Сабақ қандай бөліктерден тұрады?



Дата18.03.2022
өлшемі34,73 Kb.
#28358
түріСабақ

1. Математиканы оқыту әдістемесі деп -
2. Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
3. Орта мектептерде жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы:
4. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары:
5. Математиканы оқытудың ғылыми әдістері:
6. Математиканы оқытудың дидактикалық қағидалары:
7. Әдістемелік зерттеулерде қолданылатын әдістер
8. Теоремаларды дәлелдеу әдістері:
9. Мұғалімнің сабаққа дайындалуының кезеңдері:

10. Белгісізден белгіліге қарай көше отырып пайымдау жолы қандай ғылыми оқыту әдісіне жатады?


11.Ұқсастықты қолданып оқытатын ғылыми оқыту әдісі:
12.Дербес пікірлерден жалпы пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?
13.Жалпы пікірден дербес пікірге көше отырып пайымдау жолы қай оқыту әдісіне жатады?
14. Келесі сабаққа әзірлену нелерден тұрады?
15. Сабақ қандай бөліктерден тұрады?
16. Оқушының есепті шығару кезіндегі мұғалімнің жалпы ұсыныстары қандай?
17. Толымсыз индукция деген не?
18. Толық индукция деген не?
19. Математикалық индукция деген не?
20. Математикалық ұғым деген не?
21. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
22.Математика оқулығымен жұмыс істеудің қандай әдістері бар?
23.Аксиома деген не?
24.Теорема деген не?
25.Сан тізбегі деген не?
26. Арифметикалық прогрессия деген не?
27. Геометриялық прогрессия деген не?
28. Сызықтық функция деген не?
29. Квадраттық функция деген не?
30. Бірмүше деген не?
31. Көпмүше деген не?
32. Виет теоремасын тұжырымдаңыз.
33. Дөңес n бұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?
34. Математиканы оқытудағы эвристикалық әдісі дегеніміз не?
35. Турист 160 км-дің 5/8 бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин. артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай?
36. Жаяу адам 10км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин. тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.
37. Мектеп бітірушілер бір-біріне фотосуреттерін сыйлады. Егер 870 сурет алмастырылған болса, мектеп бітірушілер саны қанша болғаны?
38. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?
39. Қанат велосипедпен ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан, сонда бүкіл жолға 1 сағ уақыт кетті. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 15 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 10 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
40. Екі қапта 140 кг ұн бар. Егер бірінші қаптан 12,5 % ұнды екіншісіне ауыстырып салса, онда екі қаптағы ұн бірдей болады. Әр қапта қанша кг ұн бар?
41. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30 % -і екіншісінің 42 % -іне тең. Осы сандарды табыңыз.
42. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4 %-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.
43. Айгерім 4 кітап сатап алды. Бірінші кітаптан басқаларының құны 48 теңге, екіншісінен басқаларының құны 46 теңге, үшіншісінен басқаларының құны 42 теңге, төртіншісінен басқаларының құны 38 теңге тұрадв. Әр кітап қанша тұрады?

44. Арифметикалық прогрессияның төртінші мен алтыншы мүшелерінің қосындысы 14-ке тең. Осы прогрессияның алғашқы тоғыз мүшесінің қосындысын табыңыз.


45. Мүшелері оң өспелі геометриялық прогрессияның бірінші және төртінші мүшелерінің көбейтіндісі 27, ал екінші мен үшінші мүшелерінің қосындысы 12- ге тең. Екінші мен бесінші мүшелерінің қосындысын табыңыз.
46. b1=3, bn=96, Sn=189 болса, геометриялық прогрессияның мүшелер санын табыңыз.
47. Оқушыларды дамытып оқыту әдістері
48. Компьютерді қолданып оқыту әдістері
49. Проблемалық оқыту әдістері:
50. Ұғымның мазмұны дегеніміз:
51. Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады, бұл
52. Мектепте оқу процесін ұйымдастыратын және іске асыратын тұлға, бұл...
53. Математика әдістемесі қандай үш сұраққа жауап береді?
54. Математиканы оқытудың қандай міндеті есептеу мен өлшеу дағдыларын қалыптастыруға арналған?
55. Бақылау деп –
56. Салыстыру деп –

57. Тәжірибе деп -
58. Жалпылау деп -
59. Абстракциялау деп -
60. Порттан бір мезгілде екі кеме шығып, бірі солтүстікке, екіншісі шығысқа қарай бағыт алды. Екі сағат өткен соң олардың арақашықтықтары 60 км болды. Бірінің жылдамдығы екіншісінен 6 км артық болса, онда әр кеменің жылдамдығы қанша км/сағ.
61. Арақашықтығы 24 км екі пунктен кездесу үшін бір мезгілде екі автомобиль жолға шықты. Кездескеннен кейін А пунктінен шыққан автомобиль В пунктіне 16 минутта, ал екінші А пунктіне 4 минутта келді, әр автомобильдің жылдамдығы қанша?
62. Құрамында 40г тұзы бар ертіндіге 200г су қосылды, бұдан соң оның қоюлығы 10%-ке азайды. Ертіндіде қанша су бар еді, оның қюлығы қанша процент еді?
63. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
64. Жазықтықтағы геометриялық фигуралар
65. Көпжақтарды атаңыз
66. Айналу денелерін атаңыз
67. Дұрыс көпжақтарды атаңыз
68. Жазықтықта қандай бұрыштар тең?
69. Кеңістіктегі қиылыспайтын түзулер қайсы?
70. Жазықтықта қиылыспайтын түзулер қайсы?
71. Математика дамуының негізгі 4 кезеңі бар, сол кезеңнің 3-сін атаңыз:
72. Теңдеуді шешіңіз:
73.Теңдеуін шешіңіз:
74.Теңдеуін шешіңіз: х3-3х2+4х-12=0
75. Бірден басталатын оң бүтін сандар жиыны қалай аталады?
76. Бүтін және бөлшек сандар қандай сандарға жатады?
77. Рационал және иррационал сандар жиынының бірігуінде шыққан жиын қалай аталады?
78. Шексіз периодты ондық бөлшек түрінде өрнектелетін сандар қалай аталады?
79. Шексіз периодсыз ондық бөлшек түрінде өрнектелетін сандар қалай аталады?
80. z = a + ib саны қандай санға жатады?
81.Иррационал санды көрсетіңіз
82.Комплекс санды көрсетіңіз
83.Натурал сандар жиынын көрсетіңіз

84.Теңдеулер жүйесін шешудің тәсілдері қандай?
85.Екі қабырғасы тең үшбұрыш қалай аталады?
86. Тең бүйірлі үшбұрыштың қандай қасиеті бар?
89. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?
90. Дөңес көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?.
91. (ОУ) осі арқылы симметриялы нүктені көрсетіңіз
92. Координатаның бас нүктесі арқылы симметриялы нүктені көрсетіңіз
93. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімін атаңыз
95.π - санының мәнін алғаш есептеген ғалым кім?
96. Пифагордың жалпыланған теоремасы -
97. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең?
98. DO кесіндісі DBC үшбұрышының биссектрисасы. Егер ВО=8см, ВС=22см, BD=12см болса, DC-ны табыңыз.
99. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанының ұзындығы 30 см, биіктігі 20 см, бүйір қабырғасына түсірілген биіктігін табыңыз.
100. Өспелі және кемімелі функциялар қалай аталады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет