Ресей жерінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін бағынышты мемлекеттерге де кеңестер өз биліктерін орната бастады. Қазақстанда кеңес үкіметін орнату 1918 жылы наурызға дейін жалғасты



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі22,38 Kb.
#112623
түріСеминар
  1   2   3

Семинар №15
15.1. Кеңес үкіметінің орнауы
1917 жылы 25-26 қазанда Петроградта кеңестік большевиктер (жұмысшы, солдат, шаруалар) революция ұйымдастырып, уақытша үкіметтің мүшелерін қамауға алып, билікті қолдарына алды. Жергілікті мемлекеттік органдар мен пошта-телеграф желілерін басып алды. Сөйтіп кеңестер бүкіл ресей жеріндегі билік кеңестерге өткенін жариялады. Жаңа мемлекеттік атауы – Ресей Кеңестік Республикасы болып қабылданды. Бұл әлемдегі ең алғашқы социалисттік мемлекет болды. Жаңа мемлекеттің үкіметі Халық Комиссарлар Кеңесі деп аталды. Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Ленин болып сайланды.
Ресей жерінде кеңес үкіметі орнағаннан кейін бағынышты мемлекеттерге де кеңестер өз биліктерін орната бастады. Қазақстанда кеңес үкіметін орнату 1918 жылы наурызға дейін жалғасты. Оның ішінде Қызылорда(Перовск), Шымкент (Черняев), сырдария, Ақмола облыстары соғыссыз кеңестер билігін мойындады. Жетісу мен Торғай өңірлерінің халқы кеңес үкіметіне қарсы болып, кеңес үкіметі қарулы қақтығыспен орнатылды. Қазақстанда кеңес үкіметін орнатуға С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Т.Бокин сияқты зиялылар қолдау көрсетті.
Кеңес үкіметі барлық одақтас мемлекеттерде орнаған соң 1918 жылы шілдеде мемлекеттің жаңа атауы Ресей Кеңестіс Федерациялық Социалистік Республикасы болып бекітілді.
Кеңес үкіметі социалисттік экономикалық бағытты ұстанды. Негізгі мақсаты – жекешелендіруді жою. Олар билікке келісімен монархиялық жүйені түбегейлі өзгертті. Барлық мекеме, өндіріс орындары, сауда-саттық, шаруашылық, жер, теміржол, пошта, барлық мекемелер мемлекет меншігіне өтті.


15.2. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы
1917 жылы ұлттық зиялы қауым ұлттық мұсылман мемлекетін құру идеясын көтерді. 1917 жылы 15-22 қарашада Кеңс Үкіметі Ташкен қаласында Түркістан өлкесінің Халық Комиссарлар Кеңесін құрды. Жергілікті ұлттық идеяны насихаттаушылар бұл кеңестік билікті мойындамады. Сөйтіп 1917 жылы 26-29 қарашада төтенше съезд ұйымдастырылып, тәуелсіз Түркістан автономиясы жарияланды. Оның үкімет төрағасы Мұхаммеджан Тынышбаев, орынбасары Мұстафа Шоқай болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет