Пәні:
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
|
Мұғалімі:
|
Кенжина Салтанат Темирболатовна
|
Сынып:
|
3
|
Сабақ №
Сабақ тақырыбы:
|
Сабақ №22
Ғаламтордағы қауіпсіздік
|
Күні:
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.3.1.1. нақты сұрақтарға жауап табу үшін ғаламторды қолдану;
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
ғаламторды қолдану; желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіну;
ғаламтор желісіндегі байланыстың қаупін түсіну.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Кейбір оқушылар:
|
Ғаламтор қаупінен сақтану шараларын білу;
|
Жоспар
|
Іс-әрекет реті
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Мағынаны таны
|
Презентацияны көріп шығып, конспект жазу.
Ғаламтор 1960 жылы АҚШ-та пайда болды. Ғаламтор қазір жер шарындағы сан алуан АКТ құралдарын байланыстырып отыр. Ғаламтордың жеке қожайыны жоқ, оны ешкім басқармайды.
Модем – компьютерге телефон арқылы ғаламтор желісін қосуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Ғаламтордың негізгі қосымшасы
E-mail (Electronic Mail) – электрондық пошта. Желі қолданушылары арасында хабар, мәлімет алмасуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
Браузер
Ғаламтордағы мәліметтерді оқу БРАУЗЕР деп аталатын арнайы программа арқылы орындалады.
Ғаламтордың пайдалы жақтары
Компьютер біздің өмірімізде маңызды орын алады. Ғаламтордың көмегімен кез келген ақпаратты жылдам алып, басқаға жолдай аламыз;
музыка тыңдап , мультфильм, фильмдер көре аламыз.
Ғаламторда қанша уақыт отыруға болады?
Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың зиян екенін білесің. Сол себепті ғаламторды ұзақ уақыт пайдалануға болмайды.
6-12 жасты балалар компьютерде жарты сағат қана отыра алады.
12 жастан асқан балалар ғаламторды күніне 1 сағаттан артық қолданбауы қажет.
Компьютермен жұмыс барысында әрбір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін ұмытпағаның жөн.
Ғаламторда отырғанда қандай ережелерді білу қажет?
Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы ақиқат емес, себебі оған ақпаратты кез келген адам сала алады. Сондықтан ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыру қажет. Түрлі жолмен ақпарат іздеуді үйрен.
Ғаламтордан ақпарат жүктегенде компьютерге вирус жұғу қауіпі бар. ВИРУС – өздігінен көбейе беретін зақымдаушы программа. Сондықтан кез келген ақпаратты жүктеуге болмайды.
Ғаламтордан келетін қауіпті ақпараттардан қорғануға болады. Ол үшін ақпараттарды сүзгіден өткізетін программа орнатамыз. Бұл программа «Интернет Цензор» деп аталады.
|
Интернет,
Презентация
«22 САБАҚ. Ғаламтордағы қауіпсіздік 3 сынып» (1-7 слайд),
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы (80-82 бет)
|
Жауап бер
|
Сұрақтар:
Ғаламтор қай жылы қайда пайда болды?
Модем деген не?
Браузер қандай қызмет атқарады?
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы
|
Орында
|
Тапсырма:
82 бет, Үйде орындайық
Тапсырма:
Мансұр ғаламторда бір баламен танысты. Ол Мансұрдың аты-жөнін, мекенжайын, қай мектепте оқитынын сұрады. Мансұрдың не істегені жөн? Кеңесті дәптерге жаз.
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 3 сынып, «Арман-ПВ» оқулығы, дәптер, қалам.
|
Рефлексия
|
Мен бүгін ___________ білдім
|
|
Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)
|
|
Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)
|
|
|