Реферат Тақырып «Инклюзивті білім беру»



бет1/4
Дата23.09.2023
өлшемі63,45 Kb.
#110010
түріРеферат
  1   2   3   4

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі



Реферат
Тақырып
«Инклюзивті білім беру»

Орындаған: 41 «Р» топ студенті


Айкожаева М. Ж.
Тексерген: Айтбаева А. Т.


Мазмұны

Кіріспе _________________________________________________________


І.Инклюзивті білім беру ___________________________________________
1.1.Инклюзивті білім берудің мақсаты _______________________________
1.2.Мүмкіндігі шектеулі балалар ____________________________________
1.3.Мүмкіндігі шектеулі балаларда туындайтын қиындықтар және олардың туындау механизмдері _____________________________________________
ІІ.Инклюзивті оқыту ______________________________________________
1.1.Инклюзивті оқытудың қағидалары _______________________________
1.2.Мүмкіндігі шектеулі балалар және олар оқитын «ерекше» мекемелер_______________________________________________________
1.3.Инклюзивті білім формасы мен түрлері ___________________________
1.4. Инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасының заңында ________
1.5.Мүгедектер құқығы ___________________________________________
1.6.Педагогика ғылымында «Инклюзивті білім беру» терминінің қолданылуы_____________________________________________________
1.7.Мүгедектердің жоғарғы оқу орнына қабылдануы ___________________
Қорытынды _____________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер __________________________________________

Кіріспе

«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».


(В. А. Сухомлинский)
Қазіргі барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне қоршаған ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзивті оқыту-ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқыту жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру ең алғаш рет шетелде дамыған. Шетел ғалымдары: Ян Амос Коменский, Сайман Лори, Фрэнсис Бэкон зерттеген. Инклюзивті білім беруді ресейде танытқан және этнопедагогиканың негізін алғаш салған ресейлік ғалымдар К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский болды 
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден ажырату жүйесінің құрылуына қарамастан, республикалық инклюзивті білім беру ісін енгізуде қоғамның дайын болмауына байланысты бірқатар қиындықтарға кезігеді. Оның ішінде инклюзивті білім беру дағдысы бар педагог мамандар даярлау мәселесі. Арнайы мекемелер үшін білімді кәсіби дефектолог-мамандар даярлау. Дайындық жұмыстары жүйелі және ұзақ мерзімді жүргізілсе, инклюзивті білім беруді тұрақты сипатқа айналдыруға болады
Инклюзив – сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет