің арасында метаболизмдік, қызметтік және құрылымдық деңгейлерде іске асырылатын тығыз байланыстар бар. Олигопептидтердің және нейроаминдердің мөлшері мен ықпалының арақатынасы әрқилы болады. Нейроэндокринді жасушалардың өндіретін олигопептидтері орналасқан мүшелеріне паракринді әсер етеді, ал алыста орналасқан мүшелерге эндокринді ықпал жасай алады. APUD жүйесінің жасушалары жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық тармақтарынан келген импульстерге жауап береді, бірақ аденогипофиздің гормондарына тәуелсіздік байқалтады.
Кейінгі жылдарда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес APUD – жүйенің жасушалары барлық ұрық жапырақшаларынан да дамиды, барлық тіндерде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет