Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
5 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Өткен тақырыпты мазмұндаңдар.
-Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді:
-Көлеңке деген не?
-Көлеңке қалай пайда болады?
-Көлеңкенің пайдасы бар ма? Зияны ше?
-Көлеңкені өзгертуге бола ма?
-Ендеше бүгінгі сабағымыз көлеңкені өзгерту туралы болмақ.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді.
|
Жаттығу жасайды.
Сұрақтар қояды, жауап береді.
Тақырып ашады.
Топқа бірігеді.
|
Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
|
Жаңа білім
15 мин
2 мин
Бекіту
18 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздік жұмысы.
Жарық көзі, кедергі.
Ә) Болжау.
Негеш пен Эврика көлеңке театрында қойылым көріп отыр. Көлеңкесі бойынша кейіпкерлерді тани аласыңдар ма?
-Ертегінің атын табыңдар.
-Қоянның көлеңкесі неліктен қасқырдың көлеңкесінен үлкен?
-Театр әртістері көлеңкенің өлшемдерін қалай өзгертеді? Болжамдарыңды айтыңдар.
Б) Зерттеу.
-Көлеңкенің өлшемі неге тәуелді? Түсіндіріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Айна қандай салаларда қажет?
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.
(Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі:
А) Ойлан.
- От жалыны неліктен көлеңке түсірмейді?
Ә) Сұрақ-жауап.
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді түсініп оқып танысыңдар.
В) Есте сақта!
|
Билеп сергиді.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.
|
Дескриптор:
Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.
- Көлеңкесі бойынша кейіпкерлерді анықтайды -1 балл.
-Ертегінің атын табады-1балл.
Қоянның көлеңкесі неліктен қасқырдың көлеңкесінен үлкен екендігін анықтайды-2балл.
Театр әртістері көлеңкенің өлшемдерін қалай өзгертетінін болжайды-1балл.
Дескриптор:
- От жалынының көлеңке түсірмеу себебін анықтайды-2балл.
Көлеңке туралы сұрақтарға жауап береді-2балл.
|
Жараты-лыстану оқулығы 4-сынып 2019ж,
дәптер
|