Сабақ № Көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын алу. Жұмыс мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата13.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#49762
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭКО биотех. әдістеме




ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ 
 
Зертханалық сабақ № 1. Көмірсутек тотықтырушы 
микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын алу. 
Жұмыс 
мақсаты: 
Топырақтан 
көмірсутек 
тотықтырушы 
микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын бөліп алу
Мұнаймен 
ластанған 
топырақтан 
көмірсутек 
тотықтырушы 
микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын бөліп алу үшін құрамында 
көміртегі көзі ретінде мұнай бар минаральды ортаны пайдаландық. 
Құрамында мұнай бар минеральды ортаны 250 мл-лік колбаларға 100 мл ден 
құйып 10 г. Мұнаймен ластанған топыраққа 10 пайыз шикі ұнай салып 
шайқағышқа 7-10 тәулікке қалдырдық. 
Зертханалық сабақ № 2-4. Көмірсутек тотықтырушы 
микроорганизмдеріннің жинақы дақылдарын қоректік орталарға 
дақылдау. 
 
Мұнаймен 
ластанған 
топырақта 
көмірсутегін 
тотықтырушы 
микроорганизмдердің (КТМ) әртүрлі өкілдері тіршілік етеді. Топырақтағы 
КТМ микрофлорасын зерттеу үшін Кох әдісі бойынша сұйылту жүргізіледі. 
Ол үшін әртүрлі қоректік орталар (ЕПА, Сабуро, крахмал аммиакты агар 
(КАА)орталары) пайдаланыды 
Зерттелетін суспензияның белгілі көлемін қатты қоректік ортаға егу 
арқылы өсіп шыққан колониялардың саны негізінде бастапқы құрамында 
қанша микроорганизм клеткалары болғандығын айтуға мүмкіншілік береді. 
100 мл стерилді құбыр суына 10 гр топырақ нұсқасын салып, төмендегідей 
сызба-нұсқа бойынша сұйылту жүргізеді: 



Микроорганизмдердің суспензиясынан сұйылту дайындаудың және 
егудің сызба-нұсқасы 
Егу 3 кезеңнен тұрады: сұйылту дайындау, Петри табақшасына тығыз 
қоректік орталарға отырғызу, өскен колонияларды санау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет