Рысбекова С. Т. т.ғ. д., Әл-Фараби атындағы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі118,79 Kb.
#6678

Рысбекова С.Т. - т.ғ.д., 

Әл-Фараби атындағы  

Қазақ ұлттық университеті 

 

МӘНШҮКТІҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ 



 

Екінші дүниежүзілік соғыстың шарықтау шегі болып табылатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 

биыл 67 жыл толады. Осы уақыт аралығында сол қасіретті соғысқа қатысып, халқымызды ғана 

емес сонымен қатар Европа халқын басқыншылардан азат еткен батырлар (майдан мен тылда 

ерлік пен қажырлылықтың теңдесі жоқ үлгісін көрсеткендер) қатары сиреп, олардың ұл-қыздары, 

немере-шөберелері Ұлы Жеңістің нәтижесін көруде. 

Ұлы Отан соғысының басталуы, себептері, оқиғалары, майдан жауынгерлерінің ерліктері мен 

тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері жөнінде сол кездің өзінде, соғыстан кейінгі 

жылдарды, қазіргі кезде де көптеген кітаптар мен мақалалар жазылды, кинолар шығарылды. Дей 

тұрғанымен де, соғыс жылдарындағы тарихымыздың ақтаңдақтары толықтай ашылды деп айту 

қиын. 

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы ерліктің тамаша адам айрықсыз үлгісін көрсеткен 



Шығыстың қос жұлдыздары – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова жөнінде де көп 

айтылды, жазылды. Бірақ олардың өмірінің белгілі бір кезеңдерінің сыр-қырлары толықтай 

баяндалды деп айту ерте ғой дейміз. 

Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметова жөнінде көп еңбектенген -тарих ғылымдарының 

кандидаты Исатай Нәсекенұлы Кенжалиев. Ол өзінің кітабын жазу барысында тек мұрағат 

материалдарымен шектелмей, республикалық кітапхананың жауапты қызметкері Айман 

Мәметова, анасы Майра Садаққызы Мәметова, Мәншүктің бөлесі И.Б.Жұмабаевпен кездесіп, 

сұхбаттар алып, Мәншүктің өз әкесі Жеңсігәлі Әлиев, Әмина Мәметова туралы шынайы 

мәліметтер берді. Исатай Жұмабаев Әмина апайдан Ахмет Мәметовтің кітаптары мен фотосын 

алып қалғанын, соларды жариялау мүмкіндігін берсе, Майра Садыққызы Мәншүкті, оның ата-

анасы Әлиевтерді 1928 жылдан білетінін баяндайды. Мәншүк Мәметованың өмір жолы мен 

қызметін жан-жақты зерттеуге көп күш салған тарихшы И.Кенжалиев дедік. Мәншүк жөнінде 

еңбек жазған басқа да зерттеушілер бар екендігін атап кетейік. Оның өмір жолы мен жауынгерлік 

қызметін баяндаған - көрнекті тарихшы, академик М.Қозыбаев пен С.Честнов. Олардың 

«Бессмертие» деген кітабы бар. Майдандас серіктері Ж.Жұмақанов, А.И.Прокопенко, 

А.Халимулдин, естелік жазушы Ш.Сыздықовты, көркем әдебиетте С.Мұқанов, М.Хакімжанова, 

халық жазушысы Ә.Нұршайықовтарды атауға болады. Мәншүктің балалық шағын баяндаудан 

бұрын оның ата-аналары кім болды деген сұраққа жауап беруге тиіспіз деп ойлаймын. 

Бір айта кететіні, Мәншүктің өмірі мен қызметі, оның туып-өскен жері, әке-шешесі, ағалары, тума-

туыстары туралы арнайы толық ғылыми-зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Мұрағат құжаттарын 

және естеліктерді салыстыра отырып, Мәншүктің ата-аналары (көпше түрде айтып отырған 

себебіміз туған ата-анасы мен асырап алған ата-аналыр болғанын білеміз) туралы мынадай 

мәлімет бергелі отырмыз.  


Мәншүктің өз әкесі Жеңсігәлі мен асырап алған әкесі Ахмет Мәметұлының туған жерлері - Бөкей 

Орда топырағы. Шеркеш  руының аталығы (шежіресі) бойынша Жеңсігәлінің әкесі Әлі мен 

Ахметтің әкесі Мамыт немере ағайынды болып келеді. Шеркеш руының шежіресіне көз салсақ: 

Шеркеш руының Қойыс арысынан тарайтын Қашқыншыдан Қалыке, одан Құлмамбет, одан 

Ердесін мен Менесін тарайды. Ердесіннен Қожық, одан Досет, Көшкінбай, Әубекер, Әлі, соңғыдан 

Жеңсігәлі, одан Нағи (1910 ж. туылған), Қадір (1916ж.) және Мәншүк (1922ж.). тарайды.  

Құлмамбеттің екінші баласы Менесіннен Нұрлыбек, одан 7 ағайынды Тойлыбай, соның біреуі 

Мамыт, одан Ахмет тарайды. Сөйтіп, Мәншүктің туған әкесі Жеңсігәлі мен асырап алған әкесі 

Ахмет 2-3 атадан қосылатын туыс екендігін шығарып аламыз. 

Жеңсігәлінің жолдасы, Мәншүктің туған анасы Тойылша Есенғалиқызының, руы беріш. Жеңсігәлі 

және Тойылшамен жақсы араласқан Күніш апайдың баяндауынша 1929 жылы Жеңсігәлінің жасы 

45-те, Тойылша 41-42-де дейді. 

20-шы жылдардың бас кезінде қазақ даласында, соның ішінде Бөкей Ордасында аласапыран 

кезең орын алды. Елдегі азамат соғысы мен ақ гвардияшыларға қарсы күрес, ашаршылық 

қазақтардың туған жерлерінен көшуіне мәжбүр етті. Әкімшілік басқару бөлуі бойынша 1920-1925 

жж. қисым орнына уездер, аудандар құрылады. Таловка қисымының терістік батысы Жақсыбай-

Қамысты арасы Тарғын қисымының терістік шығысы қазір Жәнібек ауданы болды. Міне, осындай 

кезде тұрмыс қыспағынан бұрынғы Нарын қисымы қазіргі Орда ауданындағы Жиекқұмдағы 

қонысынан осы ауданға Мәншүктің өз ата-анасы көшіп келеді. Мәншүктің (кейде Мәнсия) өз 

анасы Тойылша                    1932 жылы қайтыс болған. 1934 жылдары Жеңсігәлі де қайтыс болады. 

Үлкен ұлы Нағи Орал педагогикалық институтына түсіп білім алады. Қадір де осы жоғары оқу 

орнына түсіп, каникул кездерінде Ордадағы Қанат (Ахметтің туған інісі) пен Майраның үйіне 

барып тұрды. Олар Қадірдің киімі, азық-түлігі, жол шығынын өз мойындарына алып отырды. 

Қадірдің мінезі инабатты, әдепті, ұрыс-керіске араласпайтын, жуастау болды. Ұлы Отан соғысы 

басталғанда Қадір Жеңсігәліұлы Әлиев Мастексай мектебінде жұмыс істеп жүрді, сол жерден 

майданға аттанды және хабарсыз кетті. Жоғарыда айтқанымыздай, Нағи Жеңсігәліұлы Әлиев оқып 

жүрген кезден бауыр-туыстарымен хабарласпай кетті. 

Ахмет Мамытұлы өз қолымен жазған тіркеу қағазында 1894 жылы желтоқсан айында Орда 

ауданында кедей жанұясында дүниеге келдім деп жазған. Бұл мәлімет Батыс Қазақстан облысы 

мұрағатында сақталған. Ахмет 1938 жылы халық жауы атанып тұтқындалған болатын. Сондағы 

жауаптау материалында (1.02.1938ж.). 1895 жылы желтоқсан айында қазіргі Орда ауданының 

Жиекқұм ауыл советіндегі «Қойтоғыт» деген қоныста (селода) дүниеге келіппін, Қанат деген 

(1899ж. туған) інім, Майра деген келінім, әйелім Әмина бар деп көрсетеді. Туған жылы бойынша 

алшақтық (1 жыл) болғанымен, туған жерінде өзгеріс жоқ. Ахмет ауыл мектебінде сауатын ашқан. 

Орысша тіл үйреніп, адамдармен қарым-қатынас жөнін біледі. Жастайынан өлең шығаратын 

қабілеті болды. Жәнібек төңірегіндегі орыс байларына жалданып, кейін С.Мендешев, 

С.Жанболатов, Қ.Басымовтармен Өфеге (Уфа) де барады. Жасынан зерек, көпшілік арасында өлең, 

жыр, әдеби, тарихи әңгімелер тыңдап, жаттап, қайтадан аудармай айтып машықтанады. 1912 ж. 

18 жасар Ахметтің Қазаннан алғашқы өлең жинағы жарық көреді. 1913 жылы Ахмет Мамытұлы 

Өфедегі «Ғалия» медресесінде оқиды. Ортадан жоғары білім беретін бұл діни оқу орнында 

бөкейлік Н.Манаев, кейін атақты тіл маманы қазақтың алғашқы профессоры Қажым Басымов, 

Бейімбет Майлиндер білім алған. Сол кездегі қазақ тілі, әдебиеті, мәдениеті мәселелерін 

талқылап, шешісуге араласқан. «Садақ», «Қазақ» газеттерінде шығармаларын жариялаған. Өз 

ұлтының мүддесі үшін қоғамдық, саяси ағымдар мен қозғалыстарға қатынасқан. Алаш 



қозғалысындағы екіге бөлінуден кейін әуелі Торғай, содан Бөкей кейін Жымпитыға келіп «Ерік» 

газетінде жұмыс істеп жүргенінде сонда Әмина Сүлейменқызымен танысады. Әмина - Нұралы 

ханның шөбересі. Әмина апай 1907 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында 

«Тайпақ» деген тұрақта дүниеге келген. Ахмет 1920-1929 жылдар арасында Ордада тұрып, 1922 

жылы Саратов университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Каникул кездерінде Жәнібек 

стансасы маңында колхозда тұратын ағайыны Жеңсігәлі Әлиұлына және жеңгесі Тойылшаға келіп 

жүреді. Үйленгендеріне біраз уақыт өткенімен балалары болмаған Ахмет ағасының жалғыз қызы 

Мәнсияға бауыр басты. Ерке өскен Мәнсияны анасы «Моншағым» дейтін. Тілі әлі шықпаған сәби 

өзін «Мәншөк» деп атап кетеді. Кішкентайынан адамға үйір, үйіне келгендердің қасында жүретін, 

шүйіркелесіп, кететін. Өңі қара торының әдемісі, қыр мұрынды, дөңгелек, жайнаған қара көзді 

сүйкімді бала болды. 1928 жылы Әминамен келісе отырып, жоралғы болсын дегендей Жеңсігәлі 

әйелімен рұқсат етіп Мәншөкті Ахметтер Сарытауға алып кетеді. 

Кішкентайынан пысық, болмашы нәрсеге өкпелеп, шыдамсыздық білдірмейтін Мәншөк қалаға 

келгеннен кейін көп нәрсені көріп, орыс, татар балаларымен араласып тез тіл үйреніп кетеді. Жаз 

мезгілінде Жәнібекке келіп жүреді. Ахметтің өз қолымен жазған өмірбаянында 1922-1927 жж. 

Сарытауда оқыған, 1928 ж. Маңғыстау ауданында тексеру отрядының бастығы, 1929-                1970 

жж. Семей өңірінде денсаулық сақтау бөлімінде инспектор, 1930-1931жж. Венерология 

институтының директоры, Қазақ Денсаулық сақтау халық коммиссариатының коллегия мүшесі, 

Алматы қалалық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. 1931-1932 жылдары (шілде айына 

дейін) Сарытаудың тері және венерология поликлиникасында аспирант болды. Сол 1932 жылдың 

жаңынан Орал қаласына облыстық денсаулық бөліміне жұмысқа жіберіледі. 

Әмина Ахметпен бірге Сарытауға барып, университеттің педагогика факультетінің лингвистика 

бөліміне оқуға түсіп, 1928 ж. бітіреді. 1928 жылдың шілдесінен 1930 жылға дейін Семей Совет – 

партия мектебінде оқытушы, 1930-1931 жж. Алматыда мектеп методисі, 1930-1932 жж. Сарытау 

университетінде аспирант болды. 1932-1933 жж. Орал қаласында облыстық оқу бөлімінде, 1933-

1938 жж. Қазақ оқу ағарту халық комиссариатында әдіскер болып істеді. Соңғы қызмет орны - 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты. 1932 жылы Ахмет інісі Қанат пен келіні 

Майраны Оралға қолдарына алады. (Тұрған үйлері қазіргі Мәншөк Мәметова мұражайы 

орналасқан бұрынғы Нариманова, қазіргі Сарайшық 41-ші үй). Мәнсия қазақ мектебінде оқыды. 

Ол Ахметті өте жақсы көрді. Әкесі де қызына елжіреп, тиісті қамқорлық жасап, оқуын, киінуін 

бақылап отырды. Мәнсия екі тілді жетік меңгеріп, сабақты өте жақсы оқыды. Ол өте зерек, 

ұғымтал, өнерге құмар, әншілігі бар қолы іскер болды. Бұл ең алдымен өзінің жаратылысынан 

болса, соған қоса оның анасының тәрбиесі мен әр қалада балалар бақшасы мен бағым үйлерінде 

тәрбиеленуі де әсер етті ғой деп ойлаймыз. Ахмет те, Әмина да Мәншөкке өздерінің өгей 

екендігін ешбір білдірмей тәрбиеледі, барлық жағдайды жасады. Би, әншілік өнерге бет бұра 

бастады. Өсе келе алдына зор мақсаттар қоя білді. Әкесінің қасында жүріп дәрігерлік, санитарлық 

жұмыстармен танысып, кей жағдайда әкесіне көмек көрсетіп, шприцпен дәрі егуге бейімделді. 

Жазғы мезгілде пионер лагерлеріне әкесімен барып, медицина қызметінің сырымен жақынырақ 

таныса бастады. 

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Пионер, комсомол жұмыстары балғын Мәнсияны рухани 

шынықтыра түсті. Оның бойында көп қасиет қалыптасты. Мәнсия жас кезінен жомарттыққа жаны 

жақын, қолы ашық болды. Үй жұмысында ата-анасына көмек көрсетіп, дене шынықтырумен көп 

шұғылданған. Соның бәріне уақыт тапты. Алайда Мәнсияның өмірін күрт өзгертіп, балғын балалық 

шақты ерте аяқтауға мәжбүр еткен жағдай болды. Ол – 1938 жылы ақпанда әкесі Ақметті НКВД - 

УГБ қамауға алып, «халық жауы» деген айып тақты. «Алаш қозғалысына байланысы бар, 


А.Байтұрсыновпен бірге болған, С. Мендешевті қолдаған» деген айып тағылып, тінту жүргізіліп, 

1938 жылы ақпан айының аяғында атылған.  

Бірақ бұл хабарды отбасы да, Мәнсия да білген жоқ. Ол әкесінен бас тартпады. Әке жолын қуып, 

медицина институтының жұмысшы факультетіне (рабфак) түсіп, оқыды. Жас Мәнсияның өмірінде 

туындаған тағы да бір ауыр жағдай Ұлы Отан соғысының басталуы болды. 

Қазіргі кезде Орал қаласында Мәншөктер тұрған үйде, Семей медицина академиясында және 

Орда ауданындағы М.Мәметова атындағы ауылда Мәншөк мұражайлары бар. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қозыбаев М., Честнов С., Бессмертие А., 1964. 

2. Кәкішев Т., Садақ А., 1986. 

3. Кенжалиев И. Мәншөк батыр. Орал, 2005. 

4. Кенжалиев И., Рысбеков Т., Қ. Басымов. Орал, 2008. 

5.Сыздықов Ш. Мәншөктің өшпес ерлігі. А., 1985. 

6. Халимулдина А.И., Халимулдин А.К., Звездный час Маншук. А.1985. 

7. Ерлік мәңгі жасайды., Подвигу жить в веках. Орал – Уральск, 2010.        

 

*** 



В статье приводятся биографические данные из жизни Героя Советского Союза Маншук 

Маметовой, сведения о ее приемных родителях и родственниках.  



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет