Республика педагогтарының Ғылыми – Әдістемелік және өнер-білім орталығЫ Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Р



Дата28.04.2023
өлшемі58,12 Kb.
#87829

РЕСПУБЛИКА ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӨНЕР-БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ
Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы №514 бұйрық негізінде Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» атты байқауға шақырады!
1. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
1.1. Байқауға Қазақстан Республикасы бойынша жалпы мектеп оқушылары, колледж білім алушылары қатыса алады.


2. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Байқау бағыттары



Байқау бағыттары

Тапсырмасы

1

«Әбіш оқулары»

Қатысушы Ә.Кекілбайұлының бір проза үзіндісі немесе бір поэзиясын жатқа оқып жібереді

2

«Сахналық қойылым»

Қатысушылар Ә.Кекілбайұлының шығармаларынан сахналық қойылым жібереді

3

«Сурет салу»

Қатысушы Ә.Кекілбайұлының шығармалары негізінде сурет салады

4

«Ғылыми жоба»

Қатысушы Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында ғылыми жоба жібереді

2.2.Байқау жұмыстары электронды почтаға (ped_ortaliq@mail.ru) жіберіледі (төмендегі ескертулерді назарға алыңыз!)


2.3. Байқауға қатысу сұранысы, төлем чегі және байқау жұмыстары 2023 жылдың
30 мамырына дейін қабылданады. Бір жетекшінің барлық қатысушысы бір сұранысқа жазылады.
2.4. Байқау жұмыстары жұмыс жіберілгеннен кейін 1 апта ішінде тексеріліп, марапаттар электронды түрде таратылады.
2.5. Байқауға қатысып орын алған оқушыларға арнайы диплом, орын алмаған жағдайда алғыс хат беріледі. Әр жетекші 5 қатысушы жіберген жағдайда ғана жетекшіге жеке марапат ұсынылады. Қатысу жарнасы - 1000 теңге.


3.БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
3.1. Қатысушының оқу мәнеріне және әртістік шеберлігіне назар аударылады, яғни орындау кезінде мәнерлілік пен әуезділік ескеріледі.
3.2. Сөйлеу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
3.3. Мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезіну;
3.4.Таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
3.5. Қатысушының сыртқы келбеті (киімі, ұқыптылығы, артқы фонның біркелкі болуы).
3.6. Қатысушының жас ерекшеліктері ескеріледі.


ЕСКЕРТУ!

  • Байқау сұранысын MS WORD форматында (қосымша 1 үлгіге сай) жіберу міндетті!

  • Сұраныссыз, төлем чегінсіз келген және СҰРАНЫС үлгісі өзгертілген жағдайда жұмыстар қабылданбайды! (біз жіберген үлгі бойынша ғана жазу керек)

  • Байқау марапаттары сұраныс бойынша толтырылатындықтан, қатысушы, жетекші аты-жөндерін қатесіз, толық жіберулеріңізді сұраймыз! Қате кеткен жағдайда түзету енгізілмейді! Аты-жөндері инициалдармен жазылған жағдайда (мысалы Алиханов А.А) марапатқа жазылмайды!

  • Байқауға видеосында қатысушының аты-жөні, шығарма атауы міндетті түрде аталуы қажет!



БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЖАРНАПҰЛҒА
АРНАЛҒАН БАНК РЕКВИЗИТТЕРІ:

Байланыс телефондары: 8-705-882-30-20 (ватсап)
Жұмыс уақытына сәйкес хабарласуларыңызды сұраймыз!
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
(Қоңырауға жауап берілмеген жағдайда ватсапқа жазуларыңызға болады)


Қосымша 1
Байқауға қатысу сұраныс үлгісі

р/с

Аты-жөні

Жетекшісі

Сыныбы/ жасы/ курсы

Байқау номинациясы

1

Дүйсенбек Бекзат Жолназарұлы

Ғалымжанова Айсара Бердібекқызы

5-сынып
1-курс

Әбіш оқулары


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет