Сабақ: №1 Мектеп: Б. Онтаев жом оқу-ісінің меңгерушісі Н. Мамбетов



бет1/43
Дата07.02.2022
өлшемі417,04 Kb.
#24949
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: №1

Мектеп:

Б. Онтаев ЖОМ

Оқу-ісінің меңгерушісі

________Н. Мамбетов

Пәні: информатика

Күні: 07.09.2017жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Е. Назаров

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

§ 1.Кіріспе. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақ негізделген оқумақсаты

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үнемі көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс әрекет ережелері жасауға дағдыландыру және информатика пәнінің ұғымын түсіндіру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау тәртібін меңгеру;

  • Көз жаттығуларын өз еркімен жасай алу;

  • Информатика пәні жайлы мағлұмат алу;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсете алу сонымен қатар дер кезінде қандай әрекет ету керектігін білу.

Кейбір оқушылар:



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Информатика, компьютер, интернет.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?

Информатика пәнінің маңыздылығы қаншалықты?



Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?

Талқылауға арналған тармақтар:

Көз жаттығуларының тиімді жақтары қандай?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Жалпы қауіпсіздік талаптар:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, разеткаларға тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. Дербес компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Үстелге дербес компьютердің жанына сөмке, портфель, артық заттар қоюға болмайды.

  5. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жату керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарының көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет