Роман бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата14.01.2022
өлшемі1.57 Mb.
#24029
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ҮШІНШІ БӨЛІМ
I
Жасырынған  үңгірім  əдепкіде  көрдей  қараңғы  еді.  Əсіресе  кірер  есігін
бекітіп  қымтап  тастаған  кезде  төңірегім  тас  қараңғы  болып,  көзім  түк
көрмей,  алғаш  істеген  еріксіз  қимылым  қараңғыны  қармап  екі  сəбиді  екі
бүйіріме  қысып  алыппын,  «Қараңғыда  қабан  күркірейді»  демекші,  өзге
жұрттан бөлініп жалғыз қалған үрейімді қараңғылық қауқитып есіре түсіп,
тұла бойымды бір жаман, салқын діріл қарып өтті. Сол діріл екі сəбиге де
дарыды  ма,  олар  да  балапандай  қалтырап,  бауырыма  тығыла  түседі.
Солардың  денесінің  дірілін  сезгенде  көңілім  орнына  түседі.  Төбе  жақта
қылаңытқан  саңылау  бар  екен,  сəлден  кейін  шойындай  тұтас  қараңғылық
сейілейін деді.
Менің  бұл  тығылған  жер  кепем,  сыртынан  қарағанда  көзге  тіпті
байқаусыз;  үстіне  топырақ  шығармай,  үстін  жаңбырдан  қарауытып  кеткен
елең  шөппен  бұтаның  мұртын  жапырмай  үлкен  шыршаның  түбіне  қарай
үңгіп жасаған қуыс — бұрын партизандардың құпия қоймасы болса керек.
Абан  мені  бұл  араға  ертіп  келіп  екі  баланы  маған  ұстатып  қойып,  өзі
сипалап  үңгірдің  есігін  тауып  ашқанда  барып,  мен  бұл  арада  зілмəнке
барын  білдім.  Ол  бізді  сүйемелдеп  ішке  кіргізіп,  екі  баланы  жоғарыдан
алып, тесіктің аузында ұзын бойы бүктетіліп, еңкейе бұрылып:
—  Бұл  арадан  сені  тірі  жан  таба  алмайды.  Тек  қатты  дыбыс
шығармасаңдар  болды.  Маңайдан  тықыр  естісең...өзің  білесің  ғой.  Тірі
болсам  ұрыс  басылғасын  қайтып  оралам.  Былай...  немістердің  аяғы
басылғасын. Оған дейін ешқайда қозғалма,— деді.
Тесікті бітеуге оңтайлана беріп, жоғарыдан:
— Тірі болсам келемін,— деді тағы да.
Содан  кейін  үңгірді  тас  қараңғы  бітеп,  кетіп  қалды.  Кісі  баланы
бауырыма  қысып,  жалғыздыққа  бойымды  үйретіп  біраз  отырдым.  Жалғыз
демекші,  кішкентай  да  болса  қасымда  екі  сəбиім  бар,  кішкентай  кезімде


үйде  жалғыз  қалғанда  мысықты  да  қара  көруші  едім,  мына  екі  нəресте
бейнеті  мен  уайымынан  басқа  пайдасы  болмаса  да,  кісіні  əйтеуір
жалғызсыратпайды екен.
Бұл  екі  мүскін  де  тумай  жатып,  тірліктің  бар  тауқыметін  тартып,
көнбісті  болып  алған  тесік  өкпелер,  біраз  бұйығып  отырып,  қалғып  кетті.
Кіргенде байқағам — бұл өзі еңкеймей еркін жүретін, əжептəуір үлкен жер
кепе,  жоғарғы  жақта  алақандай  саңлау  бар,  бұтаның  түбінен  тасалау
жерден  тессе  керек,  аржағынан  еш  нəрсе  көрінбейді,  тек  қылаңытқан
күңгірт  сəуле  ғана.  Сыртқа  шыға  алмайтыным  болмаса  бұл  нағыз  бір
жайлы  қоныс,  екі  жылға  жуық  партизандардың  ішінде  жүргенде  мұндай
жайлы  жеркепе  кездессе  бір  жасап  қалатынмын.  Абаннан  естігенім,  біздің
əскерлер  жақындап  қалса  керек,  содан  немістер  артын  тазартып  алмақ
болып  партизандарды  қыруға  қыруар  əскер  шығарыпты,  бүкіл  үлкен
орманды  сүзіп  өтпек  көрінеді.  Сөйтіп  орман  ішіндегі  мыңдаған
партизандардың  басына  зауал  төнді.  Екі  баламен  мені  осы  араға  тығып,
біздің  отряд  та  соғысқа  кетті,  Олар  қолынан  келсе  ебін  тауып  жаудың
қоршауынан сытылып шығуы керек, қолынан келмесе...
Мен  екі  баламен  тағдырымды  тосып  осы  қараңғы  үңгірде  қалдым.
Біреуі өз балам, қазір жасы екіге жуықтады, кəдімгідей адам болып қалды.
Қардың  үстінде  туып,  жөргегінен  жылу  көрмей  өскен  бала,  ыстық  —
суыққа бірдей, неге болса да көнбісті, нағыз тесік өкпе. Басыма небір ауыр
заман төніп, зəрем ұшып қанша шошысам да тас кепедей жабысып түспей
қойып еді, осал болсын ба, партизан өмірінің барлық азабына төзіп келеді.
Кəдімгідей  тілі  де  шығып  қалды,  орысша  —  қазақшаны  араластырып
сөйлейді.  Немістерге  де  тықыр  таянған  сияқты,  осыдан  аман  —  есеп  елге
жетіп, Қамқа əжесінің қолына бір ұстатсам...
Енді  өлгім  келмейді.  Сонша  тозақтан  өткеннен  кейін...  енді  тіпті  өлуге
хақым да жоқ сияқты. Ажалды азаптан құтқаратын жеңілдік сияқты күтіп,
өлгім келген сағаттарым да болған. Басымнан кешкен азап пен мехнаттың,
қауіп  пен  қатердің,  көзім  көрген  қызыл  қырғынның  қайсы  бірін  айта
берейін.  «Уды  у  қайтарады»  демекші  бір  азап,  бір  сұмдықты  бір  сұмдық
ұмыттырып  та  келе  жатыр.  Бірақ  мен  ұмыта  алмайтын  жаным  мен  тəніме
ыстық  темірмен  қарығандай  күйдіріп  басып  қойған  бір  сұмдық  бар.  Ол
сонау  өзім  паналаған  Дуня  апайдың  деревнясындағы  қырғын...  жылдан
асқанша талай түсіме кіріп, шошып оянып жүрдім. Сол қырғынның мəн —
мағынасын  да,  сонша  қаталдықтың  сырын  да  түсіне  алмадым.  «Хайуан,


жыртқыш»  деп  лағнаттайды  оларды,  ойлап  қарасам  ол  адам  баласына
қиянат  сияқты.  Олардың  азулысы  мен  тырнақтысы  құдай  жазған  керегіне
ғана  шабады,  ал,  мыналардың  ісі...  Осыны  ойлаған  сайын,  кішкентай
кезімде  кісі  өлтіру  жайлы  алғаш  естіген,  сəби  жүрегімді  шошытқан  бір
əңгіме  есіме  түседі.  Бірақ  ол  əңгіме  маған  мына  қырғынның  мағынасын
түсіндірудің орнына қайта қиындатып, басымды шырдай қатырады.
Алыстан  жер  ауып  келген  екі  —  үш  үйлі  жан  біздің  ауылға  қоныс
тепкен  —  ді.  Солардың  ішінде  ұзын  бойлы,  қапсағай,  қара  сақалды
Оразалы  деген  азаматы  болатын.  Қамқа  əжем  «бастарына  пақыршылық
түскен  пенделер  ғой»  деп  мүсіркеп,  оларды  үйге  шақырып,  араласып
кеткен. Бір күні сол Оразалының шай ішіп отырып, айтқан бір əңгімесі əлі
күнге дейін есімнен кетпей қойған.
«Біз  Арғынның  ішінде  Тобықты  деген  ел  боламыз»,—  деп  бастаған
Оразалы  əңгімесін.—  Тобықтыда  да  талай  мықты  адамдар  болған
заманында. Арғы бабамыз Кеңгірбай би деген кісі өткен, біз оны қастерлеп
Қабеке  дейміз.  Сол  Қабекемнің  заманында  Тобықтының  Жуантаяқ  деген
атасынан шыққан Кебек деген азаматымыз болған.
«Кебек» деген атты алғаш естігенде маған ерсі көрініп:
«Кісінің аты Кебек пе?» деп күліп жібергем.
«Иə, қарағым, Кебек,— деді Оразалы менің күлгенімді ұнатпай.— Аты
Кебек  болғанмен  заты  асыл  жігіт  еді,  жас  та  болса  бір  елдің  аруақты
азаматы  болған.  Сол  Кебек  Найманның  Еңлік  дейтін  сұлуын  көріп,  сол
қызға  ықыласы  ауып  ғашық  болыпты.  Бой  жетіп  қалған  қыздың  басы  бос
бола ма, Сыбан дейтін елдің ішінде Еңліктің атастырып қойған адамы бар
екен. Бірақ ынтызарлық шыдатпай екі жас — ақ батаны аттап бас қосыпты.
Кебек уағдаласып, Еңлікті алып қашып, елдің іш жағындағы Хан тауының
сілеміне  тығылыпты.  Өзіңіз  білесіз  ғой,  бəйбіше,  жесір  дауы  оңай  болсын
ба,—  деп  Оразалы  Қамқа  əжеме  қарап  қойды.—  Бірақ  жесірі  кеткен
Сыбаннан гөрі қызы кеткен Наймандар көбірек бүлініпті. Əсіресе ауыздық
бермеген  Еспембет  деген  қатыгез  қыңыр  биі  болған  Найманның.  «Ел
бүлдірген  екі  бұзықты  ұстап  бер,  болмаса  тұрысатын  жеріңді  айт»  деп
қисайып қатып қалған.
«Арысымызды  ұстап  беріп,  елге  не  бетімізбен  көрінеміз,  өліспей


беріспейміз»  деп  Тобықтының  жігіттері  дүрліккен  екен,  Қабекем  оларды
басып тастапты. «Найман көп, Тобықты аз, соғыса алмаймын» депті.
«Апыр  —  ай,  атаңыздың  өзі  екі  жасты  ұстап  бергені  ме?-  деді  Қамқа
əжем де шыдамай.
«Жоқ, Қабекем өз қолынан ұстап бермеген. Екі тентекті тығып отырған
мен емеспін, өзі тауып алса еркі» депті.
«Өз  қолымнан  бермеймін,  өз  қолыңмен  ала  бер»,—  дегені  ғой,—  деп
Қамқа əжем күлкі аралас күрсініп қойды.
«Əрине  енді,  бəйбіше...—  деп  Оразалы  ыңғайсызданып  қалды.—
Қабекеме  де  оңай  болды  дейсіз  бе,  енді  əлі  келмесе  қайтсын.  Сіз  аржағын
тыңдаңыз,  Қабекемнің  тереңдігін  сонда  түсінесіз.  Тобықтының  ішіне
жансыз  жіберіп,  Еспембет  Еңлік  пен  Кебектің  алты  ай  бойы  паналап
жатқан үңгірінің үстінен шығады. Еңлік пен Кебек, бұл кезде балалы болып
қалған,  қаша  алмай  қолға  түседі.  «Безбүйрек»  атанған  Еспембет  емес  пе,
екі  жасты  өлім  жазасына  бұйырыпты.  Жесір  иесі  Сыбандар  «біз  кісі
өліміне араласпаймыз» деп кетіп қалыпты. Содан екі жастың мойнына қыл
шылбыр салып, аттың құйрығына байлапты.
«Астапыраллай» деп Қамқа əжем түршігіп кетті.
Meн де шошып кетіп əжемнің бауырына тығылыппын.
«Қабекем  жер  қозғалса  қозғалмайтын  адам  ғой,  содан  шөккен  нардай
үнсіз  отырып  қалыпты.  Найманға  ат  ізін  салмай,  ердің  құнын  да  сұрамай,
солай он жыл отырыпты.
«Шыдамды  —  ақ  екен  сабазың,—  деді  Қамқа  əжем.—  Ал,  Наймандар
ше?»
«Кісі  өлтірген  ел  емес  пе,  Наймандарда  Тобықтыға  қарайтын  не  бет
болсын.  Бұрын  қыз  алысып,  қыз  берісіп,  сүйек  шатысып,  қойы  қоралас
дегендей,  қоян  —  қолтық  отырған  ел,  енді  ағайынның  бетіне  қарай  алмай
іргесін  аулақтай  беріпті.  Жыл  сайын  жайлауға  шыққанда  бір  көш,  жарты
көш  жер  ысырылып,  Тобықтыдан  аулағырақ  барып  қонады  екен.  Қабекем
болса,  олар  аулақтаған  сайын,  іргесін  тақап  барып  қонып,  Найманды  əрі
қарай ысыра беріпті. Шыңғыстау дейтін қасиетті қонысымыз бар, бəйбіше,


сөйтіп  жарықтық  Қабекем  сол  Шыңғыс  таудың  талай  жерін  Найманнан
Тобықтыға ауыстырып алыпты.
«Ердің құнын еппен — ақ қайтарған екен сабазың,— деді Қамқа əжем.
«Жоқ,  ердің  құны  онымен  тана  қайтқан  жоқ,  бəйбіше,—  деп  Оразалы
əңгімесін  жалғады.—  Он  жыл  өткен  соң,  Қабекең  хабар  салып  үш  жүздің
баласынан  үш  би  шақырыпты.  «Ал,  ағайын,  осындай  бір  іс  болды.  Мына
Найман  əлім  жеттік  қылып  арыстай  азаматымды  өлтірді.  Ағайын  өкпеге
қиса  да  өлімге  қимақ  жоқ  еді,  ертең  жүз  көрісетін  ағайынмен  қан  төгіске
бармадым, əйтпесе ер намысы үшін басын оққа байлайтын ұл Тобықтыдан
табылмай  қалған  жоқ.  Үндемей  он  жыл  отырдым.  Уа,  мына  қиянатқа  не
дейсің,  ағайын?»—  депті.  Үш  жүздің  үш  биі  пəтуаласып:  «өкпең  орынды,
Кеңгірбай,  мұндай  қиянат  бел  алса  ел  болмаймыз.  Не  айтсаң  да  орынды,
осының төрелігін, кесімін өзің айт. Біз соған тоқтаймыз»,— депті.
«Кесімін  айтсам,—  депті  Қабекем.—  Мен  үш  адамның  құнын
сұраймын. Азаматымның құны, келінімнің құны, жас нəресте ұрпағымның
құны.
«Найманның өз қызының құнын өзіне төлететін болды — ау, сабазың,—
деп Қамқа əжем сөзін бөліп жіберді.
«Оның  үстіне,  ағайын,  мен  он  жыл  төздім,  соның  үшін  құнды  он  есе
қылып төлесін депті»,— деп бітірді сөзін Оразалы.
Кейін  Еңлік  —  Кебектің  кітабын  оқып,  ойынын  да  көрдім,  аудандық
театрдың  артистері  боянып  алып  ойнағанда  жыладым  да,  бірақ  алғашқы
естіген əңгімем есімнен кетпей қойды. Əсіресе кісі өлтірген ел. Ағайынның
бетіне  келе  алмай  атам  заманнан  жайлап  келе  жатқан  жайлауын  тастап,
қонысынан  сырғи  берген.  Еңлік  пен  Кебекті  жерлеуге  қатысқан  аз  адам,
тіпті түптеп келгенде, кейін «Семізбүйрек» атанып кеткен Еспембет болса
да,  ұяты  тұтас  бір  рулы  елге  келген.  Солардың  ішінде  екі  жасқа  жаны
қимаған,  Еспембеттің  қанды  қолын  қаға  алмай  қапы  қалғандары  да
Тобықты  баласының  бетіне  қарай  алмай  жерге  кірердей  болып  жүргенін
ішім  сезеді.  Тіпті  ешкім  айыптап,  көзіне  шұқып  бетіне  баспаса  да  жүзі
шыдай алмай жүрген адамдарды өз көзіммен көргендей болам. Екі жастың
ажалы екі елдің арасын ор қазғандай бөліп кеткен. Қанша жерінен сырғып,
үш адамның құнын ел болып он есе төлеп шала шабылып қалғанда барып,


сол  адамдар  ел  бетіне  қаратпай  жүрген  ұятынан  айығып,  аз  да  болса
еңсесін көтеріп, бойлары бір жеңілдеп қалған болар.
Бала қиялы əр нəрсені ұлғайтып алады ғой, содан ба білмеймін, тек осы
əңгімені еске алғанда менің көз алдыма кісі өлтірген ұятына шыдай алмай,
жерге  қарап,  тұнжырап  үнсіз  көшіп  баратқан  қалың  ел  елестейтін,  көп
қайталанып  көзіме  қанығы  болып  қалған  осы  елес,  мазақ  қылғандай  қазір
де кейде көз алдыма келеді.
Неміс  халқы  жайлы  тарихтан  аздаған  хабарым  болатын,  мектепте
өткенбіз, дүниеге небір асқан дана кемеңгерлер мен данышпандарды, небір
дүлдүл  өнерпаздарды  берген  ұлы  халық  деп  еститінмін.  Олардың  ішінен
де,  ел  болғасын,  талай  Еспембет  табылған  шығар,  бірақ  ертең  осы  халық
адам баласының бетіне қалай қарайды? Найманды қысқан ұят, оларды мың
есе қысса аз емес пе?
Өзгесін  айтпай  —  ақ,  өзім  көзіммен  көрген  үлкен  бір  ауылдың  қызыл
шақа  баласынан  еңкейген  кəрісіне  дейін  түгел  қырған  қылмысы...  Бұл
менің  миыма  сыймайды.  Қалың  жаудың  ортасында,  қияметтің  ішінде
жүргеніме  екі  жылдан  астам  уақыт  болыпты,  тозаққа  да  үйреніп  кететін
кезім  болып  еді,  бірақ  осы  оқиға  көз  алдыма  елестеген  сайын  жынданып
кете жаздаймын.
Шыққыр  көзім  бəрін  көрді.  Білмеймін,  есімнен  адасып  қалдым  ба,  екі
қабат  əйелге  мұндай  сұмдыққа  қараудың  өзі  қатер  екенін  ұмытып,
бақырайып  тұра  беріппін,  басыма  төнген  қатерді  де,  жан  сақтауды  да
ұмытып кеттім. Тек ауық — ауық көзім қарауытып, дүние бұлдырап кетеді
де, қайтадан анықталады. Əрі — беріден соң болып жатқан оқиғаның мəн
— мағынасын түсінуден қалып, тек жалаң суретін ғана көз алдымнан өткізе
бердім.  Бауырымен  жер  соғып,  қарды  тырналап  жанталасқан  ақ  бас
шалдың  басынан  қан  бұрқ  етті,  қол  аяғын  соза  берді  де  денесі  сылқ  етіп,
тына  қалды,  самайынан  аққан  қан  аппақ  ұлпа  сақалын  қызартып  жіберді.
Бір телогрейка киген жуан əйел етпетінен шөге беріп, жер иіскей құлапты,
шешесінің  қолынан  ұшып  кеткен  жөргектегі  бала  домалап  келіп  бəрінен
бері  жатыр...  сарғыш  құндағының  өкпе  тұсынан  тепсініп  қан  шығыпты.
Тірі  жəндіктей  дірілдеп  жұлқынған  автоматтарын  иықтарына  қысып  алып
солдаттар  атып  жатыр.  Төбенің  басында  тізіліп  тұрған  жұртты  ұстарамен
қырыққандай əп — сəтте жоқ қылды. Енді қырдың басын тазарта бастапты.
Сəждеге  жығылғандай  жүресінен  қарды  сүзе  құлаған  əйелді  екі  солдат


сүйретіп  апарып  сайға  қарай  домалатып  жібереді.  Ақбас  шалдың  денесін
біреуі  аяғынан  сүйреп  барады.  Кəдімгі  бір  қора  тазалағандай  бəрі  мұқият
қимылдайды,  əп  —  сəтте  жарқабақта  жан  қалдырмай  тап  —  тұйнақтай
тазартып шығарды. Берегіректе ұмыт қалып баратқан құндақтаулы баланы
біреуі  қуыршақтай  көтеріп  алып,  жарқабақтың  басына  барып  сайға  қарай
атып жіберді. Ұзын тұра тағы да бір нəрседен команда беріп еді, солдаттар
қабақтың басына тізіліп тұра қалып, автоматтарының аузын төмен қаратып
сайдағы өліктерді қайтадан ата бастады.
Менің  де,  кеудемде  жан  жоқ  сияқты,  ешбір  түйсік,  түйсіну  жоқ,
денемнің  де  бар  —  жоғын  сезбедім.  Тек  көз  ғана  бар.  Ешнəрсенің  мəн  —
мағынасын пайымдамай, түсініп ұқпай алдындағының бірін қаны жібермей
көре беретін көз ғана бар. Үрей мен қорқыныш, аяныш пен түршігу деген
сезімдер  де  сеніп  қалған,  бар  денем  осы  қырғынның  бар  суретін  қапысыз
түсіріп алып жатқан жансыз əйнек сияқты. Адамға тəн сезім əлі жетпейтін
пəлемен  айқасуға  жарамай  бас  бағып  кеудемнің  бір  түкпірінде  бұғып
қалған, селт етпейді, менің жынданып кетпегенім де содан болар.
Осы  оқиға  менің  кеудемде  кейін,  көп  кейін  барып  тірілді.  Меңіреу
көңілім  айығып,  кеще  болып  қалған  ойым  оянып,  болған  іс  көз  алдымда
қайтадан  тірілгенде,  тұла  бойым  түршігіп  кетеді.  Əлі  де  болса  есімнен
адасып  қала  жаздаймын.  Көзі  құрғыр  бірін  қаны  жібермей  көріпті  де,  дəл
сол  кезде  жанымды  қинамай  жадымның  бір  түкпіріне  тыға  беріпті.  Атар
алдында  əкесінің  мойнынан  тас  құшақтап  алып,  жеті  жасар  сары  қыздың
«папа, не хочу умирать! Папа, спрячь меня!» деп шыңғырғаны. Кішкентай
Парашканың  «мама,  мне  больно»  деген  даусын  да  оқ  арасынан  естіп
қалдым.  Шыңғырған,  ыңырсыған,  қырылдаған  дауыстар  лоқсып  келіп
құлағымды тұндырып, көзімді қарауытып жібереді. Ақбас шалдың денесін
сирағынан  сүйреп  əкеткенде  басы  қайрылып,  иегімен  қарды  күреп
баратқаны  да  көз  алдымда  тұр.  Солдаттардың  аяғымен  тапталған  қар
кəдімгідей  қызыл  ала,  қан  соқта  болып  қалды.  Осы  көріністер  кейде
тұтасып келіп, жанымды қинап, кейде қаға берісте ұмыт қалған бір көрініс
жеке елестеп жүрегіме біз сұғып алғандай шаншып өтеді.
Сай бойындағы шаруасын тындырып бəрі деревняға қайтты. Күн батып
барады,  батыс  жақ  тұтас  қып  —  қызыл  қанталап  кетіпті,  деревня  өртеніп
жатыр.  Батар  күннің  қызғылт  сəулесімен  өрттің  жалыны  тұтасып  бүкіл
көкжиекті от көмкеріп, бар əлемді өрт жайлап келе жатқандай. Мен бес —
алты орыс полицайлардың арасында келем.


— Деревняны түгел өртей ме екен?— дейді жастау біреуі.
— Бұйрық солай.
— Өзі де өртеніпті ғой.
— Жоқ, əлі біраз жұмыс бар. Қысты күні үйлер тез өртене қоймайды.
— Керосин құю керек.
— Айтады — ау, бұ да, цистернамен алып жүрген керосинің бар ма.
Мен  ауыр  денемді  əзер  сүйретіп  осылардың  қадамына  ілесіп  келемін.
Алды  —  артымды,  не  болатынымды  ойламаймын  да,  əйтеуір  айдаған
жағына жүре беретін меңіреу көнбістіліктен өзге түк жоқ менде, қаракетсіз,
ойсыз,  талпыныссыз  құр  кеудем  сүйретіліп  келе  жатыр.  Полицайлардың
сөзін  құлағым  естігені  болмаса  мəніне  ой  жүгіртерлік  шамам  жоқ,  тұла
бойым  зілденіп  төмен  тартып  барады.  Еркектердің  қадамына  ілесе  алмай
кейінірек  қалып  бара  жатыр  едім,  полицайлардың  біреуі  мылтықтың
дүмімен  итеріп  жіберді,  етпетімнен  құлап  кете  жаздап  бойымды  əзер
түзедім.
— А ну, шагай...— деп аяғына бір жаман сөзді қосып қойды.
—  Что  с  ней  то  чикаться...  укокошить  и  все  тут,—  деді  шикіл  сары
қайқы тұмсық жас жігіт.
— Нет, это не порядок,— деп оларды Усачев тыйып тастады.
Орыс  тіліне  əлі  де  шорқақпын,  əңгіме  мен  туралы  екенін  білсем  де
«укокошить»  дегеніне  түсіне  алмап  едім.  Немістердің  бұйрығын  екі  етпей
орындайтын  Усачевтің  тыйып  тастағанына  қарағанында,  шамасы  «атып
таста»  дегені  болар;  дəл  қазір  ата  салса  да  онша  жаным  қиналатын  түрі
жоқ.  Ажал  мен  тірліктің  арасын  ажыратудан  да  қалдым,  өне  бойымды
ауырлатқан  меңіреу  салмақты  ғана  сезем.  Мына  өртеніп  жатқан
деревняның  шетіндегі  тапталған  қардың  үстіне  сулата  салса  жаным
тыншығып жай табатын сияқты.
2


—  Тыңдай  алмаймын!..  Шыдай  алмаймын!..  Құрып  кетсін  бəрі!-
Шыңғырып  шыққан  дауыс  сөніп  қалған  меңіреу  көңілімді  тітіркентіп
оятып  жіберді.  Деревняның  шетінде,  өртенбей  қалған  кішкене  үйдің
қасында  тұр  екенбіз,  полицайлардың  бір  —  екеуі  үйге  кіріп  барады.
Полицай формасындағы қайқы тұмсық, ақсары кішкене беті қызара бөртіп,
долырып  кеткен  жас  жігіт...  ышқынып  айқай  салған  сол  екен,  танып
қалдым,  манағы  мені  «укокошить»  дейтін  осы.  Омырауын  қос  қолымен
айырып  жіберіп  «не  могу»  деп  айқай  салады.  Омырауы  ашық  болса  да
тұншығып,  қылқынып,  бұғауға  түскендей  бұлданады.  Үлкендеу  бір
полицай келіп:
—  Жетер!  Ақымақ  болма!—  деп  қолынан  ұстай  беріп  еді,  оны  итеріп
жіберіп, қолындағы мылтығын жұлып алып бет алды құла дүз парт — парт
еткізіп  атып  жіберді  де  мылтықты  жерге  бір  —  ақ  ұрды.  Содан  кейін
аяғының  буыны  кетіп  қалғандай  жерге  сылқ  етіп  жүрелей  отыра  кетті  де,
кенет қайтадан ышқынып, қос жұдырығымен қос шекесіне қойып жіберіп,
көкірегі қарс айрылғандай:
— Ох не могу!— деді тағы да даусы барлығып.
Усачев  те  осы  арада  екен,  ірі  денесімен  иіліп,  ананы  қолтығынан
көтеріп тұрғызды.
— Ақымақ болма. Немістер көріп қалса...
—  Бұған  арақ  ішкізу  керек.  Арақ  бар  ма?—  Мұны  айтқан  жаңағы
қолына  жармасатын  кекселеу  полицай.—  Арақсыз  бізге  де  оңай  болып
тұрған жоқ,— деп күрсініп қойды ол.
—  Самогон  жетерлік,—  деді  Усачев,—  Іштегі  өртті  сонымен
сөндірмесек. Қанша құйсаң да жетеді.
Осы  кезде  өтіп  баратқан  үш  —  төрт  немістің  біреуі  бұрылып,  бұларға
тіл қатты:
— Отдыхай, немного отдыхай. Гуляй...
Қайқы  тұмсық  шикіл  сары  жігіт  əлі  де  есін  жия  алмай  қалшылдап
Усачевтің  иығына  сүйеніп  тұр,  бетінің  бұлшық  еттері  солқылдап,
жылағысы келген баладай аузы қисайып кеткен, шегірлене шатынап кеткен


көк көзінде мағынасыз, мəнсіз үрей бар. Жынданған адамның көзіне ұқсай
ма,  əлде  байқаусызда  ойнатып  отырған  бөпесін  өлтіріп  алып,  зəресі  ұшып
кеткен  баланың  көзіне  ұқсай  ма...  əйтеуір  жаның  түршіге  тұрып  аяп
кетесің.
—  Нe  үшін?  Нe  үшін  бұларды...  Жазығы  не?  —  дейді  жас  жігіт  аузы
кемсеңдеп.
— Не үшіні қалай. Немістердің гарнизонын тұтас қырып жіберген жоқ
па,— дейді Усачев күмілжіп,— Немістер тəртіпсіздікке жол бермейді.
— Гарнизонды қырған партизандар еді ғой,— дейді егде полицай. Ол да
ойының ар жағын айта алмай күмілжіп тоқтады.
—  Партизандарға  хабар  берген...  астыртын  байланысқан  осылар  емес
пе?—  Усачев  мына  қырғынға  кенет  дəл  ел  тауып  алғанына  қуанып
кеткендей  айызданып  қызына  сөйледі.—Осының  бəрі  Носовецтің  ісі.
Осында келген ізін байқап қалдым. Бірақ ұстай алмадым. Əрине бұл соның
ісі. Осы пəлеге ұрындырған сол.
—  Деревняның  адамдарын  қырған  біз  емес  пе?—  деді  жас  жігіт,
барлығып  шыққан  жылаңқы  дауыспен.  Ол  ағасының  мойнына  асылған
баладай сүлдері құрып, Усачевтің иығына сүйеніп алған, солқылдап жылап
жіберетіндей «ох» деп азалы күрсінді.
—  Неге  біз?—ден  шошып  кетті  егде  полицай.—  Біз  атқан  жоқпыз.
Атқан немістің солдаттары.
—  Шынында  солай  —  ау,  ə?—  деді  жас  жігіт  кенет  ажалдан
құтылғандай қуана елегізіп.— Атқан біз емес қой. Біз атқан жоқпыз ғой.
— Иə, атқан біз емес,— деді нағыз дауыс.
Үйдің  ішінен  орта  жастағы,  төртпақ  мығым  полицай  шығып  келеді,
мұны  айтқан  сол,  даусы  қырылдақ  болса  да  тастай  сөйлейді,  жирен
қабағының астынан сүзе қараған шегір көзі де өткір.
Біз тек қол — аяғын матап бердік. Атуын немістер атты.
— Əрине біз енді былай...— деп күмілжіді егде полицай.


—  Жə,  партизандардың  алдында  ақталарсың,—  деп  зекіп  тастады
төртпақ  полицай,—  Менің  алдымда  ақталмай  —  ақ  қой.  Бəріміздің
үңгіріміз  бір.  Не  көрсек  те  енді  бірге  көреміз.  Самогон  əкеліпсіңдер  де,
закусканы ойламапсыңдар ғой.
—  Погреб  бар  емес  пе,  погреб.—  Бұл  гүжілдеп  шыққан  Усачевтің
даусы,  осы  топтың  ішіндегі  құлағыма  кəнігі  болған  жалған  дауыс.—
Погребті  ақтарып  шығыңдар.  Бір  нəрсе  табылар.  Бұл  Герасимовнаның
хатасы ғой. Ол күтімдар кемпір болатын.
Герасимовна...  Осы  бір  есім  мені  шырт  ұйқыдан  оятып  жібергендей
«Герасимовна...»  Құдай  —  ау,  мынау  Дуня  апайдың  үйі  ғой.  Менің  екі  ай
паналаған  мекенім.  Мəңгіріп  қалған  басым  өзім  тұрған  үйге  келгенімді  де
байқамаппын.  Шатыры  қисая  бастаған,  тозған  ағашы  шытынап  жарылып,
түрі  күлгін  тартып  бояуы  оңып  кеткен,  жалғыз  терезелі  жұпыны  үйге
қараймын.  Бұл  үйді  мен  танитын  да,  танымайтын  да  сияқтымын.
Айтпақшы, бұл үйдің іші болмаса сырты маған онша таныс емес — ті, түн
баласында  ғана  əжетім  үшін,  бұқпантайлап  сыртқа  шыққаным  болмаса,
күні  бойы  үй  ішінде  ұядағы  балапандай  бұғып  қана  жататынмын.  Сол
жылы  ұямнан  суық  қол  суырып  алып  еді;  енді  мінекей  сол  ұяма  қайтып
оралыппын.  Бірақ  енді  ойраны  шыққан  ескі  ұя  маған  пана  бола  алмасы
анық, қайта ажалым осы арада болмаса неғылсын.
Құданың  құдіреті,  сол  бір  жирен  шашты  жас  полицайдың  маған  неге
сонша  өшіккеніне,  неше  ойлап,  осы  күнге  дейін  ақылым  жетпей  —  ақ
қойды. Өзін адам аяғандай болып тұрғанда, панасыз, мүсəпір біреуге əкесін
өлтірген адамнан бетер шүйліккені...
Осынша  сұмдықтан  есінен  танып,  басы  қаңғырып  жер  соқты  болып
қалған жас полицайды кəдімгідей мүсіркеп, арқасынан қаусыра құшақтап:
—  Жүр,  Тереха,—  ден  Усачев  үйге  қарай  сүйрей  беpiп  еді,  оның  жын
қаққандай алақтаған көзі маған түсті.
Əуел  «бұл  қайдан  келген  мақлұқ?»  дегендей  маған  таңырқай  қарап
тұрды  да,  кенет  көк  көзі  шатынап  қоя  берді.  Басы  дірілдей  қалшылдап
булығып  тұр.  Содан  қолы  қалтырап  Усачевтың  иығындағы  винтовкаға
жармасты.
— Қазір... қазір... бір минутке... атып тастаймын.


— Жə, жынданба,— деп Усачев қолын қағып еді, жас жігіт тіпті өзеуреп
кетті.  Кенет  қайта  тірілгендей  денесі  ширығып,  қимылы  қызуланып
барады,  Усачевтың  иығындағы  мылтықты  тас  қылып  ұстап  алып,  жұлып
алмай айырылар емес.
Оның  өзеуреген  осы  бір  түрі  мені  шырт  ұйқыдан  оятып  жібергендей
болды,  манадан  бергі  сөніп  қалған  үрейім  қайта  тұтанып,  қапелімде
шошып  кетіп,  арқамды  ағаш  үйдің  қабырғасына  ышқына  тірей  беріппін.
Қабырғаны  ойып  ішке  кіріп  кеткім  келеді.  Көз  алдымда,  мылтыққа
таласып, арпалысқан екі адам. Менің жалғыз үмітім еңгезердей Усачев. Бір
минут  па,  əлде  бір  жыл  ма,  білмеймін,  маған  сол  бір  жылдай  көрінді.
Əлуетті  Усачев  ақыры  ана  жігітті  еңсеріп  алған  екен,  жас  полицайдың
қынуы  кетіп,  қайта  əлсіреп  қалыпты,  əкесінің  қолынан  бұлқынып  шыға
алмаған жас баладай жыларман дауыспен жалынады келіп:
— Ну, дядя Лука... Дядя Лука, беріңізші мылтығыңызды. Бір минутке...
Бір минутке ғана беріңізші. Біздің адамдардың бəрін... бəрін қырып тастады
ғой. Ну, бір минутке... Мен тез... Тез бітірем саудасын.
— Мұның оған қатынасы жоқ қой. Бұл немка емес қой,— деді төртпақ
полицай.
Бұл  сөз  төртпақ  полицайдың  көмейінен  күмілжіп  шықса  да,  əйтеуір
менің пайдама айтылған сөз екенін аңғарып жүрегім шым ете қалды.
—  Какая  разница.  Бəрібір  біздің  адам  емес.  Түрі  бөлек.  Көрмейсіңдер
ме?  Біздің  адамдарды  қырып  салған  жоқ  па,  а?  Қырып  салды  ғой.  Мұның
несі артық? Өз адамдарымызды аямағанда... Неге? Неге? Мылтықтарыңды
аяйсыңдар, сараң иттер.
—  Жынданба,  Тереха.  Не  порядок  это.  Үйге  жүр,—  деп  қауқарлы
Усачев  жас  полицайды  қапсыра  құшақтап  ішке  қарай  сүйреп  баратқанда,
кішкене көңілім орнығайын деп еді, бірақ есіктен кіре бергенде анау қайта
бұлқынып еңгезердей Усачевты балаша сүйретіп шықты. Құдай сақтағанда,
босанып кете алмай, жынды көзі алақтап, маған түйіліп:
— Ух, стерва брюхатая! Все равно прикончу тебя!— деді.
Бір  ғажабы  жас  полицай  маған  қанша  өшіксе  де,  мен  оған  тіпті  өшіге
алмадым,  қанша  жынданып,  долырып  өзеурегенмен,  өзінің  хəлі  адам


аяғандай.  Ол  кезде,  ақылға  салып  оның  халін  саралап  түсінуге  пұрсатым
да,  білімім  де  жетіп  пе,  əйтеуір  іштей  түйген  бір  түйсігім  ғой.  Дəл  қазір
басына қатер төніп тұрмаса да оның хəлінің менің хəлімнен де қиын екенін
ұққан  сияқтымын,  содан  шығар,  қанша  қорықсам  да,  қарсы  алдымда  қас
дұшпан  емес,  қолына  өткір  пышақ  ұстаған  есалаң  бала  тұрғандай  зəрсіз
үрейлендім.
Үйдің  ішіне  бес-алты  полицай  жиналған.  Дуня  апай  екеуміз  шүңкиіп
отырып  тамақ  ішетін,  көзім  үйренген  қара  стол.  Жалпақ  төрт  тақтайды
қиыстырып  мықтап  шегелеп  тастаған,  бояусыз  тақтайы  қарауытып  кеткен
ескі  де  болса  мығым  стол.  Үйдегі  үш  орындық  аздық  еткесін  столдың  бір
жағын
Дуня
апайдың
кереуетіне
тақап
қойған.
Полицайлардың
қаңқылдаған  даусы  басылып,  өлік  шыққан  үйге  келгендей  түнеріңкі.
Жаңағы  мені  атамын  деп  аласұрған  жас  полицай  да  намазға  жығылған
үлкендердің  қасындағы  баладай  іштен  тына  қалыпты,  құдай  оңдап  мен
отырған босағаға көз қиығы түспеді, алдындағы бір нүктеге үңіліп сазарып
отыр.
Манағы егде полицай, түрін анықтап жаңа байқадым, биік мұрынды, ат
жақты қараторы, қапсағай кісі екен, шелектей шөлмекке толы арақты еппен
əкеліп  столдың  үстіне  қойып  жатыр.  Қайқы  тұмсықты,  қайқы  иек  сары
столға  тағам  тасып  жүр,  əншейінде  қол  —  аяғы  мен  аузы  тыным  таппай
ұшып  қонып  тұратын  қызыл  дақ  сары  болар,  бірақ  қазір  бойына  сабыр
ұялап,  ернін  жымқыра  тістеп,  еппен  үнсіз  қимылдайды.  Сұмдық  қаза,
қылмыс  қаза  бұлардың  да  еңсесін  басып,  денелерін  ауырлатып  тастаған
сияқты, сараң самарқау ғана, ұрлық қылған адамдай күңкілдесіп сөйлеседі.
— Сүр майды турап жібер.
— Нанды қолымен омыра бер, пышақ жетпейді.
— Стақан аз ғой.
— Кезекпен ішесіңдер.
Сүр май мен қара нанның қышқыл иісі мұрныма келіп, күні бойы өліп
қалған  нəпсім  қайта  тіріліп,  жүрегім  сазып  қоя  берді,  таң  атқалы  нəр
татпаған екем — ау. Қазақ айтқан үш арсыздың бірі — тамақ деген құрғыр
енді мені қинап барады. Бірақ тамақ сұрауға қазір тыныш отырған жынды
жac  полицайды  қайтадан  құтыртып  алам  ба  деп  қорқам,  өздерімен  өздері


болып,  олар  мені  ұмытып  кеткен  кезде  бар  —  жоғымды  сездірмей  тыныш
отыра берейін.
Сары  дəу  шөлмекті  қолтығына  қаусыра  көтеріп  қалайы  кружкаларға
шорылдатып  самогон  құйып  жатыр.  Төртпақ  полицай  толы  кружканы
қолына  алып  төңірегін  көзімен  шолып  өтті,  аналар  да  əлденеге  тына
қалған.
—  Енді...  несі  бар,—  деді  қарлыққан  қатқыл  даусымен,—  Енді...
мұндайда... топырақтары торқа болсын. Тие берсін... дейміз де.
Төртпақ  полицай  самогонды  қылқылдатып  ұзақ  жұтып,  кружканы
шалқая  көтеріп  барып  тауысты  да,  тамақ  алмастан  бұрын  жұдырығының
сыртымен  аузын  екі  рет  сипап  өтті.  Өзгелері  де  «əмин»,  «тие  берсін»  деп
көтеріп жатыр.
— Кəне, Тереха, ішіп жібер. Жеңілдеп қаласың.
Қақырынып  қойып,  тұнжырап  үнсіз  жұтып  жатқандар  да,  осы  кезде
тірілейін деді.
— Давай, Тереха! Тайсалмай іш.
— Бойың жеңілдеп қалады,— деп қыштай жөнелді өзгелері.
—  Сен  бала,өзің  əлі  шалалау  екенсің,—  деді  төртпақ  полицай,—
Буының қатып болмаған. Шыдай бер. Көресің əлі алда.
— Молодо зелено. Жас қой. Ол түгіл өзіміз де... Қанша ересек болсақ та
буынымыз  қалтырап  кетті.  Мұндайды  бұрын  кім  көрген.—  Манадан  бері
жұрттың  тұнжыраңқы  көңіл  күйіне  бағынып,  аузын  шымшып  буған
қапшықтай  тырсиып,  сөзін  ішіне  сыйғыза  алмай  жүрген  шөже  сары  біреу
түртіп  қалып  тесіп  жібергендей  енді  ағытылып  кетті.—  Əрине  бұлар  енді
айыпты  ғой.  Немістің  сонша  əскерін  қырып  жіберген.  Олар  енді
партизандар ғой. Бірақ ... кішкентай балаларды атқаны.
— Қық!..— деп төртпақ полицай столды қойып қалды.
Осылардың  бастығы  ма,  əлде  іштеріндегі  арқалысы  сол  ма,  өзгелері
селк  ете  түсіп,  тына  қалды,  тек  шөже  сары  ғана  төгіліп  баратқан  топан


сөзін кілт тоқтата алмай:
—  Əрине  енді  былай...  Мен  сөздің  ретін  айтып  жатқаным  ғой,—  деп
күмілжіп барып тоқтады.
— Оттама! Сөздің реті ол емес. Кəнекей арақ құйыңдар,— деп əмір етті
төртпақ полицай.— Оттай берсең оңбайсың. Қазір елжіреп, егілетін уақыт
емес. Жүрегіңді тас түйіп уысыңа қысып ал.
— Кəне. Құй тағы да.
— Аяма, бұл шіркін жетеді.
— Эх, ма!.. Іштің өртін осымен сөндірейік.
Арақ  шіркіннің  күші  бөлек  пе,  қалай,  қанша  қатыгез,  қаныпезер
болғанмен  дүйім  халықтың  қанына  ортақ  болып,  ауыр  қылмыс  еңселерін
басқан  полицайлар  тез  арада  —  ақ  серги  бастады.  Əрі  —  беріден  соң
гүжілдеп, кішкене бөлмені барлыққан мас дауыстарымен теңселтіп əкетті.
— Қане, қане, құй тағы да.
— Қасіретімізді тұншықтырайық. Толтырып құй.
— Ішім өртеніп барады, əкелші тағы.
Бөлменің  іші  темекі  түтінінен  тұманданып  барады,  Дуня  апайдың
жетілік  керосин  шамының  жарығы  да  əлсіз,  көбіне  шалқайған  бет  —
жүздерді  емес,  бүлкілдеген  жұтқыншақтар  мен  созылған  өңештерді  ғана
көремін. Осы үйге кірген алты — ақ адам еді, үстеріне ешкім қосылмаса да
тіпті көбейіп кеткен сияқты. Осылардың арасында бебеу қағып шөже сары
жүр,  қазір  айтпаса  дүние  күйіп  кететін  бір  маңызды  сөзі  бардай  өзгенің
иығынан жұлқылап жабысады, ол тыңдамай итеріп жіберсе қайқы тұмсық
пен шақшаның түбіндей қайқиған иек келесі құлаққа барып қадалады. Енді
дауыстар  да  қаттырақ  шыға  бастады.  Сөздерінің  бірін  түсініп,  бірін
түсінбей де қалам, əрі — беріден соң дабырлаған дауыстар қосылып тұтас
бір  гүжілге  айналды  да,  ешнəрсенің  мағынасын  ұққаным  жоқ.  Уақыт
мезгілді,  отырған  орнымды,  тіпті  бүгінгі  көз  алдымнан  өткен  буы
басылмаған  ұлы  қырғынды  да  ұмытып,  тұла  бойым  ауырлап  меңіреуленіп
бара жатыр едім, «ой мама» деген ащы дауыстан селк ете қалдым.


—  Ой,  мама!  Мамочка!  Мен  не  істедім?  Не  істедім?  Құтқар  мені,
мамочка.
Сол жас полицай. Жас баладай шешесін шақырып, кеңкілдеп жылайды.
Өзара  гуілдесіп  кеткен  полицайлар  сөзден  тыйылып,  бəрінің  ықыласы
соған ауды, қаумалап жұбатып, қойып, ақыл айтып ортаға алып жатыр.
— Ой ақымақ, шешеңнің етегіне жармасқан жас бала ма едің?
— Жə, ақымақ болма, ішіп жібер.
— Қой енді, қой. О несі — ай.
— Шегі жіңішке ғой. Қайдан шыдасын.
Осы дабырласқан дауыстардың арасынан тағы да ышқынып:
—  Ой,  мама!  Мамочка  родная.  Что  же  я  наделал?!  —  деп  еңіреп,
қалшылдап жылады.
—  Заткнись,  дурак!  Без  тебя  точно!—  деп  төртпақ  полицай  ақырып
жіберді. Оның қырылдақ даусы құдды арамен тіліп өткендей.— Бұл немеге
тағы да құйып жіберіңдер,— деді содан кейін сабасына түсіп.
— Иə, иə, құйып жіберіңдер.
—  Арақ  жарықтық  ол  бəрін  басады,—  деп  дабырласа  қоштаған
дауыстар мұрнын тартып қорсылдаған жас полицайдың өксігін көміп кетті.
Уақыт тоқтап қалды ма, білмеймін, көк ала түтіннің ішіндегі гүжілдеген
дауыс мəңгі — бақи бітпейтін тəрізді.
Ауық — ауық қалғып кетем бе, əлде есімнен айрылып қалам ба, əйтеуір
көкала түтін мен барылдаған дауыстар үзіліп кетіп қайта жалғана береді.
Тағы да, енді тіпті үйреншікті болып алған, меңіреу халге ауысып бара
жатыр  едім,  ішім  сыздап  бүріп  əкетті.  Бүйірім  солқ  —  солқ  ете  қалды,
іштен  тепкілеп  жатыр.  О,  жасаған.  Бұ  да  бар  екен  ғой.  Ішімде  өліп
қалғандай  күні  бойы  бір  белгі  бермей  бар  —  жоғын  ұмыттырып  жіберіп
еді, Əлде толғағы түскірі келіп қалды ма? Сорлы, сен де туатын мезгіліңді


тапқан  екенсің.  Бармағымды  тістеп  алып  біраз  отырдым.  Бір  кезде
құрсағымды бүріп алған ауру шымырлап жанымды шығара рахаттандырып
кейін қайта бастады.
Есімді жиып төңірегіме зер салғанда көкала түтін арасынан еңгезердей
Усачевты  көрдім,  орыстың  самогоны  иілді  де  ұрып  жығатын  шығар,
шайқалып, құлауға əзер тұр. Басы былқ — сылқ етіп, хəлі кетіп қалған жас
полицайды теңселе құшақтап, тілі күрмеліп:
— Тереха... Тереха... Ты меня увважаешь, а? Я тебя как брата родного...
А  ты  меня  уважаешь,  а?—  деп  жабысады.—  Нет  ты  скажи  мне...  Скажи...
Ты меня уважаешь?
Баяғы  полкта  жүргенде  орыстың  келіншектері  айтушы  еді:  еркектер
ішіп  алғанда  «сыйласу»  туралы  сөз  қозғаса  —  ақ  бітті,  ізінше  төбелес
басталады деп. Мыналар да тым кеукілдесіп барады, ақырын бір құдайдың
өзі білсін. Бір шатақ шықса... екі ортада шыбын өледі деп...
Құрбандыққа шалуға аяғын буып тастаған қой сияқты, тағдырға мойын
ұсынып,  неге  болса  да  көндіккен  жағдайым  бар  еді.  Оның  үстіне  өз
ордасында,  отанында  отырған  қыруар  жұрт  қырылғанда  жел  айдаған
қаңбақтай  қаңғып  жүрген  жалғыз  бұралқы  менің  тірі  қалуым,  қайыршыға
ханның  сыбағасын  сыйлаған  тəрізді,  тым  өрескел  де  көрінеді,  жаншылып
қалған жалқау көңілмен самарқау ғана ақтық сағатымды тосып едім. Жаңа
ғана  құрсағымды  тепкілеген  жан  иесі  ұйықтап  қалған  үрейімді  оятып
жіберді. Мені комендатураға апарғанмен жаным қалмас, болмаса мына мас
полицайлар  жол  үстінде  —  ақ  жайрата  салар  деген  ойдан  шошына
ширығып, қайткенде жан сақтауды ойладым.
Мына  құрғырлар  мелшесінен  келіп,  дуылдасып  жатқанда  ебін  тауып,
шығып кетсем... Бір баққаным төртпақ полицай, Усачевтей денелі болмаса
да,  жуық  арада  араққа  алдырмайтын  қу  екен,  ішкен  сайын  тек  түнере
береді,  тіпті  сөзге  де  сараң  болып  алды.  Бірақ,  құдай  оңдағанда,  оның
менімен онша ісі де жоқ сияқты.
Босағада,  дəл  есіктің  түбінде  отырғанмын,  сыртқа  шығып  баратқан
біреуі маған сүрініп кетті де:
—  Аяққа  оралғы  болып...  Бар  шуланға  кет!—  сауырымнан  теуіп
жіберді.


—  Тырп  етпе,  осы  жерде  отыр,—  деді  шуланға  менімен  ілесе  шығып,
қараңғы бұрышты нұсқап.
Ол  түзге  шығып  қайта  кіргенде,  құдай  оңдап  ұмытып  кеткен  болар,
қараңғы шоланнан мені іздеген жоқ. Саңлау қалған есіктен іштегі гуілдеген
көп  дауыстың  арасынан  Усачевтың  гүжілдегені  құлағыма  шалынды.  Ол
енді «сыйлауды» азырқанып, «мені ешкім жақсы көрмейді», деп жыларман
болып біреуге мұңын шағып жатыр. «Қашу, құтылу керек» деген жігерлі ой
жетелеп, бойымның ауырлығын сезбей зытып сыртқа шықтым.
Күтпеген  жерден  лапылдаған  жалын  көзге  ұрып,  қабырғаға  арқамды
тіреп тұра қалдым. Есімді жиып, зейін тоқтата қарасам деревняның өртеніп
жатқан  үйлерінің  жалыны  екен.  Кейбіреулері  сөне  бастапты,  əрегіректе
болса  білмеймін,  бұл  шетте  Дуня  апайдың  үйінен  өзге  өртенбеген  үй
көрінбейді. Əр жерден қара қошқыл жалын үңгіп жатқан түн қараңғысында
оқта  —  текте  патыр  —  патыр  ете  қалып,  тысырлап  жанған  өрттің  өз
дыбысынан  басқа  үн  жоқ.  Демімді  ішіме  тартып  аз  тұрдым.  Көптен  беpi
тығылып жатып, қарекет қылуды да ұмытып кеткен түрім бар. Мана да сол
құрбандыққа апаратқан тоқтыдай айдаған жақтарына жүре беріп едім, енді
бас  жібім  босап  кеткенде...  қалай  жан  сақтауымды  білмей  сасып  тұрмын.
Айтпақшы немістер бар еді — ау. Олар көрінбейді де, естілмейді. Басқа бір
үйде тойлап жатыр ма екен, əлде кетіп қалды ма? Осы мен неғып тұрмын?
Тезірек...
Сарайдың қасына қалай келіп қалғанымды да білмедім. Сипалап есігін
аша  бергенімде  іштен  бір  нəрсе  тыпыр  ете  түсті,  қаша  жөнелуге  шамам
келмей  есікке  жабысып  тұра  қалыппын.  Уһ,  құдай  —  ай,  Дуня  апайдың
сиыры  Зойка  екен.  Ауыр  күрсінгендей  ақырын  ыңырсыды  да,  мөңіреп  қоя
берді.  Даусынан  үркіп  қалсам  да,  жып  беріп  ішке  кірдім.  Мөңіреуін
қойғызайын  деп  қараңғыда  жотасынан  сипалап  келіп,  əукесін  қасыдым.
Жарықтық сауыны келіп теңселіп тұр екен. Енді бұл ауылда мұның желінін
сипайтын тірі қол қалған жоқ. Менің түрім мынау. Əукесін сипаған сайып
жануар  исініп,  тұмсығымен  қолтығымнан  түртіп  қояды.  Соңғы  сауымын
қашан  алып  еді?  Таңертең  Дуня  апай...  Осы  бүгін  таңертең  бе  еді?..
Астағыпыраллау, осы бүгін таңертең. Содан бері мен үшін тұтас бір ғұмыр
өткен сияқты еді, мына сұмдық тажал күн əлі таусылмай шұбатылып келе
жатыр екен ғой. Айтпақшы бүгін түнде осы сарайға түнеп шығып едім —
ау, енді тозақтан өтіп сол мекеніме қайтып келіппін. Сипалап барып пішен
ішіндегі  үңгіген  орнымды  тауып  алып,  кірдім  де,  сылқ  етіп  құлай  кеттім.


«Іздесе  бұл  сарайдан  мені  оңай  тауып  алады  —  ау»,  «əлде  сарайды  өртеп
кетуі  де  мүмкін  —  ау»  деген  күдік  ойлар  көкірегімде  қозғала  түсіп  еді,
денемді  басқан  ауыр  салмақ,  күдік  отын  өшіріп,  тұңғиыққа  қарай  тартып
əкетті.
3
Қанша ұйықтағанымды білмеймін. Ұйықтадым ба? Əлде есімнен танып
жаттым  ба?  Ол  арасын  ажыратуға  да,  ойлануға  да  шамам  келмейді.
Ұйықтап жатқанда біреу темір шоқпармен ұрып кеткен бе білмеймін, белім
сындырып  алып  барады,  барған  сайын  ауырғаны  ұлғайып,  жанымды
көзімнің  ұшына  алып  келе  жатыр,  қайда,  неғып  жатқанымды  да  ойлауға
пұрсат берер емес. Пішенді сусылдатып ырғалып ыңырана берем. Енді бел
сүйектің  ауырғанына  ішім  де  бүре  бастады.  «Бұрын  дəл  мұндай  емес  еді,
апырай, келіп қалғаны ма?» деген ой басыма сап етіп, шошып кеттім. Сол
ойға  тіркесе,  қайда  жатқаным  да  есіме  түсті.  Бірақ  өзге  нəрсені  ойлауға
пұрсатым  болмай,  бар  бітіргенім  құдайға  сиына  бердім.  Жасаған  —  ай,
жасаған, кішкене кідірте тұр. Сабыр берші, сабыр.
Жанымның  күйзелгені  сонша,  дабырлаған  мен  тарсылдаған  мылтық
даусы  да  миыма  кешеуілдеп  жетті.  Əуелгіде  еш  нəрсені  түсіне  алмадым,
əйтеуір  бір  қарбалас  барын  сезем.  Құлағыма  «партизандар,  партизандар
келіп қалды» деген үрейлі дауыс келеді, бұл полицайлардың даусы болар.
—  Сволочтар,  шошқаша  сіміріп  едіңдер.  Ал,  енді  құтылыңдар,—  деді
ызалы қырылдақ дауыс. Бұл маған таныс дауыс сияқты.
—  Шана  қайда?  Шананы  əкеліңдер!—  деген  дауыс  гүж  етті.  Бұл  да
маған таныс, айтпақшы Усачевтың даусы, есін жиып алыпты — ау, оңбаған.
—  Батыс  жақ  ашық.  Ершиге  қарай  қашу  керек!—  деп  əмір  етті
қырылдақ.
— Тезірек шананы жегіңдер. Атты доғарып қойған қандай ит.
— Сен шана жеккенше партизандар күтіп тұра ма.
— Ал, тезірек зытыңдар! Қалған иттер қала берсін.
Ырсылдап жүгіріп баратқан адамдардың аяқ дүрсілі.


Енді  мылтық  даусы  жақындап  қалды.  Үлкен  атыс  жоқ,  бір  —  екі  рет
тарс — тарс етіп қана басылды. Сегізкөзімнің сырқырағаны басылар емес,
оның үстіне ішімнің ауырғаны да үдеп, бүріп əкетіп барады. Өзіммен өзім
алысып,  сырттағы  оқиғалардың  бірін  біліп,  бірін  білмей  де  қалам,  қазір
тіршілік қамын, қауіп — қатерді ойлауға мұрсатым жоқ, жанымды қинаған
тəн  азабымен  алысып  жатырмын.  Сөйтіп  жатқанда  дабырласып  сарайдың
қасына келіп қалған адамдарды да байқамаппын.
— Осы сарайда біреу бар.
— Байқаңдар.
—  Жараланған  адам  болар,  қиналған  даусы  шығады,—  деген  дауыстар
қаңғырлап  құлағыма  келеді,  бірақ  бұл  басқа  бір  дүниеден  естілген  дауыс
тəрізді, мағынасын ұқпаймын. Тыпыршып сиыр мөңірейді.
— Даусы шөптің арасынан шығады.
— Əйел даусы сияқты.
— Кім бар, мұнда? Кім бар?
«Кім бар?» осы «кім барды» неше айтқанын білмеймін, əйтеуір тағы бір
қайталағанда,  есім  кіріп  жауап  бергім  келіп  еді,  бірақ  сөз  орнына
ыңырсыған дауысым қаттырақ шықса керек.
— Міне, мына осы жерде. Осы арада.
Біреудің  қараңғыда  сипалаған  қолы  иығыма  жармасты,  көзімді  ашып
оның қарауытқан тұлғасын да көрдім.
— Ауыр жараланған біреу болар. Вася, аяқ жағынан кел.
Қараңғыда қорбаңдаған екеу мені пішен арасынан суырып алып, көтере
бергенде жаным шығып кете жаздап шыңғырып жібердім.
— Осторожно, Вася.
— Сабыр етіңіз, кішкене сабыр етіңіз. Қазір дəрігер жəрдем етеді.


Бұлар  далаға  алып  шыққанша  шегім  үзіліп  кете  жаздады.  Олар  да
байғұс  асып  —  сасып,  «неге  байқамайсың»  деп  бір  —  біріне  кейіп  қояды.
Сыртта да біраз адам бар сияқты, дабырлаған дауыстар, қарды күртілдетіп
басқан қадам тықыры.
—  Ай,  шананы  əкел.  Мында  ауыр  жаралы  адам  бар,  Сергей  Сергеевич
қайда. Жаралы адам бар.
Мені  жантайтып  қарға  жатқызып  қойды.  Тұруға  тізем  қозғалтар  емес,
шынтақтап басымды көтердім. Бір партизан атты жаяу айдап келіп, шананы
қасыма  қойды.  Ат  тоқтатардағы  осы  дыбыс  тура  ешбір  əріппен  жазуға
келмейтіндей, екі еріннің арасын дыбырлап шықты.
— Дабай, нагружай быстро.
Орысшасы  да  менің  орысшамнан  аумайды,  үні  ашық  қатқылдау,  бір
жерде естіген даусым сияқты. Апыр — ау, қайдан естіп ем?.. Охо, құрғыр,
құрсағы  түскірі  бүріп  əкетіп  барады,  біреу  келіп  үсті  —  басымды
сипалайды.
— Қай жеріңнен жараландың? Қай жеріңнен?
Тіл қатуға пұрсатым бар ма, жаным шығып баратқан да, тек ышқынып,
ыңырси  берем.  Еркектің  қарулы  қолы  о  жер,  бұ  жерімді  сипалап  келіп,
ішіме тірелгенде, кілт тоқтай қалды.
— Екі қабат əйел ғой. Толғағы келіп қалған. Үйге апару керек.
— Үйге апаруға болмайды. Командир кетуге бұйырды.
Жаңағы ат айдаушының даусы. Апырмай, бір таныс...
– О — о, жаны құрғыр — ай.
Менің  шыңғыра  ыңырсығаннан  басқа  жауабым  жоқ,  ол  басымды
көтеріп салмақ боп, бетіме үңіліп, кілт тоқтады.
— Бұл орыс емес қой.
— Енді кім, немка ма?


— Жоқ. Немка емес. Бір түрлі сіздің ағайынға ұқсайды. Бұл жаққа, бұл
қайдан келіп қалды екен? Бұ жердің адамына ұқсамайды.
Кімге ұқсағанда да, құрсын енді, жаным шығып барады. Жаңағы бүріп
ауырған ауырған ба, енді қолқаммен қоса бүкіл ішек — қарынымды төмен
қарай суырып əкетіп барады. Ұзын біреу еңкейіп келіп, бетіме үңіледі.
— Кто ты такой...
Бұ да ыңырсығаннан басқа жayaп ала алмай, енді кəдімгі қазақша:
— Сен қазақ емеспісің?—деп сұрады.
Құдай — ау, қазақ, қазақпысың дейді. Иə, иə, қазақпын дегім келеді. Иə,
мен қазақпын. Білмеймін, сірə даусым шықпай ғана айтқан болармын, анау
сұрағын тағы қайталады. Ішек, қарынымды трактормен сүйрегендей төмен
қарай əкетіп барады. О — о, жаны құрғыр — ай. Бір саябыр болар ма екен?
Кез  алдым  жарқ  ете  қалып,  көзімді  жұмып  қайта  аштым.  Біреу  қол
фонарын  жағып  бетіме  үңілді  де  аңырған  күйі  аузын  ашып  қатып  қалды.
Жарыққа  да,  жан  қинаған  ауруға  да  шыдай  алмай  көзімді  қайта  жұмдым.
Əлден уақытта əлгі:
— Сіз Еділбаевтың əйелі емессіз бе?— деп сұрады.
«Иə» деуге ғана шамам келді.
— Ай, бəсе, танып қалдым — ау. Meн Абанмын ғой. Абан Бұқашев.
Қайдағы Абан? Қайда көріп едім? Əйтеуір бір таныс адам сияқты.
— Көпірге бомба түскенде... стансада кездесіп едім ғой.
— Қайдағы көпір? Қайдағы бомба?
— Ай, құтылып кете алмассыздар деп қорқып едім сонда.
«Көпір...  бомба...»  Өртенген  вагонның  қасы...  Еміс  —  еміс  бір  елестер
көз алдыма келеді, бірақ қазір мен одан қашықпын. Тіпті қашықпын. Қазір
дүниенің  бəрінен  қашықпын.  Мына  жан  күйзелісі  мені  бəрінен  бөліп


тастаған.  Айтылып  жатқан  сөздерді  еститін,  түсінетін  тəріздімін,  бірақ  ол
сөздер менен, менің мына жан қиналысымнан бөлек... Тек дауыс, сөз ғана...
— Жолдас дəрігер, жолдас доктор, бұл біздің Еділбаевтың əйелі... Біздің
командирдің.
— Апырай, кездесуін қара... Рас па?
—  Рас  деймін.  Мен  мұны  бұрын  көргенмін.  Білемін.  Мен  барып
командирді шақырып келейін. Жеңгей, Қасекең тірі. Осында.
«Қасекең...  Қасымбек...  Тірі...  осында...»  Жаным  қиналып  жатқанда
алыстан  талып  естілген  осы  сөздердің  мəнін  мен  бірден  ұға  алмадым.
«Қасымбектің осында болғаны қалай? Шынымен — ақ мені іздеп тапқаны
ма? Бар пəледен құтылатын сағатымның жеткені ме?» Екеуміздің арамызды
мына  қызыл  қырғын,  бітпейтұғын  қыруар  соғыстың  қосылмастай  үзіп
кеткені сонша, мен осы сөзге бірден сене алмадым. Бар шамам келгені:
— Қасымбек пе?— дедім ыңырсып.
Ұзын денелі жігіт бетіме төне түсті.
— Иə, иə, Қасымбек. Қасекең осында.
Бұдан арғысын анық біле бермеймін, Доктор мен ұзын жігіт бір нəрсеге
таласты  ма,  екеуі  тіпті  керілдесіп  қалды.  Оған  абыр  —  сабыр  жалғасты.
Мылтық даусы ма, əйтеуір, бір алас — қапас басталған түрі бар, қозғалып
жүріп кетті. Енді бір есімді жиғанда қарлы жолдың үстімен сырғанай ағып
келе жатқанымды байқадым. Мұрныма аттың терімен аралас аяз қардың исі
келеді.  Сəл  ғана  жаным  тынышталғандай.  Жаңағы  жанымды  сығып
мұрнымның  ұшына  əкелген  тозақы  азап  бəсеңсіп,  енді  жүйкемді
шымырлатып,  бір  ырғақпен  суырып,  жай  ауырады.  Терлеп  кетсем  керек,
терімді  сүртіп,  орамалыммен  басымды  қымтадым.  Зəрем  ұшып,  сол
толғақтың  қайтып  оралуынан  қорқам.  «Келмесе  екен,  келмесе  екен,  кідіре
тұрса екен...» — деп тілеймін.
— Жаудан қарамызды үзіп кеттік білем... хəлі қалай, доктор?
— Бірінші толғағы қайтқан сияқты...


Осы  бір  жігіттің  орысша  сөйлеген  даусы  манағы  бір  жанталасып
жатқандағы шала — шарпы естіп, шала түсінген əңгімені көңіліме қайтып
əкелді.  «Атым  Абан  деді  —  ау».  Бірақ  бір  сөлекеттеу  есімді  қайдан  естіп
едім...  «Стансаны  бомбалағанда...»  Иə,  иə,  өртеніп  жатқан  вагонның
қасында  жоғары,  тайлаққа  салған  қоржындар...  шалбарының  галифесі
бұлтиған ұзын бойлы жігіт жөнімді сұрап алып еді — ау. Ұмытпаған екен...
айтпақшы,  Қасымбек  осында  деген  жоқ  па  еді?  Иə,  солай  деді.  Бұл  сөзді
қалай  есімнен  шығарып  алғанмын?  Шын  айтты  ма  екен?  Ол  тірі  болса
майданда, ана жақта, соғыста болмай ма? Бұл жерде неғып жүреді?
Сірə,  тəні  əлсіреген  адамның  сезімі  де  əлсіреп  кетеді  екен  —  ау,
Қасымбек туралы сұрағым келеді де, əлім жетпей іркіліп қалам. Қасымбек
қазір осы маңда бар болса да, мына жігіт жаңсақ айтып жоқ болып шықса
да, мен бұл хабардың екеуін де көтере алмайтын тəріздімін. Қасымбек осы
түнгі  жортуылдағы  жұрттың  ішінде  бар  болса  да,  соншалық  алыс,  оған
менің  қолым  жетпейді.  Жəне  бар  болса  оның  өзі  емес,  елесі  ғана  бар
сияқты, қолымды созсам жоғалып кетеді. Жалпы маған қазір мына қараңғы
түн, ат шана, шана үстіндегі екеу түс сияқты.
Тек өшпейтін де, таусылмайтын жалғыз шындық — тəн азабы. Сол ғана
саябырсып,  жүрегімді  шошытып  қайтып  оралады.  Баяғыдан  бері  көңіл
түкпірінде бұғып жатқан, сенбесем де сенгім келетін, бір тілеуім болатын.
Іштегімнің сыртқа шығар сағатынан қорқып, құрсағымда жата берсе... жата
берсе...  тіпті  елге  аман  жеткенше  жата  берсе  екен  деп  тілеуші  едім.
Кішкентай  баланың  ғана  көңілін  алдауға  жарайтын  осы  далбаса  тілек
ақылымды  ығыстырып,  ойымды  билеп  алған  —  ды.  Алдарқатқан  үміттің
таусылған жері...
Тағы  да  белім  сындырып  алып  барады.  Сүйегі  құрғырдың  ауырғаны
жаман  болады  екен,  көзіңнен  жасыңды  ыршытып  жібереді,  енді  оған  іш
ауруы  жалғасты.  Жоқ,  бұған  «ауру»  деген  сөз  тым  əлсіз.  Бүріп  бастап  еді,
сəлден  —  ақ  жанымды  шығарып,  іші  —  бауырымды  төмен  қарай  суырып
əкетті.  Қиналып  аласұрсам  керек.  «Қазір!  Қазір!  Шыдаңыз!»  деп
сасқалақтаған  еркек  даусын  есітемін.  Ол  қолы  қалтырап,  іш  киімімнен
босатып  жатыр.  Екі  еркектің  алдында  ұялу,  қысылу...  жоқ,  ол  туралы  тіпті
ойлағаным  жоқ,  қазір  тек  бүкіл  іші  бауырымды  сығып  сыртқа  шығарып
тастағым  келіп  күшенемін.  Meн  сыртқа  итеріп,  біреу  ішімді  тысқа
айналдырғысы  келіп,  сүйреп  тартып  жатса  да  болмайды.  Ішіме  тұз  құйып
жібергендей  удай  ашытып,  қаным  басыма  шауып,  бар  тамырым  сыздап


жарылып  кетердей  жаным  шығып  барады.  Шананың  екі  жақтауын
сындырып жіберердей екі аяғыммен итеремін кеп..- Жақ сүйегім қарысып,
қалшылдаған  темір  саусақтарым  бүйіріме  кіріп  барады.  Өз  терімнен  өзім
шығып кеткім келіп ышқынамын келіп... Ышқынамын... Бір кезде қақырап
шатым айрылып бара жатты. Бүгінгі қырғыннан жалғыз тірі қалғаным дəл
осындай көріп болмаған қиямет жазам бар екен ғой.
«Əрбір  жан  иесінің  жарық  дүниеге  осынша  ана  ғазабымен  келетінін
жұрт  ойлай  ме  екен?»  Бұл  ой  маған  кейінірек  келді.  Ал,  сол  кезде  əр  сəті
жылдан  артық  созылған  қиналыс  пен  азаптан  өзге  еш  нəрсені  білген  де,
сезген де жоқпын.
4
«Əрбір  жан  иесінің  жарық  дүниеге  осынша  ана  ғазабымен  келетінін
адам деген ойлай ма екен?» Əй, көп адамдар — ақ ойлай бермейтін шығар,
ойласа  адам  құнын  осынша  арзандатпас  еді  ғой»  деген  ой  келеді  кейде
маған.  Сол  деревнядағы  қырғын,—  қаны  сорғалаған  бітелмейтін  жара
болып жатып алды менің ішімде. Соның мəн — мағынасын түсінгім келіп,
түсіне  алмадым.  Кейін  жаудың  аяусыз  қаталдығы  жайлы,  фашизм  жайлы
көп  естіп,  ойға  салып  саралап  сол  оқиғаны  түсінейін  десем...  кішкентай
күлімдеп  тұратын  жəудір  көзіне  дөңгеленіп  шыға  келген  үрей...  «Ағатай,
ағатайлар.  Əн  салып  берейін»  деп  жалынып...  көзінен  жасы  парлап,
шырылдап  шырқай  жөнелді.  Ышқынған  сəби  даусы  қайталап  келіп
құлағымда жарып өтеді.
Жоқ,  мен  бұл  қырғынға  түсінбеймін.  Маған  оны  ешкім  де  түсіндіре
алмайтын  шығар.  Тек  əйтеуір  тірі  қалдым,  бірақ  жанымның  жартысын,
сонау терең сайдың ішіндегі қалың өліктің ортасында жерлеген жартымын.
Жанымның  сол  ойсыраған  жартысын  толтырып  тұрған  іштен  шыққан
жарығым, кішкентай Дулатым. Онсыз да ауыр хəлімді екі есе ауырлатса да,
оның  есесіне  маған  он  есе  қайрат,  қуат  беретін  де  осы.  Қанша  азабыңды
тартсам да есесін рахатыңмен қайтарып келе жатырсың, күнім.
Жер  кепеге  көтеріп  кіргізіп  жатқанда  да  бірін  біліп,  бірін  білмейтін
ұйқылы — ояу халде болдым. Мұрныма сытырлап жанған қарағайдың ащы
—  тəтті  түтін  исі  келеді,  бетімді  ысқылтым  жалын  шарпиды.  Тəтті
ұйқының арасындағы ұйқылы — ояу сəттерім де тəтті. От басында біреулер


күбір  —  күбір  сөйлеседі.  Балбыраған  жайлы  ұйқыдан  оянып,  арқамнан
ауыр  жүк  түскендей  бүкіл  денем  босап,  жеңілденіп  баяу  рахаттанып
жатырмын.  Осылай  жата  берсем.  От  басындағы  күбірлеген  сөздер  де,
мағынасына ой жүгіртпесем де, жұмсақ, дыбысы құлағыма жайлы. Осы ұяң
тыныштықты шырылдап жылаған сəби даусы бұзып жіберді. Жүрегім селт
ете  қалды.  Жай  шырылдап  бастап  еді,  лезде  айқайға  басып,  шырылдап,
кішкене зілмəнкені басына көтерді.
Менің де даусым шығып кетті ғой деймін, темір пештің түбінде отырған
қапсағай денелі кісі қасыма келіп, бетіме үңілді.
—  Ояндыңыз  ба?  Ұзақ  ұйықтадыңыз  ғой,—  деді  жайымен.—  Хəліңіз
қалай?
— Бала... бала жылап жатыр.
—  Баланы  ойласаңыз  хəліңіз  жаман  болмас.  Құттықтаймын,  ұлыңыз
бар. Тамаша бала, нағыз солдат. Салмағын өлшей алмадым. Бірақ мықты.
Қайдағы  «салмақ?»  Шырылдаған  балаға  жаным  ашып  кетті.  Көргім
келеді. Өңі тотыққан, қоңқақ мұрынды ат жақты бұ кісі, сырты колхозшыға
ұқсаса  да,  дəрігер  екен,  түндегі  менің  толғағымды  күтіп  алған  осы  болар.
Баланы құндақтап қойыпты. Алғаш рет бала емізу кісіге қиын да, ерсі екен,
қытығың  келе  ме  бір  түрлі...  Шүберекке  орап  қойған  кішкентай  тірі  жан,
əуелі менікі де, менікі емес те сияқты көрініп, жатырқағандай болып едім,
өзі  мешкей  екен,  солқылдатып  сорғанда  емшегім  шымырлап  қоя  берді.
Əдепкіде  тіксініп  қалған  кеудем  енді  рахаттана  исініп:  тұла  бойымды
балбыратып  алып  барады,  тіпті  айрылғым  келмейді.  О  да  қадалып
жабысып қалған, тоятын түрі жоқ.
— Біздің партизан отрядының өзі əйелдер босануға ыңғайсыздау жер,—
дейді  доктор.—  Бірақ  енді  бəрі  сəтті  болып  шықты.  Meн  де  бірінші  рет
акушерлік тəжірибеден өттім сіздің арқаңызда.
Тұңғыш  көрген  баламмен  əлек  болып,  докторға  рахмет  айтуды  да
ұмытып кетіппін, емізіп болған соң ол баланы қолымнан алып, ар жағында
бір орыс келіншегі тұр екен, соған берді.
— Бұл кісі Шура. Біздің санитарка. Сізге жəрдем етеді,— деді доктор.—
Ал, қалай, хəліңіз жақсы ма?


— Жақсы.
—  Хəліңіз  жақсы  болса  тағы  да  бір  қуанышты  хабар  айтамын.  Сіздің
күйеуіңіз  осында.  Ол  сізді  ұйықтап  жатқанда  көріп  кеткен.  Шура,  аға
лейтенант  Еділбаевты  шақырып  жіберші.  Ол  сізді  көргенмен  баласын  əлі
көрген жоқ. Енді барлық тойды бірге жасайтын болдыңыздар.
Қасымбек...  Ойбай  —  ау,  түнде  əлгі  бір  жігіт...  аты  Абан  ба  еді,  айтып
еді  ғой,  жаным  қиналып,  аласұрып  жатып  тіпті  есімнен  шығып  кетіпті  —
ау. Жүрегім жарыла қуанып, айқай салып тұра жүгіретін орайым бар — ақ
еді, бірақ мен былшиып қозғалмай жатырмын. Осы хабарға сенейін десем,
шынымды  айтсам,  қорқамын.  Егер  ол  бекер  болып  шығатын  сияқтымын.
Сонша бере салғаны... Басымды көтеріп алып едім:
—  Сіз  қозғалмаңыз,  жата  беріңіз,—  деді  доктор.  Қазір  өзі  де  келеді.
Абзалы  қуаныштың  өзі  адамды  қорқыныштан  кем  толқытпайды.  Ал,  қазір
сізге  қатты  толқу  болмайды.  Кішкене  кідірте  тұруым  керек  еді,  шыдай
алмадым. Кінə менен.
Жастыққа  қисая  түстім  де,  бірақ  шыдамым  жетпей  басымды  қайта
көтердім.  Неше  бір  сезімсіз  болғанда  да  Қасымбек  келгенде  сұлап  жатып
алғаным... Əзір есікке ұстаған қалың кенеп қозғалмайды, сырттан естілген
аяқ  дүрсілі  де  жоқ,  оның  есесіне  менің  жүрегім  дүрсілдеп  барады.  Қазір
Қасымбек  кіріп  келгенде...  Əбден  үмітім  үзіліп  қалған  ба,  Қасымбекті  дəл
қазір көрем дегенге өзімді əлі де сендіре алмаймын. Шынымды айтсам үш
—  ақ  ай  отасып,алты  ай  көрмеген  Қасымбектің  өзіме  жақындығын  да
ұмыта бастаппын. Жарты жыл. Осы жарты жылда менің жарты өмірім өтіп
кетті. Оған дейінгі он сегіз жыл өмірім бір бөлек болса, соңғы жарты жыл
өмірім бір бөлек жəне бұл жарты жыл қиямет қиындығын былай қойғанда
алдыңғы  он  сегіз  жылымнан  əлдеқайда  ұзақ.  Сондықтан  да  Қамқа  əжем,
ауыл  —  аймағыммен  қоса  өмірімнің  бергі  бетінде,  тіпті  алыста  қалған
сияқты  еді.  Осы  бір  басыма  түскен  шырғалаң  мəңгі  —  бақи  бітпейтіндей
көрініп,  сол  бұрынғы  өмірімді,  сонымен  қоса  Қасымбекті  де  жатырқап
қалған  жазым  бар  екен.  «Қара  ешкіге  жан  қайғы»  болған  мына  қызыл  ала
қырғынның  ішінде  Қасымбек  те  бұрынғы  өмірінің  менімен  байланысты
кішкентай ғана бір бөлшегін жатырдан қалған жоқ па екен?
Қуанышыма  қобалжу  араласып,  жүрегім  лүпілдеп  өз  ойыммен  əлек
болып  отырғанда  Қасымбектің  келгенін  білмей  де  қалыппын.  Есік  жақтан


естілген  аяқ  дүрсіліне  бетімді  бұрсам  үстіне  шинель,  басына  құлақшын
киген  əскери  жігіт  кіріп  келеді.  Қасымбек.  Зілмəнкенің  іші  қара  көлеңке
болса да өңі жүдеп, бет — бедері тотығып, жүзі қатқыл тартқанын байқап
қалдым,  балғын  шыбықтық  қатайып  кеткені  сияқты  ма,  бүкіл  тұлғасында
бір  қатқылдық  бар.  Аласа  зілмəнкеде  еңкейіңкіреп  маған  үнсіз  жақындап
келеді. Meн де үнсіз ұмсынып қарай бердім.
О, жасаған! Баяғы үміт пен үрей аралас маған үрпие қарайтып мейрімді
томпақ  көзі.  Дауысымның  қалай  шығып  кеткенін  білмеймін.  Бір  кезде
əйтеуір  құшақтап  жабысып  алып,  тұмсығымды  шинелінің  өңіріне  тығып,
солқылдап  жылап  отырғанымды  байқадым,  тіпті  тоқтай  алатын  емеспін,
баяғыдан  бері  ішке  тығылып,  шемен  боп  қатып  қалған  пəленің  бəрі  еріп
кетті ме, көз жасым тыйылар емес.
Мауқын  бассын  деген  болар,  Қасымбек  те  маған  тіл  қатпай  бауырына
ақырын  қыса  түсіп,  шашымнан,  желкемнен  сипалайды.  Осы  бір  іштей
ұғынысқан  жақындықтың  арасына  сөз  кіріп  кетсе  шырқы  бұзылатынын
екеуміз  де  сезіп,  біраз  уақыт  үндеспедік.  Қасымбек  мені  бауырынан
шығарып алып бетіме қарады.
— Соғыс жұртты бір — бірінен ажыратуды ғана біледі деп ойлаушы ем,
бұл  шіркіннің  кейде  ажырағандарды  табыстырады  екен  ғой,—  дейді  біреу
орысшалап.
Доктордың үйде екенін ұмытып кеткен екем, ол бізге күле қарап тұр.
—  Ал,  жолдас  лейтенант,  құттықтаймын.  Бір  емес  екі  құттықтаймын.
Жоғалтқан  жұбайыңызды  тапқаныңыз  үшін,  жəне  əке  болғаныңыз  үшін.
Соғыс  қанша  жалмап  жатса  да  өмір  өз  дегенін  істейді.  Көрдіңіз  бе,—  деді
доктор  Қасымбектің  қолын  қос  қолдап  қысып.—  Жұбайыңызды
құттықтағанмын. Ал, енді той сізде.
—  Рахмет,  рахмет  сізге,—  дей  береді  Қасымбек  басқа  сөз  таба  алмай
ыржиып.
Өңі тотығып, есейіңкіреп кетсе де, ыржиған бала күлкісі сол қалпында,
көңіліме ұялап қалған осы кескіні арадағы алты айды ұмыттырып жіберді.
Баяғы сол Қасымбегім, екеуміз тіпті екі елі ажыраспаған сияқтымыз.
— Ай, дегенмен екеуіңіздің кездесуіңіз қайран қаларлық нəрсе,— дейді


доктор басын шайқап таңырқап.— Шынында да... Қарашы ə...
— Мен Нəзираны елге аман — есен жеткен шығар деп жүр едім.
— Мен де сені арғы бетте, майданда соғысып жүрген шығар деп едім.
— Мінекей енді, екеуің келіп осы арадан табыстыңдар.
Біз өзара қауқылдасып жатқанда Абан кірді.
—  Жолдас  лейтенант,  кіруге  рұқсат  етіңіз,—  дейді  есік  алдынан,  о  да
көңілді, сампылдап сөйлей кірді.
—  Ал,  Нəзира  жеңгей,  қол  —  аяғыңыз  жеңіл  болсын.  Нəрестеңіздің
бауы  берік  болсын.  Баланың  кіндігін  мен  кестім.  Кіндік  шеше  болам,
жолдас лейтенант. Бұйырса бір көйлек киетін шығармыз.
— Көйлек емес, трофойден тон кигіземін,—деп күледі Қасымбек.
— Сол тонды мен айыбым үшін сіздің өзіңізге сыйлаймын.
— Қайдағы айып?— деп таңырқады Қасымбек.
— Сізден жасырып келген бір сырым бар еді. Енді айтуға болады. Мен
Нəзира  жеңгейді  бомба  түсіп  поезы  өртеніп  жатқан  стансада  көргенмін.
Көпір  бұзылып,  бұл  кісілер  жаяу  кеткен.  Кейін  біздің  өзіміз  қоршауда
қалып  қойғасын,  ай  бұл  кісілер,  сірə,  өте  алмас  деп  ойлап  едім.  Со  жерде
мен сіздің есіміңізді де сұрап алғанмын. Қоршауда жүріп, құдай айдап сізге
кездестім  ғой.  Атыңызды  естігенде  —  ақ,  жүрегім  бүлк  ете  қалған.  Сонда
бір  айтып  қала  жаздадым  да  тілімді  тістей  қойдым.  Мынандай  жағдайда
жүргенде уайымына уайым қоспайын дедім.
—  Апырмай,  сен  де  бір  сырға  берік  жігіт  екенсің,—  деді  Қасымбек
таңырқап.
— Берік болмағанда қайтейін. Анандай оқиғадан кейін жаяу — жалпы
əйелдердің  елге  жетуіне  сіз  де  сенбес  едіңіз  ғой.  Одан  да  аман
қауышқандарыңызды айтсайшы.
—  Иə,  қауышқанымызды  айтсайшы.  Мен  елге  аман  өтіп  кетті  ғой  деп


жүр едім. Көңілімде аздаған күдігім де болды. Бірақ аман өтіп кетті дегенді
естіген соң...
—  Айтпақшы,  сол  деревняда  тұрдыңыз  ба?—  деп  сұрады  Абан.—
Мəссаған,  сонда  тіпті  таяқ  тастам  жерде  тұрып...  білмеппіз  ғой.  Алдыңғы
түнде  барып  біз  сондағы  неміс  гарнизонын  қырып  тастадық  қой.  Неғып
кездеспегенсіз?
— Мен онда сол сарайдың ішінде тығылып жатқанмын.
— Апырмай, ə, қарай гөр,— деп таңырқайды Абан.
Үш қазақ қауқылдасып жатырмыз, дəрігер бөгет болмайын, мауықтарын
бассын  деп  сыртқа  шығып  кетті.  Абанның  қуанышы  біз  екеуміздің
қуанышымыздан  бір  де  кем  емес.  Өзгенің  қуанышына  өзінен  артық  қуана
білетін осындай ашық, ақ пейіл адамдар болады. Абан... сол баяғы өртенген
станция  басындағы  түрі  көз  алдымда  қайта  тіріліп  келеді,  екі  танауы
быттиған,  кішкене  пісте  мұрын,  шықшыты  шығыңқы,  астыңғы  иегі  ілгері
ұмсынып  біткен.  Əсіресе,  екі  жамбасына  бұлтиған  шалбарының
галифесінен  төмен  қарай  обмотка  ораған  сирағы,  жабағысы  жүнделмеген
тайлақтың  сирағындай  сорайып  тұрған  көрінісі  көз  алдымда  аумай
қалыпты.  Өзінің  түрінде  де,  жүріс  —  тұрысында  да  өзіне  ғана  жарасатын
бір сөлекеттік бар.
Аты  —  жөні  де  сөлекеттеу,  мен  естіген  қазақта  Бұқаш  деген  ат  жоқ,
Мұқаш  болатын,  Абан  емес  Əбен  дейтін,  əкесі  өз  атын  қисық  қойған  соң,
баласының атын да қисайта салған сияқты. Осыған дейін екі — ақ рет, онда
да ылғи қиын — қыстау алас — қапаста қысқа ғана кездессем де осы жігіт
көптен  таныс,  аралас  жақын  адам  сияқты  көрінді  маған.  Осындай  бір
шекарасы  жоқ,  өз  қақпасын  аңқитып  ашып  тастап  кісіні  ішіне  кіргізіп  ала
қоятын адамдар болады.
— Мен сонда сіздің дауысыңызды естіген сияқтымын.
—  Қойыңызшы?—  деп  таңырқайды  Абан.—  Дауысымды  таныдыңыз
ба?
—  Таныған  да  сияқтымын.  Бірақ  бірден  есіме  түспеді,  Тек  осы  бір
қазақы дауысты қайдан естідім деп дал болдым.


—  Мəссаған.  Ойбай  —  ау,  сонда  неге  дауыстамадыңыз.  Қасекең  де
сонда еді ғой.
—  Мен  оны  біліппін  бе,  жəне  мына  түріммен  танымайтын
партизандарға еріп қайда барам.
—  О  да  дұрыс  екен  —  ау,—  деп  Абан  шекесін  қасыды,—  Бірақ  енді
арты  қайыр  болып  əйтеуір  аман  —  сау  кездескен  соң.  Сіздің  қоршауда
қалатыныңызды  біліп  едім.  Бірақ  соны  Қасекеңе  айта  алмай  күпті  болып
жүр едім. Тіпті кеше де кездескен жерде мына доктор Қасекеңді шақыртпай
пəле қылды ғой.
—  Сергей  Сергеевич  менен  кешірім  сұрады.  Бірақ  шынында  да  сонікі
дұрыс болған,— деді Қасымбек.— Сол сəтте менің де қайрылуға мұрсатым
жоқ еді.
Ақкөңіл  Абан  бізден  бетер  мəз  болып,  біраз  уақытқа  дейін  ерлі  —
зайыптылардың  əңгімесін  бөліп  кеткенін  ойлаған  жоқ.  Осы  ерсілігі  есіне
түсіп кетті білем, кенет күйбеңдеп:
—  Ойбай  —  ау,  əңгіме  бұзау  емізер,  дегендей,  мен  қазан  жағыма
барайын,— деді.— Қалжаңызға қой сою керек еді, бірақ енді қойға бергісіз
бір тауықты пісіріп жатырмын. Картоп салып, пияз салып дегендей... енді о
жағын қатырамыз ғой,— деп шығып кетті.
Үйді  толтырып  тұрған  Абанның  даусы  екен,  зілмəнкенің  іші  жым  —
жырт  бола  қалды,  тек  темір  пеште  лаулап  жанып  жатқан  қарағай  отын
сытырлайды.  Оңашалыққа  үйрене  алмай,  тіпті  бір  түрлі  ыңғайсыздық
сезініп, екеуміз аз уақыт үнсіз отырдық. Бір нəрсе деудің орнына Қасымбек
томпақ көзі адырайып маған қарай береді. Сөйлеуге мен де құштар емеспін,
осы  бір  балаша  үрпие  қарағаны  бойымды  жылытып,  жаныма  жағып
барады.  Азғана  уақыт  жағым,  қос  болып  бірге  тұрған  баяғы  жақындығым
шым — шымдап қайта оралып келе жатыр.
— Ал енді басыңнан кешкеніңді айтшы,—дейді Қасымбек.
Сөйлеуге зауқым жоқ, тек Қасымбекті тыңдағым келеді. Ол да онша көп
шешілмей  өз  хикаясын  азғана  сөзбен  айтып  берді.  Бұлар  сол  күні  таңда
соғысқа  кіріпті.  Жаудың  күші  жойқын  болса  керек.  Бірақ  Қасымбектердің
полкы  шегінбей  қорғаған  шебін  кешке  дейін  ұстап  тұрыпты.  Сөйтсе,


дұшпанның  жан  —  жақтан  жарып  өтіп,  тереңдеп  ішке  кіріп  кеткенін
қараңғы  түскенде  бір  —  ақ  біліпті,  содан  қаша  соғысып  бұлар  да  шегіне
беріпті. Полктың да қатары сиреп бөлшектене бөлініп, ақыры Қасымбек өз
ротасымен  жеке  қалыпты.  Арғы  бетке  өте  алмай  осы  орманды  паналапты.
Мұнда  жергілікті  халықтан  шыққан  партизандармен  қосылып  өздері
əжептəуір  күш  болыпты.  Соның  бір  отрядының  командирі  Қасымбек  екен
Николай Топорков та тірі, осында, о да командир көрінеді.
— Николай тірі ме?— деп қайта сұраппын жұлып алғандай.
—  Иə,  тірі,—  деді  Қасымбек  менің  мінезіме  түсініңкіремей.  Содан
кейін:—  Света  қайда?  Хабарын  білмейсің  бе?  Онымен  қашан  ажырастың?
—деп сұрады.
Николайдың  атын  естігенде  селт  ете  қалғаным  да  осы  еді.  Оған  не
деймін? Бар білгенімді айтуым керек пе? Егер оны айтпасам, тым болмаса
оның осы маңда астыртын қызметте жүргенін айтсам ба екен? Жоқ, əлде...
түк  білмегенсіп,  араларына  түспей  —  ақ  қойсам  ба  екен?  Жазмыштың  өзі
көрсете жатар.
Менің  қиналып  қалған  түрімді  байқап  Қасымбек  те  шошына  секем
алып:
— Неге үндемей қалдың? Əлде?.. Света өзі тірі ме? Шыныңды айтшы,
— деді.
—  Тірі...—  дедім  одан  бетер  қиналып.—  Əйтеуір  мен  көргенде  тірі
болатын.
— Көргені қалай? Қашан көрдің?
— Ажырасқанда дегенім ғой. Біз өзі жан — жаққа бытырап кеттік қой.
Ұрысқақ  Муся  бар  еді  ғой.  Есіңде  ме?  Кейін  білдім  жайсаң  адам  боп
шықты.  Сол  байғұс  қаза  тапты.  Қызын  бір  орманшының  үйіне  тастап
кеттік. Есін біліп қалған бала ғой.
— Қалғандары ше?
—  Қалғандары  əйтеуір  мен  көргенде  аман  болатын,  Содан  бытырап
кеттік.


— Сенің табылғаныңды естіп Николай қуанып қалды. Саған келгісі —
ақ  келіп  еді,  кішкене  есін  жиып,  өзіне  —  өзі  келсін  деп  тоқтап  қалды.
«Қалған əйелдер қайда екен?» деп маған жаутаңдап қарай береді. Қайтсын,
сұрағысы келіп тұрғаны Светасы ғой,— дейді Қасымбек.— Кейінірек өзі де
келер.  Света  туралы  бар  білгеніңді  айтып  берерсің,  сенің  өз  аузыңнан
естімей о байғұстың көңілі көншімейді ғой.
Жатқан жерімді енді ғана анықтап байқап келем, бұл өзі əжептəуір кең
зілмəнке.  Жерді  қазғанда  ірге  жақтан  биіктеу  етіп  жұрт  жататын  сəкі
қалдырған,  сəкіден  аяқты  салбыратып  отыруға  болады  екен.  Төсегім
кəдімгідей жұмсақ — шыршаның жас жапырағының үстінен пішен төсеген,
пішені  əлі  ескірмеген,  мұрныңа  шөп  исі  келеді.  Пешке  таман  бұрышта
кəдімгі  санитар  сумкасы,  дəрі  —  дəрмек,  бинт,  бір  банкалар,  əйтеуір
дəрігердің  керек  —  жарақ,  көр  —  жерлері  тұр.  Манадан  бері  зерде  салып
төңірегіме қарағаным осы еді. Сəкінің бір шетінде қол созым жерде, тап —
тұйнақтай  құндақтап  буып  тастаған  кішкентай  түйіншек  жатыр.  Ұқсас  бір
елес көз алдыма келіп жүрегім зу ете қалды. Жарқабақтағы қызыл қырғын,
оққа  ұшып  құлап  баратқан  əйелдің  құшағы  жазылып  кетіп  қолындағы
кішкене  құндақ  дар  үстіне  домалап  түсті.  Тұла  бойым  тітіркеніп,
шошыңқырап қалдым, оны Қасымбек те сезіпті.
— Бір нəрседен шошыдың ба?— деді елеңдеп.
— Жоқ, жоқ. Ана құндақты маған əперіп жіберші.
Қасымбек  орнынан  тұрып,  жөргекте  ораулы  жатқан  нəрестенің  қасына
барып, еңкейе берді де, қолына алуға бата алмай иілген күйі іркіліп қалды.
Неғыларын  білмей  дəрменсіз  кескінмен  көзі  жəудіреп  маған  қарайды,
«қорықпа,  əпере  бер»  деген  ишарат  білдіріп,  басымды  изедім.  Саусағы
батып  кетсе  сындырып  алатындай.  Қасымбек  құндақты  қолының  ұшымен
ғана  ұстап,  толы  тостаған  ұсынғандай  маған  əкеле  жатыр.  Сөз  арасында
аңғарғаным  Қасымбектің  беті  тотығып,  қарауытып  өңіне  бұрын  мен
көрмеген  сұс  кірген,  дауысы  да  жуантып,  кісіні  қаймықтыратындай
қатайып  кеткен  екен,  қанша  жақын  тартсам  да  осынысынан  іштей
именіңкіреп  қалып  едім,  мына  түрі  бұрынғы  етене  Қасымбегімді  қайтып
əкеліп,  іші  —  бауырымды  жылытып  жіберді.  Баланың  бетін  ашып  қарауға
да бата алмай маған беріп жатыр. Өзім байқамаған еркін ептілікпен баланы
қолыма  алып,  Қасымбек  көрсін  деп,  бетін  аштым.  Бет  —  аузы  бір  шөкім
боп бүріскен қызыл шақалақ ұйықтап жатыр, емшек сүтіне тойып алғасын


оянар емес, мəз болып Қасымбекке қараймын.
Қасымбек  баласының  бетіне  мойнын  созып  үңіле  қарайды.  Байқаймын
əзір,  мына  жұдырықтай  қызыл  шақадан  еш  нəрсе  ажыратып  танып  тұрған
жоқ сияқты, сонда да менің көңілімді аулағысы келген болар.
— Өзі кімге тартқан? Саған тартқан ба, қалай?— деді.
— Маңдай жағы, бет — бітімі саған ұқсаған,— дедім. Өтірік айтқаным
жоқ, маған солай көрінді.
Қасымбектің де менен күткен жауабы осы ғой, үстіңгі ерні түріліп, мəз
болып жымиып қойды.
Қызыл  шақа  ата  —  анасының  көзқарасын  сезді  ме,  түсінде  терең  бір
өксіп  алды  да,  титімдей  беті  тыжырынып,  аузы  кемсеңдеп,  шырылдап
бастап, даусын үдетіп айқайға басты. Қасымбек сасып маған қарайды.
— Қарны ашқан шығар, емізем ғой.
Қасымбек кішкене қипақтап тұрды да:
—  Мен  саған  Шураны  жіберейін.  Қазір  бір  айналып  келемін,—  деп,
ақырын шегіншектеп барып есіктен шығып кетті.
Əуелгі күнім маған еш нəрсені ойлатқан жоқ. Аман — есен босандым,
бұ да бір үлкен қорқыныш күдігім еді, жəне сонымен бірге, тіпті аспаннан
түскендей,  күтпеген  жерден  Қасымбекпен  қауыштым,—  қатар  келген  екі
қуаныш  уайым  —  қайғының  бəрін  ұмыттырып  жіберді.  Тіпті  өзім  қақ
ортасында  болып,  ғайыптан  тірі  қалған  қызыл  қырғын  да  жан  шошытқан
сұмдық үрейі мен өткір уытын жоғалтып, адам бастығырлыққанда көретін
сорақы түс сияқты елестей бастады. Енді не де болса арқа сүйер азаматым
бар, Қасымбегім қасымда. Абан мен Қасымбек сорпасының буы бұрқырап,
исі  аңқыған  тəтті  тауығын  əкеліп  қанша  ішкізгенде,  рахаттанып  терлеп,
тұла  бойым  балбырап,  соғыс  деген  пəлені  түгел  ұмытып  кеттім.  Тура  өз
ауылым  —  ошағыма,  Қамқа  əжеме  қайтып  оралғандай...  ойлап  қарасам  ет
жақын адамдарыммен шүйіркелесіп, алаңсыз шай ішпегелі не заман.
Жəне  бір  жолым  болғаны  —  партизандар  төрт  —  бес  күн  ешқайда
шықпады, оларды да ешкім мазаламады, тыныш болды, Қасымбек қасыма


жиі келіп, кейде тіпті ұзақ отырып кетіп жүрді. Абан болса, өзі тіпті туған
жеңгесі табылғаннан бетер қуанып жүр, дабырлап жиі келіп, асты — үстіме
түсіп балаша баптайды. Мен де екінші күні басымды көтеріп, үшінші күні
аяғыма  басып  кеттім.  Енді  менсіз  де  шаруасы  жетерлік  Шураны  алаң
қылмай  темір  пештің  үстіне  су  ысытып,  баламның  жаялығын  өзім  шайып
кептіріп, өз шаруама қолым жетіп қалды.
Шура  маған  алғашқыда  əжептəуір  кеуделі  көрініп  еді,  сөйтсем  оны
қампитып тұрған сырмақ телогрейкасы екен, оны шешкенде жіп — жіңішке
талдырмаш  қыз  болып  шыға  келді.  Сопақ  беті  созыңқы,  ұзындау  біткен
тұмсығының ұшы қайқы, ақсары. Білегі жіңішке, ұзын қолы жұмысқа епті
—  ақ,  бір  тыным  таппайды,  оның  есесіне  сөзге  сараңдау.  Бірақ,  қанша
айтқанмен  затымыз  əйел  емес  пе,  екеуміз,  бір-біріміздің  жағдайымызды
тым  тəуір  білісіп  алдық.  Шура,  денесі  нəзік,  ши  борбай  болғанмен,  менен
үлкен  болып  шықты,  жасы  жиырмадан  асып  кетіпті,  сонда  да  күйеуге
шықпаған  көрінеді,  бір  жақсы  жері  бұл  елде  ондайды  кəрі  қыз  демейді
екен. Медициналық техникум бітіріп əскерге алынған. Бұлардың бөлімдері
де қоршауда қалып, шегініп келе жатқанда немістерге кездесіп қатты соғыс
болыпты.  Сол  алас  —  қапаста  санитарлық  бөлімнің  үш  —  төрт  адамы
бөлініп қалады, іштерінде бөлім бастығы капитан — дəрігер бар екен, оған
оқ тиіп ауыр жараланыпты. Бұлар носилкаға салып, орман ішінде сүйретіп
келе жатқанда дəрігер қайтыс болыпты. Осыны айтқанда Шура көзіне жас
алды.  Содан  қаңғып  жүріп  Қасымбектердің  тобына  қосылыпты.  «Бұл  бір
үлкен хикая, кейін бір реті келгенде айтармын» дейді Шура. Өзі бала тауып
көрмесе де көп нəрсені біледі екен, оқыған емес пе, маған біраз жəйттерді
үйретіп тастады.
Далаға  ұзағырақ  шығып,  лагерьді  араламасам  да,  партизандардың
тұрмыс  —  тірлігі  осы  кішкене  зілмəнкенің  төңірегінен  —  ақ  көрініп  тұр.
Бұл тіршілік көшпенді қазаққа пəлендей тосын көрінбейді, көшіп баратып,
жолшыбай  кəдімгі  қос  тігіп  аялдаған  сияқты,  тек  бір  айырмасы  қазір  жаз
емес,  қыс,  соған  орай  қостың  орнына  уақытша  жеркепе  қазып  алған.  Ал
мен  жатқан  жеркепені,  «уақытша»  деу  де  қиын,  тек  есіктің  орнына  қалың
кенеп  ілгені  болмаса,  төбесін  сірестіріп  тұрып  қарағай  бөренелермен
жапқан  мығым  дүние;  дəл  төбеге  тақау  іргеде  кішкене  екі  терезесі  бар,
күндіз  кəдімгідей  жарық.  Бұл  өзі  жаралыларды  қабылдауға  арналған
медициналық  пункт  екен,  қазір  жатқан  жарақаттылар  жоқ,  беймезгіл
босанған  əйелді  қабылдап  отыр.  Бір  —  екі  жеңіл  жараланған  партизандар
бар  екен,  олар  анда  —  санда  қолын,  жарақаттарына  дəрі  жаққызып,


таңдырып кетеді.
Абан келесі күні, буын бұрқыратып котелокпен сүт пісіріп əкеліпті, бір
қолында бос бутылка.
—  Нəзира  жеңгей,  міне  бөтелке  таптым,  тек  емізік  таба  алмай  қор
болдым. Мына дəрігерлерде емізік жоқ па екен.
— Оны қайтесің?— дедім.
— Қайткені несі?— деп таңырқады Абан,— Балаға емізбейсіз бе?
— Жаңа туған балаға сиырдың сүтін емізе ме екен. Ол болмайды ғой.
— Болмайды дейсіз бе?— дейді Абан таңырқап.— Сондайы бар ма еді,
ойбай  —  ау.  Менікі  əйтеуір  не  де  болса  тоқ  болсын  дегенім  еді  ғой.  Қыз
мəнісін кім білген деп.
— Балаға үш — төрт айға дейін сиырдың сүтін беруге болмайды,— деп
түсіндіреді Шура.— Оның организмі aнa сүтінен басқаны көтере алмайды.
—  Сендер  өзі  айта  бересіңдер  —  ау  деймін,—  дейді  Абан.—  Қыстың
көзі  қырауда,  айдалада  апанның  үстінде  туған  бала  сиырдың  сүті  түгіл
түйенің сүтін де көтереді.
Біз біраз күліп алғаннан кейін Абан:
Жарайды ендеше сүтті өзіңіз ішіңіз, Нəзира жеңгей, — деді. Сонда да со
баланың ішіне барады ғой. Сүттен тапшы қылмаймын.
— Өзіңіз тура сиыр сауып отырған адамдай сөйлейсіз ғой.
— Е, саумағанда ше,— дейді Абан.— Айтпақшы кеше, өзіңіз тығылған
сарайдағы сиырды ала келгенбіз. Жануар өзі сүтті сиыр екен.
Дуня  апайдың  Зойкасы.  Иə,  ертелі  —  кеш  сауғанда  кемпірім  шелегін
толтырып  əкелетін,  сүтті  сиыр  болатын,  өз  иесінің  артында  қалып,
жануардың  сүті  тағы  да  маған  бұйырғаны  —  ау.  Ұмытқым  келіп,
жүрегімнің  əрегірек  түкпіріне  тығып  тастаған  жан  түршігер  оқиғаны,  осы
сиыр  тағы  да  тірілтіп  əкеліп  жүрегімді  қыз  еткізді.  Зойканың  қорасына


тығылып,  шыбын  жанымды  сақтап  қалып  едім,  бүкіл  деревнядан  тірі
қалған  жан  иесі  екеуміз  ғана  шығар.  Ірі  тұлғалы  кемпірдің  неміс
солдатының автоматына жармасып өзіне қарай тартып, кенет буыны кетіп,
денесі  жұп  —  жұмсақ  болып  сылқ  етіп  құлап  түскені  көз  алдыма  тұра
қалды.  Екі  етегі  торғайдың  қанатындай  жалпылдап  жан  ұшырып  қашып
баратқан Наташасы... Байғұс бала құтылып кете алды ма екен?
Келесі күні Қасымбекке еріп мен танымайтын бір адам келді, киім киісі
əскери  адам  сияқты  емес,  бірақ  əскерге  қатынасы  жоқ  жəй  адамға  жəне
ұқсамайды.  Белбеумен  қынаған  шолақ  тон,  басында  құлақшын,  аяғында
пима, жинақы киінген: аласалау келген төртпақ кісі — еменнің түбіріндей
мығым адам тəрізді. Есіктен еңкейіп кіре беріп, Қасымбекке бұрылып:
— Кəне, келіншегіңді көрсет,— деді еркін өктем дауыспен.
�  Бір  түрлі  таныс  дауыс,  қайда  естігенімді  білмей  қайран  болып
тұрмын.  Қасымбекке,  «көрсет»  десе  де,  оның  көрсетуін  тоспай  —  ақ,
жанарында көңілді жарқын күлкінің ұшқыны бар кішілеу өткір шегір көзін
маған қадап алыпты. Көзі қатты екен, мен қаймығып, қипақтай беріп едім,
құдай оңдап ол жанарын тез тайдырып, Қасымбекке қайта бұрылды.
— Əйелің деймін — ау, айтпақшы үй — ішіңді көрсет деуім керек екен
— ау. Сендер енді тұтас бір семьясыңдар ғой.
— Иə, енді аяқ астынан семья болып шықтық, жолдас комиссар,— деді
Қасымбек  ыңғайсызданып.—  Танысып  қойыңыз.  Менің  əйелім,  аты
Нəзира.
Келген кісінің мығым уысы менің кішкене қолымды көміп кетті.
— Ал, танысып қоялық, Носовец Степан Петрович.
Мен аузым аңқиып, қолымды қонақтың уысынан шығармай бажырайып
қарап  қалыппын.  Бəсе,  даусы  тым  таныс  еді  —  ау,  Дуня  апайдың  үйінде,
пештің үстінде тығылып жатып, тыңдаған Носовецім осы екен ғой. Қалың
жирен қабақ, ортасы өркеш ұшы добалдау үлкен мұрынды, алқымды кісі —
өзін  көре  алмай  бұғып  жатып  бұл  кісіні  көз  алдыма  дəл  осы  кескінде
елестеткен  сияқтымын.  Əлде  дəл  қазір  солай  көрініп  тұр  ма,  білмеймін,
əйтеуір  түсін  жатырқағаным  жоқ,  бұрын  көрген  адамымдай  сезіндім.
Демек,  менің  мына  одағайлау  көзқарасымды  байқамады  ма,  əлде  өзі


білмейтін  қазақ  деген  елдің,  əйелдерінің  мінезі  осылай  шығар  деп  ойлады
ма, əйтеуір менің бажырайған көзқарасыма мəн бермей:
— Отырыңыз, қарағым,— деп рұқсат етті.
Тумысынан  мысы  басым  адамдар  болады,  мен  қалай  отыра  кеткенімді
білмей қалдым.
— Сіз сол деревняда ұзақ тұрдыңыз ба?—деп сұрады ол, өзі де отырып
жатып.
— Ай жарымнан артық тұрдым.
— Кімнің үйінде болдыңыз?
— Евдокия Герасимовнаның үйінде жаттым.
—  Евдокия  Герасимовнаның?—  деді  Носовец  маған  таңырқай  қадала
қарап.
—  Иə,  сол  кісінің  үйінде  жаттым.—  Ар  жағына  шыдай  алмай:—Мен
сізді сол үйде көрдім,— дедім.
— Мені ме? Мен сізді көрмедім ғой.
—  Мен  де  сізді  көргенім  жоқ,  бірақ  сіз  келгенде  мен  пештің  үстінде
тығылып жатқам. Барлық əңгімеңізді естіп жаттым.
— Кездескен жерімізді қара,— деп күлді Носовец, өзі оқыс қатты күліп,
оқыс  тоқтайды  екен.—  Мен  өзімше  мықты  конспиратормын  деп  жүрсем.
Тура  етегімнің  астында  жасырынып  жатқан  тыңшыны  білмеппін  ғой.—
Сосын оқыс сұрақ берді.— Сол үйге келген байланысшыны да көрдің бе?
— Смуглянканы ма?— дедім де ерінімді тістей қойдым.
Мен бұл сырды Николайдан жасырамын деп, əлі Қасымбекке де ашқан
жоқ едім, Носовецтің əлденеден секем алған шегір көзі мені тесіп барады,
əзер жалтардым.
— Келгенін сездім. Бірақ көре алғаным жоқ.


Даусым  күмілжіп,  сөзімнің  артында  бір  қалтарысы  бары  айқын  сезіліп
тұрса  да  Носовец  қазбаламады,  мұны  да  қазақ  əйелінің  бір  мінезіме
жорыған болар.
—  Евдокия  Герасимовна...—  мен  көргелі  ол  тұңғыш  рет  күмілжіп
қалды.— Ол жайлы не білесіз? Сол деревнядағылармен бірге... кетті ме?
—  Менің  көз  алдымда  қаза  тапты.  Немересін  қорғаймын  деп...  Неміс
солдатының автоматына жармасып...
Носовец төмен қарап аз уақыт үнсіз отырды.
— Иманды болсын, байғұс. Өзі нағыз азамат кемпір еді. Баласы Павел
екеуміз бірге өсіп едік.— Бізге емес, өзіне айтып отырғандай жайымен ғана
сөзін  күбірлеп  бітірді.  Содан  кенет  ойына  түскендей:—  Немересі  ше?
Наташа?— деп сұрады.
— Дуня апай Наташаны қашырам деп оққа ұшты ғой. Мен байқағанда
Наташа  аман  құтылған  сияқты  еді.  Əйтеуір  мен  көргенде  оқ  тиген  жоқ  —
ты.
— Аман болса... тауып алам,— деді Носовец.
Мұны  да  ақырын  айтты.  Емендей  қатып  қалған  адамның  жібігенін
алғаш байқауым осы еді, бірақ сəл жіпси түсіп басылғандай, ол тез қатқыл
қалпына оралды.
Содан  кейін  ол  менен  деревняда  болған  оқиғаны  сұрады.  Орысшам
жеткенше  тұтығып,  шатасып,  білгенімді  айтып  бердім.  Ол  мені
асықтырмай,  сөз  арасында  сұрақпен  демеп,  ден  қоя  тыңдады.  Кейбір
жағдайды  тəптіштеп  білгісі  келеді.  Сасып  қалдым  ба,  қайдам,  қызыл
қырғынның  қақ  ортасында  болғанмен  менің  білгенім  көп  емес  екен,
Носовецтің  біраз  сұрағына  жауап  бере  алмадым.  Немістердің  қайдан
келгені?  Жалпы  санының  қанша  екені?  Оларды  кім  басқарғаны?
Деревнядан  қанша  адам  құтылғаны?  Оның  бəрі  мен  білмейтін  деректер.
Менің  білетінім  тек  қызыл  қырғын,  еңкейген  кəрі  мен  жөргектегі  балаға
дейін  түгел  қырған  сұмдық  қана.  Жан  шошытқан  үрей  мен  сұмдықтан
өзгені жадымда ұстай алмаппын. Полицайлардың да ұзын санының қанша
болғанын білмеймін, Дуня апайдың үйіне жиналып арақ ішкендері бесеу ме
еді,  алтау  ма  еді,  онысын  да  анық  аңғармаппын;  жалғыз  аты  —  жөнін


білетін «ескі танысым» Усачев.
— Усачевты көрген екенсіз ғой?— деді Носовец оның есіміне елең етіп.
— Иə, көрдім.
— Полицайлар кісі атысуға қатысты ма?
— Жоқ. Олар айдасып жүрді. Сосын үйлерді өртесті ғой деймін.
— Бəрібір..- олардың да қолдары қан.
Менің  есіме  төртпақ  полицайдың  сөзі  түсті.  Бір  полицай  «біз  атқан
жоқпыз  ғой»  дегенде:  «иə,  біз  атқан  жоқпыз,  тек  қол  —  аяқтарын  матап
бердік,  немістер  бауыздады»  деген.  Осы  сөзді  айтқанымда  Носовец  тіпті
риза болғандай:
— Өте тауып айтқан,— деді.— Соған орай сазайларын да тартады.
Аз əңгімеден кейін Носовец маған:
— Байқаймын. Өзің де талай тауқыметті тартқан түрің бар. Оның үстіне
ақыры  келіп  босанған  жерің  де...—  деп  іркілді  де:—  Жарайды  демал,
тынық,— деп əңгімеден босатты.
Дуня  апайдың  үйінде  бұғып  жатып  мысықша  ұйықтай  бергенге
ұйқышыл  болып  жаман  үйренген  түрім  бар,  осы  зілмəнкенің  ішінде  де
қолым  босаса  —  ақ  мүлгіп  кетем.  Бірақ  байқаймын  ұйқым  қатты  емес,
сергек,  кəдімгі  құс  ұйқы;  көңіліме  алаң  кірген,  ұйықтап  жатсам  да
атқаратын  ісім,  мойнымда  бір  міндетім  барын  үзбей  сезетін  сияқтымын.
Қыбырға  оянып  кетем,  жəне  ұмыт  қалған,  уақытын  өткізіп  алған  ісім
бардай  елегізіп  оянам.  «Ол  не  нəрсе  еді?»  деп  ойымды  қармағанда  балам
есіме  түседі.  Соған  кəдімгідей  шым  етіп  ішім  жылып  кететін  болды.
«Балам  бар,  aнa  болдым»  деген  ұғым  əлі  бойыма  сіңіп  болған  жоқ,  кейде
таңырқаймын,  Кеше  ғана  шықпастай  көрініп,  үзілмес  үрей  туғызып,
құрсағыңды  кернеп  жатқан  тірі  жəндіктің  өзің  ойламаған  жердей,  жарық
дүниеге  келгеніне  бірден  сене  кету  де  қиын  екен.  Жеңілдеп  жай  тапқан
құрсағым кейде оның босап қалған орнын сезеді.
Бұрын  біреу  едім,  екеу  болдық,  өз  тəнімнің  тірі  бөлшегі  болып  сыртқа


шыққан тəрізді.
Денем  манаурап,  ұйқы  мен  ояудың  арасындағы  халдемін,  пештің
алдында  екі  еркек  күбірлеп  əңгімелесіп  отыр.  Сəлден  кейін  сөздерінің
мағынасы да миыма жете бастады.
— Мен шынымды айтсам, жолдас Еділбаев, — дейді Носовецтің даусы.
—  Сіздердің  операцияларыңыздың  сонша  сəтті  болатынына  өз  басым,
толық сенген жоқ едім.
— Неге сенбедіңіз, Степан Петрович,— дейді. Бұл Қасымбектің даусы.
—  Немістер  дəл  сондай  бейқам  болар  деп  ойлаған  жоқ  едім.  Оның
үстіне
сіздердің
əрекеттеріңіз
тіпті
тамаша
болды.
Деревняға
кіргендеріңізді  жан  білмей  қалды.  Сақшыларын  да  айқай  —  шусыз  тез
құрттыңдар. Менің мағлұматым бойынша гарнизон түгел талқандалған.
—  Бірақ  қолға  түскен  қаруымыз  неміс  солдаттарының  санынан  азырақ
қой,— деді Қасымбек.
Немістер тізіммен түгендеп өткізген жоқ қой қаруларын, — деп күледі
Носовец.—  Алас  —  қапаста  талай  нəрсе  қалып  қойған  шығар  —  ау.  Бірақ
оқ — дəрісін қолға түсіргеніміз қатып кетті. Оғы болмаса мылтық дегенің
таяқ емес пе.
—  Операциямыз  сəтті  болды  —  ау.  Тек  деревняның  халқына  жаным
удай  ашиды,—  Қасымбек  қиналып,  кібіртіктеңкіреп  сөйлейді.—  Сол  үшін
олар деревняны түгел қырып жіберді ғой.
Екеуі де үндемей қалды. Ауыр күрсінгендері естіледі.
—  Ақырының  дəл  мұндай  боларын...—  деп  Носовец  мүдіріп  қалды.—
Жазалау  отрядтарының  барын  естіп  едім.  Дəл  мынандай  қаталдыққа
баратынын,  шынымды  айтсам,  мен  де  болжағаным  жоқ.  Əрине  енді,  ол
деревнядағыларды  маңдайдан  сипамайтынын  біліп  едім,  бірақ  бірден  дəл
мынадай...
—  Апыр  —  ау  тіпті...  ақ  —  қарасын  ажыратпай...  Бесіктегі  балаға
дейін...


— Жамандықтың да бір жақсылығы болады,— деді Носовец ауыр ойды
сілкіп  тастап,  сергіп.—  «Немістер  сыпыра  қыру  соғысын  бастап  отыр.
Ендеше  өздерін  де  сыпыра  қырамыз»  деген  Сталин  жолдас.  Енді  халық
ашынады.  Арты  қалай  болады  деп  бұғып  бас  бағып  отырғандар  көп  еді,
енді  қозғалатын  шығар.  Немістердің  жолында  түк  қалдырмай  өрт
жалағандай  ету  керек  деген  көсем  тапсырмасын  біз  жеріне  жеткізіп
орындай  алмадық.  Соны  орындауға  енді  фашистердің  өздері  көмектесіп
отыр.  Дұшпанның  бұл  істеген  ісі  партизан  қимылын  мықтап  күшейтеді.
Жау тылындағы аяусыз соғыс енді басталады.
Носовец  ақырын  сөйлесе  де  тығыз  дауыспен  сөзін  нығыздап  тастап
отыр еді, соңғы жағында даусы қаттырақ шығып кетті, есіне түсіп кетті —
ау  деймін,  «оятып  алмадым  ба»  деп  маған  қарады.  Мен  кірпік  астынан
бағып қимылсыз жатырмын. Даусын бəсеңсітіп:
— Солай, жолдас Еділбаев,— деді.
Қасымбек «Иə — а» деп ауыр күрсінді де қойды.
—  Ал,  опасыздар  мен  сатқындарды  аяусыз  жазалаймыз.  Олар
немістерден емес бізден қорқатын болсын. Білемін. Əлі де бас бағып бұғып
отырған,  тіпті  кешегі  кейбір  белсенділер  де  бар.  Ұзамай  оларды  да  бір
жағына  шығарамыз.  Бұл  соғыста  бейтарап  адам  болмайды.  Я  жayмен
болды,  я  бізбен  болады.  Өзің  білесің,  немістер  партизанды  тұтқынға
алмайды.  Сені  мен  бізге  шегінетін  жер  жоқ.  Жеңсек  тіріміз,  жеңбесек...—
деп  тоқтады  Носовец.  Сəл  ойланып:—  Осыны  əр  партизанның  миына
шегелеп қою керек. Жаудан титімдей рахмет күтпесін,— деді.
—  Кешегіні  көргеннен  кейін  қай  партизан  алданар  дейсің,—  деді
Қасымбек жайымен.
—  Ақымақ  бастар  аз  емес,  сондықтан  да  осы  ұғымды  шегелей  беру
керек.  Жаны  қысылғанда  жалтарып  шығатындар  табылады.  Ондайларды
аямау керек. Немістер қатал жазаға көшсе, біз дұшпандар мен сатқындарға
одан бетер қатал жаза кесеміз.
Еркектердің  сөздері  қатайып  барады.  Осы  кезге  дейін  жауын  —
жауынның  арасымен  дегендей  бұқпантайлап  жай  бағып  келіп  едім.  Бір
құдіреттің  арқасында  кешегі  қырғыннан  да  аман  шығып,  жолым  болып
жұбайыма  қосылған  соң  баяғы  күнім  қайтып  оралғандай  сезініп,  арқа


басым  кеңіп  қалып  еді,  сөйтсем  нағыз  жанып  тұрған  оттың  ортасына  енді
келген  сияқтымын.  Өз  тəнім  жеңілдегенмен  қол  —  аяғыма  тұсау  болған
нəресте  бар,  оның  іштегі  салмағынан  сырттағы  салмағы  əлдеқайда  ауыр
боларын  сезем.  Осыны  ойлағанда  тұла  бойым  тоңазып,  көңілім  құлази
бастады. Осы оттың ортасынан мына титімдей тірі жанды қалай аман алып
өтемін?..  Қар  үстіне  домалап  түскен  сарғыш  құндақтың  орта  тұсынан  қан
бұрқ ете қалды... Басымды оқыс көтеріл алыппын. Барлық еркек аңырайып
маған қарады.
—  Шошып  кеткен  жоқсың  ба?—  деп  Қасымбек  үрпие,  орнынан
жүрелеп көтеріле берді.
— Маған баланы əперіп жіберші.
— Бала тыныш... Ұйықтап жатыр ғой.
Қасымбек айтарын айтса да күйбеңдеп орнынан тұрып, құндақты еппен
ұстап маған əперді, бастапқыдай емес, қолы үйреніп қалыпты. Носовец те
түрегелді.
— Ал жұбайыңыздың қол — аяғы жеңіл болсын,— Ере шықпақ болған
Қасымбекті  тоқтатып:—  Сенің  асықпауыңа  да  болады.  Үй  —  ішінің
əңгімесіне бөгет болмайын,— деді.
Носовец  шығып  кеткен  соң  Қасымбек  пешке  отын  салып  күйбеңдеп
əуре болып жатыр.
— Үйдің іші ысып кетті, жаға бермесейші,— дедім.
— А? Ысып кетті ме?
Қасымбек  пештің  аузына  апара  берген  ағашты,  не  қыларын  білмей,
кішкене  ұстап  тұрды  да,  жерге  тастады,  содан  кейін  сəкінің  шетіне  келіп
отырды.  Не  айтарын  білмей  менің  қолымдағы  құндаққа  қарай  береді.
Алғашқы  күні  екеуміз  бір  —  бірімізге  айтар  сөзімізді  таусып  алған
сияқтымыз, бастап кешкен хикаяларымызды айтып болдық. Ел — жұртты,
ағайын-туғанды еске алайық десек... көңілімізге келіп кептеліп тұрған сөзге
екеуміздің  де  аузымыз  бармайды.  Елді  айтсаң  —  ақ  ар  жағында  аһ  ұрған
арман  бітеу  жатқан  ішкі  жараңды  тырнап  сыздатып  қоя  береді,
болашағымызды  сөз  етуге...  Келешегіміздің  кейінгімізден  де  қиын  екенін


екеуміз  де  сеземіз.  Оны  болжауға  мен  ғана  емес,  Қасымбектің  де  батылы
бармайды.
Сөйтіп  арғы  мен  бергіге  жоламай,  қатерлі  ойдан  аттап  өтіп,  ғайыптан
басымыз  қосылған  азғана  қуанышымызды  талғажау  етіп,  екі  —  үш  күн
көңілімізді  алдарқатып  келіп  едік,  енді  байқасам  жұбайыммен  қауышқан
алғашқы  қуанышым  сұйылып  барады.  Қиын  ойларды  қанша  ойламайын
десем  де,  ол  құрғыр  ойлатпай  қоймайды.  Жаңағы  сөздерінен  байқап
қалдым: бұлар тек ажалға бастарын байлап қойып қана соғысатын адамдар.
«Əке» дегенмен жан қалмайды деуші еді қазақ: бұл жан қалатын жер емес
екен. «Не өмір, не өлім» деген ұранды естіп едім, соның шын мағынасына
енді көзім жетті, «көзім жетті» емес — ау, тіпті көзім көрді.
Арқасын  қара  орманы  —  қалың  еліне  тіреп  қойып  соғысатын  майдан
емес,  оңы  мен  солы,  алды  мен  арты  айнала  жау,  орман  паналап,  сай
сағалап, түн жамылып соғысып жүрген жандар. Осындай нағыз қысылтаяң,
алапат  кезеңде  Қасымбектің  мойнына  масыл  болып  мініп  алыппын,  жəне
біреу  емес,  екеумін.  Оны  Қасымбек  сезбейді  деймісің.  Əрине  сезеді,  бірақ
маған  білдірмейді.  Тіпті  болашақ  сүргінді  былай  қойып,  осы  аз  күн
тыныштықтың өзінде менің осы арада болуымның өзі ерсі екен. Кілең салт
басты,  сабау  қамшы  жарақты  жауынгерлеріне  бөлініп,  мені  төңіректей
беруге  Қасымбектің  өзі  де  қысылады...  «қатын  жанды»  деген  ат  жас
адамның  шамына  тиеді.  Комиссары  «асықпауыңа  болады»  десе  де  ол  ұзақ
отыра  алмайды,  несін  жасырайын,  ішімнен  қасымда  ұзағырақ  отыра
тұрғанын жақсы көрем де оны қызметінен қалдырып көп бөгей алмаймын.
Бірақ...
— Өзі тіпті оянатын емес қой,— дейді Қасымбек.
— Жаңа сендер келерде емізіп едім. Қарны ашпаған ғой.


— Е, бəсе, тіпті ұйқысы қатты. Əкесіне сəлем беруді де білмейді. Кəне,
орнына салайын.
Қасымбек  баланы  орнына  салып,  менің  қасыма  келіп  отырды.  Арада
өткен уақыт жатырқатып тастады ма, əлде бұрын да бір — бірімізге емін —
еркін  ашылып,  етене  үйренісіп  кете  алмадық  па,  балалы  болсақ  та
екеуміздің  арамызда  еркіндік  жоқ,  оңаша  қалсақ  —  ақ  сөйлесетін  сөз
таппай  кібіртіктей  беретін  болыппыз,  содан  екеуміз  де  іштей  қысыламыз.
Қайта  Абан  келіп  қалса  даңғырлап  сөйлеп,  осы  қысылысты  тарқатып,
көңілімізді  көтеріп  тастайды.  Қасымбек  үндемеген  соң  көңілдегі  күдігімді
өзім айттым.
— Осы мен сендердің аяқтарыңа оралғы болатын шығармын.
—  Неге?—  деп  селт  етті  де,  Қасымбек  сұрағының  ерсі  екенін  өзі  де
түсініп, үндемей қалды.
—  Негесі  қалай.  Жарау  ат  мініп  жауға  шабатын  жауынгердің  құлынды
бие жетелеп жүргенін көріп пе едің?
Көңілімде  жүрген  сөздің  аузымнан  қалай  шығып  кеткенін  байқамай,
айтуын айтып алып, қысылып қалып едім, бірақ Қасымбектің құдай оңдап
күліп  жібергені.  Содан  бойым  жеңілдеп  мен  де  күлдім.  Осы  күлкінің  бір
рахат  болғаны  —  қабыспай  тұрған  арамызды  біріктіріп,  қыртысымызды
жазып жіберді, Қасымбек мені құшақтап бетімнен сүйіп алды.
—  Əрине  оңай  болады  деп  отырғаным  жоқ.  Біз  ылғи  жортуылдағы
адамбыз  ғой,—  деді  Қасымбек  менің  шашымнан  сипап,—  Бір  жерге
жасыруға  қазір  деревнялардан  да  тыныштық  кете  бастады.  Əзір  бірге
боламыз.  Степан  Петровичке  де  айтқанмын.  Ол  онша  құптай  қоймаса  да
қарсы болмады. Ар жағында... тағдырдың салғанын көре жатамыз.
6
«Адам  үш  күннен  кейін  көрге  де  үйренеді»  деуші  еді  Қамқа  əжем.
Тоңғағы  қатпаған  жас  шаранамды  көтеріп  жүріп  түзде  жортқан  партизан
өміріне  қалай  үйреніп  кеткенімді  өзім  де  байқамай  қалдым.  Төсектен  бас
көтерісімен — ақ қарап отырмай өз тіршілігімді өзім қарайтын болдым. Бес
—  алты  күннен  кейін  бір  баланың  шаруасынан  артылып,  медсестра  Шура


«сіз əзір көп қимылдамаңыз, өзім — ақ істеймін ғой» десе де қарап отыра
алмай,  оған  да  қолғабысымды  тигізетін  болдым.  Менсіз  де  шаруасы  мен
қиындығы басынан асып жатқан мына қауымға масыл болуым ұят сияқты
көрініп,  Дуня  апайдың  үйінде  сонша  уақыт  бұғып  жатып,  керенау  тартқан
бұйығы қалпымнан серпіліп еңсемді көтердім. Оның үстіне Қамқа əжемнің
Қасымбекке айтқан сөзі бар — ды: қызым мені жерге қаратпайды, серігіңе
жарайды,  қарның  ашса  қуырып  же,  шөлдесең  қайнатып  іш,  бəріне
шыдайды,— деп еді, Қасымбек етігімен су кешіп жүргенде балпиып жатып
алғаным...  Ауыл  əйелдерінен  көргенім  бар,  белімді  мықтап  тұрып  таңып
алдым да тұрып кеттім.
Сірə  қарекет  аңсап  қалсам  керек,  кəдімгідей  серпіліп,  бойымда
сергектік  пайда  болды,  сыртқа  шығып  төңірегіме  көз  салып,  көкжиегім
ашылып,  өрісім  кеңи  бастады.  Біз  бір  қарағайы  мен  қайыңы  аралас
орманның  ішінде  жүр  екенбіз.  Бұл  арада  қылқан  жапырақты  шырша,  мен
білмейтін  жəне  бір  ағаштар  кездесіп  қалады.  Төбені  айнала  тескен
тышқанның  ініндей  сай  баурайында  томпиған  жеркепелер  көп;  төбелерін
қар  басып,  сырт  көзден  тасалап  тастағаны  сонша,  əдепкіде  оларды
жоталанған қар үйінділері деп ойлағам. Бір қарағанда елсіз болып көрінген
орманның  осы  қуысында  қыбырлаған,  құжынаған  өмір  бар  екен.  Ол  өмір
беті қатып қалған жердің сыз бауырын жылытып, қар астына кіріп кеткен.
Мен  жатқан  жеркепе  кішілеу  жыраны  бауырлай  үңгіп  қазылған,  сол
жыраның айналма иірімінде əжептəуір шаруашылық бар екен. Екі — үш ат
шана  доғарулы,  аттар  сол  шананың  үстіндегі  шөпке  бас  қойған.
Буыншықтар,  тендер.  Ар  жағында  шыршаның  бұтағынан  итарқа  қып
жасаған  күркенің  ішінде  қызыл  қасқа  сиыр  күйсеп  тұр.  Кəдімгі  бір
ауылдың тіршілігі сияқты. Айтпақшы... мына сиыр... Иə, бұл Дуня апайдың
Зойкасы.  Желіні  жер  сызған  қызыл  қасқа...  қазір  желіні  кішірейіңкірепті.
Күйісін  іркіп,  таңырқағандай  мойнын  бұрып  маған  бір  қарап  алды,
тостағандай  көзі  дымқыл  тартып  мөлдіреп  тұр.  Еріксіз  қолымды  созып
едім, жалаңаш кең танауы делдиіп иіскеді де, саусағымды жалап алды.
Енді  бір  келгенімде  сыриған  ұзын  солдат  құйрығымен  жер  сүзе  төмен
жүрелеп  сиыр  сауып  отыр,  ебедейсіз  ұзын  қолы  сүттің  жартысын  өзінің
тізесіне шашыратады. Менің сыбдырымды естіп есік жаққа жалт қарап еді:
Абан екен. Heгe екенін білмеймін, екеуміз де қысылып қалдық.
— Сіз мұнда ма едіңіз?—деді Абан ұрлық қылғандай сасып.


— Шелегіңді бере ғой. Мен сауайын,— дедім.
—  Осы  сиырды  өзім  сауып  жүр  едім,—  деді  Абан  күліп.—  Несін
жасырайын,  сауыншылығым  шамалы  екен.  Тек  əйтеуір  балаға  сүт  болсын
деп...
— Оның рас. Сиырдың желіні қайтып қалыпты.
Үйде жүргенде кішкентайымнан сиыр сауып үйренгенмін, осыдан кейін
Зойканы  өзім  сауатын  болдым.  Əйел  қолын  сезді  ме,  жануар  исініп,  сүті
молая  бастады.  Мал  баласын  жасымнан  жақсы  көруші  едім,  бірақ  бұл
сиырға  деген  ықыласым  бөлектеу.  Екеуміз  бір  сарайды  паналап  жан
сақтаған  соң,  мал  да  болса  қатерлі  сəтте  қасымда  болған  серігім  сияқты.
Оның үстіне Дуня апайдың... иə, Дуня апайдың көзіндей ыстықтығы да бар
маған.  Алдамшы  сезім,  қайдам,  осыны  мен  ғана  емес,  Зойка  да  сезінетін
сияқты,  мен  келген  сайын  сүт  исі  айқын  исініп  тұрғанда  екеуміздің  де
бойымыз бусанып аналық сезім оянғанын сеземін.
Адам  тіршілік  қылған  жердің  бəрі  бірдей  екен  ғой  өзі  —  мұнда  да  сол
тірлік,  тек  тірліктің  ең  бір  жұпынылау  түрі.  Ортақ  қазан  көтерілмей  жұрт
екі  —  үштен  орайласып  астарын  кішкене  котелекке  пісіреді  екен,  бір
үлкендеу  кастрюль  табылып,  мен  соған  сорпа  пісіріп,  ас  үстінде  аз  ғана
командирлердің  басы  қосылатын  болды.  Азығымыз  да  мол  емес,  бірақ
əзірге  ашыққан  жоқпыз.  Жортуылға  шыққандар  ауыл  жұрттан  бір  нəрсе
қарманып келеді де сонымен үзіліп кетпей біріне — бірі жалғасып тұрады.
Қасымбек  атқа  жегіп  жүріп  ас  пісіретін  жорық  кухнясын  қолға  түсіргісі
келеді.  «Партизандық  соғыс  бір  күндік  емес,  артымыздан  оқ  —  дəрі,  азық
— түлік жеткізіп тұратын тылымыз жоқ.
Бір жетіден кейін Қасымбек екеуміз бөлек зілмəнкеге көштік. Ол бұрын
Абандармен  бірге  жайып  жүр  екен,  енді  кəдімгідей  оңаша  отау  болдық.
Абан  келіп,  «Нəзира  жеңгей,  сізге  отау  тігіп  қойдық,  жүріңіз»  деп
медпункттен  алып  келгенде,  кəдімгідей  жүрегім  лүпілдеп  кетті.  Мың
жасағыр,  жігіттер  де  келістіріп  істеген  екен,  төбесін  ғана  емес,
қабырғаларын  да  қарағаймен  шегендеп,  бұған  да  бір  жердей  тауып  алып
темір  пеш  қойыпты.  Қыста  қазылған  жер  үйдің  ызғарын  қайтарып
маздатып от жағып жіберген. Іші тап — таза, қарағай исі аңқыған жеркепе
қауіп-қатерді,  алмағайып  заманды  ұмыттырып  мені  балаша  мəз  қылды.
Жан  —  жағыма  сүйсіне  қарап  аз  тұрдым  да,  жүгіріп  барып  баламды


əкелдім.
Жаңа  зілмəнкеге  көшкенім  кəдімгідей  мейрам  болды.  Снарядтың  жез
қорабынан  жасаған  май  шам  пілтесінің  жоғарғы  жағы  түтіндесе  де,
жеркепені  сарғыш  —  күңгірт  нұрға  бөлеген,  темір  пештің  үстінде
бүлкілдеп  қайнаған  сырлы  кастрюльден  шыққан  сорпаның  тəтті  буы
қолқаңды  қауып  танауыңды  жыбырлатады.  От  басында  Носовец,  Абан,
Николай,  Қасымбектер  отыр,  күйеуі  алыстан  базаршылап  келген  əйелдей
мəз — мейрам болып мен жүрмін. Күйеуім, балам бар, жылы үйім, отбасы
өмірім  бар  əйел  сияқтымын.  Мына  қонақтардың  жайбарақат  əңгіме  соғып
отырғандарының өзі маған бір рахат, оның ар жағында да жайдары, жарқын
қуанышым бар сияқты. Құндақта жатқан кішкентай сəбиім жеке тірлік иесі
болып,  күн  асқан  сайын  бөлектенудің  орнына  қолқама  кіріп  баратқандай,
тəніме  жақындай  түседі.  Ересек  əйелдер  ауылда  балаларын  сүйгенде  «тас
емшегімді жібіткен» деуші еді — сол сөздің мағынасын енді түсініп келем.
Ойпырым — ау, тіпті үйлі — баранды əйел болыппын — ау, күйеуім, балам
қасымда. Осы бақытымның ар жағының ішкі екенін сезсем де алдарқанған
көңілімді  айнытқым  келмейді.  Адам  баласының  қай  арманы  орындалып
жатыр,  кешегі  қияметтің  ішінде,  осыны  да  көрмей  өліп  кеткенде  қайтер
едім.
Партизандардың  «тапсырма»  дейтіні  болады  екен.  Мектепте  жүргенде
балаларға үйге тапсырма беретін, мұны да дəл солай атайды, тек мазмұны
бөлектеу.  Түнге  қарай  партизандар  үлкенді  —  кішілі  топ  болып,  қару  —
жарақтарын асынып кетіп жатады. Кейбіреулері жараланып келеді, келмей
қалатындары  да  болады.  Кейде  үлкендеу  топ  бастап  Қасымбек  те  кетеді,
кетерінде  сыр  білдірмегенсіп:  «таңға  жақын  оралармыз,  сен  алаң  болмай
ұйықтай  бер»  дейді.  Бұл  сөзді  түнгі  бейбіт  күзетке  бара  жатқан  адамдай,
əншейін  жай  ғана  айта  салады,  бірақ  мен  алаңсыз  ұйықтай  алмаймын.
Əлсін  —  əлсін  оянып  қыбыр  еткен  сыбдырға  құлақ  тігем.  Қайтып  келген
соң  да,  мені  қорқытқысы  келмейтін  болар,  Қасымбек  еш  нəрсе  айтпайды,
«жолымыз  болып,  тапсырманы  сəтті  орындадық»  деп  қоя  салады,  түк
қатері жоқ сияқты.
Қанша қатерлі болғанын Абан келіп сөйлегенде білем. Ол түнгі ұрыстан
қызуы  басылмай,  самбырлап,  тоқтаусыз  сөйлеп,  болған  оқиғаны
құйқылжытып  түгел  айтып  береді.  Арасында  қызып  кетіп,  дауыстап  «ана
жердегі  əлгі»  деп  Қасымбекті  де  əңгімеге  еріксіз  араластырады.  Мен  əрі
сүйсініп, əрі үрейленіп, жүрегім дірілдеп тыңдаймын, ыстық, суық толқын


денемді қатар қарып өтеді.
Əбден  күдерімді  үзгенде,  төбеден  түскендей  ғайыптан  кездескен,  қазір
де  сағат  сайын  жоғалтып  алу  қатері  арылмаған  Қасымбегімнен  екі  елі
ажырасқым келмейді, бірақ шаруасы басынан асып жатқан Қасымбек менің
қолыма  тие  бермейді.  Түнгі  жорықтарын  былай  қойғанда,  мойнында
«қанша адамның қамы бар, əлі бой түзеп болмаған отрядты жарақты əскер
қылу  оңай  болсын  ба,  оның  үстіне  бұрын  қолына  қару  ұстамағандарды
үйретуге  де  талай  тері  төгіліп,  жорыққа  шықпаған  күннің  өзінде  де
мұрнынан  шаншылып  жүреді;  бір  жағынан  бала  жылап,  түнгі  ұйқысының
да  мазасы  шамалы.  Ондайда  тыныш  жатудың  орнына  Қасымбек  менен
бұрын оянып, жөргекке жармасады. «Сен ұйықтай бер, астын өзім құрғатам
ғой»,— деп жатқызып тастаймын — ау, бірақ ондай ұйқыда маза бола ма.
Мұздап  қалған  жер  үйдегі  баланың  астын  жуғанда  жылағаны  да  бір
түрлі:  ерні  ерніне  тимей  қыбырлап,  қалтырап  жылайды.  Баланың  бойын
жылытып, емізіп ұйықтатқанша Қасымбек те ұйықтамайды.
Денем  тоңазып  келіп  Қасымбектің  бауырына  тығылам.  Суық  үйде
шешінбей  жатқан  қалың  киім  тəнімді  бөліп  тұрса  да  күйеуімнің  бар
жақындығын сезем. Тұмсығымды тамағына тығып, бұйығып жатып, кір —
қоңы  алынбаған  жорықтағы  еркектің  ашқылтым  жылы  исін  рахаттана
жұтам. Осы сенімді, жылы денеден айрылып қалатындай қорқып, кейде тас
қылып  қысын,  құшақтан  алам.  Нəпсісі  түскір  оянбады  деп  несіне
көлгірсиін,  бірақ  нəпсімді  қорқыныш  тежеп,  нəпсіден  де  үлкен  етене  ет
жақын ерекше сезіммен құшырлана түсем.
Қасымбек  ерте  тұрады.  Кейде  түннің  де  бір  уағында  шығып  кетіп
қарауылды  тексереді.  Бұрын  да  күйеуім  ширақ,  жинақы,  əскер  тəртібін
бұлжытпай  орындайтын,  бірақ  бұрын  жоғарыдан  берілген  тəртіпті
орындаушы  болса,  қазір  мазасыз  қожайын  сияқты.  Бұған  тəртіп  беріп
жатқан адам жоқ, барлығын өзі ойлап, өзі қадағалап, өзі тындырып жүреді.
Тек бір бағынатын, қаймығатын адамы Носовец. Ол қырықты алқындырған
тəжірибелі  кісі  болғандықтан  ба  Қасымбек  оның  алдына  шықпайды,  ылғи
ығында  болады.  Менің  алған  əсерім  бойынша  Носовецте  өзінен  ірі
ықтыратын  бір  өктемдік  бар,  оның  неден  екенін  əзірге  түсіне  алмай
қойдым.  Былай  қарағанда  екеуінің  праволары  тең  сияқты.  Қасымбектің
ротасының  аман  қалған  солдаттары  мен  орманға  жинала  бастаған
партизандар  бірігіп  отряд  болған.  Қасымбек  командир,  Носовец  комиссар.


Дегенмен  Носовецтің  ірілігін  Қасымбек  екеуміз  ғана  емес,  жұрттың  бəрі
сезеді,  бірақ  содан  кейінгі  мықты  менің  күйеуім.  Мұныкі  де  өзінің
еңбегімен,  қасиетімен  алған  беделі.  Аз  уақытта  бір  аңғарғаным  бұ  жерде
онша шенге қарай қоймайды екен, өйткені шен беріп жоғарылатып, шенін
алып  төмендетіп  отыратын  жоғарғы  жағың  жоқ,  жұрт  жоғарғыларға  қарап
алақтамай, тек қолынан келетін адамдарды ғана сыйлайды.
Қасымбектің  бір  қасиеті  сөзге  сараң  да  іске  тындырымды.  Не  ойласа
ішінде,  барлық  істі  үндемей,  дабырасыз  тындырып  жүреді.  Құдай  тағала
мына  алапаттан  аман  алып  шығып,  өмір  берсе,  мен  үшін  Дариға  жеңгем
арман  ететін,  нағыз  бір  орнықты,  мықты  жігіттің  етегінен  ұстаппын,
болашақ өмірім де бұлтақсыз, берік, жайлы...
Бір  байқағаным,  болашақты  онша  көп  ойламайтын  болыппын.
Күнделікті  тіршіліктің  өзі  маған  жетіп  жатыр.  Мен  де  енді  мына  жұрттан
бөлек бап күткен масылдықтан арылып, өз алдына бір шаруашылық сияқты
партизанның  қотанында  ұсақ  —  түйек  кəдеге  жарап,  тыпыршыған  көптің
бірі боп келе жатырмын. Өстіп жүріп екі — үш айдың қалай өтіп кеткенін
байқамай қалыппын. Қақап тұрған қыстың ортасы ауып, көктемге қарай бет
алған түрі бар.
Жылу аңсап көптен күткен тəтті үмітіміздің есесіне мен лагерьге келген
соң  ұзамай  —  ақ  бəрімізді  қуанта  толқытқан  үлкен  үмітіміз  ортайып
барады.  Өткен  жылы  декабрьде  біздің  əскер  Москва  түбінде  үлкен
шабуылға  шықты  деген  қуанышты  хабар  алғанбыз.  Екі  —  үш  айдың
шамасында  бізге  де  келіп  қалар  деп  жұрттың  бəрі  де  қуанып  жүрді,  сақ
сөйлейтін  Қасымбектің  өзі  «амандық  болса,  біздің  əскер  келісімен  елге
қайтарам»  деп  айтып  қалған.  Партизандарға  келіп  қосылушылар  көбейіп,
басқа жерлерде де отрядтар пайда болды дегенді естігенбіз. Біздің жігіттер
де  қимылын  күшейтіп,  Қасымбек  лагерьге  сирегірек  түнейтін  болған.  Бір
жағынан  Қасымбек  үшін  қорықсам,  бір  жағынан  жақындап  келе  жатқан
жеңіске  қуанып  жүрегім  алып  —  ұшып  жүрген.  Əсіресе  Степан  Петрович
көңілімізге мықты жел берді. Партизандарды жинап алып:
— Қызыл Армия Москва түбінде фашист армиясына қатты соққы берді.
Олардың  таңдаулы  күштерін  талқандап  шабуылға  шықты.  Жетінші
ноябрьде  Қызыл  Алаңда  парад  қабылдамақ  болған  есуас  Гитлер  қазір
жанталасып жатыр. Азаттық күні жақын. Қол қусырып қарап отырмай, жay
тылын  аяусыз  талқандап,  жеңімпаз  жұмысшы  —  шаруа  Қызыл  Армиясын


біз де жеңіспен қарсы алуымыз керек,— деп жалынды сөз сөйлейді.
Жауынгерлерді  тапсырмаға  аттандырар  алдындағы  осындай  бір  —  екі
жиынға  мен  де  қатысқанмын.  «Қанға  қан!  Жанға  жан!  Сталин  үшін!»  деп
Степан  Петрович  ұран  тастап,  партизандар  уралаған  кезде  менің  де
делебем қозып кетті.
Жаңа  жылдың  алдынан  —  ақ  партизандар  қатарына  қосылушылар
көбейе  бастаған,  кейде  біртіндеп,  кейде  екі  —  үш  адам  болып  келіп
қосылып  жатты.  Лагерьде  жеркепелер  де  көбейіп,  қыстың  көзі  қырауда
кəдімгі  əскери  жаттығу  оқуы  жүргізілді.  Бұрын  қолына  қару  ұстап
көрмегендерді жауынгер етіп шығару үшін ертеден кешке дейін қуалайды.
Соғыстың  алдында  екі  жыл  əскер  қатарында  қызмет  еткен  Абан  сияқты
солдаттар қазір кішігірім командир болып жаңа келгендерді үйретіп жүр.
Жаңа жылдан кейін біздің отрядқа бір бала жігіт қосылды. Аты Прохор
екен. Жұрт та, мен де оны Прошка дейміз, жігіт дейтін де еш нəрсесі жоқ,
кəдімгі бала. Ең мықтағанда жасы он бесте болар, өзі талдырмаш, сүйегі де
шитік  кішілеу.  Қушық  сопақ  бетті,  тұмсық  ұшы  қайқылау,  үстіңгі  ерні
дүрдиіп  ілгері  біткен  де,  астыңғы  ерні  кейін  шегініп,  тісіне  жабысып,
аузынан су ағып кететіндей екі езуі салбырап тұрады. Қабағы қалың көзін
сəл сығырайтып, аузын ашып, көрген нəрсесіне таңырқап қалған — нағыз
сəби кескін. Прошканы қазан — ошақ жаққа менің қасыма беріп қойды, өзі
бір тіл алғыш жақсы бала екен: отын жарады, су тасиды, от жағады, картоп
аршиды. Неге жұмсасаң да тындырымды, үндемей жүріп істей береді. Мені
жатырқай  ма,  əлде  мінезі  тұйық  па,  кісімен  жөндеп  сөйлеспейді,  сəби
жүзіне  терең  ұялаған  реніш  бар  сияқты.  Əлде  үлкендерден  бөліп,  түнгі
жорыққа  қатыстырмай  қазан  —  ошақтың  басына  қойғанына  ренжи  ме
екен? Түрткілеп сыр тартып көрсем де ашыла қоймады.
— Əке — шешең бар ма?
— Бар.
— Олар қайда?
— Анда,—деп қолын сілтей салды да, содан кейін: — Деревняда,— деп
анықтады.
— Олар қорықпай сені қалай жіберді?


— Мен олардан сұраған жоқпын.
Содан  кейін  мен  де  шұқылай  бермедім,  сөйлескісі  келмесе  қайтейін,
қаршадай болып алып, тас түйініп ішін бермейді. Сонда да Прошканы жек
көрмедім.  Тіпті  бала  енді.  Қыршын  жасын  аяймын.  Он  шақты  күн  өткен
соң Прошканың өзі сөз бастады.
—  Тетя  Надя.  Мені  неге  тапсырмаға  жібермейді,  а?  Сіздің  ойыңыз
қалай, а?
—  Сен  əлі  кішкентай...—  деп  қалып,  ренжітіп  аларымды  сезіп  тілімді
тістей қойдым да.— Сен əлі жассың ғой,— дедім.
—  Мен  неге  жас  боламын,—  деді  Прошка  ренжіп.—  Мен  биыл  он
алтыға шығамын.
— Енді... Он сегізге дейін əскерге алмайды ғой.
—  Жоқ,  партизандардың  заңы  басқа.  Мұнда  шалдар  да,  балалар  да
соғысады.  Жоқ,  партизанның  жөні  басқа,—  деді  кəдімгі  кексе  адамша
маған  түсіндіріп.—  Жас  адам  жауға  қарсы  соғыспасын  деген  заң  жоқ.
Менің ойымша мұның себебі басқа.
—  Қой,  одан  басқа  не  себеп  болсын.  Қазір  соғыса  білетін  үлкендер  де
жетеді  ғой,—  деп  жұбатқан  болып  едім,  оған  Прошка  иланбады,  өзінің
басқа бір күдікті ойы бар екен.
—  Олар  маған  сенбейді,—  деді  Прошка  жасырын  бір  сыр  айтқандай
даусын төмендетіп.
— Неге сенбейді?— дедім мен таңырқап.
—  Надя  апай,  менің  сізден  үлкен  өтінішім  бар.  Істейсіз  бе?—  деді
жалынышты дауыспен.
— Қандай өтініш?
— Сіз орындайсыз ба, Надя апай? Сіз жақсы кісісіз ғой,— деп жалынды
Прошка.


— Ал, орындайын, қолымнан келсе... Айта ғой.
— Сіздің күйеуіңіз командир ғой. Сіз оған айтыңызшы.
— Маған сенсін, жарай ма? Meн алдамаймын. Мен адалмын, Надя апай.
— Сені арам деген біреу бар ма? Оның не?— дедім таңырқап.
—  Ешкім  арамсың  деп  айтқан  жоқ.  Бірақ  ішім  сезеді...  Олар  маған
сенбейді.
Баланың сөзіне басым қатып кетті.
— Неге сенбейді? Айтшы өзің түсіндіріп,— дедім.
Прошка  əлденеден  қысылғандай  іркіліп  қалды.  Не  шикісінің  барып
білгім келсе де, баланы мазалағым келмей, мен де үндемедім. Сəлден кейін
қиналып тұрып сырын айтты:
— Менің əкем немістерге қызмет істеп жүр. Мүмкін естіген шығарсыз.
Усачев.
— Усачев пе?— деппін шошып кеткендей.
—  Ол  ақымақ,  онда  ақыл  жоқ,  Надя  апай,—  деді  Проша  ызалана
ышқынып,—  Ол  қашан  да  ақымақ  болатын.  Ол  бізді  сабайтын.  Иə,  иə,
сабайтын.  Мен  оның  сабағанына  ренжімеймін,  бірақ  жауға  қызмет
істегенін кешпеймін. Кешпеймін. Неге ол сөйтті екен, а? Неге сөйтті екен,
Надя апай?
Оған  мен  жауап  бере  алмадым.  Екеуміз  үлкен  жеркепенің  ішінде  ас
пісіруге  əзірлеп  картоп  аршып  отырғанбыз,  мен  де  аңғармай  қалыппын,
Прошаның бармағы, қолындағы жартылай аршыған картобы қып — қызыл
қан.
— Ойбай — ау, қолыңды кесіп алыпсың ғой,— дедім.
Проша тіпті қолын кесіп алғанын байқамаған екен, түсінбегендей маған
одырая  қарады,  содан  кейін  қолына  көзі  түсті  де  орнынан  көтеріле  беріп,
пышақты  жерге  лақтырып  жіберді.  Онсыз  да  кем  иегі  кейін  шегініп,


астыңғы  ернін  тістеп  алған  Прошка  кемсеңдеп,  жылап  жібере  жаздап  өзін
əзер  ұстап  тұр,  бір  —  екі  рет  көз  жасына  əлі  келмей  өксіп  алды.  Содан
кейін  қан  сорғалап  тұрған  бас  бармағына  қарады,  оның  не  қылған,  қайдан
шыққан қан екенін түсінбей тұрған сияқты.
— Əкел, қолыңды таңын берейін,— деп мен де орнымнан тұрдым.
Проша  менің  не  айтқанымды  ұқпағандай  маған  таңдана  қарады,  содан
кейін қолына көзі түсіп:
— Мен бармағымды кесіп алыппын,— деді ақырын.
Мен  бармағын  таңып  жатқанда  алқымына  кептелген  өксігін  сыртқа
шығарғысы келмей булығып, солқылдап бір — екі рет ауыр күрсініп алды.
Байғұс  баланың  соншама  қиналғаны  жаныма  батып  кетті.  Қиналғаны
сонша тіпті сорғалап тұрған қанын байқайтын да, елейтінде емес. Осы бір
үстіңгі  ерні  дүрдиіп,  езуі  салбыраған  кемиек  сəбилік  аңқау  кескіні  алғаш
көргенде  —  ақ  жүрегімді  жылытып,  содан  іш  тартып  бауыр  басып  қалып
ем,  Енді  келіп  ол  аяқ  астынан  кемпірдің  үйіне  келген  сайын  үрейімді
ұшырған  Усачев  полицайдың  баласы  боп  шықты.  Мен  соны  түсіне  алмай
далмын. Жоқ, тіпті екеуін қабыстыра алмаймын. Сондықтан да əуелгі сəтте
мен  оның  əкесі  туралы  еш  нəрсе  ойлағаным  жоқ,  тек  баланың  қиналғаны
қатты жаныма батты.
Прошаның  томсырайып,  үнсіз  қалып  тұрғанын  біраздан  кейін
байқадық,  өз  ойыммен  əлек  болып  баланың  қорғансыз  халін  ұмытып
кетіппін.  Мен  үндемей  қалған  соң  секемшіл  жарым  көңілін  тағы  бір
сенімсіз  сұқ  көз  қарап  өткендей  жүдеп  қалыпты.  Байқаусызда  масқара
сырын  ашып  алып,  енді  содан  жер  болып  тұрған  түрі  бар.  Мен  не
айтарымды  білмей  састым:  жұбаныш  айтайын  десем  тағы  да  бір  жарасын
тырнап  алам  ба  деп  қорқамын,  бірақ  үндемегенім  одан  да  ауыр  тиетінін
сездім.
—  Прошка,  сен  бекер  күдіктенесің...  Сен  қиналма...—  Сонан  соң  аяқ
астынан  ой  тауып,  тіпті  өзім  қуанып  кеттім.—  Саған  неге  сенбесін?
Сенбесе партизан отрядына қабылдай ма?
—  «Сені  əлі  сынаймыз»  деді  Носовец.  Ол  маған  сенбейтін  сияқты,—
деді Проша төмен қарап.— Сосын кухняға жіберді. Сенбеген соң жіберді.


—  Кухняда  жүргендерге  сенбейді  дегенді  кім  айтты?  Мен  де  кухняда
жүрмін ғой.
—  Сіз  əйелсіз  ғой,—  деді  Проша  томсырайып.  Кенет  мені  кемсітіп
алғанынан қысылғандай:— Сіздің кішкентай балаңыз бар ғой,— деп қосып
қойды.
...Мына  соғыстың  əлі  де  мен  түсініп  болмаған  сұмдықтары  ашылып
келе жатыр. Мені ғана от басы ошағымнан, ауыл — аймағымнан ажыратты
ғой  десем,  менің  қасіретім  берегіректе  жатқан  сияқты,  бұл  соғыс  əке  мен
баланың арасына кіріп кетіпті, екеуі бір — біріне мылтығын кезеген қанды
майданның  екі  жағына  шығыпты.  Екеуінің  табысатын  жағын  мен  көре
алмадым. Араларында мұп — мұздай болып, түсі суық ажал тұр.
Қасымбекпен  сөйлесуге  уəде  беріп,  өзімше  Прошканың  көңілін
алдарқатқан  болдым.  Əрине  Қасымбекке  айтамын.  Баланың  күдікшіл
көңілін  жүдетпей  тым  болмаса  жаттығу  ойындарына  қоссын,  мылтық
атуды  үйренсін.  Қайдан  білейін,  ар  жағында  бір  нəрсесі  болмаса,  ол
қарсылық жасамас, Носовецке де өзі айтып түсіндірер. Өз басым ол кісіге
бата алмаймын.
7
Екі  саным  ұйып  қалыпты.  Екі  бүйірімді  жылытып  екі  нəресте  тыныш
қана  ұйықтап  жатыр.  Екеуінің  ұйқысын  бұзбайын  деп  отырып  ұзақ  сонар
ойға  түсіп  кетіппін.  Сырласатын  серігің  болмағасын,  кісі  өзімен  —  өзі
сөйлескеннен,  өз  ойын  қармай  береді  екен  —  ау.  Келіншектер  ауыздары
жабысып  ұзақ  сөйлесіп  қалғанда  Қамқа  əжемнің:  «əңгіме  бұзау  емізер,
бұзау  таяқ  жегізер»,  шаруаларыңа  барыңдар»,—  деп  зекіп  тастайтыны
есіме  түсті.  Мен  де  сол,  өткенімді  ақтарамын  деп  қазіргі  уайымымды
ұмытып  кетіппін,  екі  баланың  ұйқысын  бұзбай,  ақырын  тіземнен  түсіріп
жерге жатқыздым.
Көзім  үйреніп  қалған  болар,  таң  бозарып  атқандай  маңайым
айқындалып,  жеркепенің  іші  көріне  бастады.  Əр  жерде  қарауытып  бір
нəрселер  жатыр,  орнымнан  тұрып  əр  қарайғанды  сипалап  қарап  жүрмін.
Бұрын  қойма  болған  нəрсе  ғой:  ескі  жəшік,  жəшіктің  сынығы,  темір  —
терсектер.  Бір  —  екі  ескі  қапшық  пен  брезент  тауып  алдым,  балалардың
астына  төсеуге  жақсы  болды.  Бір  құс  мылтығы  жатыр,  қолына  неміс


автоматын  түсірген  партизан  кейін  алармын  деп  осында  тастай  салған
болар. Тамақтан өтетін бір нəрсе іздеп едім, ондай ешнəрсе табылмады.
Қайдан табылсын. Орман ішіндегі партизанның күн көрісі соңғы жылы
тіпті қиындап кеткен. Алдыңғы қыста кейде азық — түлік үзіліп қалғанмен,
онша  мықты  тапшылық  көрмеп  едік,  төңіректегі  ел  —  жұрттан  талғажау
қыларлық  нəрселер  табылып  тұратын.  Партизандар  түнде  немістер  жоқ
деревняларға  барып  ұн,  картоп,  ол  —  пұл  тағамдар  əкеліп  тұратын,  кейде
мал əкеліп те соятын. Кейін партизан көбейді де, деревнядағы азық азайып
кетті.  Қарынымыз  ашып,  көзіміз  бозарып  отырғанда  Қасымбектің  бір
айтқан  сөзі  есімде  қалыпты.  Азық  —  түлік  қарастырайын  деп  бір  үйге
кірсе, қартаң əйел айтыпты: «Сендер келесіңдер, өз адамдарымыз ғой, деп
барымызды  сендерге  береміз,  немістер  келеді,  қолда  барымызды  олар
өздері  сыпырып  алады,  осы  біздің  қалай  тірі  жүргенімізге  қайранмын»
депті.  «Маңайдағы  деревнялар  тақырланып  бітті»  деген  Қасымбек.
Алыстан  бір  нəрсе  іздеуге  партизандардың  аяғы  жете  бермейді.  Онда  əр
бөлке нан ер азаматтың құнына түсуі мүмкін, онда да жеткізе алсаң...
Тауып
алған
қапшықтарымды
балалардың
астына
төсеп,
дұрыстаңқырап  жатқызғым  келді.  Бұл  өзі  бұрын  қойма  болған  зілмəнке,
адамның исі сіңбеген, азынап тұр: жалаңаш, бір бұрышқа бір кезде шырша
бұтақтарын  төсеген,  оның  да  қылқаны  төгіліп,  сабақтары  сорайып,
жамбасқа батады. Соның үстіне брезент төсеп балаларды жатқызып, кенеп
қаппен  қымтап  тастағым  келді.  Жатқан  жерінен  көтерем  деп  Дулатымды
оятып алдым. Ол қыңқылдап жылағысы келіп дыбысын шығарды да, менің
қолымда  екенін  сезіп,  тез  тыйылып,  тұмсығын  жылы  кеудеме  тыққысы
келіп, маңдайымен өңірімді сүзгілей береді. Қалың пальтомның омырауын
ағыттым.
Дулат...  Дулат  жаным.  Есімін  папасы  қойған.  Мен  жатқан  медпункттің
жеркепесіне  бес  —  алты  адам  жиналып  қауқылдасып  отырды.  Іштерінде
Носовец,  Николай,  Абан,  дəрігер  мен  медсестра  Шура  да  бар.  Содан  бір
уақытта балаға ат қоймақ болысты. Бəрі жиналып Носовецке қарап еді, ол:
—  Баланы  тапқан  анасы  ғой.  Біз  қиналған  жоқпыз.  Ендеше  есімін  де
анасы қойсын,— деп кесіп тастады.
Мен қапелімде қысылып қалдым, күні бұрын ойламаппын.


Ер бала ғой. Есімін əкесі қойсын,— дедім.
Қасымбектің өз ойы бар екен.
Есімі Дулат болсын,— деді ол. Сосын «Дулат» деген сөздің мағынасын
орысшалап  түсіндіріп  алып:—  Бұл  өзі  дуылдаған  майданда  туды  ғой.
Жүрген  жерін  дуылдатып  жүрсін.  Қазақтың  Дулат  деген  жақсы  ақыны  да
бар еді. Жəне Дулат деген ағам да болған,— деді.
Осыдан  кейін  жұрт  шынында  да  дуылдап  кетіп  еді.  Абан  флягісінің
тығынын ағытып, дабырлап сөйлеп, жағалай кружкаларға құйып жатыр.
— Осы оқиғаға арнайы сақтап жүрген олжам еді. Бұл немістің жаманы
емес,  орыстың  нағыз  ақырып  тұрған  самогоны,—  дейді.—  Самогон
болғанда  да,  өздерің  білетін  первая  —  нағыз  бетінің  қаймағы,  тура  сүзіп
алған.
— Ендеше Дулат үшін ішеміз,— деп Носовец кружкасын көтерді.— Біз
енді оны орысша Димка деп атаймыз, тілге жеңіл болу үшін. Əкесі сияқты
жауынгер азамат болсын.
Оның сөзін бəрі қостап дуылдап кетті, Абан келіп нəрестенің құлағына:
«Дулат! Дулат! Дулат!» деп үш қайтара айқайлады.
— Қазақтың осындай əдеті бар. Бала өз есімін жаттап алу керек,— деп
өзгелерге түсіндіріп жатыр.
Қазақ пен орыстың дəстүрін араластырып осылай ат қойылған бала ғой
бұл.  Бір  баланы  қайда  қоярға  білмей  жүргенде,  тағдыр  əкеліп  тағы  бір
баланың салмағын мойныма артты. Ол Светаның қызы — кішкентай Света.
Алда қалай боларын бір құдайдың өзі білсін, ал осы күнге дейін бұл екі
баланың  азабы  маған  оңай  болып  тұрған  жоқ  —  аяққа  оралғы,  мойынға
байланған тас сияқты боп та көрінеді. Бір ойлап қарасам осылардың маған
демеуі  де  аз  емес  тəрізді.  Қалың  орманның  ішіндегі  қараңғы  үңгірде
жападан  —  жалғыз  қалсам  қайтер  едім,  көңілім  алып  —  ұшып,  алақтап
елегізіп...  Əзірге  дыбысы  естілмей,  айнала  тұтасып  төнін  келе  жатқан
қалың жауды мына қараңғы жеркепеде жалғыз тосуға, сірə, дəтім шыдар ма
еді.  Екеуі,  тірі  жан  иесі  болған  соң,  кісіге  кəдімгідей  қарап  тіпті  өздерінің
уайым  –  қайғысымен  —  ақ  алаң  қылып,  көңілімді  қорқынышты  ойдан


бұрып əкетеді.
Дулат  жылы  кеудеме  тұмсығын  тығып  алып,  тінтінектеп  емшегімді
іздейді,  екі  жасқа  таяп  қалса  да  емшектен  айырған  жоқ  едім.  Əзір  емізгім
келмей  жоғарырақ  көтеріп  кеудеме  қысып,  самайынан  иіскедім.  Тоқта...
құлағыма  бір  үн  келеді.  Қысқа  ғана  «Гуһ»,  «гуһ»  етіп  алыстан  талып
жеткен  жұмсақ  дауыс  —  бір  алыптың  «уһ»  ден  күрсінгені  тəрізді.
Құрғырды  танып  қалдым,  бұл  кəдімгі  зеңбіректің  даусы.  Басталған  екен
ғой. Тұла бойым тітіркеніп, Дулатымды кеудеме қыса түстім.
...Баламды  дəл  осылай  кеудеме  қысып  алып,  қонышымнан  қар  кешіп
қашқаным  қайда...  Тарсылдан  атылған  оқтан  гөрі  жүрегімнің  дүрсілі
қаттырақ  естілген  жоқ  па  еді,  сонда.  Баланың  мысқалдай  салмағын  сезген
жоқ едім, ол кезде өзі де бір жапырақ кішкентай еді ғой, үш жарым айлық
қана.  Суылдап  ұшып  жатқан  оқтан  қалқалағым  келіп  кеудеме  қыса  берем,
кеудеме қаттырақ қыссам оған оқ өтпейтін сияқты...
Ол соғыстың қалай басталғанын, мен ғана емес, командирлердің өздері
де  білмей  қалыпты,  осы  күнге  дейін  партизандар  лагерін  немістер
мазаламағанға бойлары үйреніп, бейқамдық жасап алса керек. Немістердің
жазалау отряды жақындап қалғанда бір — ақ білген.
Бесін  болып  қалған  кез.  Дуня  апайдың  Зойкасын  сауып  жатыр  едім;
тарсылдаған  атыс  естілді.  Кейде  орман  ішінде  партизандардың  жаттығу
үшін мылтық ататындары бар — ды, алғашқы сəтте сол ма екен деп қалып
едім, бірақ, бір қолыммен Дулатты кеудесіне қысып, бір қолымен сиырдың
əукесін сипап тұрған Прошка шошып кетті.
— Надя апай, немістер келіп қалды,— деді даусы қалтырап.
— Қой, біздің адамдар шығар жаттығып жүрген.
— Жоқ, біздің адамдар емес, немістермен атысып жатыр.
Сөйткенше  лагерь  абыр  —  сабыр  болып,  қарбалас  басталды.  Түнгі
тапсырмаға  дайындалып  дем  алып  жатқан  жігіттер  жеркепеден  жұлқына
шығып, бір қолында мылтық, бір қолдарын шинельдің жеңіне сұғып, киіне
алмаған  күйі  бұлар  сүріне  —  қабына  жүгіріп  барады.  Айқайлап  команда
берген  дауыстар  да  берекесіз  айқай  —  шуға  ұласып  абыр  —  сабыр.  Не
қыларымды  білмей  шелегімді  қардың  үстіне  қоя  салып,  өзім  де  түсінбей,


бірінші  жасаған  əрекетім  —  Прошканың  қолындағы  балама  шап  бердім.
Прошканың:
—  Мен  алып  жүрем  ғой,  Надя  апай,—  дегеніне  қарамастан,  баламды
бауырыма тас қылып қысып алып, селтиіп тұрып қалыппын.
От  алмаған  мотордай  булығып,  қақалып  —  шашалған  берекесіз
бытыраңқы  атыстар  жүйеге  түсіп  күшейіп,  нағыз  кескілескен  ұрыс
басталған  кезде  барып  есімді  жидым.  Орманның  елі  шығар  ашық  беті
патырлаған  атыс.  Мен  басында  қалақтап  қаша  жөнелгім  келіп,  ұмтыла
түсіп, кенет алдыңғы жақта ақтағы азаматтардан хабар тосуым керек екенін
ұғып,  əзер  тоқтағам.  Прошканың  да  маған  ақыл  берер  хал  —  дəрмені  бар
ма.  Бірақ  əуелгі  бетте  мендей  емес,  батырсынып:  «қап,  мылтығым  жоқ,
маған  мылтық  берген  жоқ»  деп  өкініп,  «бəрі  бір  алғы  шепке  барам»  деп
бұлқынып  еді.  Оқ,  оған  қоса  аспаннан  неміс  миналары  жарыла  бастаған
соң басылып қалды, қорықпай қайтсын, қанша айтқанмен əлі бала емес пе.
Ол түгіл аспаннан жауған бомбаны, жерде жұртты жау жапырақтай түсіріп
жатқан  оқ  боранын  бірдей  көрген  менің  өзім  жаудың  миналары  аспанды
омырып,  төбеңнен  қопарыла  құлап  келе  жатқанда  тұла  бойым  қалтырап,
қол — аяғымның буыны кетіп қалды. Дегенмен есімді білем — ау деймін...
мина  арпылдап  төбеден  құлап  келе  жатқанда,  Прошкаға  «жат»  деп
айқайлап  үлгердім.  Зілмəнкелер  алыстау,  екеуміз  Зойканың  қорасына
тығылдық.  Төбесі  берік  болмағанмен  қазылған  шұңқыр  ғой,  қанша
айтқанмен жер.
Бір  ғажабы,  төбеден  ажал  төңкеріліп  құлап  келе  жатқанда,  қолымда
балам  барын  ұмытып  кетсем  де  кеудеме  тастай  қысып  алып,
айырылмаппын.  Екі  гүрсілдің  арасында  оң  жағымда  жер  иіскеп  жатқан
Прошкаға  көзім  түсіп  кетті:  мойнын  тұқырта  бұғып  ішіне  тартып,  бетін
маған беріп жатыр екен, өң — түс жоқ, боп — боз. Қыршын жасқа ажалдың
тұңғыш  шарпуы  тигені  осы  ғой,  дүрдиген  үлкен  үстіңгі  ерінімен  астыңғы
ернін көміп тістеп алыпты, кемсеңдеген аузын əрең ашып:
— На... Надя апай... Мен тірімін бе?— деп сұрады.
«Өзіңнен  зор  шықса,  екі  көзің  сонда  шығар»  деуші  еді,  ал,  егер  өзің
осал  болып,  өзіңнен  де  осал  шықса...  онда  зор  болмасаң  да,  кəдімгідей
естияр  болып  қалады  екенсің.  Қыршын  жастың  қиналғанын  көргенде,
үлкендігімді сезіп есімді жиып алдым.


—  Əрине  тірісің.  Қорықпа,  шұқырда  жатқанда  дарымайды,—  деп
жұбаттым.
Жас балаға жұбаныш айтам деп, өз көңілімді жұбатып алсам керек, енді
тұла бойымды тітіреткен жиіркенішті үрей сейіліп, мен де жан — жағымды
пайымдай  бастадым.  Минометтен  атылған  миналардың  даусы  бəсең
тартып,  алыстап  барады  да  оның  есесіне  патырлаған  мылтық  даусы
жақындап  келе  жатыр.  «Бұ  жерде  бұғып  жата  берсек,  немістердің
төбемізден түскенін бір — ақ білуіміз мүмкін — ау» деген қорқынышты ой
келіп:
— Прошка, басыңды көтер, сыртқа шығып жағдайды білейік,— дедім.
Тоңқайып шекесімен жер сүзіп, бетін маған бұрып, менің əр сөзім мен
қимылымды  бағып  жатқан  Прошка  орнынан  тұрды.  Миналардың  даусы
алыстағанға ма, алғашқы үрейінен айығып, кішкене өңі кіріп қалыпты.
— Мен қатты қорқып кеттім, Надя апай,— деп шынын айтты.
— Кім қорықпайды дейсің. Мен де қорқып кеттім.
—  Сіз  де  қорқып  кеттіңіз  бе?—  деді  Проша,  өзіне  серік  табылғанына
қуанып кеткендей.
Біз сыртқа шыққанда, ернеуінде жеркепелер жыпырлаған жыра миналар
шұрқ  —  шұрқ  тескен  шұңқырлардан  кəдімгідей  қара  қотыр  болып
қалыпты.  Атыс  тіпті  жақындаған  түрі  бар,  оқтар  зырқ  —  зырқ  етіп
ағаштарға қадалып жатыр. Сөйткенше бір — екі жігіт жүгіріп келді, өздері
өрт  сөндіргендей  асығыс.  Біреуі  шанаға  ат  жегіп  əлек,  біреуі  жанталасып
зілмəнкедегі заттарды шанаға тасып жүр.
— Селтиіп неғып тұрсыңдар! Жəрдем етіңдер!— деп айқайлады бізге.
Проша  жүгіріп  келіп  ат  жегуге  жəрдемдесіп  жатыр,  баламды  қайда
қоярға  білмей,  аңырып  тұрып  қалдым  да,  бар  бітіргенім  қипақтап  жан  —
жағыма қарай бердім.
— Неменеге селтиіп тұрсың, ағаш жұтқандай,— деп шана жегіп жатқан
адам  маған  ақыра  түсті  де,  қолымдағы  баламды  көріп  іркіліп  қалды.
Қапелімде  ақыл  тауып:  —  Балаңды  жерге  қоя  тұр  да.  қимылда,—  деді.—


Лагерьді  киіндіруге  бұйрық  болды.  Неміс  балаң  бар  деп  күтіп  тұрмайды.
Енді кешіксек қоршауда қаламыз. Тезірек.
Құндақтаулы  баламды  қардың  үстіне  қоя  салдым  да,  ас  үйге  қарай
жүгірдім, онда азын — аулақ азық — түлік бартын. Сасқанда кісі қайратты
болып  кете  ме,  бір  қап  картопты,  жүрелеп  отыра  беріп,  арқама  қалай
көтеріп  алғанымды  білмеймін.  Жүгіріп  барып  орта  қап  ұнды  да  əкелдім.
Əлгі  жігіт  Прошамен  екеуі  енді  басқа  шананы  жегіп  жатыр.  Қайдан  шыға
келгендерін білмеймін, бес — алты адамның басы құралып қалыпты.
— Медпунктті көшіріңдер! Шура қайда?— деп айқайлайды біреуі.
— Шура алғы шепте. Тезірек дəрі — дəрмектерін алып шығыңдар.
О  жақта  да  қарбалас.  Тиелген  бір  шана  кетіп  те  қалды,  енді  екінші
шананы  жегіп  жатыр:  құдай  —  ау,  тіпті  баламды  ұмытып  кетіппін  ғой,
Дулатым  шырқырап  жылап  жатыр.  Кішкентайымды  жерден  көтеріп  алып,
бауырыма  қысып  алақтап  тұрғанымда  мына  шана  да  тиеліп  болыпты.
Құлақшынын мыжырайта киген ақсары жігіт, аттың делбесін қолына жиып
алып, жан — жағын көзімен бір шарпып өтіп:
— Мініңіз шанаға,— деп маған əмір берді.
Бала  мен  шанаға  жалп  етіп  құлап  түстім,  басымды  көтерсем,  көзі
жəудіреп  Проша  тұр  екен.  Meн  оған  «шанаға  мін»  деп  айтқанымша,  ана
жігіт өзінше əмір берді:
—  Анау  сиырды  айдап  шық  та,  біздің  артымыздан  қуалай  бер.  Бүгінгі
күнмен соғыс бітпейді. Ертең де сүт керек, ұқтық ба?
Өзі бір саспайтын жігіт екен, содан кейін аттың делбесін қағып қалып,
«а ну, поехали» деп, сайды қуалай шананы сырғыта жөнелді.
Біз  сайдан  шығып,  бір  шалалау  жолдың  сілемімен  ұзай  беріп  едік  оң
қапталдан  патырлаған  автомат  даусы  естілді.  Тағы  да  зырқ  —  зырқ  еткен
оқтар  ағаштарға  қадалып  жатыр,  қаңғыма  оқтар  зың  етіп  үстімізден  өтіп
кетеді.  Еш  нəрсені  анықтап  көре  де  алмадым,  түсіне  де  алмадым,  əйтеуір
тағы да бір соғысқа кіріп баратқанымызды сезем. Ана жігіт ыза боп кетіп,
əлдекімді мықтап тұрып боқтап жіберді.


—  Сволочтар,  оң  жақтан  орап  өтіп  кетіпті.  Біздің  адамдар  қоршауда
қалмаса қайтсын,— деді ол күйініп.
Аттың  басын  бұрып  алып  жолсызға  салды.  Күртік  қарға  ат  омбылай
бергенде, шанадан қарғып түсіп, малтыққан атты қамытымен осып — осып
жіберді.
— Басыңды көтерме! Бұғып жат!— деп, маған ақырды содан кейін.
Онсыз  да  өзі  қолымда  бала,  жайсыз  отырған  адамға  шанаға  асығыс
тиелген,  байланбаған  заттар  жан  —  жағымнан  соққылап,  қарға  домалап
түспей  əзер  келе  жатқанмын,  əйтеуір  қисайып  бұққан  боламын.  Оның
үстіне шананың сырғанауы да өзгеріп, ат омбылап, іркіп қалып, жұлқылап
тартып, аударып кете жаздайды. Алысырақтан естілген тарсылмен қоса, зу
—  зу  етіп  төбемізден  ұшқан  оқ  та  мазаны  алып  барады.  Қимылсыз,
қарекетсіз ажал тосып бұғып жатқан қандай қиын, бар бітіргенім, баламды
бауырыма  қыса  берем,  тек  «ну,  ну»  деп  кіжінген  ат  айдаушы  жігіттің
айқайын естіп, қасымда қара барын дəтке қуат қылам.
Бір кезде шана жарға соққандай тоқтап бір жағына қисайып бара жатты,
аударылып  кете  жаздап  басымды  көтеріп  алсам,  ат  аяғын  тырбанып,
қисайып құлап барады екен. Ақ құйрық, ақ жал шабдар ат құлағысы келмей
тырмысып,  ышқынып  аяқ  серпіп  қайрат  қылды  да,  ақыры  шамасы  келмей
қамытымен  шананы  аудара  құлады.  Шанадан  домалап  бара  жатып  бір
қолымда  құндақтаулы  кебенек,  қалай  домаласам  да  айрылмайтын  бір  əдет
тауып  алыппын,  бір  қолыммен  жер  таянып,  қонышыммен  қар  күреп
түрегелдім.  Шабдар  аттың  қолтығынан  шүмектеп  қан  атқылайды,
омырауын  жуып  кетіпті,  —  жануар  жаны  шығып  баратып  тезек  тастан
жіберді.  Ақсары  жігіт  неғыларын  білмегендей  бір  сəтке  ақырып  қалды  да,
содан кейін шырқырап жылаған баланың даусын естіп, маған бұрылып:
— Неғып тұрсың?! Қаш тезірек,—деп айқайлады.
— Қайда қашам?— деппін сасқанымнан.
— Ана жаққа қаш,— деп ол қолымен сілтеді.— Орманның түбіне қарай
қаш!
Ол  сілтеген  жаққа  қарай  емпеңдеп  жүгіре  бердім,  баласы  түскір
шырылдап  жылайды  келіп.  Оған  қарайтын  мұршам  қайда  менде,  екі


өкпемді  қолыма  алып,  байпағымның  қонышымен  қар  күреп,  жанығып
келем.  Сүрініп  кетсем  де,  əйтеуір  құламаймын,  жүрелеп  барып,  бос
қолыммен  жер  тіреп  түрегелем,  сілтеген  жаққа  дұрыс  бара  жатырмын  ба
екен,  деп  ауық  —  ауық  қайырылып  артымдағы  ізіме  қараймын.  Ізім
қиралаң  —  қиралаң  болса  да  бағыты  дұрыс  сияқты.  Əлгі  жігітті  көзімнен
таса қылып алдым.
Білмеймін үрейім үлкейтті ме, əлде орман ішінің жаңғырығы күшті ме,
мылтық  даусы  патырлап  тым  қатты  естіледі,  бірақ  алқынып  аузыма
тығылған  менің  жүрегімнің  дүрсілі  одан  да  қатты.  Сонда  да  шырылдаған
баламды  кеудеме  қыса  түсем,  əйтеуір  дауыс  шығарып  жатса  жаны  бар
болғаны  ғой.  Жүнін  жұлған  тауықтай  жапырағы  мен  бұтасынан  айрылған
орманның  панасы  да  аз,  сойдиған,  қадау  —  қадау  ағаштың  арасымен
жүгіріп келем. Кейде терекке арқамды тіреп, дем алам, шаршады ма, байғұс
бала да жылауын қойды.
Мен  қашқалы  бір  сағат  өтті  ме,  бес  минут  өтті  ме,  білмеймін,  өз
ойымша  өмір  бойы  жүгіріп  келе  жатқан  сияқтымын.  Ақыры  атыс  сейіліп,
патырлаған  мылтық  даусының  жаңғырығы  əлсіреп  алыстан  естілгенін
сездім,  өкпемнің  өшкенін  сонда  ғана  біліп,  теректің  түбіне  шоқиып  отыра
кеттім,  Алдыма  өңгерген  үстіндегі  құндақ  тіреп,  екі  иінімнен  дем  алып
біраз отырыппын.
Бір кезде басымды көтеріп жан — жағыма қарасам, жуан қызыл балтыр
самырсын  ағаштарының  арасында  отыр  екем,  жоғары  биікте,  жайыла
біткен  бұтақтары  отау  үйдей  қауқиып,  бір  —  бірімен  иін  тіресе  тұтасып
көкті  бүркеп  алған.  Төңірегімді  шолып  өтіп,  қолымдағы  құндаққа  көзім
түскенде... құндақтың өкпе тұсы қып — қызыл қан. Жар басында домалап
кеткен  сарғыш  құндақ...  құдды  сондай  мынаның  да  өкпе  тұсы  қан.  Қай
жерде  оқ  тигізіп  алдым?  Шошып  қарауға  жүрегім  дауаламай,  киттей  де
болса  қорқынышты  сағатты  алыстатқым  келіп,  мелшиіп  отыр  едім,
танауымның астынан жып — жылы жылымшы бір нəрсе ағып ерініме келіп
тиді.  Соның  ашқылтым  дəмінен  тыжырынып  еріксіз  сүртіп  алып  едім.
Қан... мұрным қанаған екен.
Бойымды  бүріп  алған  мұздай  қорқыныш  ақырындап  əзер  тарады.  Енді
тіпті тыныш жатқанға тұншықтырып алмадым ба екен деп тағы күдіктеніп,
қолым  қалтырап  құндақтың  бетін  аштым,  тірі  екен.  Беті  бүрісіп,  қатты
өкпелегендей  аузы  кемсеңдеп,  өзінің  үйреншікті  айқайына  басты.  Қолым


əлсіреп қалған ба, өңірімді ашу да оңай болған жоқ, байғұс баланың қарны
ашып қалған екен, солқылдатын келіп сорады; мына жаныққан жанталаста
қайбір сүт болсын, ауық — ауық ызаланып бақырып қояды.
Əбден  ентігімді  басып,  есімді  жинап,  төңірегіме  көз  салдым.  Мылтық
даусы  естілмейді,  жолым  болып,  жаудан  қарамды  үзін  кеткен  түрім  бар.
Төңірек жым — жырт, ымырт үйіріліп, көз байланып келеді. Баламның ар
жағына,  аз  да  болса,  ел  қондырып  бетін  бүркеп,  қалжыраған  денем
балбырап  дем  алып,  тағы  да  біраз  отырдым.  Тек  астымнан  сыз  өтіп,  тұла
бойым  құрысып  тоңази  бастағанда  орнымнан  тұрдым.  Осы  кезде  барып
орманның  ішінде  жалғыз  қалғаным  есіме  түсті.  Манағы  ат  айдаған  жігіт
қайда?  Сиыр  қуалаған  Прошка  қайда?  Жалпы  біздің  адамдар  қайда?
Оларды қай жақтан іздеуім керек?
Қай  жаққа  қарай  жүрерімді  білмей,  состиып  тұрып  қалыппын,  бір
қатерден  арылдым  ба  дегенше  болған  жоқ,  тағы  да  бір  қауіп  алдымнан
көлденең  шыға  келді  —  адасу  қаупі  жауып  тұрған  оқтан  жеңілірек
болғанмен, бұ да мені аз қинаған жоқ. «Орманның түбіне қарай қаш» деген
ат  айдаушының  сөзі  есімде  қалыпты,  бірақ  орманның  ортасы  қайсы,  шеті
қайсы,  ен  далада  өскен  мен  бейбақ  оны  он  жыл  ойласам  да,  таба  алатын
түрім  жоқ.  Миымның  жеткен  жері,  ең  əуелі  алдымды  емес,  қарға  түскен
ізіме  қарап  артымды  анықтап  алу.  Содан  не  де  болса  тəуекел  деп,  ізімді
жалғап сол бағытпен тарта беру.
Шамамен  бағытымды  белгілеп  алдым  да  жүре  бердім.  Көз  байланып
қалды,  қараңғылық  қоюлаған  сайын  менің  үрейім  де  қоюланып,  тұла
бойымды  құрыстырып  барады,  оның  үстіне  түнге  қарай  аяз  да  қатайып
келе  жатыр.  Бір  жүрем,  бір  тұрам.  Бір  кезде  саусағыма  жып  —  жылы  бір
нəрсе  тигендей  болды,  қолым  суланып  шыға  келді.  Балам  кіш  етіп
қойыпты. Енді не істеймін?.. Астын құрғатып, жаялық алмастыратын... бар
бітіргенім,  пальтомның  түймесін  ағытып,  қойныма  тығып  алдым.  Енді
қайтейін өз жылуыммен кептірмесем...
...Сол  күнгі  түн  маған  ғұмыр  бойы  таусылмайтындай  көрінді.  Ауық  —
ауық  тоқтап,  ағашқа  арқамды  тіреп,  баламды  кеудеме  қысып,  жүрелеп
отырып дем алам, бірақ түнгі аяз байыз таптырып ұзақ отырғызбайды, тағы
да  бүкшеңдеп  жүріп  кетем.  Қараңғы  қалың  орманның  ішінде  бағыт
бағдарымды  əбден  жоғалтып  алсам  да  əйтеуір  жүре  берем,  «адасқанның
алды жөн»,— өзіме бара жатқан бағытым дұрыс көрініп еді, біраздан кейін


оған да күмəнім күшейді. «Осы мен кері бара жатқан жоқпын ба» деген ой
жүрегімді  лоблытады.  Алдым  қайсы,  артым  қайсы?  Содан  кейін  тіпті
басымды ауыртып, бағытымды ойлауды да қойдым. Жүремін де отырамын,
отырамын да тағы жүрем. Кейде отырғанда мызғып кетемін де, аздан кейін
тоңып  оянам.  Қарлы  орманның  ішінде  пана  болар  еш  нəрсе  жоқ,  тек
қимылдау керек, қимылдау керек, мен шаршасам да аяқ шаршатпайды. Бір
—  екі  рет  баламды  еміздім.  Өңірімді  ашқанда  аяз  қарып  кетеді,  Дулаттың
кіп  —  кішкентай  беті  мұп  —  мұздай  болып  кеудеме  тиеді.  Өңіріммен
бүркеп,  тас  қылып  қымтап  алам,  аздан  кейін  кеудеме  жел  кіріп  тоңазыған
бойым жылынып исіне бастаймын. Қалжыраған денеме жайбарақат, жылы
тыныштық  құйылып,  өзімді  —  өзім  ұмытып  мүлгіп  кетем,  содан  тоңазып
барып оянам да қайтадан түрегеліп бүкшеңдеп жүре берем.
Март  айының  басында  түн  қысқара  бастайды  деуші  еді,  мына  түн  он
есе  ұзарып  кеткен  сияқты.  Қолымда  сағатым  жоқ,  қанша  уақыт  өткенін,
таңға  қанша  қалғанын...  Маған  салса  ендігі  екі  —  үш  таң  ататын  мезгіл
өткен  тəрізді.  Аспанда  ай  жоқ,  күңгірт  жұқа  бұлттың  арасынан  сирек
жұлдыздар көрініп қалады, оған қарап мен еш нəрсе біле алмаймын. Балам
төсекке  екі  —  үш  қайтара  кіш  етті.  Енді  оны  қойныма  тығып  жылыта
алмаймын. Құндағының асты, жөргегі қатып қалған, сірə тірі қалатын түрі
бар.  Əбден  діңкем  құрығаны  ма,  əлде  тас  бауыр  болып  кеттім  бе,
білмеймін,  қазір  баланың  қазасын  ойлап  қайғыратын  хəлім  жоқ,
сүлесоқпын.  Бірақ  белгісіз  бір  жіппен  байлап  қойғандай,  құндақтан
айрылмаймын,  сынған  қолыңды  қырқып  тастай  алмайсың  ғой,  сол  сияқты
жабысып бұл да менімен бірге келе жатыр.
Кейде, бұлттан жылт етіп шыға келген күндей ойым айқындалып кетеді
де болған жағдайды ептеп саралаймын. Біздің лагерьге немістер ойда жоқта
шабуыл  жасады,  олар,  шамамен  деревнялар  жақтан,  ашық  беттен  келді.
Партизандар  соғысқа  кірді.  Қасымбектің  қай  уақытта  кетіп  қалғанын
байқағам  жоқ,  мен  сиыр  сауып  жатқанмын.  Біз  қашқанда  оң  жақтан  да
неміс  солдаттары  шабуыл  жасап  келе  жатыр  еді,  біздің  адамдар  қоршауда
қалмады  ма  екен?  Алды  қараңғы,  мүмкін,  орманға  тығылып  құтылған  да
шығар.  Немістер  түнде  орманға  кіруге  қорқады  деген  сөзді  талай  естігем.
Қасымбек  аман  ба  екен?  Аман  болса,  мені  тауып  алмай  қоймас,  байғұс,
арсалаңдаған Абан да мені іздемей отыра алмас.
Осылай айқындалып арғы — бергіні бағдарлай бастаған ойым сұйылып
қайтадан  тұманданып  кетеді.  Бір  жоғалтқан  Қасымбегім  тағы  да  жоғалып


кететін  сияқты.  Оның  мына  жағдайда  маған  кездесуінің  өзі  əншейін
кездейсоқ  баянсыз  алданыш  болып  көрінеді,  оның  табылғанына,
барлығына бұрын да мықтап сенбеген тəріздімін, енді сол алданыш тарқап,
баяғы  үйреншікті  азабым  мен  жалғыздығыма  қайта  оралдым.  Иə,
Қасымбек,  сол  баяғыдай  неғайбіл  болып  менен  алыстап  кетті,  масқара
болғанда, сол түні оның өлі — тірісін ойлап, жанымды қинамаппын. Бірақ
жаны құрғырдың да қиналатын еш нəрсесі қалған жоқ.
Түнгі  орманда  жалғыз  қалғаныма  қорықтым  ба?  Қорықсам  қорыққан
шығармын. Бірақ аяз қысқанда қорқынышты ұмытып кетеді екенсің, басқа
еш  нəрсені  ойламай  жер  тепкілеп,  жүгіріп  —  жүгіріп  алам  да  ақыры,  екі
иінімнен дем алып, алқынып келіп бір ағаштың түбіне отыра кетем. Содан
кейін  еш  нəрсені  анық  сезбеймін,  ұйқы  мен  ояудың  арасы  ма,  өлі  мен
тірінің  арасы  ма,  бір  бұлдыр,  буалдыр  дүниеге  кіріп  бара  жатам.  Ондай
кезде  қалың  орман  да,  қолымдағы  құндақ  та  қарауытып  алыстап  кетеді.
Азап  пен  мехнаттан,  барлық  уайым  мен  үрейден  арылтып  бұйығы
тыныштық бойымды жылытып, манауратып алып кетеді. Рахаттың аяғы бір
мезет  азапқа  ауысады.  Мұздай  суға  кіріп  баратқандай  болам,  одан  ол  су
емес қар болып шығады, жалаң аяқ, жалаң көйлекпен қардың үстінде келе
жатам, қымтанғым келеді, бірақ қымтанатын лыпам жоқ.
Тоңазып оянып кетем. Бір нəрсемді жоғалтып алғандай көңілім елегізіп,
бірақ  немді  жоғалтқанымды  білмей  сасам,  со  кезде  барып,  бауырыма
қысып  алған  мұздай  түйіншегімді  сезем.  Мұп  —  мұздай,  қатты,  ашып
қарауға  қорқам.  Бір  кезде  тобарсып  қатып  қалған  жеңімді  жылытып,
қолыма дымқыл тиеді, тағы да кіш етіп қойды. Кеудесінде жаны бар екен.
Таңның  атуынан  күдер  үзгенім  сонша,  мен  сол  таңның  қалай  атқанын
тіпті  білгенім  жоқ.  Бір  кезде  барып  айналаның  жап  —  жарық  екенін
байқадым, онда да мұрныма түтіннің исі келгендей болып, алақтап жан —
жағыма  қарағанмын.  Үш  жүз  қадамдай  жерде  ағаш  арасынан  селдіреп
шыққан қуқыл түтінді көрдім. Кімнің түтіні екенін де ойламай солай қарай
жүре  беріппін.  Бұ  жақтан  жау  күтпеген  бе,  жеркепелерге  жеткенше  мені
ешкім  тоқтатқан  жоқ,  тек  жақындап  қалғанда  шолақ  тон  киген  бір  еркек
алдымнан шығып:
— Сен қайдан тап болған адамсың,— деді таңырқап.
Бар айтқаным:


— От... от... жылынатын от...— деппін.
Одан  ар  жағында  есім  кіресілі  —  шығасылы  болса  керек,  анық  біле
бермеймін.  Кейін  бойым  жылынып,  ыстық  ішіп,  есімді  жиғанда  барып,
менің  тап  болғаным,  біздікі  емес,  басқа  партизан  отряды  екенін  білдім.
Мұнан да бір əйел табылып, жəрдем етіп, мені күтіп есімді жиғызыпты. Өзі
жас та болса сөзуар, сампылдап бəрін айтып берді.
—  Ойпыр  —  ай,  сені  көргенде  есінен  адасып  кеткен  адам  шығар  деп
едім.  Боп  —  боз  болып  қатып  қалыпсың.  Əуелі  тіпті  қолыңдағының  не
екенін білмедім. Бір қатып қалған түйіншек. Алайын десем қолың қарысып
қалған  ба,  айрылмайсың,—  дейді.—  Былай  қарасам  құндақтаулы  бала
сияқты.  Тіпті  шошып  кеттім.  Мұз  болып  қатып  қалған,  қаудыраған  бір
нəрсе.  Шешкен  кезде  жаялықтарын  кəдімгідей  сықырлатып  аштым.  Мұз
болып  қалған.  Ішіндегі  бала  да  мұз  боп  қатып  қалған  шығар  десем...
Кəдімгідей қимылдайды...
8
Соғыс...  Тағы  да  соғыс.  Алыстан  зеңбірек  гүрсілі  естіледі.  Ол
құрғырдың  даусына  да  құлағым  көнігі  болып  алдым,  əp  снарядтың  үлкені
мен  кішісін  ғана  емес,  қаншалық  алыс  жақынға  түсетінін  де  ұшып  келе
жатқан  даусынан  ажыратам.  Шектей  шұбатылып,  созылып  шығатын  мына
дауысында танимын. Снаряд гүжілдеп ажал төндіріп келе жатса, минаның
даусы  алдын  —  ала  жаназаңды  оқып  келе  жатқандай  азалы.  Қазіргі  атыс
алыстан  естіледі,  əсіресе,  аузы  —  мұрны  бітеулі  жеркепенің  ішіне  снаряд
даусы  талып  жетеді.  Құрып  кеткір,  бір  түрлі  құлаққа  жайлы  ұяң  гуіл.  Ал
сол  снарядтың  астында  жатқан  адамдарға  оның  айтары  жоқ,  олар  тура
тозақ  отының  астында.  Мына  киіздей  тұтасып  ақырын  ырғалып  естілген
майда гуіл бар ма?.. Тіпті соның ішіне кірмей — ақ жақындап барсаң...
Ол  жерде  біздің  партизандар  жатыр.  Қанша  қорқынышты  болса  да
жасырмай,  Абан  маған  жағдайды  жақсылап  түсіндірген.  Осы  жолғы
немістердің  партизандарға  қарсы  шығарған  күші  биылғы  көктемгі
шабуылынан  кем  болмас  деген.  Осыдан  бес  —  алты  ай  бұрын  желкесіне
шиқандай  қадалған  партизандардың  ізін  қалдырмау  үшін  соншалықты
үлкен орманды жау əскерімен ғана емес, техникасымен түгел сүзіп шыққан
болатын.  Со  жолы  мың  жарымға  жуық  бригададан  екі  жүзге  жетер  —
жетпес  адам  ғана  темір  сүзекіден  сытылып  шығып  еді,  содан  қайтадан


толысып  бас  құраған  партизандарға  қарсы  немістер  мінекей  тағы  да
шабуылға шықты. Бұл қоршаудан шығып кету нағыз неғайбіл болса керек.
Баяғы Носовец айтатын: «сені мен бізге шегінетін жер жоқ, жеңсек тіріміз,
жеңілсек  өліміз»  деген  сөзінің  ақырғы  шегі  осы  араға  келіп  тірелген  түрі
бар. Өткен жолы көбіміз өліп, азымыз ғана тірі қалып едік, ал бұл жолы...
Құлақты  тербетіп,  алыстан  ауыр  ырғалған  артиллерияның  мына  гүрілі...
аспанды төңкеріп жерге түсіріп, жерді қопарып аспанға ұшырып жатыр ол.
Ар жағын ойлауға да қорқам.
Ар  жағын  ойламайтын  мына  екеуі  ғана.  Дулат  пен  Светаның  қызы
кішкентай  Света.  Бұларға  ұйқысы  қанып,  тамағы  тойса  болды,  басқа
уайымы  жоқ,  екеуі  ойнай  береді.  Осындайда  бір  жақсысы  ойындары  да
момын,  бала  болып  асыр  салмайды,  қолына  түскен  нəрселерін  шұқылап,
көбіне  үнсіз  ойнайды.  Кішкене  Света  үлкен  Света  сияқты  нəзік,  денесі
жұмыр,  бірақ  бұ  да  тумай  жатып  қар  төсеніп  мұз  жастанған  пəлекет  емес
пе, ауырып — сырқамайды, шидей болып алып мықты — ақ. Өзі де Светаға
ұқсаған шикіл сары,  басына шаш емес,  ақ ешкінің түбіті  өсіп келе жатқан
сияқты.  Кейде  Дулат  зорлық  жасап  қолындағы  нəрсесін  жұлып  алса
жыламайды,  төңірегінен  ермек  қылатын  басқа  бір  нəрсені  іздейді.  Жаңа
ғана  екеуі  ескі  құс  мылтығының  екі  басын  əурелеп  ойнап  отыр  еді,  енді
оны Дулат жеке меншіктеніп алыпты да, Света қабырғаны шұқылап, содан
бір нəрсе іздеп əуре болып жатыр, сірə aнa тентек, менің көзімді ала беріп,
тағы да бір ожарлық жасаған — ау деймін. Қанша айтқанмен қыз бала емес
пе,  Дулаттан  төрт  —  бес  ай  кішілігі  болса  да  тілі  Дулатпен  қатар  шығып
келеді,  қазір  былдырлап  сөйлейді.  Жеке  сөз,  кейде  тіпті  екі,  үш  сөздің
басын қосып өз ойын жеткізеді, көп сөздері шолақ, не өңі айналып өзгерген
болады, онысына мен ғана түсінем. Дулатқа еріп, мені «мама» дейді.
Света...
Сол  Дуня  апайдың  үйінде  бір  көрдім  де,  мен  де  одан  қол  үзіп  қалдым.
Əйтеуір
немістің
комендатурасында
қызмет
істеп
жүргенін,
партизандармен  астыртын  байланысы  барын  біліп  қалдым  да,  ал  оның  ар
жағында  ол  маған  өзі  туралы  қандырып  еш  нəрсе  айтпағанды.  Құпия
жұмысқа  араласқан  адамның  өмірі  де  құпия  болатын  шығар,  ол  туралы
тіпті  Носовецтің  өзі  де  көп  нəрсе  білмесе  керек.  Оның  білетіні  өзі  түр  —
түсін  көрмеген  «Смуглянка»  деген  сенімді  агент  қана,  ал,  Света  болса,
Носовецтің  кім  екенін  білмейді.  Өзінің  беріп  жүрген  ақпарларының
Қасымбек пен Николайдың отрядына түсіп жатқанынан да бейхабар, Бұлар


кілең бір жасырынбақ ойнап жүрген адамдар сияқты. Мен бір шетте кімнің
қайда жасырынғанын көріп тұрғандаймын. «Айттым ғой, бұғып жатып сен
көп  білесің»  деп  Светаның  мырс  еткені  бар  еді,  сол  құпиям  сыздап  ішіме
сыймай бара жатса да сыртқа шығармауға тырыстым.
Meн  алғашқы  партизандар  отрядына  келген  күні  Николай  жаңа
босанған  əйелдің  үстіне  кіре  алмады.  «Келгісі  келіп  шыдай  алмай  жүр»
дегенді Қасымбек айтқан, ақыры кешке қарай Қасымбекке еріп о да келді.
Мені көргеніне шын қуанып, сағынып қалған адамдай шұрқырасып көрісті,
денсаулығымды,  хəлімді  сұрап  бəйек  болып  жатыр.  Менің  ойда  жоқта
төбеден  түскендей  бұларға  тап  болғаныма  қайран  қалып,  тамсанып
таңырқап  қояды,  бірақ  соның  ар  жағында  шыдатпай  баратқан  бір  сауалы
барын білем. Өзі  айтар ма екен»  деп маған жаутаңдап  қарай береді. Еркек
намысы  деген  қызық  қой,  соны  тілімен  сұрауға,  «қатын  жанды»  деген
сөзден  қысылып,  көзімен  сұрайды.  Мен  болсам,  Николайдың  сабырын
сынап  қинағым  келген  жоқ,  не  айтарымды  білмей  өзім  қиналдым.  Айтсам
бəрін  айтуым  керек,  екі  ұшты  дүдəмалға  Николай  тоқтамайды.  Ақыры
болмаған  соң,  Николайдың  өзі  сыр  тарта  бастады  жəне  бірден  тап  бермей
орағытып келеді.
— Иə, қалай болды өзі. Өзге əйелдерден хабарыңыз бар ма?
— Топ болып жүре алмаған соң, бытырап кеттік қой бет — бетімізге,—
деп жалтардым.
—  Светамен  қашан  ажырастыңыз?  Meн  неғылсаң  да  Надяны  тастама,
аяғы  ауыр,  жəне  танымайтын  жерде  оған  қиын  болады,  не  болса  да  бірге
бол деп едім ғой.
Кішкене  денесі  жұмырықтай  түйіліп,  кескінінде  үміт  пен  үрей  аралас
маған  қадалып  алған,  қалай  жалтарудың,  не  айтудың  есебін  таба  алмай
қиналдым.
—  Көп  уақыт  бірге  болдық  қой,—  деп  күмілжідім  мен.  Кенет,  құдай
оңдап ойыма бір өтіріктің келе қалғаны...— Менің аяғым ауыр, оған ілесіп
жүре  алам  ба,  содан  бір  жайлы  жерге,  сенімді  үйге  орналастырып  кетті
мені. Арқалап кете ме, қайтсын.
— Өзі қайда кетті?— деді Николай жұлып алғандай.


— Өзі... өзі... енді, арғы бетке өтем бе деп... солай қарай жылжи бермек
болды.
Николай  менің  сөзіме  сенер  —  сенбесін  білмей,  бірақ  қазбалап  қадала
беруді  ыңғайсыз  көріп,  қипақтап  біраз  отырды;  содан  кейін  еркектердің
əңгімесі  басқа  жаққа  ауып  кетті  де  мен  тыныш  қалдым.  Əйтсе  де  көңілім
онша тынши қойған жоқ. Дүниеде ақкөңіл адамға өтірік айтудан ауыр нəрсе
болмайды  екен,  Николай  қипақтап  дəмелі  көзбен  қараған  сайын  іштей
қиналам,  бірақ  мен  айтатын  шындықтың  оның  көңілін  жұбататын  еш
нəрсесі  жоқ.  Сондықтан  да,  не  болса  да  өмір  өзі  көрсетер,  тағдыр  айдап
кездесе  қалса  араларын  өздері  анықтар,  бұл  бөгде  кісі  кірісетін  жep  емес
қой  деп  өзіме  тоқтау  салып  жүре  бердім.  Бірақ  өзгенің  құпиясын  арқалау
деген де адамды əбден күпті қылады екен, Николайды көрген сайын, ұрлық
қылған адамдай, қысылатын болдым.
Мен  жоғалып  кетіп  табылғаннан  кейін  тұрмысымыз  қайтадан  қалпына
келе  бастаған,  аз  күнде  жаңа  қонысты  да  игеріп  алдық.  Партизан  өмірі
кейде  қазақтың  көшпенді  тұрмысын  еске  салады.  Тек  айдап  жүрген  малы
жоқ,  теңкитіп  ақ  үй  тігудің  орнына,  үңгіп  жерге  кіріп  кетеді.  Біз  де
жеркепеге  кіріп  алғанбыз.  Бұл  бұрынғыдай  мықты  емес,  қабырғасы
ағашпен  шегенделмеген,  темір  пеші  де  жоқ,  əйтеуір  Абанға  рахмет,  өзі
іскер жігіт екен, бір — екі партизанды ертіп келіп, балшықтан ошақ соғып,
бір бұрышын тесіп түтін шығатын мұржа жасап берді, кəдімгідей от жағып
су ысытуға жарайды. Ішіне аз да болса жылу кіріп, түтін аралас көңірсіген
иіс  —  қоңсысы  бар  əжептəуір  үй  болып  қалдық.  Кешке  таман  Носовец
келді.
—  Жаңа  қоныстарың  құтты  болсын,—  деді  ол  есіктен  еңкейіп  кіріп
жатып.— Қалай, жаңа пəтерлерің жайлы ма?— деп қалжың қосып қойды.
—  Төрге  шығып  қонақ  болыңыз,  Степан  Петрович.  Жақсы  келдіңіз,
өзіміз де жаңа қонысты майлайық ден жатыр едік,— деп Қасымбек əзілмен
жауап берді.
Носовец  еңкейіп  келіп,  ошақтың  алдындағы  кескен  томарға  отырып
жатып, жан — жағына қарап алды. Содан кейін маған бұрылып:
— Қалай, хозяйка, əлгі батырың қайда?— деді.
— Ұйықтап жатыр.


— Өзінің көп жыламайтыны жақсы екен. Нағыз мықты жауынгер болып
шығады,  түбі,—  деп  қысқа  мығым  тұлғасымен  түгел  иіліп,  отты  көседі,—
Тоңдырып алған жоқсың ба?— Сауалына жауап күтпей өзі қарқылдап күліп
алды.— Мен де орынсыз сұраппын — ау. Ол өзі қардың үстінде туып, мұз
төсеніп өскен бала емес пе. Анандай түннен аман қалғаны... Соғыста туған
балалар мықты болады.
—  Оның  рас  екен,  Степан  Петрович,  анау  аяздан  кейін  тіпті  жөндеп
ауырған  да  жоқ,—  деп  қостады  Қасымбек,  дауысында  қуанышы  мен
мақтанышы  аралас.—  Азғантай  ғана  қызуы  болды  денесінде,  мен  өкпесі
қабынып кетер ме деп қорқып едім.
— Иə — а...— деді де қойды Носовец.
Бір  байқағаным  осы  кісі  қысыр  əңгімені  ортан  белінен  оқыс  үзіп
тастайды  екен  де,  күлкі  жылытқан  өңін  суытып,  тез  ғана  қатқыл,  ойлы
кескінге  ауыса  қояды  екен.  Ондай  кезде  сөзге  қызып  келе  жатқан  адам,
сүрініп  кеткендей  кілт  тоқтап,  неғыларын  білмей  қипақтап,  ақымақ
кескінмен  ыржия  береді,  бірақ  Қасымбектің  бір  жақсысы  ыржимайды,
көнтек  ерні  дүрдиіп,  аузын  ашып,  үндемей  отыра  береді.  Қазір  де  сөйтіп,
ерлі  —  зайыпты  екеуміздің  ішімізді  жылытып,  бала  туралы  айтып  келе
жатқан əңгімені пышақ кескендей үзіп тастап, Носовец, өңменіңнен өтетін
кішілеу көк көзімен маған бір қарап қойды. Еркектердің оңаша əңгімесі бар
шығар деп, мен қыпылықтап, орнымнан тұруға оңтайлана беріп едім:
—  Жарайды,  сеп  отыра  бер,—  деді  Носовец,  содан  кейін  Қасымбекке
бұрылып:
Мен  бір  жаманат  хабар  алдым,—  деді.—  Наш  агент  Смуглянка
засыпалась.
«Смуглянка» дегені Света ғой. Ал «засыпалась» деген сөзін анық түсіне
алмадым.  Бір  нəрсенің  астында  қалып  қойған  ба?  Əйтеуір  не  де  болса  бір
жамандық.  Бірақ  анықтап  сұрауға  бата  алмай,  жүрегім  лүпілдеп,  сөзінің
артын тостым.
— Өте пайдалы, керек агент еді,— деп тоқтады Носовец.
— Немене сонда ұсталып қалған ба?— деп сұрады Қасымбек.


—  Жоқ,  ұстатпай  қашып  үлгеріпті.  Бірақ  паналаған  жері  онша  сенімді
емес,—  деді  Носовец  қабағын  түйіп.—  Оның  үстіне...  баяғыдан  шаш  ал
десе бас алатын ит еді, Усачев тыным таппай іздеп жүрген көрінеді. Ол ит
төңіректі  жақсы  біледі,  ол  сұмырай  түбі  таппай  қоймайды.  Ал,
Смуглянканы ұстаса барлық сырымыздың ашылғаны.
Носовецтің  пісіріп  əкелген  шешімі  барын  біліп,  Қасымбек  сөз  аяғын
үнсіз тосып отыр.
—  Басқа  амалым  жоқ.  Оны  осында  алдыруға  мəжбүр  болып  отырмын.
Жол  білетін  адамдар  дайын.  Соны  сен  өзің  бастап  бар.  Өйткені,  бұл  өте
жауапты операция,— деді Носовец.
— Е, несі бар. Осында да Смуглянкаға жұмыс табылар, зияны тимес,—
деді Қасымбек.
—  Оның  бір  қитұрқысы  болып  тұр  —  ау,—  деді  Носовец  қиналғандай
іркіле сөйлеп.— Ол өзі екі қабат көрінеді. Так что, партизандардың қатары
көбейетін  түрі  бар,—  деп  ашқылтым  күлкімен  күліп  алды.—  Мүмкін
балалар бақшасын ашармыз.
Қасымбек  жүргелі  жатыр.  Амандық  болса,  Светамен  екеуміз  тағы  да
кездесетін  болдық.  Əрине  Светаны  көргім  келеді,  бірақ  оған  қуанарымды,
не  қайғырарымды  білмей,  жүрегім  алып  ұшады.  Қасымбекке  айтсам  ба
екен,  айтпасам  ба  екен?  Бірақ  бəрібір  кездеседі  ғой.  Біліп  барғаны  дұрыс
емес пе?
— Қасым,— дедім.
— Иə?
— Қасым, мен саған бір сыр айтайын ба?
— Иə, ол не сыр?
Шешінген судан тайынбас, енді көзімді жұмып, қойып кеттім.
— Сен қазір  оны ешкімге айтпай  — ақ қой.  Смуглянка деген өзіміздің
Света.


—  Не  дейсің?—  деді  Қасымбек  таңырқап,  тіпті  аузы  ашылып  кетті.—
Сен  не  айтып  тұрсың?  Кəдімгі  Николайдың  Светасы  ма?  Оны  бұрын  неге
айтпадың?
— Айта алмадым.
Қасымбек  аңырып  таңырқап  тұрды  да,  өзінше  себеп  тауып,  өзінше
жорыды.
— Бір есептен айтпағаның да дұрыс болған екен. Онда Николай шыдай
алмай  бүкіл  құпия  ұйымның  шырқын  бұзатын  еді  ғой.  Ақылың  бар  екен,
Нəзираш.
Қасымбек  өзінше  жорып,  өзінше  бұрып  əкетті  де,  одан  əрі  түрткілеп
мені қинамады. Қайтейін, не де болса келгесін көре жатармыз.
— Meн де мұны Николайға айтпай тұра тұрайын. Болмаса ол өзім барам
деп қиғылық салады. Үлкен бір қызық болсын, келіп бір — ақ көрсетейін.
Айтпақшы, екі қабат деді ме? Николай тіпті баласының барын да білмейді
ғой.
Қасымбек  Николай  үшін  қоса  қуанып  шығып  кетті,  менің  қуанышым
мен  қорқынышым  аралас.  Қайран,  аңғал  еркектер  —  ай,  «Николай
баласының барын білмейді ғой» дейді. Соғыс басталып, біз ажырасқалы он
ай болғанын ойламайды.
Сол  түні  мен  елегізіп  ұйықтай  алмадым.  Апрель  айы  орталанып,
қыстың  ызғары  қайтып  қалса  да,  ошақтың  отын  сөндірмей,  ауық  —  ауық
тұрып  ағаш  салып  қоям,  төсекке  кіш  етіп  қоймасын  деп  кішкентай
Дулатымды  тосам.  ол  оянып  кетіп  жылайды,  оны  емізіп  ұйықтатқанша  да
біраз  уақыт  ұтам,  бірақ  сырттан  еш  дыбыс  естілмейді.  Бір  —  екі  рет  аяқ
тықырын естіп, Света мен Қасымбек кіріп келе жатқандай басымды көтеріп
алдым, көзім ілініп кетсе түсімде екеуі кіріп келе жатады, сөйтіп əлектеніп
жатып, ақыры ұйықтап қалыппын.
Біреу иығымнан қозғағанда көзімді ашсам, Қасымбек.
— Таң атты ғой тұрмайсың ба?— дейді.
Əуелгі сəтте жөнді еш нəрсеге түсінбей, басымды көтеріп алып көзімді


уқаладым.  Землянканың  іші  қара  көлеңке,  Қасымбектің  артында  қорбиып
біреу тұр, басына қалың қара орамал тартқан əйел сияқты. Орнымнан тұра
бергенде есіме түсті. Бұл Света болу керек. Қапелімде сасып қалдым. Киімі
қорбиған əйел Светаның даусымен:
— Саламатсың ба, Надя,— деді.
Бар  бітіргенім  құшақтай  алдым.  Солай  жабысып  біраз  тұрып  қалсам
керек:
— Ау, қонағыңды күтпейсің бе?— деген Қасымбектің даусын естідім.
— Отыр, отыр, Света. Ал, кəне шешін,— ден жатырмын.
Ошақтың  астындағы  отым  да  сөнуге  қалыпты,  оны  тұтата  алмай
əлекпін.
—  Сен  соншама  əбігерге  түспей  —  ақ  қойшы,  Надя,—  деді  Света.—
Бері  келші,  мен  сені  құттықтағым  келіп  тұр.  Ұл  тауыпсың,  құтты  болсын,
сен үшін шын қуаныштымын.
Қасымбек  ошаққа  тамызық  салып,  əп  —  сəтте  отты  маздатып  жіберді.
Үйдің  ішінің  əрі  кіріп,  жан  —  жағымызды  көріп,  арқа  —  басымыз  кеңіп
қалғандай болды.
— Ал, сендер шай ысытып, оны — мұны қамдай беріңдер. Мен барып
Николайды  шақырып  келейін.  Ол  ғой,  қаннен  —  қаперсіз  ұйықтап  жатыр.
Үйге  кіргенше  айтпаймын,  тура  шалқасынан  түскендей  болсын,—  деп
Қасымбек есікке қарай ұмтылды.
«Тоқтай  тұршы»  ден  айтқым  келіп  ұмтыла  түстім,  бірақ  аузымнан  сөз
шықпады,  Светаның  да  қозғалақтап  қалғанын  байқадым,  аңқау  Қасымбек
біздің хəлімізді аңғармастан сыртқа шығып кетті.
Николай  мен  Светаның  кездесуі  онша  қуанышты  болайын  деп  тұрған
жоқ, сол қызық кездесуді қинала күтіп, екеуміз де үнсіз қалдық. Осындайда
қиналған  адамның  алдарқатып,  басқа  сөзбен  алаң  қылып  əкету  менің
қолымнан  келмей  —  ақ  қойды,  айтар  сөзімнің  жалған  болып  шығарын
білем  де,  тілім  байланып  түйіліп  қалам.  Жаман  ой  жанын  жегідей  жеп
отырғанда  амандық,  саулық  сұрау  сияқты  бейкүнə  сөздердің  өзі  маған


көлгірлік  болып  көрінеді  де  бар  бітірерім,  өз  дəрменсіздігіме  ыза  болып,
қиналған адаммен қоса қиналу. Қысылғанымнан от көсеп, қазан ошағымды
айналдыра бердім.
— Неге үндемейсің, Надя?
Света қорбиған қалың телогрейкасын шешіп, басына тартқан орамалын
жамылып  алыпты,  енді,  дөңбектей  колхозшы  қатын  емес,  кəдімгі  Светаға
ұқсап  тұр,  тек  талдырмаш  денесі  толысып,  қарны  шығып,  көзі  шүңірейе
үлкейіп,  бетін  сепкіл  басыпты.  Бір  əдемі  суретті  тентек  баланың  айғыздап
бұзғаны  сияқты,  бірақ  сонда  да  бұрынғы  көркем  суреттің  ізі  көрініп  тұр,
əсіресе  шүңірейе,  тереңдеп  үлкейген  нұрлы  көзі  секпіл  басқан  бетін
бұрынғыдан да нəзік етіп көрсетеді.
«Неге  үндемейсің,  Надя?»  Не  деп  жауап  берерімді  білмей  Светаның
бетіне бадырайып қарай беріппін.
—  Сен,  дегенмен,  бақытты  екенсің,  Надя,  Қасымбекпен  кездескенің.
Сен  үшін  қуаныштымын,—  деп  кішкене  іркіліп  қалды  Света.—  Мен
Николаймен кездеспей — ақ қойсам деп едім...
Онысы  да  рас.  Жұбаныш  сөз  айтуға  бата  алмай,  тағы  да  ұрысқан
адамдай  үнсіз  қалдым.  Бұған  не  дейін?  Құрсағындағысы  болмаса...
мүмкін...  Бір  қателігін  жуып  —  шайып...  Білмеймін.  Ар  жағының  не
боларын  білмеймін.  Қас  қылғандай,  екеуінің  арасына  дəнекер  болуға
жарайтын  да  шамам  жоқ  —  ау,  менің.  Қасымбек  болмаса...  қанша
айтқанмен еркек қой.
—  Қасымбек  тым  асығыстық  жасады  —  ау,—  деді  Света  отқа
жақынырақ  келіп  отырып  жатып,  сосын  қолын  менің  иығыма  салды.  Оны
мен  жұбатудың  орнына,  ол  мені  жұбататын  тəрізді.—  Бірақ  енді  бəрібір,
бұл  əңгімеден  қайда  қашып  құтыласың.  Тек  сенен  бір  өтінішім  бар,  мені
оңаша қалдырма.
— Неге?
— Сен білмейтін сыр жоқ қой. Қиын да болса, сен əңгіменің ішінде бол.
—  Жарайды,—  деппін  ойланбастан,  əйтеуір  Светаның  көңілін  табу
үшін.


Николай  есіктен  домалана  кірді,  шинелі  мен  құлақшынын  да  кимеген,
гимнастеркешең, жалаңбас. Мойнын қайқаң еткізіп, кішкене бетін көтеріп,
жеркепені  тез  көзімен  тінтіп  өтіп,  менің  қасымда  отырған  Светаны  көріп,
соған қарай ұмтылды. Мен орнымнан тұрып, жолды босатып үлгергенімше,
айналып  өтіп  барып  Светаны  құшақтап  жабысты  да  қалды.  Есік  алдында
аузы  ыржиып,  мəз  болып  Қасымбек  тұр.  Осы  қуанышқа  мен  де  еріксіз
елігіп, бір сəтке артындағы шатағын ұмытып кеттім.
—  Тірі  екенсің  ғой,  тірі  екенсің  ғой.  Жива,  родная,  солнышко  мое,—
дейді  Николай  Светаның  басы  —  көзінен,  бет  —  аузынан  түк  қалдырмай
шөпілдетіп сүйіп жатып,— Светик мой...
Николай  қанша  құшырланып  сүйгенмен,  Света  шалажансар  адам
сияқты,  оны  қысып  құшақтамайды  да,  қарсыласпайды  да,  дегеніне  көне
береді,  бірақ  Николай  оның  салқындығын  байқайтын  емес,  құшағынан
босатса да мойнынан қысып басынан сипалап:
— Родная моя. Светик мой...— дей береді құштарлығын баса алмай.
— Рахмет, Коленька... Рахмет, Николай,— деді Света бойын түзеп.
Света  орнынан  тұрған  жоқ  —  ты,  Николай  сол  отырған  жерінен
құшақтап  алып,  сүйе  берген  —  ді,  аласа  бойлы  адамға  ол  онша  қиындық
жасаған  жоқ  —  ты,  даусынан  бір  салқындық,  жаттық  сезді  ме,  Светаның
осы сөзінен Николай оқыс іркіліп кенет əйелінің шермиген түрін көріп түсі
бұзылып  кетті.  Əуелі  түсінбегендей  алақтап  Светаның  бетіне  қарай  берді.
Оның  үнсіз  тұнжыраған  қасіретті  түрін  көріп,  астыңғы  иегі  салбырап  көзі
дөңгеленіп  кетті.  Николайдың  қатты  өкпелеген  баладай  осы  дəрменсіз
кескінін  көргенде  көкірегімде  бір  жақсы  үміт  оты  жылт  ете  қалды.  Қазір
Света еңіреп жылап Николайды құшақтай алса: бір — бірін сағынған ерлі
— зайыптылар қосылып жылап, шерлерін тарқатып, қарғыс атқыр қателікті
кешіп, қайта табысып кететіндей көрінді маған.
Бірақ Света үндемеді, Николайдың да жаңағы бір сəтке жылт ете қалған
дəрменсіз кескіні тез өзгеріп, өңі қатайып, қабағы түйіліп түнере бастады.
Есік алдында тұрып қалған Қасымбек:
— Ал, қанекей...— дей беріп тілін тістеп алғандай іркіле қойды.
Оған енді ғана жетсе керек. Жеркепенің күңгірт ауасы да түнеріп, үнсіз


сыздап  баратқандай.  Өмірімде,  сірə,  мұндай  ауыр  тыныштық  көрмеген
болармын. Бəріміз де жарылатын бомбаны күтіп, бұғып қалған сияқтымыз.
Бұ  жерде  айтылатын  сөздің  ретін  мен  таба  алмадым,  Қасымбек  те,  ағалық
қылуға жарамай үнсіз тұр.
— Біздің, сірə оңаша сөйлесуіміз керек шығар,— деді Николай тістеніп.
Қасымбек  екеуміз  есіктен  шығып  баратқанда  Света  мені  тоқтатып
қалды.
— Мен оңаша сөйлесуіміз керек дедім ғой.
Николай  ашу  қысқандағы  əдетінше,  онсыз  да  қысқа  мойнын  иығына
тығып,  астыңғы  иегін  шошайтып  ілгері  ұмсынып,  қысқан  пружинадай
ширығып  алған.  Мен  кетер  —  кетпесімді  білмей  есік  алдында  іркіліп
қалдым,  қазір  шығып  кетсем  Светаға  опасыздық  жасап,  қорғансыз
тастағандай көрінеді.
— Надя осында болады. Ол менің барлық сырымды біледі,— деді Света
қатуланып.
—  Білгені  қалай?  Қалайша?—  деп  бейне  жəрдем  күткендей  алақтап
Николай маған қарады.
Мен үндемедім.
—  Сіз  менен  бəрін  жасырып  келген  екенсіз  ғой,—  деді  Николай
қайтадан  ызаланып,—  Əрине  енді,  екеуіңіздің  құпияларыңыз  бір  болған
соң.
—  Өтінемін,  Надяға  тиіспе,—  деді  Света.  Содан  кейін  сөзін  «сізге»
көшіріп  Николаймен  арасын  алшақтатып  қойды.—  Өтінемін,  тиіспеңіз.
Оның бұған қатысы жоқ.
Үшеуміз де аз уақыт үндемей қалдық. Сыздап отырған Николай ақыры
сабыры таусылып:
—  Ендеше  өзің  —  ақ  айт.  Неміс  комендатурасында  істепсің  ғой.
Солардан болған шығар,— деді.


Мен  сасқанымнан  аңқиып  аузымды  ашып  қалдым,  екі  көзім  Светада.
«Ол  не  дер  екен?»  Света  да  қанын  ішіне  тартып  безеріп  алған,  ай,
тайынбас. Тұп — тура:
— Иə,— деп қойып қалды алқынып.
Николай біреу таяқпен басына салып қалғандай селк ете түсті. Үрпиіп,
Светаға шошына қарады.
—  Мен  саған  өтірік  айта  алмаймын,—  деді  де,  безеріп  отырған  Света
іштегі пружинасы босап кеткендей сұлық түсті.
Өйтіп  «өтірік  айта  алмағаны»  да  құрысын.  Қастарында  тұрған  менің
өзім есеңгіреп қалдым, Николайға көзім түсіп еді, шошып кеттім. Өң — түс
жоқ,  қарауытып  тұратын  қожыр  беті  ақтаңдақтанып,  қанын  ішіне  тартып
ышқынып алыпты.
— Сеука!...— деді ысқырынып.
Осы  бір  жаман  сөз  мені  де  осып  жібергендей  болды.  Николай  сол
сірескен күйі орнынан көтерілді де қайрылмай шығып кетті.
Екі əйел оңаша қалдық. Света сол сұлық күйі, Николайдың сөзіне селт
еткен жоқ, мен болсам оған жұбаныш болар сөз таба алмай іштей қиналып,
қипақтағаннан  басқа  дəрменім  жоқ.  Ара  ағайын,  не  ортақ  дос  болып
араларына  дəнекер  болудың  орнына,  өзімді  айыпкердің  қатарына  еріксіз
қосып, бірге қиналам да теріме сыймай тығыла берем. Затымыз əйел емес
пе,  маған  салса,  қазір  Светамен,  шұрқырасып  жылап  көрісіп,  еңкілдесіп
отырып  бар  сырымызды  ақтарып,  іштегі  шерді  бір  тарқатар  едік  қой.  Бұ
жақта Қасымбектен кейінгі ең жақын тартқан адамым осы Света емес пе?
Светаның  мен  үшін  Қасымбектен  де  артықшылығы  бар,  Қасымбек,  қанша
жақын болғанмен еркек қой, əйелді əйелдей түсіне ала ма.
Енді міне, шер тарқатудың орнына екеуміз де іштей тығылып, кептеліп
отырғанымыз  мынау.  Ойбай  —  ау,  сомпиып  отыра  бермей,  жолдан  келген
адамға ас қамдауым керек қой.
— Менің мұнда келмеуім керек еді,— деді Света.
Онысын түсінемін, əрине қиын, бірақ қайда барады?


Одан да қиын жағдайға душар болған жоқ па?
—  Енді  келмегенде  қайтесің?  Сенің  басыңа  қатер  төнін  тұр  деді  ғой
Носовец.
—  Онысы  рас,—  деді  Света.—  Mac  болып  сенен  айрылып  қалып,
жазықты болған Усачев менің соңыма тура шырақ алып түсті. Бір — екі рет
ұсталып та қала жаздадым.
— Əнекей көрмейсің бе.
—  Бұл  соғыстан  кім  тірі  қалар  дейсің,—  деді  Света  түңілгендей.—
Бəрібір, ажал біреу ғой.
Онша  шешіле  қоймасақ  та  аздап  тілге  келгесін  арамыз  жуысып  келеді,
соған қуандым.
—  Сен  тым  күйзеле  берме,  Света,—  деп  жұбаныш  айтпақ  болдым.—
Николай,  қанша  айтқанмен,  ақ  көңіл  жігіт.  Ашу  үстінде  не  айтылмайды.
Түбі райынан қайтар.
Абзалы,  осы  күнге  дейін  Светаға  мен  ақыл  айтып  көргенім  жоқ,  ол
маған  ақыл  айтушы  еді,  байқаймын  менің  мына  сөзім  де  баланың  үлкенге
айтқан  сөзіндей  əсер  еткен  түрі  бар.  Ол  орнынан  тұрып,  ошақтың  алдына
келіп  от  көсеп  жатыр,  секпілденіп  кеткен  жұқа  өңі  жалыннан  қызара
бөртіп, маған мойнын бұрды.
— Николайдың өзім байқаған мінезі бар. Соған қарағанда, ол райынан,
сірə қайтпас.
Есік жақтан бүктетіліп Қасымбек кіріп келе жатыр. Шынымды айтсам,
оның  дəл  қазіргі  келгенін  ұнатпадым,  Манағы  қалбалақтап  қуанып,
аңқылдап  тұрған  Қасымбегім  жоқ,  бір  нəрседен  ұятты  болып  қалғандай,
аузына  сөз  түспей,  күйбеңдей  береді.  Күйзелген  əйелді  алаң  қылып,
жұбаныш  айта  алмаса  да,  əйтеуір  сөзге  алдарқату  былай  тұрсын,  о  жақта
бір масқара ұят бардай, Света отырған жаққа қыпылықтап қарай алмайды.
Бар бітіргені маған:
— Асыңды болдырсай,— дейді.


Қасымбек  кірісімен  Света  да  сөзден  тыйылды.  Тіпті  күйеуіме  жыным
келді.  Еркектік  намысы  қысып,  қылғынып,  булығып  анаусы  кетті,  енді
жұқпалы  ауру  көргендей  жасқанып,  қипақтап  мынаусы  тұр.  Мына  сорлы
əйелдің  басына  түскен  тауқымет  пен  қасіреттің  бəрінікінен  артық  екенін
ойлайтын біреуі жоқ.
—  Өзің  бара  тұршы.  Сенсіз  де  жетісіп  отырғанымыз  жоқ!—дедім
түтігіп.
Қасымбек  мені  өмірінде  тұңғыш  көргендей  бетіме  бақырайып  қарап
тұрды да, кенет бір нəрсені бүлдіріп алған баладай жуасып, ақырын есіктен
шығып кетті. Ерге шыққалы күйеуімнің бетіне келгенім осы болар.
9
Ауаны  кернеп,  ыңырана  ырғалып,  төңіректі  теңселте  шайқап  тұрған
артиллерияның  азалы  гүрілі  іркіліп,  іркіліп  барып  бір  —  екі  лоқсып
басылды.  Баламды  бауырыма  тығып  алып,  окоптың  түбіне  бұғып  жерді
денеммен  тесіп  өтіп,  астына  кіріп  кетердей  болып,  ондай  снарядтың
астында да талай жатып көргенмін. Терең қазылған окобың болса, жау оған
бұзып-жарып, басып кіре алмаса, артиллерия қанша төмпештесе де, əйтеуір
аман  қаласың.  Бірақ  снаряды  құрғыр  жақын  жарылғанда  үстіңе  аспан
опырылып  құлап  келе  жатқандай  зəреңді  ұшырып,  бүкіл  тəн  де  тұтас
тиетін,  осып  кетпесе  де  жерге  жаншып  тастайтын  бір  жалпақ  басқұрмен
ұрғандай ауаның екпінімен соққылап, есеңгіретіп, есіңді тандырып, құм —
топырақпен көміп тастайды.
Зеңбірек  гүрсілі  қайта  басталар  ма  екен  деп  елегізи  құлақ  түріп  біраз
отырдым;  соғыс  бітіп,  дүниеге  тыныштық  орнағандай,  ешбір  дыбыс
естілмейді.  Бірақ  бұл  тыныштық  көңіліңді  орнықтырудың  орнына
қобалжытып. тұла бойыңды суытып, деміңді ішке тартқызып қатер сағатын
күттіреді. Артиллерия дайындығы біткен соң атака басталады; қорғаныста
жатқандардың  төбесінен  төмпештеп  снаряд  жаудырып  езгілеп,  жаныштап,
бұқтырып алады да əскер шабуылға шығады. Ең қауіптісі осы. Жаңағы жер
шайқаған  зілзала  гүрсіл  шамырқанған  бураның  алыстап  айбат  шеккен
зіркілі болса, нағыз тап беретін кезі дəл осы тұс.
Баламды  кеудеме  қысып  алып,  аяғым  жерге  тимей  талай  зырқырап
қашқанмын,  шыбын  жанға  пана  таппай  шырқыраған  кездерім  де  аз  емес.


Бірақ  жаудың  оғы  жаңбырдай  жауып,  ажал  қанша  жалмаймын  дегенмен,
жер — ананың панасы мол екен. Тіпті қалың орман, сай — саласын былай
қойғанда,  бұтасы  мен  шөбі,  кішкентай  төмпешігі  мен  шұқанағының  өзі
жаныңды  талай  алғандай  алып  қалады.  Қара  жерден  кіндігін  үзбеген
қазақтың  қызымын  ғой,  бозды  бұйратта,  өлеңдетіп  асыр  салып,  аунап  —
қунап, жаз бойы киіз үйде ұйықтағанда да жусан мен топырақ исін қолқама
сіңіріп  өскенмін,  бойжеткен  кезімнің  өзінде  де,  кейде  тіпті,  көк  майсаға
аунағым келіп, аусарым ауып тұратын, бірақ жер жарықтықтың қадірін осы
соғыста ғана білген сияқтымын. Үстімнен оқ борағанда шешесінің етегіне
тығылған  жас  баладай,  сол  жер  —  ананың  бауырына  тығыла  түсем;  тіпті
жазық  жердің  өзінде,  бір  сүйем  болса  да,  əйтеуір  саған  қалқа  боларлық
табылады.  Сыздауыт  сазына  бар  тəніңмен  жабысып  батып  кеткің  келеді,
қара жердің кеудесін жарыңнан бетер ышқына қысатын кезің болады. Жер
деген жарықтық тірі екен — оның да тынысы, мейірімі бар, сені қалқалап
ажалдан алып қалады. Сепсеңіздер, орыстың осы бір ойпаты сазды, қыраты
құмдақты,
орман
тоғайлы,
көгінен
бұлыңғыр
бұлты
арылмаған
тұнжыраңқы  жерін  қимас  көз  көргенімдей,  тіпті  өз  ұям  —  өскен
мекенімдей жақын тартып кеттім.
Қазір соғыс менің ғана үстімде емес, дүниені түгел шарпыған, аспан да,
жер  де  соғыс,  соғыста  жүрген  əйел  де  жалғыз  мен  ғана  емес,  бірақ  менің
соғысым  бір  түрлі  орынсыз,  сөлекет  сияқты.  Шынында  да  екі  қолыңды
байлап  қойып,  ұрысқа  кіргізіп  жіберсе  өзің  қайтер  едің?  Емшектегі  балам
екі қолымды бірдей байлап қойғаны былай тұрсын, аяғыма да тұсау. Жұрт
əйтеуір  тисін  —  тимесін,  қолына  мылтық  алып  атысып  жатады,  ондайда
мен қолыма баламды ұстаймын. Қару алып оқ шығарған адам ет қызуымен
аз  да  болса  ажалды  ұмытып  кетеді  де,  ал  қолына  бала  ұстаған  адам,
қарсыласуға дəрменсіз, бір емес, ажалды екі есе тосады; өзіңді де, өзгені де
қарусыз  қорғаған  жаман  екен,  тұсыңнан  зырқ  —  зырқ  етіп  өткен  əрбір
бұралқы оқты санағанда, ажалға қанша мойынсұнсаң да мазаң кетеді.
Қиямет  —  қайым,  қиындық  дегенің  алыстан  қарағанда  ғана
қорқынышты екен, егер басыңа түссе бəріне де көндігіп кетесің, мен де өз
жағдайыма  үйреніп  алдым.  Алас  —  қанас  ұрыс  басталып  кеткен  кезде
қолымда балам болмаса, бір нəрсесін жоғалтып алған адамдай, елегізимін.
Оны  көтеріп  жүгіруге,  қашын  бұғуға  да  машықтанып  алғам,  баламды
көтеріп  жүгіріп  келе  жатып  жата  кеткенде  бір  жерін  ауыртпаймын,  тіпті
сүрініп  құлап  кеткенде  де  еш  жеріне  зақым  келтірген  емеспін.  Кеудеме
жабысып, өзіммен бірге домалап, өзіммен бірге тұрады.


Кілең  соғысып  жүрген  адамдардың  арасында  болсам  да  өз  басым,
қолыма  мылтық  ұстап,  ұрысқа  тікелей  араласқан  жоқ  едім.  Жорықта
жүргенде  бір  баланың  ауыртпалығы  он  балаға  татиды,  оның  үстіне,
партизан деген халық өз керегін өздері қамдағанмен, кілең еркек — қостың
ішінде  əйел  қолына  қарайтын  жұмыс  та  жетерлік  екен.  Қайта  сол
жұмыстың  көптігі  де  жақсы  болды,  əр  нəрсені  ойлап,  сары  уайымға
салынуға  мұрсат  бермей,  əрі  —  беріден  соң  басқаша  тіршілік  болады
дегенді  ойлатпай,  осы  өмірге  дағдыланып  жіберді.  Белім  қатайып,  аяғыма
басып  кеткесін:  «жаман  айтпай  жақсы  жоқ,  соғыста  жүргенде  қару  ұстай
білмегенің жарамас, қандай жағдайға душар боларымызды кім білген» деп
Қасымбек маған мылтық атуды үйретті.
Бұрын  атысып  көрмесем  де,  мылтық  ұстауға  жасқанатын  хəлден
əлдеқашан  өтіп  кеткем,  ішінде  ажал  оғы  бар  түсі  суық  темірді
жатырқағаным  жоқ.  Кісі  өлтіруге  көп  білімнің  керегі  жоқ  па,  қалай,  өзі
онша  қиын  да  нəрсе  емес  екен,  винтовканың  бөлшектерін  де,  оны  көздеп
атуды да тез уақытта үйреніп алдым. Кішкентайымнан көзім жіті болатын,
нысанаға дəл тигізем. Николай, Абандар жиналып, менің атқанымды көріп,
қауқылдасып мақтап, мəз болысты.
— «Мықты мерген мыннан шықты. Мылтық атқанда еркектерді беліне
қыстырып кететін болды».
— «Нағыз снайпер».
«Партизандарға  да  снайпер  керек.  Надяға  снайпер  винтовкасын  тауып
береміз» десіп қошаметтеп, көңілімді көтеріп тастаған.
Мақтағанды  кім  жек  көрсін,  осыған  өзім  де  кəдімгідей  мəз  болып,
отбасы,  ошақ  қасы,  салпы  етек  əйел  ғана  емес,  қолыма  қару  алып  көппен
бірге  соғыса  білетін  адам  болғаныма  бойыма  жел  бітіп,  көңілім  іріленіп
қалған  —  ды.  Ана  Шура  да,  жұрттың  жарасын  таңатын,  жаралыларды
бағатын медсестра болғанмен, ұрыс кезінде шепке кіріп кетеді, сауырынан
тапаншасы  түспейді,  мен  де  енді  одан  онша  кем  еместігімді  сезіндім.  Сол
бір  көңілім  марқайған  сəтте,  қолымды  байлайтын  нəрестем  барын  да
ұмытып кетіппін.
...Кейде  əлденеге  мұңайып,  қатты  ойланын  қалғанда  Қамқа  əжемнің
көкірегін  кере  «уһ»  деп  аузын  толтырып  қатты  күрсінетіні  бар  еді,  сол


сияқты  мына  тына  қалған  тыныштықта  бір  —  екі  зеңбірек  «уһ!  уһ!»  деп
ауыр  күрсініп  алды.  Содан  кейін  дүние  қайтадан  жым  —  жырт,  меңіреу
қалпына  түсті,  екі  баланың  да  даусы  шықпайды.  Жағдай  деген  де  баланы
өзінше  баулып,  өзінше  үйретеді  екен:  қысылтаяң  кездерде  осы  балалар
бақырып  жылауды,  не  бала  болып  қыңқылдап  мазаны  алуды  білмейді.
Іштері  сезе  ме,  əлде  көптің  көңіл  күйі  бұларға  да  дари  ма,  əйтеуір  жұрт
абыр — сабыр боп, асып — сасып жатқанда, немесе қауіп — қатер тосып
үнсіз  түнергенде  бұлар  да,  өңдеріне  үрей  жүгіріп,  көздері  бақырайып,
сазарып  қалады,  көңіл  күйіңнің  жаман  кезін  де  айнытпай  сезеді.  Қазір  де
екеуі,  меңің  оларды  əлпештей  еркелетуге  құлқымның  жоғын  сезіп,
өздерімен  өздері  болып  отыр.  Енді  екеуі  басқа  ойын  тауып  алған:  Дулат
шыбықтың  сабымен  жер  шұқылайды,  кішкене  Света  да  одан  қалыспай,
қолында еш нəрсесі болмаған соң, киттей саусағының ұшымен топырақты
шұқиды;  үн  —  түнсіз,  үлкен  іс  бітіріп  жатқандай,  екеуі  де  осы  ермегіне
елігіп  кеткен.  Соғыстың  міскіндеріне,  кəдімгі  бала  сияқты,  ойнайтын
ойыншық қайда.
Сырттағы  сыбысқа  құлақ  тігем  —  зеңбірек  гүрсілі  тоқтады,  басқа
дыбыс  естілмейді.  Иə,  дүбірі  естілмесе  де,  нағыз  қырғын  соғыс  енді
басталды.  Жау  солдаттарының  қаптап  атакаға  шығып  келе  жатқанын  өз
көзіммен  көргендей  болам:  ала  қардың  үстінде  ақ  халат  киген  адамдарды
ажырату  да  қиын,  жүрегің  дауалап  жау  жаққа  көз  тоқтатып  қарағанда  ақ
қардың  үстінде  қыбырлап  келе  жатқан  ақ  кебін  киген  денелерді  көресің.
Жазды  күні  де  жасыл  киім  киген  неміс  солдаттарының  денесі  көкпеңбек
болып  тұрған  жасыл  жердің  реңінде  анық  көрінбейді,  оны  байқау  үшін  де
кəнігі көз керек.
Бірақ  оқ  боратып  қаптап  келе  жатқан  жаумен  алғаш  рет  бетпе  —  бет
келгенде...  Əйтеуір  патырлаған  атыстың  басталып  кеткенін  білем.  Біз  таң
ата  келіп  паналаған  кішкентай  селдір  орманның  іші  əп  —  сəтте  ызы  —
қиқы ұрыс даласына айналды. Жаудың қай жақтан, қалай келіп тиіскенін де
білмеймін. Аз ба, көп пе? Жайбарақат дем алып жатқан жұрт жалма — жан
қаруларын  қарманып,  шоқалақ,  томарлардың  түбіне  жата  қалып  атысып
жатыр. Атыс басталғанда Шура екеуміз дем алып жатқанбыз, алысырақтан
команда берген Қасымбектің даусын естіп қалып, оған қарай тұра жүгіргім
келіп  көтеріле  түсіп,  қайта  жаттым.  Жүгіріп  барып  қолтығына  тығылуға
қазіргі сəтте ол  менің күйеуім емес,  командир екенін, менен  бөлек те биік
екенін соқыр сезіміммен ұғып, іркіліп қалдым. Қазір оның аяғына оралуға
хақым  жоқ,  осы  көптің  бірі  болып,  тек  əмірін  орындауға  тиісті  екенімді


сезінем.
Жаудың  оғы  көктемгі  жасыл  жерге  ввик,  ввик  деп  қадалып  жатыр.
Жалаңаш қалғандай қорғансыздың сезімі тұла бойымды мұздатып барады.
Құндақтағы  баламды  бауырыма  қысып  алып,  қытығы  келген  адамдай
қымсына жиырылып, денемнің əр бүртігі жаудың оғын тосады. Қолымнан
келгені,  кеудеме  тығып  жіберіп  жасырып  қалғым  келгендей  бар  денеммен
баламды қымтай берем, оның есесіне өзім панасыз ашық жерде жатырмын.
— Шоқалақтың түбін панала! Шоқалақтың...
Бетімді  бұрып  жалт  қарасам  талдырмаш  денелі  сары  жігіт,  тұсыма
жүгіріп  келіп  қалған  екен,  бір  қолымен  иығымнан  сүйрей  жөнелді.  Бір
қолыммен  жер  тіреп,  бауырымды  көтеріп,  тұмсығыммен  шөп  сүзіп,  əлгі
жігіттің  жетегінде  емпеңдей  жүгіріп,  бір  томардың  түбіне  жетіп  құладым.
О да менімен қатар құлады да, бетіме қарап:
—  Басыңызды  көтермеңіз.  Балаңызға  сақ  болыңыз,—  деп  ілгері  қарай
жүгіріп кетті.
Бұл  жігітті  таныдым:  анада,  қысты  күні  немістер  осындай  бір
қапылыста тиіскенде мені ат шанамен алып қашатын қайқы тұмсық ақ сары
жігіт,  кейін  талай  кездесіп,  көріп  жүрдім:  есімі  Саша  болатын.  Менің
табылғаныма бұ да қуанып, арнайы келіп, кешірім сұраған — ды.
Басыммен  мүк  басқан  жұмсақ  шоқалақты  сүзіп  баламды  кеудеме
қысып,  қырын  жатырмын,  тым  болмаса  өзгелер  сияқты  етпеттеп  те  жата
алмаймын,  денемді  дірілсіз  қалтыратқан  жаман  үрей  он  бойымды
құрыстатып  алып  жібермейді.  Бұдан  бұрын  да,  ажал  деген  құрғырмен  бір
емес  бірнеше  бетпе  —  бет  кездесіп  едім,  бірақ  ол  сұмырайға  кісінің  бойы
үйреніп  кете  алмайды  екен,  маңайымнан  тарс  —  тарс  атылған  мылтық
даусына  құлақ  тосып,  үстімнен  зуылдап  ұшқан  оқтан  жасқанып  жұмсақ
жерге жамбасыммен батып кеткім келіп сығыла түсем. Өз ойымша шым —
шымдап  жерге  батып  та  бара  жатқан  сияқтымын,  осы  алдамшы  əсер  ажал
да құтқаратындай көңіліме жеңілдік əкеледі.
Менен  алты  —  жеті  қадамдай  жерде  атысып  жатқан  партизан  басын
көтеріп  алды,  менің  де  кішкене  есімді  жиып,  төңірекке  көз  салатындай
халге жеткен кезім еді, танып қалдым — жаңағы Саша екен, мылтығының
бір  жері  тістесіп  қалған  ба,  тізерлей  көтеріліп,  винтовкасын  бір  тізесіне


қойып  затворын  сартылдатып,  ашын  —  жауып  жатыр.  Мылтығын  оқтап
болып енді жатуға оңтайланғанда, ышқынған жаман даусы шығып жер сүзе
құлады.  Орнымнан  қалай  тұрып  кеткенімді  білмеймін,  құндақтаулы
баламды  да  шоқалақтың  түбіне  жасырып  үлгеріп,  жер  бауырлай  жүгіріп
қасына  жетіп  бардым.  Аз  жүгірсем  де  алқынып,  ентігімді  баса  алмай,
басымды  əзер  көтеріп  оқ  тиген  партизанға  қарадым.  Жирен  шашты
басымен көк шөпті жапырып, жер иіскеп қимылсыз сұлық жатыр, ақырын
аударып  бетіне  қарап  ем,  ақсары  жүзінің  қаны  қашпаған,  көзі  жұмулы,
бейне
бір
ұйықтап
кеткен
адам
сияқты,
өңі
манаурап
тұр.
Гимнастеркасының  кеудесінің  алақандай  жері  қою  қызыл  қан.  Мен
шалқасынан  аударғанша  ақсары  жүзінің  қаны  қашып...  жоқ,  қаны
қашқанын  байқай  алмадым,  тек  манаурап  тұрған  жүзі  кəдімгідей  сөніп,
қуарып  кеткен  бетінде  күл  түстес,  сұп  —  сұр  салқын  сəуле  ұйып  қалды.
Ажал... Біраз қырғынға куə болсам да, ажалды дəл осындай жақын жерден
бетпе — бет көргенім, оның түсін көргенім осы еді. Сол бір сəт көз алдыма
келе қалса, қазір де сұп — сұр сұрғылт, салқын сəуле денемді суық лебімен
шарпығандай  өн  бойымды  құлазытып  жібереді.  Мен  ажалдың  ақтық  сəтін
анық көрдім.
Жүзі  жайнап  тұрған  жап  —  жас  адамның  əп  —  сəтте  осындай  өшіп
қалғаны...  Жаңа  ғана  мені  оқтан  сақтап,  ойнақшып  жүгіріп  келген  жас...
Шынымды  айтсам,  осы  сəтте  мен  дəл  осы  ажалға  түсінбедім.  Ана  жолы
мені  жоғалтып  алғаны  үшін  қысылып  келіп,  кешірім  сұрағаны  көз
алдымда.
—  Мен  немістермен  атысам  деп,  сізден  көз  жазып  қалыппын.  Есімді
жиып енді іздесем жоқсыз. Сіз мені кешіріңіз. Балалы əйелге қамқор бола
алмағаным...  тіпті  ұят  болды.  Əрине  командирден  де  қысылдым,  бірақ
бəрінен де сізді жалғыз тастағаным. Ұятын айтсайшы. Сіз енді кешіріңіз...
— деп маған жаутаңдап қарай берген.
Мінезі  елгезек,  кішіпейіл  болғанмен,  қысты  күннің  өзінде  құлақшын
астынан ақ селеу маңдай шашын бұрқыратып шығарып қоятын серілігі де
бар  еді.  Қазір  де  маңдай  шашы  қобырап  кеткен.  Астапыралла,  шашы
дудырап тірі күйі тұр.
...Атысып  жатырмын.  Қолымда  винтовка,  жағыммен  мылтықтың
ағашына  жабысып,  шүріппесін  саусағыммен  шірене  тартып  атамын  келіп.
Затворды  ашып  атылған  гильзаны  ытқытып  жіберіп  тағы  да  атамын.


Затворды  енді  бір  ашып  —  жауып  басып  қалғанымда  мылтықтың  даусы
шықпады, тек тырс етті. «Мұнысы несі» деп таңырқап, затворды қайтадан
ашқанда  барып  ақылым  жетті,  бес  патрон  атылып  кеткен  екен,  қайтадан
оқтау керек.
Мылтықты қайта оқтағанда аптығуым басылып, ақылым кірді. Шабуыл
жacaп  келе  жатқан  жауды  анықтап  көріп  нысанаға  іліктіруге  пұрсатым
болмай, тек əйтеуір бағытым дұрыс, ет қызуымен патырлатып ата беріппін.
Кішкене көңілім орнығып, көз тоқтатып алдыңғы жаққа қарап, тізеге жуық
көтеріліп  қалған  көк  шөптің  арасында  қарауытқан  адам  денелерін
аңғардым. Жасыл шөптің реңінде жасыл мундирлерді ажырату да қиын —
лап  беріп,  тұтас  көтерілмей  бірі  жатып,  бірі  жүгіріп,  қоныс  аударған
шегірткедей,  ақырын  жылжып  келеді  екен.  Біздің  жігіттер  де  оқты
үдемелетпей,  сиректеу  атады.  Жаудың  алғашқы  айбатынан  жасқанған
көңілім  орнығып,  біршама  ойым  сараланып,  енді  партизан  байғұстың
санаулы  оғын  беталды  құла  дүз  төпей  бермей  көздеп,  өлшеп  ату  керек
екенін  түсіндім.  Бас  көтеріп  жүгіргендерін  көздеп  атып  қалам,  ол  жерге
жалп  ете  түседі.  Тағы  жүгіргенін  тағы  да  атып  қалам,  о  да  мен  тарс
еткізгесін  ұзамайды,  жатып  қалады.  Жауды  құлатқаныма  мəз  болып,
кəдімгідей  көңілім  тасып,  ұрысқа  елігіп,  қасымда  сулап  жатқан  Сашаның
тағы  бір  обоймасын  алып  мылтығымды  қайта  оқтадым.  Енді  оның  ажалы
туралы  да  ойламаймын.  Бір  кезде  байқасам,  қанша  қырып  жатсам  да  жау
азаятын  емес,  мен  атқанда  жалп  ете  түскендері  тіріліп  келе  ме,  келесі  бір
сəтте  қайта  жүгіреді.  Тыныш  кезде  үйренген  атқыштығым...  менің
мергендігім  мына  араға  жүрмейтін  сияқты.  Жоқ,  ол  ойын  екен  шындап
келгенде...
Құлағыма  масаның  ызыңындай  əлсіз  даусы  келеді,  оны  елемей,  ет
қызуымен  атыса  беріп  едім,  кенет  əлденеге  көңілім  қобалжып,  елең  ете
қалдым.  Енді  қаттырақ  естілді  —  жылаған  баланың  даусы,  менің  балам.
Қызу  атыс  үстінде,  босанғалы  тұңғыш  рет  балам  барып  ұмытып  кетіппін.
Қапелімде жауып тұрған оқтан жасқануды ұмытып, жаңағы өзім паналаған
томардың  түбіне  жүгіріп  келсем  кішкентайым  ayзын  жырта,  бақырып
жатыр.  Жамбастап  жата  кетіп  бауырыма  қысып  алдым,  басқа  не  амалым
бар.  Оқтың  зуылы  көбейіп,  үдеп  барады.  Балаңды  құшақтап  томардың
түбінде  оқ  тосып  жату...  мен  енді  оған  шыдай  алмадым.  Баламды  көтеріп
алып, қайта жүгіріп жаңағы орныма жете жығылдым. Өлген адам да, кейде
тіріге  қорған  болады  екен,  кішкентайымды  Сашаның  бүйірінің  астына
тығып  қойдым  да  қайтадан  мылтығыма  жармастым.  Жаңа  кеудеме


қысқанда ана денесінің жылы исін сезіп титімдей көңілі орнықты ма, əлде
шаршады ма, сəби де жылауын қойды.
...Дулат  енді  жер  шұқуды  қойып,  ескі  жəшікпен  əуре,  жəшіктің
бұрышын  бекітуге  қаққан  тілдей  қаңылтырдың  бір  шетінен  жұлқылап
жұлып алғысы келеді. Қаңылтыр оған көнетін емес, бірақ оны елейтін түрі
жоқ, барын салып пыс — пыс етіп тартқылайды келіп. Қаңылтыр қолынан
шығып  кеткенде  құлай  жаздап  шоңқиып  отырып  қалады  да,  қайта
жармасады. Оқ астында өскенге ме, өзі қайсар — ақ.
Оқ  астында  өскен...  Əсірелеп  айтылған  қызыл  сөз  емес,  тура  оқтың
астында өсті ғой, бұл кебенек. Күнəсіз періште болғанға ма, əйтеуір содан
аман  келе  жатыр.  Ендігісін...  ендігісіне  үміткермін.  Біздің  азат  болатын
күніміз  жақындап  қалған  сияқты,  мүмкін  соңғы  күндер  шығар.  Бірақ  сол
соңғы  күндердің  сыңайы  тым  бұзылып  барады,  көбіміздің  —  ақ  соңғы
күнімізге айналмаса неғылсын.
Мына  жеркепеде  бітіретін  шаруам  шамалы,  төбе  жақтағы  саңлауға
қарай  мойнымды  созып,  құлағымды  тосып  тың  тыңдаймын,  құлағыммен
ғана  емес,  тұла  бойыммен  түгел  тыңдайтын  сияқтымын.  Қаппайтын  иттің
жатып  алып  жалқау  ырылдағаны  тəрізді,  үзіліп  —  үзіліп,  еміс  —  еміс
сарын  келеді.  Құрғырды  танимын,  ол  соғыстың  ырылы,  жəне  қапқанда  да
өлтіре  қабады.  Бұл  қым  —  қиғаш  ұрыстың  жер  астына  алыстан  талып
жеткен демі ғана... ал оқтың астындағылар...
Сол  алғаш  қолыма  мылтық  ұстаған  күні  байқадым:  ұрыстың  ет  қызуы
өзге  нəрсені  ойлатпай  кісіні  еліктіріп  алып  кетеді  екен  де  басқа  нəрсеге
қайрылуға  мұрсат  бермей,  кəдімгі  бір  үлкен,  қауырт  іс  тындырып
жатқандай өзеуретіп, қорқыныш, үрей деген пəлелерді ұмыттырып жібереді
екен.  О  кезде  адам  өмірі,  ұшқан  құс,  жүгірген  аң  өмірінен  титтей
артықшылығы  жоқ.  Көкірегіңді  аңшының  құмарлығы  билеп,  саған  қарсы
мылтық  ұстап  жүгіріп  келе  жатқан  екі  аяқты  адам  емес,  өзі  де  шабатын
қасқыр  сияқты  көрінеді.  Оны  өлтіргенге  шімірікпей,  қайраттанатын  жер
осы соғыстың даласы ғана болар.
Мен  сол  алғаш  ұрысқа  қатысқан  күні,  жау  солдатын  өлтірдім  бе,
анығын  білмеймін,  бірақ  қолыма  қару  ұстап,  жауынгерлердің  шебінде
жатып,  оқ  шығарып  қарсыласқанымның  өзі  көңіліме  бір  тостаған  көженің
буынан əлдеқайда артық жел берді. Жаныңды ылғи қинамаса да, бір нəрсе


тиіп кетсе сыздап қоя беретін бітеу жара сияқты масылдық, сезімнен де со
жолы  арылдым.  Бір  мезетте:  «Оқты  өлшеп  атыңдар!  Жақынырақ
жіберіңдер!» деген сырт жағымнан жүгіріп кетіп бара жатқан Қасымбектің
дауысын  естіп  қалдым.  Ғажабы  сол,  оған  қайрылып  қарағаным  да  жоқ,
оның орнында Николай ма, тіпті басқа бір командир айқайлап өтсе де маған
бəрібір  сияқты.  Шынымды  айтсам,  ауық  —  ауық  бақырып  жылап  жатқан
балама  да  іші  —  бауырым  елжірей  қойған  жоқ,  қолым  босап  кеткенде  бір
— екі сипап сұлап жатқан Сашаның денесіне қарай итеріп қоям, кейде тіпті
қысылтаяң  кезде  мазамды  алғанына  ыза  болам.  Тек  оқтан  аман  болса...
Қалғаны ештеңе емес.
Соғыс  адамды  қатыгез  ете  ме?  Білмеймін.  Етсе  ететін  де  шығар.
Өйткені қазаны ең аз азалайтын жер де осы соғыс. Оқ тиіп жатқан адамның
бетін  жабуға  да  мұрсатың  келе  бермейді.  Əңгіме  мұрсатыңның  бар  —
жоғында  ғана  емес  сияқты.  Бала  кезімнен  есімде  қалған:  біздің  жақта  бір
адамның  қазасы  рулы  елді  күңірентіп  кететін.  Əйелдер  шашын  жұлып,
дауыс  қылып  жоқтау  айтып  зарлағанда  төңіректегілердің  бəрі  солқылдап
жылап,  азалы  дауысты,  молдалар  құран  оқып  қана  тоқтататын.  Алыстан
келген  ағайындар  төбенің  астынан  «ой  бауырымдап»  ат  қойып  ауылды
күңірентетін. Содан кейін айқаймен ышқынған қасірет қайтадан ішке түсіп,
шаң — шұң басылып, қаралы үйдің маңында қатты дауыс шығармай, жұрт
аяғының ұшынан басып, күбірлеп жабырқау сөйлесетін. Ондай кезде маған
ауылдың  адамдары  ғана  емес,  ауылдың  үстінде  тұлып  тұрған  ауаның  өзі
өлімді аза тұтып тұрған тəрізді сезілетін.
Бұл  арада  өлген  адамның  барлық  парызын  өтеп  жатуға  уақыттың  жоқ
екені  рас,  бірақ  қаза  тапқан  адамға  деген  қайғыны  да  жұрт  бойына  көп
дарытпайды.  Өлгендердің  ортасында  отырып  тамақтарын  іше  береді,  тіпті
күндізгі қырғын соғыстан кейін кешке қарай бас қосқанда біреудің сондағы
сөлекеттігін  еске  алып,  қарқылдасып  күліп  жатады.  Жұрт  қайғыны  жеке
түсірмеуге тырысады екен, минут сайын ажал тосқан мына жақта бұ да бір
жан сақтаудың жолы шығар.
10
Партизан  деген  халықты  соғыстан  бетер  тамақ  жағы  қинайтын  кезі
көбірек.  Орманның  ішінде  орып  жатқан  егінің,  жайын  жүрген  малың  жоқ,
соншама адамға тамақ тауып беру, қару — жарақ, оқ — дəрі тауып беруде
кем қиындыққа түспейді. Онсыз да соғыстан күйзеліп, шаруасы шайқалған


деревнялардан  қолға  түскен  азық  —  түлік  аш  бөрідей  жалақтаған
жігіттердің  жұмырына  жұқ  болмайды.  Деревнялар  тақырланған  соң
жігіттер  көбіне,  бастарын  оққа  байлап,  немістердің  обозын  тонайды.
Ондайда кейде мəз болып, артынып — тартынып жолы болып келсе, кейде
қолдарына  еш  нəрсе  ілікпей,  адамдарын  босқа  шығындап,  салдары  суға
кетіп қайтады. «Тіленшінің сүйген асын кім берсін» демекші, партизандар
тек қолына тигенін қорек етеді, табанда қолына дəмді дүние іліксе, мəре —
сəре болып қаужап қалады.
Жыл  жарымнан  артық  осы  жортуылда  жүргенде,  менің  де  тамағымнан
өтпеген  нəрсе,  ой  сірə,  жоқ  шығар.  Бұрын  атып  естімеген,  аузым  дəмін
білмеген,
немістің
тағамдарын
татып
көрдім.
Тағам
талғап,
ұнатпағаныңнан  жеритін  жағдай  болған  жоқ  əйтеуір,  тамақтан  өткеннің
бəрі  талғажау.  Немістердің  азық  —  түлігі  үзілмей  қолына  түсіп  тұрса  да
мұртыңды  балта  кеспес  еді  —  ау,  көбіне  —  ақ  қолға  түсетін  нəрсе  аз
болады.  Партизан  дастарханының  жəне  бір  тамашасы  —  бірі  болса  бірі
болмайды.  Аштық  қысқанда  мініп  жүрген,  жегіп  жүрген  жалғыз  атты
жайратып  тастайды.  Оны  дұрыстап  сойып,  мүшелеп  бөліп  жатуды  да
білмейді;  əркім  қолына  іліккен  жерін  кесін  жып,  котелектеріне  қайнатып
жатқаны.  Оған  салатын  қамыр  да,  картоп  та  жоқ,  құрғақ  еттің  өзін
қаузайды;  кейде  тіпті  салатын  тұз  да  табылмай  қалады.  Бірнеше  күн
тамақтан  өтер  түйір  болмай,  аштықтан  бұралып  көзің  қарауытып
отырғанда  жортуылға  шыққан  жігіттер,  қолдарына  өзге  ештеңе  ілікпей,
тəтті  пряник  немесе  аз  ғана  қант,  кəмпит  əкелетін  кездері  де  болады.
Кəмпитті аузыңа салып қалжағанда аш өзегіңе барған тəтті сол қырындысы
кетіп  қурап  тұрған  ұлтабар  шектеріңді  жыбырлатып  бүріп  əкетеді,  бірақ
əйтеуір əр жақтан нəр барып, аз да болса жүрек жалғайсың.
Қанша  бір  қиын  күндерде  де  мені  тарықтырмаған  марқұм  Дуня
апайдың қызыл қасқа сиыры Зойкасы еді. Жападан — жалғыз қалған нағыз
тар кезеңде паналатқан байғұс кемпірдің өзі өлгеннен кейін де маған медет
көмегі  тиді.  Сол  немістер  төтеннен  төніп,  қараңғы  қарлы  орманда  мен
адасып  кететін  жолы  Зойканы  Проша  қуалап  кеткен.  Қаршадай  бала
қараңғы  орманда  қаңғалақтап  жүріп,  өзіне  тапсырылған  қызыл  қасқа
сиырдан  айрылмай,  о  да  ақыры,  өзіміздің  отрядты  тауыпты.  Көрші
партизандар мені өзімізге əкеліп салғанда қатты қуанған адамның бірі осы
Проша  болды.  Көпке  дейін  айналсоқтап  қасымнан  кетпей,  екі  езуі  екі
ұртына қарай жымқырылып, ыржия күліп:


—  Надя  апай,  сіздің  табылғаныңыз  қандай  жақсы  болды.  Тіпті  жақсы
болды,— дей берген.
Содан кейін де Проша негізінен менің қасымда болды. Қазан — ошаққа,
бала  бағуға,  сиырды  күтуге  оны  маған  арнайы  көмекші  етіп  тағайындаса,
жігіт болуға асыққан жастың, əрине, намысына тиер еді; бірақ əйтеуір əдейі
бұйрық  берілмесе  де  тіршіліктің  орайы  солай  болды  да  Проша  маған
қолғабысын  тигізіп,  жаны  ашып  жəрдем  беpiп  жүріп,  өз  жағдайына
байқаусыз үйреніп кетті. Партизан болу деген қолына қару алып күндіз —
түні жауды жапырып қыра беру ғана емес, оның күнделікті ұсақ — түйек,
ит  ыржың  шаруасы,  тірлік  қамы  болатыны,  бірі  таусылмайтын  мұқтажы
болатыны  шикі  жастың  ақылына  жетті  —  ау  деймін,  кейін  «маған  қару
беріп тапсырмаға жібермеді» деп қыңқылдауды қойып, тапсырған шаруаны
ықыласпен тындырымды істеп жүре берді.


Дуня  апайдың  Зойкасын  екеуміз  де  жақсы  көріп  кеттік.  Аяғыңды  тəй
басқаннан қозы қуалап, мал баласының арасында өскен адамға төңірегіңде
тірі  тұяқ  болмаса,  бір  жағың  ойсырап  тұрар  еді.  Тостағандай  көзі
дымқылданып,  бір  нəрсе  дəметкендей  мөлие  қарайтын  қызыл  қасқа  сиыр
сол  олқымды  толтырып  жүретін  —  ді.  Əйел  заты  сауын  малына,  оның
ішінде əсіресе сауын сиырға жақынырақ қой, ал Прошканың Зойкаға деген
ықыласы тіпті бөлек, байқаймын бұл ықыласы сонау сиыр айдап қашатын
қараңғы  түні  көкірегіне  терең  ұялаған  түрі  бар.  Айнала  жау,  атылған  оқ,
тұңғиық түнерген қараңғы орман, сол кезде жападан — жалғыз қалған шикі
жастың  қасындағы  жалғыз  қарасы  осы  қызыл  қасқа  сиыр.  Көрінген  ағаш
пен  бұта  қараңғыда  қарауытып  тына  қалып,  тасадан  жау  шыға  келердей
үркітіп, үрей қысқанда самарқау салмақты аяңдап келе жатқан мына көпек
сарқылмас мол сабырын бала көңіліне де дарытқан болар. Жауыға тұтасқан
қараңғылықта  жалғызсырағанда,  аяз  қысып  қалтырағанда  бетін  сол
сиырдың  жылы  мойнына  басып,  əукесін  қайыра  құшақтап,  қолтығына
тығылып  алып  —  ұшқан  көңілі  байыз  тапқан  шығар.  Тарыққанда  демеу
болған мал баласын кейде адамнан бетер жақсы көріп кетесің.
Азығымыз  таусылып,  партизандар  Зойканы  сойғанда  Прошка  тіпті
қатты қиналды. Көзінен жасы мөлтілдеп, жүгіріп келіп:
—  Тетя  Надя,  тетя  Надя!  Аналар  Зойканы  сояйын  деп  жатыр!  Естисіз
бе,  сояйын  деп  жатыр,—  деп  жеңімнен  жұлқылай  берді.—  Сіз  неғып
отырсыз? Неғып тұрсыз?
Мен неғылайын, күнде мал сойып жататын қазақтың аулында өссем де,
осы сиырды сойғаны жаныма батып — ақ тұр. Бірақ енді неше күннен бері
аш  отырған  адамдарға  суалған  қысыр  сиырды  «соймаңдар»  деп  айтуға...
оның  үстіне,  күйеуім  командир  болғанмен,  партизандардың  үлкен
шаруасына араласуға хақым жоқ екенін сеземін.
—  Неғып  тұрсыз,  Надя  апа.  Зойканы  сояды  олар.  Зойканы  аман  алып
қалсаңызшы,—  деді,  бейнебір  адамға  ара  түскендей  жалынып.—  Тіпті
Зойкаға жаныңыз ашымай ма?
Зойканы  сойған  күні  Прошканың  түнерген  қабағы  ашылмай
томсырайып  жүрді,  бірақ  аштығы  құрғыр  шыдата  ма,  ақыры  о  да  қызыл
қасқа сиырдың боршасынан дəм татты.


Қызыл қасқа сиыр кеткен соң біздің де күйіміз тайды. Тоғайдан əртүрлі
жеміс  —  жидек  тереміз.  Тамағың  тойғанда  ғана  ауыздың  дəмін  алуға
жарайтын  жидектің  қоректігі  де  шамалы,  бірақ  көзің  қарауытып,  өзегің
талғанда  ар  жағыңа  аз  да  болса  нəр  барады.  Орман  ішінің,  далалы  жерде
өскен  мен  білмейтін,  жемісінің  түрі  де  көп  екен.  Олардың  жеуге  келетіні
қайсы,  келмейтіні  қайсы,  ажырата  алмаймын  да,  аузыма  салып  талмап
көріп, тамақтан өткенін жұта берем. Ағашты жердің ашыққан адам үшін ең
бір  үлкен  байлығы  саңырауқұлақ  жаңбырдан  кейін  соны  тереміз.  Оның
жеуге жарайтыны, жарамайтыны бар, мен бұ жағынан да сауатсызбын, дала
қазақтары  саңырауқұлақты  жеуге  болады  деп  ойлаған  емес.  Мұның  бір
мені  қинаған  жері,  ауызға  салып  байқай  алмайсың,  адамды  улап
тастайтындары  көп.  Прошка  бұ  жағынан  маған  таптырмайтын  ақылшы
болып алды, мəз болып етегімді толтырып əкелген саңырауқұлағымнан көп
болса, қос уысын қалдырады. Əсіресе сұрғылт сисаға ақ бұршақ сепкендей,
əдемі саңырауқұлақты лақтырып тастап жатқанда ішім удай ашиды. Проша
астыңғы  ернін  жымқыра  тістеп  алып,  баланың  білместігіне  күлгендей,
мырс — мырс етіп мүсіркей күледі.
—  «Бұл  мухомор  ғой,  тетя  Надя»  —  дейді  əдемі  саңырауқұлақты
лақтырып жатып.
«Өзі өте əдемі ғой» деймін ақталғандай.
Əдемісі  əдемі.  Бірақ  алдайды,  улы.  Ал,  мынау  погаика,  бұ  да  жеуге
жарамайды».
Оның  есесіне  Прошаның  іріктеп  қалдырған  саңырауқұлақтары  тəтті
болады,  суға  қайнатып,  əсіресе  кішкене  майың  болып  қуырып  жегенде,
тура қойдың өкпесінен аумайды.
Көбіне  қолғабысын  тигізіп  қасымда  жүргенге  Прошаға  əбден  үйреніп
алыппын, оның үстіне үнемі қолымызға мылтық ұстамаған соң өзгелерден
бағамыз көмістеу сияқты, тек екеуара теңелеміз. Осы сезімнің өзі арамызды
жақындатқан  болар,  Проша  маған  əбден  сеніп  алып,  сырын  да
жасырмайтын  болды,  əйтпесе,  өзім  жауынгер  партизан  санап  жүрген
намысшыл  жас,  шешесін  сағынғанын  тірі  жанға  айтар  ма.  Əрине,  онысын
маған да бірден айта қойған жоқ. Менің əрбір ісімді көргенде «менің мамам
сөйтуші  еді»,  болмаса,  «менің  мамам  олай  емес,  былай  істеуші  еді»  деп
бастап,  ақыры  мамасы  туралы  біраз  əңгімелерін  айтып  берген.  Баланың


сөзіне  қарап  шешесін  тану  да  оңай  емес,  өйткені  бала  атаулының  сөзін
тыңдасаң бəрінің шешесі бірдей ақылды, мейрімді, көрікті болып шығады.
Бірақ, өзімнің түйгенім, бұл баланың шешесі баяғы өзіміздің полктағы төрт
баласы  бар  Ираида  Ивановна  тəріздес  сабырлы,  иман  жүзді  əйел  сияқты.
Айтпақшы  мұның  да  шешесінің  төрт  баласы  бар  екен.  Үлкені  Проша,  бір
інісі,  екі  кішкене  қарындасы  бар.  Төрт  жасар  кенже  қарындасы
Аленушканы  аузына  көбірек  алады,  одан  үлкен  тоғыз  жасар  қарындасы
Аграфенаны  көбіне  мінеп  отырады.  Ол  туралы  айтқанда  «глупая»  деген
сөзді  көбірек  қосады.  Мен  алғашқыда  əлгі  «мухомор»  деп  аталатын
саңырауқұлақты көбірек теріп əкелгенде:
— «Надя апай, сіз біздің Аграфенушка сияқты екенсіз,— деп күлген.—
Ол да орманға барғанда сіз тəрізді ылғи «мухоморды» теріп əкелетін. «Бұл
жеуге келмейді, таста» десем болмайды. «Бұл əдемі, жемесең жеме, бəрібір
тере  берем»  ден  қасарысады.  Сол  əдетін  тіпті  қойғыза  алмадым.  Ол  бар
ғой, өзі ерегіспе. Вот глупая».
Сөз аяғында уайымды кескінмен мырс етіп күледі.
Орыстың  «глупая»  деген  сөзін  «ақымақ»  деген  мағынада  ұғушы  едім,
сол  сөзді  соншалықты  еміреніп,  сағынышпен  айтуға  болатынын  енді
көрдім.
Санька  дейтін  он  жасар  інісі  бар  екен,  шешесі  сегіз  құрсақ  көтерген,
содан  қалғаны  төртеу  екен,  соңғы  кезде  Саньканы  да  аузына  жиі  алатын
болып жүр, бір жолы қолындағы прянигін тартып жегені үшін оны мықтап
сабап тастанын айтты. Шамасы осы ісі есіне түскенде өкіне ме, «о кезде ол
кішкентай  еді,  ақылы  жоқ  еді»  деп  ақтап  қояды.  Баланың  аузына
алмайтыны əкесі ғана. Тек бір рет байқаусызда, онда да сол саңырауқұлаққа
байланысты, аузынан шығып кетті.
«Папаня  любит  маринованные  грибы...  и  соленные  огурцы»,—  деп
қалды да, аңдаусызда ұят сөз айтып қалғандай, тілін тістей қойды.
Аңғармағансып, бөгде сөзге бұрып кісіні ыңғайсыз жағдайдан шығарып
əкетуге  мен  қандай  орашолақпын,  ондайда  анадан  бетер  өзім  қысылам,
сөйтіп жүрген жерден бір масқара жасап алғандай, екеуміз де үнсіз қалдық.
Абзалы,  əкесі  туралы  сөзді  екі  жағымыз  да  жылы  жауып  қойғанбыз.
Мен  сол  алғашқы  жолы,  алғашқы  күндері,  төбеден  түскендей,  күтпеген


жерден  бала  атаулының  шешесінің  атын  естігенде,  шошып  қалғанын
байқап, басқа жерде сыр берген емеспін. Осы бір аз ғана уақыттың ішінде
туған  інімдей  жақын  болып  кеткен  балалық  көңілінде  өзім  көрген  Усачев
полицайға жақындатып. я жанастыра алмай қойдым да, бұл жағдайды онша
ойламайтын  болғанмын.  Бірақ,  мен  ойламағанмен,  Проша  ойламай  қоя
алмайды.
Бір күні көңіл түкпірінде тығылып жатқан бір ойын маған айтып қалды:
— Мүмкін ол біздің жаққа шығатын болар.
«Ол»  дегенінің  кім  екенін  түсіне  қойдым  —  байғұс  баланың  жатса  —
тұрса ойлайтын арман — тілегі, үміті. Есек — дəме үмітін өшіргім келмей
мен де қостадым:
— Есі бар адам өз халқынан бөлініп қайда барады. Əрине біздің жаққа
шығуға тиіс.
Айтуын айтсам да, іші құрғырым сезіп тұр: бұл соғыс қарама — қарсы
жаққа  жаратқан  адамның  қайтып  қосылуы  екі  талай,  оның  үстіне  оқта  —
текте  партизандардың  аузынан  Усачев  жайлы  естіген  сөздерімнен
жақсылық нышаны байқалмайды.
...Əлі  есімнен  кетпейді.  Жаз  айы,  орман  ішінде  лагерьде  тұрғанбыз.
Ертеңгілік,  Дулатты  көк  шөптің  үстіне  еркін  еңбектетіп  қоя  беріп,  өзім  ас
қамдап  жатыр  едім,  Проша  жүгіріп  келді.  Өзінде  өң  —  түс  жоқ,  қатты
қиналғандағы  əдетінше  астыңғы  ернін  үстіңгі  ерінімен  көмкеріп  тістеп
алған. Түрін көріп шошып кетіп:
— Немене болды, Прошка?— деп сұрадым.
— Əкелді...— деді ақырын ғана, даусы күрсінген демімен бірге шығып.
Қапелімде еш нəрсе түсінбей қалдым.
— Нені əкелді? Кімді əкелді?
— Оны... Папамды...
Алғашқы  сəтте  мұның  қаншалықты  жақсылық,  не  жамандық  екенін  де


аңғармаппын,  əйтеуір  үндемей  қалуды  жөнсіз  көрдім  де,  байғұс  баланы
қинап қазбалай беріппін.
— Өзің көрдің бе?
— Өзім көрдім.
— Ол сені көрді ме?
—  Көрген  жоқ.  Мен  сыртынан  көрдім.  Өздері  екі  адам.  Шалашқа
апарып қамап тастады.
Екеуміздің  сөзіміз  осымен  үзілді  де,  үнсіз  қалдық.  Meн  оған  жұбаныш
боларлық  еш  нəрсе  айта  алмадым,  сірə  бұл  жерде  мен  емес,  оқымысты
сұңғыла  адам  тұрса  да,  балалық  жарасын  қасығаннан  басқа,  қандай  жылы
сөз тауып айтатынын білмеймін. Прошка қазір əкесіне өзгенің де, өзінің де
ара  түсе  алмайтынын,  бұлтартпас  қатал  тағдырдың  тақалғанын  жан  —
тəнімен  сезіп,  астыңғы  ернін  қырқып  алардай  жымқыра  тістеп,  тізесін
құшақтап,  сіресіп  отыр.  Еңбектеп  келіп  ботинкасының  тұмсығына
жабысқан Дулатпен де ісі жоқ, əншейінде болса, оны жерден көтеріп алып,
аспанға атып ойнатар еді, қазір оны көретін де халде емес. Аздан кейін бір
нəрсе  ойына  түскендей,  орнынан  ұшып  тұрып,  əлденеден  сезіктеніп,  жан
—  жағына  алақтап  қарап  алды  да,  тезірек  басып  шалашқа  кіріп  кетті.
Байқап қалдым, тірі жанға көрінгісі келмейді...
Сəскеде,  ұсталған  полицайларға  сот  болды.  Шынымды  айтсам,  соған
қатынасқым  келген  жоқ  еді,  мені  арнайы  шақырды.  Проша  шалаштан
шықпай жатып алды, оған қазір жалғыздықтан басқа еш нəрсенің жəрдемі
тимесін  сеземін.  Партизандар  орман  ішіндегі  кішкене  алаң  шетіне
жиналған.  Көк  шөпті  жапырып  алқа  —  қотан  отырып  алған,  шынтақтап
жатқандары, түрегеліп ағашқа сүйеніп тұрғандары да бар. Алдыңғы жақта
қызыл  жапқан  кішкене  столдың  басында  екі  томарға  көлденең  ұзын
тақтайды  қойып  скамейка  жасап,  үш  адам  отыр,  үшеудің  ортасындағы
Носовец.  Жаздыгүні  маңдайын  тұқырайтыңқырап  кепке  киіп  жүретін  еді,
қазір  кепкасын  шешіп  столдың  үстіне  қойған.  Ар  жағындағы  екі  партизан
да  жалаң  бас,  бірақ  иығынан  асырып  арқаларына  асынған  автоматтарын
тастамапты.  Жұрттың  жиналуын  тосқан  шамасы  бар,  үшеуі  де  үнсіз,  тек
Носовец қана шұқшиып қағазға бір нəрсе түртіп жатыр.
Отырған  жұрттың  алдына  таман  қиғаштау  барып  бір  теректің  түбіне


тоқтадым.  Көрейін  деп  тұрған  оқиғаң  қаншама  жанға  жайсыз  болса  да
құштарлық  деген  пəле  жетеледі  де,  алдыңғы  жаққа  тым  жақын  келіп
қалыппын.  Қасымбек  пен  Николай  да  алға  таман  отыр  екен,  олар  маған
қайырылып  қараған  жоқ,  тек  менің  келгенімді  Абан  көріп  қалып,  қасыма
келіп:
— Отыратын жер тауып берейін, Нəзира жеңгей,— деді күбірлеп.
— Жоқ, түрегеліп тұра тұрам.
Столдан  төрт  —  бес  қадам  кейінірек  томардың  үстінде  екі  полицай
отыр,  жеңдеріне  байлаған  шүберектерін  алмаған,  əлде  жұрт  көрсін  деп
əдейі  алғызбаған  ба,  екі  жағында  автомат  асынған  екі  партизан.  Маған
қырын  отырса  да,  бергі  шеткісін  бірден  таныдым,  Усачев.  Ipi  денесін
жұртқа  көрсеткісі  келмей  мойнын  ішіне  тартып,  бір  уыс  болып  бүрісіп
қалғысы  келетін  сияқты,  бірақ  дүрдей  денесі  құрғыры  оған  болатын  емес,
гүжбандай  екі  иығы  қорбиып  шығып  тұр.  Добалдау  қоңқақ  мұрны  төмен
салбырап,  қою  қоңыр  мұрты  астыңғы  иегін  көміп,  алдындағы  Носовецтен
назарын  жасырып,  көзімен  жер  шұқып  отыр.  Кішкене  далаңқайда,  айнала
тұтасқан  орман  сияқты,  тұтасқан  ауыр  үнсіздік  бар,  оқта  —  текте  еміс
естіліп  қалатын  қысқа  —  қысқа  күбір  болмаса,  партизандар  да  үнсіз.  Сол
ұрланып  шыққан  келте  күбірдің  өзі  мына  үнсіздіктің  ауырлығын  асыра
түседі.  Жиналған  топ  қазір  осы  екеуін  ажалға  кесіп,  сол  үкімді
орындайтындарын  біліп  отыр,  басыңқы  оққа  байлап,  күнде  ажалдың  қақ
ортасында жүрсең де бұл өте бір сүйкімсіз нəрсе.
Носовец  столды  қос  жұдырығымен  опырып  жіберердей  тіреніп,
орнынан  мығым  көтерілді,  оның  жуантық  тығыз  денесі  маған  тұтас  қара
тастан  құйылғандай  əсер  етті.  Усачев  селк  етіп,  бұрынғыдан  бетер
жиырыла  түсті.  Носовецтің  кірпігі  қимылсыз  көк  көзі  екі  полицайдың
өңменіне  бұрғыдай  қадалған.  Қанша  жау  болса  да  қарсы  алдында  көз
көрген,  күні  кеше  дəмдес  болған  таныс  адамдары  тұрғанға  қобалжыған
көңілін  басқысы  келді  ме,  əлде  ыза  қысып  кетті  ме,  жұтынғандай  ұрты
қозғалып, жағын қарыстыра тістеніп аз іркілді, алдында жатқан қағаздарын
жиыстырып қойды.
Носовец  айыптау  актысын  оқығанда  Усачев  орнында  тыныш  тұра
алмай, теңселіп, жан — жағына жалтақтай берді, ана жігіт тұнжыраған күйі
басып
тұқыртып
жұрттан
жүзін
жасырып
сілейген
күйі
тырп


етпейді,екеуінің  де  халін  айнытпай  сезетін  сияқтымын:  бұлар  қазір
бұлтартпас  ажалдың  қарсы  алдында  тұр,  соғыс  жағдайында  үкім  біреу  —
ақ.  Жүректерінің  əрбір  соққан  дүрсілінен  ажалдың  минуті  жақындап
келеді,  екеуі  де  соны  тосады.  Бірақ  ажал  біреу  болғанмен  əркімнің  оны
қабылдауы  əр  түрлі  болады  екен.  Қипақтап  шыдай  алмай  тұрған  Усачев
ажалдың  алқымына  тақалып  қалғанын  қаттырақ  сезіп,  жандəрмен  қылып
жалтарудың  амалын  іздеп,  аласұрып  тұрған  түрі  бар.  Ол  айыптау
актысының  əр  тұсында  «жоқ,  мен  оны  істеген  жоқпын»  деп  жалтарғысы
келеді, бірақ Носовец зекіп қалғанда, ерегістірсем бүлдіріп алармын деген
үреймен  жым  бола  қалып  оған  жалынышты  кескінмен  жаутаңдап  қарап
қояды.  Қайткен  де  болса  жан  сақтайтын  саңлау  іздейді.  Ал,  ана  жігіт
сілейген күйі селт етпейді. Əлде оның алдынан ешқандай саңлау көрінбей,
жазмышқа мойынсұнған ба, əлде есеңгіреп, болып жатқан оқиғаның мəн —
мағынасын ұғудан қалған ба, əйтеуір бір қалпы болды.
Усачев  кінəсін  мойындауға  келгенде  көп  жалтарды,  тіпті  бұлтаруға
келмейтін  жердің  өзінде  аз  да  болса  айыбын  жеңілдететін  сылтау  іздеп
бəйек  болады.  «Суға  кеткен  тал  қармайды»  деген  сөздің  шын  сырын  осы
арада  түсінгендей  болдым,  жан  ұшырып  қарманғанмен  қолына  ілігіп
жатқан  талы  да  жоқ,  дəлелі  дəлел  болмаса  да  əйтеуір  бір  нəрсе  айтып
қалады. Айналсоқтап келіп айта беретіні:
—  Олар  енді  өкімет  қой.  Өкіметтің  айтқанын  істемесең  болмайды.
Атып  тастайды.  Олар  өкімет  болған  соң...  мен  бұйрығын  орындадым.
Немістер дереу істемесең.., олар тек...
Носовец шыдай алмай зекіріп жіберді.
—  Фашистер  өкімет  емес,  басқыншылар!  Ал  халықтар,—  ол  қолымен
партизандарды  нұсқады.—  Солардың  бұйрығын  орындап  жүр  ме?  Не
тантып тұрсың, ұятсыз, сатқын сұмырай...
Усачев  денесі  дүрдей  болғанмен,  қорқақ  сорлы  екен,  басына  таяқпен
салып қалғандай селк ете түсіп, мойнын иығына тығып:
— Əрине, енді бұлар неміске қарсы соғысып... Дұрыс қой. Бірақ енді...
— деп міңгірлей түсті де басылып қалды.
Содан  құдай  тағала  сабыр  беріп,  астыңғы  ернін,  қою  қоңыр  мұртымен
көме тістеп алып, төмен қарап тұнжырап отырды. Кəмпит сорғандай ұрты


қусырылып  жағына  жабысқан.  Тұла  бойым  дір  етіп,  жақсы  ма,  жаман  ба
білмеймін,  бір  сезім  жүрегімді  түйреп  өтті,  мынаның  түрі  шошқадан
аумайды  екен.  Анау  қоңыр  мұрттың  астында  дүрдиген  көнтек  ерін  болар,
астыңғы  иегінің  ұшы  ілгері  ұмсынып  біткен  кемиек.  Сонау,  деревняны
түгел  ататын  қырғында,  кімнің  бетіне  байыздап  қарауға  кісінің  мұршасы
болыпты,  аңғармаған  екем,  көзім  үйреніп,  көңілім  ұнатқан  Прошкамен
ұқсастығы, бір түрлі, жүрегімді шаншып өтті.
Орманның ішінде, көк шөптің үстінде өткізілген сот кəдімгідей барлық
тəртібімен  жүріп  жатыр.  Бірнеше  куəлар  бар  екен,  кезегімен  шақырылып,
көрген  —  білгендерін  айтып,  куəлік  береді.  Носовец  атымды  атап,  мені
шақырғанда  еш  нəрсеге  түсіне  алмай,  алғашқы  сəтте  дағдарып  қалдым,
сөйтсем,  мен  де  куəнің  бірі  екенмін.  «Бері,  мына  жерге  келіңіз»  деп
қайталап шақырғанда ғана, баламды Абанға ұстатып ілгері шықтым. Бұрын
сот  алдын  кім  көрген,  өзім  жауапта  тұрған  адамдай  қысылып,  мына
отырған,  құдайдың  құтты  күні  бірге  жүрген  жұрттан  бөлініп,  бөлек  боп
шыға келген сияқтымын. Оның үстіне Носовец те жүзі сұп — суық болып,
қатып қалған бір ырғақты дауыспен:
— Гражданка Еділбаева, сот алдында тек шындықты ғана айтуға тиіссіз.
Егер  жаңсақ  куəлік  берсеңіз  қылмыс  кодексінің  пəленінші  тармағымен
жауап бересіз,— деп одан бетер қысып тастады.
— Гражданка Еділбаева, мына алдыңызда тұрған екі айыпкерді; Усачев
Лука Саввичті, Гуськов Терентий Петровичті бұрын көрдіңіз бе? Жақсылап
қарап алыңыз...
Менің  атым  аталғанда  екі  полицай  елең  етіп,  маған  таңырқай  қарап,
содан  кейін  көздерін  тез  тайдырып  əкеткен.  Анаусын  енді  таныдым:
«Терентий»  дегені  жас  полицай  Тереха.  Əлгі  деревняны  қырғаннан  кейін
Дуня  апайдың  үйіне  қайтып  оралғанда,  «Он,  не  могу»  деп  шошынып,
шашын жұлып жылайтын, содан кейін мені атып тастаймын деп кіжінетін.
Сол  ақсары  ұлпа  шашты,  кішілеу  дөңгелек  бетті,  қайқы  тұмсық  сары.  Бет
терісі қалыңдай, өңі есейіңкіреп кеткен бе, қалай, əйтеуір, баяғы мен көрген
«ой,  мамочка!  Что  я  наделал»  деп  жер  сабайтын,  дəрменсіз  бала  кескіні
жоқ,  тотыққан  жүзі  қызара  бөртіп,  ісіңкілеу  қабағының  астына  жанарын
жасырып, төңіректен бөлектеніп түйіліп алған. Мыналарды көргенде ойым
əр саққа жүгіріп алып қашып, Носовец сұрақтарын ылғи екі рет қайталауға
мəжбүр болды.


Ойым  ырық  бермей,  түгелдей  жас  полицайға  ауып  кетті.  Ол  мені
көрмеген,  білмегенсіп,  жанарын  жасырып  аулақтанып  алса  да,  менің  екі
көзім  сонда.  Мына  тұнжыраңқы  тұнық  түрінен  баяғы  іші  алау  —  далау
болып  аласұрған  аянышты  сəтін,  жапанда  жалғыз  қалғандай  жаудыраған
дəрменсіз кескінін іздеймін. Ол кескіннің ізі жоқ, менің алдымда, шынында
да,  басқа  адам  отырған  сияқты.  Жеті  —  сегіз  айдың  ішінде  ол  мүлде
өзгеріп,  есейіп  кетіпті,  баяғы  сезімтал  жалаңаш  жүрегі  де  жарасы
жабылып, енді ыстық — суық өтпейтін қалың қабықпен қапталған сияқты.
Жұмып алған жұдырықтай тас бітеліп қалған мына жігіттің ішінде қазір не
хикмет  болып  жатқанын  мен  біле  алатын  емеспін.  Бұл  Усачев  сияқты  жан
ұшырып жалтармады, мені көргенін де мойындады.
Усачев сорлы менен де жан сақтайтын саңлау іздеп, жанталасып бақты.
— Мен мұның командир əйелі екенін сезгенмін. Содан əдейі қашырып
жібердім,— деді.
— Əдейі қашырған жоқсың,— деп Носовец зекіп қалғанда:
—  Енді  əдейі  қашырмағанда...  қашып  кеткенін  біліп  əдейі  іздемедім.
Кете берсін дедім,— деп қипақтай түсті де, кенет құтқаратын ой тапқандай
қуанып  кетті,—  Мен  бұл  əйелді  сақтап  қалдым.  Мына  Тереха  атпақ
болғанда,  мен  атқызбадым.  А?  Солай  емес  пе?  Айтыңызшы,—  деп  маған
жалынды.
Менің  бір  жаман  қасиетім,  кім  де  болса,  торға  түскен  адамды  еріксіз
аяушы  едім,  мына  сорлының  мына  мінезінен  тіпті  жиіркеніп  кеттім.  Ана
жігіттен Носовец:
— Атпақ болғаның рас па?— деп сұрағанда, ол:
— Есімде жоқ, білмеймін,— деді.
— Неге білмейсің? Есіңнен танып қалдың ба?— деп Носовец қысқанда:
— Білмеймін. Мүмкін рас шығар,— дей салды.
Бұл  жігіт  əбден  қаныпезер  болып  қатайып,  еш  нəрседен  шімірікпейтін
болған  ба,  немесе  ажалдан  да  жаман  нəрсе  жанын  қинап,  сонымен  əлек
болып  отыр  ма,  əйтеуір  осы  топтан  да,  соттан  да,  қасындағы  тағдыры  бір


Усачевтен  де  бөлектеніп  алған.  Усачевтың  қиянаттап  жатқанын  да  елеген
жоқ,  берілген  сауалдарға  да,  арғы  беттен  тіл  қатқандай  жансыз  дауыспен
жауап береді.
Кішкене  уақыт  өткен  соң  сот  мəжілісінің  бастапқы  ширығысы
босаңсиын  деді.  Жұрт  қайтадан  қисайып,  шынтақтап,  өзара  күңкілдесіп,
кейде реті келіп қалғанда соттағы сөзге де араласып кетеді, айыпкерлердің
сасқанда  берген  сөлекет  жауабын  кекетіп  күлісіп  алады.  Носовец  ауық  —
ауық  тəртіпке  шақырып  қояды.  Мен  де,  мойнымнан  ауыр  жүк  түскендей
жауаптан босап, Абанның қолындағы баламды алып жұрттың шетіне таман
отырғанмын.  Бір  кезде  жан  —  жағына  алақтап  отырған  Усачев,  мен
отырған  жаққа  көзі  адырайып  үрпие  қарады  да,  орнынан  ұшып  тұрып,
даусы қарлыға айқай салып:
— Прошка... Балам менің... Балақаным...— деп ұмтыла берді.
— Отыр, опасыз...— деп Носовец ақырып жіберді.
Қасында  отырған  партизан  автоматымен  өңменінен  нұқып  Усачевты
шөгертіп тастады. Артыма жалт қарасам қайыңды тасаланып Прошка келіп
тұр  екен,  үстіңгі  ерні  дүрдиіп,  ұртын  тістеп  алған,  өңі  шүберектей  құп  —
қу.  Сорлы  бала  шыдай  алмаған  екен.  Мұның  да  басына  таяқпен  салып
қалғандай  болды  —  ау  деймін,  көзі  адырайып,  аузы  бір  —  екі  рет  кемсең
ете түсті де, жалт бұрылып жүгіре жөнелді.
Усачев басын таяна теңселе күңіреніп:
— Ұлым менің... Ұлым...— деп, кеңкілдеп жылап жіберді.
—  Ол  советтің  адал  ұлы!  Сендей  сатқынның  баласы  емес!—  деп
Носовец тағы бір зекірді.
Мен  де  отыра  алмай,  баламды  көтеріп  шалашқа  қайтып  келдім.  Менің
қазір оған керегім бар ма, жоқ па, əлде оның жалғыз болғаны жақсырақ па,
ол  арасын  анықтап  біле  алмадым,  бірақ  əйтеуір  Прошканы  жалғыз
қалдыруға дəтім жетпеді. Проша шалаштың іргесіне етпетінен түсіп, бетін
қос  алақанымен  көміп  алып,  солқылдап  жылап  жатыр.  Менің  ішке  кірген
тықырымды  естіп,  өксігін  ішіне  тартып,  аз  булықты  да,  шыдай  алмай
қайтадан  жылап  жіберді,  енді  тіпті  көз  жасына  қақалып  булығып  қалды.
Менің  де  қолымнан  келер  қайран  жоқ,  тек  шашынан,  маңдайынан  сипай


берем.
—  Ол  ақымақ.  Онда  ақыл  жоқ...  Ақыл  жоқ  болған  соң...  Мамам  да
айтқан...—  дейді  Проша  əр  сөзін  көз  жасымен  қоса  жұтып,  ықылық  атып,
қылғына сөйлеп.
Мен  ие  деймін?  Не  деп  жұбатам?  Осындайда  сөз  таба  алмай  тығылып
қалам.  Менің  құтыла  алмай  қойған  жəне  бір  жаман  əдетім  бар:  біреу
қиналғанда  оған  демеу  болар  сөз  айтудың  орнына  соның  кебін  өз  басыма
киіп  қайғысын  да  өзімдікі  етіп  аламын.  Мына  баланың  жанының  жарасы
менің  ішіме  түсіп,  жегідей  жеп  барады.  Əкесі  қанша  жау  болса  да  əлі
аузынан  ана  сүті  кеппеген  бала  оны  салқын  оймен  түйіп,  өзінен  бөліп
тастай  алмайды.  «Жүрегі  қарс  айрылды»  деген  сөзді  естуші  едім,  соның
мағынасы  миыма  жаңа  жетті,  мына  баланың  жүрегі  қақ  ортасынан
айрылып жатыр. Проша сотқа бастап — аяқ қатысқан жоқ, сол келген беті
болар,  сондықтан  əкесінің  сорлы  мінезін  көрген  жоқ.  Егер  көрсе  қорқақ
əкесінің  жиренішті  мүсəпір  мінезі  оның  опасыздығына  қоса  намыскер
жастың  жүрегіне  өмір  бойы  тырналаса  кетпейтін  бір  жеркенішті  əсер
қалдырар еді.
Жұбатуға  шамам  келмесе  де  қасында  болғаным  Прошаға  аз  да  болса
жеңілдік  əкелді  ғой  деймін.  Əйел  деген  жарықтықтың  қанша  айтқанмен
аналық  жылуы  бар,  кімге  болса  да  жұмсақтау  ғой,  егер  қасында  еркек
отырғанда  қасіретін  намысы  тұншықтырып,  жарылып  кетер  ме  еді  қайтер
еді,  менің  алақаныма  жұмсарып  жібиін  деді.  Бетін  бүйіріме  басып,
көйлегімді  ыстық  демі  мен  көз  жасы  қатар  сулап,  іштегі  отын  шығарып
біраз солқылдап жылап алды.
Біз  отырғалы  біраз  уақыт  өтті.  Прошаның  да  іші  сезетін  шығар,  ендігі
сот бітіп полицайларды ататын жеріне алып бара жатқан болар. Носовецтен
естігенмін,  партизандарды  сапқа  тұрғызып  қойып,  оларды  көп  алдында
атады.  Əдетте  атар  алдында  өздеріне  көрлерін  қаздырып  алады.  Бір
ғажабы,  қай  жағы  атса  да,  атылатын  адам  қарсыласпай,  үн  —  түнсіз  өз
көрін  қазып  шығады.  Құлағымды  тосып  тың  тыңдаймын,  əзір  мылтық
даусы естілген жоқ. Біраз уақыт өтті. Усачев пен полицай Тереха көрлерін
қазып  болып,  самсаған  мылтықтың  қарсы  алдында,  өздерінің  өлімнен  де
ұяты күшті, масқара ажалын тосып тұр ма екен?
Қаншама  қақ  ортасында  жүрсең  де,  қашан  көзің  жұмылып  кеткенше


ажал  деген  сұмырайға  бойың  үйреніп  кетпейді,  құрғыр  қорқынышты  ғой,
бірақ мынадай өлімнің қасында бетпе — бет келген жаумен айқасып өлген
ақ  өлім...  ғой,  өз  адамдарың  өңменіңе  оқ  таяп,  кешірімсіз  сазарып,
саусақтарын  мылтық  шүріппелеріне  басып  тұрғанда,  ондай  ақ  өлім  тіпті
қол жетпес бақыт болып та көрінетін шығар.
Шынымды  айтсам  бұл  оқиғаның  боларына  күні  бұрын  хабардар  едім.
Носовец  кейбір  істерін  менің  көзімше  Қасымбекпен  ақылдаса  беретін,  бір
кеште  осы  жайлы  əңгіме  болған,  оның  сондағы  асықпай  отырып  шегелеп
айтқан сөздері айнымай есімде қалыпты.
—  Біз  жаумен  жаман  соғысып  жүрген  жоқпыз.  Əрине  бұдан  да
мықтырақ  соғысуға  болар  еді.  Партизандар  қатары  да  молырақ  болуы
мүмкін  еді.  Біздің  бір  ескермей  жүрген  үлкен  олқымыз  бар.  Біз  əлі  жауға
қызмет  істеп  жүрген  опасыздарды  дұрыстап  жазалаған  жоқпыз.  Есіңізде
болсын,  Еділбаев,  бұл  біздің  үлкен  кемшілігіміз.  Мұның  астында  қандай
мағына жатқанын байқайсыз ба? Жаудың тылындағы халық немістің емес,
біздің  Совет  үкіметінің  күшін  сезетін  болу  керек.  Маған  бір  жақсы  ой
келді.  Бірнеше  полицайларды  ұстап  əкеліп,  осында  сот  құруымыз  керек.
Түсінесің бе?— деп ол Қасымбекке тесіле қараған əрбір айтқан ойын саған
бұлтартпай қабылдатқысы келіп бетіңе тесіле қарайтын əдеті бар. «Білемін,
сен  қу  жалтармақсың  ғой»  деп  тұрғандай  оның  өңменіңнен  өтетін  көк
көзінен  мен  айыпты  адамдай  қысылып  қипақтап  қалатынмын.—
Полицайларды,  əрине,  қапысын  бағып  жолын  тосып  атып  тастауға  да
болады.  Бірақ...  арнайы  сот  құрып,  үкім  шығарып,  заң  жолымен  атсақ...
Байқайсың ба?— Носовец өзінің сəтті табылған ойына сүйініп, өңіне күлкі
жүгірді.—  Онда  біз  үкіметпіз.  Заңымыз  бар.  Күшіміз  бар.  Оның  халыққа
қалай əсер ететінін білесің бе? А? Солай, жолдас Еділбаев. Əр нəрсенің түп
—  тамырына  көз  жүгірту  керек.  Сондықтан  полицайларды  ұстап  əкелуге
арнайы  операция  ұйымдастыруымыз  керек.  Анау,  Усачев  сволочты  қолға
түсірсек екен. Ол бұрынғы белсенді ғой, сондықтан оның қылмысы екі есе
ауыр.
Усачевы құрғырдың атын естігенде мен шіміркеніп қалдым. Шынымды
айтсам  оған  жаным  ашымақ  тұрмақ  бүйрегім  де  бұрмайды,  тек  оны  осы
араға  əкеліп  атпаса  екен  деп  тіледім  ішімнен.  Прошканың  осы  халін  сол
сөзді естігенде — ақ көз алдыма елестеткенмін, бізге ұстап əкелгенше сол
құрғырды біреу қисайта салса екен деген үміт — тілегім де ішімде жүрген.


Бірақ  өз  ойымды  Носовецке  айтуға  бата  алмадым:  екі  араға  салып
Қасымбекті  қинауға  да...  Носовецтің  жоспарын  оның  да  бұздыра
алмайтынын ішім сезді. Біраз нəрсені ақылға салып түсінгім келсе де затым
əйел  болғанға  ма,  ақылымды  əлсіздігім,  жанашыр  сезімім  жеңе  берді.
Соғыстың  қатал  заңына  аяныштың  əлі  келмейді  екен.  Мұнда  жүрегіңді
тастай  қылып  жұмып  алмасаң  ит  талағандай  ырық  —  жырығы  шығады,
Соны білемін, бірақ қолыңнан келмеген соң білгеніңнен не пайда.
Носовец  маған  сом  темірден  соғылғандай  болып  көрінеді.  Осы  əсерім
дұрыс  —  ау  деймін,  соңғы  кезде  жұрт  оны  темір  комиссар  деп  атайтын
болды. Бұл өзі, мен əлі ұғынып болмаған үлкен шындыққа, бұлтарысы жоқ
жападан  —  жалғыз  шындыққа  көзі  мықтап  жеткен  адам,  соны  жұрттың
бəрі  түгел  ұғып,  қалтқысыз  қабылдағанша  тыншымайтын  сияқты.  Өзінің
сенген  нəрсесіне  шек  келтірмейтін  адам  ең  бақытты  жан,  ондай  адамның
көңіліне  күмəн  дегенің  ұрланып  кіре  алмайды,  сондықтан  да  ол  күшті,
өзгеден өктем болмақ. Қашан да өзіңдікінің дұрыстығын сезініп, бір демің
жоғары  тұрмаса  өзгелерді  қалай  бағындырмақсың.  Өз  бойымда  болмаған
соң ба, Носовецтің осы бір бітеу жаралған тұтастығынан қаймығамын.
11
Meн  осы  землянкаға  жасырынғалы,  топшылауымша  бес  —  алты  сағат
уақыт  өтті,  шамасы  түс  қайтып,  күн  де  еңкейген  шығар.  Манағы  талып
естілген  атыс  бірде  күшейіп,  бірде  талмаурап  барып  үзіліп,  қайтадан
естіледі;  соған  қарағанда  орман  шетіне  бекінген  партизандар  бірден
шегініп  кетпей,  неміс  шабуылын  əзірге  тежеп  қалған  түрлері  бар.  Атакаға
шығып,  лап  берген  жаудың  алғашқы  қарқынын  бір  тойтарып  тастауға
шамасы келсе, екпіні бір қайтып қалған жау жылжып, үңгіп кірмек болып
көп шығынға ұшырап берекесі қашады.
Соғыс  даусынан  аңғарғаным  дұшпан  осындай  халге  душар  болған
сияқты еді, мүмкін тіпті тойтарыс берер, енді жылжымас деген тəтті үміт те
көкірегімді  жылыта  бастады,  кенет  атыстың  іргеме  жақындап  қалғаны
сонша  тіпті  бұршақтай  шашылып  пытырлаған  автомат  пен  дүрсілдеген
пулемет  дауыстарының  жігі  ажырап  естіледі,  əрі  кеткенде  үш  —  төрт  жүз
метрден  алыс  емес.  Соғыс  тура  менің  үстіме  келер  ме  екен,  əлде  бір
бүйірден  жанап  өтер  ме  екен?  Ойым  əр  саққа  жүгіріп,  үміт  оты  бір
тұтанып,  бір  сөнеді,  əйтсе  де  көңілі  түскірім  сезеді:  көбелек  қуып  келе
жатқан жау бұл орманды партизандардан арылтпай, сірə тыным таппайды,


бірақ  партизандардың  да  бұл  орманды  тастап  кететін  ойы  жоқ.  Өздері  əр
шұқырын  жатқа  білетін  орманның  ішінде  қашқақтай  ұрысып,  тереңге
тартып,  із  адастырып,  əрі  —  беріден  соң  немістердің  өтіп  кеткен  жеріне
қайта оралып естерін тандырмақ. Биылғы көктемгі қырғында, партизандар
көп  шығынға  ұшыраса  да,  осындай  əдіспен  жан  сақтап  қалған  —  ды.
Олардың  осындай  түлкі  құйрық  соғысына  еруім  қиын  болғандықтан  екі
баламен осы үңгірде жатырмын.
Соғыста  жүргендерге  қарағанда  үңгірде  тығылып  жатып  күту  онша
қиын  емес  —  ау,  тек  азық  жағы  көбірек  қинайды.  Əсіресе  биыл  қырық
үшінші  жылдың  жазы  өте  ауыр  болды.  Ел  де  əбден  титықтаған,  өздері
аштан  ісіп  —  кеуіп  отыр,  қолға  ілінер  еш  нəрсе  жоқ.  Майдан  жақындаған
соң немістердің əскері қоюланып, күзеті күшейіп, олардың обозын тонау да
қиындап кетті. Осы қалың орманның ішінде біз дəмін татып көрмеген шөп
те қалмаған шығар. Саңырауқұлақ пен жеміс — жидек табыла берсе жақсы
ғой,  ол  түгіл  қымыздықтың  өзі  кездесе  бермейді.  Кішкене  су  кездессе
барып  тартамыз,  бірақ  бұл  жақтың  суларында  қамыс  қоға  аз  болады  екен,
далада  өсетін  тəтті  тамырлар  да  жоқ.  Кейде  көзің  қарауытып  кез  келген
жапырақ  пен  шөптің  сабағын  шайнайсың,  олардың  жеуге  жарамайтын
сабағы  ішек  —  қарныңды  бүріп,  жүрегіңді  айнытып  құсқыңды  келтіреді.
Аш  өзекке  лоқсығанда  ішіңді  сыртқа  айналдырып  шығарғандай  суырып,
көзіңнен  жасың  парлап,  құрсын  айтары  жоқ,  ит  азапқа  түсесің.  Аштық
шіркін  қарата  ма,  кейде  партизандар  командирлерінің  бұйрығын  аттап
көлік етіп жүрген жалғыз аттарын да сойып алады, орыстардың жылқы етіп
жемейтіні жайшылықта екен.
Дулатым екіге жуықтаса да емшектен айырғаным жоқ, тамақтан өтетін
түйір  таппай  қалған  кезде  өз  сүтіммен  асырап  келем.  Оған  енді  міне,
кішкентай Света қосылды.
Ал  Светаның  бізге  келгелі  өмірі  тіпті  қиын  болды.  Тіршілік
ауыртпалығын  айтпаймын,  оған  мен  де  төзіп  келем  ғой,  Николаймен
екеуінің арасы барған сайын нашарлай берді. Анау да бір кіп — кішкентай
болып  алып  жібімейтін  пəле  екен  ,тіпті  темір  шегедей  қатып  қалды.
Алғашқы күні бір жаман мінез көрсетті.
Кешке қарай Света екеуміз оңаша отыр едік, мен кейіген соң, Қасымбек
те,  өздері  оңаша  болсын  деп,  үйге  онша  жолай  қоймаған,  бір  кезде
зілмəнкеге  Николай  кіріп  келді.  Қайтып  оралғанынан  үміт  етіп  бетіне


дəмелене қарап едім, көңілім басылып қалды, сол манағы қалпы сызданып
тұр, қайта бұрынғысынан да ісініңкіреп кеткен сияқты.
— «Əйтсе де біз екеуміздің оңаша сөйлесетін сөзіміз бар сияқты. Жүр,
сыртқа шығайық»,— деді ол Светаға.
«Ендеше  мен  сыртқа  шыға  тұрайын»  деп  екеуінің  оңаша  сөзінен  үміт
етіп оңтайлана беріп едім:
— «Жоқ. Біздің сыртқа шығып сөйлескеніміз дұрыс» деп Николай мені
тоқтатып тастады.
Света  қорбиған  сырмақ  күрткесін  иығына  ілді  де,  үн  —  түнсіз
Николайға  еріп  сыртқа  шығып  кетті,  мен  неғыларымды  білмей  аңырып
тұрып қалдым.
«Жылды  кісінескенше,  адам  сөйлескенше»,  мүмкін  екеуі  сөйлесе  келе
ұғынысар  деген  əлсіз  үмітім,  Николайдың  безеріп  тұрған  түрі  көз  алдыма
елестегенде, сөніп қалды, жаңағы ісініп кеткен кескінінен жақсылық күтуге
болмайды.  Бір  жамандықты  сезгендей  жүрегім  мұздап,  сасқанымнан  не
дəрмен  қыларға  білмей  аз  уақыт  селтиіп  тұрып  қалыппын,  содан  сыртқа
жүгіре шықтым.
Екеуінің қай жаққа кеткенін де білмей қалыппын. Құдай оңдап, сыртта
Проша  кездескені;  ол  менің  жау  қуғандай  аласұрған  үрейлі  ұсқынымнан
шошынып көзі бақырайып кетті.
— «Не болып қалды, Надя апай? Түріңіз қашып кетіпті ғой. Не болды?»
дейді үрпиіп.
— «Жаңағы... Николай... Николай мен Света қалай қарай кетті?»
Проша  олардың  кеткен  жағын  сілтеп,  менің  соған  бола  неге  сонша
үрейленгеніме  түсінбей  таңырқап  қала  берді.  Көктемгі  дымқыл  орманның
ішінде  қарайып  кеткен  ескі  жапырақты  етігімнің  тұмсығымен  күреп
жүгіріп  келем.  Əлі  көк  шықпаған,  ағаш,  бұталар  сидам,  орман  іші  ашық
болғанмен  əлгі  екеуі  көрінбейді,  «əлде  басқа  жаққа  бір  жыраға  бұрылды
ма» деп алақтап жан — жағыма қараймын. Алдымда кішілеу сай бар екен,
соның ернеуіне келгенде ылдида тұрған Николай мен Светаны көрдім, олар
мені байқаған жоқ.


Екеуінің  не  сөйлесіп  үлгергендерін  білмеймін,  менің  естігенім
Светаның:
— «Жарайды. Білгеніңді істей бер» деген сөзі ғана.
Николай бір — екі қадам шегініп, пистолетінің қорабын ағыта бастады.
Сайға қалай домалап, жүгіріп түскенімді өзім де білмей қалдым, даусым да
қаттырақ  шығып  кетсе  керек,  Николайдың  қолы  пистолеттің  қорабында
қалды, солай бүйірін таянған күйі маған таңырқап үрпие қарады. Мен келе
Светаны  құшақтай  алдым.  Сіресіп  тұрған  Светаның  денесі  бірден
босаңсып, əлсіз қолымен менің мойныма асылды, аяғының да буыны кетіп,
бар салмағымен мені төмен қарай тартып барады. Екеуміз жұмсақ дымқыл
жерге отыра кеттік, Светаны қорғаштап бауырыма қыса беріппін. Ентігімді
басып  қайта  бұрылып  қарағанымда  Николай  сайдың  қабағына  шығып
барады екен, шымыр денесі сірескен күйі артына қарамай, дік — дік басып
əрі қарай асып кетті.
Светаның  қаны  қашып,  бетіндегі  секпілдері  баттиып,  ерні  кезеріп,  өңі
əбден
жүдеп
қалыпты.
Ажалы
құрғырдың
кейде
алдындағы
қорқынышынан,  артындағы  қорқынышы  күштірек  болады,  жаңа  ғана  ет
қызуы,  ерегіспен  оқтан  тайынбай  тұрған  қайсар  Света,  басына  төнген
ажалдың бар салмағын енді ғана сезіп, оның сұмдық үрейін де бойына енді
сіңіріп, əлсіреп қалды. Құшағыммен сезіп отырмын, бір — екі рет денесін
қалтыратып  тұла  бойында  діріл  жүгіріп  өтті.  Тұңғыш  рет  көкірегімде
үлкендік  сезім  оянып,  Светаны  оттан  құтқарып  алған  баладай  бауырыма
қысып,  иығынан  сипаймын.  Сірə,  бірінші  рет  менің  панамды  сезгені  осы
болар, Света да менің құшағымнан босанып кетуге асықпады.
—  «Сен  үлгермегенде  ол  атып  тастайтын  еді»  —  деді  аздан  кейін,
жайымен сұлық қана.
Осы  оқиғадан  кейін  Николай,  əйтеуір  мен  білгенде,  Светамен  тілге
келген  емес,  бір  отрядта  жүріп  екеуі  қайткенде  де  бір  —  бірімен
кездеспеудің,  кездесе  қалса  бір  —  бірін  байқамай  өтудің  амалын  табады.
Света  тұрсын  ол  менімен  де,  тек  кездесін  қалғанда  бас  изегені  болмаса,
тілдесуден  қалды.  Светаны  қалай  жалғыз  тастаймын,  көбіне  екеуміз  бірге
болған  соң,  Николай  енді  бұрынғыдай  қолы  бос  кезінде  біздің
зілмəнкемізге  келін  карта  ойнап,  мəслихат  құру  былай  тұрсын,  тіпті  бас
сұғуды да қойды, Қасымбек те екі əйелдің ортасында не бітірсін, бөлектене


бастады.  Өңшең  бойдақтардың  ішінде  жалғыз  ерлі  –  зайыптының  жүргені
ерсі  екен,  өзім  де  оның  еркектердің  арасында  көбірек  болғанын  жақсы
көрем.
Света  мен  Николайды  татуластырғым  келіп  талай  ойландым  да,  бірақ
соның жолын таба алмай — ақ қойдым. Николай деген, бұрын адам сияқты
елгезек, кейде бір — ақ жарқын мінезі болушы еді, енді суға салып, шиелеп
байлап  тастаған  қайыстай  түйілді  де  қалды.  Оны  шешетін  айласын  таба
алмай,  Қасымбекке  қыңқылдап  көріп  едім,  о  да  еш  нəрсенің  ретін  келтіре
алмады, «осындай нəрседе араға түсудің өзі қиын»,— деп қиналды.
Бұл  жағдайды,  егжей  —  тегжейіне  дейін  тінткілеп,  оңашада  көп
ойланам,  бірақ  өзім  де  дұрыс  шешімін  таба  алмай  қиналам.  Ес  білгелі
құлағыма  сіңген  қасиетті  бір  ұғым  бар  —  ақ  некемен  қосылған
жұбайыңның  көзіне  шөп  салу  үлкен  қылмыс.  Еркек  намысы  деген  қиын
болады, еріңді масқара қылып жерге қаратпа. Осы күнге дейін осы сенімім,
осы  өзгермес  шындық  көңілімде  қобалжып  көрген  жоқ  —  ты.  Бірақ
Светаның  жағдайы  бөлек  қой,  мына  жан  алып,  жан  беріп  жатқан  заманда
адамның  бір  оғаш  басқан  қадамы,  қасіретті  қателігі...  Ау,  бəріміз  де  сағат
сайын өлім күтіп, оқтың астында жүрміз ғой...
Бірақ  өмір  деген  құрғыр  ажалдың  аузында,  оқтың  астында  жүрсең  де
сол  өмір  екен,  қолың  тиіп  кетсе  ойын  —  күлкің,  əзіл  —  оспағың,  түк
болмағандай,  қайтып  оралады;  бір  —  біріңе  ренішің,  өкпе  —  назың,  ұрыс
—  керісің,  о  да  қабаттасып  жүреді,  əркімнің  құдай  берген  мінезі  мен
бойына  сіңген  ұғымы,  бұ  да  қалмайды.  Қандай  тірлікке  салсаң  да  адам
пенделігін істемей қоймайды екен, жай кезде болса бір сəрі — ау, дəл мына
жағдайда  келіп  еркек  намысы  насырға  шауып,  онсыз  да  қиын  тірлігімізді
тіпті ауырлатып жіберді.
Айтып  отырмын  ғой,  тіпті  сыпсың  сөз,  өсегің  де  сумаңдап  қалмайды
екен.  Света  мен  Николайдың  арасындағы  жағдай  сыбыр  —  күбір  сөз
арқылы  жетті  ме,  əлде  ерлі  —  зайыптының  арасы  күрт  үзілгесін  өздері
аңғарды  ма,  əйтеуір  бұл  жағдай  партизандарға  да  жеткен  тəрізді,  мен  оны
жұрттың  томсырайған  түрінен  танимын.  Светамен  ешқайсы  танысып,
біліскісі келмейді, бойларын аулақ ұстайды. Əрине, осы бір жағдай болмаса
олар,  жаудың  қақ  ортасында  жансыз  болып,  астыртын  жұмыс  жүргізіп,
партизандарға  керек  ақпар  беріп  тұрған  мықты  барлаушы  Смуглянкамен
танысып  білісуге,  тіпті  оны  көруге  қандай  құштар  болар  еді,  қазір  оны


білсе  де  білмегенсіп,  көрген  жерде  байқамағансып  жүре  береді,  Светаның
халін  əбден  сеземін,  бірақ  тағы  да  сол,  оған  жұбаныш  айтар,  жəрдем  етер
қайраным  болмай,  оның  қасіретін  көкірегіме  құйып  алып,  қосарлана
қиналам.  Біреудің  Светадан  теріс  айналып  кеткені  де,  не  айыптай  қараған
сұқ  көзі  де  жүрегіме  қылқандай  қадалады,  кейде  шап  етіп  ондайлардың
бетінен  алуға  аз  —  ақ  қалам.  «Бұл  əйелдің  ерлігі,  еңбегі  кімнен  кем?  Қай
сағатта,  қай  минутта  ұсталарыңды  білмей,  қалың  жаудың  қақ  ортасында
осының  істегенін  істеуге  қайсыңның  жүрегің  дауар  еді?»  деп  шақылдап
ұрысқым келеді.
Бізге  келген  соң  көп  ұзамай,  майдың  басында  Света  босанды.
Байғұстың  шеккен  азабына  орай  тағдырдың  рахымы  түсті  ме,  толғағы
менікіндей ауыр болған жоқ, оның үстіне күннің жылынған, лагеріміздің де
жау шабуылынан саябыр тапқан кезі болатын. Светадан жасым кіші болса
да бұрын босанып, оны — мұны біліп, көзқарақты болған менің де көмегім
тиді.
Партизан  өмірінде  де  кейде  қолың  босап  қалатын  тіпті  зерігіп  ішің
пысатын мезгілдер де болады, тапсырмаға шығып, жортуылға қатыспайтын
Света  екеуміздің  ондай  уақыттарымыз  көбірек:  ондайда  əңгіме  шертеміз,
өткен  —  кеткенді  еске  аламыз,  баяғы  өзіміздің  полктың  əйелдері  есімізге
түседі.  Арада  сонша  ұзақ  уақыт  өтпесе  де,  солардың  біразын  ұмыта
бастаппын,  мына  зобалаңы  құрғыр  ұмыттырмай  қоя  ма.  Елизавета
Сергеевна  мен  Алевтина  Павловна  бірге  кетіп  еді,  байғұстар  қазір  қайда
жүр  екен.  Ұрысқақ  Муся  қаза  тапты  ғой.  Алевтина  Павловнаның  қолында
баласы бар еді — ау, бір жерді паналап жан сақтаса жақсы ғой. Менен гөрі
көзі қарақты, оң — солын біліңкірейтін Светаның да олардан хабары жоқ.
Ираида  Ивановна  екі  баласын  жоғалтып,  екі  баласымен  жолда  қалып
қойып  еді.  Мына  сапырылысқан  соғыстың  ішінде  қаңғалақтап  бір  жерде
жүр  ме  екен?  Олармен  енді  қайтып  қауышуымыз  екі  талай.  Света
екеуміздің  қайта  ұшырасып,  одан  ерлерімізбен  кездесуіміздің  өзі
таңғажайып  нəрсе,  бірақ  бұл  кездесу  маған  қайыр  болғанымен,  Светаға
қайғы болды.
Айттым  ғой,  қасында  қара  демесең  менің  кісі  қайғысына  жұбаныш,
медет  болар  септігім  шамалы,  Света  өз  қайғысын  өзі  арқалады  да,  соны
қайыспай  көтерді.  Сонау  сай  бойында  мылтық  кезегеннен  кейін  ол
Николаймен тілге келген емес. Əрине Николайдың да сөйлескісі жоқ, бірақ
кім  біледі,  кездесіп  қалғанда  айыбын  сезіп  бұны  түсініп,  жалынышты


кейпімен  жаутаңдай  қарап,  бір  ауыз  жылы  сөз  дəметіп,  тіл  қатысудың
амалын іздесе, еркек намысы қанағаттанып, көңілі жібіп, беті бері қарар ма
еді,  Света  өйткен  жоқ.  Күйеуінен  көңілін  бірден  үзіп  тастады  да,  онымен
арасында түк болмаған, жай таныс адамдай қаннен — қаперсіз жүре берді,
Николайға сірə осы мінезі қаттырақ батты ғой деймін.
Біраздан  кейін  Светаның  келгендегі  мінезінің  өзгеріп  кеткенін
аңғардым:  босанғаннан  кейін  бір  қатерден  құтылып,  көңілі  орнына  түсіп,
денесі  сергіді  ме,  əлде  жан  дүниесінде  күшті  өзгеріс  болды  ма,  енді
бастапқы  жабырқау,  бұйығы  халінен  серпіліп,  зіл  басқан  еңсесін  көтеріп
алды.  Баяғы  жақсы  күндердегісіндей  жылы  шырайлы,  майда  қоңыр  нəзік
мінезді  Светам  қайтып  оралғандай  қуанып  едім,  аңғарыңқырап  байқасам
бұрынғы балғындығы мен ұяңдығы жоқ, өз мінезіне өзегі қатайып өзгеріп
оралған  сияқты.  Hұp  ұялаған  жұмсақ  жүзі  өткірленіп,  өңіне  қатқылдық
кірген, ішкі пружинасын қаттырақ бұрағандай ширатылыпты.
Николайға  көрсеткен  мінезін  өзгелерге  де  көрсететін  болды.
Байқамағансып  кемсіткендерді  бұ  да  байқамайды,  айыптай  қараған  сұқ
көздерге  айылын  да  жимайды,  тіпті  елемейді;  ондайда  аналардың  өздері
қорланып қалады екен. Əдепкіде Светаның айыбын бөліп арқаласып, жүзім
төмендеу болып жүрсе, енді досым үшін көңілім іріленіп, мен де марқайып
еңсемді  көтеріп  алдым.  Осының  бəрін  Света  əдейі  ерегіспен  істесе,  онда
мінезі ерсі болып, өзі кішірейіп қалар еді, бірақ зорланбай өзінен өзі солай
боп  шығып  жатқан  соң,  өзгелерден  биіктеп  іріленіп  кетеді.  Соны  сезген
төңірек те Светаға қырын көзқарасын қойып, беттері түзелді.
Босанып  есін  жиып,  өзіне  келгеннен  кейін,  тұрмыстың  ауырлығына
қарамастан Света қайтадан түрленіп, ажарланып кетті. Қаңсып жүрген сүр
бойдақ  партизандар  емес  пе,  енді  кейбіреулер  бұл  келіншекке  тамсанып,
ұрлана  көз  тастайтынды  шығарды,  бірақ  одан  əріге  бата  алмайды.
Светаның  басы  бос  та,  бос  емес  те  сияқты,  сондықтан  екі  ұдай
дүдəмалдықтан  аттап  өте  алмай  ма,  олар  да  осы  келіншектің  өздеріне
бөлегірек  тұрған  биіктігінен  қаймыға  ма,  не  де  болса  əйтеуір  батып  сөз
айтпақ  тұрсын,  қысыр  қалжыңмен  барлау  жасап,  сүйкенушілер  де  болған
жоқ. Оларды тежеген осы соңғысы шығар, болмаса безіп кеткен Николайға
бола  іркіле  қоймайтын  батыл  жігіттер  де  баршылық  қой.  Жəне  нəпсі
дегенді соғыс елей бермейді, қайта таяу тұрған ажал оны өршітіп жібереді.
Бəрін  ұмыттыратын  да,  барлық  жараны  жазатын  да  уақыт  қой.  Уақыт


өткен  сайын  алғашқы  айнудың  уыты  қайтып,  əрқайсы  сабасына  түсіп,
қимастық  жеңін,  Николай  мен  Светаның  арасы  қайтадан  жақындасар  ма
екен,  мүмкін  тіпті  табысар  ма  екен  деген  көңіл  түкпірінде  бұғып  жатқан
əлсіз  үмітім  болып  еді,  ол  үмітім  сөніп  барады.  Светаға  осы  ойымды
білдіруге жарасын қасығандай ыңғайсыз көріп, бата алмаушы едім, ақыры
шыдай алма тіл тартып көрдім.
— Шынымды айтсам əуелі менің де сондай ойым болып еді. Бірақ қазір
енді...— деп Света іркіліп қалды.
— Неге? Николай сондай қатал жігіт емес қой. О да жібір.
—  Оған  күмəнім  бар.  Ол  өзі  тым  намыскер.  Бірақ  өзімнің  көңілім
қалды.
—  Көңілім  қалдысы  қалай?—  деп  таңырқап  Светаның  бетіне  бажырая
қараппын.
Света  маған  баланы  мүсіркегендей  жылы  шыраймен  сəл  жымия  қарап,
бір  күрсініп  алды,  дүниеде  осындай  көзқарас  жаман,  өзің  алдыңдағы
адамнан өреңнің төмендігін сезіп, кішірейіп қаласың.
— Сонда немене менің көңілім ешкімнен қалмауға тиіс пе? Ренжуге де
хақым жоқ па?
— Əрине, енді... Бірақ Николайдың айыбы жоқ қой.
— Əрине, айыпты менмін. Менің өзімнен басқа ешкімге ренжуге қақым
жоқ.  Сонда  астын  бүлдіріп  алған  қаншық  сияқты  аяғына  жығылып,  етігін
жалауым керек пе?— Адамға дөкір сөз айтып көрмеген сыпайы Светаның
аузынан  «қаншық»  деген  сөзді  осымен  екінші  рет  естідім.  Екеуінде  де
өзгеге  емес,  өзіне  ғана  теліп  айтты,  бұ  жолы  да,  сонау  орман  ішіндегідей
беті безеріп кетті. Meн үрпиіп шошына қарап қалсам керек:
—  Сен  түсінбейсің  ғой,  Надя,—  деп  мүсіркегендей  сəл  езу  тартты,
безерген беттің жымиғаны да жаман болады екен.
Жоқ,  Светаның  ашынып  айтқан  бір  ауыз  сөзінен  көп  нəрсені  түсініп
қалдым.  Бұрын  байыбына  жетіп  ойламаппын,  шынында  да  айыпты  адам
мен  айыптаушы  адамның  арасында  қандай  теңдік  болмақ.  Бірі  өмір  бойы


өзін  қорсынып  жүрсе,  бірі  кешіргенін  бұлдап,  жарылқағандай  ерсініп
жүрсе... сұғанақ көздерге сырты бүтін көрінгеннен басқа не пайда.
—  Мұндайды  бүтіндеу  үшін  өте  күшті  махаббат  керек,—  деді  Света
аздан  кейін,  көңілім  басып  ойлана  сөйлеп.—  Ондай  махаббат  менде  жоқ.
Егер  ондай  махаббат  болса  ақылыма  əл  бермей  шашымды  жұлдырып,
еңіретіп  аяғына  жығар  еді  ғой.  Ондай  махаббат  Николайда  да  жоқ  болып
шықты.
—  Неге,  Николайдың  сен  дегенде  шығар  жаны  басқа  емес  пе  еді?—
дедім  мен.—  Тек  əншейін  намысы  буып...  еркек  емес  не?  Болмаса  ол  сені
əлі де жақсы көреді. Қимайды.
— Мүмкін. Бірақ нағыз махаббат намыстан да аттап өтеді.
—  Еркек  намысы  деген  оңай  ма,  ойбай  —  ау.  Оның  үстіне  кілең
жігіттердің  арасында  жүрген  соң...  Олардың  кекесінді  көзқарасының  өзі
намысын  шабақтап  болады  ғой.  Еркектің  сыры  белгілі  ғой,  ол  тек  содан
қорқып жүр. Болмаса, құдай біледі, ол сені жақсы көреді. Соны менің ішім
сезеді,— деп Светаға бар білген шынымды айттым.
—  Оны  да  білемін,—  деді  Света  байыппен.—  Мен  көп  ойланғанмын.
Сенімен  орман  ішінде  ажырасқаннан  бері  мені  не  ойламады  дейсің.
Николай да сол ойлаған жерімнен шықты. Ойлап қарасам ол өзгелердікінен
сұлу  əдемі  əйелді  қолына  түсіріп,  соны  жақсы  көріп,  иə,  жақсы  көріп,
жұрттан  қызғанып  қызғыштай  қорып  жүрген  адам  екен.  Енді  сол
аяныштысын  ит  жыртып  кеткен  соң  іші  күйіп  өлердей  болып  жүр.—
Светаның өңіне ащы мысқыл ойнап шыға келді.— Meн сұлу əйел емес —
адаммын.  Шын  жақсы  көрген  адам  ең  алдымен,  сол  адамның  қасіретін
түсініп, қайғысын бөлісу керек емес пе?
Светаның  мына  сөзіне  мен  қатты  тоқырап  қалдым.  Менен  білікті
ересек,  оның  үстіне  қасіреті  қатты  толғантқан  əйел...  менің  алдымнан  бір
терең  шындық  ашып  отыр.  Сол  шындықтан  мықтап  ұстанғым  келіп,
ойыммен  қарманам,  бірақ  қолыма  ілікпей  уысымнан  шығып  кете  береді.
Менің  ана  сүтімен  бойыма  сіңген  ұғымымда  əйел  еркектің  құдай  қосқан
қосағы,  басыбайлы,  өмір  бойы  еншісіне  тиген  адамы,  басқа  ұғым  болады
деп  ойлаған  да  жоқ  едім.  Еркек  бас,  үйдің  иесі,  бала  —  шағаның  иесі  де
сол.  Қамқа  əжем  де  «шапылдап  еріңнің  бетінен  алушы  болма»  деп


үйреткен. «Əйел теңдігі» деген де мен үшін, мен үшін ғана емес — ау, бүкіл
қазақ  əйелдері  үшін,  көңілі  қалған  адамына  қосылудан  əріге  онша  ұзап
шыққан емес. Ал, өзім көрген орыс əйелдерінің теңдігі біздікінен молырақ
болғанмен ерінің жалақысын қолына алу, ерлерімен бала бағу, жаялық жуу
тəрізді үй — іші от басындағы жұмысты бөлісуден əріге бармайтын сияқты
еді.  Мына  Светаның  айтып  отырғаны  басқаша,  ол  тіпті  еркектік,
ұрғашылық  шаруасынан  да  биігірек.  Сонда  ерлі  —  зайыпты  адам  қанды
көйлек  дос  болған  екі  ер  азамат  сияқты  терезесі  тең...  бірін  —  бірі
сыйлайтын, түсінетін... қасіреті болса қақ бөлісетін... тоқта... тоқта... мына
ойы  түскірі  мені  қайда  алып  бара  жатыр?  Солда  мен  Қасымбекпен  теңмін
ден  жүрсем  кем  болғаным  ба?  Бұрын  ойламаппын  —  ау,  енді  ойласам  ар
жағы аңырайып ашылып барады. Ол үлкен, мен кіші жас жағын айтпаймын
—  ау,  ол  қамқоршы  мен  соның  қамқорындағы  пенде,  ол  күшті  мен  осал.
Əрқашан да оның бір демі үстем, мен оның ығындамын. Тіпті бір ауылды
аузына қаратқан Қамқа əжемнің өзі «еріңнің бетіне келме», «еріңнің сағын
сындырма» деп үйреткен жоқ па; өзі үстем бола тұрып, еркектің үстемдігін
о  кісі  құлағымызға  сіңірген.  «Əйел  жолы  жіңішке»—  өзім  ес  білгелі  бұл
сөзге  қарсы  дау  айтқан  қазақ  əйелін  көрген  емеспін.  Əйел  аяғын  қия
баспауға  тиіс.  Əрине  қазақ  əйелінің  бəрі  бірдей  етегіне  намаз  оқып
отырмаған  шығар,  бірақ  ондайда  іс  насырға  да  шаба  бермейтін,  байлары
қамшының  астына  алып,  тарсылдатып  сабап  алады  да  бітісіп  кете  береді.
Қатын  қоя  берген  қазақ,  кейін  көбеймесе,  əзірге  азғантай.  Дегенмен
күйеуінің  көзіне  шөп  салу  масқара.  Ал,  ондай  істі  еркектер  істесе,
масқарасы  тұрсын  мақтаныш.  Өзім  көрген  орыс  əйелдерінің  ішінде
кейбіреулері  «мен  күйеуімнің  опасыздығына  төзе  алмаймын»  деп  мақтана
паш  етіп,  күйеулерінің  аяғын  қия  бастырмай,  əр  қадамын  аңдып  əлек
болатын.  Аңдығаннан  кейін  —  ақ  адалдықта  қандай  қасиет  қалатынын
білмеймін.
Светаның осы бір сөзі менің кішкене миыма сыймай басымды шырдай
қатырды.  Бірақ  қиын  да  болса  еліктіріп  əкетіп  барады.  Сол  ойды  қуалап
келе  жатып,  адасып  қалып,  ауытқып  кете  берем.  Дегенмен  бір  нəрсенің
ұштығынан ұстаған сияқтымын. Əрине, бұл «мен тең болам» деп еріңнің əр
қадамын, істеген ісін, сөзін өлшеп, есеппен теңесетін теңдік емес, бұл бірін
—  бірі  жақсы  көрген  екі  адамның  ақыл  ойының  теңдігі,  түсінісуі...
Мəссаған, тек сонда ғана қалтқысыз, шындап сыйласуға болады екен — ау.
Николай  Светаны  шынымен  сүйіп,  дос,  жолдас  жақын  адам  деп  сыйласа,
жұрттың  кекесін  мазағына  бір  түкіріп,  тіпті  қосылмаса  да,  оның  қасіретін
түсініп,  білуге  тырыспас  па?  Ал,  Света  болса,  ішінен  сезеді,  сұқ  көздерге,


ішінен  жегідей  жеп  жатқан  жан  жарасымен  жалғыз  алысып  келе  жатқан
жоқ па? Тірі болса бұл азабы бүгінмен бітпейді ғой, сонда қасындағы жары
қайда?
Meн  бір  ұзын  сонар  ойға  түтіп  кетіппін.  Светаның  бір  рахаты,  сенімен
іштей  сөйлесіп  отырғандай  ойыңды  бөлмейді  ғой,  кенет  ұйқыдан
оянғандай басын көтеріп алып:
— Света, дұрыс айтасың. Дұрыс,— дегенде ол селт ете қалды.
— Нені?— деп таңырқай қарады да, менің ойымды түсініп, «а — а» деп
езу тартты.
—  Шын  жақсы  көрген  адам...  қасіретке  түскен  қосын  жалғыз  тастамау
керек. Əйел мен еркек етек басқа да... былай терезесі тең дос, бір — біріне
серік, сүйеніш болуы керек емес пе? Meн сені түсінемін,— дедім.
Светаның  не  түсінгенін  білмеймін,  жаман  орысшаммен  бытып  —
шатып  жеткізгенім  осы  болды.  Ар  жағымда  сайрап  тұр,  бірақ  оны  мен
орысша  түгіл  қазақша  айтып  та  жеткізе  алатын  емеспін,  əйтеуір  сонда  да
Света бір нəрсені ұқты — ау деймін.
—  Бір  —  бірімізді  түсінген  сияқтымыз,—  деді  де  сол  жымиып  езу
тартты.—  Орман  ішінде  бала  емізіп  отырған  екі  қатынның  əңгімесі  тым
алыс философияға алып кетіпті ғой,— деп күлді содан кейін.
Светамен  арамыздағы  осы  əңгіме  мені  біраз  толғантса  да,  шынымды
айтсам,  Қасымбектен  терезем  тең,  өріс  —  өрем  деңгейлес,  деген  ой  мені
бұрын  да  онша  мазаламайтын,  кейін  де  көп  толғанта  қойған  жоқ  —  мені
қинағаны осы отрядта жүрген өзге жұртпен теңелу болды. Иманды болғыр
Дуня  апайдың  үйінде  балпиып  жатып  алғанда  онша  қиналмаушы  едім,  ал
мына  жаумен  жағаласып  жорықта  жүрген  адамдарға,  он  жерден  командир
əйелі болсаң да, салмақ салу тіпті ыңғайсыз екен. Əрине салмағың жалғыз
күйеуіңе емес, көпке түсетіні белгілі, ондайда біреудің болмаса біреудің сұқ
көзіне  ілінесің.  Дүниеде,  өзгелерге  масыл  болып  жұрттың  сұқ  көзіне
іліккеннен асқан қорлық бар ма, осыны ішім сезіп, елегізіп, лагерьге келген
күннің ертеңінен — ақ мына жұртқа масыл болмаудың амалын ойлап, жан
— жағыма алақтап екі қолыма жұмыс іздедім.
Осындайда  атам  қазақтың  айлакерлігінің  бір  пайдасы  тиді.  Босанған


соң  шуы  кеппей  жатып  —  ақ,  белін  түрме  белбеумен  тас  қылып  таңып
алып,  орнынан  тұрып,  малын  сауып,  қазан  —  ошағына  қарап,  шаруасына
кірісіп кететін қазақтың əйелі емеспін бе, мен де бауырымда балам бар екен
деп  балпиып  отырғаным  жоқ,  оның  үстіне  өмірдің  өзі  —  ақ  мені  іске
араластырмай  қоймады.  Үй  —  күйсіз,  орман  паналап  жорықта  жүрген
еркектердің,  бір  мен  емес,  мен  сияқты  он  шақты  əйелге  жетерлік  тіршілік
мұқтажы  болады  екен.  Еркектер  кір  —  қоңын  өздері  жуғанмен,  жыртық,
тесігін  жамау  қолдарынан  келе  бермейді.  Күнде  жорықта  жер  бауырлап
еңбектеп,  бұқпантайлап  жүргенде  шөгір  мен  шөңге,  бұтаның  тікенегі
киімді  қоя  ма,  қазан  —  ошақты  былай  қойғанда,  осы  əркімнің  жыртық,
тесігін  жамаудың  өзі  бір  басымнан  асып  жатыр.  Жəне  партизан  өмірінде
қат емес нəрсе жоқ, көбіне тігетін машина жіп те болмай қалады, мұндайда
да  сол  қазекемнің  мұқтаждық  үйреткен  жоқты  бар  қылатын  өнерінің
пайдасы тиді; бір жапырақ шүберек болса соны суыртпақтап, ширатып жіп
жасап алып тіге беремін.
Əуелгі кезде, командирдің əйелі, оның үстіне жөргекте баласы бар, деп
партизандар маған ұсақ — түйек жұмысын айтуға бата алмаушы еді, бірақ
бір  кемедегі  сияқты  жорықтағы  өмір  де  үлкен  мен  кішінің  айырмасын
азайтып,  адамдардың  арасын  жақындастырып  жібереді  екен,  партизандар
маған да тез үйреніп алып, еркектердің ебедейсіз қолынан келмейтін істерін
іркілмей  əкелетін  болған.  Ондайда,  рахмет  жауғырлар,  «ой,  Надя,  сен
болмасаң  біздің  күніміз  не  болмақ»,  «сен  болмасаң  қолымыз  кесіліп
қалғандай» деп қолпаштап, жарым көңілімді марқайтып кетеді.
Əсіресе  бір  бағамның  көтерілген  жері  болды.  Партизандар  ашыққан
кезде біреу ғайыптан бір қап бидайды қолға түсіріп лагерьге алып келіпті.
Алғашқыда  қуанып  қалған  партизандар,  орман  ішінде  оны  тартатын
диірмен  жоқ,  неғыларын  білмей  қатты  састы.  Біреулер  «қайнатып  жесек
қайтер  екен»  деп  дағдарып,  шыдамағандары  шикі  бидайды  шымшып
ауыздарына салып талмап жатыр.
«Диірменнің  де,  қайнатудың  да  керегі  жоқ,  қазір  пісіріп  берем»  дедім
де, таяқтың басына шүберек орап былғауыш жасап алып, бидайды қуырып
жібердім.  Быртиып,  қызара  бөрткен  ыстық  бидайды  күрт  —  күрт  шайнап
жұрт  мəре  —  сəре  болды  да  қалды.  «Ой,  мынау  не  деген  тəтті»  деп  маған
алғысты  жаудырып  жатыр.  «Как  у  тебя  здорово  получается?  Бізге  де
үйретші» деп жалынады.


Өстіп,  баламды  көтеріп  жүріп  —  ақ  партизандарға  кəдімгідей  сіңісіп
алдым,  өзімнің  орным,  істейтін  толып  жатқан  шаруам  бар,  қажеті  келіп
қалғанда «Надя қайда?» деп іздеп жатады. Тек қоныс ауыстырғанда, немесе
лагерьге  дұшпан  төтеннен  шабуыл  жасаған  кездерде  ғана  өзгелерге
ауыртпалығым  түседі,  бірақ  біздің  партизандар  оған  да  үйреніп  алған.
Талайды  көрген  солдаттардан  естуіме  қарағанда  —  майдандағылардың  да
бəрі  бірдей  жаумен  бетпе  —  бет  соғыспайды  екен,  біразы  штабта,  обозда,
тылда  сол  соғысқандардың  жабдығымен  жүретін  көрінеді.  Соған  қарап,
тікелей  соғыспасам  да  сол  соғысқандарға  қолғабысым  тиетінін  көріп
масылдық сезімнен айыққанмын.
Жоғалып  кетіп  Қасымбекпен  қайта  қосылған  өмірім  оқып  келе  жатқан
кітаптың  жыртылып  қалған  біраз  бетін  амалсыз  аттап  өтіп  ар  жағынан
жалғаған  сияқты  болды  ма  қалай,  əйтеуір  əдепкіде  үзіліп  қалған,  жетпей
тұрған бір нəрсесі болды. Үш — ақ ай отасқан жас келіншек пен жас күйеу,
қызығы  басылмай  жатып  бір  —  бірінен  айрылып  қалып,  енді  келіп,  аяқ
астынан  баласы  бар,  үйлі  —  баранды  ерлі  —  зайыптар  болып  табыстық.
Осы  бір  хəліміз  екеумізге  де  тосындау  көрініп,  оның  үстіне  аздап
жатырқасып та қалған екенбіз; соны білдіртпеу үшін, алғашқы күндері бір
—  бірімізге  артығырақ  ықылас  көрсетіп,  орынсыз  елпектейтінімізді  де
байқадым.  Күйеуіме  деген  бұрынғы  жақындығым,  ол  жайлы  бұрынғы
білген  —  түйгенім  өзгеріп  кеткен  бе,  əлде  екеуміз  де  өзгеріп  кеткенбіз  бе,
əйтеуір бір-бірімізді қайтадан танып келе жатқан сияқты болдық.
Екеуміз  қайтадан  ұшырасқаннан  кейін  ортамызда  бала  тұрды.  Сəбидің
алғашқы  қызыл  шақа  шарана  кезінде,  Қасымбек  балаға  онша  ықыласты
болмады,  менің  көңілім  үшін  баланың  бетіне  қарап  кішт  —  кішттеп
ыржиғанмен,  ар  жағында  осы  бір  ғайыптан  пайда  болған  қызыл  шақаны
іштей жатырқап тұрғанын сезетінмін. Содан кейінірек сəби адам бейнесіне
кіріп,  бет  —  бедері  айқындалып,  бетіңе  қарай  ыржиятынды  шығарғанда
Қасымбек  тіпті  өзгеріп  кетті.  Баласын  қолына  алып,  сілкілеп  күлдіріп,
соның  езу  тартқанына  мəз  болып,  «көрдің  бе,  көрдің  бе?»  деп  мені
жұлқылап, қуанышқа кенеліп қалатын болды. Əсіресе, алғашқы кезде қолы
босап  кетсе  —  ақ  баласымен  əуре,  жас  сəби  күн  өткен  сайын  тосын  бір
мінезі  мен  қылығын  танытып  отырады  ғой,  Қасымбек  соның  əр  қылығын
өзі  ғана  көріп,  шешесі  көрмей  қалатындай  «мынаң  қарашы,  қарашы»  деп
менің  мазамды  алады,  «көргенмін,  білемін»  деп  қайрылмасам  кəдімгідей
ренжіп  қалады.  Əрине,  көбіне  екеуміз  баланы  бірге  қызықтап,  қосыла  мəз
боламыз. Қасымбек мені сүймей, баласын аймалай береді деген қызғаныш


жоқ  кеудемде,  оның  баласына  деген  ықылас  —  мейірімі  менің  де  ішімді
жылытып  қоя  береді.  Күйеуім  қазекеңнің  көп  еркегі  сияқты,  кəдімгі
балажан болып шықты. Абзалы, балажан еркекті əйелі де жек көрмейді ғой.
Кішкентай  Дулатжан  ата  —  анасына  ғана  емес,  белгісіз  түзде  жортып
отбасы ошағының жылуын аңсап жүрген еркектерге де жақсы ермек болып
алды.  Өтіп  бара  жатқан  біреуі  қайрылмай,  оны  еркелетпей  кетпейді,
кішкене  сəбиді  көргенде  партизандардың  түзде  тотыққан  суық  жүздері
жылып  қоя  береді.  Ылғи  кісі  өлтіріп,  өздері  де  сағат  сайын  ажал  тосып,
ыстық  пен  суыққа,  жақсылық  пен  жамандыққа  қатып  алған  сұсты
еркектердің сауыстанып кеткен жүректеріне, кішкентай қорғансыз сəби бір
тамшы  жылу  тамызып  еткізеді.  Байқаймын,  сын  сағаттарда  қанша
ауыртпалық  —  əлегі  болса  да,  мына  қарғыс  атқыр,  мұздай  суық,  сұрқай
өмірдің  ортасында  жылтыраған  кішкентай  нəзік  шырақ...  бəрінің  көзін
тартып  көкіректерінде  мейірім  отын  тұтататын  сияқты.  Қолы  босап
кеткендері — ақ Дулатпен əлек болып, оны секіртіп, атқылап қағып алып,
баладан бетер өздері мəз болып жатқанын көрем.
Қасымбек  жұрт  көзінше,  төңіректей  беруге  ұялғанмен  баласын  сүюге
ұялмайды. Енді ол маған деген ішкі сезімін тікелей білдіруге қысылып, осы
бала  арқылы  жеткізіп  жататын  сияқты,  не  де  болса,  əйтеуір  екеуміздің
ықылас  —  пейіліміз  осы  кішкентай  нəрестенің  балғын  тəнінің  үстінде
түйіседі.  Бұл  бала  екеуміздің  жақындығымызға  бұрынғыдан  басқаша,
бөлекше бір сипат мағына берді; əлі сыр мінез болып, сырына қанықпаған,
жаңа ғана үйренісіп келе жатқанда соғыс ажыратып, жатырқатып тастаған
екі  жастың  арасын  бірден  жалғастырып,  бір  ұя  қылып,  кіндігін  біріктіріп
жіберіп еді. Сөйтіп, аяқ астынан үй болып кеттік те, бір — біріміздің артық
—  кемдігімізді,  жақсы  —  жамандығымызды,  бір  —  бірімізге  деген
ықыласымыздың  да  көп  —  аздығын  ойлауға  пұрсатымыз  болмаған.  Оны
жəне  ойлатпайтын  да  нəрсе  бар:  ол  соғыста  жүрген  адам  өмірінің
баянсыздығы. Күдерімді үзген кезде күйеуім ғайыптан кездесіп еді, бір күні
ғайыптан  жоқ  болатын  сияқты  көрінеді  де  тұрады.  Осы  бір  берекемді
қашырған  жылымшы  күдіктің  өткір  уытын  уақыт  қайтарған  сияқты  еді  —
ол  құрғыр  үшті  —  күйлі  жоғалып  кетпесе  де,  жанымды  онша  қинамай
жарымайтын да жазылмайтын сыздауық сияқты бір бүйірімде тыныш қана
жатып алған — ды. Жүрегі түскірдің қатерді күні ілгері сезетін пəлесі бар
ма,  уақыты  жеткенде  мүлгіп  жатқан  күдігім  оянып,  жарылмаған  жарам
сыздап қоя берді.


Биыл  жазда  партизан  өмірінде  кездесе  бермейтін  бір  тамаша  отырыс
болып  еді.  Тапсырмаға  кеткен  бір  топ  қолдарына  біраз  тамақ  та,  арақ  та
іліктіріп,  олжалы  қайтқан  екен.  Азықтың  тапшы  кезінде  қытымырлық
жасамаса  бола  ма,  Қасымбек  азық  —  түлікті  есепке  алып,  шашау
шығармай,  тығып  тастап,  ішімдікті  де  ешкімге  татырмай  отырғанда
Носовец  келе  қалды.  Əншейінде  салмақты,  сабасынан  шықпайтын  мығым
кісі  осы  жылы  ішіне  сыймай  баратқан  бір  нəрсесі  бардай  сабырсыздау
көрінді.  Сөзі  де  жылдамырақ,  даусы  да  қаттырақ  шығады,  «мұның  бəрі
əншейін,  сендер  білмейсіңдер,  үлкен  нəрсе  алда»  дегендей  тапсырманың
орындалуын  да  бұрынғыдай  тəптіштеп  сұраған  жоқ,  Абанның  қызына
баяндап жатқан сөзін сабырсыздау тыңдады. Содан кейін:
— Өте жақсы. Бірақ үлкен іс енді келе жатыр, жігіттер. Орел мен Курск
түбінде  біздің  əскер  жауды  талқандап  үлкен  шабуылға  шықты.  Бұл  үлкен
жеңіс.  Ал,  жолдас  Еділбаев,  қолға  түскен  олжаңды  ортаға  сал.  Жеңісті
тойлаймыз бүгін,— деді.
Іштеріндегі  ең  үлкен  жəне  қатал  да  салмақты  кісінің  көтеріңкі  көңіл
күйі  өзге  жұртты  тіпті  қыздырып  жіберді.  Партизандар  бір  —  бірін
жеңіспен  құттықтап,  дабырлаған  қуанышты  дауыс  орман  ішін  басына
көтеріп, кəдімгі бір дырду басталып кетті, кейбіреулері уралап айқайлап та
жатыр.  Жұрт  қызыл  əскер  тура  қасымызға  келіп  қалғандай  қуанды,
ешкімнің ертеңгі күнді ойлағысы келетін емес, олжадан келген азғана азық
—  түлік  мен  арақ  —  шарап  ортаға  түсті.  «Жеңіс  үшін!»,  «Жауды  құрту
үшін!»  алғашқы  стакан,  кружкалар  құтылып  кетті.  Əншейінде  шиыршық
атып  ширығып,  қабағы  ашылмай  жүретін  солайдың  да  осы  жолы  тығыны
ағытылып кетті. Сырлы кружкадағы арақты қылқылдатып көтеріп тастады
да, жұдырығының сыртымен аузын сүртіп, жұрттан ұялмай екі саусағының
арасында бас бармағын шығарын екі танауын кезек иіскетті де:
— Раз пошла такая иьямка, режь последний огурец,— деп қалды.
Біреулер  қарқылдап  күліп,  жұрт  мəз  болып  жатыр.  Менің  бір
байқағаным, соғыстағы адамдар аз нəрсеге қуаныш, жоқ нəрсеге күліп мəз
болысып жатады; бұ да бір іш құсаға алдырмаудың, адамның ақылы емес,
соқыр  сезімі  тапқан  амалы  болу  керек.  Жаздың  жайлы  кешінде  көк
майсаның үстінде жұрт дөңгелене отырған — ды, кейбіреулері шынтақтап
жатқан — ды, бірақ қыза келе көбі орындарынан тұрып кетті.


Света  екеуміз  кенеп  қапшықты  сілкіп  —  сілкіп,  дастарқан  қылып
жайып  соның  үстіне  ас  дайындап  жүрміз.  Қайнатып,  пісіріп  жатқан
ешнəрсеміз  жоқ,  бірақ  немістерден  түскен  нан,  сүр  май,  колбасаларды
турап, қарық қылып тастадық. Партизандар ішіп те, жеп те жатыр.
—  Эх,  шіркін  өзіміздің  орыстың  арағы  болар  ма  еді!  —  деп  арман
қылады біреулері, сіміріп тастап кружканы жерге қойып жатып.
— Арақты айтасың, самогон болса де, шіркін. Немістің арағы мейіріңді
қандырмайды.
— Мына құрғыр кісіні ала алмай жатыр. Шайынды ішкендей əншейін.
Əйтсе де, немістің арағы да осыларды «алды — ау» деймін, гүжілдеген
жұрт  енді  əнге  басты.  Ішу  жағына  келгенде  біздің  Абан  да  орыстардан
қалысатын емес, əншейінде дабырлақ жігіт тіпті даңғырлап кетті.
—  Жеңіс  үшін!  Енді  Нəзираны  елге  қайтаратын  кезіміз  жақындап
қалды. Менің жеңгемнің елге аман — сау жетуі үшін!— деп, көптің гүжілін
басып,  айқайлай  тост  көтереді,  енді  бір  —  екі  ұрттағаннан  кейін  мені
ауылға да жеткізіп салатын түрі бар.
Арақ  ішпесем  де  жұрттың  буына  кəдімгідей  қызып  қалған  түрім  бар,
ауылға  жетпесем  де  жарты  жолда  бара  жатқандай,  уайым  —  қайғыны
ұмытып, дүниеге нұр жүгіріп арқа басым кеңіп барады. Əдетте қатқыл өңі
сирек,  өзім  қаймыға  беретін  Носовецтің  жағасы  жайлау  дархан  болып
алған.
— Құйсаң құйшы. Партизанға күнде той бола бермес,— деп, кəдімгідей
ыржиып кружкасын тоса береді.
Қасымбектің  алдында  отырған  Дулаттың  қолтығынан  түрткілеп,
қытығын  келтіріп,  күлдіреді.  Содан  екі  саусағын  ашалай  шошайтып:
«мүйізді  теке,  мүйізін  шошайтып,  сүзеді  сені...»  деп  баланы  үркітіп
ойнатып өзі де мəз болады. Кенет күлкісін тыйып:
—  Біздің  орнымызды  басатын  осылар,—  деп  үлкен  бір  ой  айтып
тастады.—  Жорықта  туып,  шынығып  өскен  нағыз  мықты  солдат  осы
болады,—  деп  мақтап  Дулаттың  арқасынан  қағып  қойды.—  Солай  ма,
жігітім?


Жұрттың  бəрі  көңілді.  Ең  аяғы  Кузьмич  дейтін  ақшұнақ  шал  да
көңілденіп  алыпты,  өңі  жылтырап,  əркімнің  бетіне  жымия  қарап
рахаттанып  отыр.  Осы  бір  ат  жақты,  жұқа  кең  танауы  делдиген  пісте
мұрынды  кішкене  шал  біздің  отрядқа  биыл  көктемде  келген.  Сақал  —
шашы  мамықтай  аппақ,  жұрт  оны  «Кузьмич»  десе  де,  мен  өзімше
«Ақшұнақ  шал»  деп  атап  кеткем.  Менің  осы  жұртқа,  сыртыма  шығарып
айтпайтын,  іштей  қойып  алған  аттарым  болады.  Өзі  баяғы  лагерьге  жау
тигенде  мені  ат  шанамен  алып  қашатын,  кейін  менің  көз  алдымда  қаза
тапқан Саша деген жігіттің əкесі екен. Баласы қаза болғасын үйінде отыра
алмай,  «баламның  орнын  басамын»  деп  біздің  отрядқа  келген.  Содан
обозда, көбіне екеуміз бірге боламыз. Басында «қолыма қару алып, жұртпен
бірге соғысамын» деп қиғылық салып еді, Қасымбек:
— Отағасы, обоз да соғыс,— деп тыйып тастаған.
—  Əрине,  обозсыз  соғыс  болмайды  ғой...  Бірақ  баламның  кегін  өз
қолыммен  қайтарсам  деп  едім...—  деп  шал  қинала  тұрып  тəртіпке
бағынған.
Баласының  көз  жұмған  сəтінде  қасында  болғаным  үшін  бе,  өзі  мені
кəдімгідей  іш  тартып  жақсы  көріп  кеткен,  ылғи  «қызым»  деп  сөйлейді,
Дулатты да еркелетіп, ермек қылып алды, оны «немерем» дейді. Онша көп
сөзді  кісі  емес,  баласының  қаза  тапқан  жағдайын  да,  мен  бір  айтқан  соң,
қайталап  сұрамады.  Өзі  бір  шаруаға  мұқият  адам  екен,  «қызым,  əжетке
жарамайтын  нəрсе  болмайды»  деп  сабақты  жіпті  жолда  қалдырмайды.
Терісі жұқа беті де қызғылт, көзі де тамырланып қызарып жасаурап тұрады,
содан  ба,  өңінде  жаңа  ғана  жылап  басылғандай  қасіреттің  ізі  бар.  Бір
кружканы тастап алды ма, білмеймін, байқамай қалдым, қазір бетіне əдемі
қызғылт нұр жүгіріп, жасаураған көзі жылтырап, осы жұрттың бəрін жақсы
көргендей,  сүйсіне  қарап,  жымиып  отыр,  осындай  бір  өңінің  жылтыраған
кезін Дулатты еркелеткенде байқап қалушы едім.
Арақ  ішпесе  де,  Светаның  да  көңіл  күйі  жаман  емес,  жұртқа  қабағын
ашып,  жайдары  қарайды.  Николайдан  да  жүзін  тайдырмайды.  Жалпы
Света,  Николаймен  кездесуге  құштар  болмаса  да,  кездесіп  қалған  жерде
қашқақтамайды,  қысылып,  қипақтап,  тезірек  кетіп  қалуға  тырыспайды;
Николай  ол  үшін  осы  көптің  бірі  ғана  сияқты.  Өз  басыма  түссе  қолымнан
келмейтін  Светаның  осы  іштей  ірілігіне  қызығамын.  Николай  əрине,
бұрынғы  əйелінің  ол  мінезіне  онша  қызықпайтын  болар,  өйткені  ондай


кездесулерде  Света  қысылмайды,  ол  қысылады  —  іштей  булығып,  сіресіп
ширыға  береді.  Қазір  де  байқаймын,  Светаның  осында  қаннен  —  қаперсіз
бірге  отыруы  —  шиыршық  атқан  жігіттің  ішкі  пружинасының  екі  —  үш
бұрамын  артық  бұрап  жіберген  сияқты,  даусы  да,  күлкісі  де  қаттырақ
шығады. Света жаққа қарамауға қанша тырысқанымен көзінің қиығы түсе
береді, а — ай, қанша тыраштағанмен Николай Светаны қимайтын сияқты.
Осындай  жұртты  түгел  жадыратқан  жақсы  кеште  екеуі  өкпелерін  қиып
табысып  кетпес  пе  екен,  деген  алдамшы  үміт  жылт  ете  қалады  кеудемде.
Күйеуім  де  өзіме  тартқан  ғой  деймін,  əзірге  біріміз  Николайға,  біріміз
Светаға  ақыл  айтып  екеуін  иліктіріп  жанастыру  қолымыздан  келмей  —  ақ
қойды.
Партизандар
қосылып
«Катюшаны»
шырқайды.
Сонау
Батыс
Белоруссияда, əдемі усадьбаның ішінде, полк командирлерінің əйелдерімен
бірге тұрған бейбіт кезім, жаңа түскен жас келіншек кезім көз алдыма келіп
тұра қалды. Осы əнді алғаш рет сонда, əйелдердің бас қосқан отырысында
естігенмін. О да бір заман еді — ау. Күні кеше ғана сияқты еді, одан бері...
Əнге Николай да қосылған, əсіресе «Пусть он землю бережет родную, а
любовь  Катюша  сбережет»  деп  қайталап  айтатын  жеріне  келгенде,  өзге
жұрттан қаттырақ шыңғырып айтады.
Осы бір жұрттың бəрін жарқыратып, арқа басын жазып тастаған жақсы
кеште  сол  бір  жаман  сезімнің  қайдан  келгенін  өзім  де  білмей  қалдым.
Жаздың  ұзақ  күні  еңкейіп,  ұясына  жақындап  қалған,  жұрттың  хормен
айтқан  дауыстары  бет  —  бетіне  бытырап  берекесі  қаша  бастаған  соң,
«қазақша  бір  əн  салып  бер»  деп  Носовец  маған  жармасқан,  «кəне,  Надя»
деп көпшілік те оны қостай жөнелген. Мен қапелімде не айтарымды білмей
қысылып, ойланып қалып едім: құлағыма шырылдаған Парашканың даусы
келді. Иə, иə, кəдімгідей естідім. Өзге жұртты білмеймін, өзім анық естідім.
Өңім  бұзылып  сұлқ  түсіп  кетсем  керек,  кеукеулеген  көп  іркіліп  қалды.
Жолың  болғыр  Абан  «əуелі  мен  айтып  берейін»  деп,  таяқты  домбыра
қылып  сабалап,  бір  əнге  басып  кетті.  Мен  оның  не  айтып  жатқанын  тіпті
білгенім де жоқ, Абанның жуан даусының арасынан, бəкімен тіліп өткендей
шырылдап  құлағыма  Парашканың  даусы  келеді,  даусына  ілесе  күлім  көзі
дөңгеленіп,  томпақ  беті  жылтырап  өзі  де  көрінді...  Енді  бір  сəт:
жарқабақтың  басында  шешесінің  мойнынан  құшақтап  алып,  сəби  көзіне
үрей  кіріп,  шошынып:  «ағатайлар,  өлтірмеңдер.  Əн  салып  берем...»—  деп
шырқырағаны...


Тіпті жаман болып кеттім.
Кейде  көп  ойлаймын,  біраз  байқағаным  да  бар:  кілең  ажалдың  ішінде
жүрген  кісі  əрбір  өлген  адамға  таусыла  қайғырып,  діңкесін  құртып
жатпайды;  əйтсе  оқ  астында  өмір  сүре  алмас  еді.  Адам  қайғырмайын  да
демейді,  бірақ  жүрек  деген  шіркіннің  өзі  көтере  алмайтын  қасіретті  ішіне
жібермей, жан сақтау үшін қымтанып алатын қабығы бар ма қалай. Мен де
əрбір  ажалға  сарқылып  қайғыра  бермеймін,  менің  жүрегім  де  жанымды
қинай  бермей  қымтанып  алады.  Бірақ  менің  жүрегімнің  сол  қабығының
жыртық — тесігі көп — ау деймін, кейде осындай оқиғалар кіріп кетіп, біз
сұғып алғандай жанымды шығарады.
Қанша ойламайын десем де кішкентай əнші Парашка, ебін тауып маған
бір  соқпай  кетпейді.  Сонау  жарқабақтың  басына  шыққанға  дейін  бұл
дүниеде  ажал  барын  білмеген  ақ  періште,  оның  адам  баласынан  жауы
болмайтын.  Сəбидің  өзі  көрген  адам  атаулы,  ең  аяғы  үйіне  түскен  неміс
солдаттары  да,  оның  əні  мен  мінезін  қызықтап,  əлпештеп,  еркелетуді  ғана
білетін.  Мылтық  кезеген  бір  сəтке  ғана  шошынып  сəбидің  аппақ  ақылы
жамандық  дегеннің  не  екенін  түсіне  алмай  кетті.  «Ой,  мама,  больно...»  оқ
тигенде  барып  тəн  ауырғанын  сезді.  Мынау  ызғар  тепкен  қатал  дүниеде
жылтыраған бір шырақ өшті.
Көзім,  ақшұнақ  шал  Кузьмичке  түсті.  Өзі,  сағаттап  отырса  да,  бір
қалпынан  өзгермейтін  адам,  сол  жымиған  күйі  өзгелерге  қарап  отыр.
Көптің көңіл күйіне ғана емес, əннің ырғағына да беріліп баяу ырғалып, ақ,
ұлпа  сақалын  шұлғып  қояды,  жұқа  жүзі  қызара  бөртіп  алған.  Кенет...
самайынан бұрқ ете қалған қызыл қан сақалын жуып кетті. Көзімнің алды
бұлдырайды.  Неміс  солдаты  аяғынан  сүйрей  жөнелгенде,  басы  қайрылып,
сақалылымен қар күреп барады. Кузьмичтің көз алдымда бұлдырап кеткен
бет  жүзі  қайтадан  айқындалып  келеді.  Жасаған  —  ау,  сол  жар  басында
көппен бірге атылған ақ сақалды шалдан аумайды екен. О да осындай аласа
бойлы, ұлпа ақ сақалды... мойны қайырылып... сақалымен қар күреп...
Кузьмич  маған  өлік  сияқты  елестеп  кетті.  Иə,  қазір  тірі,  тіпті  жымиып
отырғанмен  ертең...  бүрсігүні...  көңілім  құлазып  барады.  Мына  мəз  болып
əн  салып,  билеп  жүрген  жігіттер...  анау  ұясына  кіріп  бара  жатқан  күннің
өміріндей  ғана  өмірі  қалды  ма  екен  бұлардың?  Шыққыр  көзім  көріп  келе
жатыр:  ертең  бір  соғыста  осылардың  көбі  —  ақ  жансыз  дене  болып  сұлап
жатады. Қасымбекке көзім түсіп кеткенде жүрегім зу етіп, мұздап қоя берді.


Баяғы  орман  ішінде  қырылған  солдаттарды  жерлеп  жатқанда  беті
қарауытып талақ болып ісініп кеткен бір өлік... соны Қасымбекке ұқсатып
шошып кетіп едім, енді сол келіп көз алдыма тұра қалды...
Көзім қарауытып басым айналып кетті, құдай оңдап, қызып алған жұрт
менің  хал  —  жағдайымды  байқаған  жоқ.  Еңсем  түсіп,  қаншама  езіліп
отырғанымды  білмеймін,  есімді  əзер  жинадым,  бірақ  осы  бір  жаман
сезімнен айығып кете алмадым.
Мен бұл сезімнен кейін де біржола айығып кете алғаным жоқ. Əсіресе
Қасымбек  жайлы.  Əрине,  соғыста  жүрген  адамның  бəрі  неғайбіл  ғой,
бұрын  да  қорқыныш  күдігім  болатын,  бірақ  қарсы  алдымда  тірі  отырған
күйеуімнің  өлік  болып  елестегені...  Айдың  —  күннің  аманында  сап  ете
қалған  осы  жаман  елес...  жаман  ырымды  жақсылыққа  жори  алмай
жүргенімде шын шошынатын кезім алда екен.
13
Сол күнгі мəжілісте көппен бірге қызынып, жұртпен қосылып əн салып,
би  билемесе  де,  билегендерге  қолын  шапаттап,  дауысын  көтере
қошаметтеп,  ішімдіктен  де  есесін  жібермей  балаша  мəз  болған  Носовецті
танымай  қалып  едім,  күн  бата  жұрт  дуылдаңқырап  кеткенде  барып  қайта
таныдым.  Ол  лекілдеген  көңіл  күйін  пышақ  кескендей  тыйып,  жеңілдеп
кеткен  денесіне  қорғасын  құйып  алғандай  салмақтанып,  мен  білетін
Носовецтің  өзі  болып  шыға  келді.  Манадан  бергі  ішкенінің  қайда  кетіп
қалғанын  құдай  білсін,  «сөйлесетін  үлкен  шаруа  бар»  деп  Қасымбек  пен
Николайды оңашалап алып кетті. Дуылдаған жұрттан оқшау шығып, өздері
оңаша кеңес құрып алды. Содан тойға қайтып оралып:
—  Ал,  жігіттер,  ойнадық,  күлдік,  болды.  Соғыс  əлі  біткен  жоқ.  Қазір
жата  қалып,  дем  алыңдар,—  деп,  əлі  де  і  біраз  гуілдесетін  ойы  бар
партизандарды таратып жіберді.
Ішіп  алған  еркектің  жайы  белгілі  емес  пе,  жұрт  риза  болмай  ренжіп,
күңкілдеп,  бірақ  амалы  жоқ  тарай  бастады.  Абан  қипақтап  Носовецтің
қасына келіп:
— Кішкене отыра тұрсақ қайтеді, Степан Петрович?— деп еді.
—  Мен  сені  отырғызармын...—  деп  зілсіз  зекіп  тастады.—  Бүйтіп  іше


берсек  жеңісімізді  де  ішіп  қоярмыз.  Бар  дем  ал,  түн  ортасында  күзетке
барасың.
Қызулықтың өзі бас қосқанда бола ма қалай, енді кежірленіп, аяқтарын
əзер  басып,  зорлық  күшімен  тарап  баратқан  жұрттық  мастығы  да  тарап
кеткен сияқты. Носовец дастарқанды жинастырып жүрген Света екеуміздің
қасымызға келді.
— Иə, Смуглянка, демалып, аздап есіңді жинадың ба?— деді ол Светаға
қадала қарап.
Көз байланып қалған кез еді, жүзін аның көре алмадым, бірақ кеудеңнің
ішіндегі  пəлені  көргісі  келгендей  кішілеу  көк  көзін  өңменіңнен  өткізе
қадайтын  əдеті  болатын,  сол  кескіні  болар  деп  топшыладым.  Жайбарақат
қысыр сұрақтың ар жағында Носовецтің басқа бір шаруасы жатқанын сезіп
Света да үнсіз күтіп қалды.
— Несі бар, дем алып болсаң, іске кірісетін де уақыт жетті. Дайындала
бер,  мəн  —  жағдайды  ертең  сөйлесерміз,—  деп,  қоштасқаны  болар,
Светаның иығына қолын салды да, бұрылып кетті.
Дулатымды ұйықтатып, ірге жаққа салып, күркенің ішінде жатып қалып
едім,  əлденеден  ұйқым  қашып,  əлгіндегі  жаман  елестер  мен  жаман  сезім,
қанша  ұмытайын  десем  де,  ерегіскендей  оралып  соғып  мазамды  ала
бергені.  Əлден  уақытта  күркеге  бүкшеңдеп  Қасымбек  кірді.  Қараңғыда
мені  басып  кетермін  дегені  болар,  қолымен  жер  сипалап,  пысылдап
демалып,  еңбектеп  келеді.  Есіктің  саңлауынан  көріп  жатырмын,  қос
тізерлеп  шарта  жүгініп  отырған  күйі  белбеуін  ағытып,  гимнастеркасын
басынан сыпырып шешіп жатыр. Содан жайғасып отырып, пысылдап етігін
де  шешті,  түнгі  күзетті  тексеруді  басқа  біреуге  тапсырып  жайғасып
жатайын дегені болар. Жамбастап жата беріп, маған қарай қолын созғанда
салқын саусағы бетіме тиіп кетіп селк ете қалдым.
— Ұйықтап қалған екенсің ғой. Шошытып алдым ба,— деді Қасымбек.
Маған  ұйқы  қайда,  көріп  жатып  неге  шошығанымды  өзім  де  білмей
қалдым.  Жаңағы  бір  құрғыр  əсер  —  Қасымбектің  саусағы  өліктің
саусағындай  бетіме  мұп  —  мұздай  болып  тиді.  Бір  түрлі  өзіме  өзім  келе
алмай,  күйеуімнің  сөзіне  де  жayaп  бермей  үнсіз  жатырмын.  Қасымбек
менің  хəлімді  аңғармай,  өзінің  əңгімесін  айтып  кетті:  енді  темір  жолды.


көпірлерді бұзуға, жаудың эшелондарын қиратуға бұйрық келіпті. Шамасы
қызыл  əскер  үлкен  шабуылға  шығатын  болар,  жаудың  артынан  қару  —
жарақ, əскер келетін жолын қиып тастау керек,— дейді, өзі кішкене қызып
алған, маған бəрін тəптіштеп айтып жатыр.
—  Ертең  тапсырмаға  шығамыз.  Бірінші  топты  өзің  бастап  бар,—  деді
Носовец.
Əлденеге жүрегім мұздап қоя берді.
— Қауіпті емес пе?— деп сұрадым жұлып алғандай.
Қасымбек өзі көңілді, күліп жіберді.
—  Бүгін  көрген  қоқай  деп  пе  едің.  Əрине  енді,  тапсырманың  аты
тапсырма  ғой.  Қауіп  —  қатерсіз  бола  ма.  Тəуекел  қыл  да  тас  жұт  деген.
Талай  тапсырманы  орындап  жүрміз  ғой,—  деп  менің  жауырынымнан
құшақтады.
Білмеймін,  не  пəле  болғанын,  əйтеуір  көңілім  бір  орнына  түспей  —  ақ
қойды, күйеуім менің илікпеген денемді қос қолымен құшақтап өзіне қарай
тартып алды. Аузынан арақ исі шығады. Ал, менің хəлім... Аңқау Қасымбек
ар  жағында  қалтқысы  жоқ,  ертеңгі  қауіпті  ойламайды.  Ертең  өзім  көріп
жүрген  көп  өліктің  бірі  болып  сұлап  жатса...  Апырау,  мен  не  боп  кеттім,
шошынып  қалған  жүрегім  қашан  орнына  түседі  құрғыр.  Қасымбек  мені
қаттырақ  қысып  алып,  бетімнен,  көзімнен  сүйіп  жатыр,  демі  де  жиілеп,
құшырланып  барады.  Екеуміз  қайта  кездескелі  жыл  жарымнан  асты  ғой,
өмірдің қанша қауіп — қатер қиыншылығы болғанмен ерлі — зайыпты екі
жас қарап жүре алушы ма еді, тағы да менің аяғымды ауырлатып аламыз ба
деп  қорықсақ  та,  амалдап  есебін  табушы  едік,  осы  жолы  мен  Қасымбекке
жіби алмадым. Бұрын осындайда құштарлығымды əзер тежеуші едім, қазір
екеуміздің  арамыздан  мұздай  бір  сызық  тартып  қойғандай  тəнім  жиырыла
берді.
Бір  кезде  өн  бойымды  дір  еткізіп  бір  жаман  сезім  қарып  өтті:  астапыр
—  аллау,  екеуміздің  арамызға,  баяғы  Қасымбекке  ұқсас  өліктің  елесі  кіріп
кетіпті.
Қараңғыда  мазаңды  алған  үрей  —  сезімдер  жарқырап  күннің  көзі
шыққанда  ертеңгі  тұмандай  ыдырап  кететіні  бар  ғой  —  таң  ата  көппен


бірге  үйреншікті  тіршілікке  кіріскен  соң  алаң  болып  біраз  сергіп  қалған
сияқты  едім.  Қасымбектен  ертерек  оянып  шай  —  суымды  қамдадым.
Қазақша,  сүт  құйып  күрең  шай  ішетін  заман  қайда,  əйтеуір  ішіңе  ыстық
барсын  деген  далбаса  ғой.  Шайдың  орнына  ұсақтап  турап,  кəдімгі  сəбізді
қайнатамын,  əрине  сəбіз  шай  болып  жарытсын  ба,  бірақ  əйтеуір  күреңітіп
қара  судың  түсін  өзгертеді,  аз  да  болса  дəмі  бар.  Кешегі  тойдан  Света
екеуміздің  жымқырып  қалған  нəрселеріміз  де  жоқ  емес  —  ті,  соның
шетінен  шымшып  шығарып  ертеңгі  асымызды  іштік.  Абзалы,  Света
екеуміздің  партизандардың  там  —  тұмдаған  болымсыз  қорегінен  кішкене
бір  нəрсені  қымқырып  қалғанымызды  сезсе  де,  жұрт  оған  ренжімейтін,
қайта  өз  қолдарындағы  тойғызбай,  тек  қоңқылдата  беретін  кішкентай
несібесінен бір үзімін ауыстыруға тырысатын. Əсіресе Кузьмич шал, соның
нені  қорек  қылатынын  білмеймін,  əйтеуір  қолында  бір  нəрсесі  болса  екі
баланың аузына тосады.
Бергенін ішім жақсы көріп бара жатса да:
—  Оныңыз  не?  Өзіңіз  жесеңізші,  тіпті  тамақ  ішпейсіз,—  деп  кейіген
болам.
—  Сəби  жесін,  қызым.  Сəбиге  қорек  керек.  Маған  еш  нəрсе  етпейді.
Кəрі адамның жұтқан тынысы да тамақ,— дейтін.
Түс қайта Қасымбек жолға қамданды. Үлкендігі кір сабындай, түрі сары
шақпақ  тастарды  санап,  қапшықтарына  салып  жатыр,  бұрын  да  көргенім
бар — мұның атын тол дейді, кəдімгі жарылатын дəрі. Осы шақпақтармен
темір  жолдың  көпірін  бұзып,  эшелонды  қиратуы  керек,  соған  қарағанда
күші жойқын бір пəле болар. Қасымбек тəптіштеп санап тық — тық еткізіп
бірінің  үстіне  бірін  қойып  жатқанда,  осы  құрғыр  жарылып  кетер  ме  екен
деп қыпылықтап болдым. Абан Қасымбекпен бірге барғысы келіп сұранып
еді, күйеуім оның бетін қайтарып тастады. Абанды неге ренжіте беретінін
білмеймін, реті келген жерде, оны өзіне ертпей қалдырып кетуге тырысады.
Кешке  қарай  Қасымбек,  қасына  екі  ғана  партизан  ертіп  тапсырмаға
кетті.  Бұрқ  ете  қалса  тау  қопарып  тастайтын  алапат  дəріні  кішкене
қапшықтарына  сықап  арқаларына  таңып  алған,  сəті  түсіп  көпірді  бұзып,
эшолонды  қиратып  қайта  ма,  əлде  арқалаған  дəрілерін  бір  жерде  жарып
алып...


Сол түні мен ұйықтай алмадым; қанша ұйықтайын деп көзімді жұмып,
қыбыр  етпей  жатсам  да  ұйқым  келмеді,  əлденеге  көңілім  құлази  береді.
Көзімді  тарс  жұмып  алсам  да,  жарылғыш  дəрі  арқалап,  қараңғыда  кетіп
баратқан  адамдардың  қарауытқан  көлеңкелерін  көрем  де  еріксіз  аунап
түсем.  Тақа  болмаған  соң,  ұйықтап  жатқан  Дулатымды  бауырыма  қысып,
мойнынан,  тамағынан  құшырлана  иіскеймін.  Жас  сəбидің  тəтті  исі  тұла
бойымды түшіркендіріп, көңіл алаңымды басса да, ұйқым келетін емес. Бір
бүгін  емес,  бұрын  да  Қасымбек  түнделетіп  талай  тапсырмаға  барып
жүретін,  онда  да  елегізіп,  қобалжушы  едім,  бірақ  бүгінгі  мазасыздығым
бөлек.  Адамның  бойына  сіңіп  қалған  жаман  иістей  кешегі  жаман  сезім
көңілімді жайлап алған. Сол бір бет — бедері ісініп, ескіріп кеткен өліктің
елесі  Қасымбекке  ұқсап  та,  ұқсамай  да,  кейде  тіпті  тура  өзі  болып,  көз
алдыма келе береді. Осы елестен арылу үшін Дулатымды бауырыма қысып
көзімді тарс жұмып алам. Сөйтіп, өрелі таңды көзіммен атқыздым.
Түндегі  ыстық  —  суығымен  бірдей  қарып  қалтыратқан  үрейім  күндіз
үлкен  уайымға  айналды.  Қасымбектер  оралған  жоқ.  Менің  хал  —
жағдайымды  сезеді  ғой,  Абан  байғұс  та  бір  —  екі  рет  келіп,  əңгімеге
айналдырып  алаң  қылып  кетті.  Сөз  арасында  «Қасекеңдер  түнге  қарай
оралар,  тапсырманы  таң  алдында  орындаса,  күндіз  бір  жерде  тасаланып...
бас бағып жатады ғой» деп менің көңілімді жұбатып қояды. Өзім де білем,
көбіне  түнгі  тапсырмаға  барған  партизандар,  күндіз  дұшпан  көзіне  түсіп
қалмау  үшін  бұғып  жатып,  келесі  күні  кешке,  не  түнге  қарай  қайтып
оралатын.  Өне  бойы  сарқыла  бермей,  күдігімді  көңіл  түкпіріне  тереңірек
жасырып  тығындап,  аз  ғана  қобалжып  күтуге  үйреніп  алған  сияқты  едім,
бүгін  сол  тығынның  кенеуі  кетіп  қалған,  қанша  бұралап  тықсам  да
тұрмайды.  «Апыр  —  ай,  мұндайым  жоқ  еді,  осы  бір  шошынғаным,
жамандыққа  көрінбесе  игі  еді»  деген  ой  келеді  де,  үрейімді  одан  бетер
үрлей түседі.
Осындайда  кісіні  алаң  қылатын  қасындағы  серігі  ғой,  қас  қылғандай
Светаны  да  Носовецке  шақырып  кеткен,  ол  əлі  оралған  жоқ.  Проша  бала
бір  жылдың  ішінде  сүйегі  қатайып,  соқтауылдай  жігіт  болған,  бүгінде
менің  қасымнан  кетіп,  жауынгер  партизандар  қатарына  қосылып,
тапсырмаға  шыға  бастады.  Менің  маңымдағы  ақшұнақ  шал  Кузьмич  қана.
Бұ  да  бір  сөзге  жоқ,  үндемейтін  адам,  күйбеңдеп  шаруасын  істейді  де
жүреді,  жаңа  жұмыс  табылмаса  о  жер,  бұ  жерін  жөндеп  арбасын  əурелеп
жатқаны.  Өйтсе  де,  осы  шалдың  жылуы  сөнбейтін  жұқа  өңіндегі  мейірімі
мен  сабасынан  шықпайтын  сабыр  —  шыдамы  адамның  көңілін


орнықтырады екен.
Қасымбек  аман  —  есен  оралды  деген  хабар  күн  батқанда  барып
құлағыма  тиді.  Ол  алдымен  мұнда  соқпай  Носовецке  кетіпті.  Отряд
үлкейген  соң  Носовец  те  үлкейген,  қазір  оның  штабы  бізден  бөлек  жерде.
Жақсылық  хабарды  естігенде  қуанып,  жүрегім  алып  —  ұшып,  жоқ
шаруаны  қамдаймын  деп  əбігерге  түстім  де  қалдым.  Шай  қайнатып,  ас
даярлап  мəре  —  сəре  болатын...  Котелекке  сақылдатып  су  қайнатам...
қалтамның  түбіне  тығып  сақтап  жүрген  жалғыз  сəбізім  бар,  соның
жартысын  турап  шай  шығаруым  керек.  Алдыңғы  күнгі  тойдан  қалған
сарқыт, кешеден бері тамағымнан өтпей қойған бір жапырақ сүр май, қатып
қалған  бір  тілім  наным  бар  —  оны  қалтамнан  бір  шығарып,  бір  тығамын.
Осындайда, мардымсыз болса да, кішкене бір əбігерге түсіп істейтін ісіңнің
жоғы  жаман  екен,  қуанышымның  өзі  де  берекетсіздеу  —  көңілім  ала  —
бұртып, байыз таппай елегізи берем.
Қасымбек көз байлана келді. Қараңғыда бет əлпетін анық көре алмасам
да,  денесінің  зілдей  болып  келгенін  бірден  сездім.  Тым  қажып,  шаршап
келген  түрі  бар,  менің  бетіме  назар  салмастан,  күркенің  алдына  сылқ  етіп
отыра  кетті.  Еңсесін  көтермейді,  қатып  қалған  қара  нан  мен  сүр  майды
қарбытып  асап,  ұзақ  шайнады.  Тізесіне  өрмелеген  Дулатпен  де  ісі  болған
жоқ. Əкесі дұрыстап тамақ ішсін деп, баланы көтеріп алдым, Қасымбек əлі
де  төңірегіне  назар  аудармай,  сəбіз  шайды  сораптап  ішіп  отыр.  Өзі  аман
келгенмен,  не  де  болса  бір  жамандықтың  болғанын  сеземін  де,  шұқылап
сұрауға бата алмаймын.
— Қасымдағы екі жігіт қаза тапты,— деді шешініп жатып.
Жүдеп  келгені  де  сол  екен  ғой.  Қарғыс  атқыр  соғысы  құрғырдың
шығыны  болмай  тұра  ма,  жалмап  жатыр  ғой  күн  сайын.  Адам  біткеннің
бəрінің  қазасына  шыбын  жаныңды  шыжғыра  берсең,  бұл  арада  соғыспақ
түгіл, жай тіршілік қылуыңның өзі қиын. Екі жігіттің қазасы көңіліме қаяу
салса  да,  күйеуімнің  тірі  келгеніне  шүкіршілік  қылып  жатырмын,  бірақ
Қасымбектің қатты қайғырған түрі бар. Басқа түссе кісінің білмейтін пəлесі
болмайды екен, ажалға да, ажалдың қасіретіне де сыралғы сұңғыла болып
алдық  қой,  қара  нанды  қақ  бөліп  жеп  жүрген  талай  жақын  жолдаспен  де
қоштастық,  менің  бір  байқағаным,  мұндағы  еркектер  жолдастары  өлгенде
күйзеліп,  күйреп  қалмайтын,  үнсіз  ғана  ызасын  ішіне  тығып  ширыға
беретін сияқты еді. Қасымбектің көкірегінде басқа да бір зіл жатқанын ішім


сезеді де, соны сұрауға шынымды айтсам қорқамын. Meн күтпеген жерден
Қасымбектің өзі сөйлеп кетті.
— Тапсырманы орындай алмадым,— деді күрсініп.
—  Тапсырманың  бəрі  бірдей  орындала  бере  ме.  Бұрын  да  сəтсіздіктер
болып жүрді ғой,— дедім көңілін жұбатқым келіп.
Қасымбек  менің  сөзімді  елеген  жоқ,  болған  оқиғаны  бастан  аяқ  айтып
жатыр,  бұрын  маған  тапсырмаға  барғандағы  қауіп  —  қатерін  айтпай,
сұрасам,  «пəлендей  ештеңе  болған  жоқ»  деп  жалтара  салушы  еді,  қазір
тіпті  еш  нəрсесін  іркіп  қалмай  тəптіштеп  түгел  баяндап  жатыр.  Бұлар
орманды, сай жыраны сағалап жүріп отырып, күн бата өздері бұзуға тиісті
көпірінің  маңына  барып  жетеді.  Бір  кішкентай  орманның  шетіне
жасырынып,  көпір  төңірегін  бақылап  көреді,  көздеріне  ештеңе  іліге
қоймайды,  сірə  қарауыл  жоқ  сияқты.  Содан  өздері  істі  асықпай,  қапысыз
дұрыстап тындыратын болдық — ау, деп қуанып əбден қараңғы түскен соң
көпірге қарай жылжиды, əйтсе де сақтық жacaп, біреуі оқ бойы ілгері жүріп
отырады.  Алдыңғы  жігіт  көпірге  тақап  қалғанда  жақыннан  атылған
автоматтың оғы турап түседі. Сол арада атыс басталып кетеді, бұлар қаша
атыс  салып,  алдында  өздері  паналаған  бір  шоғыр  ағашқа  жете  бергенде
екінші  жігіттің  қара  құсынан  оқ  тиіп  етпетінен  құлайды.  Немістер  де
азғантай, екі — үш адам болса керек, бұлар кішкене болса да орманға иек
артқасын, енді қуғындауға бата алмапты.
— Бірақ енді тапсырманың аты тапсырма емес пе, тірі қалған бір адам
орындау  керек  қой.  Егер  мына  көпірде  күзет  күшті  болса  біздің  тағы  бір
нысанамыз  —  батысқа  қарай  үш  шақырым  жерде  сайдың  үстінен  салған
жəне  бір  кішілеу  көпір  болатын.  Содан  Буздиннің  арқасындағы  толды
алдым да солай қарай жүгірдім,— дейді Қасымбек. Өзінің сөзі де бір түрлі,
бір  ауық  маған  айтып  жатқан  сияқты  болса,  бір  ауық  өзіне  айтып  жатқан
сияқты,  оның  қатерлі  əңгімесінен  гөрі  дауысындағы  бір  ызғар  тұла
бойымды  суытып  барады.—  Екі  өкпемді  қолыма  алып  емпеңдей  беріппін.
Сол көпірге қалай жеткенімді де білмей қалыппын. Күзетші бар ма, жоқ па
деп  қарап  жатуға  да  мұршам  болмады.  Екі  адам  қаза  тапты,  енді  үшінші
адам  тапсырманы  орындау  керек.  Жəне  ол  екеуі  менің  аңғырттығымнан
қаза  болды.  Құдай  оңдап  бұл  көпірде  күзет  жоқ  екен.  Эшелонның  да
келетін  уақыты  болып  қалған.  Содан  асығыс  —  үсігіс  толды  көпірдің
үстіндегі  рельстің  астына  орналастырдым  да  енді  запалдан  шығып  тұрған


қысқа  шнурға  жалғайын  десем...  қолымда  түк  жоқ.  Жүз  метрлік  бикфорд
шнуры алғашқы қаза тапқан жігіттің мешогінде қалыпты. Сасып жүріп оны
ойламаппын да...
Қасымбек үндемей қалды. Ар жағын сұрауға менің жүрегім дауамайды.
—  Үш  адамның  екеуі  қаза  болып  тапсырма  орындалмағаннан  гөрі,
үшіншісі де өліп, тапсырманың орындалғаны дұрыс болатын еді,— деді бір
кезде кенет даусы солып қалғандай ақырын ғана.
— Неге? Сенің шнурың болған жоқ қой,— деппін шошып кетіп.
— Бəрібір тұтатуға болатын еді.
— Сонда өзің қайтпексің?
Менің  сөзімде  мағына  жоқ,  шошыну  ғана  бар.  Сол  жағдайда  оны
түсініп жатқан мен де жоқпын, дауысымның қалай шығып кеткенін өзім де
білмей қалам.
—  Ана  екеуі  тапсырманы  орындаймын  деп  қаза  тапты  ғой,—  дейді
Қасымбек.
Енді  қаза  тапса  мен  қайтейін,  əрине  өкінішті,  оның  маған  несін  айта
береді, құдай сақтап өзі аман келді ғой, деп шүкірлік етіп, көңілім алып —
ұшып  жатып  күйеуімнің  сол  сəттегі  хал  —  жағдайын  да,  мына  айтқан
сөзінің  мағынасын,  сұмдық  зіл  салмағын  да  түсіне  алмаппын.  Қауіп  —
қатерден  жүдеп  келген  күйеуімнің  тоңазыған  бойын  жылытқым  келіп
Қасымбекті  құшақтай  алып  едім,  жансыз  дене  тəрізді  сұлық  жатқан  күйі
илікпеді, мойнына асылған қолымды буынынан ұстады да, алып тастағысы
келді  —  ау  деймін,  қозғамады.  Бірақ  қозғалып  кеткен  көңіл  күйін  тоқтата
алмады:
—  Поезд  келіп  қалғанда  жарып  жіберейін  деп  оқталып  едім...  Эшелон
дүрсілдеп  үстімнен  өтіп  барады...  Тұтатайын  деп  тағы  да  екі  рет
оқталдым... Дулатжан... сен... есіме түсіп кеттіңдер,— деді Қасымбек даусы
бұзылып.
Қасымбектің  сөзінің  мағынасы  маған  енді  ғана  жетті.  Эшелон  келіп
қалғанда дəріні өз қолымен жарып... көпірдің астына мойнын тіреп, дəріге


от  қойғысы  келіп  қолын  созып,  үстінен  дүрсілдеп  поезд  өтіп  барады...
Зəрем  ұшып  денем  қалшылдап  кетті.  Гүрс  етіп  жарылған  дəрімен  бірге
денесі борша — борша болып...
Тұла  бойым  қалшылдап  Қасымбекті  құшақтай  алдым.  Мына  дене
борша  —  борша  болып  шашылып  жатса...  қысып  келіп  құшақтаймын
күйеуімді. Қол — аяғы түгел орнында екеніңе көзімді жеткізгім келгендей
бар  денеммен  жабыса  түсем.  Жасаған  —  ай,  əйтеуір  тірі.  Бір  ажалдан
қалған  екен,  соған  əлі  де  сене  алмай  өне  бойын,  аяқ  —  қолын  сипалай
берем.  Ажалға  баратын  күні  қай  —  қайдағы  қырсық  жабысып  меселін  де
қайтарып  жіберіп  едім,  көңілі  құрғырым  да  бір  жаман  ырымға  бастап,
кежірленіп  алып  еді,  айрылып  қала  жаздаппын  ғой.  Құшағымды  жазсам
күйеуімнен  айырылып  қалатындай  сезініп,  бар  тəніммен  жабысып  тас
қылып қысып алыппын.
Кішкене  аптығуым  басылғанда  барып  байқадым,  Қасымбектің  тəнінің
бір  бұлшығы  бүлк  етпей  сұлық  жатыр,  менің  аймалағаныма  тіпті  жібитін
емес,  ар  жағыммен  бір  пəлені  сеземін:  бұл  еркектің  əйелге  суығаны  емес,
əзірге мен түсіне алмаған басқа бір жамандықтың салқыны сияқты.
14
Соғыс  сірə  менің  үстіме  келмей  жанап  өтті  —  ау  деймін.  Атыстың
дауысы  басылғалы  да  біраз  уақыт  болды.  Келіп  те  жақындаған  болар,
жоғарыдағы  кішкене  саңылау  қараңғыланып  барады.  Күз  келіп  қалды  ғой,
жеркепенің  іші  салқын,  сыртқа  шығуға  қорқып,  балаларды  бір  —  екі  рет
бұрышқа  тосып  алдым.  Жау  əскерінің  соққысына  шыдай  алмай,  біздің
адамдар  сірə  шегініп  кеткен  болар.  Олардың  шегінгенде  қайда  баратынын
мен  білмеймін,  əйтеуір  əдеттерінше  бір  орманнан  бір  орманға  тығылып,
сай сағалап, із адастырып жан сақтайтын шығар. Қайтып оралып мені іздеп
келуге  оларға  дұшпан  мұрсат  берер  ме  екен.  Абан:  «тірі  болсам  оралып
соғам»  деп  еді,  Абан  байғұстың  іздеп  келетініне  сенем  —  ау,  бірақ  оның
«тірі болатынына» сену...
Бұл  тасада  істің  ақырын  күтіп  тыныш  жата  беруге  болар  еді  —  ау,  тек
тамақ  жағы...  Үшеуіміздің  бар  қорегіміз  қол  басындай  қатып  қалған  қара
нанды,  өзім  де  татпай,  екі  сəбиге  де  татырмай  қаралы  күнге  сақтап
отырмын,  əзірге  əйтеуір  қарындары  ашып  қыңқылдағанда  емшек  беріп
қоям.  Аузына  көк  тимесе  мал  екеш  малдан  да  сүт  шықпайды  ғой,  аш


əйелдің де сүті мардымды болмайды екен, оның үстіне жастан асып кеткен
талыстай  екі  бала  емген  соң...  іштен  шыққан  өз  балаң  о  да  қиын,
талдырмаш  нəзік,  тауықтың  сары  ұлпа  балапанындай  кіп  —  кішкентай
Света көзі жəудіреп қарағанда — бұ да оңай емес маған. Өзімдікіне тартып,
өгейсітіп  алдым  ба  деп  оған  да  қиналам.  Бала  деген  де  бəле  ғой,  Дулат  өз
шешесіне  басқа  біреудің  ортақ  болғанын  сезе  ме,  қызғанышы  да  бар.  Meн
Светаны емізе бастасам — ақ, о да жалмажан екінші емшегіме жармасады.
«Енесі  тепкен  құлынның  еті  ауырмас»  деп  қақпайлап  қоям.  Жас  жарымға
жетпеген  баланың  жадында  не  тұрады,  өзге  аналыққа  теліген  жетім  қозы
сияқты, анасынан ажырағалы үш ай болған кішкене Света да маған бауыр
басып кетті. Бірақ сонда да осы баланы өгейсітіп алмайын деп, бір жағынан
нəзіктігін аяп, оны көбірек емізем.
Жаздағы,  партизандар  Орел,  Курск  далаларының  түбіндегі  үлкен
жеңісті  тойлаған  сол  кештен  кейін  Носовец  Светаға  тапсырма  берді.
Партизандарға,  ендігі  жерде  темір  жолды,  жау  эшелондарын  қиратуға
жоғарыдан  бұйрық  келген  екен.  Содан,  темір  жол  станциясында  астыртын
жұмыс  істеп  ақпар  беріп  тұратын  адам  керек  болыпты,  Носовец  Светаны
станцияға  тілмаш  етіп  орналастырмақшы  болған.  Бұрын  бір  рет
əшкереленіп  қалғанмен  одан  бері  жылдан  артық  уақыт  өтіп,  ол  кездегі
немістер  ауысып  кеткен.  Светаны  енді  ешкім  тани  қоймас,  деп  түйген
Носовец тек Света баласын алып кеткісі келгенде ойланып қалды. Шекесін
қасып:
—  Кім  біледі.  Содан  бері  келе  жатқан  бірлі  жарым  полицайлар  бар.
Кейбіреулері жүзіңді танымаса да «Смуглянканың» екі қабат екенін біледі.
Сен  қашқанда  олар  екі  қабат  əйелді  іздеді  ғой,  сөйтіп,  бала  олардың  есіне
кей  нəрсені  салуы  мүмкін.  Сірə  сенің  баласыз  барғаның  дұрыс  болар.
Жалпы  заман  қандай,  заң  қандай,  қол  —  аяғыңның  тұсаусыз  болғаны
жақсы ғой,— деген Носовец.
Сонымен ақылдаса келіп, «көп болып көмектесеміз ғой» деп Светаның
баласын маған қалдырған.
Света баласына онша елжірей қоймайтын, екеуміз көбіне бірге болдық
қой,  сонда  баласына  керемет  бір  мейірімі  түсіп,  құшырланып  сүйіп
жатқанын,  немесе  ерекше  еркелетіп,  əлпештегенін  көрген  емеспін;  іштен
шыққан  баласына  менсінбей,  тек  құдай  салған  аналық  борышын  өтеп
жүрген адам сияқты көрінген. Шынымды айтсам, баласының шыққан тегін


ойлап,  жатсына  ма  екен  деген  де  ойым  болған.  Енді,  Носовец  «баланы
қалдырамыз» дегенде түсінің өзгеріп кеткенін байқадым, «еш нəрсе етпес,
өзіммен  бірге  ала  кетсем  қайтеді?»  деген  сөзді,  Носовецтің  бетіне  жалына
қарап екі — үш қайыра айтты, содан қашан жүріп кеткенше қызын қолынан
түсірмеді.
Светаны  баратын  жеріне  дейін  сыртынан  бақылап,  шығарып  салу
Николайға  тапсырылыпты.  Оның  қандай  сын  екенін  білмеймін,
Қасымбекке:  «өзің  —  ақ  шығарып  салмадың  ба»  деп  едім:  «мен  де  соны
айтып  едім,  Носовецтің  шешімі  солай  болды»  деді  ол.  Носовецтің  ішіне
кіріп  —  шығу,  мен  түгіл  еркектердің  де  қолынан  келе  бермейді,  мүмкін
бұрынғы əйелінің қандай қатерге бара жатқанын Николай өз көзімен көрсін
деді ме екен.
Света  кішкентай  қызының  көйлек  —  көншек,  бұйымтайын  ақтарып,
түйіншегін бір шешіп, бір буып біраз əлек болды. Біздің хəлімізде жүргенде
балада  қандай  киім  —  кешек  болушы  еді,  екі  əйелдің  жаялықтан,  қолға
іліккен боз бен бомазидан көктеп тіккен көйлек — дамбалы ғой, «сұлуынан
жылуы»  деп  оның  жарастығына,  сəніне  қарап  жатқан  біз  жоқ.  Жазды  күні
балаларымыз  жалаңаяқ  жүрген,  Света  түйіншегінің  арасынан  шинельдің
шалғайынан тіккен қалың шұлықты шығарып:
— Күн суытып кетсе мынаны аяғына кигізерсің,— дейді.
Менің қарсыласқаныма қарамай «түн салдық ғой, оранғыш болар» ден
басындағы орамалын да қалдырды.
— Менің пальтом да қалсын. Ертең күз келгенде балаларға жамылуға...
Ана  деген  сорлы,  əйтеуір  тұла  бойында  бір  нəрсесі  болса  бəрін
қалдырғысы  келіп  алақтай  береді.  Əдеттегі  өзінің  кісі  мазасын  алмайтын,
ұстамды,  бұйығы  сабырынан  еш  нəрсе  қалмапты,  «Надя,  енді  өзің  бас  —
көз  боласың  ғой»  деген  сөзді  бірнеше  рет  айтқанын  ұмытып  қайталай
береді, «егер сəті түсіп сіңісіп кете алсам, алдырармын» дейді. Менен гөрі
қайратты,  көзі  де  қарақты  Светаға  ылғи  менің  күнім  түсуші  еді,  іштен
шыққан сұр жылан ананың діңкесін құртады екен ғой, осы жолы Светаның
күні маған түсті; көзі дөңгеленіп, маған жалынышты кескінмен қарайды.
Николай,  белдеуге  байлаған  жapay  құнаннан  тықыршып,  тағаты
таусылып  асығып  тұрған,  ол:  «ал  енді,  жүрейік»  дегенде  Света  қызын


көтеріп  алып  екі  бетінен  сүйді  де,  бауырына  қысып  кішкентай  баланың
бетіне  бетін  тақап  жабысып  біраз  тұрды.  «Кешір,  мені»  деген  сөзін  естіп
қалдым. Содан кейін жолынан қалып баратқан адамдай бетін де бұрмастан
баланы маған ұстатты да, қош айтыспастан, бұрылып жүре берді. Ұмсына
түсіп  іркіліп  қалдым,  жүрісі  əдеттегісінен  өзгеше,  денесі  ауырлап
кеткендей  аяғын  сылбыр  басып,  еңсесі  салбырап,  кішкене  бойы  қақиып,
қадамын  нық  —  нық  басқан  Николайдың  соңынан  еріп,  кетіп  барады,
артына қайырылып қарамады.
...Дулат  есейіңкіреп  қалды,  оның  үстіне  ер  бала  ғой,  емізгенде,
қолқамды  суырып  ала  жаздайды,  кішілеу  кезінде  сүт  шықпаса  емшегімді
тістеп  алатын  əдеті  бар  еді,  ұрып  қойғызғанмын;  кішкентай  Света  ондай
емес,  жайымен  ғана  талмап  емеді.  Байғұстың  ар  жағына  бір  нəрсе  барып
жатыр ма, білмеймін, сүт шықпаса да емшектен аузын алмайтын əдеті бар.
Осы  баланы  емізгенде  кейде  сол  Светаның  жаутаңдап  жалына  қараған
кескіні  көз  алдыма  елестеп  кетеді.  Содан  қайтып  Светаны  көрмеймін  деп
кім ойлаған, əрине, соғыс болған соң күдігім болды ғой, бірақ ауыр күндері
тағдырлас  болған  досымды  енді  қайтып  көрмеймін  ғой,  деген  үзілді  —
кесілді  ой  менде  болған  емес.  Өзіңнен  білікті,  жəне  бір  демі  жоғары  адам
өзіңнен  бұрын  өледі  дегенге  кісі  сенбейді  екен.  Мына  соғыста  алдымен
өлетін адам болса ол мен едім: дəм — тұзым таусылмаған соң қаңғалақтап
осы жерге жетіппін.
Алғашқы  кезде  Света  сəтті  орналасты  деген  хабар  алынған,  тіпті  бізге
неміс  эшелондарының  қай  уақытта  өтетін  расписаниелерін  де  бере
бастаған  екен.  «Молодец  Смуглянка!  Жұмысқа  кірісті»  деп  Носовец
масаттанып  мақтап,  содан  кейін,  «тек  оның  қазіргі  есімі  басқа»  деп
Қасымбекке  қарап  жұмбақтап,  көз  қысып  қойғанын  да  көргенмін.  Бірақ
айға жетпей жатып «Света ұсталды» деген хабар да жетті. Естуімше, бұрын
көрген бір сұмырай немістерге жеткізіпті, бұ жолы Смуглянка қашып кете
алмаған,  содан  бес  —  алты  күннен  кейін  «дарға  асылды»  деген  де  хабар
келді.  Кейін  Носовецтің  тағы  да:  «молодец  Смуглянка.  Ешкімді  ұстап
бермеді»  деген  сөзін  естідім.  Бұ  жолы  ол  төмен  қарап,  түнеріп  отырып
айтты.
«Света  ұсталыпты»  деген  хабарды  естігенде  қатты  шошып  кетіп,
солқылдап  жылап  алдым  да,  содан  «мүмкін  ебін  тауып  құтылар,  не
құтқарар» деген алдамшы үміт емексітіп, бірақ оған сене алмай, əрі — сəрі
болып  жүрдім  де,  қаралы  хабар  жеткенде,  үміт  үздірген  аурудың


үзілгеніндей, жылай алмай қалдым.
Сөйтіп  Светамен  де  қоштастым,  дұрысырақ  айтсам  қоштаса  да  алмай
қалдым.  Баласын  маған  ұстатты  да,  «қош»  деген  сөзді  айтуды  да  ұмытып
бұрылып жүре берді.
Ұмсына  түсіп  оқталдым  да,  бірақ  біреу  етегімнен  тартып  қалғандай,
«қош»  деген  сөзді  мен  де  айта  алмай  қалдым.  Светаның  аузынан  соңғы
естігенім баласының кеудесіне бетін тығып тұрып, «кешір мені» деген сөз
болатын,  ол  сөзді  маған  да,  ар  жағында  асыға  күтіп  тұрған  Николайға  да
айтқан  жоқ,  сонда  іштен  шыққан  баласынан  сұраған  кешірімі  екен  ғой.
Баласына онша жібімей жүргенде, мен ойлаған арам ойдың тура келгені —
ау.  Емірене  бергенде  өз  баласынан  өзі  тіксініп  қалып...  көңілі  екіге
жарылып, екі ұдай сезім арпалысып өмір сүрді ме екен? Светаның «кешір
мені»  деп  жайымен  ғана  булығып  айтқан  даусы  құлағымда  қалды.  Іштен
шыққан  сəбиіне  ананың  ақ  сезімі  елпілдеп  төгіліп  келе  жатқанда  шым
еткізіп  у  тамызып  жіберген  бір  нəрсе  болған  ғой  сірə.  Сол  көңіл  аласы
баласынан  ажырасар  сəтте  есіне  түсіп,  жанын  қуырып,  айықпас  өкінішке
айналды  ма  екен?  Іштен  шыққан  сəбиіне  іркіп  қалған  мейірі,  сарқып  бере
алмаған махаббаты ана мойнында өтелмес парыз болып кететінін сезді ме
екен сонда?
Светаның  өзі  кетіп,  көзі  қалды  қолымда.  Ауыр  жүгімді  ауырлатса
қайтейін, сайып келгенде, тағдыр деген сұмырай, ауыртпалығын үйе берсе
оны ауырлаудан да қалады екенсің. Қазір маған екі баланың салмағы да, бір
баланың  салмағы  да  бірдей  сияқты.  Светадан  ажырасқалы  үш  айдан  асты
ғой,  қазір  осы  балаға  да  үйреніп  алдым,  тіпті  бара  —  бара  Дулаттан
айырмасы болмай кетеді — ау деймін.
Света барда Николай біздің кухня жаққа жоламаушы еді, ол кеткен соң
жері  кеңіп  қалды  ма,  енді  келіп  тұратын  болды.  Дулатқа  да  мейірімі
күшейіп  кеткен:  «мынаны  балаға  бер,  балалардың  қарны  ашады  ғой»  деп
қолына іліккен бір нəрсесін əкеліп береді. Дулатты ойнатып, ермек қылып
біраз айналсоқтап отырып кетеді.
Николай Топорковтың беделі қазір аспанға шығып кетті. Үлкен жерден,
жоғарғы  жақтан  указ  күтіп  жүр,  жақында  оған  Совет  Одағының  Батыры
деген  атақ  берілетін  көрінеді.  Шынында  да  осы  кіп  —  кішкентай  жігіт
жүрек жұтқан батыр болып шықты. Кішкентай адам шақар болады ғой, бұ


да  сондай,  тас  кенедей  жабысып  қадалған  жерінен  қан  алады.  Оның
шаршап  қалғанын  да  көрген  емеспін,  қашан  көрсем  де  тап  —  тұйнақтай
болып, шиыршық атып ширығады да жүреді. Жұртқа да қатал, тық — тық
еткенде  төбелерін  ойып  жібере  жаздайды,  бірақ  өзін  де  аямайды.  Өзін
аямаған,  өзіне  қатал  адамның  қаталдығын  жұрт  ренжімей,  қиналмай
көтереді  екен,  қайта,  қарауындағы  партизандары  командирін  керемет
мақтаныш етеді. «Мазасыздығы бар, бірақ өзі үшін емес, жұрт үшін бəйек
болады, мұндай командирің болса, қор болмайсың» деп айтып жүреді.
Николай басында, Қасымбек сияқты, əр түрлі топты бастап тапсырмаға
шығып  жүретін,  кейін  іріктеле  келе,  өзіне  керек  жігіттерін  сайлап  алды,
олар  да  өзі  сияқты  батыр  жігіттер.  Николай  небір  қауіпті  тапсырмаға  өзі
сұранып  барып,  небір  қиын,  құтылмас  жағдайға  түскенде  де  тапсырманы
тындырып,  аман  келеді.  Естуімше  сонда  өзгелерден  бетер  өжеттік
көрсететін  Николайдың  өзі  көрінеді.  Командирі  отқа  түсіп  жатқанда
қарауындағы  солдаты  жанын  аяп  қалмайтын  соғыстың  жазылмаған  заңы
бар, сөйтіп, бұлар шетінен тайсалмайтын батыр болып, Николайдың тобын
«өжет  топ»  деп  атап  кетті.  Ең  бір  ауыр  тапсырма  болса  «мұны  тек  «өжет
топ»  қана  орындай  алады»  дегенді  талай  естігенмін.  Жұртты  мақтауға
сараң Носовецтің өзі, бұларға келгенде мақтау сөзін аямай, «Өжет топтың»
ісін  үлгі  етіп,  өзгелерге  көлденең  тартып  отырады,  Николайды  да
қолпаштап,  еркелетіп  ұстайды.  Жалпы  бір  аңғарғаным,  соғыста  жүргенде
батыр  адамның  мерейі  өзгелерден  биік  болады  екен  де,  өздері  ерке  бала
сияқты  еркін  болады  екен.  Мақтағанды  кім  жек  көрсін,  Николайдың  өз
мерейіне  риза  болып,  жұрт  қолпаштағанда  көңілі  семіріп  қалатынын
байқаймын,  бірақ  осы  жігіттің  ішінде  бір  құрысып  қалған  тамыры
жазылмай  —  ақ  қойғандай,  арқа  —  басы  кеңіп,  көңілі  шалқып,  еркінсіп
кеткен  жерін  көре  алмай  —  ақ  қойдым.  Тапсырмадан  қайтқанда
партизандар,  бейне  бір  аңнан  қайтқандай,  не  үлкен  сайыс,  жарыстан
келгендей  қызынып,  кеу  —  кеулесіп,  бастан  кешкен  оқиғаларының  əр
жерінен
бір
бөлшегін
үзіп
алып,
сапырылыстырып
айтысып,
кейбіреулерінің  оғаш  мінезі,  келеңсіздігіне  қарқылдап  күлісіп,  гуілдесіп
жатқанда, көппен бірге қыза түскен Николай бойын жазып кете алмай ауық
— ауық тыйылып қала беретін.
Сəлемі  түзу  болғанмен  Николай  менімен  онша  көп  жуыса  бермейтін,
енді  келіп  қолы  босаған  кезде  қазан  жаққа  үйірсектеу  болып,  мені
төңіректейтінді
шығарды.
Бірақ
менімен
де
пəлендей
жазылып
сөйлеспейді, көбіне Дулатты айналдырып, соны қызықтай береді. Бір күні,


қолына басқа еш нəрсе түспеген соң азғана жеміс — жидек теріп əкеліпті,
соны екі баланың аузына кезек салып қызықтап отыр екен. Бұрын Дулатты
ғана айналдырып, кішкентай Светаны көрмегендей боп елемейтін еді. Бірақ
мен де аңғарғанмын, Дулатты əурелеп, ойнатып жатқанда көзінің бір қиығы
кішкене  қызда  болатын.  Бір  рет  ұзағырақ  қадалған  көзқарасын  ұстап
алғанымда,  ұрлық  қылғандай  қысылып  қалып,  ұялған  тек  тұрмас  деп,
Дулатты  көтеріп  алып  секіртіп,  арсалаңдай  берген.  Байқаймын,  сірə,
тырнақтай  қыздың  бетінен  шешесіне  ұқсастық  іздейтін  тəрізді.  Оны  көп
іздеудің  керегі  жоқ  кішкентай  Света  ұлпа  шашы  үрпиіп,  сап  —  сары  боп
үлкен  Светаның  аузынан  түсе  қалған,  дөңгеленген  көзі  де  шешесінің
көзінен аумай көкпеңбек аспандай мөлдіреп тұр.
Мен  келген  соң  Николай  əдетінше  қысылып  «маған...  маған...»  деп
сұраған  кішкентай  Светадан  теріс  айналып,  уысында  қалған  екі  түйір
жемісін  Дулаттың  аузына  тықты  да,  əдетінше  оны  көтеріп  алып  секірте
берді, неге екенін білмеймін, жыным ұстап кетті.
—  Оның  несін  əлпештей  бересің.  Мейірімің  тасып  баратса  ана  əке  —
шешесі жоқ қу жетімнің неге маңдайынан сипамайсың?— дедім.
Николайдың  қапелімде  сасып  қалғаны  сонша  Дулатты  қолынан  түсіріп
ала жаздады.
— А что?.. А что...— дей берді.
—  Ол  Светаның  баласы.  Света  сенің  əйелің  емес  пе  еді?  А  што  дейді
ғой.
Маңдайына сарт еткізгендей болдым — ау деймін, Николай бірден есін
жия алмай «а штосын» қайталап айтты.
— А што?.. Біздің арамыз əлдеқашан үзілген. Бəрі біткен.
—  «Үзілген»...  Əрине  үзілді.  Енді  үзбеймін  деп  шашыңды  жұлсаң  да
Света  жоқ  саған,—  дедім  тұлданып,—  Сен  оның  кім  екенін,  қандай  адам
екенін білген жоқсың.


— Оның қандай адам екені белгілі болған,— деді Николай сызданып.
—  Бəрібір  сен  білмейсің.  Оның  қандай  адам  екенін  сен  білген  де
жоқсың. Білдің бе? Ол бəрімізден артық болатын. Ол менен де, тіпті сенен
де  артық.  Сен  батыр  болсақ,  о  да  батыр.  Ол  тіпті  бəріңнен  батыр.  Мықты
болсаң қалың жаудық қақ ортасында жүріп көрші өзің. Əнекей, ақыры қаза
тапты.
Ызаланып  жылап  жібердім,  əйелдің  көз  жасы  кімді  де  қаймықтырады
ғой, Николай жауап қайыра алмай қипақтап қалды. Долданып алған əйелдің
тоқтауы  оңай  ма,  ондайда  азғантай  орысшаң  да  көбейіп  кетеді  екен,
баяғыдан  бері  ішімде  кептеліп  жүрген  ызамды  бір  шығарып,  төпеп
жатырмын.
—  Кеше  дарға  асылғанда  тіпті  болмаса  сүйегін  əкелуге  де  жарамадың.
Жақсы көргенің сол ма?
— Мен неге жақсы көрем?— деді Николай дыз етіп.
—  Жақсы  көресің.  Жақсы  көрдің...  Мен  білмейді  дейсің  бе.  Тек
жұрттың  қаңқу  сөзінен  қорқып  Светаға  жолай  алмадың.  Өтірік  қиқайып
кердеңдеп
жүрдің.
Жаудан
қорықпайсың,
оқтан
қорықпайсың.
Ақымақтардың  сөзінен  қорқасың.  Осында  да  Дулат  үшін  емес,  мына
кішкентай Света үшін келіп жүрсің. Светаның көзі деп, соның исіне келіп
жүрсің. Сəбидің маңдайынан сипауға менен ұяласың.
Николай  менің  шапылдағаныма  шыдай  алмай  бұрылып  жүре  берді,
əншейіндегідей аяғын қаздаңдап баспай, ауырлау аяңдап барады.
Содан  кейін  Николай  мен  жүрген  қазан  —  ошақ  жаққа  соқпайтын
болып  кетті,  Дулатты  да  еркелетуді  қойды.  Ағаттығымды  кейін  байқап,
біраз өкіндім де: тым нəзік нəрсеге добалдау кетіп қалыппын. Николайдың
көкірегінде  кішкентай  сəбиге  деген  тұтанып  келе  жатқан  ұшқынды  оғаш
мінезіммен  өшіріп  алған  сияқты  болып,  қиналып  жүргенімде,  бір  күні
Николайдың өзі келді. Бұ жолы онша қысылмай сөзін сыр қылып айтты.
— Білесің бе, Надя... Ленинградта Светаның шешесі бар. Күйеуі де жоқ.
Света  оның  жалғыз  қызы  еді  ғой.  Аман  болсақ,  осы  баланы  сол  əжесіне
апарып тапсырсам деп едім. Сен былай... көз қырыңды салып жүр.


15
Қасымбектің  жолы  сəтсіз  болып,  тапсырманы  орындай  алмай  қайтқан
түнгі өзімді шошытқан хал — жағдайының шын мағынасын мен кейінірек
түсіндім, бірақ сол түні бір жамандықты жүрегім сезіп, тіксініп қалып едім,
жамандығы құрғыр жалған бола ма, қателеспеппін. Сол күннен, дұрысырақ
айтсам сол түннен бастап Қасымбектің ішінде, бұрынғы дүниесі аударылып
төңкерілгендей  бір  өзгеріс  болды.  Мінезі  де  өзгеріп,  онсыз  да  көп
сөйлемейтін  адам  бұрынғысынан  да  тұйықталып,  қабағына  бір  мазасыз
ауыр  ойдың  салқыны  ұялап  қалды.  Кішкене  жадыраған  кезде  жазылып
кететін  сол  кірбеңі  құрғыр,  езуінен  күлкі  табы  өшпей  жатып  жүзін  қайта
торлап  алады.  Адамның  өзі  де  түсініп  болмаған,  тек  жанын  жегідей  жеп
жүрген  күйзелісті  шұқылап,  түрткілесең  себебін  өзі  де  айта  алмай,  одан
бетер  қиналып,  бекерге  ыза  болатыны  белгілі  ғой,  содан  себебін  ашып
сұрай алмай, өзімше сыртынан топшылап тон пішемін.
Сол сəтсіз тапсырмадан қайтып келген күні кеште Носовецпен екеуінің
арасында қиын əңгіме болғанын естігенмін. Қаттырақ сөзге де келісіп қалса
керек,  Носовец  «командирліктен  алып  тастаймын»  деген  сөзді  айтып
қалыпты.  Бірақ  ондай  сөзден  дəл  осынша  өзгеруі...  Соғыс  кезінде  ешкім
тежеп  жатпайтын:  «Мен  сені  трибуналға  берем»,  «Қорқақсың,  қазір  келіп
атып тастаймын». «Осыдан бір қадам шегінсең жоям» деген басқа ұрғандай
қатты  —  қатты  сөздер  балағатқа  араласып,  телефонның  кабелін
солқылдатып кетіп жататын; бір ғажабы осы сөздердің қаһары қанша қатты
болса  зəрінің  қайтуы  да  сонша  тез  болатын.  Жаңа  ғана  аямас  қатты  сөз
айтысып,  сарқыла  керілдескен  адамдар  ұрыс  бітісімен  құшақтасып  бір  —
бірін  иықтарынан  соққылап  балаша  мəз  болысатын,  əлгі  айтылған
сөздерден  иненің  жасуындай  көңілдерінде  қылау  қалғанын  байқағаным
жоқ.
Соған  қарағанда  Қасымбектің  белін  қайыстырып  жүрген  Носовецтің
қатты  айтқан  сөзі  ғана  болмауға  керек,  Носовец  батырып  айтса  айтқан  да
шығар,  тым  қатты  кісі  ғой,  сірə  осының  ар  жағында  басқа  бір  сыр  жатқан
сияқты.  Бірақ  оның  байыбына  баруға  менің  пұрсатым  келіп,  миым  жетіп
жатқан  жоқ,  сыртқа  шығарып  ешкімге  айтпасам  да  іштей  шырылдап
күйеуіме  ара  түсемін:  осы  күнге  дейін  жаман  атағы  шыққан  жоқ,  қайта
тындырымды  батыр  командирлердің  бірі  болып  келген  жоқ  па,  тіпті
басқасын  қойғанда,  өз  жауынгерлерін  шашау  шығармай,  жауға  берілмей
тылда соғысып, осы ормандағы партизан отрядын құруға ұйтқы болған да


сол емес не? Өзге жұрт осының төңірегіне жиналды ғой.
Бұл,  əрине,  менің  дəлелім,  бірақ  соғыстың  дəлелі  басқа.  Ол
қаныпезердің  қанша  еңбек  сіңіріп,  ерлік  көрсетсең  де,  сенің  бір
осалдығыңды  кешпейтін,  өзінің  қатал  заңы  бар.  Мұнда  жалғыз  ғана
бағаланатын  нəрсе  —  батырлық,  ажалдан  қорықпау,  ақылың  Аплатондай
болса да төніп келген ажалдан қаймығып жалтарсаң, онда сенің құның жоқ.
Мұндағы кісіні шын қорлайтын, ең жаман сөз «қорқақ» деген сөз. Жұрт өзі
сағат  сайын  шыбын  жанын  ажалға  тосып  жүрген  соң,  өзге  біреудің  жан
сауғалап жалтарғанын кешпейді.
Қасымбекке  жұрттың  қырын  қарағанын  өз  басым  аңғарғаным  жоқ,
сонда да ол өзі — өзінен қорланып... жаман күдікке күпті болып жүрді ме
екен?  «Екі  адам  қаза  тауып,  тапсырма  орындалмағанша...  үш  адам  түгел
қаза  тауып  тапсырманың  орындалғаны  дұрыс  еді  ғой»  деп  еді  Қасымбек
сол түні. Енді байқасам бұл өз сөзі емес, естіген сөзі... айып есебінде бетіне
басылған  сөз  болды  ғой.  Сол  сөзге  мойынсынып,  өз  ойы  қылып  маған
айтыпты.  Сонда  екі  адамды  шығын  қылып  түк  бітірмегенше,  үш  адамды
шығын  етіп  жаудың  эшелонын  қирату...  тіпті  оп  —  оңай  есеп  екен  —  ау
бұл...  Ешбір  есепке  келмейтін,  есесі  толмайтын  адамның  ажалын  да  мына
соғыс  қарапайым,  қатал  есепке  салып  қойғаны  ма?..  Бірақ  менің  миыма
ондай  есеп  кірмейді.  Менің  көз  алдыма  тек  көпірдің  астына  тығыл  тірел,
жарылғыш  дəріге  қолын  созып,  өзімен  бірге  жарып  жібергісі  келіп,
жанталасып тұрған Қасымбек елестейді. Аман келгеніне қуанам...
Ал күйеуім болса, осы амандығына өзі қуанбайтын сияқты. Соғыстағы
адамның  əрбір  ұрыстан  аман  келгені  ұлы  той,  жұрт  ертеңгі  қатерді  есінен
шығарып,  кішкентай  қуанышқа  мəз  —  мейрам  болып,  жоқ  нəрсеге
қарқылдап  күлісіп  жатқанда,  ол  да  əдетінше  ыржиып  езу  тартқан  болады,
бірақ сол күлкісінің ар жағында сап — салқын бір нəрсе бар сияқты, түрін
көргенде тіксініп қалам.
Екеуміз,  тіпті  баламызбен  үшеуміз,  жыл  жарым  партизан  отрядында
бірге  болып  талай  ажалмен  бетпе  —  бет  кездесіп,  от  пен  судан  өтіп,  көн
болып  кеткен  денем  ыстық  пен  суыққа  көндігіп  алса,  қауіп  пен  қатерге
жүрегім  де  қасаң  болып  кетіп  еді.  Қасымбектің  ұрысқа  кеткен  сағаттарын
да,  жүрегім  алып  ұшпай,  сабырмен  тосатын  болғанмын,  енді  сол
сабырымнан айрылып, осы бір тапсырмаға шыққан сапарын, тіпті алғашқы
күндердегіден бетер көңілім ұйтқып, мазасыз тостым.


Қазір  бұлар  орындайтын  тапсырмалар  да  қиындап  барады,  бірнеше
эшелон қиратқаннан кейін немістер де қарап отыра ма, сақтығын арттырып,
жол бойындағы күзеттерін күшейтіпті, енді біздің жақтан да шығын көбейе
бастады. Сол тапсырмаға Қасымбек төрт адам болып кеткен, төртінші етіп
қастарына  Прошаны  ерткен.  Содан  Проша  жалғыз  қайтқанда  жүрегім
мұздап  қоя  берген.  «Пpoшa,  өзгелері  қайда?»  деп  сұрағанымша  болмай,
бала жүгіріп келіп мені құшақтай алғанда бір жамандықтың төбемнен төніп
келе  жатқанын  сезіп  іші  —  бауырымды  аяз  қарып  өткендей  тұла  бойым
салқындап қоя берді. Əлі бала ғой, жөн — жосығыңды қайдан білсін.
— Білмеймін, тетя Надя. Олар сірə қаза тапты ғой деймін.
— Не дейсің?— деппін бар айтқаным.
Басыма таяқпен салып қалғандай есеңгіреп отырып қалсам керек, содан
бір  кезде  кішкене  үміт  сəулесі  қылаңытқанда:  бала  «білмеймін»  деді  ғой,
ашық  айтпай  тұспалдап  тұр  —  ау,  «Апыр  —  ай,  жаңсақ  болғай»  деп
Прошаның  бетіне  қарадым.  Ол  мұрнын  қайта  —  қайта  тартып,  көзі
жыпылықтап  жыларман  болып  тұр  екен,  менің  кескінімді  көріп,  тоқтамай
жылдам — жылдам сөйлеп кетті. Қашан баланың аузынан ақтық жаман сөз
шыққанша  амандықтың  бір  қисыны  бола  ма  деп  дірілдеген  үмітімді  үзбей
мен де тыңдап қалыппын.
—  Біз  осыдан  шықтық  қой.  Содан  өзіміз  дəрі  қойып...  бұзамыз  деген
көпірге  бардық.  Бізді  қараңғыда  ешкім  көрген  жоқ.  Біз  де  ешкімді
кездестірмедік.  Сонда  да  тасаланып  сай  —  жылғамен  жүріп  отырдық.
Командир...  Қасымбек  Каресович  өзі  бастап  жүрді.  Оның  соңынан  мен
жүріп  отырдым.  Командир  «топталмай,  тек  көз  жазып  қалмай  бір  —
біріңнің қараларыңды көріп отыратындай жерден жүріңдер» деген. «Алды
—  арттарыңа  қарап  отырыңдар»  деген.—  Проша  қалай  жүріп,  қалай
бұққандарына  дейін  тəптіштеп  əңгімесін  созып  кетті.  Мен  оны
асықтырмадым,  қайта  оның  əңгімесінің  созыла  бергенін,  жаманат  хабарға
жеткенше  созыла  бергенін,  тіпті  сол  хабарға  жетпей  қойғанын  тілеймін,
мүмкін күдер үздірмейтін бір хабар айтар деген алдамшы үмітім де бар.—
Содан  біз  сол  жылғаның  үстінен  салған  кішкентай  темір  жол  көпіріне
жеттік.  Со  кезде  таң  бозарып  атып  қалған.  Содан  анау  Павленок  айтты:
тіптен  жарық  болып  кетпей  тұрғанда,  толдарды  орнына  құрып,  шнурды
тартып  алайық  деді.  Сосын  командир  айтты,  Қасымбек  Каресович  қазір
құруға  болмайды  деді.  Эшелон  бес  қырықтың  шамасында  келеді.  Бір


жиырма минут қалғанда ғана құрып күзетіп жатамыз деді. Бүгінде немістер
жолды  мықтап  күзететін  болған,  ерте  құрсаң  олардың  патрульдері  келіп,
толды алып тастайды деді. Рас екен, біз жатқанда патрульдер арлы — берлі
екі рет өтті. Көпірдің тұсына келгенде əдейі тоқтап, қарап тексеріп шықты.
Содан  біраз  уақыт  өткен  соң  командир,  Қасымбек  Каресович,  «поезд
келетін  мезгіл  болып  қалды,  ал,  кеттік»  деді.  Содан  көпірге  жетіп
арқамыздан қапшығымызды шеше бергенде жау патрулінің қарасы көрінді.
Командир  ана  екеуіне  «патрульді  бөгеңдер»  деп  бұйрық  берді  де,  өзі
толдарды  алып  рельстің  астына  тығып  жатыр.  «Бұл  көпір  менен  бір  рет
аман қалып еді, енді құтыла алмайтын шығар» дейді. Мен толдарды əперіп
тұр  едім,  командир,  Қасымбек  Каресович,  басын  көтеріп  атысып  жатқан
жаққа  қарады,  мен  де  қарап  едім,  жау  жақындап  қалған  екен.  Сосын
командир, Қасымбек Каресович, тез отрядқа жет, тапсырма орындалды ден
хабарла» деді. Мен кетпеймін, бірге болам деп едім», маған қатты ақырып
жіберді.  «Тез  жөнел!  Бұйрықты  орындамасаң  атып  тастаймын!  Жылғамен
кет!»  деді.  Сосын  мен  жылғамен  жүгірдім.  Олар  атысып  жатыр.  Бір  кезде
гүрсілдеген  дауысты  естіп  артыма  қарасам,  орман  ішінен  бір  ұзын  состав,
поезд шығып келе жатыр екен. Паровоздың түтіні будақтайды. Содан поезд
кішкене  көпірге  келіп  қалды.  Мен  бəрін  қарап  жаттым.  Тіпті  паровоз
көпірден өтіп бара жатыр еді...
Бір  пəленің  жақындап  келе  жатқанын  сезіп,  жүрегім  аузыма  тығылып
барады.  Проша  қорс  —  қорс  еткізіп  мұрнын  тартып,  үстіңгі  ерні  дүрдиіп,
ұрты  кəмпит  сорғандай  жағына  жабысып,  іркіліп  қалды.  Зəрем  ұшып,
бажырайып  баланың  бетіне  қадалып  қалыппын,  ішімнен  ар  жағын  айтпай
тұра тұрса екен ден тілеймін. Проша қылғынып бір — екі жұтынып алды,
енді сөйлемесе жылап жіберетін түрі бар.
—  Өзі  бір  ұзын  состав  екен.  Анық  көрдім  паровоз  көпірден  өтіп  кетті.
Сол  кезде...  сол  кезде  тек  гүрс  ете  қалды.  Қап  —  қара  түтін  бұрқ  етіп
аспанға  көтерілді.  Бір  тарсыл  —  гүрсіл  болды  да  кетті.  Вагондар  құлап
жатыр...  құлап  жатыр.  Соңғы  вагондар  алдыңғы  вагонның  үстіне  артылып
кетеді  де  құлайды.  Паровоз  да  құлады.  Біздің  адамдар  келер  ме  екен  деп
қарап  едім...  ешкім  көрінбеді.  Содан  шаң  —  тозаң  басылғанда  қираған
вагондарды  айнала  жүгіріп  жүрген  немістің  екі  —  үш  солдатын  көрдім.
Біздің адамдар көрінбеді... Білмеймін...
Прошаның  əңгімесі  осымен  тоқтады.  Алқынып  аузыма  тығылған
жүрегім не əрі, не бері кетпей, кептеліп кеңірдегіме тіреліп қалған сияқты,


тырп  ете  алмай  сол  кеңірдегімнен  ілулі  тұрғандай  хəлім  бар.  «Өлді»  деп
ойбай  салайын  десем,  мына  бала  анық  айтпады,  анығын  өзі  де  білмейді;
«өлмеді»  деп  үміт  етейін  десем,  айтуына  қарағанда  дəл  ана  жерден  аман
кететін қисыны жоқ, бірақ сонда да қашан көзім жеткенше көңілі құрғырым
«өлдіге» қимайды. Соғыста, тіпті одан да қиын құтылмас пəлеге кездескен
адамдардың құтылып кететін таңғажайып жағдайлары бола беретін.
Ақыры  жаманат  хабар  анықталды.  Күні  бойы  үмітімді  үзіп  жалғап,
өшіріп  əбден  ит  сілікпемді  шығарған  болу  керек,  енді  келіп  маған  арнайы
естірткенде  көзімнен  жас  шықпай  қалды.  Бір  түрлі  дүние  құлазып,  мына
сұрықсыз  өмір  одан  бетер  сұрқай  тартып,  бір  жиренішті  сезім  —
жалғыздық пен қорғансыздық сезімі тұла бойымды кеулеп, құлазытып бара
жатты. Көңіл айта келген үш — төрт еркек те осы сұрғылт дүниеде өздері
де сұп — сұр болып менен алыстап кетті.
«Қасымбек  Отан  алдындағы  борышын  абыроймен  өтеп,  ерлікпен  қаза
тапты. Капитан Гастеллоның ерлігін қайталап өз жанын құрбан етті. Халық
оны ұмытпайды».
Селк  ете  қалдым.  Бұл  Носовецтің  даусы.  Жаңа  Носовецтің  қарасын
көргенде комиссар арнайы келе жатқан соқ — ақ, жаманат хабардың расқа
шыққанына көзім жетіп, шошынып буын — буынымнан жан кетіп қалған.
Оның  мына  сөзіне  неге  селк  ете  қалғанымды  білмеймін,  əлде  өлім  деген
сұмдыққа сонша əдемі сөз қосқанына — ащыға бал тамызғандай тітіркеніп
қалдым ба...
Бір  кезде  байқасам  жалғыз  өзім  отыр  екем,  жұрттың  қалай  тарап
кеткенін  де  аңғармай  қалыппын.  Шамасы  есіттіргеннен  ойбай  салып,
шыңғырып  жылаған  əйелге  басалқы  айтып  жұбатуға  келген  кісілер,  мен,
көзімнен  жас  шықпай,  бедірейіп  үнсіз  қалған  соң,  өздерінен  өздері
ыңғайсызданып,  қипақтап  аз  отырып,  біртіндеп  тарап  кеткен  болар,
мазасын алмасын дегендері шығар, екі баланы да ала кетіпті.
Өзім  сірə,  табиғатымнан  тас  бауыр,  қатыгез  боп  жаралған  пəле
болармын,  қазақтың  əйелі  сияқты  ойбайымды  салып,  шашымды  жұлып,
кеудеммен  жер  соққылап  дауыс  қылудың  орнына  безеріп,  үнсіз  отырып
қалыппын.  Енді  келіп  есімді  жиғанда  алдымен  өзімнің  хəлімді  ойладым.
Шынымды айтсам бұл ажал өзім күтпеген жерден, тура төбеден түскендей
болған  жоқ.  Соңғы  кезде  үдеп  кеткен  күдігім  мен  қобалжуымды  былай


қойғанда,  жұрттың  бəрін  сыпыра  жалмап  жатқан  мына  сұмырай  соғыс
өзімді  ала  —  бөле  ажалдың  тура  əдетінен  суырып  алып,  ол  аз  дегендей
аспаннан  түскендей  күйеуімді  тауып  беріп,  бауырыма  баламды  бастырып,
төрт  құбыламды  түгелдеп  алшақтатып  қояды  дегенге  сенбеуші  едім:  енді
келіп сол артығын алып кетті. Əлі де алмағаны бар шығар бұл жауыздық...
«Ақсақ  қой  түстен  кейін  маңырайды»  деуші  еді,  Қасымбектің
қазасының  салмағы  да  маған  кейінірек  барып  жетті.  Күн  асқан  сайын
күйеуімнің орны үңірейіп барады. Күйеуім қасымда жүргенде оның қадірін
білмеген  сияқты  болып  көрінем  де,  көкірегімді  өкініш  билейді.  Менің  бар
едім,  салмағымды  ауырламай  қиын  кезде  де  қабағын  шытпай  көтеріп  еді.
Жаудың  тылында,  партизан  болып  соғысу  —  салт  басты,  сабау  қамшы  ер
азаматтың  өзі  əзер  шыдайтын  қиямет  нəрсе.  Қасымбек  болса  бір  қолымен
соғысып,  бір  қолымен  жөргектегі  баласы  мен  əйелін  сүйретіп  жүрді.  Ол
ғана  ма?  Күйеуім  қасымда  жүргеніне  мəз  болып,  мен  оның  халін,  ар
жағында  не  болып  жатқанын  ойламаған  екем.  Біздің  Қасымбекке  түсетін
салмағымыз,  тек  жорық  үстіндегі  ауыртпалық,  тіршіліктің  салмағы  деп
ойлаушы  ем.  Күйеуімнің  балажандығына  ішім  жылып,  мəз  болатынмын.
Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен əйелің көздері
жəудіреп  қасыңда  тұрғанда  басыңды  оққа  байлап  соғысу...  Менің  өзім
қандай  болып  едім?  Күйеулері  алыста,  көз  кермес  жерде  соғысып  жүрген
елдегі  əйелдердің  хəлі  менің  қасымда  ойыншық  екен.  Күйеуіңді  құдайдың
құтты  күні  өз  қолыңнан,  алыстағы  көз  көрмеген  майданға  емес,  көріп
жүрген  тікелей  соғысқа,  ажалға  аттандырып  тұрсаң...  Мен  өз  хəлім,  өз
қорқыныш, күдігіммен əуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын
ойламаппын да.
Ұрысқа  кірген  адам  алдымен  жаумен  соғыспайды,  өзімен,  өз  ішіндегі
ажалдың  үрейімен  соғысады.  Барлық  қажыр  —  қайратын,  жан  қуатын
жұмсап,  ең  əуелі  сол  сұмырайды  жеңіп  алады.  Қасымбекке  осы  екеуі  аз
болғандай,  қиналған  сəтінде  баласымен  екеуміз  барып  шаужайына
жармасқан екеміз — ау. Қанша батыр болсаң да көзі жəудіреген кішкентай
сəбиің  мен  қорғансыз  əйеліңді  қалың  жаудың  ішінде  қалдырып,  басыңды
оққа байлау...
Соғыста жүргенде көп нəрсені ойлап басымды қатыpa бермейтінмін, ой
деген  пəле  қай  —  қайдағыңды  қоздырады  да  шықпайтын  шырғалаңға
салып  қояды,  сөйтіп  жүріп  Қасымбектің  де  халін  ойламаппын.  Өзін
жоғалтып  алып,  оның  халін  енді  ғана  түсініп  келем.  Баламыз  екеуміздің


күнделік  тұрмыстағы  масылдығымыздан  «артымда  қалса  қайтем»  деген
уайымы  анағұрлым  ауыр  болған  екен  ғой  оған.  Қатын  —  баласы  елде
қалған  еркектерге  ештеңе  емес  —  ау,  ал  əйелің  мен  кішкентай  сəбиіңді
қанжығаңа  байлап  жүріп  соғысу  деген...  Артыңдағы  оқ  астында  жатқан
қатын  —  балаңа  қайрыласың  ба,  я  болмаса  алдыңдағы  алқымыңнан  алған
жаумен  соғысасың  ба?  Өзге  жұрт  əйтеуір,  басқа  түссе  «өзекті  жанға  бір
өлім»  деп  тəуекел  етеді,  ойлап  қарасам,  тағдыр  бұған  тəуекелін  де  түгел
бермеген екен.
Баласын  еркелетіп  сүйе  беретін,  сонда  оның  көңілінде  не  тұрғанын
аңғармаппын  —  ау  мен  жетесіз.  Осы  баланың  есін  білмей  жатып  жетім
қаларын  іші  сезіп,  бар  мейірімін  сарқып  бермек  болғаны  ма  екен?  Түнгі
тапсырмадан  қайтқанда  белін  шешпестен  төсектің  шетіне  отыра  қалып,
ұйықтап  жатқан  Дулатты  кеудесіне  қысып  алып,  құшырланып  иіскейтін.
«Түн аспай баласын сағынып қалыпты» деп соған мəз болатынмын. Содан
кейін,  қара  көлеңкеде  маған  телміре  қарап,  мені  бір  бейне  бала  сияқты
шашымнан,  маңдайымнан,  бетімнен  сипалап  қоятын.  Құр  сипалай
бергенше  құшақтап,  қысып  сүйгенін  жақсы  көріп  тұрсам  да,  күйеуімнің
маған  бата  алмай,  жасқана  аялағанына  көңілім  марқайып,  іріленіп
қалатынмын. Қойнындағы жары болсам да, мені əлдеқандай көріп еркінсіп
кете алмайды — ау, деп ойлаушы едім; енді күйіс қайырып, қайтадан ойлап
қарасам  оның  сыры  басқа  екен.  Түнгі  соғыста  басына  қатер  төніп,  жаны
алқымға  тірелген  сағатта  панасыз  көр  бала  екі  жетімек  қайда  қалады  деп
үрей  билеп,  ышқынып...  енді  аман  —  есен  қайтып  оралғанда  əлгінде  ғана
жетім  қала  жаздаған  баласын  енді  айрылмастай  бауырына  қысып  алып,
жесір қала жаздаған əйеліне шүкірлік етіп, аянышпен қарағаны екен ғой ол.
Жыл  жарымнан  артық  қақ  ортасында  жүрген  соң  соғыс  деген
сұмырайдың  да  мен  білмеген  сыры  қалмады.  Тұла  бойыңдағы  қажыр  —
қайратың  мен  жігер  күшіңді  түгел  бермесең  қанағат  қылмайтын  қомағай
мінезі  бар  оның,  бейне  қызғаншақ  қатын  сияқты  көңіл  алаңыңды  ол
көтермейді  де,  кешпейді.  Я,  жаумен  соғысасың,  я  көңіліңдегі  алаңмен,
ішіңдегі үреймен соғысасың. Қасымбек болса, біз келіп қосылғаннан бергі
жыл  жарым  екеуімен  қатар  соғысыпты.  Жұрттың  басында  бір  қиындық
болса, салмағымды ауырламай қиын кезде де қабағын шытпай көтеріп еді.
Жаудың  тылында,  партизан  болып  соғысу  —  салт  басты,  сабау  қамшы  ер
азаматтың  өзі  əзер  шыдайтын  қиямет  нəрсе.  Қасымбек  болса  бір  қолымен
соғысып,  бір  қолымен  жөргектегі  баласы  мен  əйелін  сүйретіп  жүрді.  Ол
ғана  ма?  Күйеуім  қасымда  жүргеніне  мəз  болып,  мен  оның  халін,  ар


жағында  не  болып  жатқанын  ойламаған  екем.  Біздің  Қасымбекке  түсетін
салмағымыз,  тек  жорық  үстіндегі  ауыртпалық,  тіршіліктің  салмағы  деп
ойлаушы  ем.  Күйеуімнің  балажандығына  ішім  жылып,  мəз  болатынмын.
Жаның қалмай жақсы көретін бал мінезді киттей балаң мен əйелің көздері
жəудіреп  қасыңда  тұрғанда  басыңды  оққа  байлап  соғысу...  Менің  өзім
қандай  болып  едім?  Күйеулері  алыста,  көз  көрмес  жерде  соғысып  жүрген
елдегі  əйелдердің  хəлі  менің  қасымда  ойыншық  екен.  Күйеуіңді  құдайдың
құтты  күні  өз  қолыңнан  алыстағы  көз  көрмеген  майданға  емес,  көріп
жүрген  тікелей  соғысқа,  ажалға  аттандырып  тұрсаң...  Мен  өз  хəлім,  өз
қорқыныш, күдігіммен əуре болып Қасымбектің ішінде не болып жатқанын
ойламаппын да.
Ұрысқа  кірген  адам  алдымен  жаумен  соғыспайды,  өзімен,  өз  ішіндегі
ажалдың  үрейімен  соғысады.  Барлық  қажыр  —  қайратын,  жан  қуатын
жұмсап,  ең  əуелі  сол  сұмырайды  жеңіп  алады.  Қасымбекке  осы  екеуі  аз
болғандай,  қиналған  сəтінде  баласымен  екеуміз  барып  шаужайына
жармасқан екеміз — ау. Қанша батыр болсаң да көзі жəудіреген кішкентай
сəбиің  мен  қорғансыз  əйеліңді  қалың  жаудың  ішінде  қалдырып,  басыңды
оққа байлау...
Дүрсілдеп поезд келіп қалғанда көпірдің ернеуіне иығын тіреп, рельстің
астына  құрып  қойған  дəріні  сипалап,  жаны  мұрнының  ұшына  тіреліп,  сол
бір  шиыршық  атқан  сəтінде  ет  қызуымен  жарып  жібермек  болып  ұмтыла
бергенде...  есіне  баласы  мен  əйелі  түсіп  кетіп...  Гүрс  етіп  аспанға  ататын
мұп — мұздай ажалды қолымен ұстап тұрғанда ол бір өліп тірілді. Сол түні
оны ажалдың салқыны шалды. Сол салқынды бойынан шығара алмай — ақ
кетті ғой азаматым.
Қасымбектің бір айтқан əңгімесі есіме түседі. «Адам деген қызық нəрсе
ғой,  кейде  түсінбейсің»  деп  бастап  еді  ол.  «Кейде  бір  қорқу  дегеннің  не
екенін білмейтін, жауып тұрған оқ қыбына кірмейтін адамның аяқ астынан
қоян  жүрек  болып  кеткенін  көресің.  Тіпті  қорықпайтын  нəрседен  қорқып,
қаңғыма  оқ  зың  етсе  жата  қалып,  қиырдан  самолет  көрінсе  шұңқырға
тығылып...  берекесі  кетеді.  Білмеймін,  адамның  бір  жаман  шошынатын,
жүрегі  шайлығатын  кезі  бола  ма  екен?  Ондай  сорлылар  аман  қалмайды,
абыройынан айырылып, қаңғалақтап жүріп қаза болады» деп еді.
Астапыр  —  аллау,  Қасымбектің  өзі  осындай  халге  душар  болды  ма
екен?  Бір  адам  шошынса,  шошынатындай  жағдайда  болды  ғой.  Бір  өліп


тірілген  адам  екінші  қайтып  өлімге  беттей  ала  ма?  Со  жолы  Қасымбектің
ішінде болған бір өзгерісті сезіп едім де, себебіне жете алмап едім. Ажалын
қолына ұстап, аспанға атылайын деп тұрған... ет қызуымен бірден атылып
кетпеген соң екінші қайтып оған жүрегің дауай ма? Қатер деген құрғырдың
сол  сəтіндегі  үрейінен,  өтіп  кеткеннен  кейінгі  үрейі  əлдеқайда  жаман.
Қасымбектің қабағына айықпайтын бір кірбең терең ұялап алыпты, ішінде
де бір зіл жатқанын сезетінмін, енді байқасам, сол ажалды қолына ұстаған
сəтінен кейін үрей деген жексұрын күйеуімнің бойына кеулеп кіріп кеткен
екен.  Оның  үстіне  екі  адамды  өлтіріп  алып,  тапсырманы  орындайтын
жерде жанын қия алмай жалтарған үшін бір жағынан ары қажаса...
Апыр — ау, бір жолы байқадым да, тек жай ғана таңырқап қойған екем
—  ау.  Орман  ішінде  осы  лагерьде  тұрғанда  аспанда  жаудың  самолеті
көрініп,  «воздух»  деген  айқай  шықты  да,  жүгіріп  кете  жаздап  өзін  əзер
іркіп,  «шық  тезірек»  деп  маған  ақырды.  Содан  екі  баланы  көтеріп  алып,
мені  дедектетіп  қазулы  шұқырға  алып  келді.  Осы  кезде  барып  асықпай
жайбарақат
қимылдаған
жұрттың
сабырын
байқап,
кейбіреулері
алақандарының  астынан  аспанға  қарап  көздерімен  көктегі  самолетті  іздеп
тұр  екен,  Қасымбек  ыңғайсызданып  қалып  еді.  Сонда  денесінен  діріл
сезгендей  болып  едім,  өңі  де  қуарып  кеткен  —  ді.  Бұрын  талай  орындап
жүрген үйреншікті тапсырмасына барғанда да алдында тұрған ажалды ғана
көріп,  зəресі  кетіп,  өзімен  өзі  алысып  азап  шекті  ме  екен?  Дəл  қазіргідей
көз  алдымда,  қабағында  бір  түңілгендіктің  белгісі  бар  еді  —  ау,  мен  оны
жамандыққа  жоруға  қорқып,  əншейін  жай  кірбең  шығар  деп  жүруші  едім.
Бізді  де  əлпештеп,  еркелетуін  қойып  алған,  кенеуі  кетіп,  қожырап  кеткен
көңілін  босата  бермейін  дегені  болды  ма  екен  шамасы  —  баласы  түскір
сүйген  сайын  қимастығын  қоздырып,  бекіте  алмай  жүрген  буынын  босата
береді  ғой.  Тек  соңғы  тапсырмаға  кететін  күні,  менің  көзімді  ала  беріп,
Дулатжанды  бір  түрлі  ышқынып  сүйді  де,  тез  жерге  түсіріп  жіберді.
Meнімен қоштасқан да жоқ...
Бұл  жерде  «сен  кеше  батыр  —  ақ  жігіт  едің,  апыр  —  ай  бүгін  жүрегің
шайлығып қалған екен» деп ешкім маңдайыңнан сипамақ тұрсын, кешірім
жасамайды.  Оның  үстіне  өзің  көптің  бірі  емес,  командир  болып
қарауыңдағылардың  алдында  қоян  жүректік  көрсетсең  масқараның  үлкені
сол.  Осының  бəрін  Қасымбек  білмей  жүрді  дейсің  бе,  бірақ  ол  бір
шайлыққан жүректің енді қайтып орнына түспейтінін, рабайда түсе қалған
күнде де ұзақ уақыт керек екенін де білетін. Соғыс оған уақыт берген жоқ.
Абыройсыз  болмаудың,  қор  болмаудың  жалғыз  жолы  —  оның  алдына  тек


қана ажал тұрыпты.
«Бұл  көпір  енді  менен  құтыла  алмас»  депті  Прошаға.  Соғысқа  кіргелі
тұңғыш  рет  соншалықты  жүрегін  ұшырып,  жанын  ит  қорлыққа  салған
көпірге  өшігіп  кетті  ме  екен?  Не  де  болса  ажалы  сол  көпірдің  басында
болды.  «Ажал  тартады»  деуші  еді  қазақ,  сол  көпірдің  түбіне  бұрын  шала
өлген жанын сүйретіп қайта барыпты, енді сол ит жанның сілімтігін алып
қалмайын  дегені  ме  екен?  Жаны  ғана  емес,  сол  көпірмен  бірге  аспанға
ұшып, күл болып кеткен тəні де сол топырақта қалды.
16
Өлімсіреген күңгірт сəуленің де жарығы əр түрлі болады екен. Аузы —
мұрны  бітеу,  есік  —  терезесі  жоқ  қараңғы  жеркепенің  жоғарыдан  жылап
түсетін  жарығы  əлі  жеткенше  ұлғайып  болған  —  ау  деймін.  Мана  бір
оянғанда  төңірегім  тас  қараңғы  еді  енді  зілмəнкенің  іші  кəдімгідей
кеугімденіп  қалыпты.  Қараңғылық  бұрыш  —  бұрышқа  сырылып,
күңгірттеніп,  қабырғалар  көрінеді.  Бұл  үңгірде  бұдан  артық  жарық
болмайды,  сондықтан  да  ертеңгі  уақыт  па,  əлде  мен  көбірек  ұйықтап
қалып, сəске не түс таянып қалды ма, ажырата алмадым, бірақ əзір екі бала
ояна  қойған  жоқ,  соған  қарағанда  уақыт  ұзай  қоймаған  шығар.  Аш
балалардың  ұзағырақ  ұйықтағаны  да  пайда.  Əйтеуір  бір  əдет  те,  əйтпесе
уақыт есептейтін мен қай шаруамнан қалып бара жатырмын, қайта күткен
адамға уақыттың көбірек өткені олжа емес пе.
Екі  жылдан  асты  —  өткізе  алмай  жүргенім  осы  уақыт.  Қойны  —
қонышым қуанышқа толып, жастықтың буына мас болып, көңілім алып —
ұшып  күннің,  айдың  қалай  өтіп  кеткенін  білмей  қалатын  шағымда  əрбір
азапты  күнім  мен  сағатымды  өткізе  алмай  қиналатын  жағдайға  түстім.
Өмірдің  есігін  жаңа  ғана  ашқан  жас  адамның  жауының  уақыт  болғаны  да
ақылға  сыймайтын  нəрсе  ғой.  Уақыт  бəрін  жалмап  жатыр.  Кейде,  соғыс
тым  болмаса  бір  күн  ерте  бітсе  қанша  адам  тірі  қалар  еді  деп  ойлаймын.
Бірақ  соғыстың  əзір  бітетін  ойы  жоқ.  Жалмап  жатыр.  «Жақындап  қалды,
ұзамай келіп қалар» деген майданның өзі бізге жетпей — ақ шаршатты. Ол
майданды  біз  күткелі  қашан,  мен  отрядқа  келген  алдыңғы  жылдың
ақырынан  құлағымыз  елеңдеп  күтіп  келеміз.  Енді  осы  келіп  —  ақ  қалды
деп  еді...  одан  бері  де  талай  шығынға  ұшырадық.  Біздің  отрядтың  да
сілімтігі  шығып  еді,  əдейі  əскер  жіберген  жаудың  шабуылына  қайдан
төзсін, басқа бір жаққа жалтарып кетті ғой, тек қоршауға түсіп қалмаса.


«Біздің отряд» деймін, демегенде қайтейін, екі жылға жуық бірге болып
осылардың  ішіне  əбден  сіңісіп  кеттім.  Өліп  тұрамыз,  жаңарып  тұрамыз,
бірақ  əйтеуір  əріден  келе  жатқан  қара  шаңырақ  сияқты  сол  отряд  болып
қала  береді.  Мен  келгенде  отрядта  жүз  қаралы  адам  бар  еді,  олардың
қатары  сиреп  Николай  Топорков,  Абан  Бұдашев  сияқты  жиырма  шақты
жігіт  қалды.  Көбі  кейінірек  келгендер,  тіпті  жаңадан  келгендері  де  бар,
солардың алдында енді мен көненің көзі сияқтымын.
Қасымбек  қаза  тапқаннан  кейін  мені  бір  тыныштау  жерге  паналата
тұрамыз  ба,  дегендер  де  болып  еді,  бірақ  майдан  жақындап,  жау  əскері
қалыңдап кеткен бұл маңайдан тыныш жер табылмады. Оның үстіне Абан
мен  Николай  мені  отрядтан  қалдырғылары  келмеді,  содан  маған  көзі
үйреніп  кеткен  көпшілік  онша  қарсы  бола  қоймады.  Соңғы  кезде
партизандардың  мазасы  кетіп,  маған  екі  баламен  оңай  болып  жүрген  жоқ,
əйтеуір көптеп көмектесіп, амалдап келе жатырмыз. Сасқан кезде біреуі бір
баланы көтеріп алды, бір баланы өзім көтеріп жүгірем.
Бұл  екі  жетімек  те  тумай  жатып  көргені  сол  болғасын  бəріне  көндігіп
алған.  Жұрттың  жанының  қысылғанын  бұлар  да  сезе  ме,  жүгіріп  баратып
құлатып,  не  бір  жерге  соғып  алсаң  да  қыңқ  етіп  жылауды  білмейді,  тек
маймылдың  баласындай  кісінің  бауырына  жабыса  береді.  Орман  ішінде
лагерьде  тұрғанда  төбемізге  жау  самолеті  келіп  қалып,  «воздух»  деп
айқайлағанда,  жұртпен  бірге  өздері  шұңқырға  қарай  жүгіреді,  Дулат
окоптың ернеуіне келіп, жата қалып домалап түседі, одан екі елі қалмайтын
кіп — кішкентай Света үрпиіп, дəл шұқырдың ернеуінде тұрып қалады.
Қасымбек  қайтыс  болғалы  екеуінің  салмағы  мен  үшін  бұрынғыдан  да
ауырлап  кетті.  Бірақ  ойлап  қарасам,  бір  жағынан  менің  біраз  қасіретімді
жеңілдетіп  тұрған  да  осы  екеуі.  «Осы  екеуі»  деймін,  іштен  шықпаса  да,
кішкентай  Светасы  түскірді  Дулатымнан  бөліп  тастай  алмаймын,  тіліме
бірге  оралады.  Қасымбек  қаза  болғанда  шашымды  жұлып  жыламасам  да,
əлде  сол  жыламағанымнан  ба  екен,  білмеймін  бір  зіл  салмақ  мені  басып
бара  жатты,  тіпті  денемнің  де  ауырлап  кеткенін  байқадым.  Тірі  жанмен
тілдескім келмейді, бір — екі рет Абан қазақшалап жұбаныш сөздер айтып,
көңілімді  демегісі  келіп  еді,  менің  түрімнен  шоши  ма,  сөзінен  жаңылып,
ыңғайсызданып, қипақтап отырып кетіп қалатын болды. Мен болсам бейне
бір  меңіреу  далада  қалғандаймын,  Абанның  сөзінің  де  мағынасы  жоқ,
төңірегімде қарауытып жүрген адамдардың тірліктерінің де мағынасы жоқ.
Ертең  не  болам  дегенді  де  ойламаймын,  өйткені  ертеңгі  күнде  де  ешбір


мағына  жоқ  сияқты.  Кеше  ғана  тірлік  үшін  тырбанып,  бір  жағы  жаумен
соғысып, бір жағы қатын — баласының қамын ойлап, алдағы күннен үміт
етіп жүрген Қасымбек не болды? Аңсаған арманың, тағатсыз күткен жақсы
күнің,  тыпыршыған  тірлігің  көзді  ашып  жұмғанша  жоқ  болады.  Қасымбек
те  көз  жұмғанша  тырбанып,  сол  алданышпен  кетті,  əбігерден  айықпай,
өздерінше  бір  нəрсе  тындырдым,  не  тындырам  деп  жүрген  мына  жұрттікі
де, бүгін болмаса ертең жоқ болатын сол алданыш емей немене. Менікі де
сол. Дəл осылай ойладым ба сол кезде, əлде осылай сезіндім бе, cipə солай
сезінген болармын, ондай шақта менде жүйелі ой қайдан болсын, тек тұла
бойым құлазып, дүние сұп — сұр болып, азынап баратқанын білем.
Бір  күн  бойы  екі  балаға  да  қарамадым,  кейде  маңымда  жүргенін
байқаймын,  кейде,  еркектер  алдарқатып  алып  кете  ме,  көзіме  түспейді,
оларды  іздеп  алаң  болуды  да  қойып  алған  сияқтымын.  Кіп  —  кішкентай
болса  да  баланың  іші  де  бір  нəрсені  сезеді  —  ау  деймін.  Дулат  келіп
қыңқылдап  мазамды  алмайды.  Бір  —  екі  рет  өрмелеп  мойныма  асылғанда
итеріп  түсіріп  жіберіп  едім,  əдетінше  қайта  жармасып,  жылап  мазамды
алудың  орнына,  үндемей  жүре  берді,  бірақ  сонда  да  шешесінің  бір  үлкен
қасіреті  барын  білгендей,  мені  төңіректеп  кетпей  қойды.  Көзі  жаутаңдап
маған қарап қояды. Содан бір кезде:
— Папам қашан келеді?— деп сұрады.
Қалай  тіріліп  кеткенімді,  баламды  қалай  құшақтай  алғанымды  өзім  де
білмей қалдым. Бауырыма қысып алып, екі бетінен жабысып сүйе беріппін.
Бір  кезде  ағыл  —  тегіл  көз  жасым  екеуміздің  бетімізді  шылқытып,  жуып
кеткенін  байқадым.  Мына  ажалдай  азынаған  сұп  —  сұр  суық  дүниеде
жылтыраған жалғыз шырағымды өшіріп ала жаздаппын ғой. Кешеден бері
баламды  елеусіз  жалғыз  қалдырғаным  үшін  жүрегімді  үрей  билеп,  енді
қолымнан  шығарсам  айырылып  қалатындай  көріп  жабысып  қалдым,  ауық
—  ауық  ышқынып  даусым  да  шығып  кетеді.  Осы  бір  үрей  мені  қайта
тірілтті. Енді қашан кеудемнен жаным шығып кеткенше осы сəбидің өмірі
үшін алысатынымды сездім.
—  Иə,  сөйтіп  өзімнің  үйреншікті  тірлігіме  қайтып  оралдым.  Қасымбек
қаза тапқанмен аспан құлап жерге түскен жоқ, партизандардың өмірінде де
елеулі  өзгеріс  болған  жоқ,  күн  сайын  қазаға  ұшырағандардың  бірі  болып
бұл  дүниеден  кете  барды;  тек  менің  ғана  сүйенген  жарым  омырылып
түскендей  бір  жаным  үңірейіп  қалды.  Əйтеуір  кеудеден  жаным  үзіліп


шыққанша  тырбана  беруге  үйренген  машығым  бар,  жүгім  екі  есе  ауырлап
кетсе де тырбана бердім.
Тек  бір  осындай  оңаша  қалғанымда,  өткенім  мен  кеткенім  көз  алдыма
қайтып  оралып,  ойы  құрғыр  іші  —  бауырымды  осып  —  осып  жіберетіні
бар.  «Қасымбек  капитан  Гастеллоның  ерлігін  қайталап,  өз  жанын  құрбан
етті,  біз  оны  мақтан  етеміз»  деді  Носовец.  Осалдығым  шығар,  менің
жүрегімде  мақтаныштан  қасіретім  басым.  Ерім  Гастеллоның  ерлігін
қайталапты,  бірақ  менің  балама  əкесін  бұл  дүниеде  ешбір  адам  қайталай
алмайды. Менің жоғалтқан жарымның орнын ешкім толтыра алмайды. Жеп
жатыр,  мына  соғыс,  жалмап  жатыр.  «Жеңіс»  деген  жалғыз  ауыз  сөзге
жеткенше əлі қаншасын жалмайтынын бір құдайдың өзі білсін. Бірақ қанша
құрбандық, қанша шығын керек болса да мына қозғалып кеткен соғыстың
машинасы  соған  жетпей  тоқтамайды,  алдыңғылардың  құрбандығын  ақтау
үшін  соңғылар  да  құрбандыққа  барады.  Екі  жауынгерін  құрбан  етіп,
ажалмен  бетпе  —  бет  келгенде  қатын  —  баласы  есіне  түсіп  кетіп,  бір
тайқып  қалған  Қасымбек,  жүрегі  қанша  шайлықса  да  екінші  рет  тайқып
кете алмады, өзін құрбан етті. Өйтпесе енді қайтып жер басып жүре алмас
еді. Осының бəрін түсінетін — ақ сияқтымын, бірақ бəрібір ет жүрегім қан
жылайды.  Ойсыраған  олқымның  орнын  ешбір  дəлелмен  де,  уытты  сөзбен
де толтыра алмаймын.
Бұл обыр соғыстың ресми тілінде адамның ат — есімінен гөрі сан есебі
көбірек  айтылады:  «Он  бес  адам  қаза  тапты»,  «отыз  адам  шығын  болды».
Биыл  көктемде  немістер  партизандарды  үлкен  орманнан  қуғанда  ондай
цифрлар тіпті көбейіп кетті. Көрші бригаданың мың екі жүз адамынан жүз
жиырмадай ғана адам тірі қалыпты деп естідім, ең шығыны аз деген біздің
отрядтың  да  бестен  бірі  ғана  қалды.  Осылардың  барлығы  цифрмен
есептеледі. Қиын соғыста он шақты адамын беріп құтылса—«шығынымыз
аз болды» деп қуанып қалмаса да, кəдімгідей көңілдеріне тоқ санайды. Сол
он  шақтының  əрқайсысы  біреудің  бір  Қасымбегі,  Светасы  емес  пе?  Он
екіде бір гүлі ашылмаған қыршын жас Проша да соңғы соғыста қаза тапты.
Қасымбек  қазасынан  кейінгі  мені  қатты  қинаған  осы  баланың  ажалы
болды. Кəмпит сорғандай қусырылып тұратын екі ұрты бұрынғыдан бетер
қусырылып,  дүрдиген  үстіңгі  ерні  жұқарып  күрек  тісіне  жабысып,  боп  —
боз  болып  солып  қалған  жансыз  бет  —  бейнесін  көргенде...  қанша
қырғынды  көріп  келе  жатсам  да  осы  бір  өлім  маған  тіпті  түсініксіз,
жаратылысқа  жат  —  сорақы  болып  көрініп,  тұла  бойым  мұздап  қоя  берді.
Көзімнен жас шықпай Прошаның өзіме сонша таныс бетінен титтей болса


да тіршілік белгісін іздеп, қадалып қатып қалыппын, бірақ тірліктің саңлау
сəулесі  көрінбей  қыршын  жастың  бетіндегі  ажалдың  салқыны  менің  өн
бойыма кеулеп кіріп баратқандай болды.
«Прохор  Усачев  совет  халқының  адал  ұлы.  Ол  жеңіс  үшін  қыршын
жанын құрбан етті» деді Носовец Прошканың бетін жауып жатып.
«Жеңіс үшін жанын құрбан етті»... Бұл жеңістің құрбандығы көп... тым
көп болайын деп тұр. Сол құрбандыққа бару үшін де, жұртты апару үшін де
шімірікпейтін  жүрек  керек.  Өз  қазамды  қайтейін,  жазмышты  күтіп,  келер
деп  жүрмін  ғой,  бірақ  өзгені  құрбандыққа  байлайтын  мықты  жүрек  менде
жоқ.  Сірə  «жеңіс»  деген  менің  шұрқ  —  шұрқ  тесік  қалқансыз,  осал  əйел
жүрегіммен емес «қабырғасын қақыратып сөксе де» қайыспайтын Носовец
сияқты  мықтылардың  шімірікпейтін  болат  жүрегімен  жасалатын  нəрсе
болар.
17
«Тірі  болсам  келемін»  ден  еді  Абан.  Менің  ендігі  бар  тілегенім:
Абанның  тірлігі.  Кеудесінде  жаны  болса  ол  бізді  іздеп  таппай  қоймасы  —
кəміл.  Қасымбек  тапсырмаға  шыққанда  дəл  өз  қасына  Абанды  ерткенін
көрген жоқ едім, мезгілінде байқамаған біраз сырды кейін аңғарып келемін
—«біріміз өлсек біріміз қалайық» дегені екен ғой.
Осы отрядтағы айналдырған үш қазақ бір үйлі жандай болып кеттік те.
Абан Қасымбектің еркелетіп өсірген кенже інісіндей арсалаңдап бізге тіпті
еркін  болатын.  Мені  бірде  жеңгей»  деп  үлкейтіп,  бірде  «Нəзікеш»  деп
кішірейтіп,  Қасымбекті  де  оңаша  жерде  командир  тұтып  жатпай  бірде
«ақсақал»,  бірде  «Қасеке»  деп  сапырып  сөйлегенінде  де  ерсілік  жоқ,  бəрі
жарасын тұратын. Өзі балажан: қолы босап кетсе ермегі Дулат, оны аспанға
атқылап,  арсалаңдап  мəз  болып  жалғыз  өзі  лагерьді  басына  көтеріп
жатқаны.  Қасымбектің  қазасы  бұл  жігітті  де  өзгертіп  кетті.  Бұрынғыдай
аңқылдауын  қойып,  даңғыр  —  дүңгір  салдырлақ  мінезінен  жаңылып,
бойына қаяулы сабыр кірген. Алғашқыда бейне бір ауру баққандай, өзінің
əр  сөзі  мен  қимылына  қарауыл  қойып,  аяғын  да  еппен  басатын  сияқты
көрінді  маған.  Дулатты  секіртіп  ойнатқанда  да  бұрынғыдай  тапыраңдап
даурықпайды, тек бала шықылықтап күлген кезде шыдай алмай, күлкісінің
астына  күрсінісін  төсеп,  ақырын  ғана  жайымен  күледі.  Баяғыдан  бері
əңгүдіктеу көрінген жігіт кісі қасіретіне ескерімпаз болып шықты.


Қайғылы  қазадан  туған  Абанның  осы  жаңа  мінезі  өзіне  жарасып  та,
жараспай  да  жүрді.  Алғашқыда  жұбаныш  айтқанда  маған  «жеңгей»  деп
жүрді де, содан кейін атаусыз сөйлесетін болды. «Жеңгей» десе Қасымбекті
есіме салып жарасын шұқылай берермін дегені болар, ал «Нəзікеш» дегені
енді  ерсілеу  көрінетін  сияқты.  Ылғи  бетіне  өзі  қарап  бірдеме  демесе
қашанғы  кісімен  атаусыз  сөйлесе  бересің,  «əй»  демесең,  кісіні  əйтеуір  бір
нəрсе  деп  атау  керек  қой.  Жасым  кіші  болса  да,  жолы  үлкен  деп  маған
жасаған ізеті болар, ақыры Абан мені «Нəзеке» дейтін болды. Бұрын жақын
тартып  жадағайлау  кетіп,  көбіне  «сен»  деп  сөйлей  беретін  Абан  бірыңғай
«сізге» де кешкен — ді. Əйтсе де, «соғыс» деген құрғырдың мінезі шапшаң
да  доғал,  жол  —  жоралғы,  ізет  —  инабатты  сақтатып  кісіні  сызылтып
қоймайды,  көп  жеріңді  төтелеп  жібереді.  Абанның  да  қазадан  кейінгі  ауру
баққандай өбектеген ескерімпаз сынықтығы мен аяғын қысқан тар етіктей
мазасын  кетірген  сызылған  сыпайылығы  ұзаққа  барған  жоқ.  Қысылтаяң
кезеңде «баланы маған бер, өзің қалма» деп Дулатты бір қолына алып, бір
қолымнан  сүйреп  дедектете  жөнеледі.  Кейде  ұрыс  кезінде  ашық  жерде
жатып  қалсам,  екі  етегі  далақтап  жүгіріп  келіп,  сүйреп,  шұқырға  апарып
тығып:  «осы  арадан  қозғалушы  болма!  Басыңды  көтерме!»  ден  зекіп
тастайды.
Аласапыран  соғыс  тұсауын  ағытып  жібергендей  Абан  азғана  күнде  —
ақ  бұрынғы  аңқылдақ  мінезіне  қайтып  оралады.  Əйтседе  оның  дəл
бұрынғы  Абан  емес  екенін,  ішім  сезеді;  үлкен  үйдің  ерке  баласы,  жалғыз
ағасы  өліп,  ендігі  үлкен  өзі  болып  қапелімде  есейіп  шыға  келгендей.
Екеуміздің  орнымыз  да  өзгеріп  кеткен  сияқты  —  бұрын  көбіне  менің
аузыма  қарап,  ығымды  алып  жүpce,  енді  өзі  бас  болып  менің  тізгінімді
қолына алған.
Соғыс өткен қазаны кейінгі көп қазамен ұмыттырып, өлген адамды көп
жоқтатпайды;  бұл  соғыстың  қияметі  мені  де  шашымды  жайғызып,  қара
жамылдырып отырғызып қойған жоқ, дереу тіршілік қамына араластырды.
Екі  жетімекті  жетелеп,  саябыр  болса  партизандардың  қазаң  —  ошағының
маңында,  қым  —  қуыт  ұрыс  болып  кетсе  көптің  ішінде  жан  сауғалап,  бас
бағып  кете  бардым.  Қияметсініп  жүрген  партизандардың  бұрынғы  өмірі
қазір  көзімізден  бір  —  бір  ұшты.  Былтырлары  үлкен  орманның  терең
түкпірінде орнығып алып, айлап тұрушы едік, биылғы жазда байыз таппай
кеттік.  Дұшпанның  əскерімен  жол  —  жөнекей  жүре  соғысып,  түлкі
құйрыққа  салып  із  адастырып,  жиі  —  жиі  орын  ауыстырамыз.  Мұндай
үдере  көшіп  жүрген  жортуылда,  көпшілік  саған  қанша  қамқор  болғанмен


жан  алқымға  тірелгенде  кімнің  жанында  тұрасың,  меншікті  азаматың
болмаса,  қос  балалы  əйелдің  хəлі  тіпті  мүшкіл  болады  екен.  Николай
Топорков командир мені Абанға тіркеп берді де хəлімді жеңілдетті. Жаумен
ойда  жоқта  соқтығысып  қалып  атысып  жатқан  кезде  де  Абанның  бір  көзі
жауда болса, бір көзі бізде болды. Азғана аялдай қалған жерде қарағайдың
бұтағынан  итарқа  —  күрке  жасап  алдымен  бізді  жайғастырады.  Содан
обозда тамақтан өтетін бір нəрсе болса тауып əкеліп, алдымен біздің қоста
түтін түтетеді. Абан былай əңгүдіктеу көрінгенмен епсекті жігіт, тарыққан
кезде  əйтеуір  жүрек  жалғар  бірдеңе  болса  қымқырып  бізге  əкеліп:  «мə,
мынаны екі балаға талшық қыл, өзіңді де құр қалдырма, емізіп жүрсің ғой»
деп  тəртіп  беріп  қояды.  Əйтеуір  тапқанын  бізге  тыққыштайды.  Бір  жолы
ескілеу  одеял  тауып  əкеліп:  «қолың  тигенде  мынадан  балаларға  қатырып
пальто тігіп бер, қыстың қамын жазда ойламай болмайды» деді.
Шынымды айтсам, биылғы күздей нағыз мазасыз қатерлі кезеңде Абан
Қасымбектің  жоқтығын  білдірмеді,  иесіз  қалған  кішкене  шаңыраққа  өзі
қамқор, өзі ие болып, бар ауыртпалығын арқасына салып алды, тіпті сырт
көзге  де  кішкентай  екі  баласы  бар  шағын  жорық  семьясы  болып
көрінетінбіз.  Осы  хəліме  өзім  де  үйреніп  алдым,  Абансыз  күнімнің  не
боларын  білмеймін.  Сөйтіп  жүргенде  Абан  маған  бір  күні  сөз  салды.  Өзі
көп ойланған болар, «Дулатжанды жетім қалдырғым келмейді, бар дозақты
бірге кештік қой, тірі болсақ қалған өмірімізді де бірге өткізгім келеді» деп
өте орынды да, жанды жерден ұстайтындай өтімді айтты.
Мен  оған  бірден  жауап  қайыра  алмай  үнсіз  қалдым.  «Абаннан  ондай
сөзді  күткен  жоқ  едім,  тас  төбемнен  түскендей  болды»  деп  көлгірситін
жайым  жоқ,  ол  маған  көзін  сүзіп,  телміре  қарап  жаутаңдамағанымен,
жанашырлық жай қамқорлықтан басқа да бір ықыласының бар екенін ішім
сезген.  Қайраты  тасыған  еңсегей  бойлы  апталдай  жігіт  екі  жыл  бойы  қу
тізесін құшақтап келе жатса... «Қара ешкіге жан қайғы болғанда» мен өзге
ешнəрсені ойламадым» десем де бекер: «жан қайғысы» бір күн емес, бір ай
емес,  жылдап  созылса  ойлайтын  нəрселерің  де  көп  болады,  мен  де  біраз
нəрсе  ойлағанмын.  Абанның  осы  сөзді  айтарын  алдын  ала  сезгенмін  де,
шынымды.  айтсам  күткенмін  де.  Жесірліктің  несі  жақсы  болсын.  Осы  бір
маған  өзінен  өзі  сүйеніш  болып,  бар  ауыртпалығымды  арқалап  алған
жігіттің  кейін  де  арқасынан  түскім  келмейтін  бір  бойкүйез  тілек  көңіл
түкпіріме кіріп кеткен, бірақ осы тілегімді өзім оғаш көріп іштей қысылып
жүретінмін.  Білмеймін,  ұрлық  ойымның  үстінен  түсе  қалғанға  ма,  əлде
көлгір  төңіректің  қаңқуынан  құдайдың  қаһарынан  бетер  қорқатын,  қазақ


əйелінің  мүлəйім  жандылығы  ма,  əйтеуір  Абан  əлгі  сөзді  айтқанда  үнсіз
қалдым,  бетімді  бір  нəрсе  қыздырып  баратқанына  қарағанда  қызарып
кетсем  керек.  Meн  тілсіз  қалған  соң  Абан  да  қысылды  ма,  одан  əрі
қыспақтап  жауап  сұрамай,  жаңағы  батылдығы  мен  орнықтылығынан
айрылып,  қипақтап  аз  отырды  да,  мені  өз  ойыммен  оңаша  қалдырып,
сыртқа шығып кетті.
Бұған  не  деуім  керек?  Мұндай  сөзге  қамсыз  болмасам  да  дағдарып
қалдым. Алдымен келген ой: «Қасымбектің жылын бермей жатып...» Бірақ
мына  соғыс  кімнің  жылын  бергізіп  жатыр.  Күйеуімнің  қайтыс  болғанына
екі айдан асыпты. Сол екі ай, екі жыл емес, бейбіт кездегі жұрттың жиырма
жылда  көрмейтінін  көрсетіп,  тауқыметін  тартқызған  жоқ  па?  Алдымыз
жəне неғайбіл. Абанды асықтырған да сол неғайбілдік емей немене. Əрине
ел  ішінде  болса:  «бетім  —  ау,  күйеуінің  топырағы  суымай  жатып,  мына
қаншықтың шыдамағаны не масқара» деп талай қатындар бетімді айғыздай
қылар еді. Бұл арада өйтіп күстана қылып масқаралайтын, тіпті құптамаса
айыптай қоятын адам жоқ. Бірақ сонау артта қалған ел — жұртым бастарын
шайқап, таңдайларын қағып жазғыра қарап тұрғандай бір əсер пайда болды
көңілімде,  көнгім  келсе  де  осы  көрінбейтін  көптің  көзқарасы  кері  қарай
тартады. Бірде Абанның сөзіне сенгім де келмейді. Əрине бұл айтып тұрған
сөзі  дəл  қазіргі  адал,  шыны  ғой,  бірақ  өмір  деген  құрғырың  кісіні  қай
сертінде  тұрғыза  береді.  Ертең  мына  сүргін  бітіп,  құдай  тілегімізді  беріп
аман  —  есеп  туған  жерге  оралсақ,  қылқандай  қыршын  жігіттерін  мына
соғыс  жалмап  кеткен  елде  кездері  жəудіреп  небір  қылқиған  қиғаш  қастар
отырған жоқ дейсің. Сонда ол жігіт шыдап тұра ала ма? Ағайын төңірегі де
құлынды  бие  жетелеп  келгенін  қомсынып,  өз  теңіңді  тауып  береміз  деп
құлағының құрышын жеп жатса... Əлде, мен оған тең емеспін бе? Абаннан
жасым кіші болғанмен өзімді одан үлкенсінем. Бұл əлде Қасымбек тұсында
жеңге  болып,  жолымның  үлкен  болғандығынан  қалған  əсер  ме  екен?  Əй,
сірə  одан  ғана  емес,  кейде  өзіме  өзім  көпті  көріп  көзі  ашылған,  тіпті  cap
қарын  тартқан  кексе  əйел  сияқты  көрінем.  Мына  соғыстың  ыстығы  мен
суығы,  аштығы  мен  азабы  ажарын  алған  тəнім  ғана  емес,  небір  сорақы
сұмдық,  ажал  мен  үрей  қарыған  жаным  да  көн  болып  ескіріп  кеткен
сияқты,  көз  сүйсінерге  қызығып,  көңілім  түскенге  елп  ете  қалар  елгезек
жастық  жоқ  қазір  менде.  Айтылған  сөзге  алаңсыз  сене  қалмай  астарын
ойлайтын,  алдымда  тұрған  адамның  бетіне  қарап  қана  қоймай,  көбесін
сөгіп  көмбесіне  үңілетін  залым  мінез  тауыппын.  Абан  маған,  өмірдің  өзі
үйлестіріп  келе  жатқанда,  өз  алдыма  ашық  мойындауға  бата  алмасам  да,
көңіл  түкпірімде  дəметіп  жүрген  сөзді  айтқанда,  тоқырап  қалу  себебім  де


содан болар. Дұрыс болып шыға ма, бұрыс болып шыға ма, қайдан білейін,
Абанның да ар жақ, бер жағын анық көріп отырған сияқтымын өзімше. Иə,
ол  ақ  көңіл,  ашық  жігіт,  бірақ  сол  тым  ашық  деген  адамдардың  да  кейде
қалтарысынан бір пəле келуші еді. Ол қалтарыста не жатқанына əзір менің
көзім жетпейді, бірақ əйтеуір қазіргі ықыласы түзу, оны білем. Осы ықылас
ұзаққа  кететін  айнымас  сезім  болып  қала  ма,  əлде  заман  түзеліп  елге
барғанда  соғыс  таңдау  бермей  қолына  іліккеніне  ұрындырған  ашқарақ
мауқы басылып... Өз көңіліме де сене бермеймін, қызуы қайтпайтын ыстық
бар ма, ертең аптығы басылған кезде есік — терезесі ашық жиһазсыз бөлме
сияқты  осы  жігіттің  жадағайлығы  жалықтырып  жібермей  ме?..  Көзі
тірісінде  Қасымбек  туралы  сондай  бір  қауіп  көңіл  түкпірімде  шым  ете
қалатын,  Абан  сияқты  ашық  емес  бір  тоға,  тұйықтау  болғанмен  ол  да  бір
ыңғайлылау  болып  көрінетін.  Бірақ  оның  қатпары  қалыңдау,  əлі  де
ашылмай жатқан көмбелері бар — ау деп топшылайтынмын.
Қаңқу  сөзге  ілікпеу  үшін  қаршадайынан  сыртын  жуасытып,  сырын
ішіне  бүгіп  үйреніп  қалған  қазақтың  қызы  емеспін  бе,  əншейін  көлденең
күдікті  көңілімде  қанша  күнсіткенмен  мына  қақаған  соғыс  та,  оның
аржағындағы  қараша  өмір  де  менің  қалауымды  беріп  қоймайтынын,
бөтекесі  түскір  біліп  —  ақ  тұр.  Тірі  болсам,  тұлыпқа  мөңіреп  отыра
бергеннен гөрі, балама əке, өзіме жолдас керек. Сонда көз көрген Абаннан
артық  кімді  табам?  Анау  —  мынау  бұлталақ  ойдың  бəрі  —  бірден  құлай
кетпей,  аз  да  болса  əдеп  сақтаудың  далбасасы  ғой.  Абан  жиырма  беске
келген  соқтауылдай  жігіт  болса  да  балаң  мінезінен  арылмаған  ба,  мен
үндемей қалғаннан кейін енді батып сөз айта алмай, сөз емес — ау бетіме
тіктеп  қарай  алмай  жүрді.  Жауабын  тікелей  қайырмай  араға  уақыт  салып
алған  соң  енді  келіп  сөз  айтқаным  өзім  ұрынғандай  көрініп  қысылып  мен
жүрдім.  Мынау  күнде  қыршын  жатқан  қырғын  соғыстың  бетімізден
сыпырып  алуға  əлі  жетпеген  бір  желегі  бар  ма,  екеуміз  де  қарап  жүріп
ыңғайсыз  халге  түстік.  Несін  жасырайын,  бірден  «иə»  дей  салмағаныма
деген  өкінішіме,  көңілдегі  ойын  қайталамаған  Абанға  деген  ренішім
жалғасып, кезек мазалайды.
Осылай  мен  əуре  —  сарсаң  оймен  əлек  болып  жүргенде  екі  күннен
кейін Абан түнгі тапсырмаға кетті. «Тапсырма» дегеннің көбі — ақ шарт та
шұрт түнгі соғысқа айналып кететін қатерлі нəрсе болғанмен, партизандар
өмірінде  ол  күнделікті  атқарып  жүрген  кезекті  жұмыс  сияқты.  Жұрт
кетерінде қоштасып, бақұлдасып жаман ырым жасап жатпай: «сау бол, жол
болсынмен» қала береді. Абан да: «таң ата оралатын шығармыз, балаларға


да  тамақтан  өтетін  бір  нəрсе  қарастыра  қайтармын»  деп  жүре  берді.  Сол
түні  ұйықтай  алмадым.  Бұрын  да,  өзіме  сүйеніш  болған  осы  жігіттің
амандығын  тілеуші  едім,  бірақ  сол  түні  жүрегім  діріл  қағып,  құдайдан  ба,
тағдырдан  ба,  əйтеуір  дүниеде  не  құдірет  болса  содан  Абанның  аман
келуін,  сасқаным  шығар,  тым  болмаса  дəл  осы  жолы  аман  келуін  тілеп
жалбарына  бердім.  Егер  жазатайым  болып  кетсе  мойнымда  Абанның
қарызы  кететін  болды,  кеше  ап  —  адал  ниетімен  пейілін  білдіріп  алдыма
келгенде,  жоқ,  ол  зəредей  жалған  айтқан  жоқ,  кежегем  кері  тартып
ықыласын қайтарып тастадым. Жауабын ала алмаған соң айтқан сөзін ағат
санап,  соншама  қысылып  қалғаны  —  мені  сыйлағаны,  тіпті  сыйлау  ғана
емес  жақсы  көргені  шығар,  əйтпесе,  мына  соғыс  сызылған  сыпайылардың
өзін  анайы  қылып  жатқанда  ойына  келгенін  қойып  қалатын  əпербақандау
жігіт,  не  де  болса  бір  жауабыңды  айтсайшы»  деудің  орнына  ұят  жасап
қойған  баладай  қыбыжықтар  ма?!  Мені  қатты  қинағаны  Абан  сол  ұяты
құрғыр жанын жегідей жеген жаман сезіммен жазатайым болып кетсе... бар
обалы  менде  емес  пе.  Менің  де  тілімді  байлап  қалған  сол  «ұят»  деген
құрғыр  еді.  «Ұят»  деген  сөз  есімді  білер  –  білместен  —  ақ  құлағымды
сарсытқан: қыз балаға үлкендердің үстіне кipген де ұят, секектеп жүгірген
де  ұят,  жігітпен  құшақтасып  сүйісу  тұрсын,  оның  бетіне  қарап  күлген  де
ұят. Қаршадайымнан сұм едім, осының бəрін біреу көріп біліп қалса, қаңқу
сөз боп кетсе ұят, ал ешкім көрмесе, ішінде ит өліп жатса да біразының —
ақ  ұяла  қоймайтынын  сезуші  едім.  Сол  ұятты  көп  айтатындар  өз  арының
алдында сірə онша ұяла қоймайтын болар; өйткені сөздерінің сықпыты да:
«ойбай  —  ау,  біреу  көріп  қалса  ұят  қой,  жұрт  естісе  масқара  ғой»  деп
келетін,  «жұрт  не  дейдісі»  жəне  бар.  Сонау  көз  көрмес  алыста  жатқан
жұртым,  енді  кайтып  көрісуім  екі  талай  жұртым  «не  дейді»  деп  мен  де
көңілдегі ойымды іркіп Абанды ренжіттім. Масқара — ау, мына жалғандық
жүрмейтін ажал алдында да бойыңа сіңіп кеткен жақындықтың қалмайтын
болғаны ма?
Света...  қатесі,  қасіреті  болса  да  жəдігөйлігі  жоқ  еді  —  ау  оның.  Жұрт
біреу  көрмесе  тісінен  шығармайтын  масқарасын  менің  алдыма  жайып
салып  өзін  өзі  аямай  жазалаған  жоқ  па  еді,  Николайдан  да  тайсалмады,
араларына  жақындық  салып  жарастық  іздеген  жоқ.  Ойлаған  сайын  осы
құрбым  еркек  —  ұрғашымыздан  бірдей  бөлініп  биіктей  береді.  Көңілі
менікіндей болып, менің орнымда болса ол өйтіп көлгірсімес еді. Ұяламын
деп  Абанды  ұялтып  жібердім.  Оныкі  менікіндей  ««аттанды  ұят  емес  шын
ұят  қой:  «күйеуінің  қазасына  жылы  толмаған  қаралы  əйелге  сөз  айттым,
сол үшін ол менен түңіліп, шошып кетті» деп ішін ит жалатқандай кірерге


тесік  таппай  жүрген  шығар.  Таң  атқанша  мені  қинаған  осы  хал  болды.
Жазығы  Қасымбектің  артын  тоздырмайын  деп  ауыртпалығын  арқалағаны
ма?  Жазықсыз  ұяттан  арылмай  тұрып  көзі  жұмылып  кетпесе  екен,  деп
дөңбекши бердім.
Ертеңгілік,  «Абандар  аман  келді»  деген  хабарды  естігенде  етегіме
сүрініп  күркеден  əзер  шықтым.  Баяғы  əскери  форма  қашанғыға  шыдасын,
бұрынғы  солдаттар  да,  Николайдан  өзгесі,  басқа  партизандар  сияқты
қолдарына  түскенін  киетін  болған.  Абанның  да  баяғы,  жабағысы
жүнделмеген  тайлақ  сияқты  екі  жамбасын  томпитып,  сирағын  сидитып
тұратын  галифесі  жоқ.  Санын  қысып  тырсиған  тар  шалбардың  балағын
етіктің  қонышына  тығып,  белін  қайыс  белбеумен  буып,  үстіне  жеңі
қысқалау  ықшам  күртке  киіп  алған.  Қол  —  аяғы  серейіп  өсіп  кетіп,  ескі
киімін жаңарта алмай жүрген ересек бала жігіт сияқты. Тек жақындағанда
ғана кең шықшыты бұрынғыдан да үлкейіп, құлақ түбінен бөлініп шығып,
қызыл  шырайы  сұрланып,  бет  терісі  қалыңдап  есейіп  қалғанын  сезесің.
Томпақтау  дөңгелек  қой  көзі  де  шүңірейіп  тереңдеп,  нұры  өткірлене
түскен.  Сол  түріне  қарап  ересек  дейін  десең  бір  нəрсеге  мəз  болып
арасалаңдап  шыға  келгенде  бала  сияқты.  Осы  жігіт  ересек  пе,  бала  ма,
соны  өзім  де  ажырата  алмай  қаламын.  Қазір  де  алыстан  қарағанда  қысқа
жеңінен  серейіп  шығып  кеткен  балаң  жігіт  болып  келе  жатыр  еді,  қасыма
таянғанда ауыр түнде ұйқы көрмей қарауытып қажыған суық жүзіне көзім
түскенде,  ар  жағымнан  атылып  кетейін  деп  тұрған  қуанышты  даусым
алқымыма тығылып кептеліп қалды. Бар айтқаным:
— Əйтеуір, аман — сау келдіңдер ме?— деппін.
—  Пəлендей  қауіпті  еш  нəрсе  болған  жоқ.  Немістер  ұйықтап  жатыр
екен,— дей салды Абан. Содан кейін кішкене көңілденіп:— Балалардың да
несібесі  бар  екен.  Құдайға  шүкір,  құр  қол  қайтқаным  жоқ,—  деп  бір
түйіншекті ұстата берді.
«Рахмет» дегенім шығар, аузымды қыбыр еткізіп, Абанның қолындағы
түйіншекті  алып,  селтиіп  тұрып  қалыппын.  Содан  «ойбай  —  ау,  қазір
бұрылып жүре берсе қайтем» деген ой шошытып:
—  Өзің  де  отырсайшы,  бірге  тамақ  ішейік,—  дедім,—  Қазір  су
қайнатып жіберейін.


—  «Бəрімізді  тойдыратын  өзі  де  мардымды  нəрсе  емес...  Байғұс  бір
кемпір қосымызда екі кішкентай баламыз бар еді дегесін... Өзі бір көңілшек
адам екен... қайтсын енді...»
Абанның  сөзі  бір  құлағымнан  кіріп,  бір  құлағымнан  шығып  жатыр,  өз
ойыммен  арпалысып  мағынасын  шала  —  шарпы  ұғамын.  Түні  бойы
дөңбекшітіп,  қинаған  ойларым  қайда?  Абан  жазатайым  болса  үлкен
ренішпен,  жанын  жегідей  жеген  жалған  ұяттың  күйінішімен  құса  болып
көз  жұмады  —  ау  деген  қорқынышым  қайда?  Мына  өтірік  жүрмейтін
қалың  соғыстың  ортасында  да  қылымсуым  қалмағаны  не  пəле?  Абан  енді
батып, қайталап сөз айта алмайды ғой, осы жігітті əрі — сəрі қылып азапқа
салып  қойғанша,  жауабын  өзім  қайтаруым  керек  емес  пе?  Екі  бала
сүйретіп, осы көпке масыл болып жүрген мүсəпір қатын сонша бұлданатын
нең  бар?  деп  өзіме  ыза  болам.  Ыза  болған  сайын  булығып,  еш  нəрсе  айта
алмай  сыздана  берем.  Сөзіне  жөндеп  құлақ  қойып  тыңдамай  тұрғанымды
сезді  —  ау  деймін,  Абан  «ал  мен  жігіттер  жаққа  барайын»  деп  ыңғайлана
берді. Абан енді кетсе арамыздағы бір нəрсе үзіліп кетердей шошынып:
—  Жоқ,  жоқ...  Кеткені  несі..,  қазір  мен  шай  қайнатам...  тым  болмаса
ішіңді  жылытып  ас  —  су  ішпей...  Сонша  жерден  түн  қатып  соғысып
келгенде...  Түнімен  ұйықтай  алмадым...  Зəре  —  құтым  қалмады.  Құдай
сақтап енді аман — сау келгенде,..— деп бəйек болдым да қалдым.
Шай  үстінде  есімді  жиып,  бойымды  тежеп,  ойымды  сұрыптасам  да,
қызарып  —  сұрланып,  қысылып  —  қымтырыла  отырып,  ақыры  Абан
сөзінің  жауабын  бердім...  Бұрын  да  жұбымыз  жазылмай,  тағдырымыз
тіркесіп  келе  жатқан  жандар  едік,  енді  бір  үй  болып  жұптастық.  Абанның
ар  жағы  көрініп  тұрады  ғой,  оның  бар  ықыласымен  құлағанына  шүбəм
болған  жоқ.  Тек  оның  мол  ықыласының  орайын  мен  ғана  толтыра  алмай
жүрдім.  Біз  үшін  жанын  аямай  жүрген  осы  бір  ақ  көңіл  жігіттен  аянарым
жоқ  —  ақ  сияқты  еді,  өйтсе  де,  көңілім  мен  нəпсіме  түскен  бір  тұсау  бар;
сол  тұсауы  түскірді  ағыта  алмай  —  ақ  қойғанмын.  Қосылған  алғашқы
күндері  тіпті  мазасыз  болдым.  Аңсары  қатты,  арынды  жігіттің  аптығы
нəпсімді оятып жіберудің орнына, көңілімді үркітіп тастайды. Қасымбектен
өзгені  көрмеген  надан  тəнім  де  тосын  еркекті  жатырқайтын  тəрізді.
Байқасам  —  арамызға  Қасымбек  кіріп  кетеді  екен.  Күндіз  екеу  болғанмен
төсекте  үшеуміз...  Осындай  алаң  көңілден  арыла  алмай  əуре  болдым.
Абанда  ондай  сезім  бар  ма  екен?  Сірə  жоқ  шығар,  мен  сияқты  кіді  емес,
екіге  жарылып  алаң  болмайтын,  көңілі  тұтас,  бір  беткей  жігіт  қой,  ол


тұрмақ менің қақ жарылған хəлімді де сезе бермейтін тəрізді. Абан алаңсыз
болса, айыбы не? Тек менің өзім əр нəрсеге əккі болып кетіппін; біреудің ар
жақ  —  бет  жағына  сұқ  көзімді  жүгірткіш,  əсіресе  өз  көңілімнің  бүкпелері
мен ұры қалтарыстарын тіміскілегіш қазымыр мінез тауыппын.
Содан шығар, Абанды да қазір алақаныма салып, айналдыра үңілгендей
ар  жақ  —  бер  жағына  көз  жүгіртем.  Абан  мені  «Нəзікеш»  деп  еркелетіп
сөйлейтін  болды,  өйдемегенде  қайтсын,  енді  балама  əке,  маған  жар,
шаңырақ  иесі  қожайыным  ғой.  Бірақ  мен  тым  есейіп  кеткенмін  бе,
ыңғайсызданып  еркелей  алмаймын.  Екінші  некемнің  алғашқы  некемнен,
ендігі  жай  —  жапсарымның  бұрынғыдан  өзгеше  боларын  сеземін.
Алғашқыда  жасым  он  сегізге  қараған  сырықтай  қыз  болсам  да,  бетім
ашылмаған  бала  едім.  Қасымбек  менен  жеті  жасы  үлкен,  көрген  түйгені
көп,  қабырғалы  азамат,..  мені  балаша  бөктеріп  алып  жүре  берді,  мен  де
тізгінімді  соған  ұстатып,  соның  ырқына  жығылдым;  ол  тірі  болса  біріміз
үлкендіктен, біріміз кішіліктен жазбай өмір кешетін түріміз бар еді. Екінші
қадамымды  есейген,  көңілі  кексе  тартқан  əйел  болып  аттадым.  Мені
есейткен,  есік  көргендігім  ғана  емес,  мына  сұм  соғыс.  Абан  мені  қанша
«Нəзікеш»  деп  еркелеткенмен,  тілінде  болмаса  да,  ділінде  мен  оған
«Нəзеке»  боламын.  Мұндай  ашық  —  тесік  аңғал  адамдарға  бір  қабаты
болса  да  қалың,  аз  да  болса,  қымқырмасы  бар  жетекші  керек.  Қасымбекке
бала болсам, Абанға ана боларымды сеземін.
18
Тағы  да  бір  таң  атты.  Қанша  үнемшіл  болсаң  да,  қысқа  жіп  күрмеуге
келген  бе,  азығым  да  түгесілді,  қалған  азығым  —  кішкентай  Светаның
жұдырығындай  ғана  қатып  қалған  қара  нан.  «Алда  қандай  уақыт  бар»,—
деп  қазақ  соңғы  талшығын  қара  күнге  сақтаушы  еді,  бірақ  менің  «қара»
емес  күнім  де  шамалы.  Қалың  немістің  қуғынынан  өздері  жанын  қорғар
жер  таппай  жүрген  партизандардың  мені  қашан  іздеп  тауып  алатынын  бір
құдайдың өзі білсін. Қанша қытымырлансам да, екі нəресте шыдатар емес,
солып қалған емшегімнен де тандыры кетпей балалардың таңдайына тиетін
тамшы  жоқ,  амалым  қанша  соңғы  бір  шөкім  нанды  беремін  де,  ендігі
нəсіпті тəңірден күтем. «Менің басым піскен бас»,—деуші еді біздің елдегі
бір қазақ, мен шыдармын — ау, тек мына екі бала шыдатса.
Қатқан  нанды  асап  жейтін  бұл  екеуінде  тіс  қайда,  титтей  нанның
шетінен  шөкім  тістеп  алып  шайнап  бердім.  Қара  нанның  ашқылтым  тəтті


сөлі  таңдайымды  үйіріп,  солқылдатын  əрі  қарай  кетіп  барады.  Қаттырақ
шайнағанда,  ерімеген  түйірлерін  де  аузымның  суымен  қоса  жұтып
жібердім,  байқамасам,  ашылып  тұрған  араным  мына  бір  жапырақ  нанды
қылқ  еткізер  түрі  бар.  Жағымды  қысып  алып,  көзімді  жұмып  аз  отырып,
нəпсісі  құрғырды  əзер  тежедім.  Аштықтың  да  өз  мінезі  бар,  өне  бойы
ішіңді  тырналай  бермей,  бірақ  өзін  де  ұмыттырып  жоғалып  кетпей,
қолқаңның  түбінде  ақырын  ғана  мүлгіп  жатады,  екі  балаға  нəр  татырам
деп, сол сайтанды оятып алдым.
Қанша кішкентай дегенмен, əлгі бір шайнам нанға қайдан тойсын, бұл
екеуі  менің  аузыма  үңіліп,  енді  жағым  қимылдамағасын,  алдымен  Дулат
емшегіме  қарай  өрмеледі.  Өзім  аштықпен  алысып,  ызам  келіп  отырғанда,
итеріп  тастап  едім,  солқылдап  жылап  қоя  берді.  Бір  жағынан  маған  қарай
ұмсына  берген  кішкентай  Света,  өз  баламды  итеріп  тастағанымды  көріп,
бата алмай, тұрып қалды. Көзінің астымен бір — екі рет қарап алып, менің
жібімесімді білген соң, Дулат та тоқтады.
Өзім  ойлап  таппаған,  өзінен  —  өзі  келген  жан  сақтаудың  тəсілі  болар:
осылай  анығын  тарыққанда,  не  бір  қатер  төніп  қорыққанда,  есек  дəмені
талшық  етіп,  үзілмейтін  үміттің  соңына  ілесіп,  алаң  боламын.  Көбіне
шыдадым, енді азы қалды ғой. Менің де азабымның адыры таянған шығар
— біздің Қызыл əскер таяп қалды, əне — міне жетеді деп жұрттың бəрі, құр
болжам  емес  əр  күнгі  жылжыған  қадамын  санап  жүр  еді  ғой.  Тек  біздің
əскер  жақындағанда,  немістердің  де  партизандарға  деген  қаһары  қатайып
кетті. Қарақшыға жеткенде құлап түспей, осыдан бір аман өтсем... Қайдам,
бұрын  да  талай  қияметтен  өтіп  едім.  Қасымбектен  айрылсам  да,  тағдыр
мені  жалғыз  қалдырмады,  сүйеніш  қылып  тағы  бір  азаматты  берді.
Шүкірлік дегенді де ұмытпаған дұрыс қой, баламды құшақтап қалталақтап
тірі  келе  жатқаным  да  сол  тағдырдың  тартуы  шығар.  Кеудесінде  жаны
болса,  Абан  іздеп  таппай  қоймайды.  Тек  сол  азаматымды  аман  қылғай  да.
Апыр  —  ай,  өзім  де  бір  қитығым  жазылмайтын,  кінəратшыл  қырсықпын
ғой  деймін.  Біржола  басымды  байлап  берсем  де,  соғыс  арасында,  тəңірдің
төтенше  сыйындай,  оңаша  қалған  азғана  сағаттарда  соған  бір  бар
ықыласыммен  мейірленіп  ашыла  алмай  —  ақ  қойғаным.  Менің  еріксіз
берілгендей  қыртысып  жатқан  солғындығымды  сезе  ме  екен  аңғал  жігіт?
Сезсе  де,  маған  сездірмей  жүре  ме  екен?  Əйтеуір  соның  маған  деген
ақаусыз көңіліне ақау салғаннан басқа, оны жарылқағаным шамалы болар.
Анада,  сөз  салғанда  да,  сондай  бір  кірбең  түсіріп  едім  ғой  көңіліне.
Абанның  алдында  тағы  да  қарыздар  болып  қалған  айыбым  қамшылап,


тағатсыз күтем. Бірер күнсіз орала алмасып білсем де, екі күннен бері ауық
—  ауық  сырттағы  дыбысқа  құлағымды  тосып,  алаңдап  аптыға  бергенмін,
енді келетін де уақыты болды. Қанша етім өлді дегенмен, үрейі құрғыр да
ұлғайып  барады,  тезірек  жетсе  екен.  Тезірек  жетем  деп  əлде  бір  пəлеге
ұшырап  қалды  ма?  Енді,  машықты  əдетіммен,  қармап  ұстап  алып,  су
бетінде  қалқып  тура  беретін  талымнан  айрылып  қалып,  аласұрып
малтығып  жүрген  сияқтымын.  Жетелеп  алып  кете  беретін  ойым  да,  алаң
қылатын  екі  балам  да  бір  жақта  қалып,  жүрегім  дірілдеп,  демімді  ішіме
тартып,  тың  тыңдаймын.  Бір  —  екі  рет  қадам  дүңкілі  ме,  сырт  жақтан  бір
тықыр естілгендей болып еді, ұшып тұрып жоғарғы саңылауға құлағымды
тоссам  —  бұрышта  бүгежектеп  бір  нəрсені  əурелеп  отырған  балалардың
сыбдыры екен. Ыза болғаннан, екеуін ұрып тастай жаздадым.
Тағы  да  сол  балалардың  қарекеті  ме  десем,  мына  тықыр  жақындап
келеді,  дүңк  —  дүңк  басқан  біреудің  ауыр  қадамы  менің  үңгіріме  таянып
қалды.  Орнымнан  ұшын  тұрып,  есікке  қарай  ұмтылғанда,  кенет  жүрегім
алқымына  кептеліп,  буыным  қалтырап,  жарға  сүйене  жеттім.  «Немістер
болса қайттым?»... Біреу сенімді қимылмен есікті ашып жатыр.
«Нəзікеш»  деген  таныс  дауысты  естігенде,  буынымнан  əл  кетіп,  жерге
отыра  кеткенімді  білем.  Абанның  жоғарыдан  серейіп  түсіп  келе  жатқан
сирағын да көріп қалғаным есімде, осыдан кейін есімнен танып қалғандай,
бір үзіліс бар. Еркектің шымыр ернінің дəмі келеді аузыма; дүниеде содан
тəтті  жоқтай  сол  дəмді  жұта  бергім  келеді.  Ерінім  босап  кетсе,  бетінен
сүйемін:  тіліме  топырақ  жұғып,  жуылмаған  беттің  ашқылтым  дəмі  келеді;
бірақ  оны  да  мен  құшырланып  жұтып  жатырмын.  Сəлден  кейін  есімді
жидым,  бірақ  Абанды  құшағымнан  босатқаным  жоқ.  Ол  да  еңгезердей
бойы  аласарып  кеткендей  иіліп,  ыңғайыма  кете  береді.  Есімді  жисам  да,
осы  бір  берік  қамалдай  қорғаныш  құшақтап  шығып  кеткім  келмей,  қалың
киіммен  қорбиған  қолтығына  басымды  тығып  біраз  тұрдым.  Абан  да  мені
тез  шығара  қоймады,  маңдайымды,  бетімді  күсті  қолымен  майда  сипалап,
шашымнан иіскейді. Күйеуге шыққалы тұңғыш рет осы жігітке мейірленіп
кеттім.
Бүгін бізге нағыз мейрам болды. Соғыстың қысқа — қысқа мейрамдары
болып  тұрады.  Сол  қысқалығы  мен  сиректігінен  бе,  ол  мейрамның
қуанышы  мен  қызығы  да  жайшылықтағыдан  мың  есе  артық.  Абан,  орман
шетіне қараңғы түсе жететін болып, алдымызды кешке шығамыз деді, алып
келген  азық  —  түлігі  де  бар  екен.  Орманның  іргесінде  қарауылдары


болғанмен,  ішінде  жеміс  жоқ  көрінеді:  оның  үстіне  күн  де  бұлыңғыр
болған  соң,  қорықпай  от  жағып  жібердік.  Үш  күннен  бері  төбемізді
көрсетуге қорқып, қараңғы үңгірде тығылып жатқан мен де, кішкентай қос
мұңлық  та,  жарық  дүниені  көріп,  арқа  —  басымыз  кеңіп  бой  жаздық.
Оттың  екі  жағынан  қағып,  көлденең  қойған  таяққа  котелокты  іліп,  су
қайнатып  жатырмыз.  Үш  күннен  бері  салқын  тұтып,  құрыстап  қалған
денеге  жалынның  шарпуы  жағып  барады.  Əсіресе  екі  кішкентай  отқа
ентелегенде,  аңдып  отырмасаң,  үстерін  өртен  алар  түрлері  бар,  Дулат
қалың көрпеден көктеп тіккен шапанының шалғайын шарпытып та алды.
Күйеуі алыстан базаршылап артынып қайтып, үйінің ішін қарық қылып
тастаған қазақтың əйеліндей, төрт құбылам түгенделіп мəре — сəре болып
жатырмын.  Балалардың  аузын  қимылдатып  тойындырып  алдым,  олар  да
мəз.  Менің  қуанышым  дарыған  болар  сірə,  Абанның  да  жағасы  жайлау:
малдасын  құрып,  екі  баланы  екі  тізесіне  қондырып  алып,  кəдімгі  бір
шаңырақ  көтерген  үйелменді  үйдің  қожасындай,  шалқиып  əңгімені  соғып
отыр,  маған  жылы  шыраймен  қарап  қояды.  Жақсы  қабағы  сияқты  айтып
отырған  сөзі  де  жақсылық  —  жаныма  жағып  барады.  Майдан  тіпті
жақындап  келіп  қапты.  Əрі  кетсе  екі  —  үш  күнде  Қызыл  əскер  тура  осы
араға  келетін  көрінеді.  Бұл  немістердің  осы  арадағы  соңғы  тұяқ  серпуі,
өздері  бір  жағынан  қашуға  дайындалып  жатса  керек.  «Амандық  болса,
елдің  төбесі  де  көрініп  қалды  ғой»,—  дейді  Абан.  Күте  —  күте  күдерімді
үзгенмін бе, бірде Абанның сөзіне елігіп, ауыл қарасы көрінгендей жүрегім
алып  ұшса,  бірде  осы  орман  ішіндегі  хəлім  мəңгілік  сияқты  көрініп
тоқырап  қаламын.  Əйтсе  де,  Абанның  сөзі  емес  —  ау,  өзі  менің  күдігімді
сейілтіп, жақын тұрған жақсылыққа еліктіріп əкетті.
Орманның  іші  өзімізге  оңаша  тиіп,  отау  үйімізде  бас  қосқандай
шүйіркелесіп отырмыз мінекей. Соғыс та, неміс те жоқ. Орнықты өмірі бар
адам  сияқты  көкірегіме  шүкіршілік  кірген.  Шүкір  демей  не  дейін,  қазір
мынау төңіректі түгел жалмап жатқан аждаһа оттың ортасында, кетілгенім
бүтінделіп,  баламды  құшақтап  аман  келемін.  Алдырғаным  да  аз  болмас,
бірақ тұтас — тұтас ауылдар қара орманымен құрып кетіп жатқан заманда,
алдырғаныңды  айтудың  өзі  айып  тəрізді;  тағдыр  менен  алғанын  түгендей
берді — төрімде жұбайым отыр. Ішімнен сүйсініп қоям: бізді тек алып қана
кетейін демей, ашығып отырғанымызды ұмытпай, мына соғыс үптеп кеткен
жерде,  ит  қосып  іздесең  табылмайтын  қорек  тауып  əкеліп,  жарылқап
тастады.  Мұндай  пысық,  уытты,  жоқтан  жонып  алатын  епсекті  күйеуі  бар
адам  қор  болмайды.  Тумай  жатып  тағдырдың  тауқыметін  тартқан


Дулатымның да бақыты шығар, Абан аман болса, аяғына басып кеткенше,
бұ  балаға  таршылық  көрсетпес.  Адам  қадірін  адам  ажырасқанда  ғана  біле
ме, қалай, «Апыр — ай, Абаннан айрылып қалғанда қайтер едім» деген ой
жүрегімді шымшып алады да, іле оның аман келгеніне деген қуаныш тұла
бойымды  толтырып  жібереді.  Бұрынғы  осы  жігіттің  ар  жағын  тінткілей
беретін  тіміскі  ойларым  да  ұсақ  кикілжің  сияқты.  Түгенделгеніме  мың
шүкірлік етпейтін нем бар.
— Ертең біздің əскер жеткен соң, сені екі баламен елге апарып тастауға
маған, тым құрыса, бір ай демалыс беретін шығар. Тіл тартып Носовецке де
айтып  көріп  едім,  былай,  түріне  қарағанда,  «кет  əрі»  емес  сияқты,  тек:
«Асатпай жатып құлдық деме, алдымен қоршаудан шығып алайық»,— деп
қалжыңдап  қойды.  Неге  бермесін,  береді  ғой.  Осыдан  шыққасын  енді,
алдымен сіздің ауылға соқсақ па екен, əлде біздің ауылға соқсақ па екен?—
деп  сұрады  Абан  менен,  мен  қапелімде  не  айтарымды  білмей,  үндемей
қалдым.  Бұрын  мен  үндемей  қалғанда,  Абан  да  іркіліп,  қипақтаңқырап,
сөзін  үзіп  алатын,  қазір  олай  емес,  бар  билік  өзіндегі  адамдай,  еркін
сөйлейді;  шынымды  айтсам,  сонысы  маған  ұнап  барады.—  Жоқ,  алдымен
сіздің  ауылға  соққанымыз  дұрыс  болар.  Ойбай  —  ау,  айтпақшы  əке  —
шеше,  ағайын  —  туғандарыңның  алдынан  өтуім  керек  қой.  Содан  кейін
біздің  елге  келеміз.  Кемпір  мен  шалға  өзіңді  табыс  етіп  майданға  оралам
ғой.
«Майданға оралам ғой»... Ертең қызыл əскер келгенде, барлық пəледен
құтылдым  деп  отырсам...  бұл  соғыс  Абан  үшін  əлі  бітетін  емес  екен  ғой.
Менің кілт өзгерген түрімді байқап, Абан басқаға жорып, көзі үрпиіп:
— Əлде... біздің ауылда қалғың келмей ме?— деп сұрады.
—  Жоқ,  жоқ...  Неге?..  Оған  жететін  күн  болса.  Meн  тек  біздің  ауыл
поездан алыс, алдымыз қыс... Соны ойлап...— деп жалтардым.
— А — а... Біздің ауылдың да темір жолға жақындығы шамалы — ау,—
деп Абан желкесін қасып тоқырап қалды да, кенет мырс етіп күліп жіберді.
—  Жарайды,  о  жағын  уайымдамай  қоя  тұралық.  Аман  —  есен  бір  осы
қоршаудан шығып алайықшы. Қалғаны сөз емес қой.
Абан  рахаттанып,  қарқылдап  күліп,  ұзын  қолымен  иығымнан  орай
құшақтады.  Оның  бала  сияқты  ақаусыз  қуанышы  менің  де  көңілімді


тұтатып,  өзін  жақсы  көріп  кетіп,  қолтығына  тығыла  беріппін.  Өзінің
үлкендігін,  маған  иелігін  осы  жолы  ғана  сезініп,  əдетінше  аптықпай,
қарулы қолымен кеудемді өзіне қарай бұрып алып, əуелі көзімнен, бетімнен
сүйді.  Қапсағай  қарулы  дененің  қаттырақ  қысқанын,  дымқыл  еріннің
табымен  қоса  қылтанақ  сирек  сақалдың  бетіме  үйкелгенін  рахаттана
сезініп, тəнім балбырап, мас болғандай, басым айналып, Абанның ырқына
беріліп, кеудесіне кіріп барам...
Маужырап көзім ілініп барады екен, басымды оқыс көтеріп алдым. Бір
адам  қарауыл  болмаса...  Бірден  қор  етіп,  қатты  ұйықтап  кеткен  Абан
қолының кеудемнен түсіп кеткенін де сезген жоқ. Үш күн бойғы ұрыс пен
жорықта дем алуға қайбір пұрсаты болды дейсің, оның үстіне, жаудан жаңа
ғана  қарасын  үзіп,  жұрт  енді  тынығамыз  дегенде,  бұл  тізе  бүкпестен  бізге
қарай салпақтаған. Енді қорылы басылып, бала сияқты ернін сылп еткізіп,
езуінен бір тəтті күлкі табы көрініп, балбырап ұйықтап жатыр.
Отасқалы айдан асса да, екеуміздің жымдаспай тұрған құшағымыз бүгін
қосылды;  менің  жаным  мен  тəнімді  қабат  құрсап  жібермей  тұрған  бір
құрсау бар еді, сол құрсау бүгін сынды. Абан осы құрсауды бұрын сезді ме,
жоқ па, білмеймін, мүмкін сезбеген де шығар, тəжірибесіз аңқау жігіт қой,
бірақ  менің  ағытылып  кеткен  мол  ықыласыма  шомылып,  ерлі  —
зайыптының арасында шын берілген қалтқысыз көңіл болатын болса, оның
дəл осындай болатынын бүгін ғана сезді. Жаңа көргендей Абанның бетіне
үңіле  қараймын:  шықшыты  шығып,  бет  сүйегі  бедірейіп  тұратын  ашаң,
қатқыл  жүзі  жұмсарып,  ұзын  кірпігінің  астына  сұйқылтым  нұр  ұялаған,
манаураған  өңінде  жан,  тəні  қанағат  тапқан,  алды  ашық  алаңсыздық  бар;
бір  сəтке  оның  түрі  қуанып  ұйықтаған,  не  қуанып  оянатын  балаға  ұқсап
кетіп, жүрегімді жылытып қоя берді.
Ұйықтап  жатса  да,  миының  бір  түкпіріне  қарауыл  қоятын  жорық
адамының  дағдысы  емес  пе,  Абан  төсектен  басын  оқыс  көтеріп  алып,
«Аһ!» деп демімен дауыстап қалып, алақтап жан — жағына қарады. Қайда
отырғанын түсінген соң, жұмырығымен көзін уқалап, ұйқысын ашты.
— Аз ұйықтадың ғой, кішкене тыныға тұрсайшы,— деп едім:
— А? Жоқ ұйқым қанып қалды. Өзі, уақыт та кештеткен шығар,— деді,
Абан ұйқысынан тез айығып.


Соғыстың ақыры жақындағанда адамның жаны тəтті болып кетеді екен,
енді тағдырды сынап, басымызды қауіп — қатерге тікпей — ақ, осы оңаша
орманның ішінде екі — үш күн бұға тұрсақ, біздің əскер де келіп қалмас па
екен деген арам ой манадан бері миыма ұялап қалған — ды.
— Осы арада бірер күн күте тұрсақ қайтеді,— дедім Абанға.
— А — а? Жоқ,— деп ол үзіп тастады,— Носовец бүгін түнде қайтсең
де жетесің деген. Оларға да оңай емес. Адам азайып қалды ғой.
— Əйтсе де уақыт əлі ерте ғой,— деп бөгеп едім, Абан оған да көнбеді.
—  Орман  шетіне  ертерек  шығып,  жан  —  жақты  шолып,  бағдарлап
алғанымыз дұрыс болар. Түнде адасып кетуіміз де оп — оңай,— деді.
Екеуміз екі баланы көтеріп алып, жолға шықтық: салмағы ауырлау ғой,
Дулатты  Абан  көтеріп,  мен  Светаны  арқалап  келем.  Соңғы  кезде  жаңбыр
жауа  қоймаса  да,  жер  аяққа  ауыр  —  дымқыл.  жұмсақ.  Өлең  шөбі  бояуы
оңып,  солғын  тартып  жатып  қалған,  бұталары  да  селдіреген  орман  іші
ағаштарының сирағы сорайып жалаңаштанып қалған. Əсіресе қайың өскен
жерлердің  қалың  төгілген  жапырағын  аяғыңмен  қарша  күреп  жүру  —  ақ
қиын  екен.  Аспанды  төмен  торлаған  жабағы  бұлттардың  арасынан
октябрьдің  жылуы  қашқан  аласа  күні  аз  уақыт  жылтырап  көрінеді  де,
төңіректі  сұрландырып  қайтадан  жоғалып  кетеді.  Абан  байқамай
озыңқырап кетіп, кенет кілт тоқтап, артына қайрылып мені тосады, кейде:
«шаршаған жоқсың ба?» деп сұрап алады. Шаршай да қойған жоқпын, тек
Абанның екпініне ілесе алмай, емпеңдеп келе жатырмын, «қазір орманның
шетіне шыққан соң дем аламыз» ден мені жұбатып қояды.
Арқамдағы балаға ыңғайлы болсын деп еңкейіп, əрі сүрініп кетпеу үшін
аяғымның  астына  қарап  келе  жатып,  Абанның  кілт  тоқтағанын  байқамай
қалыппын.  Ол  «бұқ»  деп  тұншыға  сөйлеп,  иығымнан  нұқып  қалды.
Шошып  кетіп,  арқамдағы  Светаны  қолыма  алып  құлай  беріп  едім
самбырлаған  дауыстар  да  естілді,  Дулат  та  келіп  бауырыма  тығылды.
Сөйткенше  патырлаған  автоматтың  даусы  тұла  бойымды  қалтыратып
əкетті.
— Ағаштың түбіне тығыл!
Екі  —  үш  қадамдай  жерде  жуан  терек  бар  екен,  екі  баланы  сүйретіп,


еңбектеп  соның  түбіне  жеттім.  Абан  жіңішкелеу  ағашты  тасаланып,
автоматын  мойнынан  алып  атысуға  оңтайланған  түрі  бар.  Енді  жаудың  да
келе  жатқан  бағдарын  аңғардым.  Автомат  оқтары  əзірге  жоғарырақ,
ағаштарға  қадалып  жатыр.  Абан  ағаш  тасасынан  тізерлей  көтеріліп,  маған
бұрылды.
—  Енді  қашып  кете  алмаймыз.  Қозғалма...  Жаудың  алдын  өзім
бөгеймін,— деп дауыстады.
Басқа  не  дəрменім  бар,  екі  баланың  тұмсығын  теректің  түбіне  тіреп,
бауырыма  қысып  жаутаңдап  жатырмын.  Абан  маған  тағы  бір  жалт  қарап,
«бұқ»  дегені  болар  қолын  төмен  қарай  бір  сілкіп,  тізерлеп  көтеріле  бере
ілгері қарай атылды. Бауырымен жер сызып еңкейе жүгіріп барып тағы бір
ағаштың  тасасына  жығылды.  Шаңқылдап  айқайлаған  дауыстар  анық
естіледі,  бірақ  сонда  да  келе  жатқан  немістерді  көре  алмадым.  Екі  көзім
Абанда.  Ол  басын  қайқаң  еткізіп,  жатқан  жерінен  кеудесін  көтеріңкіреп,
автоматының дүмін иығына тіреп, тыр — тыр еткізіп екі дүркін оқ атты да,
кенет оғы таусылды ма, əлде автоматы от алмай қалды ма, əлденеге іркіліп
қалды.  Қалай  жəрдем  етерімді  білмей  сасқанымнан  төрт  тағандап  жерден
бауырымды көтеріп, сіресіп қалыппын. Абан бүгежектеп автоматымен əуре
болып  жатыр;  не  істеп  жатқанын  білмеймін,  мойыны  иығына  кіріп
құнжыңдаған  желкесін,  тез  —  тез  ышқына  қимылдаған  шынтағын  ғана
көремін. Əнекей, əнтек басын да көтеріп алды. Айқайлайын десем даусым
шықпайды,  айқайлағанмен  не  бітірем.  Дұшпанның  оғы  тіпті  үдеп  барады.
Біреу маңдайдан соғып жібергендей Абан кейін қарай шалқайып қалды да,
басы сылқ етіп оң жамбасына құлап түсті...
Абан құлап түсті. Төрт тағандап еңбектеген күйі, не тұрып кете алмай,
не қайтадан бұғып жер бауырлап жата алмай, аяз қатырып тастаған өліктей
сіресіп мен тұрмын. Басының астына қарай ыңғайсыз қайрылып қалғанын
да  сезбей,  қатты  ұйықтап  кеткен  адамдай  аяғы  серейіп  Абан  жатыр.  Бір
сəтке  қайда  екенімді,  не  халде  екенімді  ұмытып,  не  болып  жатқанын  да
түсінбей тек бадырайып тұрған төңіректің суретін ғана көрдім.
Мойнына  асынған  автоматын  емшегінен  төменірек  ұстап,  оқтала
кезеніп, жасыл шинель, əдемі сопақ каска киген біреу келе жатыр, соңынан
тағы  да  екеуі  көрінді.  Осы  сəтте  басыма  балғамен  қойып  қалғандай  есім
кірді.  Абан  өліп  жатыр,  мына  келіп  қалған  немістер  ғой...  Қорықтым  ба,
қорықпадым ба, білмеймін, сірə адам қатты қорыққанда қорқыныштың өзін


ұмытып  кететін  шығар.  Қарсыласқан  адам  болмаған  соң  ба,  олар  енді  оқ
атпай,  шаңқылдап  сөйлесіп  Абанның  қасына  келді.  Біреуі  етігінің
тұмсығымен Абанның жансыз денесін нұқып көріп «капут» деді. Осы кезде
денеме  жан  енгендей  ышқынып,  екі  баланы  бауырыма  қалай  қысып
алғанымды  өзім  де  білмей  қалдым.  Немістің  біреуі  мені  көріп  қалып
автоматын  кезей  қойды.  Қазір  патырлаған  көп  оқ  өн  бойымды  түйреп
өтеді... Сол бір жиіркенішті жаман сезімнен тұла бойым құрысып, бір уыс
болып  жиырылып  барады.  Неміс  саусағын  автоматының  шүріппесіне
қойып,  атпай  жақындап  келеді.  Қазір...  қазір...  Əр  қадамы  атқаннан  бетер
жанымды түршіктіреді. Шүріппедегі саусағын анық көріп қалдым... сіресіп
тұр.  Бетіне  де  көзім  түсіп  кетті  —  жүзі  суық,  ақсары  беті  аппақ  ажал
сияқты...  Екі  бала...  қолыммен  қарманып  іздесем...  екі  бала  бауырымда
екен.  Ажал  мүлт  кетпейтін  жерге  жақындап  келеді.  Қаттырақ  қыссам
оларға  оқ  өтпейтіндей  екі  баланы  екі  бүйіріме  сығып  қыса  түсем...  Бір
ғажабы  осы  сəтте  өз  ажалым  туралы  ой  шарт  есімнен  шығып  кетіп,  екі
баланы  қалай  қорғаймын  деп  алас  ұрдым.  Айтқым  келеді  мыналарға...
бұлар да адам баласы ғой... Қалай жеткізем? Қалай айтам?.. Тал қарманып
тапқаным:  жүзіне,  бетіне  қарау  керек.  Бетіне  қараймын.  Аппақ  ажалдай...
Көзіне... Ішімде жатқан бір құдіретті соқыр сезім, ақылға да келтірмей, сəт
заматта  көзіне,  көзіне  қара  деп  бұйрық  берді.  Ендігі  біздің  өміріміз  осы
немістің  көзінде.  Көзіне  көзім  түссе...  Жанталасып  ажалдай  аппақ  беттен
көзін  іздеймін.  Ұстап  алдым.  Көк  көздің  сұйқылтым  сəулесі  шыңылтыр,
суық екен. Бірақ сонда да көзінен айрылмай ажал алдындағы адамның бар
зар  тілегін,  тіпті  одан  да  көп,  көп  нəрсені  бақырайған  көзіммен  айтып
қадалып  қарай  бердім.  «Адам  адамның  көзіне  тіке  қарап  тұрғанда  қалай
атпақ?»  Осы  сезім  көңіліме  үміт  саңлауын  жүгіртіп,  аласұрып  көзінің
қарашығын  іздеймін.  Бір  сəт  екеуміздің  көзқарасымыз  түйісіп  қалды.
Көзінен енді айырылып қалсам, автоматтың да шүріппесін басып қаларын
сезіп,  жыланмен  арбасқан  торғайдай  қадалып  қаттым  да  қалдым.  Əуелі
маған жай қарай салған көкшіл көзі кенет тоқтай қалды да шарасы үлкейе
берді. Жанарындағы жылт еткен сəуледен сезіп қалдым, өзінің істейін деп
тұрған  ісінен  шошып  кетіп,  ар  жағында  бір  нəрсе  аударылып  түсті.  Маған
енді батып қарай алмай бұрылып жүре берді. Қасындағылармен керісті ме,
білмеймін,  шаңқылдасып  сөйлесіп,  оларды  да  ертіп  алып  кетті.  Мен  сол
төрт  тағандап  сірескен  күйі  əлі  де  біраз  тұрып,  бір  кезде  буынымнан  əл
кетіп, қара жерге сылқ ете қалғанымды білем.
19


Қараңғы...  Дүбірлете  шапқан  көп  жылқы...  Қалың  тұяқтың  дүңкілінен
жер  солқылдайды.  Шыңғырып  кісінеп  барады.  Жылқыларды  анық  көре
алмаймын,  сұрғылт,  күңгірт  аспанның  реңкінде  едірейген  құлақтары  мен
төгіліп  баратқан  жал  —  құйрықтарының  бедерін  ғана  көремін.  Таудан
құлаған  тасқын  сияқты,  ұмар  —  жұмар  толқын  болып  ағып  барады.  Сол
толқын  теңселтіп,  шайқап,  мені  де  əкетіп  барады.  Жүйткіп  келе  жатқан
айғырлар шыңғырып келіп кісінейді. Дауыстары шабыстарынан озып, ұзап
кетіп,  алысқа  барып  жоғалады.  Құлағымда  тек  тұяқ  дүрсілі  ғана  қалады.
Алқынып,  шайқалып,  жылқы  толқынының  арқасында  келемін.  Бір  жерде
құлап  кетем  бе,  ұшып  түсем  бе  деген  қорқынышым  да  бар.  Бірде  шабыс
бəсеңдеп, тұяқ дүрсілі əлсірегендей болады. Кенет осы хал маған бұрыннан
таныс  сияқты  көрінеді.  Иə,  бұрын  да  осындай  жылқы  толқынының
арқасында  шайқалып  кетіп  баратқан  кезім  болған.  Шыңғырып  кісінеген
айғырлар... Ұйықтап жатсам да түсім екенін сеземін. Бұрын көрген түсіме
тағы  да  қайтып  оралыппын.  Көп  жылқының  шыңғыра  кісінеген  даусынан
оянып  кеттім.  Шыңғырып  паровоз  айқайлайды.  Поез  да  жүрісін  үдеткен
екен,  төмендегі  көрінбейтін  доңғалақтар  дүрс  —  дүрс  етіп,  вагон  теңселіп
келеді. Таң қылаң берген болар, қара — құра көрінетіндей вагон іші кеугім
тартып қалыпты.
Үш  күн  болды,  ауасы  ауырлап  кеткен,  ине  шаншарға  орын  жоқ,  тығыз
вагонның  ішінде,  демім  тарылыңқырап  қиналып  оянам  да,  кішкене
ұйқымды  ашып,  қайда  келе  жатқаным  есіме  түскенде,  өн  бойыма  қуаныш
кіреді. Есік жақта қозғалып, қимылдаған біреулердің дыбысы болмаса, өзге
жұрт  жатыр.  Ақырын  басымды  көтеріп  жан  —  жағыма  қараймын.  Қара
көлеңкеде  вагон  іші  толған  адам  емес,  бір  —  біріне  сүйей  салған  кілең
аузын  буған  қапшық  сияқты,  керіліп  жатқан  бірі  жоқ,  отырған  күйі
қабырғаға,  жақтауға  қисайып,  бірінің  иығына  бірі  мойнын  салып,  кілең
отырып  ұйықтаған  жандар.  Астыңғы  бір  полка  оңаша  тиген  мен  ғана,  екі
баланың бірін жоғары, бірін төмен, іргеге салып, шет жағынан өзім жатып,
тар  да  болса,  керіліп  ұйықтаймын.  Бұл  орынды  таласып  —  тармасып
алғаным  жоқ,  менің  хал  —  жағдайымды  сұрасып  білген  жолаушылар
ықыластары түсіп өздері сыйлады. Көңіл сыйса бəрі сыяды деп, таршылық
та  болса  жайлы  келе  жатырмын.  Тек  бір  қиын  қайдан  келе  жатқанымды
біліп  алған  жұрт  ананы,  мынаны  сұрап,  өткенімді  оятып  мазамды  ала
береді.  Түрі  бөлек  боп  тұрған  соң  шұқылап  Светаның  тегін  сұрайды.
«Шешесі  жақсы  адам  еді,  қаза  тапты.  Жаудың  ішінде  жансыз  болып  еді»
деймін.  Өз  күйеуімді  сұрайды.  «О  да  қаза  болды.  Командир  еді»  деймін.
Білмеген, көрмеген адамдарға одан артық не айтам. Оларға Қасымбек кім,


Света  кім...  басқалары  кім?  Əйтеуір  бір  топ  партизандар  соғысыпты,
қырылыпты,  құдай  сақтап  сау  қалған  бір  əйел  екі  баланы  жетелеп  еліне
келе  жатыр.  Мынау  əлі  де  бітпей  жатқан  обыр  соғыстың  титімдей  бір
бөлшегі  ғана.  Бүгін  естісе  ертең  ұмытып  қалады,  тек  мен  үшін  ғана,
көкірегіме  отпен  қарып  жазып  қойғандай,  олардың  бірі  де  ұмыт  болатын
емес. Қасымбегім де, Абаным да, Светам да... Олар түгіл осы тауқыметтің
ең  басында  бірге  болған  өзіміздің  полктың  əйелдері...  бастығымыз  байғұс
Елизавета  Сергеевна,  Алевтина  Павловна,  екі  баласынан  айрылып,  екі
баласымен поездан қалып қоятын кең пейілді, көнбісті сырбаз əйел Ираида
Ивановна... Өлі ме екен, тірі ме екен байғұстар. Тағдыр олардың маңдайына
не  жазды  екен?  Ұрысқақ  Муся  байғұс  қаза  болды,  жеті  жасар  қызы  жетім
қалып  еді.  Он  алты  жасар  партизан  Проша...  Қыршын  жас  қаза  тапты.
Оның  шешесін  көрмесем  де  баланың  көп  айтуынан  көргендей  болушы
едім.  О  да,  Ираида  Ивановна  сияқты  көп  балалы,  көнтерлі  келісті  адам
болса  керек.  Біздің  елде  ат  қойып,  айдар  таққыш  қой.  «Байдың  баласы,
халық  жауының  туысқаны»  деп  те  көзге  түрткілей  береді.  Кəмпит
сорғандай  екі  ұрты  қусырылып,  үстіңгі  ерні  дүрдиіп  тұратын  сүйкімді
Проша...
Қыршын
жасыңды
құрбан
етіп,
шешең
мен
іні

қарындастарыңды  əкең  сорлы  əкелген  абыройсыздықтан  құтқарып  кеттің
ғой. Енді сенің шешеңді «сатқын полицайдың əйелі» деп мүйіздемей, «қаза
тапқан  жас  партизанның  анасы»  деп  сыйлайтын  болар.  Ақшұнақ  шал
Кузьмич...  Абан  қаза  тапқаннан  кейін  мені  іздеп  келіп,  екі  баламмен
орманнан  алып  шыққан  сол  еді...  Үш  күннен  бері,  мен  көбіне  мына  вагон
ішіндегі  сығылысқан  жолаушылармен  емес,  өлісі  бар,  тірісі  бар,  орман
ішіндегі  өз  адамдарыммен  бірге  келе  жатқан  сияқтымын.  Бір  ғажабы,
ақыры  аман  —  есен  құтылып,  арман  еткен  ауылыма  қарай  бет  алғанда...
Сол  арман  еткен  ауылымды,  қауышар  қуанышты  сағаттарымды  көп  ойлай
бермеймін.  Қамқа  əжем...  қартайған  шығар.  Сейілхан  ағам  Əлмұқан
құрдасымен, аман болса бір жерде соғысып жүрген болар. Əкем де əскерде
ме екен?.. Көріп келемін, елдің де ыңыршағы айналған екен. Елді ойлайын
десем,  ендігі  бар  тіршілік  қарекет  те,  шешілер  түйін  де,  кейінде,  кешегі
өзім шыққан жақта қалып қойғандай, ойым кейін қарай алып кетеді. Қазір
де  терезеге  қарап  отырып,  таң  əбден  атып,  жұрт  оянып  вагон  ішіндегі
белгілі тіршіліктеріне кірісіп кеткенін аңғармай қалыппын.
Бұлардың  таңғы  тіршіліктері  де  маған  таныс  болды.  Қазір  үлкендеу
станция болса, ыдысы барлары жүгіріп барып ыстық су əкеледі, содан соң
əр  қайсы  сөмкелерін  ашып,  көбінде  сөмке,  чемодан  аз,  түйіншектерін
шешіп, ертеңгі асқа кіріседі. Соғыстың алдында да асып — төгіліп жатқан


ел  емес  едік,  қазір  жұрт  əбден  жүдеу.  Бірақ  жоқшылықтың  өзі  де  адамды
теңестірмей  ме  деймін,  осы  жолаушылардың  ішінде  де  күйлісі,  күйсізі,
тіпті жоғы бар. Біреулердің сөмкесінен колбаса не консерві табылып жатса,
біреулерінен  жұмыртқа  мен  пісірген  нан  шығады,  ал,  кейбіреулері  қатып
қалған  қара  нанын  қытырлатады.  Біздің  партизандардай,  мұнда  бар  —
жоғын  ортаға  салмайды,  əркім  ұрлық  қылғандай,  өзгелерден  көзін
жасырып,  тізесіне  үңіліп,  түйіле  шайнап  жатқаны.  Азығы  жоқтары
орындарынан  тұрып  кетіп,  кəрі  —  құртаңдары  күйсеп  жатқандарға
қарамауға  тырысып,  намаз  оқығандай  мүлгіп  отырады.  Москвадан  берген,
мен де күйсіз емеспін, өзімізге жететін қорегіміз бар, енді соны жеудің өзі
қинап келеді.
— Тұзды қияр... Тұздаған ащы қияр жемейсің бе?
Бұрылмай жатып — ақ даусынан таныдым, жол өтетін жердегі көлденең
полкада отыратын кішілеу бетін əжім айғыздаған, орыстың қаймыжық ерін,
қайқы тұмсық шүйке кемпірі.
— Мə, біреуін жеп ал. Ашырқанып қаласың,— деп əйнек банкісінен бір
қиярды алып маған ұсынып жатыр.
Кеше  осы  кемпірдің  тұздалған  қиярын  көргенде,  қатты  аусарым  ауып
кетіп,  аузым  суға  толып,  көзім  жасаурап  шыдай  алмадым.  Жолың  болғыр,
түсінікті адам екен, менің жаутаңдап қарай бергенімді байқап, «байқаймын,
ащылағың  келіп  отыр  —  ау,  шамасы.  Мə,  жей  ғой»  деп  бір  қиярын  ұстата
салғаны.  Менің  опыра  асап,  қапыл  —  құпыл  шайнап,  қиярдың  ащы  сөлін
рахаттана  сорғанымды  көріп,  тағы  сөйлеп  кетті.  «Байқаймын,  өзің  жерік
болып  қалғансың  —  ау  деймін.  Енді  жас  адамсың  ғой,  болмай  тұра  ма»
деді. Тек бір жаманы, өзі тым сөзшең адам екен, аяқ астынан сарт еткізген
мына  сөзін  мен  ұғып  болмай  жатып,  «күйеуің  бар  ма  еді,  қайда  еді?»  деп
бастырмалатып,  түп  —  тұқиянымды  қазбалап  мазамды  алып  барады.
Кемпірге  жауап  беріп,  оның  аузын  сылп  еткізіп  айтқан  аянышты  сөзін
тыңдаймын деп, өз хəлімді ойлап түйіндеуге пұрсатым əзер жетті.
Өзім  де  бір  секем  алып  едім,  рас  болды  —  ау,  шамасы.  Бір  емес,  екі
жетімекті мойныма артып алып, енді қайтемін деп келе жатқанда, тағы да
аяғым ауырлап қалғаны ма? Қазір елдің де тұрмысы күйзеліп тұрған шақта
жалғыз əйелге үш баланы сүйрету оңай болмас деген уайым кіре бастап еді,
кенет бір ой сап етіп, мырс етіп күліп жібердім. Қақаған соғыста екі баланы


қатар арқалап жүрген адамға ел ішінде үш бала тұрмақ он баланың салмағы
ойыншық  емес  пе.  Елге  жеткен  соң  тіпті  төбемнен  тау  құлатса  да,  менің
осы  көріп  келе  жатқанымның  ширегіне  жетер  ме  екен?  Адам  деген  де
тəубасын  тез  ұмытатын  жарықтық  екен  —  ау.  Сəл  үркіп  қалған  көңілім
орнығып,  шым  —  шымдап  қанағат  сезім  кеулеп  келеді;  тірі  қайтам  деп
түсіме  кірмеген  жерден  аман  —  есен  қайтып  келе  жатырмын.  Тар  кезеңде
жолдас  болып,  оң  —  солымды  айыра  алмай  адасып  қалғанда  қолымнан
жетелеген Света.. Қиямет қайымда арқасына салып алып шыққан азаматым
Қасымбегім...  Өздері  жоқ  болғанымен  көздерін  алып  келе  жатырмын.  Бұл
екеуі тұрғанда ол екеуі де мен үшін өлмейді, көкірегімнің түкпірінде жүpiп,
көрге  бірге  кетеді.  Абан  да  үйлі  —  күйлі  болмаған,  жиырма  беске  биыл
шыққан қыршын еді ғой. О да із — түзсіз кетпейтін болды, амандық болса
артында  тұяғы  қалады.  Мені  тірі  қалдырған  да,  шаһит  болған  қылқандай
жастардың арты жоғалмасын деген тағдырдың əділеті шығар, менің ендігі
борышым  солардың  артын  бағу.  Елде  кексе  əйелдер  «күйеуімнің  артын
бағамын»  деп  отырып  қалушы  еді,  менің  жасым  биыл  жиырма  бірге
шықты,  бірақ  мен  олардан  да  кексемін.  Осы  жасымда  екі  рет  күйеуге
шықтым, жар қызығын, бала қызығын көрдім; білмеймін, қызығын көрдім
бе, азабын көрдім бе, бірақ өтіп кеткен соң əйтеуір бəрі қызық сияқты.
Ойға  елігіп  поездің  тоқтағанын  да  білмей  қалыппын,  мынау  бір  таныс
станция  екен.  Орынбордан  кеше  өтіп  еді,  елге  жақындап  жүрмейік.  Анау
шашылып  жатқан  аласа  үйлер,  қырбық  қары  езіліп  тапталып  қалған  лас
қисық көшелер. Бұрын да бір көрген, есімде қалған көрініс. Қорбиған ескі
сырмақ  киіп,  етегі  шұбатылып,  бала  жетелеген  қазақ  əйелі  кетіп  барады.
Иə,  бұл  Мартық  станциясы.  Қасымбекпен  келе  жатқанда  да  осында
тоқтағанбыз.  Түк  өзгермепті.  Содан  бері  қанша  уақыт  өтті?  Ол  қырық
бірінші жылдың март айы еді — ау. Екі жарым — ақ жыл уақыт өткені ме?
Ауылдан ұзап баратқаныма шошынып, балапандай көзім үрпиіп жаутаңдай
қараған  жерім  еді  —  ау.  «Ауылға  жетіп  қалдым  —  ау»  деген  қуаныш  лүп
ете  түсіп  еді,  бірақ  ұзаққа  созылмай  аяғы  сұйылып  кетті.  Бірақ  ғажабы,
ауыл  мен  үшін  əлі  де  алыста,  жақындамас  алыста  сияқты  болады  да
тұрады,  сірə  ауылға  кеткен  күні  де  мен  оған  жақындай  алмайтын
шығармын.  Соншалық  жатырқап  қалғанмын  ба?  Мен  елден  кеткелі  тұтас
бір өмір өтіп, енді ауыл да басқа, əсіресе мен басқа сияқтымын. Балапандай
үрпиіп,  ұясынан  үркіп  аттанған  балғын  қыз  орыстың  орманының  ішінде
өліп, енді талайды көрген, кексе тартқан бала — шағалы əйел келе жатыр.
Ертең  жеңгелерім  жылап  көріскенде  де,  бедірейіп  көзімнен  жас  шықпай
қояр  сірə.  Қазақтың  көңілшек  қатындарының  көз  жасы  қиын  емес  —  ау,


менің көз жасым қиындап кетті.
Бірақ  менің  де  осал  жерім  көп  екен.  Вагонға  бір  орыс  əйелі  кірді.
Қолына  түйіншек  ұстап  келе  жатыр  ма  десем,  кішкентай  қызын  жетелеп
келеді.  Бес  —  алты  жасар  қыздың  басына  үлкен  түбіт  шəлі  тартып,  оның
ұшын  беліне  екі  қайыра  орап  байлапты.  Шынында  да  түйіп  тастаған
түйіншек  сияқты.  Кішкене  қыз  кіре  сала  орамалды  шеш  деп  қыңқылдай
бастады.  Өзі  ерке  болар,  шешесі  дегенін  істей  қоймаған  соң,  аяғымен  жер
тарпып,  айқайлап  жіберді.  Неден  шошынғанымды  білмеймін,  тұла  бойым
дір ете түскендей болды... Көз алдыма кішкентай Параша келіп тұра далды.
О да дəл осындай түйіп қойған түйіншек сияқты, домаланып Дуня апайдың
үйіне  кіріп  келетін.  Атуға  aпapa  жатқанда  «ағатайлар,  өлтірмеңдер!
Ағатайлар,  əн  салып  берем!..»  деп  шырылдағаны.  Қасымда  отырған  екі
баланы мойындарынан қылғындырып қысып алыппын, олар қолтығымнан
шыққысы келіп бұлқынғанда барып байқадым.
Балалардың  мойнынан  қолымды  алдым  да,  сыртта  бір  нəрсем  қалып
қойғандай  терезеге  үңілдім.  Жаңағы  бір  байқаусызда  шағып  алған  жаман
сезім  тұла  бойымнан  арыла  қойған  жоқ.  Ой  деген  құрғыр  да  суыртпақ
сияқты бір тартып қалсаң жалғасып шыға береді. Менің де сол Парашамен
бірге  ақтық  сағатымды  күтіп  жар  басында  тұрғаным...  Өлімнің  ең  соңғы
сызығына  екі  рет  барып,  екі  рет  қайтқан  екем  —  ау.  (Жалпы  өлім  қаупін
айтпаймын,  ол  соғыста  жүрген  адамға  күніне  талай  кездесетін  нəрсе  ғой).
Автоматтың  шүріпесіне  саусағын  басып,  оқталып  тұрған  неміс  солдаты...
бет əлпетін де анық көре алмадым, тек ақ жал сияқты... Көзіне көзім түсіп
кеткенде...  шыдамады.  Оның  да  ар  жағынан  бір  сезім...  адамдық  сезімі
оянып кетті де, шүріппедегі саусағын басып қалуға дəті шыдамай, бұрылып
жүре  берді.  «Жүз  көрсе  бет  ұялады...  Адам  баласы  бір  —  бірінің  көзіне
тура қараса қайтер еді...
Алашабыр  қырбық  қардың  астында  көсіліп,  қазақтың  кең  даласы
жатыр. Осы бір қыстың алғашқы суығы шалған адырлы далаға көңілім енді
жылып  келеді.  Бəрі  таныс.  Ата  —  бабаларымыздың  бағзы  заманнан  бері
қарай көшіп — қонған жері. Анау адырлардан жүк артқан түйелері қайтқан
қаздай  тізіліп,  қаптаған  малдарын  айдап  талай  көштер  өткен  шығар  —  ау.
Қаптап  көшіп  баратқан  қалың  Найман  елестейді  көз  алдыма.  Екі  жасты
өлтіргені  үшін  ағайынның  бетіне  қарай  алмай,  ата  қоныстарынан  ығысып
əрірек  кетіп  барады.  Найман  қолынан  қаза  болған,  тіпті  Еңлік  пен  Кебек
болса да, екі — ақ адам еді — ау. Бірақ кісі өлді, қан төгілді, ағайын арасын


ажал  бөліп  кетті.  Нақақ  қанның  ұяты  қалың  елді  қонысынан  ығыстырды.
Сол Найман баласының ұятын адам баласына берсе...
—  Баламен  ойнаймын.  Кішкентай  баламен  ойнағым  келеді...  Мама...
Кішкентай қызбен де ойнағым келеді.
Ұйқыдан  оянғандай  алып  қашпа  ойымнан  серпіліп,  вагон  ішіне  көз
жүгіртсем, қиғылық салып тұрған манағы кірген кішкене қыз екен. Шешесі
басыңдағы  шəліні  шешіп  алыпты:  домалақ  бет,  кішкентай  қайқы  тұмсық
сары  қыз;  дөңгелек  көзі  болмаса  Парашаға  ұқсайтын  жері  онша  көп  емес,
еркелік өтіп кеткен мінезі ұқсай ма, қалай. Шешесі кейіп:
—  Қой,  тыныш  отыр.  Жұрт  тіпті  аяғын  қоярға  жер  таппай  келе
жатқанда... Құтыруын қарашы мұның,— деп кейіп тастап еді, кішкене қыз
тіпті өршеленіп кетті.
— Жоқ, ойнаймын. Мені баланың қасына шығар...
Өздерінен  басқа  бала  көрмеген  менің  екі  балам  қыңқ  етуді  білмейді,
тыныш, қолына түскен бір нəрсені шұқылап, үн-түнсіз отыра береді.
— Бала ғой, ойнасын. Бері шығарып жіберіңіз,— дедім.
Менің екеуім бейтаныс қыз баланы жатырқаңқырап онша пейіл білдіре
қоймап еді, оны елейтін кішкене қыз жоқ, бөрліктіріп барады.
— Сен қайдан келе жатсың? А, айтшы.— Тілі тастай, тақ-тұқ сөйлейді,
— Неге үндемейсің? Сөйлей білмейсің бе?
Дулаттың тілі шығып келе жатыр, аздап сөйлейтіні бар еді, бірақ жауап
бермей, қызға бажырая қарап, үнсіз отыр.
Осындай көптің ішінде біреу үшін жауап бергіш, тиіп кетсең, ағытылып
жүре беретін сөзшең еркектер болады.
— Бұл бала майданнан келе жатыр,— деді сондайдың біреуі.
—  Майданнан?...  Жоқ,  кішкентай  балалар  майданға  бармайды,—  деп
түсіндірді кішкентай қыз.


—  Неге  бармасын,  барған,—  деп  дауласа  кетті  сөзшең  еркек.—  Барған
емес, сол майданның ішінде туған.
—  Жо  —  жоқ,  майданда  бала  тумайды.  Майданда  соғысады.  Жауды
атады,— деп көнетін емес білгіш қыз.
— Жоқ, бұл соғыстың қақ ортасынан шынығып келе жатқан бала,— деп
түсіндіреді  əлгі  ерінбейтін  еркек,—  Ертең  нағыз  мықты  солдат  болатын
осылар. Бұлар соғыста да мықтап соғысады.
— Осы соғыс аз болып жатыр ма, саған. Мына сəбилердің басына соғыс
тілемей  тұра  тұршы,  —  деді,  жолың  болғыр,  маған  əлгі  ащы  қияр  беретін
кемпір.
Сығылысқан жұрттың арасынан əзер аттап кондуктор əйел келе жатыр.
—  Қазір  Ақтөбе  станциясына  келеміз.  Түсетін  жолаушылар,
қамданыңыздар, — деп дауыстады.
Уһ, елге де жеттім — ау, əйтеуір.


Table of Contents
Роман
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ

Document Outline

  • Роман
  • ЕКІНШІ БӨЛІМ
  • ҮШІНШІ БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет