Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ: 18
|
Мектеп: №1 ОМГ
|
Күні:14.11.18
|
Мұғалімнің аты-жөні: Отарқожа М.Н.
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті (1-сабақ)
Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
|
Тарихи концепт (фокус)
|
маңыздылық
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: XVIII ғ. қазақ халқының қолданбалы өнер жетістіктерін атай алады;
Оқушылардың көпшілігі: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер туындыларының мән-мазмұнынын талдай алады;
Кейбір оқушылар: ХҮІІІ ғ қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдарын анықтай алады;
|
Бағалау
критерийлері
|
Білу, түсіну, қолдану
|
Тілдік мақсаттар
|
ХҮІІІ ғ. қолданбалы өнер туындыларының жетістіктерін зерттейді (оқылым мен жазылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Бірегейлік, қолданбалы өнер, ...
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:
Қолданбалы өнер дегеніміз-
Қазақтың қолданбалы өнер туындылары, мыналар ... .... .... ... .... ... ....
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі мен ерекшелігі баға берер болсақ, .. ... ... ... ... ... .... ....
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қазақ халқының қолданбалы өнер жетістіктерін бағалау арқылы ұлттық жәдігерлерге, ұлттық құндылықтарға деген құрметті дамыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қазақ тілі, технология
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтамен жұмыс
|
Бастапқы білім
|
ХҮ- ХҮІІ ғ.ғ қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Оқушыларға қолданбалы өнер туындыларының суреті көрсетіліп, төмендегідей сұрақтар қойылады. Сұраққа берілген оқушылардың жауабы толықтырып, сабақ тақырыбы анықталады.
-Қолданбалы өнер дегеніміз не?
-Бұл суреттен қолданбалы өнердің қандай түрлерін көріп тұрсыздар?
- Бүгінгі сабағымыз қалай аталуы мүмкін?
(М) Жауаптарын тыңдап болған соң жаңа тақырыпқа көшеміз. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): маңыздылық
Зерттеу сұрағы: Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?
|
Презентация
Қолданбалы өнер бұйымдары
суреттері
|
Сабақтың ортасы
2 мин
10 мин
10 мин
10 мин
|
(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Мұғалім тақырып анықталғаннан кейін жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіреді.
Ұста – қару – жарақ , ер – тұрман , сауыт – сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Зергер – алтынмен аптап, күміспен алқа, сырға , білезік жасайтын адам.
Шебер – ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ісмер - ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Әр топқа мәтін таратылады, өзіне берілген материал бойынша (ұсталар, зергерлер, шеберлер. ісмерлер) жасайтын қолданбалы өнер бұйымдарын кестеге жазып шығады.Топ оқушылары белгілеген уақытта тапсырманы орындап, сағат тілі бойынша орындаған жұмыстарын келесі топқа тексеруге береді. Мұғалімнің берген «кілт жауаптары» арқылы топтар бір-бірін тексереді.
|