Әдебиет жайын сөз еткен тұста образға “нақты өмiрлiк шындықтан алынып, суреткер санасында танымдық және шығармашылық үрдiстер нәтижесiнде жан-жақты екшелген және бейнелi сөз арқылы қайта жасалған әсерлi де көркем өмiрлiк шындық” деп сипаттама береміз
Демек, “образ” ұғымын екi мәнде қарастыруға болады. Яғни, “образ” ұғымы 1) кең ауқымда алып қарасақ, шығармадағы көркем өмiрлiк шындық; 2) одан гөрi тарлау аяда алар болсақ, әдеби қаһарман деген мағынада қолданылады. Образдың екiншi мәнi қолданыста ұдайы жүретiндiктен, образ – көркем шығармадағы адам бейнесi ретiнде көпшiлiк түсiнiгiне жақын тұрады.
Романтикалық образ – ұлы мұраттарға құштар халықтың
арман-аңсарынан нәр алған қанатты қиялға негiзделiп жасалған адам бейнесiнiң көнеден келе жатқан түрлерiнiң бiрi. Мысалы, ертегiлердегi Таусоғар, Көлтауысар, аңыздағы Асанқайғы, мифтегi Прометей,
прозадағы Данко, т.с.с.
Реалистiк образ ұғымы өмiрлiк шындыққа негiзделген;
эстетикалық-тәрбиелiк мәнi зор; қоғамдық сипаты айқын;
өз бойына жалпылық және жалқылық белгiлердi қатар дарытқан, сонымен бiрге қоғамдық, көркемдiк дамуға
байланысты ұдайы өзгеру, жетiлу үстiнде көрiнетiн шыншыл бейне деген түсiнiктi бiлдiредi.
Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады: 1) көркем бейне, кейіпкер, тип. 2) суретті сөз. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашанда оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жалғыз-ақ жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн. Портрет (французша «бейнеленген» деген мағына береді) – әдеби кейіпкердің сырт-көрінісін, кескін-кейпін, бой, тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің зор мәні бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әртүрлі жағдайда, күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы өзінің әрекет, қимылдары, істеген істері арқылы айқындай отырып, жазушы портреттік сипаттарға көңіл бөледі. Негізгі қаһарманның келбеті, бой, тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп әсерлі бейнелеуге мән береді.
Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде-бір өрнек - өмір суреті жоқ және болуы да мүмкін емес. Бұл ретте, көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әшейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсіл десек, ағат айтқан болмаймыз. Өйткені адамның сыры мен сезімінен, өмір тіршілігі мен көңіл-күйінен тыс ешқандай пейзаж болуы мүмкін емес. Пейзаж (французша «ел-жер» деген мағына береді) - әдеби шығармаларда жаратылыстың, яғни табиғаттың әсем көрінісі, көркемдік бейнесі. Суреткер әдеби шығармаларда көркемдік ойлаудың ажары ретінде, образдық жүйенің арқауы ретінде табиғат келбетін ерекше бір ұсталықпен суреттеуі.
Образдылық суреттілік, яғни сөздегі сурет.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.
Гималай- көктің кіндігі,
Гималай жердің түндігі. (І.Жансүгіров) Бұл метафора тәсілімен жасалған сурет. Байқап қарасақ., образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақты суретке айналдыратын тәрізді. Сөз химиясын игеру- образға тек қана осы жолмен баруға болады. Образдылық үшін сөзбен салынар сурет нақты болумен қатар, мейлінше шын және дәл болуы шарт.
Шығармаға атау болып тұрған сөздi немесе сөз тiркесiн тақырып деп бiлу – нағыз қарабайыр түсiнiк. Себебi, “тақырып” ұғымының мәнi одан гөрi әлдеқайда кең. Мәселен, қазiргi кезеңнiң өзiнде “тақырып” деген термин екi түрлi мағынада қолданылады:
2) Шығармада көтерiлген негiзгi қоғамдық проблема ұғымында.
Алайда екiншi анықтама “тақырып” ұғымының мәнiн неғұрлым дәл бередi. Оның сыры, бiрiншiден,бұл анықтама бойынша тақырыпты өмiрлiк материал деп
қабылдай отырып, өмiрлiк материалды танып-бiлу шығармадағы бейнеленген құбылыстарды талдауға негiзделедi.Екiншiден,тақырыпты шығарманың басты проблемасы деп түсiнуге тақырып пен идеяның органикалық бiрлiгi себепкер болады.
Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудiң өзегiне алынып, шығармада көрiнiс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы болып табылады. Әрбiр көркем туындыда, әдетте, бiр ғана тақырып көтерiлмей, өзара байланысты бiрнеше тақырыптардың тұтас жүйесi (тематика) көрiнедi.
Идея дегенiмiз көркем шығармада көрiнiс тапқан барша құбылысқа қаламгердiң көзқарасы, бағасы Идеясыз шығарма жоқ. Идеялылық – өнер туындыларында бейнеленген оқиғалар мен характерлердiң мән-маңызы жайында образ арқылы берiлетiн ой-пiкiр көрiнiсi.
Достарыңызбен бөлісу: |