Сабақ жаңа сөздер ғасыр, отырықшы, бірегей, өркениет, өңдеу айтылым жазылым 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. Ежелгі сақтар туралы не білесің?



Дата06.01.2022
өлшемі45,2 Kb.
#15723
түріСабақ

1-2-сабақ

ЖАҢА СӨЗДЕР

ғасыр, отырықшы, бірегей, өркениет, өңдеу

АЙТЫЛЫМ ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.


  1. Ежелгі сақтар туралы не білесің?

  2. Ежелгі сақтар, көшпелілер мәдениеті туралы айтылған қандай ғалымдардың сөзін білесің?

  3. Геродот — кім? Оның сақтар туралы айтқан пікірін білесің бе?

  4. Суретке қара. Суреттердің ежелгі сақ мәдениетіне қандай қатысы бар? Ғаламторды, өзге де дереккөздерді пайдаланып, осы заттар туралы ақпарат жина. Заттардың атауларын, қай ғасырға жататынын анықта, жаз. Сабақ тақырыбымен қандай байланысы бар деп ойлайсың?

ТІЛДІК БАҒДАР

Метафора


Метафора(грек metaphora — ауыстыру) — құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.«Метафораның табиғатында жұмбақ бар» (Аристотель). Метафоралар: жан азығы, табиғат — ана, өмір — өзен, өмір сыбағасы, асау толқын т.б. Метафора ойды әсерлі жеткізу мақсатында қолданылады:

  • Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер Күнкеледі жалаулатып.

  • Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?(М. Мақатаев).

ЖАЗЫЛЫМ

3-тапсырма. «Жарнама». Жұптық жұмыс. Өздеріңе ұнайтын кітаптың біріне жарнама жасаңдар. Талаптар: кітаптың қысқаша мазмұны; кітаптың маңызы; оқудың пайдасы; оның бағасы; жеңілдіктер; автордың тұрақты оқырманы болып сөйлеу; метафора сөздерді қолдану: өмір азығы, білім қазығы, жарық ой, терең мағына, сырлы әлем және т. б.

Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе Ұлы дала өркениеті — Еуразия өркениетінің басы, жалпыадамзаттықөркениеттің құрамдас бөлігі.«Дала» деген ұғымды «шөл» деп ұғуға болмайды. Бүгінгі Қазақ жерінде 45000 өзен, 85000 көл бар. Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары да осы далада орналасқан. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ жері — әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өлке. Осы Ұлы далада өркениеттің орнауына себеп болған бірнеше фактор бар:

«Біріншіден, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол — Еуропа мен Азияның қақпасы болды.

Екіншіден, Дала өркениеті біздің жыл санауымыздан 1000 жыл бұрын пайда болды. 7000 км жер қамтылды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында түркі жұрты ең жүйрік аң — жылқыны қолға үйретті.

Үшіншіден, Ұлы дала Әмудария мен Сыр арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.

Төртіншіден, Дала баласы табиғи ортамен толық гармонияда өмір сүрді. Оған шығармашылық эволюция тән болды.

Бесіншіден, Ұлы дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» — сауда жолы ғана емес, мәдениеттердің тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның бойында 300-ге жуық қала мен елді мекен болды. Яғни сахарада көшпенді дала мен қала өркениеті қатар дамыды.

Алтыншыдан, «аң стиліндегі» таңғажайып зергерлік өнер дамыды.

Жетіншіден, осы Ұлы далада салтанат құрған Түркі елі (Түркі қағанаты 551-744 ж.) — Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды.

Сегізіншіден, біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап Түркі елі халықаралық мәртебеге ие болды.

(Баспасөз материалдарынан»)

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендіріп жаз. Ретіне қарай метафоралы сөздермен тіркестіріп жаз.



Үлгі: кәрі құрлық,

қазақша

орысша

жалпыадамзаттық

зеленый край

құрамдас бөлігі

охвачен

нулы өлке

тюрки

құрлық

общечеловеческий

қамтылды

континент

түркі жұрты

статус

тоғысу

составная часть

шығармашылық

стыковка

сауда жолы

творчество

елші

посол

мәртебе

торговый путь

АЙТЫЛЫМ

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1. Ежелгі Қазақстан мәдениеті — қандай өркениеттің құрамдас бөлігі?

2. Бүгінгі қазақ жерінде қанша өзен-көл бар?

3. Ұлы дала қандай құрлықтардың басын қосты?

4. Түркі жұрты жылқыны қашан қолға үйретті?

5. Сырдарияның бойында қанша қала мен елді мекен болды?

6. Қандай зергерлік өнер дамыды?

7. Ұлы далада қандай империя салтанат құрды?

8. Түркі жазуы қай ғасырда пайда болды?

9. Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі қай жылы келді?

10. Түркі елі қандай мәртебеге ие болды?

ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. «Дала өркениетінің даму факторлары» тақырыбында сызбаны толықтырып жаз.



АЙТЫЛЫМ


12-тапсырма. Астанадағы «Ұлттық мұражайда» Ұлы дала өркениетіне қатысты қандай экспонаттар бар екенін анықта. Мұражай сайтына кіріп, олармен таныс. Өзіңе қызықты болған деректерді жазып ал. Ұлттық мұражайдың өзің қалаған залында өткізілетін қазақ тарихшысымен кездесу туралы хабарландыру жаз. Хабарландыру мәтінінде метафораларды қолдан.

ЕСТЕ САҚТА!

Ұлы дала өркениеті — жалпы адамзаттық тарихтың құрамдас бөлігі.
3-4-сабақ

ЖАҢА СӨЗДЕР

танымал, жазба дерек, кепіл, өгіз терісі, жауапкер, уағызшы, тақуа

АЙТЫЛЫМ


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1. Әлемдегі ең үлкен кітапхана туралы не білесің?

2. Қазақстанның қай ежелгі қаласында әлемдегі ең атақты кітапхана болған?

3. Отырар қаласы қайда орналасқан?

4. Төмендегі қазба жұмыстарына қатысты қандай мәлімет білесің?

ЖАЗЫЛЫМ


2-тапсырма. Төмендегі сөзжұмбақты шешсең, ортадағы бір бағанда орта ғасырдағы рухани орталық болған қаланың аты шығады.

1. Ең қасиетті сөз

2. Ең құнды сыйлық

3. Кітапханада отыратын адам

4. Отырарға жақын өзен

5. Отырардың көне атауы

6. «Мекен», «үй» сөзінің синоним(

ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ

3 -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.

Ежелгі Қазақстан қалаларының ішінде Отырардың аты екі жайтқа байланысты ерекше айтылады: 1) ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған қала ретінде кеңінен танымал; 2) әлемдегі ең ірі кітапхана орналасқан мәдени орталық ретінде белгілі. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары біздің заманымыздың IX ғасырындағы жазба деректерде кездеседі.

Отырар XIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. Себебі Ұлы дала арқылы өткен Ұлы Жібек жолы — өркениеттің кепілі болды. Түркі қағанаттары жалпы адамзаттық өркениетті ұштастыра айтты. Батыс пен Шығыстан өздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс бұйымдарға, «Мәңгілік тастарға», өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегі таңбалар — соның дәлелі.

«Шығыстың гүлдену дәуірі» тұсында христиан уағызшылары мен тақуалары өртеген Александрия кітапханасын қайта түлету мақсатында араб халифаттары Харун әл-Рашид (786-809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін»(«Байт әл-Хикма») ашады. Аса бай кітапхана, расытхана ашады. Ғылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа жинап, ғылыми-зерттеу, аударма, кітап шығару істерімен белсене айналысады. Бұл ислам ықпалына көшкен Орта Азиядағы Хорезм, Бұқара, Самарқан, Отырар шаһарына да тікелей әсер етті. Әр қалада өз «Даналық үйлер» ашылды. Жібек жолының бойымен керуен бастаған көпестер ең құнды сыйлық ретінде Отырар әкіміне кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды. Тіпті, бұл мемлекеттік рәсім ретінде қабылданып, ресми сипат алды. Отырар кітапханасындағы қолжазба кітаптарды қала тұрғындары ғана емес, шалғайдағы басқа қаланың тұрғындары да пайдаланды.

Отырар қаласына Мимун халиф ерекше көңіл аударған. Ол араб ғылымы мен мәдениетінің ең озық үлгілері мен ғұламаларын, сахабаларын Отырарға аттандырды, кітапханалар мен мектептер, медреселер мен мешіттер салдырды. Сондай «Даналық үйінен» Әбу Насыр әл-Фараби де дәріс алды.

(Т. Жұртбай)

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінде қою қаріппен жазылған сөздерді аудармасымен қоса дәптерге жаз.

ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. Мәтіндегі метафора сөздерді тіркесіп тұрған сөзбен бірге көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір, синонимдерін тауып айт.

АЙТЫЛЫМ

8-тапсырма. Жағдаят: Теледидарда тікелей эфир арқылы Отырарды зерттеуші ғалыммен сұхбат жүріп жатыр. Мәтін мазмұнымен байланыстырып, оған қандай сұрақ қояр едің? Үш сұрақ дайында. Ол не деп жауап беруі мүмкін?

ЖАЗЫЛЫМ

11-тапсырма. «Ассоциограмма». «Отырар — ....» Диаграмманы толтырыңдар. Сөздеріңнің ішінен өзің қалаған екі сөздің синонимін, антонимін жазыңдар. Оларды кірістіріп, сөйлем құраңдар.



ЕСТЕ САҚТА!



Отырарда әлемдегі ең үлкен кітапхана болды. Оның дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы зор болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет