Сабақ: 9-бөлім: (№2) Кітап күні Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні



Дата04.04.2022
өлшемі29,85 Kb.
#29812
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 9-бөлім: (№2)

Кітап күні



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатыс қан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кітап күні

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.2.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады: тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестерді, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: тыңдалым мәтініндегі ақпарат бойынша сұхбатқа еркін түсе алады.


Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді түртіп алады.

  • Жинақы мәтін түрінде жазады.

  • Себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: кітап, жаһанның басты жаңалығы, кітаппен достасу, кітапты ұқыпсыз қарайтын адамдар, асыл сөздің қадірін бағалау.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, болуы ықтимал, жолдастарымның пайымдауынша, өмірден алынған оқиғаларға сүйенсек, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» мынадай т.б.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

Кітап оқудың пайдасы туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасамын. Үй тапсырмасын тексеремін.

Әйгілі кітапханалар атауы бойынша топқа бөлу. Қызығушылықты ояту.

Оқылымалды тапсырма.



  1. Кітап оқудан қандай ой түюге болады?

  2. Ең соңғы оқыған кітаптарың қандай?

Ақ қағаз

Сабақтың ортасы
5 минут

5 минут


10 минут

10 минут


2 минут

Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Аудиожазбадан «Кітап туралы ой» мәтінін тыңдап, негізгі ойды жетекші сұрақтар арқылы анықтаңдар.



  1. «Кітап жаһанның басты жаңалығы» дегенмен келісесіңдер ме?

  2. Кітаппен достасудан қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып ұстайтын адамдар туралы не ойлайсыңдар?

  3. Мәтін авторының құрбысы сияқты барлық кітапқа аянышпен, жанашырлықпен қарайтын достарың бар ма?

  4. «Шын достықтың, ізгі ниеттің, пәк көңілдің, терең ойдың, асыл сөздің қадірін бағалай алмағанымыз ұят қой!». Осы сөздер сендерге қандай ой салды?


Жұптық жұмыс.

2-тапсырма. Тыңдалым мәтінінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді түртіп алып, жинақы мәтін түрінде жазады.



Жеке жұмыс.

3-тапсырма. «Кітап – досың, ұстазың, кеңесшің, ақылшың» тақырыбында себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.

Бағалау критерийі



Дескриптор

Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестерді, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді.

1

Мәтін мазмұнын түсінеді.

2

Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді түртіп алады.

Жинақы мәтін түрінде жазады.

3

Себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.


Үйге тапсырма:

«Кітап – қазына» тақырыбында себеп-салдар үстеулерін қолданып, эссе жазады.



Аудиожазба

Оқулық


Сабақтың соңы

3 минут



Рефлексия: «Стикердегі диалог» әдісімен сабақты аяқтайды.




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет