С. Сабитқызы туа біткен иммунитет факторы мен механизмдері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.02.2023
өлшемі363,09 Kb.
#64980
  1   2



С.Сабитқызы 
 
ТУА БІТКЕН ИММУНИТЕТ ФАКТОРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ 
 
 
Ағзаның инфекцияға қарсы бейспецификалық қорғанысын тері және сілемейлі қабығы, 
ағзаның ішкі тосқауылын лимфа тізбегі түріндегі барлық ұлпалардағы лимфа түзілімдері, 
фагоцитозға қатысушы клеткалар және қалыпты киллерлер, гуморальді факторлар – яғни 
лизоцим, комплемент, интерферон және басқа цитокиндер бейспецификалық қорғаныстың 
маңызды факторының бірі, терінің, сілемейлі қабықшаның қалыпты микрофлорасы болып 
табылады. 
Адамның қалыпты микрофлорасы маңызды қорғаныс қызметін атқарады. Қалыпты 
микрофлора микроорганизмдерді бейспецификалық қорғанысты және олар: асқорыту мүшелері, 
тыныс алу, бүйрек – жыныс және тері қорғанысына қатысады. 
Тері мен шырышты қабықтар – сыртқы тосқауыл, яғни микроорганизмдер мен патогенді 
микроорганизмдердің ағзаны зақымдамас үшін тосқауыл болып табылады. Ағзаның ішкі 
тосқауылына лимфоциттік құрылым мен лимфалық түзілім жатады.
Фагоциттік клеткалар макрофаг пен микрофагтарға бөлінеді. Микрофагтарға қанның 
полиморфоядролы гранулоциттер, нейтрофилдер, эозинфилдер және базофилдер жатады. 
Ағзаның әр түрлі ұлпаларындағы макрофагтар (біріктіргіш ұлпалар, бүйрек, өкпе т.б.) қан 
моноциттері мен сүйек кемігі жілікпен бірігіп (промоноциттер мен монобластар) ерекше 
мононуклеарлы фагоциттер жүйесін (МФЖ) құрайды. Филогенетикалық тұрғыдан МФЖ ең ежелгі 
жүйе. Ол өз онтогенезінде ерте қалыптасып, белгілі бір жас ерекшелігіне ие болады. Грануло және 
моноцитпоэзаның бірден-бір жалғастырушысы мен полипотентті түзуші клетка болып табылады. 
Шығу тегі ортақ миелоидты макрофагтар мен микрфагтар. 
Фагоциттер үш функциясы: 
- ұлпаның ыдырауы мен ағзаның инфекциялық агенттерден тазалау, қорғаныс 
- фагоцит мембранасына енгізуші лимфоцит, антигенді эпитопты презентациялау
- секреттік, лизосом ферменттің секрециясы мен т.б. биологиялық активті заттар, яғни 
иммуногенезде маңызды рөл атқаратын – цитокиндер. 
Фагоцитоздың мынадай өтпелі кезеңдері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет