Сабақ №7 «Педагогика тарихында тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде»



Дата15.11.2023
өлшемі21,07 Kb.
#124062
түріСабақ

Серікханқызы Жания, 201-топ
Практикалық сабақ №7
«Педагогика тарихында тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту тәрбиенің гуманистік мақсаты ретінде»
Тәрбие мақсаты – кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгілейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Сонымен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне, оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкіндігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжайтын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Тәрбие мақсаты өзгермелі, қозғалмалы, ауыспалылығымен ерекшеленеді. Мақсатты, көркемдеп айтсақ, жақындаған сайын алыстай түсетін жұлдыз тәрізді. Мақсат өзін белгілейтін субьект – адаммен бірге дамып отырады, себебі ол сол субьектіде жасалады, сондықтан да субьектінің өрлеуімен мақсат та күрделене түседі.
Сонымен, мақсат өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс. Сонда ғана тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне байланысты орны нақ көрінеді: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби іс-әрекетінің бастапқы элементі. Сызбап түрінде оны былайша көрсетуге болады:


Тәрбие мақсаты- ​Тәрбие процесі​-Тәрбие нәтижесі
Бұдан туындайтын ой – мақсат тәрбие процесінің мазмұнын айқындайды, мақсат - тәрбие нәтижесіне негіз болады, мақсат – педагогтың кәсіби іс-әрекетінің баға өлшемі, мақсат – педагог санасының үздіксіз айналымда жүретін ой обьектісі. Сонымен, тәрбие жүйесі толығымен мақсатқа байланысты, тәуелді.

Тәрбие тұжырымдамасының атауы,өкілдері

Тұжырымдама жетекші идесы

Тұжырымдаманың мәні мен ерекшелігі

Нәтижелілігі мен тиімділігі

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру
саласындагы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық коғамдағы заманауи әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттык құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғанын еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік,
адам құқықтары мен
бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттык идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және
тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жуйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым багыттарын, тарбие максаттарын, міндеттерін,
багалау өлшемдерін және механизмдерін аныктайды.

Жалпыәлемдік тәрбие жуйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тарбие жуйесін, онын максаты мен мазмұнын ұлттық максаттар, мәдени құндылыктар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып,әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде кұрудың маңыздылығын корсетіп отыр.
Туған жерін, халкын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кен пейілділік, бауырмалдык, ашыктык,
конакжайлылык, толеранттык
казак халкынын діл ерекшелігі болып
табылады.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс
тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандык менталитет, мәдени,
ұлттык-тарихи дәстүрлер ескерілген ултын зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет