Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау


Үймереттер мен имараттардың салу технологиясын вариантты жобалау



бет14/37
Дата24.02.2022
өлшемі314.6 Kb.
#26275
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Үймереттер мен имараттардың салу технологиясын вариантты жобалау.

Вариантты жобалау нақтылы обьектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен максатқа толық жауап беретіндей ең тиімді деген жобаны таңдауға мүмкіндік береді. Салыстырылатын варианттардың тиімділігін бағалаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері: құрылыстың өзіндік кұны, еңбек сыйымдылығы және құрылысты салу мерзімі болып табылады.

Бұл ретте оған негіз болар алғашқы мәліметтер ішіне объектіні салу шарттары мен оның көлемдік-пландық және конструкциялық шешімдері кіреді. Объектіні тұрғызу шарттарына:



  • құрылыс ауданының геологиялық-климаттык сипаттамасы (аймақтың климаттық ерекшеліктері, құрылыс алаңының геологиясы, су корлары және басқалар);

  • құрылыс алаңының жағдайы, (тарлық деңгейі, әсіресе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту жағдайында; жерасты коммуникацияларының барлығы, ғимараттар мен үймереттерді бұзу қажеттілігі);

  • ресурстык сипаттамалар (өндірістік базалардың, жергілікті құрылыс материалдарының барлығы және қуаты, қүрама элементтер және құралыммдармен жабдықтау мүмкіндігі мен реттілігі, тасымал құралдарының түрлері, энергетикалық және басқа да ресурстар жатады).

Объектіні салудың, көлемдік-жоспарлык және құралымдық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарының тізімі мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді бола­ды дегенін таңдап алу үшін олардың түрлі варианттары жасала­ды.

Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясын жобалау тәжірибесі көрсетіп жүргеніндей, ұйымдық-технологиялык шешімдерді таңдау кезінде кандай да болсын шешім кабылдаудың нәтижелері кандай болатынын күні бүрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалык-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының кандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және баска да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.

Әдетте жұмыстардың біреуінің технологиясын өзгерту бас­ка да жұмыстарға әсерін тигізеді. Сондықтан ұйымдық-технологиялык шешімдерді таңдау кезінде барынша жаксы нәтижеге жетумен бірге баска да жұмыстардағы көрсеткіштердің жақсаруына әсер етіп, экономикалық ұтыс беретіндей түріне тоқталу керек. Бұл, құрылыстың барлық, технологиясы мен ұйымдастыруына жүйелі, кешенді талдау жүргізуді талап етеді. Осымен бірге баға көрсеткіштері мен еңбек шығындары тұрғы­сынан тандап алынатын жұмыс өндірісініңтиімділігін бағалайтын кешенді көрсеткіштердің әлі жасалмағанын назарда ұстау қажеттігін ескеріп отырған дұрыс. Сондықтан бағасы жөнінен үнемді әдіс еңбек шығындары немесе еңбекті қорғау талаптарын камтамасыз ету жөнінен тиімсіз болып шығуы мүмкін.

Жұмыстың өзіндік құны - құрылыс жұмыстары өндірісіне кеткен шығынның акшалай түрі. Жұмыстардың өзіндік кұнына заттай еңбек (материалдық элементтер, энергия, негізгі корлардың аммортизациясы) және тірі еңбек (жалакы және косымша акылар) кіреді. Жұмыстардың өзіндік кұны осы өндірістің техникалык және ұйымдық  жетілдірілуінің деңгейін бейнелейтін басты көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Ол мына төмендегі формула бойынша анықталады:

К= (Ж+М+П+Т) кк

Мұндағы Ж - жұмысшылардың тапкан жалакысы; М - материалдардың, бұйымдардың және құралымдардың кұны, бұған дайындау-қоймалык шығын мен объекті жанындағы коймаға материалдардың әкелу кұны да косылады; П - машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайалануға кететін шығындар; Т - көлік шығындары; Кк - косымша шығындарды есепке алып отыратын коэффициент, оның ішіне әкімшілік-шаруашылык шығындары, өрттен қорғаушылар мен күзет кызметкерлерін ұстауға кететін каржы, ескірген саймандар мен құралдарды жөндеуге, алмастыруға, материалдар мен құралымдарды пайдалануға кететін т.б. шығындар кіреді.

Машиналар мен механизмдерді пайдалануға кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі:

П=Б+П ж  +Тн /Тж + Пал   Тн

Мұндағы Б - машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды бөлшектеуге, машиналардың жұмыс істеуі үшін кажет уакытша қондырғылар жасауға кететін бірмезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, әлектр желілерін тарту және баскалар); Пж - жылдық пайдалану шығындары (механизмдердің амортизациясына бөлінген қаржы және т. б.); Пал - алмасудағы пайдалану шығындары (машиналардың жұмыс істеуін қамта­масыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың еңбегіне төленетін акы, энергоресурстардың - электр қуатының, отынның, сығымдалған ауаның, жағар май мен сүрту материалдарының кұны, күрделі жөндеу және соған ұксастар, косымша бөлінген каржылары барлардың баска барлық жөндеу түрлеріне кететін шығындар); Тн - процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану алмасулардың мөлшерлі саны; Тж-бір жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу алмасулардың мөлшерлі саны.

Құрылыс процесінің өзіндік кұнының элементтері БМБ (ЕН и Р), ҚМЕ-нің (СНиП) 4 бөліміне сәйкес материалдардың жинақтарында көрсетілген бұйымдардың және жабдықтардың, құрылыс машиналары мен жабдықтардың машина-алмасу бағаларын, осы сиякты басқа да мөлшерлік кұжаттарды басшылыкка ала отырып есептеледі.

Жұмыстың енбек сыйымдылығы - жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшеміне адам-сағат (ад-с) немесе адам-күн (ад-к) алынады. Олар жүмыс өндірісіндегі мөлшерлі жұмыс уакытының шығынын көрсетеді. Жұмыстардың барлық түрлері бой­ынша жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері БМБ-да көрсетілген.

Процесті орындаудың ұзактығы - операцияларды бірыңғай технологиялык процестерге байланыстыру және сызыктык графиктер мен циклограммаларды жасауда анықталады. Нақтылы жұмыс көлемін орындауға кететін уақыт шығыны көптеген өндірістік факторларға:

Жұмыстың түрлері мен көлеміне, тех­нологиялык процестерді ұйымдастьіру түрлеріне және оны механикаландыру дәрежесіне, жұмысшылар саны мен олардың кәсіптік шеберліктерінің деңгейіне және басқаларга тәуелді. Ұзактық өлшемінің бірлігіне сағат, алмасу, күн алынады.

Вариантта қабылданған машиналар жинағы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге едәуір дәрежеде әсер етеді. Вариантты жобада алынған машиналар жинағының тиімділігіне үлесті келтірілген шығындар аз болса, солғұрлым тиімді болмак.

Үлесті келтірілген шыгындар:

Күлбн+ Кқ

Мұндағы К6~өнім бірлігінің өзіндік құны,теңге; Ән-күрделі қаржының экономикалық тиімділігінің мөлшерлі коэффициенті (Ән = 0,12); Кк- үлесті күрделі қаржы, теңге.

Кешенді-механикаландырылған процестердің өнім бірлігінің өзіндік кұны кешенге кіретін машиналардың сменалык өнімділігін және карастырылып отырған территориялық аудандағы құрылыс үшін белгіленген машина-смена құны бойынша төмендегі формула аркылы аныкталады:

Қб=(1,08Қм-ал + 1,5Жор )Q ап  +Қ д /Ж

Мұндағы £Қ - жинаққа кіретін (жалакысыз) машина-алмасу машиналар кұнының жалпы сомасы, теңге; ІЖ - құрылыс процесін орындаушы жұмысшылардың алмасулық орташа жалакысы, теңге; 1,08 және 1,5- машиналарды пайдалануға кететін шығындар мен жалакының коәффициенті; Q -машиналар жинағының алмасулык өнімділігі, ол жинақтағы жетекші машинаның өнімділігі бойынша кабылданады, м3, м2, т және басқалар; Қд-даярлық және. қорытынды жұмыстардың құны; Ж-тиісті бірліктердегі жалпы жұмыс көлемі.

Біз дәстүрлі талдау әдісімен және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясының ең тиімді деген вариантын таңдау жолдарымен таныстық. Осымен бірге кешен мүмкіндігін барынша толық пайдалану үшін құрылыс технологиясы мен ұйымдастырудың қолайлы деген вариантын анықтау көп еңбек сіңіруді қажет ететін есептер жасауға тура келетіндігін де атап көрсету керек. Бұл өз әсерлерін тигізетін өзаратығыз байланысты көптеген факторларды есепке алу қажеттігінен туындайды.

Тиімді шешімге келу үшін барлык варианттарды белгілі бір өлшемдер бойынша салыстыру керек. Егер құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру мәселелері көп варианттылықпен сипатталатынын ескерсек, бұл аса күрделі міндет болып табылады. Әдеттегідей, кез келген құрылыс-құрастыру процесін түрлі техниканы қолдану және жұмысшылардың әртүрлі санын пай­далану, әртүрлі мерзімде және әртүрлі ұйымдастыру аркылы да атқаруға болады. Мәселен, бір кабатты көп өткінді өндірістік үймереттің көтеруші қаңкасының құралымдрын қүрастырудан құралады; үймереттер өткіндері мен секцияларында кран козғалысының түрлі үлгілері, орнатылатын жерге күрылыс күра-лымдарын әртүрлі әдіспен әперу, құрамалы күрылымдарын көтерудің және орнатудың әртүрлі реттілігі, оларды бекіту дәрежесінің әртүрлігі, құрастыру құрылымдарын баска құрылыс процестерімен түрлі дәрежеде біріктіру, жинақтаушылар бригадалары құрамының әртүрлілігі жағдайында еңбекті ұйымдастырудың түрлі әдістері және баскалар аркылы құрастыруға бо­лады.

Көріп отырғанымыздай,тиімді шешімдерді іздестірудің аукымы кең, ал міндеттер сипаты, күрделілігі және шешу әдістері жағынан тіпті көптеген варианттардың ішінен ең жақсы деген өлшем тұрғысынан барынша тиімдісін ғана тандап алу керек, яғни ол мазмұны жағынан алға койған мақсатка жауап беруге тиіс. Халык шаруашылығының маңызды бір саласы ретінде құрылыстың алдына койылған басты мақсаты-тек негізгі қорларды жасау ғана емес, оларды дер мезгілінде іске косу, яғни құрылыстың салыну мерзімін қыскарту болып табылады. Мұның өзі аз кезегінде қолданылып жүрген экономикалық реттеу жүйесін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы себепті де құрылыс-құрастыру жұмыстарының құрамына кіретін құрылыс процестерінің барлығының да тиісті параметрлері мен құрамдас бөліктерін есепке ала отырып құрылыс мерзімін нақтылы аныктау ғимараттар мен үйлерді салудың басты міндеті деп танылады. Жұмыс өндірісінің түрлі өлшемдері мен шарттары түрлерінің көп екендігіне байланысты бұл мақсаттарда әлектронды есептеу машиналарын (ӘЕМ) пайда-ланған жөн. Алайда бүгінде бұл міндетті шешудің әдістері мен тәсілдері әртүрлі, тиімді вариантты танцаудың бірыңғай әдісі жоқ.

 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет