Сабақ Бөлім: Әліппеге дейінгі кезең



бет1/168
Дата01.09.2023
өлшемі5,4 Mb.
#105891
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168


26
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


    1. сабақ




Бөлім: Әліппеге дейінгі кезең







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу. Сөйлем Мен оқушымын

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін
нәтижелер

Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; сөйлеу, сөйлем туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық: мұғалімнің қолдауымен сұраққа жауап болатын сөйлемдерден шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: мектеп тәртібін сақтауға, ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың оқу әрекетіне мотивін тудыру.
Психологиялық жағымды ахуал орнату.
«Ойлан, тап, жаса» жаттығуы. Мұғалім
«қуану», «ренжу», «таңғалу», «жылау» кейпіндегі смайликтерді көрсетеді. «Қуанған кезде адамның бет-бейнесінде қандай өзгеріс болады? Кәне, айтып көрейікші». «Ренжіген кезде ше?». Сосын оқушылардан қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін түрлі жағдаяттарда ым, қимылмен көрсетуді сұрайды:

  • Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіп көр.

  • Қазіргі көңіл күйіңді қимылмен көрсет.

  1. Оқушылар көрсетілген смайликтерді

«ренжу», «қуану», «таңғалу», «жылау» түрлеріне ажыратады.

  1. «Мектепке баратыныңды алғаш естігенде қандай көңіл күйде болдың? Ым, қимылмен көрсетіп көр» тапсырмасын орындайды.

  2. Парталас жұбына қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерінің біріне жағдаят құрастырып жасырады:

«Сәулеге әкесі планшет сатып алып беретінін айтты. Сол кезде Сәуленің бет-бейнесінде қандай өзгерістер болды?» (Екі езуі құлағына жетті. Көзі күлімдеді).

Дұрыс орындаған балаларды мадақтау

Қуану, ренжу, таңғалу, жылау сезімдерін білдіретін смайликтер

Сабақтың
ортасы (26 мин)

Мағынаны ажырату
Білу. Түсіну. Қолдану
«Сұраққа ұтымды жауап» ойынын ойнату.

1. «Сұраққа ұтымды жауап» ойыны
арқылы оқушылар мектепке не үшін келгені, ондағы оқу қызметі мен








27



Сергіту сәті



Мақсаты: оқушылардың қойылған сұраққа дұрыс және толық жауап беруін қадағалау. Шарты: сұрақтар нақты болуы керек: Сен қайда келдің? Мектепке не үшін келдің? Сен енді кімсің? және т.б. Дұрыс емес жауаптарды мұғалім түзетіп, дұрыс жауапты оқушыға қайталатып отырады.
Нәтижесі: ұтымды жауап берген балалар жеңімпаз атанады.
Сабақ тақырыбын таныстыру: Сөйлеу. Сөйлем.
Сабақтың мақсатын айту:
– Балалар, бүгінгі сабақта сендер сөйлемдерден сөйлеу құралатынын білесіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет